Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сынып сағаты "Желтоқсан жаңғырығы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сынып сағаты "Желтоқсан жаңғырығы"

библиотека
материалов

Cабақтың тақырыбы: Желтоқсан - жаңғырығы

Сабақтың мақсты: 1986 – жылғы Желтоқсан оқиғасы, оның елімізге тигізген әсері, маңызы жайлы оқушылардың түсініктерін қалыптастыру.

Желтоқсан оқиғасының басталуы мен қанды оқиғаға ұласуы, Желтоқсаншы жастар туралы мағлұмат беріп, таныстыру.

Оқушыларды Отанын, елін, жерін сүюге, халық Қаһармандарын, елжандыларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: ЭО, слайдтар, «Желтоқсан жұлдыздары» қабырға газеті, кітапша, үнтаспа, Д.А. Қонаев,Г.Колбин, М. Шаханов. Ж Нажмеденов, Ш. Қалдаяқов, Елбасы портреттері, суреттер, сөзжұмбақ, ҚР картасы, бейне сөз.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

Оқушыларды тақырыппен таныстыру.

Құрметті, ата – ана, ұстаз, оқушылар!

Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 – ның желтоқсан күніне арналған.

- Қандай тақырыптағы ашық тәрбие сағаты екен?

«Желтоқсан - жаңғырығы» атты ашық тәрбие сағатын өткізбекпіз. (Слайдтағы тақырыпты оқушыларға оқыту).

Ендеше, балалар біз 1986 жылы 16 – желтоқсанның ызғарлы қысының маңызы жайлы танысып, Қазақ елінің осындай бүгінгі күндегі егемендігі үшін, солақай саясатқа қарсы алғаш бас көтеріп күрескен, құрбаны болған ұл – қыздарымыз жайлы сыр шертпекпіз. Сол оқиғаны ешбір қазақ, ешбір жан ұмытуға тиіс емес. Бәріміз де сол Желтоқан құрбандарының рұхына тағзым ете отырып, бүгінгі ашық сабағымызды сол кездегі жастардың ұраны, біздің қазіргі таңдағы гимніміз «Менің Қазақстаным» әнімен бастамақпыз.

  • Гимін сөзі мен әнін жазған авторлар кімдер? (Оқушыларға суреттерді көрсете отырып әңгімелету).

  • Ендеше, бүгінгі «Желтоқсан - жаңғырығы» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын. Гимн орындау.

  • Балалар, 1986 жылы 16 – желтоқсанда Брежнев алаңына жастар мен студенттер не үшін жиналды деп ойлайсыңдар? (Слайдтан бұрынғы Брежнев, қазіргі жастар алаңын көрсету).

  • Үкімет басына Колбиннің келуіне байланысты. Өз тәуелсіздігін алу үшін.

  • Колбинге неге қарсы шығыпты?

  • Қазақстанда қазақ мектептері мен балабақшалары азайып, қазақтар өз ана тілдерін ұмыта бастағандықтан.

  • Колбин кім? Ол қайдан келген?

  • Ол Ресейден келген.(Қысқаша қосымша түсінік беру).

  • Ол келгенге дейін Қазақстанды кім басқарған? Естігендерің бар ма?

  • Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев (Портретін көрсету).

  • Тәуелсіздік деген не, оны қалай түсінесіңдер?

  • Өз алдына дербес, еркін мемлекет, яғни ешкімге тәуелді болмай өз елінің ішкі, сыртқы мәселелерін өзі шеше алатын мүмкіндігі бар – мемлекетті айтамыз.Сонымен біз тәуелсіздігімізді қалай алдық, осы күнге жетуімізге қандай себеп болған? Оған кімдердің еңбегі сіңді?

  • Желтоқсаншы жастар мен құрбандары Қ:Рысқұлбеков,Е. Сыпатаев сияқты азаматтарымызбен С. Мұхамеджанова, Л. Асанова сияқты азаматшаларымыздың арқасы. (Слайд, қабырға газеттері бойынша жұмыс).

  • Қайрат Рысқұлбеков аман болған болса, ақын болар ма еді? Сол кездің өзінде – ақ ол бірнеше өлеңдер шығарған. Біз ол туралы үшінші сыныпта танысқанбыз, естеріңде ме? Өлеңін оқыту.

  • Өз ауылымыздан осы желтоқсан кезін көзімен көріп, куәсі болғандар бар ма? Кімдерді білесіңдер? Сол кезде студент болған? (Слайдтан Нұрман Шыныбековты көрсету).

  • Ал, осы Желтоқсан оқиғасының ақ, қарасын ашып, осы азаматтарымыздың ұлтшыл, нашақор емес екендігін дәлелдеп, ашқан қай жазушы?

  • Мұхтар Шаханов.(Слайд арқылы қысқаша таныстыру).

Мұғалім:

Әр дәуірдің өзіне сай нарқы өзгерген алтынның

Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.

Желтоқсанда егеменді ел болсам деп талпындың

Кеудемде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның

Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.(М. Шаханов)

- Деп ақын М.Шаханов жырлағандай, балалар, ендеше біз аты аталған азаматтарды еске ала отырып, олардың ерлігі мен не үшін алаңға шыққандығын мына отырған көпшілікке тағы да көрсетіп таныстырайық. (Минуттық еске алу).

Көрініс: 1986 жыл 16 – желтоқсан алаңға жастар жиналуда. Қолдарында «Қазақстан - қазақтардікі!», «Дербестік талап етеміз!» «Біріккен ұлттар Ұйымына мүше болу құқығын талап етеміз!», «Ресейге қайт!» деп жазылған транспоранты бар топтар кезекпен шығып тұрады.

(Сахнаға шеруге шыққан жастар мен бірге Қайрат, Ербол, Сабира, Ләззаттар да шығады).


1 – оқушы

1986 жылы 16 – желтоқсанда астанамыз Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп шеруге шықты. Олар ел: «Тәуелсіздік керек! Қазақ елінің өз көсемі сайлансын!» деген тілек білдірді. Бірақ оларға сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетіліп, сол ызғарлы желтоқсанда зәбір көрсетілді.

2 – оқушы

Желтоқсан айы естесің,

Дауыл боп бұрқып ескенсің.

Азаттық күйі қашаннан,

Көкейін елдің тескенсің.

3 – оқушы

Шектеліп ана тіліміз,

Оқылмай өлең – жырымыз.

Жабылып жатса мектептер,

Жадырар қалай күніміз?


4 – оқушы

Жанымыз жомарт қазақпыз,

Мәңгүрт боп кете жаздаппыз.

Қосайық басты, бауырлар,

Жанайық жансақ маздап біз.


5 – оқушы

- Иә, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген 1986 жылдың 16 – желтоқсаны еді. Таңертеңгілік сағат 10 – да бар жоғы 18 минутта 26 жыл үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаев орнынан түсіріліп, орнына Генадий Колбин ешкімнің пікірінсіз ұсынылған еді.


6 – оқушы

Естідіңдер ме? – Бұл не масқара! Неге халықпен санаспайды? Қашанғы шыдаймыз! Ең болмаса өз ішімізден неге сайламаған?! Ел қамын біз ойламағанда, кім ойлайды?


Екі – үш милиция жасақшылары ортаға шығып тұрған жастарды ұрып – соға бастайды. «Ұлтшылдар!», «Бұзақылар!», «Нашақорлар!» деп ортадан қуа бастайды.


7 – оқушы

Дүр сілкінді қайран да қоңыр аймақ,

Бағы жана ма? Қала ма соры қайнап,

Ұран жазып, қып – қызыл ту көтеріп,

Біз де шықтық алаңға «Елімайлап»


8 – оқушы

Сүймейтұғын болдық қой күймей ғұмыр,

Көлеңкеміз. Күннен де тимейді нұр.

Колбин деген кім екен, қайдан келген

Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл.


9 – оқушы

Бұл дегенің Қазақстанда беделдің қалмағаны.

Тілің құрып барады, білесің бе?

10 – оқушы

- Иә, тарихта «Құйын - 86» деген атпен мәңгі қалды. Бұл жойқын шабуыл қазақ қыздары мен жігіттерімізді арамыздан алып кетті.

Хор: «Желтоқсан желі» (Әбдірахман Асылбеков). Бірінші шумағы.


11 - оқушы

Түн. Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі, бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі, бұл түнде қаланың кез – келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып – соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай қатігездікті көрген, оларға араша түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар еді.


Милиционер:

- Ұстаңдар бұзақыны! Әкетіңдер, жауып тастаңдар!

  • Сен Савицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба? Жоқ па?

  • Жоқ, мен Савицскийді көргенім жоқ.

  • Сен өлтірген! Мойныңа ал!

  • Мен өлтірген жоқпын. Өтірік жала жаппаңдар!

(Қайратты ұрып – соғу, ол жәбірлеушілерді итеріп жіберіп , орнынан атып тұрып айтқаны).

Қайрат:

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар!

«Қайрат» деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты - құрбандық»

Атам десең атыңдар.

Милиционер:

- Алып кетіңдер! Бәрібір құтылмайсың! Бұзақы! (Қайратты алып кетеді).


12- оқушы

Ол әділеттің, шындықтың жеңетініне іштей сенді. Қайрат орысша – қазақшаға бірдей өте сауатты, жігерлі, отты жігіт еді. Қайраттан қорыққан Колбин мен оның қол шоқпарлары одан тез құтылу үшін «атылсын» деп үкім шығарды.


13 - оқушы

Өкінішке орай, 1988 жылы 13 – мамырда Семей түрмесіне әкелінген Қайрат Рысқұлбеков 21 – мамыр күні таңда өмірмен қоштасады.


14– оқушы

Желтоқсан қозғалысына қатысқандардың бірі – Ербол Сыпатаев еді. Өзі сияқты студент ұлдар мен қыздарды қорғаймын деп жүргенде Ерболды жасақшылар қатты соққыға жығып емханаға түседі де, екінші күні қайтыс болады. Ерболдың мәйітін ауылға мұғалімдері алып барады. Ата – анасы баласын жылап жүріп жерлейді.

15– оқушы

Алматы Чайковский атындағы музыка училищесінің студенті Ләззат Асанова да алаңда болып, қайтыс болғандардың бірі.


Хор: «Желтоқсан желі» екінші шумағы.


16 - оқушы

86 – жылғы желтоқсан жаңғырығы Өскемен қаласындағы жастар қозғалысына әсер еткені шындық. Өскемен педучилищесінің студенті Сәбира Мұхамеджанова мен мұғалімінің арасындағы түсінбеушілік болып Сәбираның 60 жастағы анасын шақыртады.

Сынып жетекшісі Шолпан:

  • Сабира, барлық қыздар үшін жауап берем деп едің ғой. Соны шешеңе қайталап айтшы.

Сәбира:

  • Өзіңіз ауылдың мұғалімі емессіз, осы сөзді қалада тұрып қалай айтасыз ауыл мұғаліміне?

Шешесі:

  • Менің балам, сүт кенжем, өзімнен де ауыр сөз естімеп еді.

Сынып жетекшісі:

  • Иә, апай, осылай міне, өзіңіз естігендей.Қызыңыз көргенсіз, тентек!

Сәбира:

- Иә, бәріне кінәлі - мен... Жазаласаңдар мені жазалаңдар! Басқа қыздардың еш жазығы жоқ. Оларды алаңға үгіттеп апардым. Бәріне өзім жауап беремін! Бұларды оқу орнынан қумаңдар. Шеруді де мен ұйымдастырдым.

Сынып жетекшісі:

  • Я, солай ма? Енді бұлардың училищеде оқу – оқымауын директор шешеді. (Мұғалім шығып кетеді).


17– оқушы

Желтоқсан оқиғасы! Аз ғана уақытта әлем назарын аударған толқу күштеп басылғанымен, оның мәні мен маңызы ешуақытта өшпейді. Өйткені азаттық аңсаған, теңдікті талап еткен халқымыздың жүрегінде ол мәңгі қалады. Ауыз аштырмауға тырысқан «коммунистік партияның» лаңы ары таза бүтін бір халыққа күйе болып жағыла жаздады. Алайда, уақыт сыншы. Өзі көрсеткендей ақ пен қараның ара – жігі ажыратылды. Сөйтіп біз өзімізді өзіміз ақтадық. Бұл да ерлік.


18– оқушы

Желтоқсан қозғалысының ақ – қарасына жеткен жазушыларымыздың бірі Мұхтар Шаханов еді. Халықтың арқасында желтоқсан құрбандарына арнап ескерткіштер ашылып, көшелерге есімдерін беріп құрметтеліп жатыр.


19 – оқушы

Желтоқсан қозғалысында жазушылар, әншілер, композиторлар да өз наразылықтарын білдіріп, өз қазағының намысын қорғай білді.


Хор: «Қарабауыр қасқалдақ» (Есенғали Раушанов.Сол кезде шығарылған ән).


20– оқушы

Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн.


21 - оқушы

Қақап күннің ызғары

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қаракөз қазақ қыздарын,

ОМОН – дар бастан тепкен күн.


22– оқушы

Қариялар итке таланып,

Ер басын күрек шапқан күн

Аппақ қар қанға боялып,

Қып – қызыл боп жатқан күн


23 - оқушы

Озбырлық күшпен тұншығып

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір шындық

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

Барлығы:

Енді қайтып келмесін,

Сол бір қарғыс атқан күн!


24 – оқушы

Дәл бүгін қуанышты қала,далам,

Жасадың сол арманға жаңа қадам.

Жеткенше ұлы мақсат шетіне біз,

Басты ғой қызыл шоқты қара табан.

25 – оқушы

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім, мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.

Хор: Отаным – Қазақстаным.


  • Рахмет! Балалар, сонымен біз бүгінгі ашық сабағымыздан қандай мағлұмат алдық?Аз күнде Желтоқсан оқиғасының неше жылдығы болады? Сол жастар, біздің ата – бабамыз аңсаған тәуелсіздікке жеттік пе? Елімзде осы жылдар арасында қандай жетістіктермен өзгерістер болды? Оның бәрі кімнің арқасы деп ойлайсыңдар? Мына сөзжұмбақты шешу арқылы, бәрімізге ортақ, қымбат сөзді оқи аламыз.

Сөзжұмбақ шешу

1 Қаһарман жігіт

2 Жігерлі, өжет азамат

3.Желтоқсан аруы

4. Бүкіл Қазақ елін оятқан оқиға

- Ол қандай сөз екен?

  • Отан. Әр адамның екі анасы бар дейміз. Оны қалай түсінесіңдер?

  • Ол туралы қандай мақал – мәтелдер білеміз.(Білетін мақал – мәтел, тақпақтарын, әнін айтқызу).

Бейне сөз шешу. (Отан оттан да ыстық).

  • Балалар, сондықтан да бәріміз Отанымызды,еліміз, жерімізді сүйіп, қорғай білу парызымыз екенін ұмытпайық.

Оқушылардың өз беттерінше жсаған қаттама, бейне сөз, өздері шығарған өлең, шығармаларымен таныстыру.(Көрмемен таныстыру).

  • Батаменен ел көгерер.

Жаңбырменен жер көгерер, - демекші тәрбие сағатымыздың соңын бата берумен аяқтасақ. (Қатысушы ата немесе әжелерінің біріне бата бергізу).


Бата:

Иә, Алла, халқымызды даласымен сақта,

Елімді данасымен сақта,

Азаматты санасымен сақта.

Иә, Алла, еліме гүлденген заман бер,

Ынтымақ пен бірлік бер,

Қажымайтын кәсіп бер,

Төгілмейтін нәсіп бер,

Ауруды үдетпе,

Жанымызды жүдетпе,

Тәнімізге тазлық,

Дінімізге саулық бер,

Аумин!

Гимнмен аяқтау.

Қонақтарға сөз беру.

Автор
Дата добавления 07.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров169
Номер материала ДВ-425735
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх