Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сынып сағаты: Желтоқсан оқиғасы

Сынып сағаты: Желтоқсан оқиғасы



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов



Сабақтың тақырыбы:Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!

Сабақтың мақсаты:Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын жете ұғындыру,оқушылардың дүниетанымын кеңейту;Отанды сүюге,құрметтеуге,желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге,адамгершілікке,әдептілікке,ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:еліміздің Туы,Елтаңбасы мен Әнұраны,нақыл сөздер,слайд,желтоқсан құрбандарының суреттері.

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

1-жүргізуші:Құрметті қонақтар,ұлағатты ұстаздар мен шәкірттер!Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған,сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен,ерлердің ерен ісімен,кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген,тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздік –елімнің ерлік жолы» атты тарихи –әдеби кешімізді назарларыңызға ұсынамыз.

2-жүргізуші:Егемен еліміздің ең ұлық,ең қастерлі мерекесі-Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты ағайындар мереке құтты болсын!

Жүргізуші:Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді.Ат үстінде өткен ғасырлар көп болды.Азаттық үшін күресте айырықша қылыш сермеді,талай қиындықты бастан кешірді.Бірақ ешқашанда мойымады,күресе білді.Азаттық таңы туатынына кәміл сенді.Енді осы тарихи оқиғаларды еске түсіріп кетейік.

1-оқушы:Қазақ халқының басынан не бір қилы заман өтті.Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама»деген қаралы атқа ие болған 1723жылғы Жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті.Бірақ бұдан да асқан жауыздық нәубетінің ІІғасырдан соң қайта келерін білген жоқ.

2-оқушы:Отаршылдыққа қарсы Сырым ,Исатай мен Махамбет,Кенесары,Жанқожа мен Есет,Амангелді тағы басқа күресті,бодандықтан азат болуды аңсады.

3-оқушы:1925-1933ж.елімізді басқарған Голощекин «Қазақстанда әлі революция болмаған»деп «кіші октябрь»саясатын жүргізді,елді аштық тығырығына тіреп,негізгі күн көрісі мал болған қазақт ар екі-үш жылда малдарынан түгел айырылып,3миллиондай қазақ аштан қырылды.

4-оқушы:Асыра сілтеу қазақ әдебиетінде жайқалған теректердің тамырын қиды.Олар:Шәкәрім,Ахмет,Мағжан,Міржақып,Жүсіпбек,Бейімбет,Іляс,Сәкен т.б.Өзі өлседе аты өлмеген ағалар рухына кейінгі ұрпақ бас иіп,олардың жолын жалғастырады.

5-оқушы:1941-1945 жылдары азамат тарихында болмаған алапат соғыста жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап,ерекше ерлік көрсетті.100-ге тарта қазақ қаһармандарына «кеңес одағының батыры»деген атақ берілді.

2-жүргізуші:Осыдан 26 жыл бұрын,яғни 1986жылы Алматының бас алаңында Желтоқсан оқиғасы болды.Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді.Бұл Желтоқсан көтерілісіне тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков,Ербол Спатаев,Ләззат Асанова сияқты жастарымыз қатысты.1986 жылы алаңға жастар ешбір жаман оймен барған жоқ.Олар бейбіт жолмен Тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.

1-оқушы:

Желтоқсанда,

Алматыда,ақ қарда,

Алма бақтар ақ қырауға батқанда

Күңірене күн күркіреп тау жақтан,

Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.

2-оқушы:

Дауылға желтоқсанның желі айналды,

Ашуға мінді Алатау кәрі айбарлы.

«Күтпеген іс,ақыры не болар?»деп,

Күллі әлем Алматыға қарай қалды.

3-оқушы:

Кез емес жаугершілік»аттан»атты,

Алаңның шеруі емес салтанатты.

Қытымыр қыстың басы сол бір айда

Желтоқсан жеті әлемді жалт қаратты.

(слайд интерактивті тақта арқылы Желтоқсан оқиғасынан көрініс)

4-оқушы:

Желтоқсан айы естесің,

Дауыл боп бұрқап ескенсің,

Азаттық күйі қашаннан

Көкейін елдің тескенсің.

5-оқушы:

Тарылып жатса даламыз,

Қайтіп біз тыныс аламыз?

Қақымыз жоқ айтуға,

Әділет қайдан табамыз?

6-оқушы:

Шектеліп ана тіліміз,

Оқылмай өлең-жырымыз,

Жабылып жатса мектептер,

Жадырар қалай күніміз?

7-оқушы:

Тұтқиылдан түскен суық мәлімет,

Тарап елге дейді «күштеп қабыл ет»

Жаңа алаңға қалың жастар қаптады:

«қайда,қайда жариялылық,әділет?»

Жүргізуші:1986жылы 16-желтоқсанда Республика орталық комитетінің 5-пленумы болды.

Не бәрі 18минутқа созылған осы пленумда Республиканы ширек ғасыр басқарған Дінмұханмед Қонаевтың орнына Колбин тағайындалды. 16-желтоқсан күнгі оқиғаны естіп жастар алаңға қолдарына ұрандар ұстап шығады. 17-желтоқсан күні еліміздің Тәуелсіздігін аңсаған жастар алаңға көптеп шоғырлана бастайды.

Көрініс:(абақты іші,Қайрат өлең азып отыр.Осы мәтте тергеушілер кіріп келеді)

Тергеуші:Иә,Рысқұлбеков,тағыда хат жазып отырсың ба?Сен 18-желтоқсан күні сағат 10.00-де қайда болдың?

Қайрат:жолдастарыммен бірге Фурманов көшесінде болдым.

Тергеуші:жоқ,сен өтірік айтпа!Сен Сәтпаев пен Мира көшесінің қиылысында Савицкиді соққыға жықтың.Соның нәтижесінде ол қайтыс болды.Сен оның өліміне кінәлісің.Сен оны өлтірген.

Қайрат:Бұл дегенің қып-қызыл қиянат қой.

Тергеуші: Мойында!Мойындасаң жазаң жеңілденеді.

Қайрат:Мен ешкімді де өлтіргем жоқ.

Тергеуші: Савицкиді өлтірдім демей-ақ қой,оқиғаға қатыстым десеңде болады.

Қайрат:Жасамаған нәрсені неге мойындаймын.Бұл маған жабылып тұрған жала.

1-милиционер:Бұдан ешқандай пайда жоқ,ісін сотқа түсірейік.

Тергеуші:Жарайды ,өзінен көрсін.

Оқушы:Елім деп,қазағым деп айдай әлемге жар салып ,ұлтының намысын қорғаған жалынды,жігерлі азамат Қайрат Рысқұлбековтың соты болар күнде жетті.

Көрініс:Сот:Айыпкер Рысқұлбековты тергеуге әкеліңдер!

Тергеуші:Айыпкер Рысқұлбеков,ақтық сөзің не?

Қайрат:

Қорлай беріп қайтадан,

Титыққа орыс жетпесін.

Туған жердің намысы,

Бөтен қолда кетпесін.

Құлпы тасты қиратып,

Өлігіңді қазбасын.

Өз ұлтыңның басшысын,

Орнынан сүйреп алмасын.

Тергеуші:қысқарт тіліңді,жап аузыңды!

Сот:Айыпкер Қайрат Рысқұлбеков қылмыскер деп танылып,Қазақ Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Қылмыстық Кодексінің 60 бабы бойынша 3жыл бас бостандығынан айрылсын,Қылмыстық Кодекстің 173 бабының 1тармағы бойынша жазалаудың ең ауыр түрі-өлім жазасына кесілсін.

Тергеуші:Ал,декабрист,соңғы ақтық сөзіңді айт.

Қайрат:

Күнәдан таза басым бар,

21-де жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар.

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

«Еркек тоқты-құрбандық,»

Атам десең атыңдар.

1-оқушы:

Нөсер бұлты жетпеді көшіп қырдан,

Шыбық өлді қырқада өсіп тұрған.

Шындық деген жоқ екен сотыңда да,

«Атуға»деп міз бақпай кесік қылған.

2-оқушы:

Біреу қарғап,дүние-ай,жақ ашпайды,

Қайрат ұлан осылай аласталды.

Құрбандыққа күн бұрын белгіленген,

Артық адам сен болдың алаштағы.

Жүргізуші:16-желтоқсан.Бұл ерлік пен өрлік,қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын,әрі қаралы ,қасіретті күн еді.Бұл қасітерті күні Асанова Ләззат,Спатайұлы Ербол, Мұхамеджанқызы Сәбира,Ноғайбайұлы Қайрат сынды жүздеген,мыңдаған қыршындарымыздың қанатын қиып түскен озбырлық күні,өктемдік күні еді.Ендеше сол Желтоқсанның ызғарындағы мыңдаған боздақтардың рухын орнымыздан тұрып бір сәт үнсіздікпен еске алайық.

2-жүргізуші:әрбір тарихи кезең,дәуір белесінде өз үнін,өз жырын ,өз әуенін қалдырып отырады ғой.Бұл ән сол Желтоқсан оқиғасының боздақтарына арналған.

Хор: «Желтоқсан желі»

1-жүргізуші:сол бір қаһарлы желтоқсан күндерінен бері талай жылдар өтті.Қазақстан өмірінде көптеген айтулы өзгерістер болды.Енді сол тәуелсіздік алғаннан кейінгі қол жеткізген жетістіктерге назар аударайық.


1991 жылы1-желтоқсанда Қазақ КСР-інің Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.


1991 жылы 16-желтоқсанда «Қазақстан Республикасы-тәуелсіз,демократиялық және құқықтық мемлекет»деп жарияланды.


1992 жылы 2-наурызда Қазақстан БҰҰ-ға мүше болды.


1992 жылы 29-қыркүйек пен 3-қазан аралығында Дүниежүзілік қазақтар құрылтайы Алматыда өткізілді.

1992 жылы 4-маусымда Жоғарғы Кеңес мемлекеттік рәміздерді қабылдады.Бұл Қазақстан тарихында ұмытылмас күн.


1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының халықаралық ұлттық валютасы «теңге» айналымға енгізілді.


1994 жылы 30-тамызда тәуелсіз еліміздің ғарышкері Талғат Мұсабаев аспан әлеміне айлық сапарға шықты.


1994 жылы ядролық қаруды тоқтату туралы келісім шартқа қол қойылды.


1995 жылы 30-тамызда еліміздің Ата заңы-Конституция қабылданды.


1996 жылы 9-желтоқсанда Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбековқа «Халық қаһарманы» атағы берілді.


1997 жылы «Ұлттық татулық және қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» жылы болып белгіленді.


1997 жылы «2030 стратегиясы»жарияланды.


1998 жылы 10-шілдеде Астананың халықаралық тұсау кесері болды.Сол жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астанаға «Бейбітшілік қаласы»атағы берілді.


1999 жылы «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы.


2000 жыл-«мәдениетті қолдау жылы».


2002-2005 жылдар « Ауыл жылы» болып жарияланды.


2006 жылы сазгер Шәмшә Қалдыаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік әнұран болып қабылданды.


2007 жыл-«Қазақ тілін қолдау жылы»


2008 жылы Астананың 10жасқа толуы атап өтілді.


2009 жылы Қазақстанда халықаралық діни съезд өтті.


2010 жылы 1-2-желтоқсан күндері Астанада өткен Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті саяси мүмкіндіктің ауқымды оқиғасына айналды.


2011жылы 30-қаңтар мен 7-ақпан аралығында 7-қысқы Азияда ойындары өткізілді.


2012 жылы 1-желтоқсанда алғашқы президент күні тойланды.


2012 жылы Қазақстан тәуелсіздігіне 21 жыл толды.


2012 жылы EXPO-2017 көрмесін Астана қаласында өткізуге қол жеткізді.


2012 жылы Лондонда «жазғы олимпиада»ойындарында Қазақстан алғаш рет 7алтынға қол жеткізді.Дүниежүзі бойынша рекорд жаңартудан 4-орынға ие болды.


Қорытынды.

Біздің Отанымыз-егеменді,тәуелсіз қазақ мемлекеті.130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде,асқақтаған өлкеде ,кеңдігі керемет даррхан далада,егіні теңіздей толқыған,төрт түлігі маңғырған,өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп,оның көк байрағын көкке көтеруді мақтан тұтады.Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай,оны ең қымбат бұйымымыздай сақтап,құрметтеп келер ұрпаққа аманат етіп тапсыруға тисіпіз.Оны ішкі-сыртқы дұшпандардан қорғауға міндеттіміз.Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ.


Хор: «Атамекен»


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-537785

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>