Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сынып сағаты «Теңдесі жоқ тарихи жеңіс»

Сынып сағаты «Теңдесі жоқ тарихи жеңіс»

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сынып сағаты «Теңдесі жоқ тарихи жеңіс»

Мақсаты:

1.Ұлы Отан соғысы , оның зардаптары, Ұлы жеңістің мән-маңызы туралы мағлұмат беру. Кеңес Одағы батырлары жайлы әңгімелер, естеліктер оқуға үйрету.

2. Оқушылардың тіл байлықтарын, ойын, мәнерлеп оқу дағдыларын ұштау.

3. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып , оларды құрметтеуге тәрбиелеу, Отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа шыншылдыққа баулу.

Сабақтың түрі:  тәрбие сағаты

Сабақтың әдісі:  аралас

Сабақтың көрнекілігі: Кеңес Одағы батырлары жайлы жасалған буклет, интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Мұғалім кіріспесі.

3. Негізгі бөлім.

А) Тарихшылар тобы

Б) Әдебиетшілер тобы

В) Өлкетанушылар тобы

4. Қорытынды.

І.Кіріспе: Құрметті оқушылар , бүгінгі 9-мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай сынып сағатымыз «Теңдесі жоқ тарихи жеңіс» деп аталады. Биыл Ұлы жеңістің аяқталғанына 69 жыл толып отыр. Бүгінгі сабағымызда «әдебиетшілер», «тарихшылар», «өлкетанушылар» тобы өздерінің қызықты мәліметтерімен келіп отыр.

Соғыс жылдар күнделігінен...

Соғыстың басталуы.

Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды.

Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Соғыста 27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болатын.


  • Таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды.


  • Сол күні жау тәтті ұйқыңды ғана бұзған жоқ. Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді.


  • Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты.

  • Қырда қойшы қойын тастады, қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады.

  • Ойда диханшы трактордан түсіп, танкіге отырды.

  • Сол жылдардың бозбала, бойжеткендері ақын болуды, инженер болуды, оқымысты болуды армандаған еді...

Фашистік Германия Кеңес Одағының астанасы – Мәскеуді бірнеше апта ішінде басып аламыз деп жоспарлады. Бірақ Мәскеу түбіндегі шайқаста Қызыл армия ентелеп келе жатқан фашист басқыншыларын тоқтатып, өздері қарсы шабуылға шықты. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі зор

болды.

Бейнекөрініс « Соғыстың басталуы»

ІІ. Негізгі бөлім

Тарихшылар тобы:

Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен Кеңес Одағы батырлары:

1-топ жетекшісі:

1941 жылы Алматыда генерал И. В. Панфилов 316-атқыштар дивизиясын жасайды. Осы дивизияны 28 панфиловшы-батырлары Мәскеу қаласын қорғауда өшпес ерлік көрсетті.

hello_html_73b5f3a9.png

Волоколомск жолын қорғаған 28 панфиловшының 22-сі қазақстандықтар еді. Мәскеу түбіндегі шайқаста 316-атқыштар дивизиясы ( кейін 9-гвардиялық атқыштар дивизиясы) командирі, Кеңес Одағының Батыры Бауржан Момышұлы болған.

2-оқушы

hello_html_10fafc97.png

Төлеген Тоқтаров Мәскеу түбіндегі Бородино селосы үшін шайқаста неміс штабына ең бірінші болып кіріп 5 неміс офицерін жойып қаза болған, Кеңес Одағының Батыры.

3-оқушы

hello_html_m56b8da84.png


Нұркен Әбдіров 267 әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы полкы құрамында майданға аттанды. Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан Нұркен жаудың 18 танкісін, 46 жүк машинасы мен көлігін, оның ішінде оқ дәрі тасыған 18 керуенді, жанар май құйған 3 цистернаны талқандап, зенит қондырғыларының бесеуін, бірнеше жабық атыс ұясын, талай жау әскерін құртты. Нұркен Әбдіровке 1943 жылғы наурыздың 31-де еліміздегі ең мәртебелі атақ – Кеңес Одағының Батыры атағы берілген еді



4-оқушы

Сұлтан Баймағамбетов 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, сол жақтан ұрыс даласына аттанады. Өзінің табандылығы, өжеттігімен көзге түскен Сұлтан 147-атқыштар полкінде батальон комсоргі болады. 23-тегі қыршын жас 1943 жылы Ленинград майданындағы шайқаста амбразураны өз кеудесімен жауып, Отан үшін қаза тапты. Осы ерлігі үшін оған 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

5-оқушы

Қаһарман қазақ қызы Әлия Молдағұлова Кеңес Одағының Батыры. Анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Санкт-Петербургтегі №9 мектепте оқыған. Ресейдің Рыбинск авиатехникумын бітірген (1941). 1942 ж. өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, мергендердің Орта әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты (1943). 1943 жылдың тамыз айынан 2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түсті. Новосокольники темір жол стансасы маңында болған ұрыста Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза тапты.

6-оқушы

1922 жылы Мәншүк Мәметова дүниеге келді. Оның шын аты Мәнсия. Ол Орал облысы, Орда ауданында туылған, ал 1943 жылдың 16-шы қазанында қайтыс болды. 1944 жылдың 1 наурызында ержүрек қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк Алматы Медициналық университетінде оқитын. 1942 жылы өз еркімен майданға аттанған ол 21 атқыштар дивизиясының құрамында атысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк мергендігімен, ержүректігімен көзге түсті. Ол Невель қаласының түбіндегі шайқаста соңғы демі үзілгенше қолынын пулеметті тастамаған күйінде қаза болды.

Ән « Әлия»

Қазақ халқының батыр қыздары Әлия мен Мәншүк.


hello_html_6d82816b.png


7-оқушы

Талғат Бегильдинов 1942 жылы майданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралған соң, әскери әуе академиясын аяқтайды.

1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды, Рейхстаг қабырғасына алғашқы болып ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев

Әдебиетшілер тобы:


Соғыс жылдарындағы ерекше оқиғалар. Қандай жанқиярлықпен Отанымызды қорғады, бізге үлгі болардай оқиғалардан мысал келтірсеңдер.

1-оқушы

Қазақ халқының қаһарман ұлы - Батыр Бауыржан Момышұлы

Жадырғын көктем еді. Соғыстың соңғы жылдары.

Менің қоластымда Андрей деген қазақ жігіті болды. Негізі аты Әкімгерей екен, алғаш әскерге алынғанда, тілі келмеген орыстар Андрей атап жіберіпті.

Бірде Начсандиев келіп:

-Қайран қалдым, жолдас полковник!-деді. Адам да мұнша сірі жанды болады екен. Оның денесінде он алты жарақаты бер екен.Денесінде бір оқ, бір жарқышақ бар екен. Балтыр сүйектері екі рет жарақаттанған екен. Бір бүйрегін алып тастапты. Өкпесіне оқ тигенде операция істеу үшін екі оң сүбе қабырғасын алып тастаған екен. Ішіне оқ тигенде ішектерін де кескілепті. Қалғандары жеңіл желпі жаралар,-деді. Андрей әр госпитальдан кейін соғыс алаңына оралып отырған екен. Бірақ, ол ешкімнен қалыспай шайқасты. Міне осындай ерліктермен жеңіске жеттік.

жүргізуші: Рахмет сізге, қандай ерлік!

2-оқушы

Қазақстанның халық қаһарманы, жазушы, партизан, полковник.

Қасым Қайсенов - ерлік аңсаған жас ұрпақтың ең сүйікті кейіпкері.

Қасым Қайсенов -ерлік аңсаған жас оқырманның ең сүйікті жазушысы.

Қасым Қайсенов -Тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы Халық Қаһарманы- Ұлттық батыры.

Қасым Қайсенов естелігі:

- Мен сіздерге батыр ағамыз Мәлік Ғабдуллиннің ротасында болған батыр ұлымыз Төлеген Тоқтаровтың ерлігі жайлы баяндамақпын.Мәлік Ғабдуллин осы оқиғаны өмір бойы бізге айтып отырушы еді.

1942 жылдың 9-ақпаны …

Шайқас кезінде оқ дәрісі таусылған Төлеген ішінен ауыр жараланды. Төлеген "әуп" деп орнынан атып тұрды да, салбырап шыққан жаралы ішегін қарнына қысып, автоматын қолына ала жүгірген бетімен неміс офицерінің қақ басынан періп жіберді. Офицерді жайратып салып, қайта орала бергенде жаудың қайта атылған пулемет оғы оның кеудесіне тиді. Есіл ер Төлеген осындай ерлік өліммен қаза болды.

3-оқушы

ҚАЗАҚТЫҢ ТЕКТІ ҚЫРАНЫ, жеті қат көкте жаумен қисапсыз жағаласқанда жүрегі әсте шайлығып көрмеген, ел бағына туған қаһарман ұланы ұшқыш -Талғат Бигелдинов.

Талғат Бигелдинов естелігі: Мен сіздерге қазақтың батыр ұлы Рақымжан Қошқарбаев жайлы шындықты баяндамақпын. Бұл оқиға Нью-Иорк Таймс газетінде де жарияланды. Кейін бұл жөнінде «Түркістан» басылымына жазған мақаласында Көлбай Адырбекұлы былай дейді:  «Шындық қап түбiнде жатпайды». Рас сөз Ерлігі 62 жылдан соң ғана мойындалған Рақымжан Қошқарбаев.

Сол кезде мен 150-шi дивизияның байланыс бөлiмiнiң бастығы едiм. Дивизия командирi генерал Шаталов 30 мамырда 1-Белорус майданының қолбасшысы Жуковқа Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Болатовтың Рейхстаг қабырғасына ту тiккенiн хабарлады»Әрине, Рейхстагта екі жеңіс туының желбірегені белгілі. Біріншісін 150-ші Идрицк дивизиясының лейтенанты Рақымжан Қошқарбаев пен жауынгер Григорий Булатов 30-сәуір күні сағат 15-00 шамасында халық туын; екіншісін басқа бөлімнің барлаушылары Егоров пен Кантария 1 мамырда сәске түсте Ставка туын тікті. Рейхстагқа тiгiлген туын Қызыл алаңға ұстап шығады. Сол топта Рақымжан Қошқарбаев та болған. Ол Кантарияның қолынан туды жұлып алып: «Бұл туды Реихстагқа бiрiншi мен тiккенмiн»,- деген. Шындықты бiлетiндер оған қарсы келмейдi. Қошқарбаевтың сол туды көпшiлiктiң ортасында ұстап тұрған сурет қазiр бар.


3-топ. Өлкетанушы: Күршім ауданынан шыққан соғыс ардагерлермен таныстыру.

1-оқушы

Павел Павлович Журба Күршім ауданы, Барақ ауылында туып өскен. 1944 Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.


ІІІ. Қорытынды.

І топ.

Ерлік жасап, өз Отанын қорғай білу үшін қандай қасиеттер болуы қажет?

ІІ топ.

Кеңес Одағы батырларын атаңдар.

жүргізуші: Ал, осы ғажайып ерліктерді тыңдап отырып сендерге қандай ой келді? Әлде сұрақтар бар ма?

І топ.

Біз Мұқағали Мақатаев өлеңімен бастағымыз келіп отыр.

-Келмесін ол күн, келмесін,

Төнбесін қатер, төнбесін!

Соғыстың өрті жанбасын,

Сәбилер жетім қалмасын!


- Есігіне әр үйдің,

Бесігіне сәбидің.

Мәңгілік бақыт орнасын,

Болмасын соғыс, болмасын!

Мәңгілік бақыт орнайды,

Болмайды соғыс, болмайды!


- Ақ шашты ана!

Саптан шықпай нық басып келесің бе?

Сыздап тұр-ау әлі күн оқ тескен жер..

Қаласыңдар мәңгілік ел есінде,

ІІ топ.

-Кек қайтарып фашистен

Соғыс бітті жеңіспен.

Жеңдік жауды күресте,

Жасалсын той мереке!

Сүйінші , халқым сүйінші,

Сүйіншіге - сүйінші!

Шаттан ата-анамыз!

Шаттан ата-бабамыз.


-Жеңістің туы жалтылдап,

Жығылмай мәңгі тұрады.

Сол тумен өскен аршындап,

Ерлердің бізбіз ұланы!


Ұстаз: Жеңіс күні! 1418 тәулікке созылған азаттық күрестің соңғы күні! Аспан көгін салюттер шұғылаландырған, құшақтарға көктем гүлдері толған көптен күткен ұлыстың ұлы күні!

Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 69 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.

Өкінішке орай , уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарларымыздан алып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де, ештеңе ұмытпауы тиіс! Себебі , бұл – біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз! Солай болғандықтан да өскелең жас ұрпақ, яғни сендерді біз аға буынның майдан мен тылда көрсеткен ерліктері үлгісінде тәрбиелеу – міндетіміз.


Ән «Бейбітшілік жыры»














hello_html_m4d466bb7.png

7


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 11.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров437
Номер материала ДВ-327124
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх