Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / 18.04.16-23.04.16 1-сынып сабақ жоспары

18.04.16-23.04.16 1-сынып сабақ жоспары

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: дүниетану

Күні: 18.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың көктемгі тіршілігі.Құралай желі. Көктем қарбаласы.
Сабақтың
мақсаты: Көктемнің жануарлар тіршілігіне өте елеулі өзгерістер әкелетінін ұғындыру. Өлі табиғаттың көктемгі өзгерістерінің тірі табиғатқа тигізер әсері жайлы түсінік бере отырып, оқушы ойын дамыту. Экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекіліктер: Суреттер,

Әдісі: сұрақ – жауап әдісі

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 

Көктем.Адамның көктемгі еңбегі 

Көктем сөзін естігенде ойыңа не келеді?Мына сызбаға топтайық.

 

Сұрақ — жауап әдісі:
-Көктемде алғаш шығатын гүлдер.

-Өсімдіктің көктеуіне қандай жағдай керек?

-Көктемде қайың,үйеңкі және көкектің арасында қандай байланыс бар?

Адамдардың көктемгі еңбегін әңгімелету.

 

-Ауыл шаруашылық машиналарын ата.

-Көшет деген не?

Қане көшет отырғызып көрейік.

-Қандай сезімде болдыңдар?Көктем мезгілі қуанышты ма?

 

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту.

Балалар,көктем мезгіліне тек біз ғана емес, жануарлар да қуанады екен.Неге?

-Бұл кезде оларға қиындық тууы мүмкін бе?Қандай?

Бүгін көктем мезгілінде болатын  жануарлардың қунышы мен қиындығы жайлы білетін боламыз.

1.Мағынаны ашу.

Оқулықтан мәтінді оқып беру. Мәтіннің мазмұнын айту.
Жануарлар тіршілігіне не қажет?Сурет ішінен таңдау.
Ауа, жарық, қорек, су, жылу.

 

Сұрақ — жауап әдісі:

1.Жануарлардың қунаышы не екен?

2.Киіктің лақтауы қалай болады?
3. Құралай дегеніміз не?

4. Құралайдың көзіндей дегенді естулерің бар ма?
5. Құралайдың түсі қандай?
6 . Құралайдың жауларын ата.
6. Құралайды анасы шөп арасына тастап кеткенде қайда кетеді деп
ойлайсыңдар? (проблемалық сұрақ)
7. Көктем ортасында жауын-шашындатып, қатты соғатын желді неге «Құралай желі» дейді?
— Балалар, қыста аю қайда болады деп ойлайсыңдар?
— Неге ол қарды білмейді? /проблемалық сұрақ/
-Неге ол ұйқыға кетеді?
Қорегі жеміс – жидек, шөп тамырлары. Оның барлығы қыста қардың астында қалады. Қатты аязда аршып жеу қиынға соғады.

Мұғалімнің түсіндірмесі.
Сондықтан күзде семіріп денесіне май жинамаса, аю апанда жатпайды. Қыс бойы долданып аш құрсақ күн кешеді. Мұндай аюлар өте қауіпті.

2. Қызығушылығын ояту.
Әлемде талай қызық бар. /қосымша түсінік/
Жануарлар әр түрлі қалыпта ұйықтайды. Жарқанаттар, саусақтарымен бұтақты бүріп, аяқтарына асыла, басын төмен салбыратып ұйықтаса, үй жануарлары көпшілік жағдайда түрегеп тұрып, ал түлкі болса, өзінің үлпілдеген құйрығын басына жастық етіп, бұйығып ұйықтайды.
Ал ақ аю /күн жылы болса/ бауырын жерге төсеп ұйықтайды. Күн салқында бір жақ бүйірінен жатып аяқтарын бауырына жинап алады.
Қоңыр аю ұйықтағанда шалқасынан жатады. Кейбіреулері отырып та ұйықтайды.
Ал қаңтар, ақпан айларында балалайды. Оның баласы әдетте екеу болады.
— Аюдың баласын қалай атаймыз? /Қонжық/
— Аю ұйқыда. Баласы қалай күн көреді? /Емеді/
— Ендеше жануарлардың қай тобына жатқызамыз? /Сүтқоректілер/


3. Ой қозғау.
— Қаннен қаперсіз ұйықтап жатқан аюды апанның төбесіне сырт – сырт етіп денесіне тамған тамшы оятып жіберді.
Ояна бастаған аю не болғанын түсінбестен апаннан сыртқа шықса, айнала қаптаған су. Маңай тіпті өзгерген.
— Бұл су қайдан пайда болды деп ойлайсыңдар? /Күн жылынды. Қар еріді. Топырақ жібіді. Бәйшешек гүл атты. т. б./
— Расында да күзде ұйықтап, қар кеткенде оянған аю қарды көрді ме?
♦ Оқулықпен жұмыс. / оқыту/
— Егер аю баласын қыс ортасында туса, оның ұйқысы қандай деп ойлайсыңдар? /Сергек. әлсін — әлсін оянып тұрады./
♦ Мұғалімнің беретін қосымша түсінігі.
Көктемде сонымен жан – жануарлар төлдейді. Көбінің қалың ескі жүні түсіп, орнына жұқа, жаңа жүн шығады. Мұны «түлеу» дейді.
♦ Сабақтың мазмұнын жергілікті табиғатпен байланыстыру.
— Өз жерімізде ұйқыға кеткен қандай жануарларды білесіңдер?
/саршұнақ, борсық, кесіртке, жылан, бақа./

IV. Сабақты қорытындылау
 Тірек сөздермен жұмыс.
Оянды. Балалады. Түлейді. Пайдалы.
Пайдасы: еті өте құнды, дәрі, етін туберкулез (өкпе), іш аурулары, сары ауру, көз қарығуы, қатерлі жаралар емдеуге пайдаланады.
Қорғауға алынған.

V. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу.

VІ. Бағалау.





























Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: дүниетану

Күні: 23.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Үй құстары. Малды көктемде бағып-күту

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға төрт түлік мал туралы түсінік беру. Жануарлар туралы жан-жақты мағлұмат беру. Жануарлар тіршілігін зерделеуде білім, білік дағдысын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту, оқушылардың сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушыларды төрт түлік малды танып, оларға күтім жасауға тәрбиелеу, табиғатты қорғауға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, әңгімелеу,топтық жұмыстар

Сабақтың көрнекілігі: слайд, кесте, белгі, суреттер.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Сынып оқушыларын сабаққа әзірлеу.

Психологиялық дайындық

Амансыз ба, алтын күн!

Амансыз ба, Көк аспан!

Амансыз ба, Жер Ана!

Амансың ба, достарым!

Сендерді көрсем қуанам!


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үй жұмысын сұрақ-жауап арқылы сұрай отырып дұрыс жауап берген оқушы алдын-ала дайындаған белгілерді тақтаға жапсыра отырып көктемгі табиғат көрінісін бейнелейді.


ІІІ. Мақсат қою

Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау. Бүгінгі сабағымыз топтық жарыс түрінде өтнтінін айту., топ ережесімен таныстыру.

Әр топ өздерін таныстырады. Сұрақтарға жауап берулеріне байланысты қызыл, көк, сары түсті белгілер беру. Сабақ соңында жеңімпаз топты анықтау.


ІҮ. Жаңа сабақ

-Сонымен көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады екен?

-Қар ериді. Күннің көзі шығады. Жылғалардан су ағады. Құстар келеді. Аңдар ұйқыдан оянады. Күн мен түн теңеледі. Наурыз мейрамы болады. Малдар төлдейді.

Дұрыс айтасыңдар. Мал төлдейді деп айтып жатырсыңдар. Олай болса бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Малды көктемде бағып-күту»

Ой қозғау

Кезікті бір жануар Үстінде екі тауы бар (түйе)

Құлды екен әр шаруа, Қазығына құт байлап

Қанша құйып алсаң да Сарқылмайды сүт-қаймақ (сиыр)

Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар (қой)

Желп-желп етіп сақалы, Қолыңнан дәм татады. (ешкі)

Көкке шаншып құйрығын, Келді шауып жүйрігім (жылқы)


-Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі-бұлардың барлығын не деп айтамыз?

-Төрт-түлік

-Төрт-түліктің қандай пайдасы бар?

-Еті, сүті, жүні мен терісі, көлік яғни жесе-тамақ, кисе-киім, ішсе-сусын, мінсе-көлік.

-Малдың төлін сұрау

-Бота, құлын, қозы, лақ, бұзау.

Кітаппен жұмыс:

Малды көктемде бағып-күту. Мәтінді тізбектей оқу. Мәтінмен жұмыс

-Көктемде малдар не істейді?

-Көктемде малдар төлдейді.

-Оларды қалай төлдетеді?

-Арнаулы қорада төлдетеді.

-Жас төлдерді қалай бағып күтеді?

-Кейде оларды қосымша қоректендіреді.

-Мал қалай семіреді?

-Жаңа шыққан көкті жеген мал тез семіреді.

Сергіту сәті:

-Ал, көктемде жабайы аңдар не істейді?

-Олар ұйқыдан оянады.

-Қоректерін қалай табады?

-Көктей бастаған өсімдік пен бунақденелілерді іздеп күні бойы орман кезеді.

-Қыстан қалай шығады?

-Қыстан әрең шығады.

hello_html_m3923b835.gif













Ү. Жаңа сабақты бекіту

Төрт-түлікке байланысты тыйым сөздер


Мал атасы

Қой атасы-Шопан ата

Жылқы атасы-Қамбар ата

Ешкі иесі-Сексек ата

Түие атасы-Ойсылқара

Сиыр иесі-Зеңгі баба


ҮІ. Сабақты қорытыдылау

Тапсырманы орындап болғаннан кейін әр оқушы шығып жазғандарын қорғайды.

Дыбыстық жұмбақ шешу


ҮІІ. Үйге тапсырма: мәтінді оқу


ҮІІІ. Бағалау.



















Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: бейнелеу өнері

Күні: 20.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақ тақырыбы: Қағаз бен картонды бүктеу, кесу, жұмсарту
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қағаздан дайындалған бұйымдарды көрсетіп, жасалу жолдарын түсіндіру. Қағаздың бүктеу тәсілдерін үйрету, бүктелген үшбұрыштарды құрастырып бейнеге айналдыру барысында икемділігін, шеберлігін дамыту. Эстетикалық талғаммен ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік, әңгімелеу
Көрнекіліктер: дайын бұйымдар, нұсқау карта, мақал - мәтелдер, суреттер, екі түсті қағаз А - 4, қайшы, дәптер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Мұғалім сөзі:
- Оқушылар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қағазды бүктеу арқылы құрастырылған бұйымдар жасау. Қайшымен жұмыс жасайтын еңбек қауіпсіздік ережесін еске түсірейік. Сабағымыздың негізгі мақсаты: қағазды тең бөліктерге бөліп бүктеп, құрастырып бұйым жасау. Қағазды бүктеп бейнеге айналдыру өнерін – оригами деп атайды. Бұл өнер Жапонияда пайда болған. Жапондықтар қағазды қолданудың көптеген тәсілдерін ойлап тапқан.
Қағаз

Жазу жазады
Бүктеу арқылы бұйымдар жасайды
Кескіндемелер салады
Ыдыс - аяқтар жасайды

ІІ. Жаңа сабақ

Оригами өнеріне қағаз парақтарын желім пайдаланбай - ақ бейнені бүктеу арқылы жасау тән. Осы өнерді игеру арқылы кез - келген бейнені жасап алуға болады. Мына суреттерге назар аударайық. Қағаздан түрлі бұйымдар дайындалған: торт, аққу, айдаһар, шырша, аяз - ата, қоян, үкі. Бұл бұйымдарды сувенир ретінде мерекелерде сыйға тартуға болады.

ІІІ. Сарамандық жұмыс: үкінің бейнесін құрастыру.
І сызба. Қағазды бүктеу тәсілдер,.
ІІ сызба. Құрастыру тәсілдері
- Бұл жұмысқа екі түсті қағаз пайдаланылады. Барлығы 430 үшбұрыш дайындалады. Енді жасалу ретіне тоқталамыз.

1. Қағазды көлденеңнен ортасынан 2 - ге бүктейміз.
2. Тігінен ортасынан 2 - ге бүктейміз.
3. Екі бұрышын ортаға бүктейміз.
4. Қағаздың екі аяқ жағын бүктейміз.
5. Екі бұрышын бүктейміз.
6. Үшбұрыш дайын
- Осы үшбұрыштарды алдын ала дайындап аламыз. Үкіні құрастыру үшін 1 қатарға 20 не 30 үшбұрыш керек. 2 қатардан бастап, 1 ақ үшбұрыш қосамыз. Келесі қатар осылай жалғаса береді. Дайын болған бұйымды ортаға қоямыз.

Сергіту сәті:
Мақал - мәтелдердің ұйқасын табу керек.
Жұмысты әрі қарай жалғастыру, әр оқушыға жекелеп көмек көрсетіп, жұмыс жасау барысын бақ
ылау.

ІҮ. Сабақты қорытындылау
1. Сабақ ұнады ма? Қандай қиындықтар кездесті?
2. Оригами өнері деніміз не?
3. Бұл өнер қай елде пайда болған?
4. Қағаздан тағы да қандай бұйымдар жасауға болады?

Ү. Үйге тапсырма: жұмысты аяқтау.


ҮІ. Бағалау





















Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: еңбекке баулу

Күні: 22.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Геометриялық фигураларды қолданып мата түрлерінен компазиция құрастыру

Сабақтың мақсаты: матадан жапсырмалар арқылы түрлі аппликациялар дайындауға үйрету; Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекілігі: үлгі шаблон

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа әзірлік


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Тор тігіс, сабақша тәрізді тігіс.

Тақырыпты оқыту.

Мазмұнын сұрау.


ІІІ. Өткенді пысықтау.

Сұрақтар қоя отырып, пысықтау.


ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 

Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Матадан жапсырмалар арқылы түрлі аппликациялар дайындауға үйрету; Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.


Ү. Жаңа сабақ. 

Оқулықпен жұмыс.

Жапсырмалау аппликациясы үй перделерін, панно, клем және киімдерді әшекейлегенде пайдаланылады. Оның түрі көп. Қағазға, матаға желімдеу немесе тігілу арқылы жапсырылынады.  Қиықтардын да құрастыруға болады. Жиектерін торлап тігіп ою-өрнектермен жасауға болады. ә/ Тақырыпты оқу іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу


ҮІ. Білімдерін тексеру: 

Сұрақтарға жауап алу: Аппликация деген не? аппликацияның қандай түрлерін білесің? Матаға жапсырылған аппликация мен қағазға жапсырылған аппликацияның айырмашылығы не?

Түрлі  түсті қағаздан, матадан аппликация жасау суретін салу.


ҮІ. Қорыту.

Бүгін не білдік?

Ұқыптылыққа, әдемілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу.


ҮІІІ. Үйге тапсырма:

Аяқталмаған жұмысты аяқтаау


ІХ. Бағалау.

Көрме арқылы бағалау






































Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: еңбекке баулу

Күні: 23.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Орыс халқының ою-өрнектері

Сабақтыңмақсаты: Орыс халқының ою-өрнектерімен таныстыру.   Еңбек мәдениетін көтеруге баулу. Эстетикалық тәрбие беру. Өнерге деген құштарлығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекілігі: үлгі шаблон

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік.


Сабақтың мазмұны:

 І. Ұйымдастыру: 

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

Орыс халқының ою-өрнектерімен таныстыру.   Еңбек мәдениетін көтеруге баулу. Эстетикалық тәрбие беру. Өнерге деген құштарлығын арттыру.


ІІІ. Жаңа сабақ. 

а)   Түсіндіру.Әр халықтың өзіне тән бір  ұлттық ерекшелігі болады екен. Мысалы киім киюінде, ас әзірлеуінде, немесе сәндік бұйымдар жасауында. Мысалы мынадай ойыншықтарына қарап, оларқарапайым, бірақ өте сәнді екенін көріп тұрмыз. Мұндай ойыншықтарды,ермексаздан  немесе саздан жасауға да болады Олар  филимоновтықойыншықтар деп аталады.Оған салынған ою-өрнектеріне назар аударайық:


hello_html_6b1a91bb.jpg

ә) Өзіміз осындай ойыншық жасап көрейік.


Сарамандық жұмыс


hello_html_38de462f.jpg hello_html_m5129fbf9.png


ІҮ. Білімді бекіту.

-Филимоновтық ойыншықта не бейнеленген.?

- Қалып үлгі (1 2 3 4) бойынша қағаздан аппликация құрастыру.


Ү.Сабақты қорытындылау: 

Біз нені үйрендік?


ҮІ. Үйге тапсырма беру

Орыс халқының ою-өрнектері туралы мәлімет жинап келу


ҮІІ. Бағалау

Көрме ұйымдастырып бағалау.






















Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: музыка

Күні: 18.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: АҚ МАМАМ

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «Ақ мамам »әнімен таныстыру. Оқушыларды әуен,дыбыс сезіну қабілеттерін дамыту. Оқушыларды бірін-бірі тыңдай білуге ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: көрнекілік, әуенді, ән айту әдістері

Көрнекілігі: Оқулық, үнтаспа,суреттер


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа даярлау мақсатында ноталарды еске түсіру


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Бесік жырының сөзін жаттау

Оқушылардын әннің сөзін жатқа сұрап шығамын.

Бесік жырын әуеннің сүйемелдеуімен айту


ІІІ. Жаңа сабық

«Ақ мамам» әні

Әнді үйрену бір сәтте болатын шаруа емес, сондықтан оқушылар тез үйреніп кетпеді деп қынжылмаңыз. Бір күннің ішінде әннің сөзін жаттап алыңдар деген талапты да оқушыларға қоюға болмайды.

Өз тәжірибемізде біз әнді екі жолдан немесе шумақтап есте сақтауға бағытталған жұмыстар жүргіземіз (бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне де байланысты).

Жұмыс барысы:

Бір әнді үйренуге әр сабақта 5-10 минут шамасында жұмыс жүргізіп отырамыз

Оқушылармен бірге әнді тыңдау.

Таңдап алынған шумағын немесе екі жолының мазмұнын түсіндіру, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

Хормен, сонан соң жеке-жеке қайталату.

Әннің ырғағымен қайталату.

Әнді әр сабақтың басында немесе соңында қайталату.

Оқушылар әнді жақсы үйреніп алды деген кезде сынып сағатында, ата-аналардың қатысуымен өткізілетін мектеп іс-шараларында орындатуға болады.




ІҮ. Ән тыңдау

Ақ мама әні

Ел жатқанда жатпаған

Мен деп тыным таппаған

Бақыты үшін баланың

Аман сау бол ақ мамам


Қайырмасы:

Күлімдеген көзіңнен

Күн мейірімі сезілген

Бұл жалғанда балаға

Жақын жан жоқ өзіңнен


Орындап жүрген әндердің бәрі сөз бен әуеннен құралған.

Әрбір сөз әріптерден құралса ,әуен музыкалық дыбыстардан тұрады.

Музыкалық дыбыстар биік немесе төмен болып орналаса береді.


Ү. Сабақты қорытындылау:

Сұрақтар қою,әнді қайталау

- Музыкада ән айту үшін нені білу қажет?

- Музыкада неше дыбыс бар?

- Музыкалық дыбыс дегеніміз не?

- Шулы дыбыс дегеніміз не?

- Ноталардың салу жолын тақтаға салып беріңіздерші?

- Нота кілтін қалай салады?

- Неше нота сызығы болады?

- Жарайсыңдар


ҮІ. Үйге тапсырма:

Әжелер туралы 4 жол өлең жазып келу


ҮІІ. Бағалау:

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау












Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: өзін-өзі тану

Күні: 23.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық құпиялары

Сабақтың мақсаты: Денсаулықты сақтау, нығайту қжеттігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықты нығайтуға қызығушылығын арттыру

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


Шаттық шеңбері

Айналдым сенен, Атамекен-ай!

Кең далам! Толғанайын! Толғайын!

Домбырам қолға алайын, Жырлайын.

Қазағымның даласындай,

Көзімнің қарасындай,

Айналдым сені-ай, Атамекен-ай!

Теңіздей тебірендім, тербедің.

Сапарда сағынышым сен менің.

Дүние-ай, сырларындай,

Мөлдіреп тұнғанындай,

Сағындым сені-ай, Атамекен-ай!

Сағыныш мұңдарыңдай,

Айналдым сені-ай, Атамекен-ай!

Атамекен деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

Сенің атамекенің несімен көрікті?

Табиғаттың қандай құбылысы ұнайды?

  

Атамекен аясы – адамның жан саясы.

Халық даналығы


Қарлығаштың ұясы

Кәдуілгі балшықтан өрілген қарлығаштың ұясы.

 Ұяны бұзсақ қайтеді? – деді көрші қыз. Гүлжамал ойланып та үлгермеді. Ұзын бойлы қыз қолындағы таяқты шірене сілтегенде, тебетей сияқты балшық қақ бөлініп, жерге құлады. Сырт көзге ғана үлкен адамның уысындай.

Ал ішінде қауым тіршілік, дүйім дүние. Жүн-жұрқа, мамық баяу қалқып, ауада көлбей тұрып алды. Сол ортада көрші қыз ғайып болды. Гүлжамал бесіктен аударылғандай бей-берекет күй кешкен балапандарға ұмтылды. Жарық дүниеден үміттенгендеріне көмегін көрсетуге әрекеттенгенінде, екі қарлығаш та сарайға енді. Біреуі бөлмеде аялдап, екіншісі ізінше кері ұшып кетті де, көрші үйлерден топ қарлығашты ілестіре жетті. Құстар мұншалықты ұйымшыл болар ма? Қолға түскен қарақшы қызды олар ортаға алып, қанаттарымен сабалап жүр. «Бейбіт тыныштығымызды бұзған қандай әдепсіз бала едің? Сен де ұлы адамзаттың ұрпағымын дейсің-ау!»деп кінәлап, сөгетіндей. Қызының ойбайлаған дауысын естіп, арашаға ұмтылған анасынан шошынып қарлығаштар бөлмені босатты.

 Ау, мұның не, қызым?

 Астан-кестен дүниені байқап, апасының түрі бұзылды.

 Апа, менің жазығым жоқ. Екі көзі боталап, шырқырағанына қарамай жазасын берді.

 Енді көр де тұр, қарлығаш сенің үйіңе ұя салмайды,  дейді апасы үш балапанды балшық тебетейдің жарты сынығына салып жатып.

Апасы ұяны құрастырып, балапандар мысыққа жем болмасын деп, иттің ұясының қасындағы жиюлы отынның үстіне қойды. Балапандар сол арадан жетіліп ұшты.

Апасы сол бір ақылсыз іске араласқаны үшін бір апта бойы Гүлжамалды қасына жатқызбады.

Ең өкініштісі қарлығаштар, бұдан кейін қанша күн өтсе де, бұның үйіне ұя салмады.

 

·     Қарлығаш не үшін үйдің шатырына ұя салды, деп ойлайсыңдар?

·     Гүлжамалдың құрбысының  әрекеті туралы не айтуға болады?

·     Сендер Гүлжамал мен оның құрбысының орнында болсаңдар, не істер едіңдер?

 

Адамның туған жері, өскен ортасы ерекше ыстық болады.

Ата-бабадан ұрпаққа мұра болып қалған құтты қоныс, қасиетті мекенді атамекен деп атайды.

Өздерің тұратын аймақтағы «Қызыл кітапқа» енген жан-жануарлар мен құстар туралы қысқаша әңгіме құрастырыңдар.

 

Табиғатқа қамқорлық жасауға байланысты сөздерді қойып, сөйлемді өз ойларыңмен аяқтаңдар.

1.      Егер мен мұғалім болсам, … .

2.      Егер мен ауыл басшысы болсам, … .

3.      Егер мен орманшы болсам, ... .

4.      Егер мен дәрігер болсам, ... .

5.      Егер мен депутат болсам, ... .


Өс, ұлан!

Сау болсын десең

Он екі мүшең,

Ерте тұр!

Құлақ түр,

Тыңда сыр.

Жапырақтар жырлар,

Гүлдер сыбырлар.

Күн нұрын күт!

Таза ауа жұт –

Бойыңа құт.

Жүгір,

Селмен жарысып.

Жүгір,

Желмен жарысып.

Нұрға сылан,

Болып қыран

Өс,ұлан!


ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.



























Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: логика әлемі

Күні: 18.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Цифрлар, әріптер, сөздер

Балалардың даму деңгейін анықтау

Сабақтың мақсаты: Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату. Қиялдау,елестетуді дамыту, логикалық қабілеті мен танымдық қабілетін, ой-өрісін, зейінін дамыту. Ізденімпаздыққа, қызығушылыққа, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: «Логика әлемі» оқулығы мен тапсырмаларға арналған дәптері

Сабақтың әдісі: әңгмелесу, сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

Ми гимнастикасы


Ширату

Әкеңнің әкесі -( ата)

Әкеңнің анасы -( әке)

Жасы үлкен құрметті адам -(ақсақал)

Көрген білгені мол ,көп жасаған ер адам -( қария)

Қартайған әйел адам -( кемпір ,кейуана)

Қартайған ер адам -(шал ,қарт)


Тапсырма № 1

Жауабы:Бұлттардың үстінде екі көк ұшақ.Бұлттардың астындағы екі қоңыр ұшақ.Бұлттардан төмен

( астында) үш жасыл ұшақ.


Тапсырма № 2

Жауабы: 358,913,440,732

Бой сергіту.


Тапсырма № 3

Болат машиналарды сөреге орналастырды.Егер ол қызыл машинаны жоғары және төменгі сөреге қоймаса,көк машинаны төменгі сөреге қоймаса,онда ол сары машинаны қай сөреге қояды? Жауабы: Болат жоғары сөреге қөк машина, ортаңғы сөреге қызыл машинаны,,төменгі сөреге сары машинаны орналастырды.


Тапсырма № 4

Қоянның жолында кездескен сандардың бәрін көзбен қосып,ауызша есепте.

hello_html_ad0cfb.jpg


Тапсырма № 5

Дауысты дыбысты ауыстырып, жаңа сөз жаз. Сор- ,топ- , шап- ,сап- ,жаз- ,тең- .

Жауабы : Сор -сыр, топ-теп, шап -шеп,сап-сән,жаз-жез.тең-тоң,


Тапсырма № 6

Жауабы: а) Ваннада шомылып жатқан қоян.

ә) Әткеншекте отырған бала.


Тапсырма № 7

Жауабы: а) Жоқ. Өйткені екі күннің арасында түн бар.

ә) Қайыңда жапырақ өспейді.

б) Тақырбас

в) 20 үй.Өйткені ол көшенің бір жақ бетіндегі үйлерді екі рет қайталап санады.


Қорытынды:

Тапсырмалар түсінікті болды ма?

Қиын тапсырмалар кездескен жоқпа?

Сонда бүгін балалар, не туралы өттік, неге байланысты тапсырмалар орындадыңдар? Жақсы, олай болса біз өзіміздің мақсатымызға жеттік.









Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: қызықты грамматика

Күні: 19.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері

Сабақтың мақсаты:Сөйлемдегі сөздердің байланысы, олардың құрамы туралы түсінік беру. Қамқорлақ мәтінінің мәнін ашу. Ой өрісін, есте сақтау, байланыстырып сөйлеу дағдысын арттыру. Көркем де сауатты жазуға баулу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: тақырыптық сурет, қима қағаз

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, талдау, ізденіс, комментарий.


Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.


II.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі

Мәтін дегеніміз не?

Мәтіннің қандай түрлері болады?

Мәтіндегі әрбір ой қандай жолдан бастап жазылады?


IV. Мақсат қою кезеңі

Суретпен жұмыс

Сурет мағынасына байланысты тақырып қою

Олай болса бүгінгі сабағымызда қамқорлық, көмек көрсету туралыәңгімелейміз


V. Жаңа тақырып

М м әрпін көркем жазу

Қамқорлық мәтінін оқу

Қамқорлық

Бір топ бала келе жатты. Жолда әлсіреген балапан жатыр.Балапан жараланған екен. Балалар балапанды үйнге алып келді. Оған жылы ұя жасады.

Талдау


Мәтінді көшіріп жазу

Түбір сөздердің астын сызу.

Оқу, біл, айт сөздеріне қосымша қосып жазу


VI. Жаңа материалды пысықтау

Балалар сендерге сабақ ұнады ма? Нені үйрендіңдер?

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: логика әлемі

Күні: 23.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Цифрлар, әріптер, сөздер

Сабақтың мақсаты: Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату. Қиялдау, елестетуді дамыту. Ізденімпаздыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі:

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Сабақтың көрнекілігі:


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

Ми гимнастикасы.


Ширату

Ауаның қозғалысы - (жел)

Жердің серігі -(Ай)

Қойдың төлі-(қозы)

Қосылғыштардың мәні-(қосынды)

Оның алдындығы айдың атын айт-(тамыз)

Соңынан қандай ай келеді-(қазан)

Екі баланың біреуі солға, ал екіншісі оңға қарап тұр.Олар бір бірін көре ме?-(Егер олар қарама - қарсы тұрса көреді )


Тапсырма №1.

Жауабы: көкөніс,жаңалық.

Көңілді үзіліс.

Тапсырма №2.

Суретті мұқият қара.Еш нәрсесі жоқ мысықты тап.Оны айналдыра сыз.

hello_html_m56b40ca8.jpg


Көңілді үзіліс.

Тапсырма №3.

Сутетте неше үшбұрыштар мен төртбұрыштар бар?

hello_html_maedd00b.jpg

Жауабы:


Тапсырма №4.

Жауабы: Сол жақта бас киімсіз гүл ұстап тұрған ұлдың аяқ кимінің бауы.

Қолмен саусаққа арналған жаттығулар.


Тапсырма №5.

Жауабы: Ерсін Елтайдың немерес. Елтай Ерсіннің атасы.


Сабақты қортындылау.


























Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 18.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Мамыр

Сабақтың мақсаты: Сөйлемдегі сөздердің байланысытуралы білімдерін меңгеру. Тапсырмалар орындау барысында жаңа білімдерін одан әрі  дамыту. Сауатты,көркем жазу дағдысын қалыптастыру, әдемі сөйлей білуге баулу,ой-өрісін кеңейту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу


Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.


II.Үй тапсырмасын сұрау:

Үйге берілген тапсырмаларды сұрап пысықтау.


III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:

Өткен сабақты қайталап, жаңа сабақпен байланыстыру.Сөйлем дегеніміз не?Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріптен басталып жазылады?


IV. Мақсат қою кезеңі:

Сөйлемде қандай тыныс белгілеріқойылғанАлақай, анам келе жатыр!Сөйлемде неше сөз бар?

Сөйлемдегі сөздердің байланысытуралы білімдерін меңгеру. Тапсырмалар орындау барысында жаңа білімдерін одан әрі  дамыту. Сауатты,көркем жазу дағдысын қалыптастыру, әдемі сөйлей білуге баулу,ой-өрісін кеңейту.


V. Жаңа сабақ:

- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз күндегідей емес, ерекше.Кәне осы сабағымыздың мақсатын білейік.(плакаттағы ту суретін көрсетіп, жазуы оқылады).

Оқулықтағы 160-жаттығуға көңіл аударылады.

Сергіту сәті

Тақтамен жұмыс

160-жаттығудытақтада орындату.Көк ту желбіреді.Көк ту-ту не істеді?Қандай ту?-көк ту2Ізденушілік тапсырма161-жаттығу-ауызша3.сурет бойынша қысқаша әңгіме жүргізу.- суретте қандай мереке бейнеленген?1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні.


VI.Жаңа материалды пысықтау:

Мамыр Н.ОразалинӨлеңді мәнерлеп оқу.


VII.Сабақты қорытындылау

Карточкаларды2-3 оқушыға таратып беріледі.Сөйлемдегі сөздердің байланысынтабу.Жаңбыр жауды.Күн күркіреді.Балалар жылы киінді.


VIII. Үйге тапсырма

175-бет Мамыр жаттау


ІХ. Бағалау

Оқушылардың кемшілік жетістіктерін ескере отыры бағалаймын


































Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 19.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Қаздарым

Сабақтың мақсаты:  Сөйлемдегі сөздердіңбайланысы тақырыбын қайталата отырып.Сөйлем туралы жетік білуге жаттықтыру. Балалардың сөздік қорынбайыту.ой-өрісін дамыту. Ойлай білуге, ойын толық жеткізе алуға үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:плакаттағы сөздер, карточкалар, сюжеттік ойындар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу


Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.


II.Үй тапсырмасын сұрау:

Үйге берілген тапсырмаларды сұрап пысықтау.


III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:

Сөз ойла.Сөзден сөйлем құрастыру.Сөздердің байланысын айтып беру.Күн жылынды.жел соқты.


IV. Мақсат қою кезеңі:

Сөйлем сөздің байланысын қалай анықтаймыз? Мысалдар келтіру.

Сөйлемдегі сөздердіңбайланысы тақырыбын қайталата отырып.Сөйлем туралы жетік білуге жаттықтыру. Балалардың сөздік қорынбайыту.ой-өрісін дамыту. Ойлай білуге, ойын толық жеткізе алуға үйрету.


V. Жаңа сабақ:

Сурет бойынша сөйлейікМұғалімнің қысқаша түсіндірмесі тақтаға көрнекілікті іліп, көрнекілікке жұмыс жүргізуЖеке әр суретті көрсете отырып сөйлем құрастыру. Сөйлемдегі сөздердің байланысын тапқызуҚарлығаш ұясына қонды.

Сергіту сәті

Оқулықпен жұмыс

162—жаттығу (ауызша талдау)Үлгі Шөп өсті.


Тақтамен жұмыс

Екі оқушыға карточка беріледі, оқып ондағы сөздердің байланысын табыңдар.Көктем келді.Күн ұзарды.


VI.Жаңа материалды пысықтау:

163-жаттығуды жазбаша орындау


VII.Сабақты қорытындылау

Оқулықпен жұмысҚаздарым Қ.ТолыбаевӨлеңді мәнерлеп оқып

Рөлге бөліп оқыту.


VIII. Үйге тапсырма

Әңгіме құрастыру тақырыбы: «Жаз келді»


ІХ. Бағалау

Оқушылардың кемшілік жетістіктерін ескере отыры бағалаймын









































Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 19.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Кино»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өткенге еске түсіре отырып, сөздерді ауызша жазуға, диктантты түсіндіруге, диктант жазыу дағдысын қалыптастыруға баулу. Оқушыларға өзбетімен жұұмыс жасау дағдысын, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруды қалыптастыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтауын, ой өрісін дамыту.

Сабақтың түрі: бекіту сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, талдау

Сабақтың көрнекілігі: диктанттар жинағының оқулығы


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасып, оларға психологиялық дайындық жүргізіп, сабаққа назарларын аударту, құрал – жабдығын ретке келтіру.


Психологиялық дайындық:

Көңіл күй сыйлайық!

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады маған да.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады саған да.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады баршаға.


ІІ. Мақсат қою

Балалар, біз бүгін диктан жазатын боламыз. Диктантты мен бірінші 2-3рет оқып берем, сосын күрделі сөздерді тақтаға жазып қоямыз, мәтінді талдап аламыз, менің сүйемелдеуіммен диктанттыжазамыз.


ІІІ. Диктант жұмысы


Кино
 
Біз сыныбымызбен киноға бардық. Залы кең, биік екен. Залға сегіз жүз кісі сыяды.Оқушылар он бесінші қатарға отырды.Экран үлкен. Кино екі сағат жүрді. ( 24 сөз)


Сан есімді тауып, дыбыстық талдау жаса



ІҮ. Сабақты қорытындылау

Дыбыс дегеніміз не?

Дыбысты нестейміз?

Сөз бен сөзді байланыстыратын тыныс белгі?

Сөйлем мен сөйлемнің байланысуы

Сөйлемнің неше түрлері бар және қандай?


Ү. Үйге тапсырма беру

Ережелерді қайталау


ҮІ. Бағалау

Оқушылардың диктантты орындауларына байланысты бағалаймын





































Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 20.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Мәтін. Жалбыз. Қонжық.
Мақсаты:  Мәтін туралы алғашқы мағлұмат беру, мәтінді түсініп оқуға үйрету, мазмұнын ашу, мәтін мен сөйлемнің айырмашылықтарына тоқталу, оларды айыра білуге үйрету.  Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Пайдалы өсімдік туралы түсінік беру, адам өміріндегі маңызын түсіндіру.  Өсімдіктің пайдасы жайлы айтып, оны күтуге, жалпы туған жердің табиғатын қорғауға баулу. 
Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, әңгімелеу, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, смайликтер т.б

Сабақ барысы: 
І. Ұйымдастыру бөлімі. 
- Балалар, қазір қай жыл мезгілі? 
- Көктем. 
-Көктемде жердегі барлық тіршілікке жан бітеді. Осы табиғаттағы тіршілік иелерінің барлығымен сәлемдесіп алайық! 

ІІ. Жаңа сабақ. 
- Дайын болсақ, орнымызға отыра қояйық. 
- Балалар, тыңдап қарайықшы, бұл ненің даусы? 
(су ағысы, құстар даусы естіліп тұрады.) 
- Қайда болатын құстар? (орманда) 

- Ал орманға барғыларың келе ме? 
- Ал біздің Маңғыстауда орман бар ма? 
Жоқ, балалар. Орман Қазақстанның солтүстігі мен шығыс өңірлерінде бар. 
- Жақсы, балалар, олай болса, ормандағы аңдардың тапсырмаларын орындау арқылы орманға саяхат жасаймыз. Сабаққа өте жақсы қатысқан оқушыларға аңдардың сыйлығы да бар екен. 

1. Тиіннің тапсырмасы. 

- Сурет бойынша не айта аласыңдар? 
Оқушылардың жауабын тыңдау. Бір оқушы жинақтап толық айтып шығады. 
- Бұл сендердің құрағандарың мәтін. Ол бірнеше сөзден құралады. 
- Балалар, өздерің бұл мәтінге қандай ат қояр едіңдер? 
- Сонда балалар, мәтінге ат қоюға болады екен. 

- Олай болса, бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы «Мәтін». 
Балалар, дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күннің жадын жаза қойыңдар. 
Көркем жазу: Жалбыз, қонжық, орман. 

Кеуделеріңді көтеріп, тіке отырып жазыңдар. 

2. Қасқырдың тапсырмасы. 
Ребус шешу. 
- Бүгінгі күннің жадын жазамыз. (Көркем жазу минуты) 

3. Қоянның тапсырмасы. 
164 – жаттығу. Ауызша орындаймыз.Жаттығудың шартын кім оқып жібереді? 
Оқушыларға мәтіндегі сөйлемдерді бір – бірден оқыту. 
- Осы мәтінде неше сөйлем бар? (5) 
- Әр сөйлемде неше сөз бар? 
Жалбыздан жасалатын заттарды көрсету. 
Жалбыз өсетін жерде шыбын – шіркей болмайды.Олар жалбыздың иісіне жоламайды екен. 
- Жақсы, балалар, бәрекелді! Жарайсыңдар! 

4. Аюдың тапсырмасы. 
165 – жаттығу. 
Мәтінді бір жақсы оқитын балаға оқыту. 
- Ал, балалар, осы мәтінде бұрын кездеспеген сөздер бар ма? 
Сөздік жұмыс: Кірекей - аюдың аналығы. 
Біз онымен Дүниетану пәнінде танысқанбыз. 
- Балалар, қонжық, кірекей деген сөздері бар сөйлемдерді тауып, кім тақтаға жазып береді? 
Ал қалған оқушылар дәптерлеріне жазады. 
( 2 оқушыға тақтаға жазады.) 
- Шаршаған жоқсыңдар ма? Олай болса сергіп алайық. 
Сергіту сәті. 
- Ормандағы аюдың 
- Құлпынайы көп екен. 
- Теріп – теріп алайық 
- Қалтамызға салайық. 

5. Түлкінің тапсырмасы. 
«Кім жылдам» ойыны. 
Орман жануарларының суретін салу. Сипаттау. 
- Ормандағы өздеріңе ұнаған аңның сұлбасын бейнелейік. 
- Балалар, түлкі өте қу. Ол қашып кетпей жатқанда тапсырмасын тез орындауымыз керек. 

- Ал осы аңды сипаттап берші. Бұл аң туралы не білесің? 
Бірінші бітірген 1-2 оқушы суретін көрсетіп, салған аңдары туралы сипаттап береді. 

ІІІ. Қорытынды. 
Білемін Не білдім Білгім келеді 

IV. Үйге тапсырма. 
«Орман» тақырыбына әңгіме құра. 
- Ал енді орманнан қайтып келеміз. 

V. Бағалау.

Оқушылардың тапсырмаларды орындауларына байланысты бағалаймын


































Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 21.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Мәтінге ат қою. Тауық

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейте түсу мәтінді талдауға, негізгі ойды табуға ой қорытындысын жасауға, оған өз пікірін, ойын қосуға әрі қарай жалғастыруға, аяқтауға, мәтін құрауға үйрету. Электронды оқулықтардан тапсырмалар орындау. Жаттығу жұмысын орындау барысында оқушының ой-өрісінің дамуына шығармашылықпен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету. Жақсы мінез - құлыққа, еңбекшіл болуға, сөз мағынасын түсініп, байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорын молайтуға жетелеу.
Сөйлеу шеберлігін, мәдениетін қадағалай отырып, өз ана тілін сүюге құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру.
Әдісі: Дамыта оқыту, сұрақ - жауап, ой шабуылы, түсіндіру.
Көрнекілік: Суреттер, тірек сызбалары электронды оқулық тапсырмалары.
Тест.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасып, оларға психологиялық дайындық жүргізіп, сабаққа назарларын аударту, құрал – жабдығын ретке келтіру.


Психологиялық дайындық:

Көңіл күй сыйлайық!

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады маған да.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады саған да.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады баршаға.


ІІ. Мақсат қою

Электронды оқулықтардан тапсырмалар орындау. Жаттығу жұмысын орындау барысында оқушының ой-өрісінің дамуына шығармашылықпен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету. Жақсы мінез - құлыққа, еңбекшіл болуға, сөз мағынасын түсініп, байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорын молайтуға жетелеу.
Сөйлеу шеберлігін, мәдениетін қадағалай отырып, өз ана тілін сүюге құрметтеуге тәрбиелеу.

Қойсаң тығып сақтап,
Сатыр - сұтыр етеді,
Шекеңе тисе өтеді.
Ауызға салсаң лезде
Кәмпиттей еріп кетеді.
Төбемізден төнеді,
Төбемізде төгеді.
Табиғаттың маржаны
Тіпті неткен көп еді
Табанымды жаралап,
Тердім жарды жағалап.
Тізер едім моншақ қып,
Еритіні жаман - ақ!
Дана ағашына ілінген сөздер:

ІІІ. Жаңа сабақ

«Сиқыршы сандық» ойыны арқылы сурет бойынша мәтін құрастырып, Айгөлек журналына жібердік.

«Айгөлек»
Жаз мезгілі. Балалар ойын алаңына келді. Олар екі топқа бөлініп футбол ойнады. Жарас бастаған топ жеңіске жетті. Ойын өте қызықты болды. (әңгімелеу).

«Балдырған»
Өсімдік тірі табиғат. Өйткені ол өнеді, өледі. Айман бөлмесіне гүл өсірді. Гүл әдемілік үшін ғана емес, таза ауасын береді. (пайымдау).

«Мөлдір бұлақ»
Піл үлкен, биік жануар. Тұмсығы ұзын, құлағы үлкен, табаны жалпақ. Терісі қалың. Оған жүк артады, әрі адамдар көлік қылып мінеді. Салмағы ауыр.

«Тіл ашар»
166-жаттығу Тауық

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

Электронды оқулықтан оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында қызықты жұмбақтар шешілді.
1. Өзі түзу, ізі қисық бір аттың, өшпес ізін бала кезден ұнаттым.
(қалам мен жазу)
2. Көлдің ортасынан не табасың?
Жердің ортасынан не табасың?
(Ө және Е әріптері)
3. Құдықтың ортасында не бар?
Құрықтың ортасында не бар?
(Д және Р әріптері)
4. Балықта бар да, нан да жоқ,
Халықта бар да, ханда жоқ. (Л әрпі)

Ү. Сабақты қорытындылау

Тест жұмыстары арқылы қорытындыланады.
1. Мәтіннің қандай түрлері болады?
а) Әңгімелеу, сипаттау, көркемдеу.
б) Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау. +
в) Пайымдау, дәлелдеу, түсіндіру.
2. Бірыңғай жіңішке айтылатын сөзді тап:
а) жапырақ.
б) инелік +
в) құлыншақ.
3. Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата:
а) б, в, г, ғ, д, ж, з. +
б) р, л, и, у, м, н, ң.
в) п, ф, к, қ, т, с, ш.
4. Көптік жалғауы жалғанған зат есімді белгіле:
а) зейнеткер
б) зейнеткерім
в) зейнеткерлер +
5. Құттықтау мәтінін таңда:
а) Біз демалуға орманға бардық.
б) Денсаулық, бақыт тілеймін. +
в) Біздің халқымыз бақытты.


ҮІ. Үйге тапсырма беру

167-жаттығу оқу. Ереже жаттау


ҮІІ. Бағалау

Оқушылардың тапсырмаларды орындауларына байланысты бағалаймын
















Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 21.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Мәтін. Жиде. Бұғы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың логикалық мағынасын бұзбай мәтін құрастыруға мазмұнына лайық ат қоюға үйрету, мәтін түрлерімен таныстыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру. Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру. Туған жерін қастерлеуге, адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу. Еңбекке баулу.Үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Сөйлем , суреттер, карточкалар, электронды оқулық


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.


ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс:

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

167-жаттығу. Мәтінді оқып түсін. Ереже жаттау.


(Ереже:) Мәтін жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтінге ат қоюға болады.







ІІІ. Жаңа сабақ.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Мәтін сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті


--------------------------------------------------------------------

(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі)


168─жаттығу. 1. Мәтінде неше сөйлем бар? 2. Мәтіннен жиде туралы айтылған сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

Жиде

Жиде ─ жемістің бір түрі. Жиде ағаштары бақта өсіріледі. Біз мектеп ауласына жиде ағашын отырғыздық. Оны суарып, күтеміз. Жиде піскенде, оның жемісін жейміз.






169─жаттығу. 1. Мәтінді түсініп оқыңдар. 2. Мәтіндегі мағынасы түсініксіз сөздерді табыңдар.

Бұғы


Бұғы ─ аша тұяқты жануар. Оның мүйізі тармақтанып өседі. Олар солтүстікте, орманды, таулы жерлерде болады. Солтүстік бұғысы суыққа төзімді, қарға көп батпай жүре алады. Сондықтан оны шанаға жегіп, көлік ретінде пайдаланады. Бұғылар мүк, қына сияқты шөптерді жейді. Тұяғымен қар теуіп жайылады.

Шығыс Қазақстан жерінде де бұғы өсіріледі.



ІҮ. Сабақты қорытындылау

Біз не білдік?

Талқылау.


Ү. Үйге тапсырма:

168-169 жаттығу оқу. Ереже жаттау


ҮІ. Бағалау

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау



















Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 22.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Мәтін. Жиде. Бұғы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың логикалық мағынасын бұзбай мәтін құрастыруға мазмұнына лайық ат қоюға үйрету, мәтін түрлерімен таныстыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру. Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру. Туған жерін қастерлеуге, адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу. Еңбекке баулу.Үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Сөйлем , суреттер, қи мақағазар, электронды оқулық

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.


ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс:

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

168-169 жаттығу оқыту. Жиде мен бұғыға екі ассоция жасау.


hello_html_33300926.gif

Ереже сұрау.

(Ереже:) Мәтін жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтінге ат қоюға болады.







ІІІ. Жаңа сабақ.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Мәтін сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті


--------------------------------------------------------------------

(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі)



170─жаттығу. 1. Мәтінді оқыңдар. 2. Мәтінге басқа қандай ат қоюға болады?


Сілеусін


Сілеусін ─ азулы, тырнақты, мықты аң. Теңбіл шұбар түсті, аяқтары балғадай, құлақтарының ұшы шашақты, көзі өткір. Орманның дәу мысығы ─ осы сілеусін. Ол елік, суырларды аулайды. Сілеусін ─ өте сақ, қауіпті аң.

З. Иманбаев



171─жаттығу. 1. Мәтінді оқыңдар.


Әжемнің көзі жақсы көрмейді. Ол инеге жіпті сабақтай алмайды. Инеге жіпті мен сабақтап беремін. Әжем мені: «Сен менің жарығымсың, көзімсің» деп, жақсы көреді.


2. Осы мәтіннің негізінде өздерің әңгіме құрастырыңдар.

Сергіту сәті.


- Мәтін туралы не білесіңдер?


ІҮ. Сабақты қорытындылау

Біз не білдік?

Талқылау.


Ү. Үйге тапсырма: Барлық ережелерді еске түсіріп жаттау


Ү. Бағалау

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау














Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 23.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді жатқа жазу

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың логикалық мағынасын бұзбай мәтін құрастыруға мазмұнына лайық ат қоюға үйрету, мәтін түрлерімен таныстыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру. Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру. Туған жерін қастерлеуге, адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу. Еңбекке баулу.Үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: бекіту сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Сөйлем , суреттер, қи мақағазар, электронды оқулық


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасып, оларға психологиялық дайындық жүргізіп, сабаққа назарларын аударту, құрал – жабдығын ретке келтіру.


Психологиялық дайындық:

Көңіл күй сыйлайық!

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады маған да.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады саған да.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады баршаға.


ІІ. Мақсат қою

Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру. Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру. Туған жерін қастерлеуге, адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу. Еңбекке баулу.Үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.


ІІІ. Жаңа сабақ

-Балалар біз бүгін мәтіндерді жатқа жазатын боламыз. Қазір мен слайдтан мәтінді көрсетемін (үлкейтілген түрімен тақтаға жазамын) сол мәтінді бірнеше рет қайталап оқып. Жатқа жазатын боламыз.


1-тапсырма

Сілеусін ─ азулы, тырнақты, мықты аң. Теңбіл шұбар түсті, аяқтары балғадай, құлақтарының ұшы шашақты, көзі өткір. Орманның дәу мысығы ─ осы сілеусін. Ол елік, суырларды аулайды. Сілеусін ─ өте сақ, қауіпті аң.


2-тапсырма

Жиде ─ жемістің бір түрі. Жиде ағаштары бақта өсіріледі. Біз мектеп ауласына жиде ағашын отырғыздық. Оны суарып, күтеміз. Жиде піскенде, оның жемісін жейміз.


3-тапсырма

Бұл тапсырмада балалар мен тақьаға бір сурет ілем. Сол суретті ыңгімелеп дәптерге жазамыз.


hello_html_18534a41.jpg


ІҮ. Сабақты қорытындылау

  • Балалар тапсырмалар түсінікті болды ма?

  • Мәтіндер туралы ойларың қалай?

  • Мәтін дегеніміз не?


Ү. Үйге тапсырма беру

Ережелерді жаттау


ҮІ. Бағалау

Кемшілік, жетістіктерін ескере отырып мадақтап бағалау.

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-037817
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>