Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Конспекты / 8 сынып Сұйықтықтардағы электір тогы

8 сынып Сұйықтықтардағы электір тогы

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №2 орта мектептің физика пәні мұғалімі. Избасарова Акджагуль


Сабақтың тақырыбы: Сұйықтардағы электр тогы.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сұйықтарда электр тогының өтуі, заряд тасымалдаушы бөлшектер, электролит ерітіндісі, электролиз заңы және электролиздің маңызы туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық: Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Таным белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік: Жауапкершілікке, білімге қызығушылыққа, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа ұғым беру мен қалыптастыру

Сабақтың түрі: фронтальді, жекелей және топтық.

Пән аралық байланыс:

Химия- электролиттік дисоцация; электролиз; химиялық эквивалент;

электролиттер; мольдік масса;

Математика- математикалық түрлендірулер мен есептеулер;

Информатика- компьютермен жұмыс;

Орыс тілі- аударма жұмысы;

Өндірістік сабақ- электр тогы, кедергі; тоқ жұмысы;

Сабақтың керекті құрал-жабдықтары:

Оқу көрнекілік құралдар: Электролизді көрсетуге арналған құрал-жабдықтар;

эпиграф; электронды плакаттар; электронды оқулық; электронды тест;

сөзжұмбақ, карточкалар, М.Фарадей және Б.С.Якоби портреттері.

Техникалық құрал-жабдық: компьютер;интерактивті тақта;

Әдебиеттер:

1. Б.Кронгарт, В.Кем, Н.Қойшыбаев «Физика» 10 сынып оқулығы;

Алматы «Мектеп» 2006ж.

2. А.П.Рымкевич «Физика есептерінің жинағы»



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Оқушыларды түгендеп, сабақтың мақсатымен, эпиграфпен таныстыру.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

( Оқушылардың бір бөлігі тест тапсырмасын орындайды, ал қалған оқушылар сұрақтарға жауап береді, сөзжұмбақ шешіледі. Тапсырма кезекпен ауысып орындалады.)

А) Фронталь сұрақтар қою. В) Компьютердегі тест тапсырмасы.

1. Электр тоғы деген не?

2. Жартылай өткізгіштер деп нені айтады?

3. Жартылай өткізгіштерге мысал келтір.

4. Жартылай өткізгіштерде заряд тасымалдаушы бөлшектер нелер?

5. Кемтік деген не?

6. Ж.Ө. өткізгіштігін қалай арттыруға болады?

7. Донарлық қоспа деген не?

8. Донарлық қоспа қосу арқылы қандай типті ж.ө. алынады?

9. n-типті ж.ө. негізгі заряд тасушылар қандай бөлшектер?

10. Акцепторлық қоспа деген не?

11. Акцепторлық қоспа арқылы қандай типті ж.ө. алынады?

12. р-типті ж.ө. негізгі заряд тасушылар қандай бөлшектер?

13. Қандай ж. ө. құралдарды білесіңдер?

14. Ж.Ө. диод не үшін қолданылады?

15. Транзистор қандай қызмет атқарады?

( сұрақтар қысқартылып алынды)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

(Түсіндіру барысында элетронды оқулықтан суреттер көрсетіледі.)

Бүгінгі сабақта электр тоғының сұйықтар арқылы өтуін қарастырамыз.

1. Екі металл пластинаны дистилденген су құйылған ваннаға салып , ток көзіне қосайық. Таза судың ток өткізбейтінін көреміз.

Суға ас тұзын қосайық, электр тоғы жүре бастайды . Демек ас тұзының судағы ерітіндісі арқылы ток жүреді.

Енді дистилденген суға қышқыл ерітіндісін қосып көрейік. Қышқылдың судағы ерітіндісі де өткізгіш екен.

Сендер химия курсынан білесіңдер қышқыл H+ Cl- немесе тұз молекулалары Na+ Cl- оң және тері иондардан тұрады. Судың молекулалары дипольдардан тұрады, олар тұз немесе қышқыл молекуласын жан-жақтан соққылап, нәтижесінде иондарға ыдырайды. (сурет №1)

Ал қарама-қарсы заряды бар иондар жақын келгенде бір-біріне тартылып қайтадан бірігуі де мүмкін. Яғни иондардың бірігіп молекула құруы рекомбинация деп аталады.

Na+ Cl- Na+ + Cl- H+ Cl- H+ + Cl-

Молекулалардың еріткіш әсерінен иондарға ыдырауы электролиттік диссоциация деп аталады. Ал ерітінді электролит деп аталады.

Электролит ерітіндісінде заряд тасымалдаушылар оң және теріс иондар болып табылады.

  1. Ток көзінің оң полюсіне қосылған электрод анод деп, ал теріс полюске қосылғаны

катод деп аталады. Пайда болған оң иондар өріс әсерінен катодқа қарай, ал теріс иондар анодқа қарай қозғалады. Нәтижесінде электролит арқылы ток өтеді.(сурет№2)

Қыздырған кезде иондар саны артады, демек электролит кедергісі кемиді.

Электролит арқылы ток өткенде зат бөліну процесі жүреді, оны электролиз деп атайды.

Мыс тотыяйынымен жасалатын тәжірибе.

3. Электролиз кезінде бөлініп шығатын заттың массасын анықтауды М.Фарадей тағайындады.

М.Фарадей өмірімен таныстыру.( Оқушы зерттемесі, М.Фарадей портреті көрсетіледі.)

Электролиз кезінде бөлініп шығатын заттың массасы ерітінді арқылы өтетін электр мөлшеріне тура пропорционал.

m= k q Фарадейдің І-заңы деп аталады

q = I ∆ t ; m= k I ∆ t

Мұндағы k –электрохимиялық эквивалент деп аталады. k= hello_html_2ac62344.gif ; бірлігі hello_html_m566bacc4.gif

Иондардың бір молінің массасы μ = Mr *10-3 кг/моль

Ал hello_html_m1d1f861a.gif химиялық экивалент деп аталады. Мұндағы n-валенттілік

Фарадей бір химиялық эквивалентті құрайтын барлық иондардың жалпы заряды Ғ мәніне тең болатынын айтты.

Ғ= 9,65*104 Кл/моль Фарадей тұрақтысы

hello_html_31b2c08a.gif; m=hello_html_m61fda5a6.gif

k=hello_html_5ad9f6e5.gif Фарадейдің ІІ –заңы.

Фарадей заңының көмегімен электрон зарядын анықтауға болады.

e= hello_html_m21fad5a1.gif

  1. Электролиздің қолданылуы:

  • Металлургияда кенді балқытқан кезде алынған металды қоспадан тазарту үшін қолданады.

  • Балқытылған кеннен сумен реакцияға түсетін және судағы ерітіндіден өз бетінше бөлінбейтін жеңіл металдарды алуда пайдаланады.

  • Электролиз кезінде бөлініп шыққан оттек атомы өте күшті тотықтырғыш болып табылады. Оны дәрі жасауда пайдаланады.

  • Гальваностегияда (бір металды ауада тотықпайтын басқа металдың жұқа қабатымен қаптау, әшекей бұйымдарды алтынмен, күміспен қаптау)

  • Гальванопластикада ( беті тегіс емес металл заттардың көшірмесін алуда , баспа дағы әріптерді қалпына келтіру)

Гальванопластика әдісін 1838 жылы орыс ғалымы Борис Семенович Якоби ашты.

Б.С.Якоби өмірімен таныстыру. (Оқушы зерттемесі, Б.С.Якобидің портреті көрсетіледі)

Электролиздің көмегімен дайындалған бұйымдардың суреттері көрсетіледі.

І V. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Электронды тренажермен жұмыс.

  2. Есеп шығару. (Карточкамен жұмыс беріледі)

1. Есеп № 890.

Мыстың электрохимиялық эквивалентін анықтау үшін жасалған тәжірибеде ток күші 5А, токтың жүру уақыты 20 мин, катодтың тәжірибеге дейінгі массасы 70,4г, тәжірибеден кейінгі массасы 70,58г болды. Осы нәтижелер бойынша мыстың электрохимиялық эквивалентін анықта.

Табу керек:

khello_html_7509b1c3.gifhello_html_7509b1c3.gifhello_html_7509b1c3.gif=? ХБЖ талдау шешуі

hello_html_m26b94faa.gif

I=5A

t= 20мин 1200с m2 –m1 = k I ∆ t k=hello_html_5dcd9d23.gif

m1=70,4г 70,4*10-3кг

m2=70,58г 70,58*10-3кг k= hello_html_38db7143.gif Жауабы: 3*10-8hello_html_m566bacc4.gif

2. Есеп №898

Электролиттік ваннадағы кернеу 0,4В болса, 1т мысты тазалау үшін қанша энергия жұмсалады?


Табу керек:

Ahello_html_67c003a5.gifhello_html_67c003a5.gifhello_html_7509b1c3.gif=? ХБЖ талдау шешуі

hello_html_m26b94faa.gif

U=0,4B

m= 1 т 1*103кг A=UI ∆ t

k=0,33*10-6hello_html_m566bacc4.gif m= k I ∆ t A=hello_html_m5c64d3f5.gif

I ∆ t=hello_html_ae077d8.gif

A=Uhello_html_77243d1f.gifЖауабы: 330 кВтсағ.

V. Қорытынды.

1. Сабақты қорытындыланып оқушылар білімін бағалау.

2. Үйге тапсырма беру. §12.3 Физика 10 сынып.


Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 22.07.2016
Раздел Физика
Подраздел Конспекты
Просмотров80
Номер материала ДБ-145692
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх