Инфоурок Начальные классы Конспекты19-30.09.2016 2-сынып сабақ жоспарлары

19-30.09.2016 2-сынып сабақ жоспарлары

Скачать материал

Тексерілді:                                       Калиниченко Л.С.

Күні:20.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: И, й әріптерінің жазылуы .

Мақсаты: й, и әріптерінің жазылуын меңгере отырып, жаттығулар орындау. Білімін, сауаттылығын дамыту. 

Жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Көрнекілігі: плакат.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен амандасу

2.Сынып тазалығын тексеру

3.Оқу құралдарын түгендеу

4.Назарларын сабаққа аудару

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

49  жаттығу «Аққу-келі құс» тақырыбына құрап келген әңгімелерін оқыту.

 

ІІІ .Өткенді қорыту.

Сөздік диктант .Киік, сиыр, тиін, киім , жидек.

 

ҮІ. Мақсат қою:

Тақырыбы мен мақсаты. й, и әріптерінің жазылуын меңгере отырып, жаттығулар орындау. Білімін, сауаттылығын дамыту. 

Жауапкершілікке тәрбиелеу.

 

Ү. Жаңа сабақ:

Күн ретін жазу

Дүйсенбі

                   Сейсенбі

                                      Сәрсенбі

                                                         Бейсенбі

                                                                            Жұма

                                                                                              Сенбі

                                                                                                            Жексенбі

Көркем жазу.

Пп      Пп      Пп     Піл   піл    піл. И дауысты , Й – дауыссыз екенін түсіндіру.Й әрпі дауыстыдан соң жазылады. Мойын, ай, қайыс.

 

42-жаттығу. Суреттерге қарап аттарын жазу.

Егеу құйрық,сиыр,тиын,   инелік . И әрпінің астын сыздыру. Бұл сөздердегі и дыбысының аитылуына назар аударту.

 

43-жаттығу. Сөздерді буынға бөліп жаздыру. И қандай дыбыс.

Жи-ыр-ма,  жи-на-лыс, и-не, би-ік, ки-із, жи-ек.

И әрпінің қандай  әріптердің орныныа қолданылатынын айту.  Жиек сөзінің мағынасын түсіндіру.

 

ЕРЕЖЕ:   И дыбысының алдында ы,і естілгенімен, олар  жазылмайды: киім, сирек.

 

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкене ағаштар

Үп-үлкен боп өседі.

 

ҮІ .Түсінгендерін тексеру.

Өздік жұмыс.44-жаттығу жатқа жазу и,й астын сыздыру,  айтылуы мен жазылуын салыстыру.

 

ҮІІ. Бекіту.Ойын 

«Кім жылдам» сөздер табу, дәлелдеу. 46-жаттығу.

Бос торкөзднрді и дыбысынан басталатын сөздермен толтыру. Сөздерде и әрпі жазылатынын дәлелдеу.

ИЕ

ИНЕ

ИРЕК

ИБАЛЫ

ИНЕЛІК

ИНЖЕНЕР

ИНАБАТТЫ

 

ҮІІІ. Үйге тапсырма:

45–жаттығу.

 

Бағалау.

 

 

 

 

 

Тексерілді:                                       Калиниченко Л.С.

Күні:21.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: И, й  әріптерінің емлесі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: и және йәріптері бар сөздерді дұрыс жазуға үйрету;олардың дауысты не дауыссыз екенін ажырата білу;

Дамытушылық:сауаттылықтарын арттыру; сауатты жазуға үйрету;

Тәрбиелік мәні:әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,жаттығу, талдау.

Пәнаралық байланыс:әдебиеттік оқу,математика.

Көрнекілік:суреттер.

 

Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын түгелдей сабаққа аудару.

А)Психологиялық дайындық.

Бір,екі,үш

Бойға жинап күш.

Қазақ тілін бастаймыз,

Білімнен біз қашпаймыз.

 

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

45 жаттығу 18 бет.

Диірменге бидай тартып,ұн алдық.

Су жиектен аса тасыды.

 Балалар тəрбиешіні ұйып тыңдады.

Ереже жаттау.

 

ІІІ..Қызығушылығын ояту.

«Кім шапшаң?» ойыны.

Ойын шарты: мұғалім сөз айтады да допты лақтырады, қағып алған оқушы сол сөзді буынға бөледі де доптықайтарады.

 

ІҮ. .Мағынаны тану.

А)дәптермен жұмыс

Дәптерлеріне бүгінгі күнді және көркем жазу жолдарын жазғызу.

Дыбыс: И,й

Сол дыбысқа байланысты сөз жасау.

Киім

Ауызша сол сөзге дыбыстық талдау жасату.

47-жаттығуда өлеңді мәнерлеп оқып ,алдыңғы сабақта танысқан ережені талқылаймыз.

 

Ереже:

И-дауысты, й-дауыссыз дыбыс. И әрпі сөз басында және дауыссыздан соң жазылады: жиек, би, ит, Иса; й әрпі дауыстыдан кейін жазылады: мойын, мейіз, ай, қайыс.

 

Осы ережеге бағынбайтын бірқатар сөздер бар екен.Олар өлең жолындағы сыйымдық,сыйладық сөздері.

 

48-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жаз. Дауысты и-дің астын – бір, дауыссыз й-дің астын екі рет сыз. Иір мүйіз дегенді қалай түсінесің?

Ай, ай, Айдарбай,

Иір мүйіз сиырыңды

Үйіңе айдай бар.

 

Ә)оқулықпен жұмыс

 

49-жаттығу. Көп нүктенің орнына и, й әріптерінің тиістісін қойып, жұмбақтарды көшіріп жаз. Шешуін тап.

1.Ине бел, қылқа мойын қара батыр,

Қара тауды арқалап бара жатыр. /Айыр/

2.Жүз төрт түйме,

Он бір ине  /Есепшот/

 

Сергіту сәті.

51-жаттығу. «Тиіндер» тақырыбына әңгіме құра

 

Ү. Қорытындылау

Бос торкөзднрді и дыбысынан басталатын сөздермен толтыру. Сөздерде и әрпі жазылатынын дәлелдеу.

 

ҮІ. Үйге тапсырма: 

50-жаттығу, 20 бет. Ереже жаттау.

 

Бағалау

 

 

 

 

 

Тексерілді:                                       Калиниченко Л.С.

Күні:22.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сый , тый және бұлардан тараған сөздер

Сабақтың мақсаты: Сый , тый сөздерінің жазылуына мән беру. Сол сөздерді есте сақтау, ұқыпты жазуға дағдыландыру.

Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,жаттығу, талдау.

Пәнаралық байланыс:әдебиеттік оқу,математика.

 

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

 

ІІ.Үй тапсырасын тексеру

50-жаттығу ТИІНДЕР (әңгіме құрау)

 

ІІІ. Жаңа сабақ

Сый , тый сөздерінің жазылуы . Сый , тый сөздерінің жазылуына мән беру. Сол сөздерді есте сақтау, ұқыпты жазуға дағдыландыру.

 

52-жаттығу (өлеңді мәнерлеп оқу, қарамен жазылған оқып, түсіндіру)

Сыйға-сый

Ара тынбайды,

Ұшып, зырлайды.

Шарлап қырларға,

Шырын жинайды.

Гүлдер өсірсең,

Балғын сыйлайды.

 

ЕРЕЖЕ.

Сый, тый және бұлардан тараған сөздерге тек ый жалғанады: сый, сыйлық; тый, тыйым.

 

53-жаттығу (сөздерді көшіріп жазу, жазылуын есте сақтау)

СЫЙ, СЫЙЛЫҚ, СЫЙЛЫ.

СЫЙ,

ТЫЙ, ТЫЙЫМ, ТЫЙЫМДЫ.

 

54-жаттығу (берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау)

 

 

 

ІҮ. Сабақты қорытындылаау

55-жаттығу (көп нүктенің орнына и, ый –дың тиістісін қойып көшіріп жазу)

ОЛ МАҒАН КІТАП СЫЙЛАДЫ.

СИЫР ӨРІСТЕН ҚАЙТТЫ.

МҰРАТ ДОМБЫРАҒА ТИЕК ЖАСАДЫ.

АТАМ ҚАНАТҚА ЖАМАН СӨЗ АЙТУҒА ТЫЙЫМ САЛДЫ.

                                      

Ү. Үйге тапсырма беру

56-жаттығу «Менің сыйлығым» тақырыбына шығарма жазу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексерілді:                                       Калиниченко Л.С.

Күні:16.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама «Қуаныш»

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға дайын мәтін бойынша мазмұндама жаздыру

2. Білімін, есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: бекіту сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.       

 1.Оқушылармен амандасу

2.Сынып тазалығын тексеру

3.Оқу құралдарын түгендеу

4.Назарларын сабаққа аудару

 

ІІ. Мақсат қою, тақырыбын  хабарлау

Оқушыларға дайын мәтін бойынша мазмұндама жаздыру

Білімін, есте сақтау қабілетін дамыту.

Адамгершілікке тәрбиелеу.

 

ІІІ .Мазмұндама «Қуаныш»

1. Мәтінді оқып талдау.

                                                           Қуаныш

Көктем шығысымен Анар есігінің  алдына гүл егіп, ағаш отырғызды. Күнде су құйып тұрды. Бір күні ол әкесімен бірге ауылға кетті. Таңертең гүлге, ағашқа су құю керек екендігі есіне түсті. Анасына тапсырмағанына өкінді.  Өзі барғанша гүлдер солып қалатын шығар деп  уайымдаумен болды. Ұзақ жата алмай  4-5 күннен соң өз үйіне қайтып оралды.

Келсе гүлі де, көшеттері де  аман екен. Жайқалып өсіп қалыпты. Сөйтсе, анасы су құйып, күтімге алып  жүріпті. Оны көрген Анар қатты қуанды. 

 

2. Тірек сөздер.Солып қалатын уайымдаумен болды. Көшеттері.3. Жоспар құру

 

ІҮ. Үйге тапсырма беру кезеңі :Қайталау

 

 

 

Тексерілді:                                       Калиниченко Л.С.

Күні:23.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: қазақ тілі

Тақырыбы: Диктант   « Мақтаншақ».

Мақсаты:   Диктант жаздыра отырып оқушы білімін тексеру; сауатты , көркем жазуға баулу;  ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Диктанттар жинағы

Әдісі:сұрақ-жауап, өзіндік

Түрі: бағалау

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен амандасу

2.Сынып тазалығын тексеру

3.Оқу құралдарын түгендеу

4.Назарларын сабаққа аудару

 

ІІ. Мақсат қою кезеңі.Диктант.

Диктант жаздыра отырып оқушы білімін тексеру; сауатты , көркем жазуға баулу;  ұқыптылыққа тәрбиелеу.

 

ІІІ. Білімдерін тексеру.

1) Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?

Сөйлем неден басталады?

Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?

Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады?  

 

2)  Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап  оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді.

 

3)Ерекше сөздерді 3 рет  қайталап оқиды.

 

   Тапсырма:  

Мәтінде неше сөйлем бар.

Үшінші сөйлемдегі дауысты дыбыстардың астын сыз.  

 

ІҮ. Сабақты аяқтау. Бағалау.

 

 

 

 

Тексерілді:                                       Калиниченко Л.С.

Күні:19.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тықырыбы: Абай Құнанбаев.Күз.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абайдың өмірбаянымен, әндерімен және қара сөздерімен таныстыру.

Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ойлау, есте сақтау, сезіну қабілеттерін дамыту.

Абайдың шығармалары арқылы туған елге деген махаббатты қазақтың ән өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу. Оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

 Көрнекілігі: оқулық, суреттер

 

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық кезең:

 

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Ақылшым-мұғалім   өлеңін  жатқа  айту

 

ІҮ. Жаңа сабақ

А) Кіріспе. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев атамыз 1845 жылы тамыздың 10 - шы жұлдызында қазіргі Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының баурайында Қарабұлақ деген жерде дүниеге келген.

*Қай өңірінде туған ? Қандай ақын? Шығармалары Әкесі...... Шешесі..... Әжесі......

 "Күз" өлеңін мәнерлеп оқып беру, сұраққа жауап алу:  Абайдың «Күзі» сендерге қандай көңіл күй туғызды? Неліктен? Осы өлеңінде бейнеленген түс қандай деп ойлайсың?

 Сергіту сәті

 Ормандағы аюдың

 Бүлдіргені көп екен

 Теріп-теріп алайық

 Қалтамызға салайық

 

Ү. Дәптермен жұмыс:

өлеңнен күз мезгіліне қатысты көркем сөздерді тауып жазу.

 Жапырақтарынан айырылған ағаш

 Сұр бұлт түсі

 Дымқыл тұман

 Жасыл шөп, бәйшешек жоқ

 Оқулықпен жұмыс

 Іштей оқыту, тізбектеп оқыту, қатар бойынша оқыту

 Оқушыларға оқытып мазмұнын айтқызу.

 Күздің суретін салғызу.

 Абай – лирик ақын. Табиғат адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Абай атамыз табиғатты жырлаған.

Күз. Бұл мезгілде ешбір жыл мезгілінде қайталанбас байлық, молшылық болады. Аспанды бұлт торлап, төңіректің бәрі жазғы түрінен, әсем көркінен айырылады. Топ - топ болып құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Осы көріністі Абай атамыз былай деп жырға қосады:

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан...

Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын ашу.

Оқулықтағы сурет бойынша жұмыс.

Сөздік жұмыс.

Көркем сөзді тауып жазу.

... ағаш (жапырағынан айырылған)... шөп жоқ (жасыл)

... бұлт (сұр)... тұман (дымқыл)

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем әнмен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй – дей келе Абай әндерін ортаға салайық.

Ән «Көзімнің қарасы» (оқушының орындауында)

Абайдың 38 - ші қара сөзінен.

Адам баласын қорп қылатын үш нәрсе бар. Ол надандық, екінші еріншектік, үшінші залымдық.

Надандық – ғылым - білімнің жоқтығы.

Еріншектік – хайуандық.

Залымдық – адам баласының дұшпаны.

«Күз» эссе жазу. Оқушыларды бағалау. Мадақтау.

 

ҮІ.. Сабақты қорытындылау.

Абай ата ағашы

6. Оқушыларды бағалау және мадақтау

7. Үйге тапсырма

а) Еңбек жайлы мақал - мәтел жазу, жаттау.

ә) Өлеңді мәнерлеп оқу, жаттау.

б) Жемістер, бақша өсімдіктерінің, дәнді дақылдардың суретін салу

 

ҮІІ. Үйге тапсырма беру

Абай Құнанбаев мәлімет жинау. Күз жаттау

 

Бағалау

 

 

 

Тексерілді:                                       Калиниченко Л.С.

Күні:20.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тықырыбы:Ұнатам күзді мен.Жеңіс Қашқынов

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға берекелі күз туралы,күз байлығын таныту;күздегі табиғат құбылыстары, адам, жан-жануарлар тіршілігі туралы көркем сөйлей алу дағдыларын жетілдіру.

Оқушылардың ой-өрісін,есте сақтау қабілетін дамыту;

Еңбек адамдарын құрметтей білуге,еңбекпен келген асты қадірлей білуге ,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

 Көрнекілігі: оқулық, суреттер

 

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық кезең:

 

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Күз  өлеңін  мәнерлеп оқу, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу

 

ІҮ. Жаңа сабақ

Ұнатам күзді мен.Жеңіс Қашқынов

А)автор туралы түсінік    Жеңіс Қашқынов –Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында 1942 жылы туған. Оның балаларға арналған «Достар», «Соқпақтар» тб өлең жинақтары бар.

Жеңіс Қашқынов(1942-2005)- 4 наурызда Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы «Қуаныш» деген колхозда туған. 1964 жылы ҚазМУ-дің тіл және әдебиет факультетін бітірген.Алғашқы кезде республикалық «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінде істеп, 1965— 1985 жылдары қазақ радиосында әдебиет редакциясын басқарады. Кейін Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде, «Мектеп» баспасында жұмыс атқарады.Алғашқы өлеңдері 1959 жылы республикалық «Пионер» журналы мен «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде жарық көрді.Он шақты жыр жинағының авторы. Өлеңдері орыс, украин, өзбек, молдован,грузин, қырғыз, ұйғыр тілдеріне аударылған. Бірқатар бауырлас елдер ақындарының жырларын аударған.Бірнеше жыр мүшәйраларының жеңімпазы. Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы.

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Шығармалары

Кешкі күн. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1967;

Тұлпар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1969;

Ленин ата. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970;

Достар. Өлеңдер, ертегілер. А:, «Жазушы», 1971;

Қазыбек Нүржанов. Очерк. А., «Жазушы», 1972;

Соқпақтар. Өлеңдер, балладалар. А., «Жазушы», 1975;

Найзатас. Поэмалар, өлеңдер. А., «Жазушы», 1977;

Дихан мерейі. Поэмалар, өлеңдер. А., «Жазушы», 1988;

Қыраулы биіктік. Поэмалар, ертегілер, аңыздар. А., «Жалын», 1989;

Ақжолтай Ағыбай батыр. Очерк. А., «Балауса», 1996;

Алыптар мен арыстар. Өлеңдер мен дастандар. А., «Әуен», 2001;

Атыңнан айналайын, атамекен. Толғаулар, деректі әңгімелер, сапарнама, ой өрнектері. А., «Әуен», 2001.

 

Ү. Сабақты қорытындылау

«Ұнатам күзді мен»  Мәтінмен жұмыс

                        1-деңгей

 Өлеңді мәнерлеп оқу. Өлеңнен күзде табиғат қалай өзгеретіні туралы айтылған жолдарды тауып оқы. Ақынның күз мезгіліне деген көңіл күйі айтылған жолды табу.

                2-деңгей  (төмендегі сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құрау)

Алма албырап, қаптаған бұлт, суық жел, тізілген тырна

3-деңгей

Күз мезгілін бейнелеу үшін қандай бояуларды көбірек қолданар едің?

Күзде қандай  еңбек түрлері атқарылады?

                      4-деңгей

Өлеңді қарасөзге айналдырып, әңгімелеу ( Албырап алма пісті. Бал құрақ сарғайды. Аспанды бұлт қаптаған)

 

ҮІ. Үйге тапсырма беру

 Ұнатам күзді мен жаттау

 

Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексерілді:                                       Калиниченко Л.С.

Күні:21.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тықырыбы: Асқар Тоқмағамбетов Бидай мен қаңбақ

Сабақтың мақсаты:

Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын жүйелі айта білуге, өлеңнің негізгі ойын тауып, өлеңнің қай түріне жататынын анықтай білуге үйрету.

Ой - өрісін дамыту, өз ойларын ашық айта білуге, дұрыс қорытынды жасай білуге үйрету.

Мақтаншақтық әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу. Адамгершілік қасиеттерге баулу.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақ типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

 Көрнекілігі:Электронды оқулық, А. Тоқмағамбетовтің, бидай мен қаңбақтың суреті, сөзжұмбақ, суреттер мен сұрақтар жазылған слайдтар.

 

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық кезең:

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 

Ұнатам күзді мен өлеңін  мәнерлеп оқу, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Бар адамды құрметтеп

Бас иеміз біз.

- Балалар дүниедегі ең ақылды, ең күшті кім? ( Адам )

Мен сендерге де ең күшті, ең ақылды адам болуларыңызды тілей отырып,

бәріңнің де бүгінгі сабаққа жақсы атсалысады деп ойлаймын.

Үйге берілген Жеңіс Қашқыновтың « Ұнатам күзді мен» өлеңін оқыта отырып өз ойларын айтқызу. Қосымша сұрақтар қою арқылы сұрақтар беру. 1. Даланың түсі қандай? 2. Алма қалай піседі? 3. Аспанды не қаптады? 4. Жел қандай? 5. Тырнасы қайткен? 6. «Күз» өлеңімен «Ұнатам күзді мен» өлеңінің ұқсастығы, ерекшелігі неде? 7. Күздің басқы және соңғы кездерін қай өлең - нен байқайсың? 8. Өлең сендерге қандай көңіл күй туғызды?

 

ІІІ. Жаңа сабақ

Тақырыпты сөзжұмбақ арқылы табу.

---е ң Б е к               ---і л И я с-------Д у л а т о в

-----қ А ң б а қ            ---Б а Й л ы қ

1. Адамдар әрқашан не істеу керек?

2. «Күн шыққанда» өлеңінің авторы кім?

3.«Байлық» мәтінінің авторы кім?

4. Ұшарын жел, қонарын сай білетін шөп?

5. Денсаулық зор... (байлық)

 

 Бүгінгі өтетін өлеңіміздің шешуін жұмбақ шешу арқылы табайық.

1. Ұзын мұртты сарылар,     Қойынында наны бар. ( Бидай )

2. Шеңбер жасап өседі,     Желмен бірге көшеді. ( Қаңбақ )

3. А. Тоқмағамбетовтың «Бидай мен қаңбақ» мәтіні мысал өлең түрінде берілген. Бұл өлеңнің авторы өзіміздің жерлесіміз. Қызылорда облысы Тереңөзек ауданында дүниеге келген. Қазір Сырдария ауданы деп аталады.

Қаламызда бұл кісінің атында үлкен мәдениет үйі бар. Біздің облысымыздан көптеген ақын жазушылар шыққан. Олар З. Шүкіров, Ә. Қоңыратбаев, Ә. Тәжібаев т. б. (суреттерін слайдтан көрсету ) Асқар Тоқмағамбетов атамыз көптеген әңгімелер, өлеңдер, сықақтар, мысал өлеңдер жазған, соның бірі бүгін, біз өткелі тұрған «Бидай мен қаңбақ»

 

ІҮ. Оқулықпен жұмыс

1. Мысалды мәнерлеп оқып беру.

2. Оқушыларға рөлге бөліп оқыту. Оқыған оқушылардың басына кейіпкерлердің бет бейнесін кигізу.

3. Сұрақтармен жұмыс.        Төменде берілген жолдар мысалдағы қай кейіпкерге қатысты екенін айтқызу: Бидайға ма, Қаңбаққа ма?

- Қаңбақ бидайға не деп тіл қатты? - Қаңбақ бидайдан қандай жауап

алды? - Дұрысын айтқан бидай ма, қаңбақ па? - Бидай бізге не үшін керек? - Қаңбақ не?

 

Ү. Топпен жұмысТапсырма: Топ басшыларына.

І – топ: Өлеңнің мазмұнын айту.

ІІ – топ: Өлеңдегі негізгі ой не?

 

ҮІ. Ой толғау

Бүгінгі сабақта білгендерін, бұрыннан білетіндерін жинақтау. Әр топқа парақтар таратылып беріледі. Маркердің көмегімен ассоциация құрады.

І – топ:   Күз                           ІІ – топ:   Бидай     

 

ҮІІ. Дәптермен жұмыс

Жұмбақты жазып шешуін табу.

 

ҮІІІ. Сабақты қорытындылаууу

Оқушы білімін бағалау.

 

ІХ. Үйге тапсырма беру

Өлеңді мәнерлеп рөлге бөліп оқу

 

Бағалау

 

Тексерілді:                                       Калиниченко Л.С.

Күні:22.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тықырыбы: Ғылым таппай мақтанба   Абай Құнанбаев

Сабақтың мақсаты: А. Құнанбаев туралы толық мағлұмат алу, өлең мазмұнын түсіне отырып, негізгі ойды ашу. Өлең мазмұнындағы адам бойындағы қасиеттердің ара - жігін ажырату, Өлеңді мәнерлеп оқу машығын дамыту. Топпен бірлесіп жасауға, ұйымшылдыққа, пікір алыса білуге, өз ойларын ашық айтуға, жоба қорғауда белсенділікке баулу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, Дамыта оқыту

 Көрнекілігі: оқулық, суреттер Абай туралы толық деректер, үлестірме материалдар, ереже, нұсқаулар, сабақ тапсырмасы

 

Сабақтың барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық кезең:

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

А) Бидай мен қаңбақ мысалын жатқа айту

Ә) Ашық хат тапсырмалары: Мысалдағы өлең жолдар қайсысына сәйкес екенін табу:

Бидай ---------------------------------------------- Қаңбақ

Онда қандай салмақ болсын! ------------- Ұшарыңды жел біліп,

------------------------------------------------------- Қонарыңды сай біліп.

Уф десе, ұшасың, ------------------------------ Сайран салып жүргенің.

Суф десе, қонасың.

------------------------------------------------------- Көктемде шығып

Абырой да даңқ та, -------------------------- Күз болса, бұғып.

Ерлік те жеңіс те ------------------------------ Жинағанымыз дән

Барлығы осы егісте. ------------------------- Айналамыз толған ән.

Сөз жұмбақ шешейік!

Ғарыш Тарақ МақтаЫдыс ана ағашЛақ парта қайық

Ырыс піл тақтаМысық алма артықЙод нанБалаАт

 

ІІІ. Жаңа сабақ

«Ғылым таппай мақтанба»

- Осы тақырып бойынша нені меңгеруге тиіспіз?

1. Автор туралы дерек білу.

2. Өлең мазмұнын түсіну

3. Жақсы және жаман қасиеттерді тану.

5. Мағынаны тану:

1. Топтық тапсырма:

А) Абай Құнанбаев туралы мәлімет

сызбада көрсету, қорғау, толықтыру

Ә) Өлеңді мәнерлеп тізбектеп оқу;

Б) Өлең мазмұнына талдау жасау:

- Әр топ жобамен қорғайды.

2. Топтық жұмыс:

1 - топ: ------------- 2 - топ:

Бес асыл іс ------------ Бес дұшпан

Талап ---------------- Өсек

Еңбек ----------------- өтірік

Терең ой --------------- мақтаншақ

Қанағат -------------- еріншек

Рақым ----------------- Бекер мал шашпақ

3. Сөз сиқырын ұғайық!

Жақсы қасиеттер мағынасы Жаман қасиеттер мағынасы

4. «Мақал жалғастыр «ойыны:

Жақсыдан үйрен

(Жаманнан жирен)

Талап тұлпар

(Білім сұңқар)

Талант қартаймайды

(Білім ортаймайды)

Әріптен білім

(Әліппеден ғылым)

Ақыл азбайды,

(Білім тозбайды)

Өнерлі (өрге жүзеді)

 

ІҮ. Сабақты қорытындылау

а) Салыстыр;

Адам бойындағы қасиет – мінез-құлық, іс - әрекет

Жақсы қасиет -------------------- Жаман қасиет

Білімді -------------------------------- Білімсіз

Ақылды -------------------------------- еріншек

Талапты ----------------------------------- қайырымсыз

Еңбекқор ----------------------------------- жалқау

Қайырымды ----------------------------------- өсекші

Ә) Дыбыстық талдау жаса:

Жұппен жұмыс:

Ғылым Еңбек Өнер Талап

 

Ү. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттап келу.

 

Бағалау

 

Тексерілді:                                       Калиниченко Л.С.

Күні:22.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: математика

Сабақтың  тақырыбы:     Бақылау жұмысы

Сабақтың мақсаты:   «Кестелік қосу мен азайту» тақырыбында оқып – үйренген  материалдар    бойынша басты  мәселелерді  оқушылардың игеру дәрежесін анықтау.

 Алған  білімдерін іс-жүзілік тұрғыда пайдалана білуге машықтандыру.

Оқушыларды жауапкершілдікке, өз беттерісен жұмыс істеуге  баулу.      

Сабақтың  типі:білімді  тексеру

Әдіс – тәсілдері:сұрақ – жауап, түсіндіру, талдау

 

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру

Психологиялық кезең:

 

ІІ. Сабақтың тақырыбы мен  мақсаты хабарланады.

Алған  білімдерін іс-жүзілік тұрғыда пайдалана білуге машықтандыру.

Оқушыларды жауапкершілдікке, өз беттерісен жұмыс істеуге  баулу

 

ІІІ. Жұмыстың  мазмұнымен  таныстыру.

 1-нұсқа                                                                                                  2-нұсқа

 

Мысалдарды шығар, амалдардың орындалу ретін анықта:

 

56+5         54-3          55+30                                83-2         70-20        52-1

27+1       90-20          71-7                                       80+10        47+2        95-2

82+4      63-2    38-20         60+40                             32+8         97-90        45-3      88-8                      

        

                                              

2. Теңдеуді  шеш:

 

6+х = 10    10-х=4.    Х-4=10                                8+а=10.           10-а=8.      а-8=2

 

Есепті  шығар:

 

Анамыз балаларға  10 балмұздақ және                 Сурет салатын альбом 60 теңге одан 4 шоколад кем сатып алды.Анамыз              тұрады, ал қойын кітапша одан

неше шоколад  сатып алды?                               10 теңге арзан.Қойын кітапша                  қанша тұрады?

 

 

4.Ұзындығы 3см, ені 2см тік төртбұрыш сыз.        4.Қабырғасы 4 см шаршы сыз.

                                                

                                               

ІV.Тапсырмалар талданып түсіндіріледі. 

      Оқушылар жұмысты орындайды.

 

V.  Жұмысты аяқтау, дәптерлерін жинап алу.

 

VІ. Сабақты қорытындылау

Ойын:    «Жұбыңды тап»   «Желдеткішті жап»

                                              

             13                              14                              15             

 

               4

                  +

            

          = 

    11

 

              

                  -

             8

          = 

    7

 

            7  

                  +

            

          = 

    16

 

 

I.Үйге тапсырма: қайталау

 

Бағалау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексерілді:                                       Калиниченко Л.С.

Күні:21.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: математика

Сабақтың тақырыбы:  Қайталау

Сабақтың мақсаты:  Ондықтарды ондықтарға қосуға және ондықтардан ондықтарды азайтуға негізделген есептеу тәсілдерімен таныстыру; екі амалмен шығарылатын есепті және ондықтан аттап қосу мен азайту тәсілдерін енгізуге дайындық жүргізу; амалдардың орындалу ретін анықтауға машықтандыру, теңдеуді шешудің «сынап көру» тәсілін пысықтау.

Сабақтың  типі:білімді  тексеру

Әдіс – тәсілдері:сұрақ – жауап, түсіндіру, талдау

 

Сабақтың барысы: 

I.Ұйымдастыру сәті

Математика сабағын,

Жақсылап ұғып аламыз.

Сәулесі деп сананың

Мәнінен ой табамыз.

 

II.    Тірек білімді еске түсіру

  а)-1-ден 30-ға дейін санау(тура және кері)  Саннан (28, 43, 54) кейін  келетін санды ата.

     -Санның (30, 55, 79) алдындағы санды ата.  Санның (50, 76, 94) көршілерін ата.

     -Сандар қатары (21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30) берілген.

     -Сандардың жаңа қатарын құрыңдар, сонда сандардың ондықтары 3, ал бірліктері алдыңғыдағыдай болсын.

     -Не шықты? Сандардың жаңа қатарын атаңдар(31, 32, ..., 40). Екінші қатардың сандарын неше бірлікке арттырдық?

 

III.Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау. 

-Бүгінгі біздің сабағымызда ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Біз «Шалқан» ертегісін білеміз бе?

Әрине, білеміз

Олай болса, ертегіні еске түсіріп алайық.

Ертегі кейіпкерлері бізге қонаққа келіп қалыпты. Өздерімен бірге тапсырмалар алып келіпті.

 

Оқулықпен жұмыс

№1 Оқулықтағы  суреттер бойынша түсіндіру жұмысы ұйымдастырылады.Оқушылардың өздігінен екі таңбалы санға ондықтарды қосудың және азайтудың ерекшеліктері туралы қорытынды жасауы қажет.

        Ондықтарға ондықтарды қосады.

         Ондықтарды ондықтардан азайтады.

Атайдың тапсырмасы.   

 «Кім зерек?»   №2 есеп

Мысалы:

     -53 және 30 сандарының қосындысы; Бірліктерге бірліктерді қосу;

     -Нәтижені сол жақтан екінші орынға жазу;Ондықтарды ондықтарға қосу;

     -Нәтижені сол жақтан бірінші орынға жазу ;Қосындының мәні 83.

 53 + 30     83 – 30  35 + 40    75 – 40  46 + 50   96 – 50                                    

Әжейдің  тапсырмасы. 

«Тез есепте!»

№3. Амал компоненттерін еске түсіріп, шешуін дәптерге орындап,тексергенде кеткен қателерді талдайды.

(20 + 5) + 60                       (60 + 4) – 40

(70 + 9) – 40                          (20 + 2) + 50

 

Қыздың тапсырмасы:  «Теңдеуді шеш»

6 + а = 10                   10 – a = 6           a – 6 = 4

 

4. Күшіктің тапсырмасы:  «Есепте»

I топ                                                            II топ                                           

Шарты:Шарты:                                   Шарты:

Болғаны – ?                                                Болғаны – 12қ

Бергені  –  2 қ.                                            Бергені  –  2 қ

Қалғаны  - 10 қ.                                          Қалғаны  - - 10 қ.   10+2=12(қ)                                           12-2=10 (қ)                                

Жауабы: 12 қ болды.                                Жауабы: 10қ қалды

Мысықтың тапсырмасы:Сағаттардың тілдері қалай орналасуы тиіс?

 

6. Тышқанның тапсырмасы:    № 6 есеп

59 бен 63- тің арасындағы сандарды өсу ретімен жаз.

- Балалар, біз шалқанды алуға көмектестік. Шалқанды алуғакөмектесеміз деп шаршап қалыппыз. Демалып алайық.

 Сергіту сәті

 

ІҮ. Сабақты қорытындылау

Шығармашылық жұмыс

http://tak-to-ent.net/matem/ris/21/42.png

 

Ү. Үйге тапсырма беру. №7

 

Бағалау

 

Тексерілді:                                       Калиниченко Л.С.

Күні:27.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: қазақ тілі

Тақырыбы: Я әрпінің жазылуы.

Мақсаты:Я әрпінің жазылу, айтылу ережелерін меңгерту, ондай әріптері бар сөздерді дұрыс жазуға дағдыландыру.

Сөздік қорларын дамыту.

 Білімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакат.

Әдісі: сұрақ-жауап, іздену

Түрі: аралас

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен амандасу

2.Сынып тазалығын тексеру

3.Оқу құралдарын түгендеу

4.Назарларын сабаққа аудару

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Менің сыйлығым»тақырыбында шығарма жазып келу.

 

ІІІ. Білімдерін тексеру:

И дыбысы қандай дыбыс.Сый, тый сөздерінің жазылуы

 

ІҮ. Мақсат қою кезең:.

Я әрпінің жазылуы.

Я әрпінің жазылу, айтылу ережелерін меңгерту, ондай әріптері бар сөздерді дұрыс жазуға дағдыландыру.

Сөздік қорларын дамыту.

 Білімділікке тәрбиелеу.

 

Ү. Жаңа сабақ:

Күн ретін жазу.

Көркем жазу.Сс  Сс   Сс  Сыйлық.

 

Оқулықпен жұмыс.   

60-жаттығу  сөздерді топтап, сол топқа жатпайтын сөзді тауып неше дыбыс, неше әріптен тұратынын түсіндір. ( қоян- 5 дыбыс, 4 әріп)

 

61-жаттығу Я әрпінің жазылуы, оқылуы зертте, бақыла.

 Өздік жұмыс:

 

62-жаттығу  мақалдың мәнін түсіндір.

 

ҮІ. Түсінгендерін тексеру.

63-жаттығу ребус шешу,сөйлем құрастыру. 64жаттығу  көшіріп жазу, дәлелдеу. 

 

ҮІІ. Сабақты қорытындылау

Бүгін сабақта не істедік?

Не білдік?

Неге үйрендік?

 

ҮІІІ . Үйге тапсырма:

65– жаттығу.

 

Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексерілді:                                       Калиниченко Л.С.

Күні:28.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Я әрпі бар сөздер

Сабақтың мақсаты:Сөздегі и әрпінен соң а жазылмайтынын түсіндіру. Я әрпінің емлесін есте сақтап, қатесіз жазуға дағдыландыру.

Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба

Әдісі: сұрақ-жауап, іздену

Түрі: аралас

 

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен амандасу

2.Сынып тазалығын тексеру

3.Оқу құралдарын түгендеу

4.Назарларын сабаққа аудару

 

Бір,екі,үш

Бойға жинап күш.

Қазақ тілін бастаймыз,

Білімнен біз қашпаймыз.

 

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

64-жаттығу (көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу)24-бет

Балалар саяхатқа шықты. Олар жалғыз аяқ жолмен жүрді. Әсел ерте оянды. Ол киімдерін кеште даярлап қояды. Аян бояумен сурет салады.

 

ІІІ. Жаңа сабақ

Я әрпінің жазылуы  Көркем жазу:Я я

Сөздегі и әрпінен соң жазылуы. 66-70 ж.

66-жаттығу (өлеңді көшіріп жазып, я әрпі бар сөздердің астын сызу)

Менің інім-Бақтияр,

Болса өзіңде ықтияр.

Қызыл қарбыз тұрғанда,

 

Жемес еді көк қияр.

*Ереже: СӨЗДЕГІ И ӘРПІНЕН СОҢ А ЖАЗЫЛМАЙДЫ, Я ЖАЗЫЛАДЫ: мия, тақия, Ғалия

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

 

 

Кіп-кішкене ағаштар

Үп-үлкен боп өседі.

67-жаттығу (мақалды оқып, жатқа жазу)

Адалдан зиян жоқ,

Арамда иман жоқ.

68-жаттығу (Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазып, себебін түсіндіру)

Пияз, Ұрқия, сия, Дария, қария, зиян.

 

IV Сабақты қорытындылау

69-жаттығу (Жасырынған сөздерді табу)

Шаян, тұяқ, мая, баяу, ұя

Шаян- 4 әріп, 5 дыбыс

Тұяқ-4 әріп, 5 дыбыс

Мая-3 әріп, 4 дыбыс

 

V Үйге тапсырма беру:

70-жаттығу (берілген тірек сөздерді қатыстырып әңгіме құра )

 

Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексерілді:                                       Калиниченко Л.С.

Күні:29.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Ю әрпінің жазылуы
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Ю әрпінің жазылуы және дыбысталу ерекшелігі туралы түсінік беру.
2. Балалардың таным белсенділігін дамыту, ойларын қорытындылау, сұрақтарға жауап беру. Әдемі, қатесіз, көркем жазуға қалыптастыру.
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, оқулық, карточкалар, ребус.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану,
Әдісі: сұрақ - жауап, ойын, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу

2.Сынып тазалығын тексеру

3.Оқу құралдарын түгендеу

4.Назарларын сабаққа аудару

 

Психологиялық дайындық.
Қонақ күту - салтымыз,
Оқып - біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге
Сәлемдестік жалпымыз.

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

70-жаттығу.

Берілген тірек сөздерді қатыстырып әңгіме құрау.

Әкем  құстарға дән шашты. Әнуар құстарға ұя жасады. Әкем мен Әнуар құстарға қамқорлық жасады.

Өткен сабақтан алған білімін тексеру.
1. -«Я» дыбысы қандай дыбыс?
-«Я» дауысты дыбысы
2. - И әрпінен кейін қандай әріп жазылады?
- И әрпінен кейін я әрпі жазылады.

ІІІ. Жаңа сабақ.
- Жаңа сабақты түсінуіміз үшін, жұмбақтың шешуін табуымыз керек
Қыс бойы жатады, тәтті ұйқыға батады. (Аю)
- Қандай сөз шықты?
- Аю қайда болады, ол нені жақсы көреді?
Оюдың суреті.
- Оюды кімдер ояды, қандай ою түрлерін білесіңдер?
1. «Ю» дыбысын бір неше рет қайталап дыбыстау.
2. Оқушыларға «Ю» дыбыстан екі дыбыстан тұратыны туралы және и+у дыбыстарының қосылуынан жасалатындығына түсінік беру.
Айу - аю, ойу - ою

3. Оқулықпен жұмыс
 71 - жаттығу. Суретке қарап әңгімелеу.
- Қане балалар, «аю, ою» сөзіне дыбыстық талдау жасайық.
- Аю, ою. Бұл сөздерде 2 әріп, 3 дыбыс бар)
4. Дәптермен жұмыс.
72 - жаттығу. Өтірік өлеңді көшіріп жазып, «ю» әріпінің қандай дыбыстардан құралғанын айту.
73 - жаттығу. Топтық тапсырма. Суретпен жұмыс.
- Аю, балды өте жақсы көреді. Бірде аю орман аралап келе жатып араның ұясын көреді. Аюдың бал жегісі келді. Аю араның ұясына қолын салды. Аралар аюды шағып алды.
Тәтті балға тоюды,
Ойлап аю,
Омартаны ториды.
- «Ю» әрпінің астын сызып, оның дыбыстардың орнына жұмсалғанын түсіндір.
                               Сергіту сәті.
Ормандағы аюдың,                Құлпынай көп екен.
Теріп, теріп аламыз,              Қалтамызға саламыз.
«ЙУ»,»Ю» дыбысы бар сөздерін оқуда оқушылар көп шатасады. Сондықтан 74 - жаттығуда сабақта мұғалімнің көмегімен талқылануы тиіс. Сөздерге у дыбысы қосылғанда олар қалай жазылатындығы туралы айтылады.
Балалар, мына сөздерге у әрпін қосса, қандай өзгеріс болады.
күшей - у
молай - у
той - у
көркей - у
тыңай - у
75 - жаттығу. Сөздерді көп нүктенің орнына «йу», «ю» әріптерінің тиістісін көшіріп жазып, неліктен сол әріпті қойғандығынды дәлелде.
Үлке…, шалқа…, есе…, сарға...

ІҮ. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

 

Ү. Үйге тапсырма беру

76 - жаттығу. «Баларасы» ребус шешуіндегі сөзге әңгіме жазу.

Бағалау

 

 

 

Тексерілді:                                       Калиниченко Л.С.

Күні:29.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Ю әрпі бар сөздер

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: ю дыбысы бар сөздерді дұрыс жазуға дағдыландыру.

2. Дамытушылық: Ю әрпінің қосарлы дауысты дыбыс екенін, яғни йу дыбыстары естілгенімен ю әрпі жазылатындығын түсіндіру , ойлау қабілетін арттыру

3. Тәрбиелілік: Оқушылардың сауаттылықтарын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру, ойын

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты Ю әрпінің қосарлы дауысты дыбыс екенін, яғни йу дыбыстары естілгенімен ю әрпі жазылатындығын түсіндіру , ойлау қабілетін арттыру.

Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

 

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Берілген тірек сөздерді қатыстырып әңгіме құрау.

Әкем  құстарға дән шашты. Әнуар құстарға ұя жасады. Әкем мен Әнуар құстарға қамқорлық жасады.

76 - жаттығу. «Баларасы» ребус шешуіндегі сөзге әңгіме жазу.

 

III. Жаңа сабақ

1. Кіріспе бөлім 71-жаттығу.

а) Тақтаға аю мен оюдың суреті ілінеді. Оқушылар аю, ою сөздерін дәптерлеріне жазады.

Аю мен ою сөздеріне дыбыстық талдау жасатылады.

Аю - екі буын, екі әріп, екі дыбыс.

А - жуан дауысты дыбыс.

Ю - дауысты дыбыс.

ә) «Артығын тап» дидактикалық ойыны. Шарты: тақтаға бірнеше кеспе әріптер батырмамен (кнопкамен) бекітіледі. Оқушылар дауыссыз дыбыстарды бір бөлек, жуан дауысты дыбыстарды бір бөлек және жіңішке дауысты дыбыстарды бір бөлек қояды.

- Қай әріп артық қалды?

- Ю әрпі.

- Неліктен?

- Ю - дауысты дыбыс. Бірақ ол екі дыбыстан (йу) тұрады.

2. Негізгі бөлім.

Жаңа сабақ бойынша істелетін жұмыс.

 

ІҮ. Сабақты бекіту.

1. Жұмбақтар шешу.

Апанда алты ай ұйықтайтын, Білесің бе батырды?

Ұзын құлақ, қысық көз

Орғып-орғып сай кезген.

Аю, қоян сөздерін тақтаға бір оқушыға жазғызу. Дұрыс-бұрыстығын тексеру.

- Аю сөзінде неше дыбыс бар? Неше әріп жаздық?

- Аю сөзінде «иу» дыбыс естілгенмен, ю әрпін жазамыз.

- Тағы ю әрпі жазылатын қандай сөздерді білесіңдер?

- Қоян сөзінде неше дыбыс бар? Неше әріп жаздық?

2. Оқулықпен жұмыс.

Осы сабақтағы жаттығулар я, ю әріптерінің жазылуына арналады.

3. Үлестірмелі қима қағаздары таратылып беріледі.

 

Ү. Сабақты қорытындылау.

4. Сурет бойынша жұмыс.

Тақтаға бақшада жұмыс істеп жүріп, аяғын жарақаттап алған баланың суреті ілінеді.

Сурет бойынша не айтуға болады?

Балаға не болды?

- Бақшадағы құрттарды не деп айтуға болады? (Зиянкес).

- Аяқ, зиянкес сөздерін кім тақтаға жазып көрсетеді?

 

ҮІ. Үйге тапсырма беріледі.

 

Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексерілді:                                       Калиниченко Л.С.

Күні:21.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы:

Бейнелеу өнерінің жанрлары.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                     Бейнелеу өнерінің жанрларымен  оқушыларды жүйелі

                                           түрде таныстыру.

 

ә) Дамытушылық:            Қоршаған ортаны қорғау, өсімдіктер дүниесі мен табиғат

                                           сұлулығын сезіну, табиғат әсемдігін тамашалау, бейнелеу.

 

б) Тәрбиелілік:                 Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

                                           түсіне білу. 

 

Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, қылқалам және тағы басқа.

 

Сабақтың өту барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Тапсырмаларды орындау.

Сабақты бекіту.

Үйге тапсырма.    

 

Сабақтың барысы:

   

Бейнелеу өнеріндегі пейзаж, портрет, натюрморт атауларымен таныстық. Міне, осыларға ортақ атау ол - жанр. Шығарманың жанрын анықтау үшін «Суретші өз шығармасында нені бейнеледі?» деген сүраққа жауап беру керек. Егер картинада табиғат бейнеленсе, бейнелеу өнерінің бұл жанры ПЕЙЗАЖ деп аталады. Пейзаж бейнелеу өнерінің әр түрінде кездеседі.
Ол графика, кескіндеме, мүсін түрінде де бола алады. Оны бояумен, қарындашпен, аппликация, тәсілімен, тіпті жапсырып салуға болады.

    Табиғат құрылымы бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады.

    Әрбір адам табиғатпен етене жақын байланыста екенін ұғынуға міндетті, сондай-ақ біздің әрқайсымыз өз іс-әрекеттерімізге әрдайым жауаптымыз. Сондықтан біз туған табиғатымызды жақсырақ танып-білу, сүю үшін, оның сенімді қорғаушысы болуымыз керек. Ол – біздің, жалпы адамзат баласының тікелей міндеті.

    Жас ұрпақтарға:

Планетамыздың иесі – сендер.

- Сендер сол Жер-Ананың шапағаты мол ғажайып қалпын сақтап қалу үшін, онда алуан түрлі аң мен құстың тіршілік етуі үшін, өздеріңнің және ұрпақтарыңның шат-шадыман, жақсы өмір сүруі үшін күресулерің керек. Бір сөзбен айтқанда, табиғат-Ананы аялап, көздің қарашығындай қорғауларың керек, - деп, насихаттаймын.

    Ал, енді плэнэр дегеніміз не екендігіне тоқталайық. «Плэнэр» деген сөз француз тілінен алынған. Қазақша «ашық ауа» мағынасында. Толығырақ айтқанда, табиғатқа шығып құбылыстарды түсті бояу мүмкіндіктері арқылы тікелей жазу, бейнелеу дегенді білдіреді.

    Табиғаттың барша сұлулығын алдыңа жайып салатын суретшіні пейзажист суретші деп атайды.

    Пейзаж өзінің пайда болу тарихында бірден дербес жанр болып кете алмады. Тек 16 -17 ғасырларда ғана дербес жанрға айналды. Ол кезде голланд суретшілері салған пейзаждар ерекше даңққа бөленген.

    19 ғасырда да тамаша пейзаж туындылары дүниеге келді. Орыс суретшілері А. К. Саврасов, И. И. Шишкин, И. И. Левитан, А. И. Куинджи шығармаларында бейнеленген табиғат көріністері неткен сұлу, неткен мәнді десеңші.

    Табиғатты бейнелеу Қазақстан суретшілері Ә. Қастеев, Ә. Исмайлов, Қ. Қожықов, А. М. Черкасский, Қ. Телжанов, С. Мәмбеев шығармашылығында да үлкен орын алады.

    Туған табиғатты бейнелей отырып суретшілер оның сұлулығы мен поэзиясын түсіне білуге, ғажайып өлкемізді бұрынғыдан да терең сүйе білуге баулиды.

   

Үйге тапсырма беру:  Өзіміздің туған табиғатымызды жақсырақ танып білуге, сүюге және оның сенімді қорғаушысы болуға арнап, еркін тақырыпта сурет салу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексерілді:                                       Калиниченко Л.С.

Күні:28.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы: Композиция. Бейненің пішінмен байланысы.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                      Композиция жайлы жалпы мағлұмат беру, бірнеше

                                            заттарды қағазға ретпен орналастыруға жаттықтыру.

 

ә) Дамытушылық:             Қағаз бетіне затты үйлестіріп бейнелеуге үйрету.

 

б) Тәрбиелілік:                   Сурет салдыру арқылы оларды тазалыққа,

                                             ұқыптылыққа үйрету.

 

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Альбомдар, плакаттар, Қарындаштар, ақ қағаз, суретшілер шығармаларының репродукциясы, дидактикалық көрнекілік құралдар және тағы басқа. 

 

 Сабақтың өту барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Тапсырмаларды орындау.

Сабақты бекіту.

Үйге тапсырма.    

  


Сабақтың барысы:

                  

    Қағаз парағы – ол сен салатын суретке арналған үй екені белгілі. Бұл үй сенің суретіңе ыңғайлы немесе ыңғайсыз болуы мүмкін. Мына суреттерге қарашы. Ұзын мойын керік вертикаль пішімді парақта өзін жақсы сезінеді. Оны төртбұрыш пішімді параққа сыйғызу үшін мойнын иіп отырғызуға тура келеді.

    Горизонталь пішімді параққа керіктің ұзын мойнының бір бөлігі ғана сыяды. Кейде қатар тұрған бірнеше шағын керіктің суретін салуға тура келеді. Горизонталь пішімде осы шешім дұрыс болады.

 

    Есіңде болсын, сурет салуға кіріспес бұрын, оның композициясын ойластыру керек. Лайықты парақ пішімін таңдап алып, онда суретті қалай орналастыру керектігін ойлан суретіңнің әсерлі болып шығуы жалпы осы шешімге байланысты.

 

    Композицияның әсерлі болуына тек парақ пішімі ғана емес, сонымен қатар дұрыс таңдалған өлшем де ықпал етеді. Кішкентай балықтарды өлшемі кіші параққа сыйғызуға болады. Ал киттің суретін салу үшін үлкенірек парқ қажет болады. Егер суретте бір ғана бейне кескінделсе, мұндай композиция бір бейнелі композиция, ал бірнеше бейне кескінделсе, көп бейнелі композиция деп аталады. Көп бейнелі композиция үшін өлшемі үлкен парақ таңдаған дұрыс. Қарашы, үлкен парақта балықтар өздерін қалай еркін сезінеді.

Суретшілер тарихи шайқастарды немесе адамдар тобын бейнелегенде әрдайым үлкен өлшемді кенепті таңдайды. Бірақ кейбір суретшілер көлемі кішкентай жұмыстар – миниатюралар салғанды ұнатады. Бейнелеу өнерінің мұражайына барған кезде осыған назар аудар.

 Осыдан кейін оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Композиция деген не?

Парақ өлшемі деген не?

Парақ өлшемі қандай болады?

Парақ пішімі деген не?

Пішім түрлері қандай?

 

 

Үйге тапсырма беру:  Үй жануарларына композициялық суреттер салу.

 

 

Тексерілді:                                       Калиниченко Л.С.

Күні:19.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Адам және айналадағы дүние. 

Сабақтың мақсаты: 1.Табиғат пен адам өміріндегі байланыс туралы

алғашқы қарапайым тсініктерді қальштастыру.

2.Табиғаттың адам өміріндегі маыңзы туралы

айта отырып логикалцық ойлау қабілетін есте

сақтау қабілетін дамьпу.

3. Табиғат сырын білудің адам үшін маңызын түсіндіре

отырып оны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, айналадағы заттар.

Оқыту әдісі: түсіндіру, көрсету.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

 

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру:                1.Оқушылармен амандасу

                                               2.Сынып тазалығын тексеру

                                               3.Оқу құралдарын түгендеу

                                               4.Назарларын сабаққа аудару

 

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге бірілген тапсырманы мазмұндатып,

сұрақтар қою арқылы пысықтау.

 

Ш. Мақсат қою: жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру

 

ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Табиғат, табиғат қүбылыстары,, табиғат заттары туралы. Адам қолымен жасалатын затгар туралы түсінік беру. Сергіту сәті:

 

Ү. Оқушы білімін тексеру:

а) Айналадағы дүниемен танысу. «Табиғаттан үйрене біл» тақырыптарын оқи отырып түсіндіру.

 

ә) Адам жалғыз өмір сүре алмайды. Баска адамдармен бірлесіп қана өмір сүреді. Біздің білмейтініміз көп, оқыған талаптанған адам көп біледі. «Талаптыға нұр жауар» деген нақыш осыдан шыкса керек. Адам өз өміріне қажетнінің бәрін табиғаттан алады. Сондықган адам табиғатқа камқорлық жасау керек. Бұл Ата Заңымыздын 38-бабында жазылған.

   

 Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкене ағаштар

Үп-үлкен боп өседі.

 

ҮІ. Бекіту кезеңі:

ә) табиғат құбылыстары туралы халық болжамдары:

1. Бап арасы гүлге кұжынай қонса жаңбыр жауады.

2. Егер күн батарда бұлтка енсе ертеңінде күшті жел болады.

З. Егер қарлығаш жер бауырлап төмен ұшса жаңбыр жауады, ол аспандап жоғары ұшса күн ашық болады.

 

ҮІІ. Қорытындылау:

Адам өзіне қажеттіні табиғаттан алады және үйренеді.

 

ҮШ. Үйге тапсырма Мазмұндау.

 

Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексерілді:                                       Калиниченко Л.С.

Күні: 26.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: дүниетану

Тақырыбы: Адам еңбегімен қадірлі.Нан тамақтың атасы

Мақсаты:  «Еңбек етпеген ішіп-жемейді» тақырыбын оқи отырып, еңбек адамның жақсы өмір сүруі үшін қажетті әрекет екенін түсін Танымдық қабілеттерін дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап түсіндіру, өзіндік

Көрнекілігі:суреттер,

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі  

- Сабаққа дайындық

 

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

«Еңбекпен келген нан – қасиетті тағам»  тақырыпты оқу

түсінгендерін сұрау

 

ІІІ Өткенді пысықтау

- нан туралы мақал-мәтелдер, тақпақтар

 

ІҮ мақсат қою

«Еңбек етпеген ішіп-жемейді»

 

Ү. Жаңа сабақа


Жұмбақ жасыру

Темір құсты алып батпан,

Көк аспанда қалықтатқан.

Ағаларды кімдер дейді?

Алдымен тез тауып мақтан

 (Ғарышкер)

Электр шамды біліпті,

Үйге әкеліп іліпті.

Шуда жіпті байлапты,

Жанады деп ойлапты.(электрик)

Өзі күшті

Тындырады.

Үлкен істі.

(Шахтер)

 


Мақал- мәтелдер айтқызу.


1. Нан - тамақтың атасы,

Ынтымақ - көптің батасы.

2. Қамбасында дәні жоқтың,

Дастарханында наны жоқ.

3. Тістем нанның қадірін,

Тарыққанда білерсің.

Анық достың қадірін,

Зарыққанда білерсің.

4. Қоныс көркі - там,

Дастархан көркі - нан.

5. Нанға құрмет - елге құрмет.

6. Дастарханында наны жоқтың,

Тамағының сәні жоқ.


Сергіту сәті                                       

Нан қиқымын шашпаңдар!

Жерде жатса баспаңдар!

Теріп алып, қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар!

Іс- қимылдар арқылы көрсетеді.

 Сендердің ата аналарың қайда жұмыс істейді? Қандай қызмет атқарады?

Нан сендердің дастарқандарыңа қалай келеді

Мына мамандықтардың адамға қажет екенін әңгімелейді.

 

Өрт сөндіруші

 

Дәрігер

 

Мұғалім

 

Ұшқыш

 

Жүргізуші

 

Нанға байланысты қандай тиым сөздер білесіңдер?

 

/ «Еңбек етпеген ішіп-жемейді» тақырыбын оқып түсіндіру.

ә/ Сұрақтарға  жауап алу   б/ тақырыпты оқу   

1. іштей оқу   

2. тізбектей оқу

3. жеке- жеке оқу

в /Сергіту сәті  ән  «Болайықшы осындай»    г/ Дәптермен жұмыс

ғ/ «Еңбек етпеген ішіп-жемейді» дегенді қалай түсінесіңдер?

 

ҮІ.Сабақты қорытындылау  

Еңбектің наны тәтті   Жалқаудың жаны тәтті

 

ҮІІ. Үйге тапсырма 

16-20     бет оқу    

 

Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексерілді:                                       Калиниченко Л.С.

Күні: 30.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Ұсақ тастардан мозаика құрастыру.

Сабақтың мақсаты: Мозаикаан ғажайып бейне жасауды үйрету. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Жинақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер

Әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа әзірлік.

Психологиялық дайындық.

Күн шуағын себеді,

Нәр аламын бойыма.

Осы күннің жылуын,

Берейін достым бойыңа

 

ІІ. Жаңа сабақ.

Тақырып бойынша әңгіме өткізу. Ойыншықтар жіпке ілініп қойылады. Олар жеңіл. Бейнебір бойында жаны бар секілді биікте тербеліп тұрады.

Түсінгендерін тексеру:

Сарамандық кезең.а/ техника қауіпсіздік ережесін еске түсіру,түсті қағаз жолақтарынан аспалы аквариум, көбелектер мен гүлдерді жасау. Қағаздарды қиып алу. Желімдеу.Оқушыларға көмек көрсету.

 

Сергіту сәті:

Аспан да емес, жер де емес,

Өзі аппақ, көл де емес.

Үшеуі жетектейді,

 

ІІІ. Практикалқ жұмыс

Біреуі дедектейді.

Екеуі қарауыл қарайды,

Біреуінен билік тарайды.

/Қағаз, саусақ, қарындаш, екі көз, ми/

Практикалық жұмыс.

Құстар тобы атты аспалы шырша ойыншықтарын жасаймыз.

Мұндай аспалы ойыншықтар жасау үшін қалың қағаздан оның жазбасын жасап алу керек.

Әшекейлер түсті қағазбен матадан жасалады.

Ілгіштермен байлағыштарға жіңішке таспа жарайды.

Шырша жазбасын жасау үшін сызғыш, циркуль, қарындаш, қайшы, ПВА желімі керек.

 

ІҮ. Сабақты қорытындылау

Бүгін не үйрендік?

 

Ү. Үйге тапсырма. Аяқталмаған жұмысты аяқтау

 

Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексерілді:                                       Калиниченко Л.С.

Күні: 01.10.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: «Қадам» мозаикасын тастан металдардан құрастыру

Сабақтың мақсаты:

Табиғат әлемінің әр алуан байлығынан әсер алуға, оған ұқсатып пішіндер жасауға үйрету. Металл құрастырғыштармен жұмыс істеуді үйрету;

Ой-өрісін, танымдық қабілетін дамыту;

Шыдамдылыққа, эстетикалық тәрбиесіне баулу.

Көрнекілігі: металл құрастырғыш

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа әзірлік.

 

Психологиялық дайындық.

Күн шуағын себеді,

Нәр аламын бойыма.

Осы күннің жылуын,

Берейін достым бойыңа.

 

ІІ. Жаңа сабақ.

Техникалық модельдеу және құрастыру туралы мәлімет. Металл құрастырғыштың бөлшектерімен модельдеу.

Машиналармен басқа бұйымдарды кішірейтілген үлгілерін модель (үлгі) деп айтады. Оларды дайындау процесін модельдеу (үлгілеу) дейді.

Жасайтын затқа мұқият қарап зерттеу керек. Металл құрастырғыштардың бөлшектерімен таныстыру, бекіту жолдарын үйрету.

 

 

ІІІ. Практикалық жұмыс

Оқушының еңбегі, мұғалімнің көмегі

Құрастырғыштардан баланың еркі бойынша төрт дөңгелекті арба құрастыру

 

Сергіту сәті.

Ал, балалар тұрыңдар,

Алақанды ұрыңдар.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір демалып алыңдар.

Түсінгендерін тексеру.

 

Металл құрастырғыштардың бөлшектерін ата.

 

ІҮ. Қорытындылау

Бүгінгі сабақта не жасап үйрендік?

Сендерге ұнады ма?

 

Ү. Үйге тапсырма:Түсініп оқу.

 

Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексерілді:                                                 Калиниченко Л.С.

Күні: 23.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: математика

Сабақтың тақырыбы:  Қосу және азайту онд. +- 1

Сабақтың мақсаты:  Ондықтарды ондықтарға қосуға және ондықтардан ондықтарды азайтуға негізделген есептеу тәсілдерімен таныстыру; екі амалмен шығарылатын есепті және ондықтан аттап қосу мен азайту тәсілдерін енгізуге дайындық жүргізу; амалдардың орындалу ретін анықтауға машықтандыру, теңдеуді шешудің «сынап көру» тәсілін пысықтау.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Көрнекілігі:Сандар, кестелер.

 

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру сәті

Математика сабағын,

Жақсылап ұғып аламыз.

Сәулесі деп сананың

Мәнінен ой табамыз.

 

II.    Тірек білімді еске түсіру

  а)-1-ден 30-ға дейін санау(тура және кері)  Саннан (28, 43, 54) кейін  келетін санды ата.

     -Санның (30, 55, 79) алдындағы санды ата.  Санның (50, 76, 94) көршілерін ата.

     -Сандар қатары (21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30) берілген.

     -Сандардың жаңа қатарын құрыңдар, сонда сандардың ондықтары 3, ал бірліктері алдыңғыдағыдай болсын.

     -Не шықты? Сандардың жаңа қатарын атаңдар(31, 32, ..., 40). Екінші қатардың сандарын неше бірлікке арттырдық?

 

III.Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.

 -Бүгінгі біздің сабағымызда ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Біз «Шалқан» ертегісін білеміз бе?

Әрине, білеміз

Олай болса, ертегіні еске түсіріп алайық.

Ертегі кейіпкерлері бізге қонаққа келіп қалыпты. Өздерімен бірге тапсырмалар алып келіпті.

Оқулықпен жұмыс

 

№1

Оқулықтағы  суреттер бойынша түсіндіру жұмысы ұйымдастырылады.Оқушылардың өздігінен екі таңбалы санға ондықтарды қосудың және азайтудың ерекшеліктері туралы қорытынды жасауы қажет.

        Ондықтарға ондықтарды қосады.

         Ондықтарды ондықтардан азайтады.

Атайдың тапсырмасы.   

№2 есеп

Мысалы:

     -53 және 30 сандарының қосындысы; Бірліктерге бірліктерді қосу;

     -Нәтижені сол жақтан екінші орынға жазу;Ондықтарды ондықтарға қосу;

     -Нәтижені сол жақтан бірінші орынға жазу ;Қосындының мәні 83.

 53 + 30     83 – 30  35 + 40    75 – 40  46 + 50   96 – 50                                    

Әжейдің  тапсырмасы. 

«Тез есепте!»

 

№3.

Амал компоненттерін еске түсіріп, шешуін дәптерге орындап,тексергенде кеткен қателерді талдайды.

(20 + 5) + 60                       (60 + 4) – 40

(70 + 9) – 40                          (20 + 2) + 50

 

№4

Қыздың тапсырмасы:  «Теңдеуді шеш»

6 + а = 10                   10 – a = 6           a – 6 = 4

 

№5

 «Есепте»

I топ                                                            II топ                                          

Шарты:Шарты:                                   Шарты:

Болғаны – ?                                                Болғаны – 12қ.                        

Бергені  –  2 қ.                                            Бергені  –  2 қ.                         

Қалғаны  - 10 қ.                                          Қалғаны  - ?                             10+2=12(қ)                                           12-2=10 (қ)                                

Жауабы: 12 қ болды.                                Жауабы: 10қ қалды.                   

 

Мысықтың тапсырмасы:Сағаттардың тілдері қалай орналасуы тиіс?

 

№ 6 есеп

59 бен 63- тің арасындағы сандарды өсу ретімен жаз.

- Балалар, біз шалқанды алуға көмектестік. Шалқанды алуғакөмектесеміз деп шаршап қалыппыз. Демалып алайық.

 

ІҮ. Сабақты қорытындылау  Сергіту сәті

Шығармашылық жұмыс

 

Ү. Үй тапсырмасы.. №7

 

Бағалау

 

Тексерілді:                                       Калиниченко Л.С.

Күні: 26.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: математика

Сабақтың тақырыбы:   Қосу және азайту 50+3, 53-3

Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдану арқылы қосуды үйрету. Ондықтан аттап қосу мен азайту тәсілдеріне есептер шығара білуге дағдыландыру. Екі таңбалы және бір таңбалы сандарды, екі таңбалы санмен ондықтарды ауызша қосу мен азайтуға дағдыландыру.                                                                         

Дамытушылығы: Математикалық ұғымдарды меңгерту оқушылардың ережелерді ұғынып, ауызша есептерді шығара білуін дамыту.

Тәрбиелілігі: Өз бетінше жұмыс жасай білуге, есептеу тәсілдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Көрнекілігі:Сандар, кестелер.

 

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабаққа бағыттау.

Сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру.

Қайталауға сұрақтар қоямын.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Өрнектер қандай болып  жіктеледі?

3+5                                а+5

Санды өрнек                      әріпті өрнек

Ауызша есептеуге сұрақтар

15+1=                           35-5=                        42-40=

      10+4=                           20+4=                        7+4=

       44-4=                           16-6=                          60-20=

Бағалау, мақтаулар.

 

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

              3+56                    және                  30+24

             3+56                                               30+24

            50   6                                                30   24

Бірліктерді                                      ондықтарды ондықтарға

Бірліктерге                                      қосуды түсіндіремін.

3+56                                                     30+24

50 + (3+6) = 59                                          (30+20) + 4=54

Қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдану арқылы түсіндіріп кетемін.

Көрнекіліктер арқылы түсіндіремін.

Түсінгендеріне байланысты 1-жаттығудың азайту амалына  1-тапсырмасын түсіндіре отырып тақтаға орындау.

87-50

      80   7         (80-50) +7=37

3+56 =59        56+3=

30+24=54       24+30=

Оқушылардан сұрау‐жауап арқылы түсіндіре отырып орындау.

 3) « Маған қай ойыншық ұнайды?» ойыны арқылы теңдеу шешуді орындау

        Доп                          Қоян                        Машина

10-a = 5                    a-5 =5                        5+a =10

Теңдеуді дұрыс орындаған бала ойыншықтың суретін алады.

Сергіту сәті:  Кім шапшаң ойыны  


1.      Аулада 5 үйрек

         Қорада 3 үйрек

         1 үйрек тығылды

         1 үйрек жығылды  

         Қалғаны неше үйрек ?   ( 6 үйрек)

2.      Табақта    5 өрік

          Қолымда   2 өрік

          Қосқанда барлығы

          Болады неше өрік?     (7)


 

Қосу азайту амалдары өзара кері амалдар

5.  72,71,70,69,68

     72   71             69   68

      71   70

6.  Ауызша орындайды

10+4                             20+4

14-10                            24-20

14-4                              24-4

 

Бағалау, күнделіктеріне қоямын.

 

ІҮ. Қорытынды:

3+56 және 30+24 қосындыны тапқанда бірліктерге бірліктерді қосуды, ондықтарды ондықтарға қосуды, қосудың ауыстырымдылық қасиетіне байланысты есептеу тәсілдерін үйрендік.

 

Ү. Үйге тапсырма беру

5-6- жаттығу

 

 

Бағалау


Тексерілді:                                       Калиниченко Л.С.

Күні: 27.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: математика

Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Санды және әріпті өрнек

Мақсаты:: Бірінші оқу тоқсанында қарастырылған мәселелрге қарасты оқыту нәтижелерін (білім, білік және дағды) бекіте түсу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Көрнекілігі:Сандар, кестелер

 

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру сәті.

Сендерге табыс тілеймін,

Жарық пен жылу, денсаулық!

Біріңе -бірің сендер де,

Тілеңдер біраз жақсылық.

 

II.Тірек білімді еске түсіру. Үй тапсырмасын тексеру

5-6 есепті дәптерден тексеру

Ойын: «Кім жылдам?»

            Тапқышбектің тапсырмасын тез, әрі шапшаң орындаған балаға сыйлықтары бар екен. Тапсырмаларын орындап, сыйлықтарын алыңдар.

 

 

III.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Оқулықпен жұмыс

№1.

«Көмектес »  ойыны  

            Дымбілмес теңдеулердішығара алмай, қиналып, біздерден көмек сұрап тұр. Дымбілмеске көмектесеміз бе? Кәне, тездетіп көмектесіп жіберейік.

 

№2.

Сандарды ондықтар мен бірліктердіңқосындысы түрінде жаз.

 

№3.

Балдырғанда қонақта.

Тапсырма: қойылмай кеткен жақшаларды қою.

 

№4.

Есепті шешу тақтада орындалады, шығару жолы талданады, ал содан кейін тапсырмалар арасындағы байланыс анықталып, тапсырмаларды есепке айналдыру,оны шығару  жұмысы  ұсынылады.

 

№5.

Ұшқыш  кілеммен  ертегілер елінен ұшып  келген  атай өзінің  тапсырмасын  кім тез орындап берсе,  ұшқыш кілеміне мінгізіп, әлемді шарлауға алып кетеді.

 

№6.

Өзіндік жұмыс. Амалдарды орындаудың рет тәртібі еске түсіріледі.

Рефлексия.

 

ІҮ. Сабақты қорытындылау

Шығармашылық  тапсырма. Уақыт 3-5 минут.Еркін талқылау түрінде ұйымдастырылады.

 

Ү. Үйге тапсырма беру.

 №6-7

 

Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексерілді:                                       Калиниченко Л.С.

Күні: 28.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: математика

Тақырыбы : Қайталау. Санды теңдік және теңсіздік. Санды өрнектерді салыстыру
Мақсаты: Өткен сабақтарда алған білімдерін пысықтап қайталау.
Міндеті:
Бірдей сандарды қосу және азайту,бір амалды, екі амалды есептерді шығара білу, өрнектер құру,салыстыруда алған білімдерін бекіту.
Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, тапқырлығын дамыту.
Математика пәніне деген қызығушылығын арттыру және ұқыптылыққа баулу.
Түрі: саяхат сабақ
Әдісі: Сұрақ-жауап әңгімелесу, түсіндіру, жаңа тех, көрнекілік
Көрнекілігі : ойын элементтері, дидактикалық материалдар, интерактивті тақта


Сабақтың барысы:
I. Қызығушылықты ояту
1.Психологиялық дайындық
Математика сабағын ,
Жақсылап ұғып аламыз.
Сәулесі деп сананың
Мәнінен ой табамыз.
Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз қайталау сабағы.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

№6-7 есепті балалардың дәптерін жинау арқылы тексеремін.

(« Қайталау – білім анасы»)

ІІІ. Жаңа сабақ

1-арал « Кім жылдам?»
1- тапсырма:12 -3- 3-3-3
12 алманы үш-үштен бөліп салды . Сонда неше тәрелке қажет болды?
2- тапсырма :
12 алманы 4 тәрелкеге тең бөліп салды. Әр тәрелкеге неше алмадан салды?
3 -тапсырма : Әжей шарадағы 4 л қымызды 4 кесеге тең бөліп құйды.Әр кесеге неше литр қымыз құйды?
2-арал «Кім зерек?»
II Мағынаны тану
14,15,16,18 санынан нәтижесінде нөл шығатындай етіп, бірдей сандарды азайт.
Үлгі : 15-5-5-5=0 15-3-3-3-3-3=0
14-7-7=0 14=2-2-2-2-2-2-2=0
3-арал «Есеп аралы »

Әнші - 20 Шешуі: 60- (20+6) =34 (д)
Биші -6 60 Жауабы:
Домбырашы-?
Байқауға қатысты-42 (а) Шешуі: 42-6= 36 (а)
Жүлде алды-6 ( а) Жауабы:
Жүлде ала алмады-? (а)
Венн диаграммасы Есептердің айырмашылығы неде?
-Қандай ұқсастығы бар?

Сергіту сәті
Жұмбақ есеп.
Кеше сабақ оқуға,
Келіп еді 5есек
1-еуі ұйықтап отырды,
Ынталысы неше есек.-?
4-арал «Ойлан, тап !»
1. Теңдеулерді шеш:
27+х=90 90-х=63
2.Мына суретте малшының үйі салынған. Ол үй қандай фигурадан тұрады?
-Шаршы 2см, тік төртбұрыш 4см, 3см, үшбұрыш3см,3см,3см..
Осы геометриялық фигуралардың периметрін тап.


3.Бақшаға 1 балық, 2есек, 3 үйрек, 4 түлкі, 2 бүркіт, 4 жарқанат әкелді.
Бақшаға ойыншық әкелді қаншама?
5-арал «Кім жылдам?» Семантикалық карта
мысал 71 53 35 54 33 47
34+19
        71-18          46+25         53-18          50-17          71-24
 

ІҮ. Сабақты қорытындылау 
1.
Ондықтары әртүрлі,бірліктерінің цифры 2-ге тең барлық екі таңбалы санды ата.
2. Нәтижесінде нөл шығатындай етіп, қандай бірдей сандарды10 санынан біртіндеп азайтуға болады?
3. Ондықтарының цифры 1, бірліктерінің цифры әр түрлі барлық екі таңбалы санды ата.
4. Нәтижесі нөл шығатындай етіп, қандай бірдей сандарды 12 санынан біртіндеп азайтуға болады?

Ү. Үйге тапсырма: №6 №5 (б ) 175 бет

 

Бағалау

Тексерілді:                                       Калиниченко Л.С.

Күні: 30.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: математика

Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты:
1. О
қушылардың бірдей сандарды азайту тақырыбы бойынша алған білімдері мен білік - дағдыларын анықтау. Берілген тапсырмаларды дұрыс орындап, әдемі жазуға баулу.
2. Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке, шапшаңдылыққа және тапқырлыққа тәрбиелеу.
3. Оқушылардың ақыл ой қабілеттерін, логикалық ой ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ой - өрістерін кеңейту.
Сабақтың жүргізу әдісі: Ойын, сұрақ – жауап, өзіндік және жұптық жұмыс
Пәнаралық байланыс: Музыка, өмірмен байланыс, әдебиеттік оқу, дүниетану.

Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа даярлыын тексеру

Психологиялық дайындығы

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Балалардыңдәптерлерін жинау арқылы тексеремін. Балаларға уақыт өлшем бірлектері туралы сұрақтар қойып үй тапсырмасын бекітемін.

ІІІ Жаңа сабақ
Математикалық диктант. Үнтаспадан тыңдата отырып жаздыру, дұрыс жауапты тақтадан көрсету.
12 алманы 4 тәрелкеге тең бөліп салды. Сонда әр тәрелкеде неше алмадан салынды?
Әжей шарадағы 4 литр қымызды 4 кесеге тең бөліп құйды. Әр кесеге неше литр қымыз құйылды?

Ойын «Кім жылдам?»
Әр кеседе тапсырма бар. Егерде тапсырманы тез және қатесіз орындасаң, әжейдің қымызынан ауыз тиеді.
4 кеседе 14, 15, 16, 18, деген сандар бар. Осы сандардың нәтижесінде нөлге шығатындай етіп, бірдей сандарды азайт.
Мысалы: 12 – 6 – 6 = 0
12 – 2 – 2 – 2 – 2 - 2 – 2 = 0

Өзіндік жұмыс: №5. теңдеуді шешу:
Х + 54 = 89
Х = 89 – 54
Х = 35

89 – Х = 45
Х = 89 - 45
Х = 44

Х - 54 = 45
Х = 45 + 54
Х = 99

Сергіту сәті:
Айдын көлді сағынып, Қаздар қанат қақты бір
Ақ бантигін тағынып, Алма ағаштар атты бүр
Көк майсасын жел тербеп, жаңа шығып жатты гүл

«Ойлан, тап!» ойыны. Бірліктерін қосқанда, ал ондықтарын қосқанда бір таңбалы сан шығатын екі таңбалы санның қосындысын жаз. Оның мәнін тап. Мысалы: 29 + 29 = 58 58 – 29 = 29
Тақтамен жұмыс
34 + 19 =
72 – 18 =
46 + 25 =

53 – 18 =
50 – 17 =
71 – 24 =

5 + 9 – 6 =
17 – (12 – 5) =
90 – (13 – 6) =
«Қай сан артық?» ойыны:
20 – 10 - 10 – 10
10 – 2 – 2 - 2 – 2 – 2 – 3
8 – 4 – 5 - 4
- Бұл сандар неге артық? Бірдей сандарға айналдырып, мәндерін табу.

ІҮ. Қорытынды кезең:

Сұрақтарға жауап алу;

Ү. Үйге тапсырма. №7

Бағалау.

 

 

 

Тексерілді:                                       Калиниченко Л.С.

Күні: 19.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: математика

Cабақтың тақырыбы: Белгісіз қосылғышты табу. Көпбұрыш

Мақсаты: Көпбұрыш жайлы түсінік беру. Оны ажырата білуге баулу. Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Алғырлыққа, уақытты үнемдей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: геометриялық  фигуралар

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік

Сабақтың типі: жаңа сабақ

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.      1.Оқушылармен амандасу

                                                2.Сынып тазалығын тексеру

                                               3.Оқу құралдарын түгендеу

                                               4.Назарларын сабаққа аудару

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

№ 5.   .

А)Сандарды атау және цифрлармен жазу.

Б) Мысалдарды шығару.

 

ІІІ. Өткенді  қорыту:

Өткен сабақта біз немен таныстық?

Литрмен нелерді өлшейміз?

 

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:

Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?

Оларға жеке-жеке тоқталу.

 

Ү. Жаңа сабақ:

Оқулықпен жұмыс

№1.  Геометриялық фигуралармен жұмыс Үшбұрыштарды атау 1,5. Төртбұрыштарды атау  2, 6   Көпбұрыштар – 3,4

ҮІ. Түсінгендерін тексеру № 2 .Сурет бойынша жұмыс жүргізу.

 

№4. 30 кг + 20 кг = 50 кг   Жауабы: 50 кг жидек;   50 кг-30кг =30 кг. Жауабы: 20 кг қарақат;

50кг -20кг =30 кг   Жауабы: 30 құлпынай. Бұлар өзара кері есептер.

Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ

Бесті беске қосқанда

Болып шықты он саусақ.

 

№ 3

69,68,67,66,65,64,63,62,61,60;

79,78,77,76,75,74,73,72,71,70

 

№5.

Суреттегі бұрыштарды салыстыру.

 

ҮІІ. Сабақты қорытындылау

Бүгін не білдік?

 

ҮІІІ .Үйге тапсырма  :№6  

 

Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексерілді:                                       Калиниченко Л.С.

Күні: 20.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: математика                                                                     
Тақырыбы: Белгісіз азайғышты және азайтқышты табу. Тік бұрыш және тік емес бұрыш.

Мақсаты:Тік бұрыш және тік емес бұрыш жайлы түсінік беру.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Байқампаздыққа  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Тік бұрыш және тік емес бұрыш

Әдісі:   түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік

Сабақтың типі: жаңа сабақ

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.     1.Оқушылармен амандасу

                                                2.Сынып тазалығын тексеру

                                               3.Оқу құралдарын түгендеу

                                               4.Назарларын сабаққа аудару

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

№6 есеп Мысалдарды шығару.

5+5-4=6                 4+4-2=6           40-20+70=90              60+40-30=70

3-2+6=7                 6-3+7=10          80+10-50=40              100-20-30=50

 

ІІІ. Өткенді  қорыту:

Өткен сабақта біз немен таныстық?

Көпбұрыштар жайлы сұрақтар қою

 

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:

Қандай геометриялық фигуларларды білесіңдер? Оларға жеке-жеке тоқталу.

 

Ү. Жаңа сабақ:

Оқулықпен жұмыс

№1.Оқушылар тік бұрыштың моделін пайдаланып, беттестіру арқылы тік және тік емес бұрыштарды анықтап, қорытынды жасайды.

 

№2.Оқушылар тік және тік емес бұрштарды екі топқа бөліп, нөмірлерін теріп жазады.

 

№3      80,81,82,83,84,85,86,87,88,89

90,91,92,93,94,95,96,97,98,99

Сергіту сәті Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ

 

Бесті беске қосқанда

Болып шықты он саусақ.

 

№4. Есептерге граф құрып, талдап, орындайды. Есептердің өзара кері екенін дәлелдейді.

 а/ Жинады-30 кг

Желінді- 20 кг

Қалды-? кг банан

Шешуі: 30 кг-20 кг=10 кг

Жауабы: 10 килограмм банан қалды.

ә/Жинады-30 кг

Қалды-10 кг

Желінді-? кг

Шешуі: 30кг-10кг=20 кг

Жауабы: 20кг банан желінді.

 

№5.Ауызша жаттығу.

1,3,4,5,6 нөмірлі фигуралардың тік бұрышы бар. тік және тік емес бұрышты анықтайды

Есепті талдайды

 

ҮІ.Қорытындылау.

Шығармашылық логикалық тапсырмаларды ауызша орындау арқылы бүгінгі сабақты қорытындылаймын.

 

ҮІІ. Үйге тапсырма № 6   

 

Бағалау 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексерілді:                                       Калиниченко Л.С.

Күні: 29.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: математика                                                                     

Тақырыбы: Уақыт жайында түсінік. Сағат. Минут.Тәулік. Ғасыр.

Мақсаты: Уақыт жайында түсінік беру. Сағат және минутты  түсіндіру.

 Есте сақтау қабілетін дамыту.

 Уақытты тиімді  пайдалануға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сағат

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздену.

Түрі:  Жаңа сабақ.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

                                                1.Оқушылармен амандасу

                                                2.Сынып тазалығын тексеру

                                               3.Оқу құралдарын түгендеу

                                               4.Назарларын сабаққа аудару

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

№ 6

Бос орындарды толтыру:

72+20=92           92-72=20           92-20=72

 

ІІ. Мақсат қою кезеңі:

Уақыт жайында түсінік, Сағат. Минут.

 

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.

Күн ретін жазу.

Көркем жазу 70      70      70 Сағат

12,13,14,15,16,17,18,19,20,21,22,23,24, 1,2, 3 ,4,5,6,7,8,9,10,11. 

 

№1. Сағат туралы түсінік беру.

 Есіңе сақта!  

60 с = 1 мин

60 мин = 1 сағ

24 сағ =  1 тәул.

100 жыл =  1 ғасыр

 

ҮІ. Түсінгендерін тексеру.

№ 2.  1 минут ішінде санау.

 

№ 3 .  2,7,72,20,70

33     83  30     80 3    8   30+70   3+7   80-30      8-3.

№ 4. Сұрақтарға жауап беру.7      7.30      13.00      15.00    22.00       17.00 .

 

№ 6.  жауаптарын ғана жазу.  (Қосылғыштардың орны ауысқанымен қосындының мәні өзгермейді.)

 Шығармашылық тапсырманы орындау.

Орал, Тараз,   Қостанай,  Қызылорда,  Алматы, Қарағанды  Астана

 

ҮІ.Сабақты қорытындылау.

1 сағатта неше минут бар?

 Топтамаларға жауап алу.

 

ҮІІ. Үйге тапсырма: № 4.

 

Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексерілді:                                       Калиниченко Л.С.

Күні: 26.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: музыка                                                                 

Сабақтың тақырыбы: Күйге шешен Қазанғап.

Сабақтың мақсаты: Қазақтың халық композиторы Қазанғаптың шығармашылығымен таныстыру.

Білімділік: Қазанғаптың «Көкіл» күйінің шығу тарихымен танысу.

Дамыту: Ән айту қаблетін дамыту.

Міндеті: «Шерпе» күймен «төкпе» күйдің айырмашылығын ұғындыру.

Тәрбиелік: Үлкенге деген құрмет.

Ән үйрену-орындау: «Гүлдерайым»Халық әні..

Сабақ түрі: Әңгімелеу.

1 «Қошақаным қайда екен?»—орындауға

2 «Гүлдерайым»—үйренуге.

3. «Көкіл» күйі----тыңдауға.

 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушылардың сабаққа даярлығын анықтау

Психологиялық дайындық

 

ІІ. Өткенге шолу

Балаладан ноталар туралы қысқаша мағлұмат сұрау арқылы өткенге шолу жасап шығамын.

 

ІІІ. Жаңа сабақ

А) Оқушыларға күні бұрын дайындалған мәтіндер таратылып беріледі.

1. –Қазақтың белгілі композиторы Қазанғап Х1Х ғасырда өмір сүрген. Бірде Қазанғап астық алып қайтпақшы болып, сауда керуеніне еріп жолға шығады. Жолда бір ауылды көреді. Қасындағылардан бұл Үсен төренің ауылы екенін естиді. Қазанғап керуеннен қалып Үсен төренің үйіне келсе, Үсен жоқ оны келіні жылы қарсы алады. Шай үстінде Үсен төренің домбырасына қызығып, бір-ақ рет ұстауға өтініп, келінінен алып енді тарта бергенде, Үсен төре кіріп келеді. Келіні аяғына жығылып кешірім сұрайды. Үсен төре кешірім беріп, Қазанғапқа ал енді тарт дейді. Қазанғап қолма қол «Көкіл» күйін шығарып тартып береді...

Музыка тыңдайық:

 

2 «Көкіл» күйі. Не туралы? Күйдің шығу тарихымен танысады. Күй өте мұңды, әрі сазды деуге болады. Қазанғап жоқшылықты көп көрген. Асқан күйшілігімен ел құрметіне бөлене білген.

Ән орындайық: «Гүлдерайым» Халық әні.

Әнді орындамас бұрын мәтінін мәнерлеп оқып беремін. Әннің екпініжылдам. Домбыра аспабымен қоса сүйемелденеді.

 

Сергіту сәті:

Жаңылтпаштар

1. Сыныпта ақ бор бар,

Көк бор бар

Көп бор бар.

2. Тақпақ жатта,

Жатқа жатта.

 

ІҮ. Сабақты қорытындылау:

Қазанғап шығармашылығы толығырақ айтылады.

Екі күйші қалай кездеседі?

Қазанғаптың қандай күйлерін білеміз ?

Қазанғап қандай күйші ?

 

Ү. Үйге тапсырма:

Қазанғап жайлы қосымша оқу. «Гүлдерайым» әнінің сөзін жаттау.

 

Бағалау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексерілді:                                       Калиниченко Л.С.

Күні: 27.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: өзін-өзі тану

Сабақтың тақырыбы:    Көңіл күйімізді басқара білейік

Мақсаты: «Махаббат», «бақыт» адамгершілік құндылықтары  туралы  түсініктерін кеңейту.

Көрнекі  құралдар:  Әр түрлі көңіл-күйді білдіретін суреттер.

 

Сабақтың барысы

І. Шаттық шеңбері        Оқушылар шеңбер құрып тұрады,сәлемдеседі.Өлең шумақтарын қосылып айтады.

               

Ризамыз саған біз.(Қ.Ыдырысов)

Күнде шат күліп күн                                    Өміріміз жайдары.

Мәңгілік бақыттың                                     Өзіміз-  айғағы.

 

Дәйексөз      Тақтаға  Ш:Смаханұлының  «Өмір деген жарыста,Шаттанғын,дос,қалыспа!»деген нақыл сөзін жазу.Дәйексөзді дәптерге жазу.

 

ІІ. Жағдаяттарды талдау    

Оқушылардың сабақта үйренгендерін іс жүзінде  көрсете алуға  үйрету үшін  жағдаяттарды шешу ұсынылады.Мұнда балалар «Өзіңнің,өзгенің көңілін қалай көтеруге  болады деп ойлайсыңдар?»деген сауалға ойланады.Ол үшін оқулықта бірқатар суреттер берілген.Жағдаяттардың шешімін табу үшін осы суреттерді негізге алуларына болады.

 

Сахналау     Балалар  «Мен әртіспін»атты   тақырыпта сахналық көрініс көрсетеді.Мұнда әр-түрлі көңіл-күйдің адамдарға оң және теріс әсерін көрсетуі мен жағымсыз күйлерді болдырмау мақсаты көзделеді.

 

Ойын      Балалар  «Менің көңіл-күйім қандай?»деген ойын ойнайды.

 

Мәтінмен жұмыс    Сабақтың тақырыбын ашып түсіндіру мақсатында «Тиін мен қасқыр»мәтінін оқушыларға оқытады.Оқушылар мәтінді оқып,сұрақтарға жауап береді.

 

ІІІ. Назар аударыңдар  

Оқулықтағы «Назар аударайық»айдарымен мынадай түйіндеу берілген:

Жақсы көңіл күй-тез түсінісуге септігін тигізеді.

Жақсы көңіл күй-өзара сыйластыққа негіз болады.

Жақсы көңіл күй-достасуға көмектеседі.  Балалар оқып мағынасына мән береді.

 

Дәптермен жұмыс    Оқушыларға дәптермен жұмыс жолдарын түсіндіру.

Тапсырма    Балалардың суреттеріне  қарап ,олардың көңіл-күйлерін табиғатпен салыстырып жазу.Мыс:жымиып тұрған қыз суреті-күлімдеген күндей.

 

ІҮ. Бекіту

Жүректен жүрекке   Жақсы көңіл-күй адамдарды достыққа,сыйластыққа,жақсылыққа жетелейтінін ұғындыру.Е.Өтетілеуовтың

 

Ү. Қорытынды  

-Балалар,көңілді,қуанышты адамның жүзі де әдемі. Ал ашулы адамның жүзі адамды өзіне татпайды. Сондықтан қолдан келгенше  ашулы сезімдерімізді ақылмен іштей жеңіп,көңілді жүргеніміз дұрыс. Ол біздің адамдарға,айналаға деген сүйіспеншілігімізді оятады және бақытты өмір сүруімізге көмектеседі.

 

 «Көңілді балалар әні»өлеңімен сабақты аяқтау.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексерілді:                                       Калиниченко Л.С.

Күні: 24.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тықырыбы: Білім керек бәріне Фариза Оңғарсынова

Сабақтың мақсаты: автор туралы мәлімет бере отырып, өлеңнің мазмұнын негізгі идеясын ұғынуына жағдай жасау ,өлеңді түсіне отырып оқу, талдау; хрестоматиядағы өлеңдермен салыстыра отырып, негізгі ойға қорытынды жасау.Жүйелі іс-әрекет нәтижесі:мақал-мәтелдердің мағынасын талдай отырып ойын,зейінін, есте сақтау қабілеттерін, сөз тіркестері арқылы сөйлеу тілдерін дамыту. «Кім болам?» деген ойларын ұштай отырып, мамандық иелерін құрметтей білуге, ата-анасының еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

 Көрнекілігі: оқулық, суреттер мамандық иелерінің суреттері, білім,оқу туралы мақалдар кестесі

 

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық кезең:

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өлеңін  мәнерлеп оқу, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу

І.Қызығушылықты ояту.

-Күнбе-күн мектепке келуден жалықпадыңдар ма?

-Осы біздің мектепке келудегі мақсатымыз не?

-Менің мақсатым не? Сенің мақсатың не?

Жеке, жұпта, топта жұмыс істеп, талқылайды.

Оқушылардың қорытындысын тыңдау

-Ал оқу, білім туралы қандай мақалдар білеміз?

Кестемен жұмыс

Оқу, білім

-Білім сөзіне байланысты қандай сөз тіркестерін жазып алар едің?

-Оны қалай түсіндіресің?

Ал Фариза Оңғарсынова өз өлеңінде былай депті....(оқулықтағы өлеңге назар аудару)

 

ІІІ. Жаңа сабақ

Білім керек бәріне. Фариза Оңғарсынова

ІІ.Мағынаны тану

Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу.

Тізбектеп оқу кезінде «Түртіп алу» әдісі бойынша сөздік жұмысын жүргізу. 

-Білім алу жолы қандай жол?-Неліктен?

-Білім алу үшін неше жыл кетеді деп ойлайсың?

-«Білгенің бір тоғыз,

Білмегенің- тоқсан тоғыз» демекші, адам өмір бойы оқу, білім алумен болады екен.

Сергіту сәті ретінде осы өлеңнің өзін дауыстап, мәнерлеп оқи отырып, қимыл-қозғалыспен көрсету

«Толықтыру» тесті:

Ғарыш кемесін-----------------------------

Көк жүзіне-----------------------------------

Мұхиттарды--------------------------------

Ғажап үйлер-------------------------------

Дәрі де ойлап -------------------------------

«Білегіңе сенбе, біліміңе сен» дегендей, адам арманына қолын білім арқылы жеткізеді.

 

Ойтолғау.

Дәптердегі «Білім деген байлық бар» атты өлеңді оқып, қалған тапсырмаларды ретімен орындайды.

-Өзіңе үлгі болған адамдарды атап жаз. Ол адам туралы әңгімелеп бер.

Жек, жұпта, топта талқыланады. Топ жұмыстарынан үздігін тыңдау.

 

ІҮ. Сабақты қорытындылау.

 

Ү. Үйге тапсырма беру

Өлеңді қалай жалғастырар едің?  Өз арманыңды қосып жаз.

Сен- теңіз де, мен- кемең…

Сағындым, Ұстаз, балауса балғын кезімді,

 Өзіңе деген ықылас толы сезімді.

 Сағындым, Ұстаз, «қоңыраулы» қоңыр үніңді,

 Сақталған берік мәңгілік өшпес ізіңді.

 

Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексерілді:                                       Калиниченко Л.С.

Күні: 26.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тықырыбы:Бөлімді қайталау

Сабақтың мақсаты:

Өткен тақырыптарды қайталап, пысықтау. Алған білімдерін кәдеге жаратуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: бекіту сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

 Көрнекілігі: оқулық, суреттер

 

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық кезең:

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 

Ғылым таппай мақтанба өлеңін  мәнерлеп жатқа оқу,Білім керек бәріне өлеңінің  мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу

 

ІІІ. Бекіту сабағы

 Бөлімді қайталауға арналған тест.

а)Суреттермен жұмыс

ә)мәтіндерді атау, әңгімелеу

б)ТЕСТ

1.Қазақ даласына алғаш білім алп келген адам кім?

  А)Ахмет Байтұрсынұлы   Ә)Абай Құнанбаев    Б)Ыбырай Алтынсарин

В)Шоқан Уәлиханов

2.Балаларды оқуға шақырған Ы.Алтынсариннің өлеңі қалай  басталады?

А)Кел,балалар, оқылық  Ә)бір Аллаға сиынып  Б)Оқысаңыз, балалар

    В)Оқығанды көңілге

3. «Ата-ана алдындағы борышың» деген тіркестегі «борышының» сөзін басқаша тағы қалай айтуға болады?

     А)Қарызың            Ә)Тәртібің           Б)Білімің      В)Қылығың

4.Өлең жазатын адамды қалай атайды?

             А)Жыршы            Ә)Суретші              Б)Әнші         В)Ақын

5.Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім?

     А)Ыбырай Алтынсарин             Ә)Ахмет Байтұрсынұлы

                  Б)Абай Құнанбаев                   В)Жүсіпбек  Аймауытов

6. «Аласың білім кітаптан» деген ақыл сөз кімнің шығармасындағы келтірілген?

          А)Ілияс Жансүгіров   Ә)Абай Құнанбаев

     Б)Ахмет Байтұрсынов      В)Жүсіпбек Аймауытов

7.Қартқожа қай жазушының кейіпкері?   

    А)Ыбырай  Алтынсарин    Ә)Ахмет Байтұрсынұлы

              Б)Ілияс   Жансүгіров        В)Жүсіпбек Аймауытов

8.Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов туралы жазған жазушы кім?

   А)Ыбырай Алтынсарин        Ә)Жүсіпбек Аймауытов

                    Б)Сапарғали Бегалин       В)Ахмет Байтұрсынұлы

9. Абайдың нақыл сөзін аяқта

            «Адам баласының ең жаманы-........»

А)білімсіз          Ә)Ақылсыз     Б)Әдепсіз     В)Талапсыз

10.Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»  өлеңінде атаған бес жаман істі ата.

 А)өсек, өтірік, талап, еңбек, білім

Ә) өсек, өтірік,қанағат, ұрлық, бірлік

Б)өсек, өтірік,мақтаншақ, еріншекғ бекер мал шашпақ

В)өсек, өтірік,ұрлық салақтық, әдепсіздік

 

ІҮ. Сабақты қорытындылау

Тесттің барлық сұрақтарына талдау жасап өту.

 

Ү. Үйге тапсырма беру.  Өткенді қайталау

 

Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексерілді:                                       Калиниченко Л.С.

Күні: 27.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тықырыбы: Мазмұндама «Достар»

Сабақтың мақсаты:Мәтінді оқып, мазмұнын өз сөздерімен жаза білуге дағдыландыру

Сабақтың түрі: қайталау  сабақ

 

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

 Көрнекілігі: оқулық, суреттер

 

 Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық кезең:

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Өткенді қайталап, пысықтау,  мәнерлеп оқу, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу

 

ІІІ. Қайталау сабағы

А)достық деген не? Досың бар ма?

Ә)Адамның жануарлармен достығын білесің бе?

Б)Мәтінді оқу, түсіндіру, әңгімелеу

 

Достар

         Зейін қар басқан бақта жүр. Бір-екі торғай ұстап алмақ. Оларды үйге апарып, қолға үйретпек. Бірақ жолы болмады. Мұны көрген ағасы қолға үйретудің басқа жолын айтты.

    Ағасы екеуі ағаштың төменгі жағына жем шашатын тақтай орнатты. Ағасы айтқандай торғайлар оған үйреніп алды. Шашқан бидайды торғайлар тақтайдың үстіне қоныпжей бастады. Кейін қорықпайтын болды.

Зейнел-Ғаби Иманбаев

ІҮ. Сабақты қорытындылау

1)Зейін не ойлады?

2)Ағасы  үйретудің нендей жолын айтты?

3)Торғайлар  неқылды?

4)Сен болсаң не істер едің?

 

Ү. Үйге тапсырма беру.  Өткенді қайталау

 

Бағалау

 

Тексерілді:           Калиниченко Л.С.

Күні: 29.09.2016

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тықырыбы: Аңқау арыстан (ертегі)

Сабақтың мақсаты:

Ертегі түрлерімен таныстыра отырып, ертегіні түсініп оқу, ертегі кейіпкерлерінің іс - әрекетіне мінездеме беру, ертегідегі негізгі ойды ашып, қорытынды жасау;

Ертегіні түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыра отырып, ой - пікірлерін қорытындылап айту шеберліктерін, сөйлеу әрекеттерін жетілдіре түсу, сөз байлықтарын дамыту;

«анық - қанығына бармай іс істеме, асықпа» деген қағиданы басшылыққа ала отырып, алдау арбау жаман қасиет екенін түсіндіру, адалдыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену, әңгімелеу, көрнекілік, түсіндірмелі, талдау - жинақтау, сипаттау, т. б.

 Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Қосымша материалдар: жұмбақтар, сөзжұмбақтар, кесте.

 

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық кезең:

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Өткенді қайталап оқу, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу

 

ІІІ. Жаңа сабақ

- Балалар, біз бүгін әдебиеттік оқу пәніміздің келесі тарауы «Атадан қалған тұяқ» деп аталатын бөлімін бастаймыз.

Өткен бөлімде де ұлы ақын аталарымыздан қалған асыл мұралар, яғни нақыл сөздерге бай шығармаларымен таныссақ, бүгінгі бөлімде халықтың ауыздан - ауызға жеткен ертегі, аңыздарымен т. б. шығармаларымен танысамыз.

- Қазақ халқының ауыз әдебиетінде көп кездесетін, «Ерте, ерте, ертеде...» деп басталатын қандай шығарма? Ертегі әр түрлі бағытқа құрылады. Мына сызбаға назар аударайық

Ертегі - халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі, ауыз әдебиеті. Ертегіні мазмұнына қарай, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бір неше түрге бөлуге болады.

- жануарлар жайында (суреті, немесе кітабын көрсету)

- қиял - ғажайып ертегілер

- шыншыл ертегілер

Ертегіден халқымыздың тұрмыс - салтын, әдеп - ғұрпын білеміз. Онда шындық оқиға мен қиял - ғажайып оқиға аралас келіп отырады.

3. Жаңа сабақ

4. Оқулықпен жұмыс:

- Адамдардың мінез - құлықтары да әр түрлі болады. Ақын - жазушылар адамдардың мінезін мысалға алып, қу адамды түлкіге, қорқақ адамды қоянға, ашқарақ, аңқау адамды қасқырға, ақылды адамдарды жақсы кейіпкерлерге, батыл, өжет адамдарды арыстанға, бүркітке т. б. теңеп көптеген ертегілер жазған екен. біздің бүгінгі сабағымыздың басты кейіпкерлерін табу үшін мына жұмбақтарды алдымен шешіп алайық: 1. Өзі ширақ өзі қу, Жүрген жері айқай - шу (Түлкі)

Түлкі – ит тұқымдасына жататын аң. Түсі жирен, сұрғылт сары. Жүні тығыз әрі жұмсақ. Орманда, өзен - көл жағалауларында, тау баурайларында мекендейді. Ол тауық, балық, тышқан және құстармен қоректенеді. Түлкі – қу, айлакер.

2. Бір аң бар қайраты көп болған күшті, Басынан өткізеді әрбір істі (Арыстан)

Аңдардың патшасы – арыстан. Арыстан – айбатты, жыртқыш аң. Көбінесе шөлді жерлерде кездеседі. 30 - 35 жыл өмір сүреді. Хайуанаттар бағында кездеседі.

3. Әр түрлі, орта бойлы, ұзын құлақ, Өзіне міндеттесе, қызмет қылмақ. (Есек)

Есек – жылқы туысына жататын сүтқоректі жануар. Түсі қоңыр, күңгірт азық талғамайтын, құрғақшылыққа төзімді көлік малы. Есек 18 – 20 жыл тіршілік етеді.

- Міне, біз бүгін «Аңқау арыстан» деген ертегісін өтеміз

(Ертегіні дауыс ырғағын келтіре оқушыларға оқып беру, сөздік жұмыс жүргізу) талдау жасау:

- Ертегі не жөнінде екен? Түлкі арыстанға неге келді деп ойлайсыңдар? Есектің адам өмірінде қандай пайдасы бар? Арыстан қандай аң екен? Есектің миы қайда кетті деп ойлайсыңдар?

Суреттермен жұмыс

- Суреттің бұл тақырыпқа қандай қатысы бар? Осы суреттегі арыстанның жағдайы қалай бейнеленген?

 

ІҮ. Сабақты қорытындылау

А. 35 беттегі сызбалармен жұмыс жүргізу

Б. 36 - беттегі жағдаятты шешу

- Сонымен біз бүгін қандай ертегімен таныстық? Өмірде түлкі мен есекке ұқсайтын адамдар бар ма?

Ребус шешу.

 

Ү. Үйге тапсырма беру

Ертегінің мазмұнын айтуға дайындалып келу, суретін салу

 

Бағалау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "19-30.09.2016 2-сынып сабақ жоспарлары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 527 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.09.2016 2369
    • DOCX 647 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем М Мурат Мирам. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    М Мурат Мирам
    М Мурат Мирам
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 27
    • Всего просмотров: 807028
    • Всего материалов: 78

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания литературного чтения в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 197 человек

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Мини-курс

Эффективное управление электронным архивом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы духовно-нравственной культуры народов России: особенности преподавания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Введение в инвестиции и инвестиционный процесс

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 11 регионов