Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / 1 сынып 4 санын қосу және азайту

1 сынып 4 санын қосу және азайту


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Математика пәні

1 «а» сыныбы:

Тексерілді: 26.01.14ж _____________


Сабақтың тақырыбы:

4 санын қосу және азайту (4+4, 8-4)

Сілтеме:

Математика оқулығы 1 сынып Т.Қ.Оспанов, Қ.Ә.Өтеева,

Ж.Т. Қайыңбаев, К.Ә.Ерешева, М.В.Маркина

Күнтізбелік жоспар, Мұғалімге нұсқаулық , слайд

Жалпы мақсаттар:

10 көлеміндегі санға 4-ті қосу және азайту

тәсілімен танысады. Тапсырмаларды орындата отырып, танымдық қабілеті артады, өз бетінше жұмыс істеу дағдылары, логикалық ойлау қабілеттері қалыптасады. Өзбетінше есептеуге үйренеді. Сандар құрамын еске түсіреді.

Оқыту нәтижесі :

оқушылар өздерін еркін ұстайды және өз бетінше жұмыс істейді;10 көлемдегі cандарға 4 санын қосып және сандардан 4 санын азайта алады.

Түйінді идеялар

Тапсырмалармен жұмыс жасау, талдау жасау.

Өз түсініктерінің негізінде әрекет ету, 10 көлемдегі cанды қосып, саннан азайта алу.

Сабақта қолданылатын материалдар:

сергіту сәті бейнежазба, слайд, постер

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: диалог арқылы оқыту, АКТ, талантты және дарынды балаларды оқыту,оқытуды басқару және көшбасшылық.

Тапсырмалар:

1,№2,№3,№4,№5

Бағалау:

Бағалау парағына баға қояды.

Кері байланыс:

1.Не үйрендім? 2.Сұрағыңыз 3.Сабаққа пікіріңіз

Келесі тапсырылым:

112 бет №4 жасыл қоршау



Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Құлақ - мұрын. Балалар шеңбермен тұрады.

Жүргізуші: «Құлақ», - деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып айтады.

Цифрлар арқылы 4 топқа бөлу.

Өткен сабақты еске түсіру.

Алмаларды жина.

Ой қозғау:

1.Ал балалар, балалар 
Қағазбенен қалам ал,
Екі ешкінің мүйізі,
Қане кімдер табады?
Сонда қанша болады. (4)

Тал басында тізіліп,
2.Он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да, үзіліп
Ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның жұлынып,
Түсті тағы бесеуі.
Тұр әлі де ілініп,
Жапырақтың нешеуі? (4)

3.Он қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда 4 саусақ
Алақанды ашамыз,
Бесті төртке қосамыз.
Кел санайық ал мұны,
Нешеу болды барлығы? (9)

4.Сегіз қарындаштың төртеуін 
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады? (4)

Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы 4 санын қосу және азайту.

Мақсатын хабарлау.

Алдыңғы сабақтарда өткен 2 саны мен 3 санының қосу кестесін еске түсірейік.

Дәптермен жұмыс: 10 санын көркем етіп жазамыз.

Оқулықпен жұмыс.

1. 4+4 8-4 5+4 9-4 6+4 10-4

Кел, ойнайық! Балықтарды аквариумға орналастыр.

Кім жылдам?

2. 4+4 8-4 6+4 10-4

Сергіту сәті:

Бейнежазбадан «Көңілді күн» биін билейді.

3. Үш сан аттай отырып сана және сандарды ата: өсу ретімен 4-тен бастап; кему ретімен 10-нан бастап.

5. Ш: Өрік – 3 түп

Шие – 4 түп

Барлығы - ? түп

Ш: 3 + 4 = 7

Ж: 7 түп ағаш отырғызды.

Кері байланыс:

1. 4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі?
2. 2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?

3.Бұтақта 10 торғай отыр еді. 6 торғай ұшып кетті. Нешеуі қалды?
4.Асанда 5 теңге болды. Ол 4 теңге тауып алды. Неше теңге болды??
5.Сыныпта 9 ер бала, ал қыздардың 5 - еуі кем. Қыздар нешеу?
6.Үстелде 6 кітап және одан төртеуі артық дәптер жатыр. Дәптер нешеу?

Бағалау.

Рефлексия

Ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады.




Шеңберде тұрып, ойын ойнайды.





Топқа бөлінеді.


Постермен жұмыс.


Сұраққа жауап береді.







Логикалық есептерді шешеді.



Диолог арқылы сұраққа жауап береді.























Есептейді, есте сақтайды.




Дәптерге жазады. Жеке жұмыс.



Мұғалім түсіндірмесі

Оқушылар сұраққа бірге жауап береді.

1-2 -топ орындайды. Постермен жұмыс

3-4-топ орындайды.


Билейді


4-топ кезекпен айтады.



Топ басшылары орындайды.






Логикалық есептерді шешеді.












Бағалау парағына баға қояды.

Сабаққа пікірлерін айтады. Смайлик арқылы көрсетеді.


Сабақтан көрініс


C:\Users\Сати\Desktop\20150127_093123.jpgC:\Users\Сати\Desktop\20150127_092845.jpg

C:\Users\Сати\Desktop\20150127_093204.jpgC:\Users\Сати\Desktop\20150127_093900.jpgC:\Users\Сати\Desktop\20150127_093141.jpg


Автор
Дата добавления 15.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров117
Номер материала ДВ-454862
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх