Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Сынып сағаты "Отан отбасынан басталады"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Сынып сағаты "Отан отбасынан басталады"

библиотека
материалов

Отан отабасынан басталады.

Тақырыбы:  «Отан отабасынан басталады»    
Мақсаты:     Балалардың өздерінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, өз елінің патриоты болуға, ел егемендігін сақтай білуге, елінің кірпіші  болып қалануға, отбасын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Қазақстанның картасы, елбасының суреті, Қ.Р. рәміздері.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, тапсырмалар. 
Билингвалды компоненттер: Елтаңба-Герб, Ту-Флаг, Әнұран-Гимн. 

«Семья» тақпағын айтады.

Этот пальчик – дедушка,

Этот пальчик – бабушка,

Этот пальчик – папочка,

Этот пальчик – мамочка,

А вот этот пальчик – я

Вместе – дружная семья!

  • Бұл адамдарды қалай айтамыз?

  • Отбасы

  • -отасындағы ең құрметті адамдар кімдер?

  • Ата, апа.

  • Сендер қалай болысасыңдар?

Тақпақ.

Атамның алып күрегін,

Ауланың қарын күредім.

Әжеме мен құдықтан,

Су әкеліп беремін.

Еденді де жуамын,

Шаң-тозаңды қуамын.

  • Ол бізде қандай отан?

  • Кішкентай Отан.

  • Ал, үлкен отанымыз қалай аталады?

  • Қазақстан

Нұрболат:

Әнұраным, жанұраным
Айтар әнім сөйлер сөзім
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраным. (Әнұран шырқалады)

Тәрбиеші: Балалар әнұранды неліктен қолды жүрек тұсына қойып айтамыз ?

Балалар: өз ойларын айтады.

Тәрбиеші: Елбасымыз кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Тәрбиеші: Ал, еліміздің мемлекттік рәміздерін кім айтады?

Балалар: Ту, Елтаңба, Әнұран.

Ислана:

Көк байрағым желбіресін көгімде,
Әнұраным әуелесін елімде,
Елтаңбамыз нышаны боп елдіктің,
Тұрса артық не арман бар өмірде.

Тәрбиеші: -Дұрыс,  мемлекеттің рәміздері:  елтаңба, ту, әнұран  жатады.  Осы рәміздер туралы жеке түсінік берейін. Мынау Қазақстан Республикасының туы. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды – көк, ортасында күн шуағы. Астында қыран құс  ұшып келе жатыр.  Қазақстанда тұратын барлық  халықтардың  өмірі күндей  жарқырап, қырандай  самғай берсін дегені.  Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  туының авторы: суретші Шәкен Ниязбеков.          

     Ал Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік әнұранының сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев,  әнін жазған  Шәмші Қалдаяқов. Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  елтаңбасы.  Елтаңбаның орталық элементі – шаңырақ.  Шаңырақ  бастауы – отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар – мәңгілік өмір, болашақ үміт артар жасұрпақтың арманы, самғау  биігі.  Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.  ҚазақстанРеспубликасының  Мемлекеттік  елтаңбасының  авторлары сәулетшілер:  Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлибеков.

Тәрбиеші:   Біздің Қазақстанда көп ұлттар  тұрады. Олар қалай тұрады екен?

Балалар:  - Олар бір- бірімен дос, тату тұрады.

Ойын: «Ойлан тап!». Балалар қима қағазды біріктіріп суретті бастапқы қалпына келтіреді. Суретте не пайда болғанын атайды.

Сергіту сәті.

Көк жалау желбіре (екі қолмен екі жаққа сермеу )

Асқақтап аспанда, (екі қолмен жоғары созылу)

Жас ұлан,  ел бірге

Сап түзе, жасқанба. (бір орында сап түзеп жүру)

Тәрбиеші:  -Кім осы рәміздер жайында толықтырып тақпақтар айтып береді? (ортаға рәміздер жайында білетін тақпақтарды айтады)

Нұрхан:

Туың қандай,

Ту қандай?

Таң нұрымен жуғандай,

Қыран құсын самғатып,

Күн құшақтап тұрғандай.

Ерқанат:

Туың қандай,

Ту қандай?

Тура аспаннан туғандай!

Ал аспанды

Қазақтың

Көңілімен жуғандай!

Балғын:

Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ау ол тектен -тек,

Елдің ашық қабағы.

Бекнұр.

Ақ ниетті- алтын күн,

Асқақ арман-қыраны.

Жалауы ол халқымың,

Мәртебесі, мақтаны.

Мансұр.

Қорғаны болам көгімінң,

Көркемі мөлдір көлімінің.

Ел туын ұстап биікке,

Ертеңі болам елімің.

Ернұр.

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер төккен.

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім- елтаңбам.

Ханболат.

Құт,береке –шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

Ақбота.

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбәт, әдемі!

Тұнығындай көңілдің,

Ортада- аспан әлемі.


Жүргізуші: Балалар біздің еліміздің бас қаласы қалай аталады?

Балалар: Астана

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар. Әдемі қаламыз Астанаға арнаған тақпақтарың бар ма?

Айғаным:

Есілдің жағасына қонған қалам,
Жүрегі қазағымның болған қалам
Күн санап ертегідей өскен қалам,
Жайнашы, жайнай берші нұрлы Астанам!

Айзере:

Бабалардың көзіндей 
Даналардың сөзіндей
Ту ұстаған Астанам
Әсем қалам, бас қалам!

Заур.

Астана арман қала,

Бағы бір жаңған қала.

Тұрады ол жап-жас болып,

Мен үлкен болғанда да.

Жүргізуші: Осындай байтақ, әсем жерді ержүрек батыр ұлдар қорғайтын болады. Келесі кезекті ұлдарымызға берейік.

Ән: «Тұлпарым»

Тәрбиеші:  Балалар, естеріңде болсын Қазақстан Республикасының рәміздерін,  мемлекеттік тілін кұрметтеп, өз еліңді, жеріңді қорғап, халқына адал еңбек ету керек.  Сондағана  адал азамат, азаматша болып ер жетесіңдер.

 Қазақстаның әрі қарай бұданда жақсы көркейуі үшін сендер мына салынған картаға  өз тілектеріңді тілеп, жүрекшелерді жапсырыңдар

Қорытынды:Балалар сендердің кішентай ғана жүректеріңнен шыққан тілектерің қабыл болсын!

Тақпақ:

Анамыздай тілеуі-ақ,

Отан бізде біреу-ақ.

Хормен: Ол біздің – Қазақстан.

Тәрбиеші: Балалар, сендер еліміздің болашағысыңдар! Тәртіпті, ақылды болыңдар! Тәуелсіздігіміз баянды болсын!




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 20.11.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров69
Номер материала ДБ-371611
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх