Инфоурок Другое КонспектыСынып сағаты Тақырыбы: "Гигиена туралы түсінік"

Сынып сағаты Тақырыбы: "Гигиена туралы түсінік"

Скачать материал

М.Хасенов атындағы Қошқарбай негізгі мектебі

 

 

 

 

 

Сынып сағаты

Тақырыбы: Гигиена туралы түсінік

 

 

 

 

Өткізген: Жанайдарова А.Д.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың мақсаты: оқушыларға салауатты өмір салты, киімдерді күту туралы түсінік беру;
дамытушылық: оқушыларды жинақылыққа, жүйелілікке, ойды тұжырымдай білуге үйрету;
тәрбиелік: еңбек мәдениетіне, іскерлікке, ұқыптылыққа, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.


Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу әдебі: Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйіне, денсаулығына баса назар аудару.
ә) сабаққа қатысуын бақылау: жоқ оқушыларды белгілеу, кезекшілерді анықтау, құралдарды тексеру.

II. Өткен материалды еске түсіру
а) үй тапсырмасын сұрау:
ә) өткен материалды пысықтау:
1. Қонақ қабылдау тәртібі қандай?
2. Қонақ дегеніміз не?
3. Қандай қонақ түрлері бар?
4. Ақша дегеніміз не?
5. Қазақстан Республикасының валютасы қандай?
6. Баспа бас айырбас дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Салауатты өмір салтының факторлары
1. Тамақтану (уақытымен).
2. Тазалық (шаш, тері, қол, аяқ), тазалық құралдары (жеке тіс щеткасы, тарақ, сүлгі).
3. Киім мен аяқкиім тазалығы.
4. Тұрғынжайдың тазалығы.
5. Физикалық белсенділік (спорт, ойын, суда жүзу, велосипед, коньки, ролик тебу, би, т. б.).
6. Шынығу. Серуендеу.

Денсаулыққа зиянын келтіретін факторлар
Ауру – ағза жұмысының белгілі бір зиянды факторлар кесірінен бұзылуы.
Рухани денсаулық
Этика – адамның мінез - құлық ережесі: әдептілік, адалдық, жауапкершілік, көмектесу, көпшілдік, ұнамды эмоция (күлкі, қуаныш).
Өзіне үнемі қарап, сырт келбетін күту – әр адамның өзіне де, қоршаған ортасына да жағымды міндеті.
Өз денсаулығыңды күтуді, табиғаттың табиғи факторларын ебін тауып пайдалануды үйрену керек. Стиль іздеуде даралық, ерекшелік дағды қалыптастыру қажет.
Жеке бас гигиенасы
Дені сау, сымбатты болу үшін тазалық ережелерін орындау маңызды. Тазалықты орындау аз ғана нәрседен басталады: сұлулық және қол, аяқ, тіс, шаш, тырнақ тазалығына қамқорлық жасаудан. Сырттан келгенде, тамақ жеу алдында қол жууды, ұйықтар алдында және таңертең тіс тазалауды, күнде кешкілік душ қабылдауды күнделікті әдетке айналдыру керек.

Гигиена
Гигиена қолдың, аяқтың, дененің, беттің, тістің, шаштың, тырнақтың тазалығы жөніндегі қамқорлықтан басталады.
Денсаулық үшін жақсы ұйқының ережесін сақтан жөн: 1. Адам 11 - 12 жасында кемінде 10 сағат, ал 13 - 15 жасында 9 сағат ұйықтауы тиіс. Ұйқы қанбау шаршауға, ашушаңдыққа, жұмыс қабілетінің төмендеуіне алып келеді. 2. Кешкі ас жеңіл және ұйықтар алдында 2 сағат бұрын ішілуі тиіс. 3. Кешкі астан кейінгі уақыт тыныш жағдайда өтуі тиіс. 4. Іш киімді, шұлықты жиі, екі күнде бір ауыстырып тұру қажет. Түнгі көйлек немесе пижама киіп алып ұйықтау керек.
Темекі түтінінің құрамындағы заттардың қатерлі ісік (рак) ауруларының дамуына икемдейтіні белгілі. Алкогольді ішімдіктер, сыра жүйке жүйесін бұзады. Есірткілер адам өміріне қауіп төндіреді.
Шаш күтімі
Әдемі және қалың шаш кісіні безендіріп қана қоймайды, оның денсаулығының жақсы екендігін де көрсетеді. Адам басында 80 мыңнан 150 мыңға дейін шаш болады. Олар бірыңғай болмайды. Күнделікті 100 тал шашқа дейін түсіп тұрады және сонша тал шаш жаңадан өседі. Әр жыл сайын олар 15 см шамасында ұзарады. Шаштың үш түрі болады: құрғақ, орташа майлы және майлы.
Құрғақ шаш – шаштың аз дымқылдығы және май бездерінің майды аз шығаруына байланысты. Олар өте нәзік және сынғыш келеді.
Орташа майлы шаш – майысқақ және жылтыр келеді, сирек сынады. Шашты уақытымен жуып тұру және бекіту шаштың майлылығы мен дымқылдығын сақтауға көмектеседі.
Майлы шаш – шаш тез тері майымен майланады, ол жұмсақ және күңгірт болады. Майлы шашты жиі жуып тұру қажет.
Шашты түріне және кірлеуіне байланысты аптасына 1 - 2 рет жуып тұру қажет.

Киім күтімі
Киім, аяқ киімді таза ұста, көйлек, костюм, шалбарлар әрқашанда үтіктелген болу керек. Киім ілгішті киім өлшеміне лайықтап таңдап, бір ілгішке екі киімнен артық ілмеу керек. Тоқыма бұйымдарды ұқыпты жинап, жәшікте, шкаф сөрелерінде сақта. Киімдегі кейбір дақтарды өзің кетіруіңе болады. Алдымен қылщықпен шаңын тазалап, сорғыш қағаз арқылы үтіктеу қажет. Туштың, сырдың дақтарын салқын сумен кез келген жуғыш ұнтағымен жуып кетіруге болады.
Жуар алдында бұйымдарды мата түріне, түсіне және кірлеу дәрежесіне қарай бөлу қажет. Ақ бұйымдарды боялған бұйымдармен араластырып жууға болмайды. Бұйымның бояуы шығып, ақ бұйымдарды былғайды. Жуар алдында бұйымдардың қалталарын босат. Боялған мақта, кенеп маталарды 60ºС сумен жуу қажет.

Аяқкиімге қойылатын гигиеналық талаптар
1. Аяқкиім қан айналуға кедергі келтірмейтіндей (табан пішімі және өлшемі) болуы қажет.
2. Аяқкиімде аяқты қыспайтындай, бас бармақ тірелмейтіндей кеңістік болуы керек.
3. Аяқкиім жеңіл, иілгіш, жұмсақ болғаны дұрыс.
4. Аяқкиім өте жіңішке немесе тар болмауы керек. ( Өкшесі тым биік болса, табанның пішіні өзгеріп, омыртқа жотасы қисаяды, т. б.).

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Салауатты өмір салты дегеніміз не?
2. Салауатты өмір салтының факторлары қандай?
3. Жеке бас гигиенасы дегеніміз не?
4. Гигиена дегеніміз не?
5. Шаш күтімі дегеніміз не?
6. Киім күтімі дегеніміз не?
Ү. Сабақты қорыту. Бүгінгі сабақта біз салауатты өмір салты, киімдерді күту туралы білдік.

Гигиена грек сөзі - Gugieinos – емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді, профилактика деген ұғым. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін медициналық ғылым. Медицина ғылымдарының өте көрнекті салаларының бірі. Медициналық оқу орындарында санитарлық-гигиеналық факультеттері мен кафедралар бар. Арнаулы түрде маман дәрігерлер – гигиенистер дайындалады.
Гигиена - аурулардың алдын алуға және денсаулық сақтауды қорғайды. Денсаулыққа зиян келтіретін азық түрлерін жойып жіберуге гигиенистер ат салысады. Денсаулыққа зиян келтіретін факторлардың болмауын гигиена ғылымы қатаң бақылау жасап отырады. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы ортаның факторларын негізге ала отырып, гигиенистер адамзат баласының тіршілігі мен еңбегіне ыңғайлы жағдайлар жасауға адамзат баласын аурулардан айықтыруға, дерттер мен өлік көрсеткіштерін төмендетуге тіршілік өмірді ұзартуға, еңбекке деген қабілеттілікті көтеруге және т.б. биологиялық жағдайларды жақсартуға бағытталған ғылым. Практикада қолданатын нақтылы тәсілдері болады. Осының бәрі адамның денсаулығын арттыруға қолданылады. 
Сонымен гигиена ғылымының негізгі көздеген мақсаты - адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторларын сауықтыру арқылы бірінші денсаулық сақтаудың профилактикасын өткізу. Бір сөзбен айтқанда адамзат баласына залал келтіретін факторлардан адамзат баласын қорғау. Жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, оқушы жастар гигиенасы, тағам гигиенасы, әйелдер гигиенасы болып бірнешеге бөлінеді. Әркімнің өздерінің алдына қойған мақсаттары бар. 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сынып сағаты Тақырыбы: "Гигиена туралы түсінік""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Оператор очистных сооружений

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 120 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.02.2017 24592
    • DOCX 19.3 кбайт
    • 349 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жанайдарова Айгуль Дулатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жанайдарова Айгуль Дулатовна
    Жанайдарова Айгуль Дулатовна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 4
    • Всего просмотров: 52498
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой