Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Конспекты / 5 сынып сабак жоспары "Алаш ұстазы"

5 сынып сабак жоспары "Алаш ұстазы"



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Технология

Поделитесь материалом с коллегами:

C:\Users\Администратор\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\Фото3593.jpg Батыс Қазақстан облысы.

Зеленов ауданы.Үлкен Шаған ауылы.

Мектебі:Үлкен Шаған ЖОББМ

Технология пәні мұғалімі:Меңдіханқызы Миргүл.


Сыныбы: 5«а»

Сабақтың тақырыбы:Ұлттық кестелер.
Сабақтың мақсаты: Жалпы кесте түрлерімен таныстыру, тігу технологиясымен көрсетіп, тігілу технологиясын меңгерту.
Білімділік: халықтың қолөнерінің бірі кестелеу, көркем тігістері,қолөнері туралы ұғымды қалыптастыру, білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: кесте тігістерінің орындалу әдіс - тәсілдерін меңгерту, қол икемділігін дамыту.
Тәрбиелік: қолөнерді үйрету арқылы атадан қалған салт – дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: сарамандық.
Сабақтың әдісі: зерттеу, түсіндірмелі, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу, әдебиет оқу.
Сабақтың көрнекілігі: ине, қайшы, кергіш, жіп.Тест сұрақтар,суреттер,көрме жұмыстары,нұсқау кестесі.т.б.

Сабақтың барысы:

І.Қызығушылығын ояту:

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды белгілеу, құрал-жабдықтарын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару мақсатында психологиялық дайындық минуты өткіземін. «Мен бәрін жасай аламын» деп бәрі менің айтқан сөзімді қайталап айтады.


Бүгінгі күн тамаша!

Мен өзімді жақсы сезінудемін.

Менің көңіл күйім керемет жақсы.

Мен барлығы қолымнан келетініне сенімдімін.

Барлығы қолымнан келеді.

Мен жұмыс істеуге дайынмын.

Тақтаға күннің жадын жазу.

Сабақтың ұраны:«Еңбек етсең еленерсің, еңбегіңе кенелерсің»

 



ІІ.Мағынаны тану:

Кесте – қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі. Қолмен кестелеп тігу – өте көне заманнан келе жатқан қолданбалы өнер түрі. Қолданбалы өнер – көптеген елдердің шеберлерінің, суретшілерінің шығармашылық жемісі. Ол киімдерді, интерьерді әшекейлеу нәтижесінде кісінің көңіл-күйін көтереді. Қол кестесі бұйымдарына тұтынушылар сұранысының өсуі бұйымдардың түрлерін көбейтуге, оның сәндігін түрлендіруге және кестелеудің әдістерін көбейтуге көмектеседі.

Ертеде халқымыз тұтынатын бұйымдарының бәрін кестемен әшекейлеп безендірген. Сол сияқты қазақ халқының қолөнерінің өмірге келуі халықтың көшпелі өміріне байланысты. Атадан баласына, анасынан қызына мирас болып келе жатқан - сәндік өнерінің өзі ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал етеді. Аталарымыз қызымыз бен ұлымыз сегіз қырлы, бір сырлы болуын қадағалаған. Әсіресе қыз балаға: ине сабақтап, түйме қадау, кесте тігуді, ас пісіруді үйретсе, ұл балаларымызға таспа тілу, өрім тоқу, мал сою және мүшелеуді үйреткен.

Бүгінгі күннің талабына сай қолөнер түрлері де сан алуан. Кестелеу, көркемдеп тігу, ою-өрнектерін әшекейлеу.

« Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды » дегендей, кесте тігудің алуан әдісі бар. «Біз кесте», «Гобелен» (көпіртпелі) кесте, «Моншақпен кестелеу» (бисерлеу) деп атайды.

Адам бойында, әсіресе бойжеткендерге табанды, сабырлы, ұқыпты, зерделі мінез-құлық қалыптастыруда кесте өнерінің тигізетін пайдасы көп.

Кесте өнерінің түрлері: біз кесте, айқас, тығыз кесте,тышқан із, басып тігу, қайып тігу.т.б
Тығыз кесте -деп тігілетін материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кестені айтады.
Тығыз
кесте- сандыққап, мақпал шапан, орамалға, жастық жапқыш, сәукеле сияқты басқа да көптеген заттарға төгіледі немесе бөлек материалға төгіп қондырылады. Әредік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш - бұрышы, перделердің шеттері сияқты заттарға төгіледі немесе бөлек төгіп қондырады.

Айқас (крестеп) тігу де инемен тігілетін кестенің ең көп тараған түрі. Мұнда өрнек ізімен біркелкі төрт бұрышты етіп, бір жіптің үстінен екінші жіпті крест түрінде айқастыра бастырып отырады.
Мұндайды жастық тысының беті, жастық жапқыштар, төсек жапқыштар, әйелдердің көйлектерінің кеудесі, етегі, гүл қойғыш төсеніштер, дастарқандар мен диван жапқыштар, үйдің қабырғасына керіп қоятын маталар кестеленеді.


«Тышқан із» -тігісі үш сызық арасымен, не шаршы сызықтар арасымен тігіледі. Алғашқы шаншымында инені төменгі сызықтан жоғары көтеріп үстіңгі сызықтан шаншып матаның астына түсіреді. Бұл кезде сол қолдың бармағымен ине жібін өзіне қарай тарта басып, іркінді ілмек жасайды да, инені босаңдау тартады. Ине үшінші шаншымында орталық сызық бойымен екі шаншым ілгері аттап іркіліп тұрған ілмек арасынан шығады. Инені келесі кезекте тартқанда ілмек ортасында сопақтау үш бұрыш жасалады. Тігіс осылайша қайталана береді.

Топтастыру : «Кесте тігуге қажетті құралдар »АССОЦИАЦИЯ

Кесте тігу үшін қолданылатын құрал-саймандар: Кергіштер – кесте тігушінің негізгі құралы. Ол матаны керіп ұстайды және оны зақымдалудан сақтайды. Кергіштер дөңгелек болады.Инелер – мата қалыңдығы мен жіптің жуандығына қарап таңдалады. Қайшылар – жіптің ұшын қию үшін қажет. Жіптер – кестелеу үшін табиғи, жасанды, синтетикалық және аралас жіптер, ирис, мулине.Кестелеуге арналған материалдар – канва, тегіс бір түсті мата.

Қауіпсіздік ережелері:
1. Қайшыны жолдасына сабымен ұсын.
2. Қайшының ұшын сабымен көтерме.
3. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқанда көңілін бөлме.
4. Инені аузына жақындатпа.
Технологиялық нұсқау картамен жұмыс.

Жұмыстың орындалу реті. Керекті заттарды алу
1. Матаны кергішке керу
2. Матаға өрнекті салу
3. Матаға сызылған өрнекті сызық бойымен кестелеу
4. Ішкі жағын әртүрлі жіптермен толтыру кергіш, мата
5. Мата, карандаш, ине, жіп, қайшы.

Сарамандық жұмыс:
Суреттер, дайын үлгілерді көрсету. Кестеге тігуге қажетті жіптің түрлерін таңдап алу.
* Кестелеуге жабдықтар қолдану ине,кергіш,мата,қайшы.т.б
* Кестелеу жұмыстарын орындау «Тышқан із»тігісін үйрету.
Жұмысты аяқтау, сапасын қарау.
1 - кезең. Тышқан із тігісі - тігілу әдісі жағынан көлемді біркелкі ілмектер шынжыр секілді бір - біріне тіркесе тігіледі. Жіпті бекітіп, оны матаның оң жағына шығарып алған соң, ілмек тәрізді етіп созып, оны сол қолымыздың басбармағымен басып тұрып, инені алғашқы шаншыған жерден дәлдеп, төмен қарай, яғни матаның астыңғы бетіне қарай шаншимыз.
Сергіту сәті:Қол қимылдарын жасау арқылы:Мақал мәтелдерді орнына қою қажет.

1. Жеті рет өлшеп ------------------(бір рет піш)
2. Көз қорқақ ------------------------(қол батыр)
3. Өнер көзі -------------------------(халықта)
4. Қыз еркем --------------------------(кестесімен көркем)


ІІІ.Толғаныс. Тест


Не білем? Не үйрендім? Нені үйренгім келеді? Тест сұрақтары арқылы, Бағалау .

Үйге тапсырма, Кесте тігістерін тігу

Жұмыс орынын жинақтау.








57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 26.02.2016
Раздел Технология
Подраздел Конспекты
Просмотров152
Номер материала ДВ-485660
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх