Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Сынып сағаты "Табиғатсыз адамға өмір жоқ, мұны айтатын табиғаттың тілі жоқ"

Сынып сағаты "Табиғатсыз адамға өмір жоқ, мұны айтатын табиғаттың тілі жоқ"

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Сынып сағаты: Табиғатсыз адамға өмір жоқ.

Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

Мақсаты: экология жайында білімдерін тереңдету; Туған жеріне, табиғатына сүйіспеншіліктерін артыру, еліміздің патриоттары болып тәрбиелеу.

Көрнекілік: эпиграф,презентация, қораптар, қоқыс,

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сабаққа дайындығын тексеру.

2. Ойын «сен білесің бе?»

1)   Судағы ең ірі жануар? (Кит. Ол сүтқоректілерге жатады, ол балықтар сияқты желбезек арқылы тыныс алмайды. Оның өкпесі бар. Ең үлкені – көк кит.Ұзындығы 33 м, арқасында 30 пілді орналастыруға болады)

2)   Ең қауіпті балық  (Акула. 350 түрі бар.)

3)  Ең ұзын жылан? (Анаконда. Оңтүстік Америкада кездеседі. Ең ұзыны - 8 м 29 см).

4)  Құрлықтағы ең үлкен жануар   (Слон. Үнді пілі, салмағы 5—б т, 60—70 жыл өмір сүреді.)

5)    Ең биік жануар. (Керік.бойы 5—6 м, салмағы 1 т.)

ІІ. Кіріспе әңгіме.

- Ғасырлар бойы адам баласы тіршілік жасау үшін қажеттінің бәрін табиғаттан алып келеді. Өз әрекеті арқылы ол табиғи ортаны өзгертеді. Адамның табиғатқа әсері зиянды салдар тудыруы мүмкін. Сондықтан әлемдегі жағдай күрт төмендеп кетті. Бүгінде әлемнің кейбір аймақтарында адамның тұрмыс тіршілігімен коса оның өмірі үшін де үлкен қатер тудырып отыр.

Табиғат адамға жасаған қателіктерін кешірмейді. Мұндай жағдайды түзету үшін бір-ақ қана жол бар. Ол – табиғатты түсіне білу, оның заңдарына бағыну, экологиялық мәдениетін ұстану.

- «Экологиялық мәдениеті» дегенді қалай түсінесіңдер?

ІІІ. Мәселе туғызу.

  • Балалар, қалай ойлайсыңдар, сармасаның пайдасы бар ма?

(оқушылардың жауаптарын қабылдау)

  • Мен сендерге оның пайдасы бар десем сенесіңдер ме? Ол – құстардың, балықтардың азығы болады екен. Егер сол сармасаны жойса не болады деп ойлайсыңдар?

(оқушылардың жауаптарын қабылдау)

  • Табиғатта барлығы бір-бірімен тығыз байланыста екен. Біреуі жоғалса, екіншісі де жойылу мүмкін. Түбі қиын жағдайға келтіреді. Осы байланысты зерттейтін – ЭКОЛОГИЯ.

  • Осындай байланысқа мысал өздерін келтіріп көріңдер.

(алдын ала дайындалған оқушылардың

мысалдарын қабылдау)


  • Арал теңізінің суын мақтаны суару үшін пайдаланған, сондықтан оның суы азайып, әжептәуір кеуіп қалды.



  • Қытай елінде торғайлар күрішті өсіргізбейді деп, мүлдем құрып тастаған. Бірақ түбінде сол күріште құрттар пайда болған. Жасаған қателіктерін түсінген қытайлықтар торғайларды басқа мемлекеттерден сатып алуға мәжбүр болған.



  • Норвегияда кекіліктерді сақтап алу үшін жыртқыш құстарды қырып тастаған. Бірақта сол кекіліктер басқа аурудан өздігінен қырылып қалды. Себебі жыртқыш құстар олардың арасындағы осындай ауру құстарды ғана аулап жейтін.



ІҮ. Ақпараттық кезең.

  • Сонымен, табиғат адамға жіберген қателіктерін кешірмейтінін дәлелдедік. Олай болмас еді, егер де адам табиғат заңдарын бұзбаса. Ондай заң – 4. Оларды тұжырымдаған БАРРИ КОММОНЕР (америкалық эколог - ғалым).

(презентация ұсыну)

1 слайд: ЭКОЛОГИЯ ЗАҢДАРЫ

2 слайд: І заң Барлығы барлығымен байланысты.

ІІ заң Барлығы әйтеуір бір жаққа кетуі керек.

ІІІ заң Табиғат ненің жақсы екенін «біледі».

ІҮ заң Еш нәрсе тегін берілмейді.

Бұл дегеніміз, біздің әрбір қызметіміз қоршаған ортаға қалай да болса әсер етеді дегенді білдіреді. Экологиялық мәдениет осы заңдарды білу, есте сақтау, орындау дегенді білдіреді.



Ү. Экологиялық тексеріс кезеңі.

- Қазір біз адамның әрекеті табиғаттың қандай заңын бұзғанын анықтаймыз.

3 слайд: суқоймасынан малды суару: 1 заң

4 слайд: қаладағы жапырақтарды жағу: 2 заң

5 слайд: Биогумус


  • Бұл тыңайтқыш. Оны топырақпен араластырады, құнарлығын

молайту үшін. Оны жасаған – құрт. Ол 16 жыл өмір сүреді.

Америкалық ғалымдар ол құртты ойлап шығарған. Олар алдына түскен қоқысты: қағаз, картон, шіріген көкөністерді - өте бағалы органикалық тыңайтқышқа – биогумусқа айналдырады. Ал полиэтилен, металл және шыныны құрт жемейді.

6 слайд: шашылған қоқыс (қағаздар және пластик)


  • Қалай ойлайсыңдар, осы құртты ойлап шығарған ғалымдар табиғат заңдарын бұзды ма? Әл де жоқ?



(оқушылардың жауаптары)



- Бұл жерде ешбір заң бұзушылық жоқ.

Керісінше, экология заңдарын № 2 орындалады - Барлығы әйтеуір бір жаққа кетуі керек. Қоқыс пайдалы затқа айналып, табиғатқа жақсы әсерін тигізеді.

- Одан басқа №4 заң орындалады: Табиғат ненің жақсы екенін «біледі». Құрт – ол табиғи дене, қоқысты қалай өндіретінің жақсы өзі біледі.

ҮІ. Топтық жұмыс.


1-топ: алдарындағы қоқыстарды жәшіктерге бөліп салу. Өз таңдауынды түсіндіру. (қағаз, қорапша, мандарин қабықтары, тетропак, қәмпит қағаздары, газет, шіріген көкөніс, шыны ыдыс)

Жәшіктер: сары, жасыл, қызыл дөңгелектері бар.


2-топ: Табиғаттың Досы болу үшін келесі ережелерді орындау керек:

А)

Ә)


3-топ: Жағдаяттарды шешу.


  • Сен кимейтін киімдеріңді лақтырма, одан да ...........

  • Ескі ойыншықтарыңды, кітаптарды лақтырмай, одан да ...........

  • Шырынды шыны ыдыста сатып алғанын дұрыс болады, себебі шыны ыдысты ...........

  • Қоқысты балалар жерге лақтырмас үшін, ауыл тұрғындары не істеу керек?

ҮІІ. Қорытынды.

Бүгінгі сабақтан не ұқтыңдар? Не естеріңде қалды? Өздеріңді экологиялық мәдениетті адам деп санай аласыңдар ма?

  • Алған білімдерімізді өмірде қолдана білуіміз керек. Сонда елімізге, жерімізге, табиғатқа пайдамыз тиеді.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 07.02.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров113
Номер материала ДВ-425717
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх