Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сынып сағаты тақырыбы" Қонақ келсе "
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сынып сағаты тақырыбы" Қонақ келсе "

библиотека
материалов


«Қонақ күтудің ережелері көне және жаңа дәуірде»

\

1. Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Жол жүріп кеп жатқан жолаушы «бөлінбеген еншім бар» деп, ауылдың кез келген үйіне түсіп, қонақ болған. Оның үстіне қазақта «қырықтың бірі – қыдыр», «қонақты қусаң – құт, ырыс, қашады», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар. Сөйтіп, бөлінбейтін еншіге қиянат жасауға болмайды. Бір қызығы, алты аласы, бес бересі болмаса да қонақ үй иесі тойдырмаса, күтпесе, ашуланып жамандап кететін болған. Қазақ үшін мұны есту ұят, бетке шіркеу болған.

Сондықтан, халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп, есікті жабады.

Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені. Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Бұл дегеніміз, кетіп бара жатқан қонақтың тағы айналып келер жолын жаппау болып есептеледі. Осы күнгідей қонақтарға есікті ашып, іштен жауап алу деген болған емес. Қазақ халқы қонақтарды «арнайы қонақ» (қонақ); «құдайы қонақ» (жолаушылар келе жатып түстеніп, не бір күн түнеп шығатын қонақ); «қыдырма қонақ» (алыстан ағайын, туған-туыстарын арнайы іздеп келіп, бір немес бірнеше күн олардың сый-құрметін көріп қайтатын қонақ), «қылғыма қонақ» (қай үйден түтін шықса, қай үйге қонақ келсе, соны аңдып жүріп кеп қалатын сүйкімсіз қонақ) деп бөлген. Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат, және т.б. беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайды дәмділеп құю, қонақтарға орнымен сый-сияпат көрсету сол үйдегі әйелдер мен бойжеткен қызға үлкен сын болған. Шайды дәмділеп құйып бере алмаған бойжеткен қыз тәрбиесіз саналып, әңгімеге ұшыраған.

Шай ішілген соң асқа дейін қонақтардың көңілді отыруына, яғни олардың бабын табуға үй иесі бар жағдайын жасайды. Ол үшін үй иесі әңгіме-дүкен құрып, қонақпен бірге отырады. Реті келсе ауылдағы әнші, күйшілерді шақыртып, әңгіме арасында қонақтардың көңілін көтереді. Үй иесінің балалары да аяғынан тік тұрып қонақтарға қызмет көрсетеді. Қонақ күту – халқымыздың ең жауапты ісі. Қазақ дәстүрінде, әсіресе, қазіргі кезде қонақты көбінесе үй иесі өзі барып шақыруы немесе арнайы шақыру қағазын жіберуі тиіс. Қонақты бір жұма бұрын шақыру бұл күндері әдетке айналған, өйткені әркімнің алдағы уақытқа жоспарлап қойған әр түрлі жұмыстары болады. Егер, қонақ шақырылған жерге бара алмайтын болса, себебін бірден айтқан жөн. «Көрермін, мүмкін барып қалармын, бара алмасам, ренжіме» деген сөздер шақырушыға жайсыз тиеді. Шама келсе халықтың көнеден келе жатқан дәстүрі бойынша «Шақырған жерден қалма, шақырмаған жерге барма» деген мақал сөзін берік ұстаған жөн. Бұрыннан таныс немесе жақын туыстары болмаса, сыйлы қонақтарды телефонмен шақыру ыңғайсыз. Әр адам дастарқан басында қалай өзін ұстау керектігін білуі керек. Ондаған, жүздеген жылдар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан, дастарқан басында әркімнің өзін дұрыс ұстай білу ережесінің қажеттілігі сонда – оның негізінде, адамдардың қысылмай, өзара көңілді отыруында, тазалық, сыпайылық талаптарын үйлесімді дұрыс сақтаудыңда маңызы зор. Мысалы, үй иесі дастарқан басына отырмас бұрын қонақтарды бір-бірімен таныстырады, оның тәртібі: жасы кішілерді үлкендерге, ер кісілерді әйелдерге таныстырады. Ер кісілер алдымен әйелдерге орын босатып, сонан соң ғана өздері отырады. Үй иесі тамақты тез жемеуі керек, ол қонақтардың да тамақты тез жеуіне мәжбүр етеді, берекесін алады. Ер кісілер орындықтарын жылжытып, әйелдерге дастархан басынан тұруға көмектеседі. Қалыптасқан дәстүр бойынша ер кісілер оң жағында отырған әйелге қызмет етеді. Алайда сол жақта отырған әйелді де ұмытпаған жөн, әсіресе, оған жанында қызмет көрсететін ер кісі болмаса. Дастарқан басында отырғанда қатты сөйлеудің, қатты күлудің қажеті жоқ, амандасу үшін дастархан үстінен қол созу да дұрыс емес. Кейде мерекелік дастарқанда, басқа да жиын-той дастарқанында ыдыс-жабдықтардан көз тұнады, кейбіреулер қайсысын аларын білмей сасып қалады. Саспай, мұхият зерттеп қарасаңыз, бәрінің де қолданатын орны бар. Көпшілікке арналып, ортаға қойылған басытқыны сондағы ортақ қалақ, қасықпен алып, әркім өз ыдысына салады.

Май, уылдырық тәрізді тағамдарды осып өз пышағымен нанға жағады. Естеріңізде болсын, алдыңыздағы тамақты тауысып жемей, сыпайылықты көрсету, ешқандай сыпайылыққа жатпайды, керек десеңіз, тамақтың ұнамағандығын көрсетіп, үй иесін ренжітесіз. Одан да тамақты аз салып алыңыз, не болмаса кейбір тағамнан мүлдем бас тартыңыз, бірақ дәмсіз екен, жарамайды дегенді айтпай-ақ қойсаңыз да болады. Ал, үй иесіне де ескертер жай, тағамдарды қонақтардың аузына тықпалай берудің де жөні жоқ.

Кеңпейіл қазақ халқының ата-бабасынан қан арқылы ұрпағына беріліп, бар ұлттың ерекше сый-құрметіне бөленіп келе жатқан ізгі дәстүрі, асыл қасиеті – қонақжайлылық. Оны кейбір дінтанушы адамдар әулие адамдардың алтыншы қасиетіне де балайды. «Құдайым, би қылмасаң да би түсетін үй қыл», - деп бабаларымыздың Жаратқан Иемізге жалбарынуы, сірә, сол себепті де шығар. Және де, халқымыздың қонақжайлылықты қатты қастерлегені соншалықты, ауылға келген бейтаныс қонақтар кез келген үйге түспей, дастарханы мол, пейілі кең, үйі таза, көргенді ұл-қызы бар үйлерге ғана қонақ болған. Оған үй иесі қатты қуанып, ақ батасын берген. Әйтеуір, қазақ халқының салт-дәстүрінде қонақ шақырмау, қонақты үйге түсірмеу – үлкен айып болып саналады

Автор
Дата добавления 09.05.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров120
Номер материала ДБ-072760
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх