Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Сынып сағатының тақырыбы: Тәрбиенің тамаша мектебі-отбасы

Сынып сағатының тақырыбы: Тәрбиенің тамаша мектебі-отбасы


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:



Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы

10 «Қарабұлақ» жалпы орта мектебі

Биология пәні мұғалімі Юлдашева Туйғунай

Хамракулқызы

Сынып сағатының тақырыбы:

Тәрбиенің тамаша мектебі-отбасы

(Дөңгелек үстел)












Мақсаты:

Ата-ананың бала тәрбисіндегі қарым-қатынасы (сенімділік білдіруі,қолдауы,үміт артуы) туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.

Міндеттері: дөңгелек үстел ұйымдастыру арқылы ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты ақпараттар беру, жағдаяттан шығу арқылы бала тәрбиесінде кезедесетін қиыншылықтардың алдын алу.ата-ана--ұстаз– мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайту.баланы бағалауға,сезінуге,түсіне білуге баулу.

Отанға деген ыстық сезім ата-анаға, жақындарына,туған-туысқандарына берген сүйіспеншіліктен басталады. Н. Ә. Назарбаев

Көрнекіліктер: нақыл сөздер,буклеттер,оқушылардың қолмен сызылған суреттер,қолөнер бұйымдары

Кезеңдер

І кезең «Маржан сөздер»

ІІ кезең “Ой қозғау” (бейнебаян)

ІІІ кезең “Жағдаяттық сұрақтар”

ІҮ кезең «Сөз өнері – өлеңде»

Ү кезең «Мен және менің балам» .Тест

ҮІ кезең Қорытынды


Отбасы –сыйластық,жарастық орнаған орта.

Отбасы-бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.

Отбасы-ар-намыс,қуаныш пен бақыт,тілек пен үміт ұясы.

Ұяны құс та таза ұстайды. (халық даналығы)


Отбасы-шағын мемлекет

Мен президент-сен премьер

Арттым саған көп міндет

Премьер жолдас,бер пример.

Басқара біл үй ішін,

Бердім саған билікті

Жемісті болса жұмысың

Мен алмаймын сыйлықты.

Жауаптымыз сіз бен біз

Ұқсын басқа ұқпасын

Мемлекетке тәуелсіз

Дұшпан қолын сұқпасын

Біздің байтақ еліміз

Отбасылардан құрылған

Елін сүйер сеніңіз

Өз отбасын сүйе алған. (Қ.Аманжолов 1953ж)

Құрметті ата-ана деген үлкен бақытқа ие болған асыл жандар,отбасы ұйытқылары.

Бала тәрбиесінің басты ұстаздары. Ақын ағамыз айтқандай-президент мырзалар мен премьер ханымдар. Бақытты лауазымдарыңыздың жаңа атаулары құтты болсын.бұл лауазым сіздерге тек қуаныш пен бақыт әкелсін,-дей отырып, бүгінгі дөңгелек үстелмізді бастауға рұқсат етіңіздер !

Халықтық педагогиканың, салт-дәстүрдің бала тәрбиесіндегі маңызы зор. Мұсылман халқында қуанышты күндерде, мысалы, нәресте дүниеге келіп,оны бесікке салғанда,тәй-тәй басып,тұсауын кескенде тағы сол сияқты қуанышты күндерде шашу шашатын дәстүріміз бар.бүгін мен де сіздерге ,отбасыларыңызға бақ-береке тілеп жылы сөздер оралған кәмпиттерден шашу шашамын. Кәмпит пішініндегі қағаздар таратылады. 4 кәмпиттің ішінде жылы сөздермен қоса сұрақтар жазылған. Құрметті қатысушылар сұрақтарға жауап берулеріңізді сұранамын.

Сұрақтар:

Ата-ананың борышын қалай түсіндіресіз?

Отбасы бақыты ол-.............

Қатысушаларға тілегіңіз?

І-топ «Берекелі отбасы»

ІІ-топ «Бақытты жанұя»

Топ ережесі:

1.Сыйластық

2.Ауызбіршілік

3.Ойын ашық айту

4.Басқаның пікірін тыңдай білу

5.Тәртіп сақтау

6.Жылдамдылық

7.Өмірге деген құштарлық

І кезең

«Маржан сөздер» сайысы.

Күнделікті өмірде тәрбие құралдары ретінде пайдаланған қанатты сөздер, мақал-мәтелдер,ырым-тыйым сөздер,жас ұрпақты ойшылдыққа адамгершілікке тағы басқа жағымды қасиеттерге тәрбиеленген.

(экранда аяқталмаған мақалдар берілген.сіздер мақалды жалғастырасыздар)

І топ

1. Ата-ананың парызын, ...................... (өтеу сенің қарызың)

2. Ұлға отыз үйден тыю,....................... (қызға қырық үйден тыю)

3. Қарға баласын аппағым дер,............ (кірпі баласын жұмсағым дер)

4. Әкесі қой баға білмегеннің,............... (баласы қозы баға білмейді)

ІІ топ

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің қамын жейді.............. (Атадан жаман ұл туса)

...............(Елінің малын жейді)

2. Үйде бір күн ұрыс болса,........(қырық күн ырыс кетеді)

3. Құлақтан кірген суық сөз,.......(жүрекке барып мұз болады)

4. Ата-анасын налытқан,..............(кім екенін танытқан)


Халық қаһарманы,жазушы Б.Момышұлы: «үш нәрседен қорқатыным бар»,- деген пікіріне назар аударсақ:

1.Бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқаны.

2.Немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқаны.

3. Дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқаны.



ІІ кезең

Бейнебаянды тамашалап, пікірлеріңізді тыңдасақ. Назар аударайық.

Әкешім-баға жетпес байлығым,

Анашым өмір сыйлаған періштем.

Отбасы - бұл әкенің патшалығы, ананың әлемі, сәбидің жұмағы...

ІІІ кезең

«Жағдаяттық сұрақтар»

Халқымыздың сан ғасырлардан бергі даналығына құлақ ассақ,

«адамның бақыты-балада», «бала- қымбат, тәрбиесі-одан да қымбат» деген сөздерді көп естиміз.баланың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, жанында жүрген достарына дейін мән беру,табиғат сыйлаған дарыны болса, дамыту,дұрыс білім алуына жағдай жасау-ата-ананың басты парызы.Бала тәрбиесі қателікті кешірмейді,қателесуге қақымыз жоқ.




І топ

1. Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, қатаң тәрбиелеген дұрыс па?

2. Бүгін балаңыздың сыныптасының туған күні еді. Соған оқушылар жиналып, ауылдан ұзақтау жерге табиғатқа шықпақшы болады. Cіздің ұлыңыз машинамен шықпақшы болып уәде беріп кетті. Сізге осы жағдайды айтып машинаңызды беруді сұрайды. Сіз не істер едіңіз?

3. Балаларыңыз сіздің алғашқы махаббатыңыз туралы білгісі келеді. Сіз не айтар едіңіз?

4. Бала үшін ата-анаңыз қайсысының беделі күшті деп ойлайсыз?


ІI топ

1. Бір нәрсеге ашулы балаңыз немесе қызыңыз мектептен келе сала

ашуланып «Құрысын ,мектеп, мұғалімдердің бәрі әділетсіз» деп сөмкесін лақтырып, күйіп-піседі . Сіздің әрекетіңіз ,айтар сөзіңіз?

2. Балаңызға қандай жылы сөздерді жиі айтасыз?

3. Сіз балаңыздың темекі тартқанын байқап қалдыңыз. Не істер едіңіз?

4. Сіз балаңызды жақсы тамақтандырып, киіндіріп, ел қатарлы тәрбиелеп отырмын деп есептейсіз. Бірақ балаңыздың сынып жетекшісі үйге келіп, балаңыздың тәртібі нашар, сабақ үлгерімі төмен, мектеппен байланысыңыз жоқ екендігін айтады. Сіз бұл туралы не айтар едіңіз?

Қателік қайдан, кімнен болуы мүмкін? Балаңызға қалай ықпал етер едіңіз?


Сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадистерінде ұрпақ тәрбиесіне қатысты мынадай ой айтқан екен: «балаға бір мәрте көңіл бөліп,тәрбие беру-бір сағат көлемінде садақа бергеннен де жақсы»

Ұлың өсті ер жетті жігіт болып,

Қызың өсті, бой жетті үміт болып.

Мың алғыс ата – анаға біз арнаймыз,

Өнерлі боп өссін, олар ақыл толып – деп келесі кезекті өнерге береміз.

«Қол өнері - кілемде, сөз өнері - өлеңде.»

Суреттегі кітаптарда жасырылған тапсырмаларды орындау

Өзіңізге ұнаған бір өлеңді мәнерлеп оқып беріңіз

Айжан мен маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен маржан – асқар мен мұраттың қыздары. Айжан асқардың қызынан 2 жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім? Жауабы: айжан- мұраттың, маржан -асқардын қызы.

Үш ағайынды.арман, аян, аслан ағайынды үшеуі әр сыныпта оқиды. Аслан арманнан, ал аян асланнан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім? Жауабы: үлкені – аян, ортаншысы-аслан, кішкентайы -арман.

Тосын сый

Өзіңіз ұнатқан әннің бір шұмағын айтып беріңіз

Жұмбақ жасырыңыз немесе мына жаңылтпашты шапшаң айтыңыз:

Қызым жүзім же,

Жүзім үзіп же.

Ата-аналарға арналған тест
«
Мен және менің балам»

Ата-ананың бала тәрбиесіндегі атқаратын рөлі аса зор. Олар бала өмірінде «құрастырушылар, жобалаушылар және құрлысшылар» болып табылады. Бұл тест ата-аналарға бала тәрбиесіннің мәселелерін толықтырып, анықтауға көмектеседі.

Жауаптар:

А. Болуы мүмкін бе?

Б. Жасай алам және әрдайым соны жасаймын.

С. Жасаймын, бірақ керек кезінде ғана жасаймын.

Тест сұрақтары

1. Кез-келген уақытта барлық жұмысыңызды тастап, бала тәрбиесімен айналыса аласыз ба? А Б С

2. Балаңыздың жасына қарамай әр түрлі мәселемен бөлісе аласыз ба? А Б С

3. Балаңыздың қателерін айта аласыз ба? А Б С

4. Өзіңіздің қателегіңіз үшін балаңыздың алдында кешірім сұрайсыз ба? А Б С

5. Балаңыз сізді ашуландырса, өз-өзіңізді ұстай аласыз ба? А Б С

6. Өзіңізді балаңыздың орнына қойып көрдіңіз бе? АБ С

7. Бір минутқа болсын өзіңізді сиқыршы болып елестете аласыз ба? А Б С

8. Баланың көңіліне келетін ауыр сөздер айта аласыз ба? А Б С

9. Балаңызды арманын оның жақсы тәртібі үшін орындай аласыз ба? А Б С

10. Балаңыз үшін бір күнді бөліп, оның қалағанын, ойына келгенін істете аласыз ба? А Б С

11. Балаңыздың өтінішіне, көз жасына, еркелігіне шыдай аласыз ба? А Б С

12. Өзіңіздің әділетсіздігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрай аласыз ба? А Б С

Тест қорытындысы

Жауап «а» болса онда - 3 ұпай, «б» болса онда – 2 ұпай, «в» болса онда – 1 ұпай.

Егер сіз 27-ден – 36-ға дейін ұпай жинасаңыз, онда сіз үшін балаңыз өміріңіздің мәні де сәні. Сіз балаңызды тыңдап қана қоймай, оны түсініп, оған сыпайылықпен қарап, ылғи да оны қолдап, сіз балаңызды тәрбиенің озық ұстанымдарын ұстайсыз. Басқа сөзбен айтқанда сіз дұрыс істейсіз және бұдан жақсы қорытынды шығады деп сеніңіз.

Егер 13-тен 27-ге дейін ұпай жинасаңыз. Сіз үшін бала қамқорлығы маңызды болып санала ма? Сіздің бойыңызда тәрбиешінің қабілеті болғанмен сіз оны аса қолданбайсыз. Сіздің тым қатал немесе ақкөңіл болғаныңыз бен, жүргізетін тәрбие жұмысына кедергі жасайды. Бала тәрбиесіне шын көңіл бөлу үшін аса ойнануыңыз қажет.

Егер 13 ұпай болса. Сізде баланы тәрбиелеуде үлкен қиындықтар туындайды. Балаңызды жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге қабілетіңіз немесе мұршаңыз жоқ. Мамандардың және педагогтар мен психологтың кеңесін алуыыңыз қажет немесе жанұя тәрбиесі туралы мақалаларды оқуыңыз керек.

Ана деген жылылық

Ана деген мейірім.

Баланың да тірегі

Дананың да тірегі

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі

Қымбатты аналар !сіздерді көктемнің ең көрікті мерекесі 8-наурыз халықаралық әйелдермерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Барлықтарымыз отбасымыз ұйытқылары ата-аналарымыз, балаларымызға арналған ізгі тілектерімізді стикерлерге жазып жапсырамыз.

Қорытынды

Әрбір отбасына күннің шуағындай шаттық,жылылығындай мейірімділік,қуаныш,береке,бақыт тілей отырып «баланы беске дейін патшаңдай көтер,

Он беске дейін құлыңдай жұмса,

Он бестен кейін досыңдай сыйла»,- деген керемет ұлағатты сөзбен «тәрбиенің тамаша мектебі-отбасы» атты дөңгелек үстелімізді аяқтаймыз.

Сіздерге жүректің жылулығын, жанның сұлулығын тілейміз!



Автор
Дата добавления 01.04.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров114
Номер материала ДБ-002432
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх