Инфоурок Классному руководителю КонспектыСынып сағаты тақырыбы: «Мейірімділік – асыл қасиет» (2сынып)

Сынып сағаты тақырыбы: «Мейірімділік – асыл қасиет» (2сынып)

Скачать материал

 

Тақырыбы: «Мейірімділік – асыл қасиет»

Мақсаты: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық»  қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-         өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру;

-          өзін және айналасын сүюге, жақсы көруге деген ниеттерін ояту;

-         қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге тәрбиелеу;

Көрнекіліктері: слайдтар, үнтаспа, бейнефильм, жүрекше, күн

Барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Құрметті ұстаздар, қонақтар! Бүгін мектебіміздің 2 Д сыныбында өткізгелі отырған «Мейірімділік – асыл қасиет» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! 

-         Амандасу рәсімі:

Қайырлы күн, Күн – ана!

Қайырлы күн, Жер – ана!

Қайырлы күн, Ұстаздар!

Мұғалім:

Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық!

Біз бүгін тәрбие сағатында адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік жайлы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейірімділігі – әдептілік белгісі. Бәріміз шаттық шеңберіне жиналып, бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік, жылы лебіздер  білдірудің өзі жақсы қасиеттерге жатады:

(Сары лентаны айналдыра отырып, күннің бейнесін шығару)

-         Шаттық шеңберіне жиналу:

Нұршат: Аспанымыз ашық болсын!

Қабыланбек: Денсаулығымыз мықты болсын!

Қарақат: Мейірімді болайық!

Қанат: Бәріміз дос болайық!

Мансұр: Ата-анамызды ренжітпейік!

Ерке: Ұстаздарымды ренжітпейік!

Мейірбек : Бақытты болайық!

Олжас: Үлкендерді сыйлайық!

Әмірхан: Әдепті болайық!

Әлішер: Ақылды болайық!

Әділ: Сабақтан қалмайық!

Томирис: Тәртіпті болайық!

Дарын: Бір-бірімізге көмектесейік!

Аслан : Мақтаншақ болмайық!

Нұрсұлу: Кішілерге қамқор болайық!

Ерғанат: Бір-бірімізді ренжітпейік!

Сабыржан: Табиғатты аялайық!

Жанерке: Тату болайық!

Алайдар: Отанымызды қорғайық!

Нұрасыл: Жақсылық жасаудан жалықпайық, достар!

Мұғалім:

-         Лентаны айналдырғанда ненің бейнесі шықты?

-         Табиғатта жылу күннен тараса, жердегі жылулық, мейірім кімнен тарайды?

-         Балалар, бүгін біздің тәрбие сағатымыз мейірімділіктің көзі күн, ана сияқты қасиетті ұғымдарға арналады.Ендеше орнымызға жайғасайық.

Мұғалім: Балалар, енді жан – жағымызға қарайықшы, біздің күніміз қайда екен? Бұлт арасындағы күнді құтқарайық.

1-      Бұлт:

«Жалғасын тап» ойыны:

«Ең әлсізге арналған сыйлық» мультфильмінен үзінді көру, өз ойларымен аяқтау:

-         Аң патшасы арыстан неге жылады деп ойлайсыңдар?

-         Ол енді не істейді?

Мультфильмнің аяғын көру 

2-      Бұлт:

Мейірімділік жайлы қандай өлеңдер білесіңдер? Жатқа оқу

Мансұр:

Күн нұрындай көңілім

Даламдай кең пейілім

Жүрегім толы мейірім

Бәріне ортақ шуағым

Мейірімді баламын.

Алайдар:

Әдеп сақтап әманда

Әрбір адал адамға

Жасасаң бір жақсылық

Қайтарады саған да.

Дарын:

Жайдары жүзбен жарқыра,

Қатыгез болсаң сол қайғы

Қайырымды бол халқыңа

Жақсылық жерде қалмайды

Томирис:

Кім үлкенді тыңдаса

Кім үлкенді сыйласа

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де

Ерганат:

Жақынды, досты аяла

Қанатың сонда талмайды.

Барыңды жұрттан аяма

Жақсылық жерде қалмайды

Қарақат:

Кішілерді аялайтын

Ақылы бар баламын.

Үлкендерді құрметтеп,

Айтқан тілді аламын

Әмірхан:

Торғайларды атпаймын,

Құмырсқаны баспаймын.

Бәрін – бәрін қорғап мен

Мейірімді сақтаймын

Отанымды сатпаймын,

Ақылсызға жатпаймын

Халқымның мен үмітін

Әрқашанда ақтаймын.

Аслан:

Адамдарға кешіріммен қарайтын

Жан жылуы жылылық боп тарайтын.

Кішіпейіл бала болғым келеді

Айналасын нұрлы күнге балайтын

Әділ:

Кешірімді боламыз

Жұлдыздай боп жанамыз

Кішіпейіл боламыз

Құстай қанат қағамыз

Сабыржан:

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан

Нұрсұлу:

Мейірімді жүрекпен

Бөлісемін бақытты

Ақ ниетпен шын тілеп

Ізгі істерді, жақұтты.

Мейірбек:

Атам менің әрқашан

Мейірімді бол дейтін.

Мынау байтақ ғаламда

Қаншама дос бауыр бар

Ерке:

Күлімдеген күн мейірімді!

Кіршіксіз ақ қар мейірімді!

Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!

Аяулы анам мейірімді!

Қадірлі әкем мейірімді!

Нұрасыл:

Әлпештеген әжем мейірімді!

Еркелеткен атам мейірімді!

Жылы жүзді ұстазым мейірімді!

Тату-тәтті достарым мейірімді!

Мұғалім:

-         Дүниедегі ең мейірімді жан кім екен?

-         Ана туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

-         Табиғаттағы жылулық күннен таралса,

Жердегі жылулық анамыздан тарайды.

Ендеше 3-бұлттың тапсырмасын орындайық!

3-      Бұлт: «Ең мейірімді жан  - ана» туралы ән айту

Жақсылық  Еркенің орындауында «Ана» туралы» ән

(ана туралы слайд көрсету)

 ІІІ «Болады, болмайды»  ойыны

 

Мұғалім: Бұлт арасынан шыққан күн шуағын шаша алмай тұр. Ол үшін «Болады, болмайды» деген ойын ойнап көрейік.Егер жақсы қасиеттер айтылса, күннің сәулесін орнына   орналастырамыз. Егер жаман қасиет аталса, онда алып тастаймыз.

-         Қамқор болуға болады, болмайды?

-         Мақтаншақ болуға болады, болмайды?

-         Дос болуға болуға болады, болмайды?

-         Әдепсіз болуға  болады, болмайды?

-         Мейірімді болуға болады, болмайды?

-         Өтірікші болуға болады, болмайды?

-         Қатыгез болуға болады, болмайды?

-         Қуаныш сыйлауға болады, болмайды?

-         Бұзықтық жасауға бола ма?

-         Кекшіл болуға болады, болмайды?

-         Көпшіл болуға  болады, болмайды?

-         Тәртіпсіз болуға болады, болмайды?

-         Әдепті болуға болады, болмайды?

-         Жанашыр болуға болады, болмайды?

-         Ақылсыз болуға болады, болмайды?

-         Тәртіпті болуға болады, болмайды?

-         Мейірімсіз болуға болады, болмайды?

-         Қайырымды болуға болады, болмайды?

-         Ақылды болуға  болады, болмайды?

-         Тілалғыш  болуға болады, болмайды?

 

Нұршат:

Көк аспанда күн күлсін

Бірге күлсін бүлдіршін!

Көк аспанда күн күлсін

Жерге ұдайы нұр құйсын!

Көк аспанда күн күлсін

Ұл қолында ту жүрсін!

Қыз қолында гүл жүрсін!

Көк аспанда күн күлсін

Бірге күлсін бүлдіршін!

ІҮ  Соңғы тыныштық сәті:

Баяу әуен қойылады.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы қасиеттерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Жақсы қасиеттің  бәрін жүрегіміздің түбіне сақтап қояйық, қолымыздан келгенінше бір – бірімізден жүрегіміздің жылуын аямайық! Жайлап көзімізді ашуға болады. Бүгінгі сабақ үшін сіздерге көп рахмет

Жүрекшелерге пікірін жазу:

Балалар, енді нұрға толған жүректеріңнің жылуын кімге сыйлағыларың келеді, сол адамның есімін алдарыңыздағы жүрекшелерге жазып, үлкен жүрекке орналастырайық!

Қабыланбек:

Ізгілікті іздеші

Үміттерді үзбеші

Үлкендерді ардақтап

Құрметтеп бәрін «Сіз» деші

Олжас:

Ата-анаңды аяла,

Жақсыларды саяла.

Көмектесіп адамға

Жоламашы жаманға

Қорытынды:

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен біздің «Мейірімділік – асыл қасиет» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сынып сағаты тақырыбы: «Мейірімділік – асыл қасиет» (2сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Садовод

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: «Мейірімділік – асыл қасиет»

Мақсаты: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру;

- өзін және айналасын сүюге, жақсы көруге деген ниеттерін ояту;

- қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге тәрбиелеу;

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 912 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.05.2015 4846
    • DOCX 21.9 кбайт
    • 35 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Наурызбаева Гулжанат Туяковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Наурызбаева Гулжанат Туяковна
    Наурызбаева Гулжанат Туяковна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10378
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 144 человека

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Мини-курс

Основы налогообложения и формирования налогооблагаемых показателей

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы изучения творческих дисциплин: введение в пропедевтику дизайна и изобразительного искусства

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Прощение и трансформация: освобождение от родовых программ и травм

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 176 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек