Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сынып сағаты (3- сынып)

Сынып сағаты (3- сынып)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m3cd08913.gifТақырыбы: Менің Отаным –Қазақстан

Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасы туралы  білім беру.

Балалардың тіл байлығын ,сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту, туған елін,жерін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Қазақстан картасы,рәміздер,суреттер,отан  туралы мақал-мәтелдер.

-Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды  даламыз

Біз бақытты баламыз,-дей  отырып, « Менің Отаным –Қазақстан » атты сынып  сағатымызды ашық  деп жариялаймыз.

Айым:

Көк туымыз бетінде,

Қыран бүркіт қанатты.

Сол қырандай еркіндеп,

Біз өсеміз талапты.

Сүлеймен:

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны  халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

Мадина:

Елтаңбасы елімнің ,

Қандай әйбат әдемі

Тұнығындай  көңілдің ,

Ортада аспан әлемі

Гүлімжан:

Құт береке шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

Мұғалім: Балалар: Отан дегеніміз не?

Біздің Отанымыз қалай аталады?

Біздің Отанымыз қандай?

Балалар, Қазақстан Республикасының елбасшысы кім?

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген.

Біздің туып өскен жеріміз - егеменді Қазақстан. Қазақстанның  байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.

Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.


1.    Инттелектуалдық викторина
Менің Қазақстаным (Бәйге)
2.    Тарихи күнтізбелер.
3.    Мемлекеттік рәміздер.
4.    Сөз құрастыру
5.    Мақал – мәтелдер жарысы.
І Бөлім «Бәйге» 
Ойыншылар берілген сұрақтарға жауап беру керек? .
1.    Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? (Егеменді)
2.    Қазақстан Республикасының рәміздері? (әнұран, ту, елтаңба)
3.    Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Н.Ә. Назарбаев)
4.    Республика күні.(25 қазан)
5.    Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? (Астана)
6.    Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (қазақ тілі)
7.    «Ата заң» қашан қабылданды (28 қаңтар 1995 жыл)
8.    Астана қаласының 10 жылдығы қашан тойланды? (2008 жылы)
9.    16  желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)
10.    Әнұранның сөзін жазған кімдер? Н. Назарбаев. Ж. Нәжмедиев

ІІ Бөлім «Тарихи күнтізбе»
      Ойыншыларға тарихи күндер мен тарихи жылдар жазылған үлестірме беріледі. Қойылған сұрақтар жауабын алдарындағы үлестірме арқылы көрсету.
1.    Қазақстан Республикасының Заңы қашан қабылданды? (30 тамыз 1995 жыл)
2.    Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды? (1991 жыл)
3.    Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға қай жылы көшірілді? (1997 жылы)
4.    Қай жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді? ( 1998 жыл)
5.    Төл теңгеміз айналымға енгізілген уақыт?
(15 қараша 1993 жыл)

ІІІ Бөлім.
Мемлекеттік рәміздер.
1.    Тыныштық пен байлықтың белгісі.
(күн)
2.    Айбындылық, еркіндік, дархандық, қырандылықтың белгісі. (қыран, бүркіт)
3.    Мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. (Қанатты пырақ)
4.    Әлемнің біртұтас, мемлекет бастауы – отбасы ошағының белгісі. (Шаңырақ)
5.    Қазақ халқының ұлттық мәдиниетінің белгісі. (Ою – өрнек)

ІV Бөлім Сөз құрау.
«Қазақстан» сөзінің әріптерін қолдану арқылы бірнеше сөз жазу.
Қаз, қазақ, тас, ана, наз, қас, қат, қан, ақ, сақ, саз, тақ, қант, ант.
V Мақал – мәтелдер сайысы.
1.    Отансыз адам – ......?
(Ормансыз бұлбұл)
2.    Туған жерге .....? (туынды тік)
3.    Туған жер тұғырың. ...?
(Туған ел қыдырың.)
4.    Опасызда ....? (Отан жоқ)
5.    Туған жердің қадірін?
(Шетте жүрсең білесің)
6.    Отан ..... (Оттан да ыстық)
7.    Ер жігіт ел үшін туады,
(Ел үшін өледі)
8.    Батыр туса – ел ырысы
(Жаңбыр жауса – жер ырысы)
VI Қорытынды
. Үш бақытым.
Ең бірінші бақытым- халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болмаса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал, екінші бақытым-тілім менің,
Жас жүректі тіліммен тілімдедім.
Бақытым бар үшінші –Отан деген.


 -Кім мықты? – десе біреу «Отан» дер ем!

Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.
Ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңыздар!






































«Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі

М. Хакімжанова атындағы Щербаков орта мектебі» ММ.











( 1А - 3А сыныптары үшін білім күніне арналған сынып сағаты)


C:\Users\user\Desktop\Астана.jpg




Сынып жетекшісі: Уәли БМ.





2015 – 2016 оқу жылы.


Автор
Дата добавления 24.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров223
Номер материала ДВ-184577
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх