Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / 28.12.2015-29.12.2015 1-сынып сабақ жоспары
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

28.12.2015-29.12.2015 1-сынып сабақ жоспары

библиотека
материалов

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 28.12.2015

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Ата, бата.

Сабақтың мақсаты: Бата туралы түсінік беру. Оқуға ынтасын арттыру. Оқушылардың ой-өрісін дамыту. Өлеңді мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру. Мағжан Жұмабаев туралы түсінік беру. Өлеңнің мәнін түсніуге үйрету, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: көрнекілік, әңгімелесу, сұрақ-жауап, коментарий

Көрнекілігі: кеспе қағаздар, оқулық, дәптер, әдістемелік құрал, сурет


Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

- Сәлеметсідерме балалар

- Қалдарың қалай?

- Бүгінгі сабаққа дайынбыз ба?


Психологиялық дайындық

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай ағаштан

Су құйғанда өседі.

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Беске-бесті қосқанда

Болады сонда он саусақ


ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталау

Жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтел айтқызу.

Оқу білім бұлағы

Білім өмір шырағы


Күш – білімді


Талаптыға нұр жауар


Өнерлі өрге жүзеді


Еңбек түбі береке



Оқуға салақтар

Тек кітап парақтар

Сабақта алақтар

Далада далақтар


Қаштым қатты-ақ

Ұшты қалпақ

Балақ сатпақ

Аяқ батпақ


ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Бата туралы түсінік беру. Оқуға ынтасын арттыру. Оқушылардың ой-өрісін дамыту. Өлеңді мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру. Мағжан Жұмабаев туралы түсінік беру. Өлеңнің мәнін түсніуге үйрету, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру.


ІҮ. Жаңа сабақ

а) Бата туралы мағлұмат беру.

Бата беру- адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастархан басында, түрлі жиын тойларды, т.б адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай ақ, ұийын сапар, алыс сапар аттанған азаматтарына, ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне көпті көрген ақақалдар мен кемеңгер де, билер болып келеді. Бата қысылғанда қуат, қиналғанда медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып бәле жалада қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз тілексіз өмір болмайды. «Бата мен ер көгерер, жаңбырмен жер көгерер» деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қиысы айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық бата тілегі болады.


ә) « Ата, бата.» мәнерлеп оқу.

Мектептен қайтты Марияш,

Әліппесі қолында.

Шақырды оны атасы,

-Кел, құлыным, кел мұнда.

Марияш келді «Ата!»-деп,

«Ата, берші бата»-деп.

-« Бата!»десең, қарт атаң,

Айналсын сендей ботасын!

Оқы, құлыным, ғалым бол,

Атаң берді батасын!


б) М. Жұмабаев туралы түсінік

Мағжан Жұмабаев (Әбілмағжан) Бекенұлы 25 маусымда 1893 жылы СҚО дүниеге келген. Атасы Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауат ашып, 1905-1910 жылдары Петропавл №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды.


Сергіту сәті

Бейнебаян арқылы сергіту сәтін жасайды. Ноутбуктен бейнежаттығуларды көрсетіп сол қимылдарды бірге жасау.


В) Дәптермен жұмыс

Көру диктанты

Балалар, кітап, жаңылтпаш, өлеңдер, адамдар.


Сөздік диктанты

Көз, мен, балалар, дала, джаңбыр, қар, аспан, көк, оқулықтар.


Өз бетімен жұмыс

Ба-а, кіт-п, дә-тер, әл-ппе, бө-ме, ашы-, -ала.


ІҮ.Сабақ қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік?






























Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 29.12.2015

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты: сауат ашу пәнінен алған білімдерін пысықтау. Дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем туралы түсініктерін тиянақтау. Сөзді буындап, тұтас оқу дағдыларын одан әрі қалыптастыру. Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа баулу. Оқушылардың таным қабілеттерін, байланыстыра сөйлеу дағдысын дамыту.
Сабақтың түрі: қайталау
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, ойын

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру

Амандасу сабаққа назарын аудару


Психологиялық дайындық
- Бүгін аптаның қай күні?
- Жұма
Жұма күні сәтті болсын,
Күніміз тек жақсы болсын.
Жақсы білім алайық,
Үлкендерді сыйлайық.
Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.

ІІ. Өткен әріптерді қайталау.
1.«Қар үйіндісі» ойыны
- Қардан нелер жасауға болады?
- Аққала, т. б.
- Ендеше, аққала жасайық. Ол үшін қардың тапсырмаларын дұрыс орындайық.
Оқушылар алдарына қар қиындылары беріледі. Сол қардағы жазылған әріптерді атап, дыбыс түріне ажыратады.

Осы әріптен басталатын сөз ойлап айт.

- Дыбыс дегеніміз?
- Әріп дегеніміз?
- Буын дегеніміз?
- Қазақ тілінде дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дыбыстарды қалай ажыратуға болады?
2. Көркем жазу минуты
Аққала аққала аққала

3. Жұптық жұмыс
- Қыс мезгіліндегі қандай ойын түрлерін білесіңдер?

Жұмбақ
Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым. (шаңғы)
- Ендеше, жұбымызбен бірге шаңғы тебеміз.

Тапсырма.
Буындардан сөз құрау.
1. Ұш 2. Қыш
3 жа 4. Рыс
- Сөзде неше әріп, неше дыбыс, буын бар.
- Осы сөзді қатыстырып сөйлем құрастыр.
4. Тақтамен жұмыс
Сөздерді тақтаға жазғызу.
5 Жұмбақ.
Зулап түсіп төменге,
Шықпас менсіз төбеге

6.«Сөз ойла, тез ойла»
Сағат - тарақ - қала - алма

7. Мәтінмен жұмыс Тізбек бойынша оқыту.
1 қатар 2 қатар 3 қатар
«Қар» «Қыс» «Аққала»
- Мәтін не туралы айтылған?
- Қыста қандай өзгерістер болады?

8. Қосымша жұмыс
1. Адасқан әріптер
А ш а н - р а қ - л м а а –
2. Сөйлемді көшіріп жаз
Қыс келді. Қар жауды. Мұз қатты.
3. Жоғалған әріпті тап.
Жуса......,... дыс,...... па, тағ......, бұза....
4. Суретті жұмбақ
5. Не? Нелер?
Қозы - қозы....
Әріп - әріп.......
Сергіту сәті.
- Балалар осы қыс мезгілінде тонын ауыстыратын қандай жануарды білесіңдер? Не себепті ауыстырады екен деп ойлайсыңдар?
«Сұр қоян» өлеңін қимылмен көрсету.
Суретті диктант

шана, мұз, қар, аққала суреттері ілінеді. Оқушылар дәптерге атауларын жазады.

ІІІ. Сабақты бекіту.
- Бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Қыс мезгілінде қандай мерекелер бар?
- Жаңа жылда не күтесіңдер?
Балаларды мадақтап сыйлықтар тарату

































Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 29.12.2015

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Тақырыбы: Қайталау

Мақсаты: Дыбыстары мен әріптері туралы алған білімдерін тиянақтау. Осы дыбыстар бар сөздерді оқыту арқылы, дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Бағандағы сөздермен мәтінді оқыту арқылы, оқу дағдыларын арттыру. Осы әріптер бар сөздерді жаздыру, тақтадан дәптерге көшіру арқылы әдемі, қатесіз, үзбей жазуға баулу. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: кеспе әріптер, буындар, суреттер.

Түрі: Қайталау

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру.

Амандасу. Оқушылардың назарын аудару


Психологиялық дайындық.

Таң шапағы арайлап

Дала нұрға боялды.

Балалардың барлығы

Ұйқысынан оянды.


ІІ. Өткенге шолу

а) «Гүл өсіремін үйде» өлеңін хормен айту.

Гүл өсірем үйде Бойын сылап күледі.

Су құямын күнде. Күнде гүлін ашады,

Гүл күткенді біледі, Жұпарын маған шашады.

ә) Өткен дыбыстарды қайталау. а,о,у,ұ,ы,е,і,ә,и,ө,ү – дауысты дыбыстар.

Т,п,н,ғ,р,л,ш,й,қ,д,м,б,с,ж,ң,к,з,г - дауыссыз дыбыстар.

Мұғалім әріптерді көрсетеді, балалар атайды, көк немесе қызыл текшені көтереді.

б) Жаңылтпаш айту.


Оқулықпен жұмыс:

Бағандағы сөздерді тізбектеп оқыту,

а) Егін, егеу, егіз, сегіз, кереге, бетеге,шеге,неге,шеңгел, мезгіл,

Бәйге, мәре, мерген, дәрігер, ертегі, әңгіме, жүгері, жүген, Шеген, Төлеген

ә)«Ақан сері» мәтінін тізбектеп оқыту.


Суретпен жұмыс:

Суретке қарап әңгімелеу.

Ауылда ат жарысы болды. Ақан тұлпарға мініп, бәйгеге қатысты. Ол бәйгеден озып келіп, жеңіске жетті.

в)Суретке қарап сөйлемер құрау.

Мынау үкі. Үкі дала құсы. Ол орманда тіршілік етеді. Үкі түнде жақсы көреді.

Мынау дала гүлдері. Гүлдер өте әдемі. Мен гүлді анама, мұғалімге сыйлаймын.


Сергіту сәті

Ұзын қанат инелік,

Ұшақты біз жасадық

Инелікке тимелік

Инеліктен үйреніп.


Дәптермен жұмыс: үлгі дәптерге көгершін, құлагер сөздерін көшіріп жазу.

әже, сән, әріп , киім, тұз, таза, сөз, төл, күз сөздерін тақтаға жазып дәптерге көшіру


ІII. Бекіту.

Сөзжұмбақты шешу.

Ай гүл, Гүл сім, Нұр гүл суреттерге қарап сөзжұмбақты шешеді.

Айгүл, Гүлсім,Нұргүл сөздерін кеспе әріппен жазады.

Дәптерге көшіреді.

Ойын: «Шынжыр» Мұғалім бір сөз атайды, аяқталған әріптен жалғастырып сөз айтады.


ІV. Қорытындылау: Балалар бүгін біз не білдік?

Өткен дыбыстарды қайталадық.

Ә,И,Ө,Ү – жіңішке дауысты дыбыстар , З, Г - дауыссыз дыбыстар



















Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 28.12.2015

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы : 7 санын қосу және азайту

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қосу және азайтуды тиімді әдістерін пайдалана отырып, есептер шығара білуге үйрету. Оқушылардың логикалық қабілеттерін, есте сақтау, есептей білу дағдыларын дамыту. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Типі: жаңа білім беру сабағы

Әдіс-тәсілдері: сұрақ –жауап, түсіндіру, көрсету.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Психологикалық дайындық:

Үлкенге де сіз,

Кішігеде сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.


ІІ. Мақсат қою

Мақсаты: 7 санын қосу және азайтуды, есептерді дұрыс шығара білуге үйрету.

  • Сабағымызды 7 кезеңге бөліп өтеміз. Ата тегімізді жақсылап білу үшін 7 атаны алып отырмыз.

  • Ал олай болса 7 атамызды атап өтейікші. Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Туажат


ІІІ. Жаңа сабақ

1 «Әке»

-Әке туралы қандай мақал білесіңдер?

1)Әкең -асыл қазынаң.

2)Аға іні асқар тауың.


4+2+3=10

7-5+1=3

5+4-7=10

9-6-2=1

10+0-7=3

4-3+8=9

-Дұрыс балалар үй тапсырмасын орындап келіпсіңдер. Үй тапсырмасын қорытындылай келе «Кім жылдам» ойынын ойнаймыз

5+3 2+5 9-3 10-3


2 «Бала»

Мақалдар айтқызу

1. 1+7=8

2+7=9

3+7=10

Ереже: қосылғыштардың орны ауысқанымен қосындының мәні өзгермейді.


10-7=3

9-7=2

8-7= 1

7-7=0

-Енді балалар қосу кестесін жазамыз7

1+7=8

2+7=9

3+7=10

Сергіту сәті: «Сұр қоян»

Бейнебаяннан қимылды музыка ырғағымен қайталау


3 «Немере»

Бала –адамның бауыр еті.


Бала –тілі, балдан тәтті.


Немере несін береді

Етін жеп, сүйгенін береді.


2 .Кесінділерді өлшеп, қосындыларын және айырмаларын табамыз.

-Балалар көк кесіндіні өлшейміз 9 см. Қызыл кесінді 7 см. Екеуінің айырмасы неше. 9-7=2-ге. Қызыл кесінді 2 см кем.

-Енді балалар жасыл кесінді мен қызыл кесінділердің ұзындықтарының қосындысымен салыстырамыз. Ал қызыл кесінді 7 см жасыл кесінді 3 см. Екеуінің қосындысы 10-ға тең. Олай болатын болса жазамыз.

9см-7см=2см 7см+3см=10см 2см< 10cм

-Енді балалар кесінділер тұықталған сызық екенін білдік.

-Санға байланысты қандай жұмбақ білесіңдер.

Тоғыз белбеу, қос жібек, екі мұрын бір шүмек.

-Енді осы жерде сандарды табайықшы(тоғыз, екі, бір)

-Домбыра сөзіне дыбыстық талдау жасап жіберейік.

-Неше әріп,буын,дыбыс бар.


4 «Шөбере»

-Шөбере туралы қандай жаңылтпаштар білесіңдер. Шөбере сонда төртінші ата екен.

3 Есеп


Анам дүкеннен 10 үлкен қасық және 7 кіші қасық сатып әкелді. Үлкен қасықтың кіші қасықтан нешеуі артық.

-Үлкен қасық белгілі ме? (10)

-Кіші қасық қанша (7)

Үлкен қасық кіші қасықтан нешеуі артық?

10- нан 7- ні азайтамыз.


Дәптермен жұмыс

Үлкен қасық-10

Кіші қасық-7

Шешуі: 10-7=3

Жауабы: үлкен қасық 3-і артық

-Ал енді балалар есеп неше бөліктен тұрады екен. Топтастырып жіберейік


hello_html_5789e2f7.gifШарты


hello_html_6b11c135.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m144fe10a.gifсұрағы Есеп шешуі

hello_html_4641c3ba.gif


жауабы

5 «Шөпшек» (слайд)


-Ал балалар ол біздің бесінші атамыз екен. Мақал айтып жіберейік

1)Күтсең ата-анаңды,

2)Кешірер атаң қатеңді.


4

    1. 9-4

-Азайтудың компоненттерін атаңдар

9 бен 3 –тің айырмасы және 9 бен 4-тің айырмасында азайғыштарды салыстырамыз. 9=9 3<4


Кестемен жұмыс

Теңдік 7<10

Теңсіздік 9=9

Теңдік 0 <8

Теңсіздік 5=5

Теңдік 6 =6


-Балалар теңдік, теңсіздік дегеніміз не?(оқушылардың жауаптары)


6 «Немене»

5. Өз бетінше жұмыс


7 «Туажат»

-Жеті атасын білмеген жетесіз деп бекер айтылмаса керек.

-Олай болса ішіне -жеті атаны ал сыртына-өз аталарымызды жазамыз.

hello_html_m54e136e9.gif

Ішіне Сыртына

hello_html_m3eb8e4e.gif






Әhello_html_3b8a6ff7.gifhello_html_3b8a6ff7.gifhello_html_3b8a6ff7.gifhello_html_3b8a6ff7.gifhello_html_3b8a6ff7.gifhello_html_3b8a6ff7.gifке бала немере шөбере шөпшек немене туажат


ІҮ. Қорытындылау

Ал балалар өткенді білмей болашақты болжай алмаймыз. Бүгінгі сабақта 7 санын қосу және азайтуды үйрендік . 7 сан киелі екенін және жеті атамыз туралы білім алдық




























Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 29.12.2015

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: 8 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: 8 санын қосу және азайту тәсілімен таныстыру және оны пысықтау. Ой өрістерін кеңейту, ойлау, есте сақтау, ауызша есептеу қабілеттерін дамыту. Пәнаралық байланыс арқылы өмірмен байланыстыру. Өз елін сүю, еңбек етуге даяр болу. Қоғам талабына сай тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, ойын, ұжымдық.
Көрнекіліктер: қима қағаздар, суреттер мен есептер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың назарын аудару


Психологиялық дайындық

Санамақты айту


ІІ. Өткенге шолу
а) Дәптерден тексеру, жеке оқушыларға оқыту
ә) Кесте толтыру

ІІІ. Жаңа сабақ
№1

8 санын қосу және азайту
1 - есеп
8 - 8=0
0+8=8
1+8=9
2+8=10
8 - 7=1
8 - 6=2
8 - 5=3
8 - 4=4
8 - 3=5
8 - 2=6
8 - 7=1
2 - есеп

№2

Азайтқышы 8 болатын айырма жаз.
10 - 8=2
9 - 8=1
8 - 8=0

10 см – 3 см > 3 cм + 2 см

№3

Тақтамен жұмыс
Көк 9 см
Қызыл 7 см
Жасыл 3 см

№4

9 см – 7 см 7
8 > 6
8 = 8
8 > 5

№5

Cалыстыру. (өзбетімен )
10 - 6 9 - 7
4+5 > 7 - 7
8 - 7 6 - 5
8 - 3 < 7+0

ІҮ. Сабақты бекіту
Жануарлардың жемтігін табу: (сәйкестендіру)
Шығармашылық
10 ағашты үш қатарға төрт - төрттен отырғызуға бола ма?

Ү.
Сабақтың қорытындылау

Балалар бүгінгі сабақ ол осы тоқсанның соңғы тақырыбы. Қалғанын келесі тоқсанда жалғастырамыз.

Балалар, сендер осы тоқсанда нені үйреніңдер?

Не түйдіңдер?

Қандай тақырыптар қиындау болды?











Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Дүниетану

Күні: 28.12.2015

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Тұқым. Жеміс. Көкөніс

Сабақтың мақсаты: Көкөністер түрін ажырата білу және олардың көбею жолдарын анықтау. Түйнек, пиязшық, орамжапырақ, жемтамырлар туралы мәлімет алу. Оқушылардың тілін дамыту, сөз қорын молайту, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, айналадағы дүниені тани біліп, өмірмен ұштастыра білуге баулу. Табиғатты сүюге, өсімдіктерді қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға, еңбексүйгіштікке, өзгенің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, сайыс.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, әңгімелесу, коментарий

Көрнекіліктер: электрондық оқулық, қима қағаздар, суреттер.


Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.


Шаттық шеңберге тұру.

Кел, балалар күлейік,

Көңілденіп жүрейік.

Балдырғанбыз демейік,

Білім сырын білейік.


ІІ. Жаңа тақырып: Балалар, назарларыңды парта үстінде тұрған кубиктарға аударыңдар. Кубиктардағы суреттерге қараңдар, мұндағы артық суретті алып тастаңдар.

-не байқадыңдар?

-Дұрыс, бір сөзбен ұларды не дейміз?

-Жауабы: Көкөністер.


ІІІ. Ендеше балалар біз көкөністер әлеміне сапар шегейік.


Барлықтарың назарларыңды тақтаға аударыңдар.

Көкөністер – бағалы тағам. Олардың тағамдық мәні бойындағы өте сіңімді заттардың, ішінара көмір сулардың болуына байланысты. Көкөністерде адам орнанизміне қажетті дәрумендер мен минералды тұздар, сондай-ақ белоктар, әр түрлі органикалық қышқылдар, эфир майы мол. Мысалы, картоп – крахмалға, ал қызылша – қантқа бай; қырыққабатта С дәрумені, ал сәбізде – организмде А дәрумені түзілетін – каротин (А продәрумені көп); рауғашта органикалық қышқылдар басым; көк бұршақ белоктарға, аскөк – хош иісті заттарға бай.

Көкөніс шөптесін өсімдікке жатады. Көкөністер 1 жылдық және 2 жылдық болып бөлінеді.

1 жылдық көкөністер тұқым арқылы гүлдеп, жеміс береді де, күзде тіршілігін жояды. 1 жылдық көкөністерге: картоп, қызанақ, баклажан, қияр, асқабақ жатады.

2 жылдық көкөністер осы жылы тұқымға қажетті қор затын жинақтап, келесі жылы гүлдеп, жемісін береді. 2 жылдық көкөністерге: пияз, орамжапырақ, сәбіз, сарымсақ жатады.

Көкөністер жылу сүйгіш және суыққа төзімді болып келеді. Мысалы, қауын, қызанақ, қияр жылуды жақсы көреді. Ал, сәбіз, қызылша суыққа төзімді болады. Көкөністер бақшада өсіріледі.

Көкөністердің пайдасы: Көкөністер мәдени өсімдікке жатады. Біріншіден, дәрумен береді, екінші тамақ ретінде, үшіншіден дастархан көркі ретінде пайдаланылады.

Картоп түйнек арқылы, пияз пиязшық арқылы көбейеді.

Түйнек, пиязшық – қоректің заттың жиналуынан топырақ арасындағы сабақтың жуандаған бөлігі.

Орамжапырақ – тығыз оралып өскен жапырақ.

Жемтамырлар – қоректік заттың жиналуынан жуандаған өсімдік тамыры.

Қияр, қызанақ жемістері гүлден пайда болады.

Көкөністердің кейбір түрін жерге тұқым себу арқылы өсірсе, ке йбірін көшет түрінде отырғызады.

Көкөністерді қыс айларында да өсіріп пайдаланады. Оны өсіретін жерді жылыжай деп атайды.

Пісіп-жетілуі ұзақ көкөністерге көшет отырғызады. Көшетті сәуір, мамыр айларынан бастап отырғызады. Оларға: қызанақ, бұрыш, орамжапырақ жатады.


Оқушылармен жұмыс.

1 – тапсырма. Әр топқа тапсырма беру.

-Қызанақ туралы сипаттама беру. (түсі, пішіні, дәмі, салмағы, сапасы т.б.).

-Орамжапырақ туралы сипаттама беру. (түсі, пішіні, дәмі, салмағы, сапасы т.б.).

-Сәбіз туралы сипаттама беру. (түсі, пішіні, дәмі, салмағы, сапасы т.б.).

-Картоп туралы сипаттама беру. (түсі, пішіні, дәмі, салмағы, сапасы т.б.).


2 – тапсырма. Жұмбақтар сайысы. Бір-бірімізге тақырыптан ауытқымай жұмбақтар жасырамыз

3 – тапсырма. Графикалық тақпақ жаттау.


Бақшасында атамның

Көкөністер көп екен

Теріп, жинап аламыз

Себеттерге саламыз

Пияз, картоп, қызылша

Түйнек, сәбіз, қызанақ

Орамжапырақ қиярлар

Жалқан болса тағы бар.


Сергіту сәті. «Қаражорға» биі.


4 – тапсырма. Шығармашылық тапсырмалар.

-мақалды жалғастыр «Ағашы аласа болса да? Алмасы тамаша» Адам көркі – шүберек, ағаш көркі – жапырақ.

-жасыл, қызыл, тоқ сары, күлгін түстерді көргенде қай көкөністер елестейді, соны қайшымен қиып беріңдер.


ІҮ. Қорытындылау. «Көкөніс базары» ойыны.

1. Көкөніс қайда? (Бақшада)

2. Балалар бақшада көкөністерді баптап өсіретін адамды кім дейміз? (Бағбан)

3. Қыс айларында көкөністерді қайда өсіреді? (жылыжайда)

4. Қияр, қызанақ неден пайда болады? (Жеміс гүлінен)

5. Көкөністерді қалай өсіреді? (Тұқым себу)

6. Тығыз оралып өскен жапырақты не деп атаймыз? (Орамжапырақ)

7. Көкөністердің құрамында қандай дәрумендер кездеседі?

8. Шикілей жеуге болатын көкөністерді ата?

9. Көкөністерді қалай күтіп өсіреміз? (құнарлы топырақ, арапшөп жұлу, суару)

10. Көкөністерді жылдың қай мезгілінде отырғызады? (көктем)

11. Көкөністерді қай мезгілде жинап алады?

12. Өсімдіктер неше топқа бөлінеді? (ағаш, бұта, шөп)



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-292136

Похожие материалы