Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Конспекты / 6 сынып сабақ жоспары

6 сынып сабақ жоспары


  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Бекітемін: ______________ Күні: 13.01.2016ж Сыныбы: 6"Ә"

Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Мүктәрізді өсімдіктер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға мүктәрізді өсімдіктер туралы мағұлмат беру

Тәрбиелілік: Оқушыларды мүктәрізді өсімдіктер туралы білуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың мүктәрізді өсімдіктер туралы ой - өрісін дамыту

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың көрнекілігі: плакат

Сабақтың барысы: 
I. Ұйымдастыру кезеңі 
Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысын тексеру
II. Үй тапсырмасын тесеру 

1. Қоңыр балдырлар қайда өседі?

2. Қызыл балдырлар вегетативті жолмен қалай көбейеді?

3. Балдырларды қорғау үшін қандай шаралар қолданылады?

III.Жаңа сабақ

Мүк тәрiздiлер бөлiмi түрлерiнiң саны жағынан гүлдi өсiмдiктерден кейiнгi екiншi орында. Дүние жүзi бойынша олардың 22000-нан 27000-ға дейiн түрлерi кездеседi.

Мүктер жер бетiнiң барлық жерлерiнде кездеседi. Әсiресе ылғалы мол жерлерде олар қалың болып өседi. Орманның батпақты жерлерiнде мүктер жер бетiн тұтас жауып жатады. Мүктердi ағаштан салынған үйлердiң шатырынан, ағаш дiндерiнен, тастардың, жартастардың бетiнен көремiз. Мүктi ағаштардың сынып түскен бұтақтарынан, тiптен терең тұшы сулардың түбiнен кездестiруге болады. Климаты аса қатал Артика мен Антарктиданың бiр қатар аудандарында жоғары сатыдағы өсiмдiктерден тек мүктер ғана өседi. Мүктердi зерттейтiн ғылымды «Бриология» дейдi.

Мүк тәрiздiлер аласа болып келетiн көпжылдық, сирек жағдайда бiржылдық өсiмдiктер. Мүктердiң биiктiгi бiр миллиметiрден 70 сантиметрге дейiн жетедi. Мүктердiң құрылысы өте қарапайым, түрлер де болады. Бiрқатар мүктердiң жер бетi бөлiгi тармақталып төселiп өседi, оны таллом деп атайды. Талломды мүктер көп клеткалы балдырларға ұқсас келедi. Мүктердiң басым көпшiлiгiнiң сабағы мен жапырағы болады. Барлық мүктерде тамыр болмайды. Тамырдың қызметiн ризоидтары атқарады. «Ризоид» — бiр немесе бiрнеше клеткалардан тұратын жiңiшке жiп тәрiздi эпидермистiң өсiндiсi. Ризоид арқылы өсiмдiк топырақтан суды және онда ерiген минералды затарды бойына сiңiредi. Мүк сабағының сыртын бiр қатар клеткалардан тұратын қабықша жауып тұрады. Бұл клеткалардың хлорофилдерi болмайды. Қабықшаның астында клеткалары хлоропластарға толы, жақсы жетiлген фотосинтездеушi ұлпа орналасады. Өткiзгiш, тiрек, қор жинаушы және жабын ұлпалары нашар жетiлген. Су мен минералды заттардың сабақ бойымен тасмалдануы өткiзгiш ұлпалардың қатысуымен жүзеге асады.

Мүктер — қылқанды жапырақты дымқыл ормандар мен батпақтанған шалғындықтарда өсетін аласа өсімдік. Олар тастардың үстінде, ағаштардың діндерінде, топырақта тұтасып, шым түзеді. Сыртқы түріне қарай әр түрлі болады. Мүктердің ішіндегі кең тараған түрі — жасыл мүк.

Мүктің тіршілік жағдайы. Мүк — күй талғамайтын өсімдік. Ол қатты суықты және өте ыстықты көтереді. Қоласыз жағдайлар болғанда, өсуін тоқтатады, бірақ солып қурамайды. Жаңбыр жауып, күн жылынғада қайтадан өсе бастайды. Өздерінің төзімділіктері арқасында олар басқа өсімдіктер тіршілік ете алмайтын жерлерде өсе алады.

Мүктердің көбеюі. Жаздыгүні жасыл мүктің сабағының жоғары ұшында жіңішке сағақты қызғылт-қоңыр түсті қауашық өсіп шығады, қауашықтың ішінде майда споралар болады. Қауашықтың сыртын қалпақша жауып тұрады, ол спораны құрғап кетуден сақтайды. Споралар піскен кезде қалпақша түсіп қалады, қауашықтың қақпағы ашылып, споралар сыртқа шашыла бастайды. Дымқыл жерге түскен споралар тез өніп, тарамданған жіңішке жасыл түсті жіпшелер — өскін пайда болады. Осы жіпше тәрізді өскіндерге бүршіктер шығып, ол бүршіктерден жапырағы мен сабағы бар жас көкек мүгі өсіп шығады. Көкек мүгі — дара жынысты. Бір өсімдіктің ұшында аталық жыныс жасушалары жетілсе, екінші өсімдікте аналық жасушасы жетіледі. жаңбыр жауған кезде аталық жыныс жасушасы сумен ағып, аналық жыныс жасушсымен қосылып, ұрықтанады. Ұрықтанған жасушадан қауашақ өсіп шығады. Спорадан өніп шыққан жасыл жіпше — өскіннің жіп тәрізді балдырларға ұқсас болуы, жынысты көбеюдің тек сулы ортада жүруі мүктердің ертедегі жіп тәрізді балдырлардан шыққанын дәлелдейді.  

Мүктің табиғаттағы маңызы.  Мүктер, басқа өсімдіктер сияқты, органикалық заттарды түзу кезінде атмосфераға оттегін шығару арқылы табиғаттағы зат айналымына қатысады. Күй талғамайтын өсімдік болғандықтан, басқа өсімдіктер өсе алмайтын жерде өсіп, шіріген қалдықтарынан топырақ түзіледі де, ол жерге басқа өсімдіктердің өсуіне себепші болады. Мәңгі мұз басқан аудандарда мұзды күн сәулесінің ерітуінен сақтайды. Егер мұз ерісе, сайлар мен жыралар көбейеді. Ақ мүктен шымтезек түзіледі. Шымтезектен парафин, аммиак, спирт сияқты бағалы шикізаттар алынады. Сонымен қатар шымтезек медицинада, құрылыс өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Шымтезектен пайда болған батпақтың да маңызы зор. Батпақ жыздығы, қыстағы жауын-шашын суларын өзіне сіңіріп, су қорын молайтады, артық сулар өзендерге құылады. Батпақта дәрілік өсімдіктердің көптеген түрлері өседі, сондықтан батпақты құрғату жұмыстарын абайлап, табиғаттың тепе-теңдігін сақтап жүргізу керек.

Мүктердiң аса кең тараған екi өкiлiн қарастырамыз. Олар: жасыл мүк — көкек зығыры мен шымтезек мүгi.

IV. Бекіту

1. Мүкті зерттейтін ғылым қалай аталады?

2. Мүктер қалай көбейеді?

3. Мүктер негізінен қандай жерлерде өседі?

V. Қорытынды

Мүк тәрiздiлер бөлiмi түрлерiнiң саны жағынан гүлдi өсiмдiктерден кейiнгi екiншi орында. Дүние жүзi бойынша олардың 22000-нан 27000-ға дейiн түрлерi кездеседi.

Мүктердi зерттейтiн ғылымды «Бриология» дейдi.

Мүк — күй талғамайтын өсімдік. Ол қатты суықты және өте ыстықты көтереді. Қоласыз жағдайлар болғанда, өсуін тоқтатады, бірақ солып қурамайды. Жаңбыр жауып, күн жылынғада қайтадан өсе бастайды.

VI.Үйге тапсырма

§34 Мүктәрізді өсімдіктер

VІІ.Бағалау

Сабақ айтқан оқушыларды бағалау








Автор
Дата добавления 19.01.2016
Раздел Биология
Подраздел Конспекты
Просмотров646
Номер материала ДВ-357679
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх