Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сынып сағаты 1 сыныпқа арналған

Сынып сағаты 1 сыныпқа арналған


Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 184 курса профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

Тақырыбы: Әліппе – білім бастауы!

Мақсаты:
1.Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
2.Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
3. Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», оқулықтарының мұқабасы, слайд, шарлар.

1-Жүргізуші
: Армысыздар, аналар!


2-Жүргізуші: Бармысыздар, балалар!


1-Жүргізуші: Сөзіме құлақ салыңыз,


2-Жүргізуші: Бір серпіліп қалыңыз!


Екеуі бірге: Әліппеге арналмақ,

Бүгінгі жыр әніміз.
Хор:


1-Жүргізуші: Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?


Хормен:
Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті- Әліппе!


2-жүргізуші:  -Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!

Әліппе: Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ата-ана!

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаға.

Менің атым Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ержеткен

Ағаң менен әпкең де.

Жақсы білім-көрімдік,

Болсын сізге халайық.

Не үйрендік, не білдік,

Қане, ортаға салайық!

Әдеби монтаж: Қыздар тобы.

Ән: Рахмет саған, Әліппе! /Гүлдария, Мөлдір, Камила, Айсана/

1-жүргізуші:
Балалар, енді ұлы адамдар туралы сендер «Ана тілі» оқулығынан оқитын боласыңдар. Олай болса, «Ана тілін» ортаға шақырайық.



Ана тілі: Армысыңдар жас достар!
Туған елдің тілімін
Ақылы мен танымын,
Түсіндірер бәріңе
Ана тілі - пәнімін.
Ана тілім-елдігім.

Ана тілі –болмаса

Бүтінделмес кемдігім.

Балалар, енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп қызықты ертегілер, әңгімелер арнаймын, тек сендер ынта қойып, мені ұқыпты оқысаңдар, көп нәрсе үйренесіңдер.

Әдеби монтаж: Ұлдар тобы.



Ән: Әліппе. /Ұлдардың орындауында/.



Ана тілі: Балалар, осы Әліппеден сауаттарыңды ашқан кім?



2-жүргізуші: Барша жұрт сыйлаған

Ілім-білім мұратын.

Өмірдегі сыйлы адам

Бес әріптен тұратын.



Барлығы хормен: Жаны шуақ, мейірлі,

Ұстазды кім білмейді.

Мұғалім:

-Құрметті ата-аналар! Бүгін-ерекше күн. Өйткені бүлдіршіндеріміз тұңғыш сауатымызды ашқан «Әліппені» бітіріп, қоштаспақ. Төрт ай уақыт ішінде меңгерген білімімізді ортаға салып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсету үшін « Білім еліне саяхат жасаймыз»



Тапсырмалар: 1. «Әріптер әлемі» сайысы: (қыздар әріптер алып, оған сөз ойлап, буынға бөледі).
2.«Теңге алу» ойыны: (ұлдар жердегі буындарды жинап, сөз, сөзден сөйлем құрайды).

3. «Ұлттық мұражай, ұлттық киімдер» Сөздік диктант.
Шапан, ішік, тақия, бөрік (тақтаға кезекпен дыбыстық, буындық талдау жасайды).

4. «Серпілген сауал» әдісі.

а/ Әліппе оқулығын ең алғаш жазған кім? /Ы.Алтынсарин/

ә/ Әліппе оқулығынан қанша әріп үйреніп жаздыңдар? /42/

б/ Қанша дауысты, қанша дауыссыз дыбыс бар? /15дауысты, 25 дауыссыз дыбыс/



Әліппе: Жарайсыңдар, балалар! Сендерге рахмет. Кәрі-жасқа ой сала,

Үйрететін ой-сана

Ана тілін сүйіңдер,

Осыған бас иіңдер. Енді рұқсат болса мен кетейін.


Балалар: Қош бол, құтты Әліппем!

Би: Қара жорға.

 Ана тілі: Сендер өнерлі екенсіңдер. Араларыңда Әліппені оқып беретін оқушы бар ма?

1- Жүргізуші: Тапқырлықтарыңды сынау мақсатында Жұмбақбай атаның жұмбақтарын шешейік. Шешуін тапсаңдар бір сөз шығады.
1.Әжеде бар, атада жоқ 2.Мынау-доға қарайық
Әтеште бар, көжекте жоқ (Ә) Ұқсайды оған қай әріп? (Л)

3.Ірімшік жедің ғой, 4.Ата-анаңмен барып сен,
«Тәтті екен» дедің ғой. «Пілді» көрдің «парктен»
Оның аты біз жазған, Осы атауға зер салшы

Қайсы әріптен басталған? (І) Басталған қай әріптен? (П)

5.Пілде бар, шілде жоқ.
Допта бар, шарда жоқ. (П)
6.Ешкіде бар, қойда жоқ
Кеседе бар, қасықта жоқ (Е)
 

Жүргізуші: Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін міне салтанат.

Оқулықпен достаспақ,

Әліппемен қоштаспақ.

Ой білімі жаңғырмақ,

Әліппеден мәңгілік

Әріптерді таныған.

Өңкей білгіш балдырған.

Құтты болсын тойларың!


Ән: Әліппе! /Айшабибі, Малика, Диляра, Мира, Ділназ, Ақжан/
Көрініс: Күлкі терапиясы.

-Дүниеде не ақылды? /Темирлан/

-Дүниеде біздің қызыл сиыр ақылды. /Әділбек/

-Қалай ша? /Темирлан/

-Өйткені ол күнде кешкісін іздетпей өзі келеді. /Әділбек/


 

-Мен бүгін ешкім жауап бере алмаған мұғалім сұрағына жауап бердім. /Даниал/

-Бәрекелді ол қандай сұрақ? /А.Бекзат/

-Сабақты кім оқымай келді? –деп сұрады./Даниал/

-Мен,мен деп қол көтердім. /А.Бекзат/


 

-Абылай , маған қаламынды бере тұршы, үй тапсырмасын жазып алайын. /Арғын/

-Өзіңдікімен неге жазбайсың?/Азилхан/

-Менің қаламым жаман, қатені көп жібереді. /Арғын/


 -Сен неге формаңды киіп келмейсің? /Эльмир/

-Ылғи формамды киіп жүрсем, басқа киімдерімді қалай тоздырам? /Олжас/


-Үй жұмысын неге орындамағансың Нұрлан? /

-Орындадым.Кешке дейін ағаш жарып, су тасыдық.


-Құлақ не үшін керек? /Рауан/

-Есту үшін... /Әділ/

-Ал, мұрын ше? /Рауан/

-Ұйықтағанда пысылдау үшін керек. /Әділ/


 -Бұлт деген не?/Ж.Бекзат/

-Ой, соны да білмейсің бе, ол трактордың түтіні ғой. /Мансұр/



Ата-анамен ойын

Жүргізуші: Балалар, бүгін біздің ортамызда ата-аналарымыз да қуанышымызға ортақтасып отыр. Құрметті ата-аналар сіздермен қызықты ойын ойнаймыз.3 ата-ананы ортаға шақырамыз.

1.    Сіз болашақта балаңыздың кім болғанын қалайсыз?

2.    Сіз осы кеште қандай сезімде болдыңыз?

3.    Сіздің ең алғашқы ұстазыңыз қандай жан еді?

Ойын шарты бойынша  шарға инені дәлдеп тигізу керек.Сол шардың ішінде сіздің балаңыздың болашақтағы кім болатыны жазылған.


Жүргізуші: Арманмен алыстарға аттанарда,

Жас оралар іркіліп жанарларға.

Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар,

Сөз берейік әкелер мен аналарға.

/Сөз кезегі ата-аналарға беріледі/

 

Жүргізуші:Балалардың білімі құтты болсын,

Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын.

Білімдерін ары қарай дамытатын,

Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын.

Осы тілегімнің бәрі де қабыл болсын деп бүгінгі Әліппе-білім бастауы! атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Әліппе біздің білім есігін ашқан алғаш оқулығымыз болса, Ана тілі сөз сырын ұқтыратын сырласымыз болары анық. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!




Общая информация

Номер материала: ДВ-089428


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG

Похожие материалы

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Воспитание и социализация учащихся в условиях реализации ФГОС»
Курс «Сопровождение детского отдыха. Школа вожатых»
Курс повышения квалификации «Тайм-менеджмент - персональная эффективность преподавателя»
Курс повышения квалификации «Методика обучения игре детей с особенностями развития в рамках реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Тьюторское сопровождение обучающихся в системе инклюзивного образования»
Курс повышения квалификации «Содержательные аспекты профессионального и личностного развития педагогических работников в рамках реализации профессионального стандарта»
Курс повышения квалификации «Система работы учителя-дефектолога при обучении и воспитании детей с особыми образовательными потребностями (ООП) в общеобразовательном учреждении»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Применение современных педагогических технологий в образовательном процессе в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания иностранных языков в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) в соответствии с ФГОС»
Курс повышения квалификации «Техники креативного мышления как инструмент формирования общих компетенций по ФГОС»
Курс повышения квалификации «Современные тенденции цифровизации образования»
Курс повышения квалификации «Формирование и развитие ключевых компетенций школьников в интересах устойчивого развития региона»