Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Рабочие программы / 5 сынып сабақ жоспары "Блокнот және калькулятор"

5 сынып сабақ жоспары "Блокнот және калькулятор"


  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Қанабек Байсеитов атындағы МДШО бар орта мектебі











АШЫҚ САБАҚ


Тақырыбы: Блокнот және калькулятор






Өткізген: информатика пәнінің мұғалімі А.Бектенова
























Тақырыбы: «Блокнот программасын іске қосу»


Мақсаты: Блокнот бағдарламасының арналуы. Программаны іске қосу. Көшіру мен кірістіріп қою командалары. Мәтінді пішімдеу. Калькулятор қолданбасында жұмысқа дағдылану.


Сабақтың түрі: аралас


Сабақтың әдісі: Венн диаграммасы, ой қозғау, ойға шабуыл, топтастыру


Сабақтың көрнекілігі: Оқулық ; Компьютер; Интерактивті тақта; Электронды оқулық; Слайдтағы тапсырмалар.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа бетбұрыс, оқушы назарын аудару, сабақ мақсатын таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (10 мин).

Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар таратамын: жасыл карточка алған оқушылар ауызша, қызыл карточка алған оқушылар жазбаша, ал көк карточка алған оқушылар компьютерде WordPad мәтіндік редакторында жұмыс жасайды.


Жасыл карточка сұрақтары:

1

  1. ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде қандай қашықтықта отыру керек?

  2. WordPad программасының атқаратын қызметі қандай?

2

  1. Компьютердің негізгі бөліктеріне нелер жатады?

  2. WordPad программасының құрал-саймандар тақтасындағы орналасқан белгілер.

3

  1. Пернетақта қандай құрылғы?

  2. WordPad программасының меню қатарындағы командаларын сипатта.

4

  1. Ақпараттың ең кіші бірлігі.

  2. WordPad редакторында жазылған құжатты файлға қалай сақтауға болады?


5

  1. Paint графикалық редакторы қалай іске қосылады?

  2. WordPad мәтіндік редакторы терезесінің элементтерін ата.


Қызыл карточка сұрақтары:

Құрал саймандар және пішімдеу батырмаларын қызметіне қарай сәйкестендір.

А) hello_html_f55f6cf.jpg1) жарты қалың әріп


В) hello_html_m6a14c71a.jpg 2) баспаға жіберу


С) hello_html_4bc9a3d3.jpg3) құжат құру


Д) hello_html_3d0e9a81.jpg4) оң жаққа туралау


Е) hello_html_m1df9d899.jpg5) асты сызылған


Ж) hello_html_68b01e25.jpg 6) құжатты сақтау

З) hello_html_217116b6.png) құжатты ашу


И) hello_html_73cbc153.jpg8) сол жаққа туралау

К) hello_html_m2340f970.png9) буферге қиып алу

Л) hello_html_m4d5bb7ef.jpg10) «болдырмау»

Н) hello_html_mce8cf85.jpg 11) курсивті әріп

П) hello_html_m68a2e74f.png 12) ағымдағы күн мен уақытты қою

Р) hello_html_3b74f662.jpg13) «маркерлеу»

С) hello_html_69cbc476.jpg14) жалпы туралау


Көк карточка тапсырмалары:

1

  1. «Дамудың ұзақ . . . атысынан өткен киіз үй жиналмалы үйлердің ең озық үлгісі Киіз үй көшпелі өмірдің барша талабына сай ол жылдам құрастырылып тез жиналады артып жүруге де ыңғайлы».

а) мәтінді қатесіз теріп, тыныс белгілерін қою;

ә) мәтінді ат беріп сақтау.


2

  1. «Киіз үй екі құрамнан сүйегі ағаштан және киіз жапқыштардан тұрады Киіз үй сүйегінің кейбір негізгі бөліктері қанат керегелері уықтары шаңырақ есік сықырлауық».

а) мәтінді қатесіз теріп, тыныс белгілерін қою;

ә) мәтінді ат беріп сақтау.


3

1. «Қазақ үйлеріндегі уықтардың 50-60 градусқа иіліп доғаланып келуі киіз үйлерге қайталанбас әсемдік пен салтанаттылық еңселілік беретіні аян».

а) мәтінді қатесіз теріп, тыныс белгілерін қою;

ә) мәтінді ат беріп сақтау.


ІІІ. «Ой қозғау» (5 мин). Мұнда оқушылар WordPad мәтіндік редакторының алты мүмкіндігін топтастырады.


hello_html_1c058825.jpg


Ребус шештіру, кілт сөзден жаңа тақырып «Блокнот» сөзі шығады.

IV. Жаңа сабақ (10 мин). Оқушыларға Блокнот шағын мәтіндік редакторы, онымен жұмыс істеу жолдары, терезенің негізгі элементтері туралы түсінік беремін.

Блокнот - өте шағын мәтіндік редактор, оның жұмысы үшін жадтың аз көлемі қажет. Блокнот жұмыс уақытында белгі құруға, кейін оны басқа қолданбаға кірістіріп қоюға болатын мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған бағдарлама.


V. Техникалық диктант (5 мин). Техникалық диктант жазғанда оқушыларға алдын-ала дайындалып қойылған карточкаларды таратып, диктантты оқимын. Сөз қалдырып орнына көп нүкте қойылған жерлерге оқушылар өздері диктант бойына қажетті сөздерді жазып, қажетті сөздерді жазады. Оқушылар бір-бірін бағалайды.


.................. – бұл өте шағын ..............

редактор, оның жұмысы үшін ............

аз көлемі қажет. ...................жұмыс

уақытында ........... құруға, кейін

оны басқа қолданбаға кірістіріп қоюға

болатын ............... ақпаратты сақтауға

арналған ..........................

Терезе элементтері: .................. жолы,

................ жолы, ............. алаңы

  1. Блокнот, мәтіндік

  2. жадтың

  3. Блокнот

  4. белгі

  5. .

  6. мәтіндік

  7. бағдарлама

  8. тақырып

  9. меню, жұмыс


  1. «Миға шабуыл»

Жаңа тақырыпты ашу үшін слайдтан жасырылған сурет көрсетіледі.

hello_html_5c280a72.png hello_html_286d159d.png

Оқушылар кәдімгі блокнот пен калькулятордың суреті екенін табады.

  1. Оқушылар блокнот пен калькулятор туралы білетіндерін постер арқылы қорғайды (1-топ «Блокнот», 2-топ «Калькулятор» туралы).

  2. Электронды оқулықтағы Блокнот және Калькулятор тақырыбына шолу.

  3. Топтық жұмыс. 1-топ Киіз үй туралы мәтін құрастыру. 2-топ Компьютер туралы мәтін құрастыру.

  4. Сергіту сәті. Бейнеролик көрсетіледі.

Қауіпсіздік ережелерін естеріне сала отырып тапсырма беріледі. Жазған мәтіндерді блокнот бағдарламасында теру. Оқулықтағы 186-беттегі «Өзің орында!» тапсырмасын калькулятор қолданбасында есептеп шығару VI.


VII. Венн диаграммасы /5 мин/. Paint, WordPad және Блокнот редакторларының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін көрсету.

hello_html_1d30c4d.jpg


VIII. Ой қорыту. Сұрақ-жауап.

  1. Блокнот программасының негізгі атқаратын қызметі қандай?

  2. Блокнот пен WordPad редакторының қандай айырмашылықтары бар?

  3. Блокнот программасының WordPad программасынан кемшілігі?

  4. Калькулятор түрлері?

IX. Бағалау.

X. Үйге тапсырма. 6.1. Блокнот және калькулятор программасы.


Автор
Дата добавления 11.10.2016
Раздел Информатика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров194
Номер материала ДБ-253860
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх