Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Сынып сағаттарының үлгісі "Қауіпсіз деп ойлама, отпен оқыс ойнама!", "Біздің ару-қыздар-ай", "Өнеге отбасы нан басталады", "Әкем,шеше және мен", "Әліппеге алғыс" (2-сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Сынып сағаттарының үлгісі "Қауіпсіз деп ойлама, отпен оқыс ойнама!", "Біздің ару-қыздар-ай", "Өнеге отбасы нан басталады", "Әкем,шеше және мен", "Әліппеге алғыс" (2-сынып)

библиотека
материалов

hello_html_m73740ed6.gifhello_html_m22c01d32.gifhello_html_m1fd135d2.gifhello_html_m700e882d.gif

Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіз деп ойлама,отпен оқыс ойнама!

Мақсаты: Оқушыларға өрттің қаншалықты қауіпті екендігі туралы түсіндіру, оттың тілсіз жау екенін ұқтыру. Өрттен, оттан сақтану жолдарын өт өшіретін құралды пайдалануды, адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық–техникалық заттарды пайдалану кауіпсіздік ережелерін айтып үйрету. Оқушыларды өрттің алдын алуға ынталандыру, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Көрнекіліктер: суреттер

Сабақ барысы: Ұйымдастыру барысы:

Балалар шеңбер бойына тұрып, шаттық шеңберін орындайды.

Біз балдырған баламыз,

Біз әдепті боламыз.

Досымызды көргенде,

Біз қуанып қаламыз.

Мұғалім: От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От – өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымызда піспейді, үйімізде жылымайды. Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылығымыз жоғалады. Сонымен от – өміріміз десек те, оның әлемі жайлаған алапаттың бірі – өрт қаупін шығаратынын да естен шығармағанымыз жөн. Өзіміздің ұқыпсыздығымыздан немесе байқампаздығымыздан кейде өрттің қалай күш алып кеткенін де байқамай қаламы

Оқушы:От жақпа, күйерсің, Оқушы: Оттың ісі қуырмақ,

Өртеніп жүрерсің. Желдің ісі суырмақ.

Сіріңкені ұстасаң, Қазір жанған жалынды,

Бәлеге сен түсерсің. Алып – ұшып қуаламақ

Мұғалім:

«Қателеспе» ойыны.

Ойынның шарты: отта жанатын заттарды айтқанда қолды жоғары көтереміз, отта жанбайтын заттар айтылғанда қолымыз төменде болуы шарт.

Сөздер: қағаз, терезе, жапқыш, дәптер, киімдер, жиһаздар, шөптер, бензин, жапырақтар, ағаштар, кітаптар, шеге, әйнек, қасық, металл, мұз, қар, тас, су.

Мұғалім:

Ас үйге сән беретін газ плитасы .Көгілдір от тұрмыс – тіршілігімізде көп орын атқарады. Десек те, оны ұқыпты ұстап, жаға білуіміз керек. Егер газ плитасынан бір кемшіліктер байқалса, ата – анаңа айтып ескерт. Өйткені ата –анаң газ бөлімшесінің арнаулы мамандарын шақыртады. Тұрмысымызда тағы бір көп қолданатынымыз – электр. Электр – жарық көзі. Бір күн үйімізге электр қуаты келмей қалса, дүниені қараңғы түнек басады. Дегенмен, оны да ұқыпты пайдаланбасақ одан да өрт шығуы мүмкін.

1.Электр приборларын уақытылы өшіру, электр жүйесінен ажыратуды ұмытпау;

2.Рұқсат етілмеген жерге электр жүйесін жүргізбеу;

3.Өрттің алдын алу қауіпсіздігін сақта;

4.Өртті сөндіруге арнайы заттарды даярлап қойған жөн. Оларға құм, су, күрек, киіз,

5.Өрт жаңадан басталғанда сумен, құм сеуіп өшіреді;

6.Адамның киімі өртенсе суға түскені дұрыс. Су жоқ болса, топыраққа аунап, үстіне құм себу керек. Я болмаса, адамды қалың матамен орап өшіреді.

7.Газ плитасы тұрған бөлмені жиі – жиі желдету керек. Егер газдың күлімсіген иісін сезсең сіріңке жағуға, электр жүйесіндегі лампаны жағуға болмайды. Тек үйдің есік – терезелерін ашып, желдету керек.

8.Электр сымдары тоқ өткізгіштің түбінен жанып жатса, оны құрғақ ағашпен суырып алу қажет.

Ойын: «Кім шапшаң?»

Ойын шарты: Берілген сұрақтарға жылдам жауап беру керек.

  • Өрт сөндіретін адамды қалай атайды? (өрт сөндіруші)

  • Өрт сөндірушінің адамдарға қандай көмегі бар? (олар үйдегі, ормандағы өрттерді сөндіреді)

  • Олардың жұмысы қандай? (адамдарға қажет, өте ауыр, қиын)

  • Өрт сөндірушілер қандай болу керек? (батыл, өжет, шапшаң, епті)

  • Олар неге батыл, шапшаң болу керек? (өйткені өрт кезінде адамдарды, т.б. құтқарады)

  • Өрт болған кезде қандай нөмерге телефон шалу керек? (101)

  • Өрт сөндірушіге телефон шалған кезде қандай мағлұматтар беру керек? (не болғанын, мекен – жайын айту).

Қимылды ойын: «От пен су»

Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Бірі қызыл лентаны тағып, от болып қашады. Ал көк лента таққан балалар су болып қуалайды. Ойын 2-3 рет қайталанады.

Ойын: «Болады – болмайды»

Ойынның шарты: Қолдарыңа мына бағдаршамды алыңдар. Қызыл түсті – болмайтын жағдайда көтересіңдер, ал жасыл түсті – болатын жағдайда көтересіңдер.

  • Өрт болғанда 101 нөміріне қоңырау шалуға............

  • Жанып тұрған сіріңкені тастауға............

  • Үлкендерді айқайлап көмекке шақыруға..........

  • Өрт шыққан жерде қалуға.........

  • Өрт кезінде керует астына, шкаф ішіне тығылуға............

  • Өрт кезінде есік, терезені ашуға.............

  • Басымызды, бет – аузымызды ылғал сүлгімен орауға............

  • Өрт кезінде жарға, еденге су шашуға...........

  • Лифтіні пайдалануға..........

  • Қорықпай өрт сөндірушінің айтқанын тыңдауға..............

  • Көршілерден көмек сұрауға............

  • Өрт кезінде газды, жарықты, тоққа қосылатын құралдарды қосуға..........

Мұғалім:Өрт қауіпсіздігі бойынша тест

1.Өрт шығып жатқанын көрсең қандай іс-әрекет жасайсын?

 «101»  нөміріне қоңырау соғамын -1

   Көмекке шақырамын- 2

Ешкімге айтпай, қашып кетемін- 1

Егер бөлменін іші ащы түтін болса ?

Есікті жаппай, терезені ашамын -0

Шығып кетемін  -0

Аузымды және мұрнымды суланған орамалмен жауып, еденге жабыса есікке қарай жылжып шығамын- 3

Электр сымы өртенсе ше?

Су құямын -0

Үлкендерді көмекке шақырамын- 3

Үстіңдегі киім өртенсе ше?

Жүгірем, үстімдегі киімді шешуге тырысамын – 0

Тоқтаймын, жерге домалаймын өртті сөндіру үшін -3

Көрпеге оранамын -2

2.Егер, тамақ әзірлеген уақытта табадағы май жанса?

Суланған орамалды жабамын -3

Су құямын -0

Табаны далаға шығаруға тырысамын -0

3.Егер, өрт басталған кезде сен 5-ші қабаттаболсан не істейсің телефон жоқ?

Су шүберектермен есіктің тесіктерін бекітіп, терезеден көмекке шақырамын -3

Шүберектерден арқан жасап терезеден төмен түсемін -1

Көмекке шақырамын  -1

4.Өте қызық бағдарлама көріп отырғанда, теледидардың артынан түтін шықса, не істеуін керек?

Бағдарламаны көремін- 0

Үлкендерді көмекке шақырамын -2

Телидидарды сөндіріп, өрт сөндірушілерге  хабарлаймын -3

Мұғалім:

Балалар естеріңде болсын, өрт кездейсоқ шықпайды, ол дұрыс пайдаланбағаннан болады. Бүгін сендер оттың дос та, жауымыз да бола алатынына көз жеткіздіңдер. Естеріңде болсын: «Отпен ойнама, күйерсің», «Өрт – тілсіз жау».

Баспалдақтан далақтап.

Ұшып- қонып Қалтақбай.

Сырғанап кеп Қанаттан

Қшып түсті қалпақтай.

Келеді әркез сендіргім-

Қауіпсіздік керек бұл:

Шығарда үйден сөндіргін,

Құралдарын электр.

Қауіпсіз деп ойлама,

Отпен оқыс ойнама.











Сынып сағатының тақырыбы: Біздің ару қыздар - ай.
Мақсаты: Қыз баланың бойына қазақтың иманжүзді, көркіне ақылы мен білімі сай, инабаттылық кішіпейілдік, адалдық, талғампаздық, шеберлік қасиеттерді сіңіру, ата - баба дәстүрін насихаттау.Оларды мерекелерімен құттықтау.
Тамирлан

Көктем - алғаш мерекесі ананың,
Ана жанын нұр көктемге баладым.
Көктем мезгіл бастайды екен ең алғаш,
Қуантып бір аналардың қадамын

Мадияр:

Әкелетін отбасына береке ең,

Әр аналар арамызда көп екен.

Жыл құсындай көктем сайын оралар

Құтты болсын, нұрға толсын мерекең!

 Тамирлан

Шын жүрек, ақ көңілмен,

Алғашқы көктемі күлімдеген

Құттықтаймыз сегізінші наурыз мерекесі

Халықаралық әйелдер күнімен.

Ерасыл:

Құрметті қыздар! Көктемнің алғашқы күндерімен бірге көңілге қуаныш ала келетін 8 наурыз мерекең құтты болсын. Көктемнің бар гүлі, көңілдің сазды үні тек саған арналсын. Жаныңа жылылық, жүрегіңе ұлылық берсін. Әмәнда аман-сау, көңілді болғайсың.

Қыз күніңнің қызғалдағы болғайсың,

Жүз ғұмырдың ізгі арманы болғайсың.

Бар қазаққа биік тұмар болғайсың,

Ханзадаға сүйікті жар болғайсың.

Мерекелі, жаның әппақ болғай шын,  

Берекелі шаңыраққа қонғайсың.

 Мұғалім:

Құрметті қыздар , бүгінгі мерекелерің құтты болсын. Сендерге сұлу,көрікті, әдепті ,ибалы қыз болып өсулеріңе тілектеспін. Бүгін ұлдардың дайындаған мерекелік кешін қарсы алыңдар.

Иманғали:

Жүздеріңнен айналдым күлімдеген,

Өздеріңе қараймын күлімденем.

Арулар сендерге теңеу барма,

Бабаларымыз қыздарға гүлім деген.

Мадияр:

Қайсысы әнші, кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам

Таланттарын табайық

Өнер сүйер қауым бүгін

Қыздарымызды сынайық.

Тамирлан

Сәлемдесу – игі дәстүр киелі,

Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.

Жақсы сөзге жан семірер қашанда,

Жолданады сайыскерлер сәлемі.

Таныстыру. (Әр топ атын өлеңмен, слайд арқылы таныстыру. Слайдта топ аты, қыздардың аналарымен бірге түскен суреттері, топ қыздарының дайындығы, көктемгі көріністермен байланысу керек).

Мадияр:

Арулар, сайысқа қалайсыңдар?

Сендер өтер әлі талай сын бар.

Тапсырма ал, мына жерден қамсынбай кеп,

Жауап берсеңдер сұраққа жарайсыңдар!

«Халықтың игі дәстүрі - біздің асыл мұрамыз» (Салт - дәстүрден сұрақтар және мақал - мәтел жалғау арқылы білімдері сынға түседі).
Тамирлан

Тойда өнер сынайық,

Өнер жасқа дегендей,

Үй тапсырмасын тамашалайық

«Қазақтың дарқан дастарқаны»(қолдан әзірленген тағамдармен дастарқан әзірлеу, оның ішінде ұлттық тағамдар болуы керек)

Мадияр:

Шеберлерім өнер тамып қолынан,

Жанылмаған ата-баба жолынан,

Шебер қолдан өз өнерін көрсетсін,

Біз айтайық төрелігін соңынан.

«Өмірде кең бол, өнерде өр бол»( ән, би жолдау қолдарынан келетін өнерлерін көрсетеді.)

(Әділқазылардың шешімі)

Рауан:

Қыздарды теңеймін әсем гүлге,

Көктемде құлпырады әсем гүлде.

Аруларды сыйлаңдар мейрамымен,

Мұндай сәт келе бермейді күнде күнде.

 Диас:

Мерекелерің бүгінгі құтты болсын!

Жүздеріңе күлкі мен шаттық толсын.

Өмірдің талай түскен шуағына,

Ару, ана,әжелер бақытты болсын!

Тамирлан
Қыздар қалқып бақыт аралында

Лайым мұң қонбасын жанарыңа

Осымен мерекемізді аяқтайық

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңызға,дей отыра бүгінгі мерекемізді аяқтаймыз.




Сабақтың тақырыбы: Өнеге отбасынан басталады.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға  отбасы туралы әңгімелей отыра, өнеге отбасынан басталатындығын түсіндіру.Әке, ана , ата, әже туралы ұғымдарын кеңейту және сыйластыққа, мейірімділікке,   татулыққа,   қамқорлыққа   тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, танымдық ойындар.

Көрнекіліктер:   интерактивті тақта, қима суреттер,мақал-мәтелдер.

Сабақтың барысы:

1.Психологиялық жағдай:

Балалар бүгін бізде ерекше тәрбие сағаты. Алдымен тәрбие сағатымыз жақсы өтсін, көңіліміз жақсы болсын деп бір-бірімізге алақанымыздың жылуын сыйлайықшы. Қане, қолдарыңнан ұстап, мына өлең жолдарын айтайық:

Жарқын болса күніміз,

Жарық шығар үніміз.

Біз болашақ гүліміз

Қайырлы таң, қайырлы күн

Күліп шықты күніміз.

2.Сөзжұмбақ шешу.

1.Түсі нарттай, тілін тартпай,

Жолға шықса, қоймайды құртпай. (От)

2.Мемлекеттік рәміздің бірі. (Ту)

3.Еңбек құралы.(Балға)

4.Ең жақын адам.(Ана)

5.Уақыт өлшемі.(Секунд)

6.Ырыс алды – (Ынтымақ)

3.Отбасы дегеніміз не?

Отбасы – махаббаттың, сыйластықтың, жақын қарым – қатынастың бастауы. Отбасы - өмірлік мақсаттары бір, өзара мейірімділік пен жылулық, қуаныш пен түсіністік те тірлік етер жаны жақын адамдар арасындағы қарым – қатынас.Отбасы үлкен және кіші болуы мүмкін. Сондықтан, отбасы ұғымы ағайындар санымен өлшенбейді. Адам өмірі отбасынан басталады.

Ата – беделі әкеден жоғары, өмірлік тәжірбиесі мол, әулеттің тірегі. Қазақ отбасында ата мен әженің ролі зор.Отбасындағы шешуші сөз –атанікі.Ол өз отбасы мен әулетінің ғана емес,басқа ағайын-туыстың, тіпті, түйткіл мәселелерін шешіп,акыл- кеңесін беріп отырған.

Әже – шаңырақтың алтын қазығы. Ұрпағын мейірім шуағына бөлеп, үлкен өмірге бейімдеуші. Халықтың салт – дәстүрі, әдет- ғұрпы, тіл мен дінге деген құрметті өскелең ұрпақ бойына сіңіруші.

Әке – шаңырақ иесі, отбасындағы орны ерен. Отбасын асырап -сақтау негізінде ер – азаматқа жүктеледі. «Отағасы» деп аталуының себебі де осында болса керек. Үйге табыс кіргізу, бала шағаны өсіріп – жеткізу ер – азаматтың міндеті.

Ана - отбасының ұйытқысы. Өмірге ұрпақ әкелу, оларды бағып – қағу, тәлім –тәрбие беру – ананың тікелей міндетті. Үй – ішінің, отбасы мүшелерінің тазалығы, тамақ дайындау, үй – іші тірліктерін ұқсату, туған - туыстармен әлеуметтік қарым – қатынастар орнату сияқты көптеген мәселелер де әйелдің араласуымен атқарылады.




1-оқушы: Ата – үлкен, кәріміз, 2 –оқушы: Мейрімді апалар,

Қуат берер дәріміз, Балалар кеп бата алар…

Әулиедей аялап, Қалтасына кәмпит сап,

Ардақтаймыз бәріміз. Немереге апарар.


3-оқушы: Ұл – қызыңа ерген 4-оқушы: Жарқыраған дәйім

Немерең – біз, әже. Күнімізсің, әже.

Немереңнен өрген Шуағыңды сеуіп

Шөберең – біз, әже. Жайна, анамыз, әже,

Үйреткен сөз мәнін Жұлдыздарың сені

Тілімісің, әже. Айналамыз, әже.

5-оқушы: Бас бармағым – атам, үйдің данасы.

Балаң үйрек - әжем, ошақ анасы.

Ортан терек - әкем, отау панасы.

Шылдыр шүмек – шешем, шаңырақ ажары.

Титтей бөбек – мен, бәрінің базары.

4.Ойын: «Неге теңеймін».

Балаларға күннің, айдың, бұлттың, алманың, гүлдің суреттері таратылып беріледі. Оқушыларға «анаңды кімге теңейсің» деп сұрағанда қолдарындағы суреттің біреуін көтереді. Сол сияқты атасын, әкесін, әжесін т. б. айтылады.

5.Менің отбасым. (өз отбасы жайлы әңгімелеу)

6. Мақал – мәтелдер жарысы.

* Ата көрген-оқ жонар, * Баланың ұяты-әкеге,

Ана көрген- тон пішер, Қыздың ұяты-шешеге

7. Жұмбақтар

1.Кітапты көп оқитын, қызықты тарихи оқиғаларды жақсы білетін, мақал-мәтелдерді жиі қолданып сөйлейтін, немерелерін еркелетіп, үнемі қасынан тастамай ертіп жүретін.Ақсақалдыкісінікімдейміз? (ата)

2.Өзі салмақты, байсалды, бос уақытын балалармен өткізгенді жақсы көреді, циркке, т.б. жерлерге апарады, отбасын қорғаушы, асыраушы, сақтаушы. Ол кім? (әке)

3.Ол өте мейірімді, ақ шашты, дәмді тағамдар, тәтті бауырсақ пісіреді, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді. Бұл кім? (әже)

4.Біз үшін ең қымбатты, ең ардақты адам кім? (ана)

8.Хормен:

Аяулы анам мейірімді!
Қадірлі әкем мейірімді!
Әлпештеген әжем мейірімді!
Еркелеткен атам мейірімді!

Қорытындылау:

 Отбасы - ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек екені айтылады.






Тақырыбы: «Әке, шешем және мен!» отбасылар сайысы
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата - анамен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату. Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет екендігін түсіндіру.
Өтілетін орны: Спорт залы
Көрнекілігі: түрлі - түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, секіртпелер, ысқырық, уақыт өлшеуіш.
1 - жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар! Бүгінгі «Әке, шешем және мен» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!

«Әке, шешем және мен» отбасылар сайысы – еліміздегі отбасылардың атсалысуы- мен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын - сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебімізде 3- 4 оқушылары мен белсенді ата - аналарымыздың арасында өткізгелі отырмыз.

2 - жүргізуші:

Отбасылар отыр сынға түскелі,
Сыналмақшы ептілік пен күштері.
Әрбірінің жігер-күші жалындап
Жеңіс сәтін тағат таппай күткені.
Спорт десе таза біздің арымыз,
Жалындайды сайысқанда жанымыз.
Сайысатын отбасыларды бүгінгі,
Қарсы алайық қошеметпен бәріміз.–дей келе жарысқа қатысушы отбасылар тобын ортаға шақырамыз.
1 - жүргізуші:

1 ---- отбасы
2 - отбасы
3 - отбасы
4 - отбасы

2 - жүргізуші:
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1. Тәрбие ісінің меңгерушісі- Темірханова Шынар Сейтқызы

2. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі - Бакеев Қанат Қайыржанұлы
3. Ата-аналар комитетінің төрайымы-
3. Бастауыш сынып мұғалімі –

1- жүргізуші:

Спорт - денсаулық кепілі десек, «Әке, шешем және мен» отбасылар сайысы отбасы лық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Бүгінгі сайыстың бағдарламасы 9 кезеңнен тұрады
1 - кезең: «Кедергілер арасымен жүгіру»
Шарты: ортада құрылған фишкалардың арасымен өтіп жүгіріп барып келуі керек. Ойын кезінде фишкаларды құлатпау, тапсырманы толық орындау шарт.
Әділқазылар алқасы 1кезең бойынша бағаларын беріңіздер.
2 - кезең: «Егін егу, егін жинау»
Шарты: Картопты егеді, жинайды
Әділқазылар алқасы 1кезең бойынша бағаларын беріңіздер.
3 – кезең: Қапшықпен секіру
Әділқазылар алқасы 1кезең бойынша бағаларын беріңіздер.
4 - кезең: Скакалкамен секіру»
Әділқазылар алқасы 1кезең бойынша бағаларын беріңіздер.
5 - кезең: «Ракеткамен шарикті апару»
Шарты: Шарикті түсірмеу керек
Әділқазылар алқасы 6 кезең бойынша бағаларын беріңіздер.
6 - кезең: «Кім жылдам.»
Шарты: Допты аяқтың ортасына қысып жүгіру»
Әділқазылар алқасы 7 кезең бойынша бағаларын беріңіздер.
7 - кезең: «Арқан тарту»
Шарты: Әр отбасы бір - бірімен күштерін сынасады
Әділқазылар алқасы 8 кезең бойынша бағаларын беріңіздер.
8 - кезең «Қара жорға»биі
Әділқазылар алқасы 1кезең бойынша бағаларын беріңіздер.
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады, - демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі..
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп - көп рахмет














Сабақтың тақырыбы: Әліппеге алғыс!

Мақсаты: Оқуға ,жазуға үйреткен әліппе оқулығынан алған білімдерін тиянақтау.

Сабақтың көрнекілігі: әріптер жазылған шарлар, интербелсенді тақта,кейіпкерлер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, түсіндіру, ой шақыру,

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезең’

Партада отырады. Сол кезде Олжас ортаға шығып:

Олжас: -Ой, не болды?

Айнұр: -- Мен жылағым келіп тұр.

Айдана Ж. -- Неге жылағың келіп тұр?

Айнұр ---Достар! мен әліппемен қоштасқым келмейді.

Олжас: Апай бүгінгі сабағымызды әліппеге арнайықшы.

Мұғалім: Балалар, өмірде бәрі де кішкентайдан яғни : дәннен-нан, шуақтан-күн, кір- піштен-үй, білім- ең алғашқы кітаптан, яғни Әліппеден басталды. Қыркүйек айынан бастап, әр парағын аша отырып, бізді достыққа, мейірімділікке, жақсы мен жаманды айыра білуге үйреткен Әліппеге арналған Алғыс сабағымызды бастасақ бастайық.

Мағынаны ашу 1. (Сол кезде сыныпқа мияулап Мысық кіреді.)

Мақта қыздың айранын төгіп тастап едім. Соны қайтаруға көмектесіңдерші. Айранды

қалай табамын. (жылайды) Оны табу жолы тапсырмалардың ішінде жазулы, бірақ мен- мен оқи білмеймін.

Назар : Досым, уайымдама біз саған көмектесеміз.

Мұғалім: Балалар, қане, көмектесейік. (тапсырманы тарату)

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

ІҮ топ

Дауысты дыбысты қызыл, дауыссызды көк қарындаштармен қоршау

1.Жанель

Дауысты дыбыстар-

ды қызылмен, дауыс-

сыз дыбыстарды көкпен қоршадық.

Дыбыстық талдау

Айран

Мысық

1. Әнуар

2. Санжар

Дыбыстық тал-

дауды ортаға шығып талдау.

5+5 (и) 7-5 (с)

9-6 (р) 4+1 (ы)

2 10 5 3

С и ы р

1. Гауһар

Есепті шығарғанда ,

Сиыр деген сөз шығады

Сиырға баратын жолды көрсету.


Сұлтан:

Мысық, сен айранды сиырдан барып сұра. Мына жолмен барасың.

Картаны беру

Мысық : Рахмет сендерге, мен айранды қайдан алу керектігін білдім. (кетеді)

Мұғалім:Балалар сендердің мысыққа көмектесулеріңе себепкер болған Әліппе оқулығы , солай емес пе ? Әліппе туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

Сұлтанәлі:

Әліппеден бастаған,

Білім жолын ғалым да

Әліппені ашпаған,

Жоқ өмірде дарын да





Ерлан

А-дан бастап оқыдық

Аяқтадық Я-мен.

Маржандай қып жазуды

Жаза аламын қаламмен

Аңсар:

Қырық екі әріппен Таныстырған әліппем Ежіктемей сөздерді

Оқи алам танып мен






2. Саханалау Сценка "Қажеті жоқ сабақ".( оқушы мен мұғалім арасында)

Мұғалім: (дәптердегі жазуды көріп) Ой, ой, ой! (қолға кез келген дәптерді ұстап)

І.Сабина Апай мен ойлаймын, жазу тақпақ жаттаудан да қиын. Тақпақты балабақшада ,үйде де жаттауға болады. Мысалы дауыстап оқығанда егер сөзді ұмытып қалсаң , саған біреу көмектеседі .Ал жазуда ешкім саған көмектеспейді. Бұл жерден ешкімнен көмек ала алмайсың.

ІІ. Дильнара Айтыңызшы бұл сабақ кімге керек?

Мұғалім: Қандай сабақ?
ІІІ. Дильнара Жазу сабағы
Мұғалім: Ә-Ә,солай ма, Ал,сендер өскенде кім болғыларың келеді?Бұл мамандықтарға жазу керек пе?

І. Аружан Иә, расында да, ұшқыштар жазады, оны кинодан көрдім, дәрігерлер де жазады,қарап тұрсаң бәрі де жазады.
ІІ. Әнуар : Қолға қалам ұстамайтын, жазу жазбайтын жұмыс бар ма екен?

ІІІ. Анель Иә, алғашқыда бізге өте қиын болды.Қалам ұстау, жазу қиынға түсті. Бірақ біз бәрінде үйрендік. Қатты шаршаған кезде сергіту сәтін жасадық.

Сергіту сәті.

2. (Сол кезде сыныпқа Ай кіреді. Өзі ренжіген. )

Ай: Мен әтешті ренжітіп, жерге итеріп жіберіп едім, енді досымды сағынып жүрмін. Мен оған барып едім, ол маған, мына тапсырмаларды шешуге көмектессең, бәрін кешіріп, сенімен қайтадан дос боламын деді. Досыммен татуласуға көмектесіңіздерші.

Дария: Досым, уайымдама біз саған көмектесеміз.

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

ІҮ топ

Мына сөздерді буынға бөл:

аспан, дос.

Ж.Айдана

Ереже сөзде қанша

д/ы болса, сонша буын болады.



Топтастыру

оқу жазу

Әліппе

жаттау кім?не?


Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді сәйкестендіру.

не? Ай

кім? Аға

не? Ата

кім? Ән

Ай: Рахмет,Енді сендер де мені достарымсыңдар. Ал мен тез арада әтеш досыма барайын. Қош сау болыңдар! (кетеді)

Аружан : Апай,біз Әліппеге арналған ән айтып берейікші Ән: Әліппе

Мұғалім: Балалар , сендердің сабақтарыңды, достарың жасаған көмектеріңді әліппе оқулығы он-лайн режимінде көріп отыр. Қазір бәріміз әліппені тыңдайық.

Әліппе сөйлейді : (Сөзін слайдтан сөйлеу)

Құрметті балалар, көмек сұрап келгендерге көмектесіп жатқандарыңды сырттан бақылап қуанып отырмын. Мені парақтай отыра, өздеріңе көп білім нәрін жинаған екенсіңдер. Сендердің сабақтарыңа қатыса алмағаныма ренжімеңдер.Қазіргі кезде елімізде ақпараттық техниканың дамуына байланысты,сендерге деген ризашылығым

ды ғаламтор арқылы жіберіп тұрмын. Үлкен азамат болыңдар, ата-аналарыңның, ұстаздарыңның, мектептеріңнің мақтанышы болыңдар.

Санжар : Әліппе біздің сізге арнаған тақпақтарымыз бар. Соны оқып беруге рұқсат етіңіз.

Әділет

Шеше аламын жұмбақты,

Ажыратам жан- жақты.

Білім беріп «Әліппем»,

Жүрегіме шам жақты.

Қолымнан мен тастаман,

Артық көрем басқадан .

Барар жолды білімге ,

«Әліппеден» бастағам

Назар

Білем байтақ даланы,

Білем үлкен қаланы. «Әліппеде » бәрі тұр

Білем жақсы баланы.

Орындалып тілегім, «Әліппеден » түледім. Қызық-қызық енді мен, Ертегі айта білемін.









Санжар Қолыма кітап тигеннен , Таудай болып үйге енгем.

«Анашым» деген жазуды,

«Әліппеден» үйренгем.

Әріптің біліп қанығын,

Өмірдің көрдім анығын. «Әке» деп те жазуды, «Әліппеден » таныдым .










Айнұр: Әліппе біз саған мына әнді сыйға тартамыз.

Ән: Рахмет саған Әліппе.

Әліппе: Балалар, көп-көп рахмет сендерге. Сендерге деген ризашылығымды білдіру үшін мына медальдарды мектептеріңнің басшысына тапсырдым.

Мұғалім : Балалар, әліппе оқулығын мына қорапқа салып қояйық. Өйткені келесі жылы бұл кітапты сендердің іні-қарындастарың оқиды.

Жігіт Балалар, кешегі сендер оқыған ертегідегі ең қасиетті жеміс іздеуге барған үшінші жігіт мен едім. Сол тапқан жемісімді сендерге сыйлағым келеді. Себебі, сендер білім қуған оқушылар екендеріңді байқадым. Менің әкелген ең қасиетті жемісім: Ана тілі оқулығы. Бұл кітаптан сендер көп-көп білім аласыңдар.

Ана тілің арың бұл.

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл.

Өз тіліңді құрметте!, -дей отыра, мына кітапты сендерге табыс етемін.

Дияр Әнуар

Білім алам, талмаймын , Мен кішкетай баламын,

Таудай өсіп,толамын. Жамандыққа бармаймын.

Талабым- биік асқар шың, Бабалардай ержүрек ,

Ел сүйген ер боламын! Елімді мен қорғаймын!

БИ

Мұғалім:

Құрметті балалар бүгінгі сабағымызда аяқталып қалды. Бүгінгі сабақта сендер көп жақсы игі істер атқардыңдар.Сендердің Әліппені меңгерулеріңе әке-аналарыңның, ата-әжелеріңнің де қосқан үлесі өте зор. Сондықтан оларға да арнап алғыс айтуды ұмытпайық.

Олжас: Жақсылыққа құмармыз,

Жақсы адам боп шығамыз

Таза сәби жүректен

Қабылдаңыз мың алғыс

Мұғалім: Құрметті ата-аналар қыздар тобының « Мен сурет саламын»атты биі сіздерге арналады.

Мұғалім: Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды.






Автор
Дата добавления 23.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров401
Номер материала ДВ-370678
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх