Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / Сынып сағаты тақырыбы: Мамандық таңдау

Сынып сағаты тақырыбы: Мамандық таңдау

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Өмірден өз орныңды таба біл!


Мақсаты: оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік

бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; оқушылардың

қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке

тәрбиелеу, кәсіби бағдар беру; түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту,

өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар

Әдісі: тренингтер, әңгімелеу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс


Барысы


І.Кіріспе.

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау.

ІІ.Негізгі бөлім

1. Тренинг. «Сенің жақсы қасиетің»

Бір-бірімізге тек қана жақсы касиеттерімізді айтайық. Шарты: бір сөз екінші қайталанбауы тиіс.

Мысалы: - Лағыл, сен әдемісің

- Рахмет. Рамазан, сен өнерлісің. т.с.с.

2. Тақырыпқа кіріспе.

Слайдпен Абайдың бір шумақ өлеңі көрсетіледі, дыбыспен оқылады.

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан.

(А Құнанбаев)

3. Сұрақ-жауап.

Ұлы ақын Абай Құнанбаев осы өлеңі арқылы бізге қандай ой тастап тұр?

Адамның өмірден өз орнын таба білуі дегенді қалай түсінесіңдер?

Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабағымызда қандай тақырыпты қозғаймыз деп ойлайсыңдар?

Әрине, біз мамандықтар туралы сөз қозғаймыз. Тақырыбы: «Өмірден өз орныңды таба біл!» деп

аталады.

Сабағымыздың мақсаты: мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік

бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білу; қоғамға деген азаматтық позиция

қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу, кәсіби бағдар беру; түрлі жаттығулар арқылы

таным процестер дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға

баулу.

(Дәптерлеріне күн реті мен тақырыпты жаздыру)

4. Мұғалім: Әр адам ерте ме, кеш пе өз өмірінде «Қандай мамандық иесі боламын?» деген сұраққа

жауап іздейді. Мамандық таңдау – өте жауапты іс. Өйткені, таңдаған мамандығың ертеңгі сенің

өмірің, болашағың, қоғамның болашағы, елдің ертеңі.

Мамандық – бұл кәсіби одақ, яғни қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір

дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Мамандықтың қанша түрі бар деп ойлайсыңдар?

Малика. Американдық кәсіптер сөздігінің мәліметтері бойынша 22 қызмет саласы

бойынша 114 топқа бөлінген 40 мыңға жуық мамандық түрі бар екен.Статистердің зерттеуі бойынша

жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12%-ы қайтадан өз орнына қайтып

оралады екен. Қазақстанда осы мамандықтардың 300-ге жуық түрі кездеседі. Біздің өз ауылымыздың

өзінде 50-ге жуық түрі кездесетінін зерттедім.

Мұғалім: «Адам өзінің ыңғайымен , еркімен қызмет ететін зат. Іштен туғаннан-ақ, белгілі бір

өнерге, қызметке икемді болып туады . Басқаша айтқанда, әр адамда бір нәрсе- талап, ыңғай, қабілет,

яғни зеректік болады.Біреуі бала оқытуға, біреуі әкім болуға, біреуі дәрігерлікке берілуге, біреуі

саудаға, біреуі сөзге ыңғайланып жаралады. Кейде кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен

жүріп қызмет етсе, өз басына, әлеуметке де көп пайда келтірмек»- деген Жүсіпбек Аймауытовтың

мұралы сөзі әлі күнге маңызын жойған жоқ.




Енді өзі қалаған мамандыққа кім қалай жетеді?

Өзі қалаған мамандыққа әркім әр түрлі жолмен келеді. Біреулер осы мамандықтың иесі болуды бала

кезден армандайды, оны орындау үшін аянбай тер төгеді, ал екінші біреулер – отбасы дәстүрін

жалғастырушы, үшінші біреулер жаңалыққа, дербестікке талпынып, заман ағымына сай мамандық

таңдаса, келесі біреулер әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң таңдайды. Мамандық таңдауда

адам өзінің жеке дара қасиеттеріне назар аударуы керек. Адам өз бойындағы жетістік пен кемшілікті,

икем мен қабілетті, күш-қуатты, мінезіндегі ұнамды, ұнамсыз жақтарын білгені дұрыс. Мамандық

таңдауда бос қиялға берілмей, өзінің бейімділігі мен білім даярлығына, денсаулығы мен мінез-

құлқына көңіл бөліп, мамандық туралы ақпаратты жақсы білген дұрыс.

Сондай-ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Өзінің

сұранысын, қызығушылығын жоймаған, кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім, құрылысшы

т. б. мамандықтарды атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология,

байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек

сұранысына қажетті жаңа мамандықтар жатады.

Мамандық таңдауға қандай факторлар мен қасиеттер әсер етеді деп ойлайсыңдар?

Оқушылар жауабы.

Мамандық таңдауға әсерін тигізетін негізгі факторларға мына қасиеттер кіреді:

  1. Қызығу

  2. Қабілет

  3. Темпераменті

  4. Мінезі

  5. Даярлық деңгейі

  6. Денсаулық жағдайы

  7. Мамандық туралы ақпараты

  8. Әлеуметтік ортасы

  9. Үй-тұрмыс жағдайы

  10. Ата-анасының білім деңгейі

Мамандық таңдағанда қандай қиындықтар кездесуі мүмкін, немесе қандай қателіктерден қашық жүруіміз керек?

Мамандық таңдаудағы қиындықтар мен қателіктер

  • Бірден жоғары квалификациялы мамандыққа бағыт алу.

  • Достарынан қалмау үшін мамандық таңдау.

  • Мамандыққа бағыт - бағдар берушіге ауып кету.

  • Өзінің қабілетін , жеке қасиетін анықтай алмау, кемшіліктерін білмеу.


Сыныпта анкеталық сұрақтарға жауап алу арқылы сараптама жасалған болатын . Кейбір сұрақтарға тоқтала

кетіп талдау жасап көрейік:

Сыныпта 20 оқушы бар.

Оқушылардың болашақта армандайтын мамандықтары:

Дәрігер – 5 Мұнай- газ саласы – 5 Мұғалім – 2 Дизайнер – 2

Темір жол саласы – 1 Стюардесса – 1 Әскери іс – 1

Визажист– 1 Бухгалтер -1 Дәрігер немесе мұғалім – 1

Ұнатқан мамандығын ата-анасы жақтырмайды. Оқушылардың шешімі:

Өзі ұнатқан мамандықты таңдайды - 14

Ата-анасының пікірімен санасады - 4

Басқа шешімдер қабылдайды - 2


Оқушылар таңдап жүрген мамандықтары туралы ой бөліседі.

Суреттермен таныстыру


Тренинг. «Мамандықта ойнау» 6 оқушы шығып шеңбер құрайды.

Шарты: Мұғалім бастап бір мамандықты айтады. Ойыншылар сол мамандықтықтың соңғы әрпінен

басталатын мамандық айтады.

Қазіргі заманда зор сұранысқа ие болып отырған мамандық түрлерін атап көрейікші.

Қазіргі заманғы мамандық түрлерін атау. Слайдпен шығару.













Мамандықтың жаңа түрлері

hello_html_26521604.gif

Мамандықтың типтері

Еңбек затына қарай барлық мамандық бес типке бөлінеді:

«Адам – табиғат» Мұнда басты негізгі еңбек заты – тірі табиғат. т.б.

«Адам – техника» Бұл типінде еңбек үшін басты, жетекші зат – техникалық объектілер (машиналар,

механизмдер т.б.), материалдар, энергия түрлері.

«Адам – адам» Негізгі еңбек заты – адам.

«Адам – белгі жүйелері» Бұл типтегі басты жетекші зат – шартты белгілер, цифрлар, сызбалар,

текстер мен карталар т.б.

«Адам – көркем образ» Жетекші еңбек заты – көркем образ, оны жасау тәсілдері.

Оқушылар дәптермен жұмыс жасайды, Әр типке қандай мамандықтар жататынын жазып,

жауаптарын оқиды.

Тренинг «Ең, ең....»

«Ең тәтті», «Ең қауіпті», «Ең күлкілі», «Ең жауапты».


1. Мына мамандықтардың ұқсастығы мен айырмашылығын тап:

Медбике-токарь, Металлург – аспазшы


2. Мына мамандықтардың қайсысы қазіргі уақытта жойылған:

Суретші, ЭВМ операторы, тракторист-машинист, программист, егінші, трубочист, редактор, столяр,

сыршы, атқосшы, дәрігер, ұшқыш, бухгалтер, сандық программалық құралдармен қызмет істейтін

оператор, экскурсовод, ағаш өңдеуші, бақша маманы, аспазшы, гувернер, клоун, педагог.


3. Мына мамандықтардың қайсысы ХХ ғасырда пайда болды:

Суретші, ЭВМ операторы, тракторист-машинист, программист, егінші, трубочист, редактор, столяр,

сыршы, атқосшы, дәрігер, ұшқыш, бухгалтер, сандық программалық құралдармен қызмет істейтін

оператор, экскурсовод, ағаш өңдеуші, бақша маманы, аспазшы, гувернер, клоун, педагог.





Мен білмейтін мамандықтар


- Маркетолог –базар нарығын зерттейтін маман

- Арт-директор –безендіруші басты суретші

- Мерчендайзер – сөрелерді безендіруші және саудадағы товарларды дұрыс орналасуын

зерттейтін маман

- Веб – дизайнер – сайттар мен макеттерді дамытушы маман

- Баннермейкер – Безендіруге де сайттардыдамытуға да қатысты маман

- Контент – редактор – ақпараттарды үнемі жаңартып отыру мен сайттарды мәтіндермен

толықтырып отыратын маман

- Груммер - иттерді көркемдеуші, түктерін қысқартып әсемдеуші стилист-маман


Психологиялық сәт: «Психогеометрия» - өзін-өзі тану


Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап

ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ

саған өзіннің кәсіптік мамандығынды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын.

Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ шығармашылық қабілетін, ой-

өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені

шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен

қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке

адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы

мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.

Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді

жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан

шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға

көтерілуге бейімділігін бар.Саған менеджмент саласын меңгеру ұсынылады.

hello_html_m5e17ed82.gifhello_html_6b2c946f.gifhello_html_m442cf6f3.gifhello_html_3cec3a50.gif





ІІІ.Қорытынды

Мұғалімнің қорытынды сөзі


Өз болашағыңды анықтауда мынадай ережелерді ұстан

 

1.      Ары қарайғы өмірлік жоспарың қандай болмасын, шет тілін үйреніп, компьютерде жұмыс

істеуді игергенің аса пайдалы. Бұлардың кез келген мамандықта қажеті болары сөзсіз!

2.      Мамандық таңдауға байланысты сені, сенің қалаған мамандығыңды толық білмейтін

адамдардың ақыл-кеңесіне құлақ салудың қажеті шамалы.

3.      Мамандық таңдауда оның сырт келбетіне, көңілге қонымды жақтарына ғана назар аударудың

қажеті жоқ, мүмкіндігінше қалаған мамандығыңның жұмыс мазмұны жөнінде көбірек білуге

тырыс.

4.      Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды деген қорытынды жасауға болмайды.

5.      Сен қолыңнан келетін істі мамандық етіп таңдаған пайдалырақ болмақ. Әйтсе де бұл сөз

қарапайым естілгенімен, көбінесе назардан тыс қалып жатады.

6.       «Жақсы адам» - бұл мамандық емес. Егер саған адам ұнаса, оның меңгерген мамандығын мен

де таңдауым керек деп жаңсақ қорытынды жасауға болмайды.

7.      Мүмкіндігінше өзің таңдаған мамандықтың өзіңнің денсаулық жағдайыңа тура келетін-

келмейтіндігі жөнінде дәрігерден кеңес алғаның жөн.



8.      Заманауи ағымға қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып

жатыр. Сондықтан кез келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандығың болуы қажет.

9.      Өзің таңдаған мамандығыңның мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы,

кәсіби өсу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере алғанда ғана сенің мамандық таңдаудағы ой-

ниетің салмақтана түспек.

10.  Өзіңмен алдын ала психологиялық жұмыс жүргізбей-ақ, нық қадам жасай беруге болатын

бірде-бір мамандықтың жоқ екендігін есіңде сақта! Әр адамның өзінің құрылымдық

ерекшеліктері бар, дегенмен қатып қалған заңдылық жоқ болғандықтан, уақыт өте келе олар да

өзгеретіні сөзсіз. Ұпай түрінде берілетін даму ерекшелігінің психологиялық көрсеткіштерінің

«затқа айналуы» және бейімдік тест болашақ мамандыққа дайындық жасауға және өз

қабілеттерінің құрылымы, дамуындағы түзетуді қажет ететін кейбір кемшіліктерді дер кезінде

көруге мүмкіндік береді.

Еңбек етсем, ертеңгі бақытыма сенемін,

Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін.

Достық іспен қасты да жеңеріме сенемін,

Ақыл, сана, білім мен өнеріме сенемін.

Арым- таза, ақ көңіл, адалдыққа сенемін,

Абыройлы, ақ ниет адамдыққа сенемін – дегендей ел үмітін ақтайтын парасатты

мамандық иесі болыңдар дей отырып, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.




























20 орта мектеп













Тақырыбы:


«Өмірден өз орныңды таба біл!»


(сынып сағаты)











Сынып жетекшісі: А.А.Байсупова

Сыныбы: 6 «А»









2015/2016 оқу жылы



Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 13.02.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Рабочие программы
Просмотров908
Номер материала ДВ-449605
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх