Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыСынып сағаты. Тақырыбы: "Атадан - өсиет, анадан - қсиет"

Сынып сағаты. Тақырыбы: "Атадан - өсиет, анадан - қсиет"

Скачать материал

 

 

 

 

 

Жанғатаева Ботагөз Уатайқызы

 

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

 

 

 

 Атадан - өсиет

Анадан - қасиет

 

Мақсаты.

1.     Ата-аналарды қатыстыра отырып, олардың үлгісі мен ықпалы арқылы оқушыларды ата-аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

2.     Ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақты нығайту;

3.     Халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы оқушылардың бойында асыл қасиет адамгершілікті қалыптастыру.

Көрнекілігі: үнтаспа, слайд, нақыл сөздер.

 

Жоспары:

1.     Сан сұраққа саяхат

2.     Сыңарын тап

а) ата-аналар үшін

ә) оқушылар үшін

4. Тыйым сөздерді оқушыларға беру

5. Ұрпақ үшін тыйым сөздердің пайдасы бар ма? (ата-аналарға сөз беру)

6. Сіздің пікіріңіз.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

І. «Менің әлемім» тренингі

(Оқушылар өздерінің   есімдеріне сын есім қосып айтып шығады)

 

 Үнтаспадан   «Әке»   атты монологты тыңдау.

Әкем біреу, анам да біреу менің,

Мен жығылсам, сүйенер тіреулерім.

Олар барда мереке,

Көрген емен қабақтарын шытқанын,  түнергенін.

Менің досым әкесін жек көреді,

Бізбен ісі жоқ оның деп сөгеді.

Жамандайды сыртынан , тістенеді

Бір-біріне бітпейді өкпелері.

Дос тапсадағы адамдар,

Әке жалғыз, табылмас ақшаға да.

Жамандасаң, әкеңді саған әкеп,

Жақсы әкесін бере ме басқа бала.

Әке – білек,

Саусағы – балалары,

Қан тамырымен жалғасқан аралары.

Ана – тамыр,

Бойымен бәріне де

Тіршіліктің жылуы таралады.

 

 

 

Мұғалім сөзі:

-         Расында да қазақта мынадай жақсы сөз бар: «Әке – асқар тау, ана- бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген. Бала үшін ең жылы ұя ата-ананың аялы алақаны, мейірімі, қайырымдылығы.

-         Бүгінгі бас қосуымыз – ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты нығайту.

(Қонақтарды таныстыру. Оқушылар өздерінің  анасын немесе әкесін, ал анасы немесе әкесі баласын  таныстырады).

 

Мұғалім:

- Иә , адам баласының ажары да, бақыты да отбасынан басталады. Ал отбасы бақыты деген не?

Ол адам бойына сырттан келіп сіңетін немесе аспаннан құйылып денеге жұғатын нәрсе емес қой. Оның да көктеп шығатын тұрағы бар. Адам баласының бақыты – оның үзіліссіз тәлімі мен тәрбиесінен қалыптасатын жарқын да адал мінездеріне байланысты.  Шындап келгенде, отбасы бақыты ата-аналардың өз қолында дегім келеді.

 

Ата-аналарға сұрақ.

- Отбасы бақыты деген   не?

 

Мұғалім:

- Бала тәрбиесіне байланысты ақыл-өсиеттерді, нақыл сөздерді біздің ата-бабаларымыз осыдан бірнеше жүздеген жылдар бұрын да айтқан, қазір де айтылып жатыр.

Мысалдар келтіру.

Бала өсіргің келсе, дана жүректі,

Қатты ұста,

Үйрет білім, ізетті.   (Ж.Баласұғын)

 

Бала әкеден не кете туады, не жете туады, не өте туады. (Мақал)

 

Ағайынға қарап бала өсер,

Қарағайға қарап тал қсер.  (Мақал)

Қарны ашып өзегі талғанда, ешкімге қол жаймай қорек тауып ішкен адамды Ұлы дер едім...

Әбу Насыр әл-Фараби

Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз, жақсы қыз – жағадағы құндыз

 

Ерлік-елдің қасиеті,
Жүректілік-жігіттің қасиеті.

Бауыржан Момышұлы

Мұғалім:

-         Иә, сөз асылы мақал, нақыл сөздер деп тегін айтапаған екен. Өйткені бақыт та, нұр да, жыр да, тыныс та – бала. 

Ата-аналарға сұрақ:

- Ал осы бала бағбаны кім?

      Ата-ана:

- Әрине, бала бағбаны, мына біздер, ата-аналармыз.  Жас жеткіншек қашан да ата-ананың ақылы, үлгі-өнегесі арқылы өсіп, қалыптасады.

Мұғалім:

- Құрметті ата-аналар, оқушылар енді кім қаншалықты салт-дәстүрімізді білетіндігін байқайық.

ІІ. «Сан саяхат»

Ата-аналарға:

1.     Ұлттық тағам түрлерін атаңыз

2.     Ұлттық ойындарды атаңыз

3.     Нанға байланысты тыйым сөз білесіз бе?

(Нанды бір қолыңмен үзбе.  Нанды жерге тастама, үстіне басқа затты қойма.)

Оқушыларға:

1.     Жеті атаңды білесің бе?

2.     Төрт түліктің пірлерін ата

3.     Сүтті төрт түліктің  аттарына байланысты ата

4.     Жылқы туралы мақал-мәтел айта аласыз ба?

(Жылқының сүті шекер, еті бал. Адам жылқы мінезді. Жылқы малдың патшасы.)

ІІІ. «Сыңарын тап». Мақал-мәтелдердің сыңарын табу.

Ата-аналарға:

1.     Әдепті бала ата-анасын мақтатар,....   (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

2.     Ана сүтін ақтамағанды....  (ешкім жақтамайды)

3.     Әке тұрып ұл сөйлегеннен без,...          (ана тұрып қыз сөйлегеннен без)

4.     Қарағайға қарап тал өсер, ..            (қатарына қарап бала өсер)

5.     Үйінде ұл-қызы бардың...           (көгінде сөнбес жұлдызы бар)

Оқушыларға:

1.     Жығылып жатып, .. .   (сүрінгенге күлме)

2.     Күлме досыңа,...             (келер басыңа)

3.     Ауру қалса да, ....            (әдет қалмайды)

4.     Әдепті бала арлы бала,.. .             (әдепсіз бала сорлы бала).

5.     Ұяда не көрсең, .. .                     (ұшқанда соны ілерсің)

ІҮ. Тыйым сөздер.

Оқушыларға тыйым сөздер айтқызу, ата-аналар оның мағынасын түсіндіреді.

Оқушы:    Тізеңді құшақтама.

Ата-ана: Тізені құшақтау - жалғыз қалудың белгісі .Тізені құшақтау - жалғыз қалудың, қолды төбеге қою - ел-жұрттан безінудің, үлкеннің жолын кесу - әдепсіздіктің, асты төгу - ысыраптың белгісі деп танылған және ондай ерсі істерге қатаң тыйым салынған.

          Оқушы: Үйге кірген жыланды өлтірме.

          Ата-ана:   Себебі кей кезде періштелер жылан бейнесіне еніп дүниені шарлайды екен. Сондықтан жылан кейпінде келгендердің кейбірі жылан кейпінде болуы мүмкін деген түсінік бар.

          Оқушы: Тұзды бей-берекет шашпа. 

          Ата-ана: Себебі барлық тағамның дәмін келтіріп тұрған тұз. Сондықтан тұз төгілсе ырыс төгіледі, дәм шашылады,  ас кетеді.

          Оқушы: Бас киімді кез-келген жерге тастама.

          Ата-ана: Бастан бақ тайып, бас ауруына тап болады.Адам баласынан қадірлі, қасиетінен қадірлі ештеңе жоқ.

         Сұрақ:  Ұрпақ үшін тыйыи сөздердің пайдасы бар ма?

 

 

    Ү. Сіздің пікіріңіз?

Ата-аналармен өткізіледі.

1.     Тәрбие ісінде отбасының ролі қандай деп ойлайсыз?

2.     Сіз мерекелерде балаңыздың дайын сыйлық бергенін қлайсыз ба? Әлде өз қолымен жасаған затын сыйлағанын жөн көресіз бе? Неліктен?

3.     Баланы сенің қолыңнан келмейді деп шеттететін ата-аналарға не айтар едіңіз?

4.     Кешкі ас ішіп болғаннан кейін  ыдыс-аяқ жуылмай қалды. Өйткені бір жақсы фильм басталып кетті. Фильм біткен соң қызыңыз сізге: «ана, ыдысты таңертең жуа салайыншы» десе, сіз не деп жауап берер едіңіз? Құптайсыз ба?

Қорытынды сөз.

     Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Бауыржан Моиышұлы: «Жаудан да , даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп тұр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немемресіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тасатуға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке-шеше жоқ»,- деп мұңайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс.

   Бұл ата-анаға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балаларды бірлесе тәрбиелейік дей келе, бүгінгі ата-аналарға арналғын сағатымызды аяқтаймын.

Хош сау болыңыздар!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

2012-2013

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сынып сағаты. Тақырыбы: "Атадан - өсиет, анадан - қсиет""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по коллекторской деятельности

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 666 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.12.2015 3634
    • DOCX 233.1 кбайт
    • 294 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жангатаева Назерке Есркеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жангатаева Назерке Есркеновна
    Жангатаева Назерке Есркеновна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15083
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 770 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 838 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 754 человека из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 971 человек

Мини-курс

Мастерство влияния и успешных переговоров

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 19 регионов

Мини-курс

Основы программирования и мультимедиа: от структуры ПО до создания проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Работа с детьми с особыми образовательными потребностями

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 363 человека из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 168 человек