Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Конспекты / 8-сынып сабақ жоспары "Сутек"

8-сынып сабақ жоспары "Сутек"

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy


СВИДЕТЕЛЬСТВО СРАЗУ ПОСЛЕ ПРОСМОТРА ВЕБИНАРА

Вебинар «Подростковая лень: причины, способы борьбы»

Просмотр и заказ свидетельств доступен только до 22 января! На свидетельстве будет указано 2 академических часа и данные о наличии образовательной лицензии у организатора, что поможет Вам качественно пополнить собственное портфолио для аттестации.

Получить свидетельство за вебинар - https://infourok.ru/webinar/65.html

  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:


Сабақтың тақырыбы: Сутек. Сутектің табиғатта таралуы және алынуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сутектің химиялық элемент және жай зат ретіндегі түсінігін қалыптастыру мақсатында элементті сипаттауға ерекше мән беріп, білімдерін дамыту, табиғатта таралуы және алыну жолының ерекшеліктерін өткен сабақпен байланыстыра отырып түсіндіру.

Дамытушылық: Экзо, эндотермиялық реакцияларды қайталай отырып оқушылардың дұрыс шешім қабылдай білу дағдыларын жетілдіру, белсенділік икем дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары, зертханалық жұмыс

Құрал-жабдықтар,көрнекі құралдар:Газ жинайтын құрал (тұрғы,сынауық, спиртшам), Кипп аппараты, мырыш , тұз қышқылы, күкірт қышқылы,кальций,су, периодтық кесте.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Күтілетін нәтиже: Оқушылар эксперименттік тәжірибелердің орындалуын мұқият қадағалап, қауіпсіздік ережесін еске түсіреді, зертханалық тәжірибелерден қорытынды жасап,реакция теңдеулерін жазып,реакция типтерін ажырата біледі.

САБАҚТЫҢ ЖҮРУ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. «Қызығушылықты ояту»


1. « Миға шабуыл»

  • 1.Заттар нешеге жіктеледі? Жай және күрделі заттар дегеніміз не?

  • Химиялық элемент дегеніміз не? Оттек элементіне сипттама беріп көрелік( аты, таңбасы, сал.ат.массасы, молекуласы, сал.мол.массы,валенттілігі, периодтық кестеде орны бар,аллотропиялық түр өзгерісі бар)

  • 3.Химиялық реакцияның неше типі бар? Атаңыз

  • 4.Термохимиялық реакция дегеніміз қандай реакция,ол нешеге жіктеледі?

2. « Семантикалық карта»


Қосылу реакция

сы

Айырылу реакция

сы

Орын

басу реакция

сы

Алмасу

реакци

ясы

Экзо

Термия

лық реак

ция

Эндо

Термия

лық реак

ция

Са + О2 = 2СаО

+






Fe + CuCI2 = Cu + FeCI2



+




CaCO3 = CaO + CO2 - Q


+




+

HCI + NaOH = NaCI + H2O + Q




+

+


2H 2O = 2H2 + O2 - Q


+




+

2H2 + O2 = 2H 2O + Q

+




+



ІІІ. «Мағнаны тану»


  1. «Мені тап»

Мен судың арғы тегімін,

Серігімін оттек атты серінің.

Ежелден ең жеңіл газбын,

Оттекке қарағанда азбын.

1 пайыз ғана жер бетіне тарағам,

Ғаламшарда 92 пайызбын.

Бармын газбен көмір,мұнайда,

Болашақта өзім отын бола алам. (Сутек)



  1. Бүгінгі сабақтың тақырыбы (тақтамен, дәптермен жұмыс)


Химиялық таңбасы : Н , Ar ( Н ) = 1,008 м.а.б.

Н2 , Mr (Н2) = 2 м.а.б.

Н2 ↑, и , т, суда АЕ (100Vсуда - 2V Н2 ериді).


  • Жер бетінде оттекке қарағанда сутек едәуір аз.Ең көп тараған қосылысы- Н2О

  • Күн жүйесі планеталарының 92%-ін сутек атомы құрады.

  • Сутектің жер қыртысында газ күйіндегі метанның, қатты тас көмірдің, сұйық күйдегі мұнайдың, көптеген минералдар мен тау жыныстарының құрамында оттекпен қатар сутек те кіреді. Жер қыртысындағы сутектің массалық үлесі 1 %. Ол аз болып көрінгенмен, шындығында жердегі әр 100 атомның, шамамен, 10 атомы сутектің үлесіне келеді.

  • Сутекті отын ретінде пайдаланған тиімді. Әзірше сутекті көп мөлшерде өндіруге болатын шикізаттар – метан мен суды айыру қымбатқа түсіп отыр. Келешекте автомобильдерді сутек отыны көмегімен жүргізуді дамыту көзделуде.

Жер қыртысындағы сутектің мөлшері:

hello_html_m7fe7ca77.jpg












Жер бетінде сутек бос күйінде кездеспейді, көп тараған қосылысы-су. Судағы сутектің массалық үлесі 11 пайыз. Сонымен қатар сутек табиғатта қосылыстар құрамында кездеседі

hello_html_2699a54f.jpg



Минералдар мен тау жыныстарында


hello_html_m3d911086.jpg



Мұнай құрамындағы метан газында


hello_html_798add1d.jpg


Жануарлар мен өсімдіктер организмінде


hello_html_4fcb38c7.jpghello_html_2d18d716.jpg










Сутектің ашылуы

Сутекті алғаш ХҮІ ғасырда неміс дәрігері ПАРАЦЕЛЬС ашқан.

1776 жылы ағылшын ғалымы Г.Кавендиш сутектің қасиетін анықтап,басқа газдардан айырмашылығын анықтап берген.

Француз ғалымы А. Лавуазье сутекті алғаш судың құрамынан бөліп алды және судың құрамы сутек пен оттектен тұратындығын дәлелдеді. Ол сутектің жай зат екенін анықтап, оған “гидрогениум” деп ат берген. Латынша бұл “су тудырушы” дегенді білдіреді.

hello_html_m57073531.jpghello_html_m23df938e.jpg


Генри Кавендиш Антуан Лавуазье


Өнеркәсіпте алынуы:


  1. Жер бетінде су кең тарағандықтан өнеркәсіпте сутекті алудың негізгі әдісі – суды тұрақты электр тогының көмегімен айыру болып табылады.

2H 2O = 2H2 + O2

  1. CH4 + 2H2O = CO2 + 4H2 -165 кДж

Зертханада алынуы:

Сынауыққа 1-2 түйір мырыш салып, үстіне сұйытылған тұз немесе күкірт қышқылын құяды. Реакцияның жүре бастағанын сұйықтың бетінде газ көпіршіктерінің пайда болуынан байқауға болады. Ол – сутек газы.

Сутек газының бөлінгенін дәлелдеу үшін сутек жиналған сынауықты жанып тұрған спиртшамға жақындатса «пах» деген дыбыс шығарады.

  1. Zn + H 2SO4 = ZnSO4 + H2

  2. Zn + 2 HСІ = ZnСІ2 + H2

Белсенді ме. + қышқыл = тұз + сутек


5. Са + 2 Н2О = Са ( ОН )2 + Н2

6. 2Nа + 2 Н2О = 2 Nа ОН + Н2

Белсенді ме. + су = тұз + сутек


Зертханада сутекті жинау әдістері:

( оттегін жинау әдісімен салыстыру)

hello_html_7d275fd4.pnghello_html_28f75e36.png

Ауаны ығыстыру арқылы Суды ығыстыру арқылы



Сутегін зертханада алуға арналған құрал - Кипп аппараты


hello_html_642e457c.png








ІҮ. «Ой толғаныс»

  1. Оқулықтың 207 бетіндегі лабораториялық тәжірибе

«Мырышқа қышқылмен әсер етіп сутек газын алу» (дәптерге орындау)

Әр оқушының алдына ойықшалар беріліп ішіне мырыш түйіршіктері салынады. Үстіне (өте сақ болу! ) күкірт немесе тұз қышқылдары тамшуырмен құйылады. Бөлініп жатқан газ көпіршіктерін көзбен көреді.Бөлініп жатқан газды сынауыққа жинап жанып тұрған спиртшамға апарып сутек екендігін дәлелдеу.

А.Тақтадан сәйкес теңдеулерін табады.

ә. Неге сутекті сынауықты төмен қаратып жинайды?

Б.сутек толған сынауықты жалынға жақындатқанда не байқадыңдар?

В. Сутектің жану теңдеуін жазыңдар.

2H2 + O2 = 2H 2O - Q



2. Төрт шар әртүрлі газдармен толтырылған. Қай шарда сутек газы бар?

hello_html_6fe3f587.jpg



3.Қай суретте сутек газын алу әдісі дұрыс берілген?


hello_html_m11ba2578.png








4. Тест тапсырмалары:


1.Сутектің химиялық таңбасы:

а) Н ә) Не б) Cu в) Si


2.Күн жүйесі планеталарының қанша пайызын сутек атомы құрайды?

а)25% ә)32% б)24% в)92%


3.Сутекті ең алғаш алған ғалым?

а) Ломоносов ә) Менделеев б) Кавендиш в) Лавуазье


4.Сутек латынша қандай мағынаны береді:

а)түтінді газ ә)су тудырушы б)қопарғыш газ в)су тасушы


5.Сутекті өнеркәсіпте алу жолы:

а)Электр тоғы арқылы ә)белсенді металдан

б)ауаны ығыстыру арқылы в)айдау арқылы


Жауаптары:


1

2

3

4

5

А






ә






Б






В







Үйге тапсырма: §30 № 1-12



















Металдардың адам өміріндегі маңызы

Жарияланды 24-04-2013, 17:28 Категориясы: Химия 

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға халық арасында ежелден қолданылып келе жатқан
металдар туралы, олардың қасиеттері, адамға қажеттілігі туралы, қолдану аясының кеңдігі туралы білімдерін толықтыру.

Міндеттері: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы арқылы оқушыларды өзіндік жұмысқа дағдыландыру және сараптау, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, тұлғалық қасиеттерін қабілеттерін дамыту. Оқушыны өз бетінше жұмыс істеуге, бірлесіп жұмыс жасауға, өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы
Қолданылған технология: СТО жобасы элементтері
Сабақтың әдісі: Іздену - зерттеу әдісі
Сабақтың көрнекілігі: Металдар жиынтығы, дидактикалық кестелер, металл бұйым түрлері.
металға бай тағам суреттері. Қ. Сәтпаевтың «Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат, бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» даналық сөзі жазылған плакат.

Сабақтың жоспары.
Оқушының танымдық іс - әрекетін ұйымдастыру, үш топқа бөлу.
І. Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау» стратегиясы.(Оқушыларға Қ. Мырзалиевтің «Менделеев кестесі» өлеңін оқи отырып, оқушылардан өлеңде неше металл элементтің аты аталатындығын табу жөнінде тапсырма беріледі)

Балалықпен байқамаппын, ол кездерде аңғалмын, 
Менделеев кестесіне қарап тұрып таң қалдым.
Таң қалдым да ойға шомдым, жасырамын несіне,
Химия емес, осы кесте салды өмірді есіме.
Кім ойлаған формулалар қозғайды деп шеріңді,
Ұядағы әр элемент бір тағдыр боп көрінді.
Анау емес, мынау емес – титан болу сырың ба?
О, жасаған! Титан неге жиырма екінші орында?
Темірдей деп мақтаушы едік, Темірдің де кезі өткен
Кезі өтпесе, тұрар ма еді 26 - шы кезекте.
Былқ етпейтін сабырлы да, салмақты болғасын,
Тоғызыншы қатарға әрең ілігіпті қорғасын.
Ал орнын сұрама сен
Айтуға оны ұялам
Сығалайды ол бейшара ақырғы бір ұядан. элементтер ішінде де қатты сірә, қақтығыс,
Шылапшындық мысыңнан да тұр кейіндеу ақ күміс.
Күміс дейміз
Күмістің де өмір емес өмірі –
Екінші емес,
Үшінші емес –
Қырық жетінші нөмірі.
Қалай саған ұнай ма бұл?
Ұнаса егер, ал тыңда:
Жүлделі орын тимей қалған платина,
Алтынға!
Жетпіс сегіз,
Жетпіс тоғыз –
Екеуінің кезегі
Екеуі де жаратқаннан бір қиянат сезеді.
Тас - талқанын шығарғысы келгендей бір шетінен,
Платина сұп - сұр болып, қаны шыққан бетінен
Құрметті тор тимесе егер шын асылда бар ма айып?
Өз орынын күте - күте кеткен алтын сарғайып.

ІІ. Мағынаны тану. «Джиксо» стратегиясы бойынша оқушылар өздеріне берілген тапсырмалар арқылы жұмыс жасайды.. Оқушылар өз бетімен кеңінен қолданылатын металдар жөнінде мағлұмат алады.
І топ тапсырмасы. Адам ағзасындағы металдардың биологиялық ролі. ( натрий, иод, кальций, алтын, селен, қорғасын, т. б метал үлгілері)
ІІ топ тапсырмасы. Металдардың адам өміріндегі маңызы.(өнеркәсіпте, техника, шаруашылықта, күнделікті тұрмыстағы бұйымдар)
ІІІ топ тапсырмасы. Құрамында металдар бар тағамдар туралы мәлімет.(алма, банан, алмұрт, құрма, киви, анар, сүт өнімдері, қырыққабат, балық, жұмыртқа, қара нан т. б)
ІІІ. Ой толғаныс. «Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясы.
А) «Кім жылдам?» ойыны. Әр топқа 5 сұрақ беріледі, шапшаң, ұтымды жауап беру керек.
І - топ
1. Жеңіл балқитын металл? /Цезий/
2. Тез магниттелуге және магниттік қасиетін жоюға бейім металл (темір)
3. Электр шамының қылын жасайтын, ең қиын балқитын металл (вольфрам)
4. Тыңайтқыш ретінде қолданылатын сілтілік металл? /Калий/
5. Негізгі топшаның металдары (s. p элементтер)

ІІ - топ.
1. Неліктен темір «аспан тасы» деп аталған? (себебі метеориттің құрамында темір бар)
2. Сүйекті қаптайтын элемент? /Кальций/
3. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі металдардың
пайыздық мөлшері. (80%)
4. Металдардың және оның құрамаларының айналадағы ортамен әрекеттесіп, бүлінуі.
/Коррозия/
5. Тайқазан 7 металдан құйылған, ол қандай металдар? (темір, мырыш, қалайы, қорғасын, күміс, алтын, мыс)

ІІІ - топ.
1. Бастапқы буыны палуанға тән, екінші буыны өнерпазға тән элемент? (Күш - ән)
2. Германиядағы облыс атауымен аталатын элемент? (магний)
3. Дүние бөлігінің атымен аталатын элемент? /Европий/
4. Ең қатты металл (хром)
5. Пышақпен кесуге болатын металдар (натрий, кальций)

Б) «Жеті жұрттың тілін біл». (Химиялық элементтерге жұмбақ жасырылады, тапқан химиялық элементтің атын қазақша, орысша, латынша атау керек).
1. Өзі ауыр металға жатады,
Балалар осы металл құйған сақамен атады (қорғасын, свинец, плюмбум)

2. Аспандағы айды осы элементпен теңестіреді,
Салмақты адамды мақтауды да келістіреді. (күміс, серебро, аргентиум)

3. Машина мен трактордың жаны,
Қара металлургияның наны. (темір, железо, феррум)

4. Ел іші -.......... бесік (алтын, золото, аурум)
5. Батыр майданда шыңдалады,
........ қайнауда шыңдалады. (темір, железо, феррум)

Г) «Металл мәнін кім біледі?» кезеңінде әр топ оқушылары тағам суреттерін пайдалана отырып, жазған мәнжазбаларын, қосымша хабарламаларын баяндайды..

IV. Тірек сөздер стратегиясы (Мұғалім тірек сөздер береді, оқушылар тірек сөздерді пайдалана отырып сөйлемдер құрайды.)
Және, кепілі, өте, қойнауы, техниканың, одан, бай, Отанымыздың, дамуының, металдар, мен, әрі, қазіргідей, жетуінің, дәрежеге, ғылым, жер, металдарға, бірден - бір.
(Отанымыздың жер қойнауы металдарға өте бай. «Металдар – ғылым мен техниканың қазіргідей дәрежеге жетуінің және одан әрі дамуының бірден – бір кепілі»)

Сабақты қорытындылау. Оқушылардың танымдық қабілеттерін, тақырып шеңберінде алған білімдерін бағалау.
Үйге тапсырма: «Металдар бейбіт заманға керек» – эссе жазу.







Ұлттық ойындар - химия сабақтарында

Жарияланды 6-03-2013, 22:43 Категориясы: Химия 

Ұлттық ойындар - химия сабақтарында
Еліміздің егемендігін алғаннан бері білім беру ісінде халықтық педагогика тағылымдарын пайдалану мұғалімдер мен оқушыларға жаңа серпін беруде.
Халқымыздың ұлттық салт – дәстүрін жалпы «Бейорганикалық қосылыстар» тақырыбына пайдаландым. Бұл қосылыстар оқушыларға таныс болғандықтан «Алтын сақа» ойынын ұйымдастырдым. Ойынның шарты: Жиырма асыққа элементтердің таңбасы жазылды. Олар қоржынға салынады.
1. Екі қатардан екі оқушы шығып, металдар мен бейметалдарды ажыратып алу керек.
2. Арнайы қатырма қағазға рим цифрімен жазылған валенттіліктердің үстіне сәйкес элементтер жазылған асықтар қойылады.
3. Бір - бірімен әрекетесетін элемент - асықтарды таңдап алып, тақтаға формуласын жазып, шыққан заттың атын атау.
Мысалы:
2Са +О2 ---- 2СаО
2H2 +O2 ---- 2H2O
2Mg +O2 ---- 2MgO
S+O2 ----- SO2
Сол сияқты 8 - сынып оқушылары үшін қайталау сабақтарында «Сиқырлы сандық» ойынын ұйымдастырдым. Бұл ойын химиялық қосылыстардың тұрмыстағы, құрылыстағы, табиғаттағы маңызын оқытуда көп көмек береді.
Сандыққа әртүрлі қосылыстардың: Ca(OH) 2, NaHCO3, I2, O2, H2O, CO2, NaOH формулалары жеке жазылып салынады.
Мұғалім өзі әрбір заттың формуласын шығармас бұрын қолданылатын жерін түсіндіреді. Оқушылар оның ұқандай заттар екенін табуы керек. Дұрыс жауабын мұғалім алып, көрсетіп шығарып растайды.
Мысалы: 1. Құрылыста «сөндірілген әк» деген атпен пайдаланылатын қосылыс (Са(ОН) 2).
2. Үйлеріңде бар тамаққа қажетті зат (NaCl)
3. Тортқа пайдаланылатын ұнтақ зат (NaHCO3)
4. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл (I2)
5. Тірі ағзалар онсыз өмір сүре алмайды (O2)
6. Екі газдан алатын ең қажетті сұйық зат (Н2О)
7. Тірі ағзалар тыныс алғанда шығатын газ (СО2 )
8. Аккумуляторға құятын сұйық зат (H2SO4, NaOH)

Жеті жұрттың тілін біл (қазақша, орысша, латынша.)
1. Өзім газбын менімен демаласың,
жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.
2. Ең женіл элемент саналады, периодтық жүйе осыдан басталады.
3. Өзі ауыр металлға жатады, балалар осы металл құйған сақамен атады.
4. Машина мен трактордың жаны, қара металлургияның наны.
5. Аспандағы айды осы элементпен теңестіреді, салмақты адамды мақтауды да келістіреді.

Жұмбақтар
1. Алғашқы буыным тасқын су, екінші буыным мал құлағына салынатын белгі.
2. Бірінші бөлігім көп емес, екінші бөлігім тілсіз жау.
3. Бірінші бөлігім алда бол деген, екінші бөлігім сан есім. Өзім шипалы газбын. Сонда мен қай газбын.
4. Бірінші буыным жалқы есімге қойылатын сұрақтан тұрады, екінші буыным сан есім, өзім химиялық қай элементпін?
Ойын сабақтары оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттырады. Химия сабақтарында мүмкіндігінше халықтық педагогиканы пайдалану - оқушыларды ұлтттық сезіммен жігерлендіре түседі. Графикалық тест арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру үшін «Сутегі. Қышқылдар. Тұздар» тақырыбын қорытындылауда халықтық педагогиканы қолданым.
Ғылыми және ұлттық тарихи ұғымда салыстыра отырып алдым.
Ғылыми ұғымда
1. Тұз қышқылын алу әдісі.
(2, 5: 6, 5) (4, 5: 6, 5)
2. 40% - дық HCl тығыздығы.
(4, 5: 4, 5)
3. Cl хлорид ионды анықтаушы реактив.(2, 5: 4, 5)
4. Мырышпен әрекеттескенде бөлінетін газ. (5, 5: 3, 5)
5. Реакцияны баяулататын зат.
(5, 5: 2, 0)
6. Сабын алу үшін қолданылатын тұз.(4, 5: 1)
7. Медицинада дәрі - дәрмек ретінде неше пайыздық тұз қышқылы қолданылады? (2, 5: 1)
8. Зертханалық алу әдісінде қолданылатын реактивтер.
(1, 5: 3, 5) (1, 5: 2)
Ұлттық тарихи ұғымда
1. Ас иманы........ (4: 7)
2. Қызды сөкпе, тұзды...... (3, 5: 5)
3. Арал өңіріндегі тұзды көл. (2: 6)
4. Жақсықылыш тұзының қоры шамамен...... (1: 4, 5)
5. Қазақстанда тұздың қанша % - ы
Арал тұз кен орнында өндіріледі?
6. Адамның тұзға деген тәуліктік мөлшері. (3: 4)
7. Қан сарысуындағы тұз мөлшері.
(2, 5: 4, 5)
8. Жақсықылыш көлінің ұзындығы.
(2, 5: 4)
9. Сольтрест және Аралсульфат кәсіпорындарының құрылған жылдары.
(2, 5: 2, 5) (4: 2, 5)
10. Ас тұзының халықаралық атауы.
(3: 5, 5)
Ойын сабақтары оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттырады. Химия сабақтарында мүмкіндігінше халықтық педагогиканы пайдалану - оқушыларды ұлттық сезіммен жігерлендіре түседі.
Бұл технологиялардың нәтижесінде, ең алдымен оқушының өз бетімен жұмыс істеу әрекеті мен қазіргі заманға сай ақпараттық жүйелерді, электрондық оқулықтарды қолдану арқылы, интерактивті тақтамен жұмыс істеу біліктілігі және қызығушылық белсенділігі артқандығын байқадым.
Сөзімді:
Құзырлылық адамның ол рухани байлығы,
Бәсекеге кез-келген сайлылығы.
Кәсіби қызметінің биігінен, 
Көрінеді тек ұстаздың балаға жайлылығы - деп аяқтағым келеді.

Кері қайту

Материал рейтингісі:


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 06.02.2016
Раздел Химия
Подраздел Конспекты
Просмотров148
Номер материала ДВ-421632
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх