Қайырбаева
Ғ 25.11.15 математика
Тақырып:
8 санының құрамы.
Мақсаты:
1.Оқушыларды 8
саны, оның шығуы, құрамы туралы түсінікті
қалыптастыру.
Оқушылардың
танымдылық қабілетін, ойлау деңгейін арттыру.
Тапқырлыққа, шапшандыққа тәрбиелеу.
Сабақ
түрі: жаңа сабақ.
Әдіс
–тәсілдері: түсіндіру, ауызша, жазбаша,
Көрнекілігі:
Сандар құрамы, теңдіктер, теңсізідктер
Сабақ барысы:
І.
Ұйымдастыру
кезеңі:
-оқушылардың
назарын сабаққа аудару.
ІІ.
Психологиялық
дайындық:
Балалар,
біздің математика сабағындағы ұранымызды
айтайық.
Хормен:
«Есеп білмейтін
адам,
Түк
сезбейтін надан».
- Ендеше,
балалар, өткен сабақтарымыз бойынша
қаншалықты ұққанымызды ортаға салайық.
1).Қайталау.
Футболшының доптарын санайық.
не
байқадындар? біз сандарды аттап оқыдық.
ІІІ.
Жаңа сабақ:
1). Қызығушулықты
ояту. Логикалық ойын « Жоғалған санды тап»
2). Керекті сандарды тап.
3-7 сандарының
құрамдарын жаздыру
Осы құрамдарды 8
санының құрамымен толықтыру
7-1
3-5
6-2
5-3
4-4
1-7
3).
Дәптерімізді ашайық,
Қолға
қалам алайық
8 санды
жазайық.
Көркем
жазу: 8 8 8
4).
Оқулықпен жұмыс.
№1 Сурет
бойынша теңдіктер құрастыр.
5).
Сергіту сәті:
Жаза,жаза есепті, Талып
кетті
қолымыз.
Бір, екі,
үш,
Бойға жинап
күш.
Терезені ашайық,
Шаң – тозаңды
басайық.
Жалқаулықты
тастайық,
Қайта сабақ бастайық.
6).
Жұмбақ.
Төрт қаз
ұшып
барады,
Биіктен төмен қарады.
Аяқ нешеу,
бас
нешеу?
Жауабын кім табады? ( 8 аяқ, 4 бас)
Үйге
кірді Алдияр, ----------------------Ағаштағы төрт алмұрт,
Оған қоса Мадияр.-------------------- Өскен
екен тимей құрт.
Кейін келді Айдана, ------------------ Самал
алып екеуін,
Қанша болды бар бала? ------------ Қалдырған
екен нешеуін?
(1+1+1 =3 ) ----------------------------------- (4 - 2=2)
Шығармақ болып кеше есеп, ---------- Аулада бес
үйрек,
Жиналыпты бес есек. ---------------------Қорада
үш үйрек.
Үшеуі ұйықтап отырды, -----------------Бір үйрек
тығылды,
Ынталысы неше есек? --------------------Бір
үйрек жығылды,
(5 - 3=2 ) --------------------------------------Қалғаны неше үйрек?
--------------------------------------------------------(5+3 - 1 - 1=6)
Көлден ұшты жеті қаз, ---------------------Екі
аяқ пен екі қол,
Қайтып қонды екі қаз. -------------------- Бір
ауыз бен бір тілің,
Қонбады оның нешеуі, --------------------- Нешеу
болды кәне, бол,
Қане, кім тез шешеді? ---------------------- Санап
шығар кім бұрын?
(7 - 2=5) ---------------------------------------------------------(2+2+1+1=6)
ІV.
Қорытынды.
№5 Клоунға көмектесіндер
шашылып қалған доптарынан теңдік құрастырып
жазындар.
Үлгі:
2+5
8-1
Мадақтау;
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.