812554
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 1.410 руб.;
- курсы повышения квалификации от 430 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 90%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до конца апреля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

ИнфоурокКлассному руководителюКонспектыСынып сағаты Тақырыбы: "Қазақстан -егеменді мемлекет"

Сынып сағаты Тақырыбы: "Қазақстан -егеменді мемлекет"

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Қазақстан – егеменді мемлекет.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – егеменді мемлекет.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: жас ұрпақты Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.
1. Балалар құқығы туралы заңды кеңінен түсіндіру.
2. Елбасы еңбектерін құрметтеу.
3. Жаңа Қазақстанды әлем таныған халықаралық ұйымдар құрамында екенін білу.
4. Ана тіліміздің маңыздылығын түсіндіру.
2. Дамытушылығы: танымдық ойлау қабілеттерін арттыру. Топта жұмыс жасай отырып, бірінің пікірін бірі тыңдай білуге үйрету. Ой - өрісін кеңейту, ауызша сөйлеу мәдениетін өрістету.
3. Тәрбиелігі: елін, жерін, салт - дәстүрін құрметтейтін жаны таза, рухы мықты азамат тәрбиелеу. Тарихымызды құрметтеуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас, тәрбие сабағы.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, ортақ мақсатқа бағыттау, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, өзін - өзі тану, қазақ тілі.
Сабақтың көрнекілігі: бейнелі суреттер, таратпа парақшалар, Қазақстан картасы, интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Тренинг.
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім!
2. Сынып назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс.
Топтастыру стратегиясы.
Өткен сабақтағы «Отан. Қазақстанның Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Конституциясы» тақырыбы бойынша үй тапсырмасын сұрау.
1 - топ. «Достық». Отанымыз Қазақстан туралы әңгімелейді, дайындаған өлең шумақтарын айтады.
2 - топ. «Ынтымақ». Бұл топ мемлекеттік Ту туралы ойларын ортаға салады.
3 - топ. «Бірлік». Елтаңбамыз туралы дайындықтарын көрсетеді.
4 - топ. «Білім». Салтанатты Әнұран жайлы баяндалады.
5 - топ. «Тәрбие». Еліміздің басты құжаты - Конституциямыз туралы пікірлер тыңдалады.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылықты ояту. (слайд) Ой қозғау.
- Менің қолымда күн сәулесі шашыраған «Отанымыз Қазақстан» деген жазу тұр. Әр топтан оқушылар Отанымыз Қазақстанға байланысты теңеу сөздер айтамыз.
Әр жазылған теңеу сөздің «қандай?» деген сұраққа жауап беретінін, сын есім екендігін еске түсірту.
- Иә, бұл туы көкте желбіреп, шыңдары аспанмен таласқан Қазақстан мемлекетіміздің теңеулері.
Жаңа сабақ.
- Бүгінгі өткелі отырған сабағымыз «Қазақстан - көп ұлтты тәуелсіз мемлекет». (слайд) Орнымыздан тұрып, Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаймыз.
(Тақырыпқа байланысты слайдтар көрсетіліп тұрады.)
Бұрын Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғанға дейін Кеңестік Республикалар Одағы деген ірі империяның құрамында болған. Мұнда 15 одақтас ел болды. Дүние жүзіндегі барлық халықтардың ой - арманы - бостандық, тәуелсіз болу, ешкімге кіріптар болмау, ата - баба салттарын бойға сіңіру, өз байрағын көкке көтеру. Сондықтан біз өз тәуелсіздігімізді алдық. Осы жолда қазақ елі көп қиындықтарды бастан кешірді.
Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы. Ол көне замандардан басталған тарихы, аса бай ел. Қазақ елі - ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Мемлекетіміз көп ұлтты болып саналады. Олар: орыстар, өзбектер, ұйғырлар, кәрістер, гректер т. б ұлт өкілдері қазақ халқымен тату - тәтті өмір кешуде. Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір адам өз Отанын жанындай жақсы көреді, сүйеді, көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Қазақстан халқының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тіліміз арқылы күллі әлем мәдениетін, тарихын, әдебиетін танимыз.
16 желтоқсанда еліміз Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күнін атап өтеді. Дәл осы күні «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданған. Оған дейін Қазақстан Республикасы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының құрамында болған. 1991 жылы 16 желтоқсаннан бастап Қазақстан жеке егеменді мемлекетке айналды. Қазақстанның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны, Конституциясы бекітілді. Еліміз тәуелсіздік жолында көп күресті.
1991 жылы 1 желтоқсанда ел басшысы - Президенттің сайлауы болды. Содан бері мемлекетімізді алғаш сайлаған Президентіміз Н. Ә. Назарбаев басқарып келеді. Елбасымыз ел басқару жүйесінде халқымыздың жағдайын жақсарту үшін көптеген игі істер атқарып отыр. Жыл сайын мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін дәстүрлі жолдауларын жолдайды.
Республикамызда 14 облыс бар. (слайд. Қазақстан картасы.)

Конституция біздің - Ата Заңымыз. Конституция дегеніміз – мемлекеттегі барлық адамдар ұстанатын Заңдар кітабы. Конституцияда Қазақстан азаматының не істеуіне құқықты және қандай істеріне тыйым салынатыны айтылған. 1995 жылы жаңа Ата Заң қабылданды. Осы конституцияда балалардың да құқығы мен міндеттері туралы жазылған. Бірнеше мемлекет бірігіп «бала құқықтары туралы» Конвенция қабылдады. Бұл Конвенцияның мақсаты балалардың білім алуына, мәдениет жетістіктерін пайдалануына, демалыс пен бос уақыт құқысын жақсы өткізуіне жағдай жасайды.

Жаңа Қазақстан мемлекетін әлем таныды. Бұл күнде біз Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшеміз. Біздің көгілдір туымыз Америкадағы БҰҰ Ғимаратының алдындағы Салтанат алаңында басқа мемлекеттің туларымен бірге желбіреп тұр. Сонымен қатар ҚР көптеген халықаралық ұйымдарға мүше. Бұл дегеніміз ҚР өзге елдердің назарын өзінің жетістігімен аудара білуде. Бүгінде жер шары мазасыздыққа толы. Оған кей елдердегі әлеуметтік жағдайлардың төмендігі, ұлтаралық қақтығыстар, діни көзқарастар себеп болуда. Ал, біз Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында татулығы мен бірлігі жарасқан, әлемді аузына қаратқан көп ұлтты тәуелсіз мемлекетпіз. Тәуелсіздігімізге 23 жыл толды.
Ортақ жұмыстар. (слайд)
1. Мақал - мәтелдердің жалғасын табу.
а) Отан -... да ыстық.
б) Отансыз адам -... орман.
в) Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде... бол.
г) Туған жердей жер болмас,
Туған... ел болмас. 2. Ой қорыту. Слайд.
3. Сабақты бекіту. (слайд)
Тест.
1. Қазақстанның мемлекеттік тілі:
ә) орыс тілі а) қазақ тілі б) ағылшын тілі
2. Қазақстанның рәміздері:
ә) ту, елтаңба, төл теңге
а) елтаңба, ту, әнұран
б) президент, ту, парламент
3. Қазақстан халқының ұлттық ақшасы:
ә) доллар а) теңге б) сом
4. Қазақстан халқының бас қаласы:
ә) Алматы а) Ақтау б) Астана
5. Әнұран қалай айтылады?
ә) отырып айтылады
а) қолды жүрек тұсына қойып тұрып айтылады
б) түзу тұрып айтылады
6. Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан?
ә) Нұра а) Ертіс б) Есіл
7. Мерекелерде, спорттық жарыстарда рәміздің қай түрі жоғары көтеріледі?
ә) ту а) елтаңба б) әнұран
Бағалау.
Үй тапсырмасы: Мәтінді оқып келу.
Мақал – мәтелдер жаттап келу.
Ребусты шешіп келу

Общая информация

Номер материала: ДВ-292985

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности учащихся в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Воспитание и социализация учащихся в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Управление конфликтами в образовательной организации»
Курс «Сопровождение детского отдыха. Школа вожатых»
Курс повышения квалификации «Сопровождение детского отдыха: от вожатого до руководителя детского лагеря»
Курс профессиональной переподготовки «Организационно-педагогическая деятельность в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Средства педагогического оценивания и мониторинга в работе учителя в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Скрайбинг и веб-квест как инновационные образовательные технологии в условиях реализации ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Теория и практика инклюзивного обучения в образовательной организации в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая диагностика в современном образовательном процессе»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Экзаменационный стресс как частая проблема педагогов и учащихся и пути ее решения»
Курс повышения квалификации «Профориентация школьников: психология и выбор профессии»
Курс повышения квалификации «Методы интерактивного обучения»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.