Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / 2 сынып. Тақырыбы: Күш бірлікте.

2 сынып. Тақырыбы: Күш бірлікте.

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі:

__________ Қ. Төлегенова

«18 19 21 22» 12 2015ж

Сыныптар: 2 - а,ә,б,в,

Өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Татулық – табылмас бақыт. Мақал

15 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Күш бірлікте

Сабақтың мақсаты: «Бірлік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу, «достық» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту;

Сабақтың міндеттері:

  • Бірлік туралы түсінік беру;

  • Көпшіл болу іскерліктерін дамыту;

  • Бір – біріне көмектесуге, бірлесіп еңбек етуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Достық туы, қайық, «Достық аралы» дельфин, өзен, лақ, құмырсқа илеуі, дәу қара тас, «Таңбалы тас» суреттері.

Шаттық шеңбері

Оқушылармен шеңберде тұрып амандасу.

  • Балалар, сендер білесіңдер ме, мөлдіреген көк теңіздің ортасында «Достық аралы» бар. Мәңгілік желбіреп тұратын «Достық туын»көруге елдің түкпір – түкпірінен балалар Аралға барып қайтады. Ондағы «Таңбалы тасқа» өздерінің тілектерін жазады. «Күш бірлікте» атты сабағымызды «Достық аралында» барып қайтайық. Саяхатымызды әнмен бастайық.

«Елімізді сүйеміз» әнін үнтаспадан естіледі, балалар бірге қосылып айтады.

Елімізді сүймейміз

Бал – бұл жанған гүл шағында

Біз Отанның ұланымыз.

Бақытты елдің құшағында

Білім алу ұранымыз.

Қайырмасы:

Біз өнерге, ұлы өмірге

Гүл өмірге иеміз,

Көгімізді, көлімізді,

Елімізді сүйеміз.


Өзіммен - өзім

Оқушылардың достық қарым – қатынастары мен достық сезімдерін арттыру мақсатында релаксациялық тәсіл жүргізіледі. Теңіз толқындарының, қарсы ескен самалдың дыбыстары үнтаспадан естіледі.

  • Балалар, ыңғайланып отырыңдар. Өзіміздің қолымызбен дайындалған қайық үлкен кемеге айналып кеткендей. Біз бәріміз бірге сол пароходқа отырып «Достық аралында» жүзіп барамыз. Табиғи таза ауамен терең- терең тыныстаймыз. Қоңыр салқын самал бетімізді желпіп өткендей. Су сыңғарлары, толқын тербелісі бізді ерекше жақсы сезімге бөлейді. Біз бір- біріміздің қолымыздан қысып, бірге екендігімізге мақтанып қоямыз. Теңіз ортасына жеттік. Біздің әрі қарай «Достық аралына» жеткізді. Аралда «Достық туы» желбіреп тұр. Бізде дельфинге рақмет айтып, таңбалы тасқа армандап жүрген бір тілегімізді жаза алатынымызға қуанып тұрмыз. Сол тілекті жазуға тапсырмаларды бірігіп орындау арқылы жеткендігімізді ойлап сыныптастарымызға ризашылығымызды білдіріп, тағы да бір рет қолдарымызды қысып қоямыз. Енді бәріміз бұрынғы қалпымызға келейік.

Сергіту сәті

Балалар, міне тапсырманы дұрыс орындау арқылы лақтың да судан өтуіне көмектестік.(лақтың өзеннен өткен суреті). Енді мөлдіреген көк теңіздің де жағалауына жеттік. Теңіз жағалауында бойымызды сергітіп алайық.

Біз өнерлі баламыз. (Өзін көрсетеді)

Шырқатып ән саламыз, (Екі қолды жанына созады)

Би билейді бұралып. (Би қимылын көрсетеді)

Доспыз, тату боламыз. (Барлығы қол ұстасып жоғары көтереді)

  • Балалар, ары қарай саяхатымызды жалғастырайық.

  • «Достық аралына» жету үшін не қажет?

  • Әрине, теңізбен жүзіп өтетін қайық қажет.

Ойын жаттығу. «Қайық жасап алайық»

Ойынның шарты: Қайық бөліктері (қағаздан жасалған ) жатады. Осы бөліктердің артқы бетіне тапсырма жазылған. Тапсырмаларды орындау арқылы қайықты құрастыру керек.

Тапсырмалар:

Сыныпта қандай жұмыстарды бірлесе атқаруға болады?

Егер сыныптағы қыздар екі топқа бөлініп жүрсе, олардың бірге жүруі үшін сендер қандай әрекеттер жасар едіңдер?

Айдос пен Жандосты сыныптас құрбылары араларына қоспайды. Сендер көпшіл болсаңдар оларды қалай қосар едіңдер?

Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді түсіндіру,

  • Шынжырлатып оқыту,


Ырыс алды - ынтымақ

Аңыз әңгіме

Баяғыда бір ақылды қария болыпты, оның тоғыз ұлы бар екен. Бірақ балалары әкесінің ақылын тыңдамай, әрқайсысы өз бетінше жүріп тұрады. Олардың бұл қылығын былайғы жұрт күлкі етеді. Үлкен кішісін аямайды, кішісі үлкеніне ақшия қарайды. Бірлігі жоқ баланы әркімдер-ақ ұрып кете береді, содан әкесі балаларының қылығы туралы терең ойға шомады. Айласы таусылған шал таудан бір құшақ тобылғы әкеліп, балаларын түгел шақырып алады. Содан соң:

  • Қане, балаларым, күшткріңді сынап көрейік, мына тобылғыны тобымен сындырыңдар, - дейді.

Тоғыз ұл кезектесіп күштерін сынайды. Буылған бір құшақ тобылғыны ешқайсысы сындыра алмай, әбден шаршайды.

Қария тобылғының бауын шешіп:

Енді бір бірден сындырып көріңдер, - дейді.

Балалары тобылғыны сол заматта-ақ шарт-шарт бөліп:

Міне, сындырдық, - деп мақтанысады. Шал балаларын отырғызып қойып, нұсқалы сөзін бастайды.

Мен сендердің келешектеріңді ойлап қапа боламын. Дұшпандарың көп болса, ынтымақ жоқ болса, дұшпан сендерді жаңағы жалғыз тал тобылғыдай бырт-бырт сындырады. Ал буылған тобылғыдай бірлікте болсаңдар, сендерді ешкім сындырмақ түгіл, майыстыра да алмайды. Менің айтарым сол, - дейді.

Көп ұзамай шал дүниеден өтеді. Балалары ақылға келіп, бірлесіп тіршілік етіп, кем-кетікке көмектесіп, ынтымақты өмір сүреді. «Ырыс алды – ынтымақ » деген сөз осыдан қалған екен.

  • Қария балаларына бірліктің мәнін қалай ұғындырды?

  • Бірлік болмай, тірлік болмас деген мақалды қалай ұғындырады?

«Бірлік болмай, тірлік болмас» деген мақалды тақтаға жазу, мағынасын түсіндіру,

Дәптермен жұмыс

Тақтада үлкен қара тас суреті ілініп тұрады.

Балалар, алдымызда кездескен үлкен қара тасты бәріміз бірлесіп жолдың шетіне шығарып тастай аламыз ба? Оны орындау үшін дәптердегі ребусты бәріміз бірге шешейік. Оқушылардың барлығы өз дәптерлеріне қарап, дауыстап айтып отырып ребусты бірге шешеді.

Ребуста жұмыртқа, бала, көйлек, дәптер, үкі, киім ілгіш суреттері берілген. Шешуі: жұмыла көтерген жүк жеңіл. Ребус шешілгеннен кейін, дәу қара тас жолдың шетіне шығарылады.

Жүректен жүрекке

Балалар шеңбер құрып, бір біріне жылы тілектерін айтады.





Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі:

__________ Қ. Төлегенова

«25 26 28 29» 12 2015ж

Сыныптар: 2 - а,ә,б,в,

Өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Татулық – табылмас бақыт. Мақал

16 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Күш бірлікте

Сабақтың мақсаты: «Бірлік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу, «достық» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту;

Сабақтың міндеттері:

  • Бірлік туралы түсінік беру;

  • Көпшіл болу іскерліктерін дамыту;

  • Бір – біріне көмектесуге, бірлесіп еңбек етуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Достық туы, қайық, «Достық аралы» дельфин, өзен, лақ, құмырсқа илеуі, дәу қара тас, «Таңбалы тас» суреттері.

Шаттық шеңбері

Балалар шеңбер құрып тұрып, сәлемдеседі. Қол ұстасып Ф.Оңғарсынованың «Тату доспыз бәріміз» өлеңін бірге айтамыз.

Тату доспыз бәріміз

Жүзімізге қараңыз, Балдырғанбыз арай жүз,

Бал күлкілі баламыз. Бал-бұл жанып қараймыз.

Бізге қымбат күншуақ, Ойыншықтар біздерде,

Бізге қымбат анамыз. Көп болғанын қалаймыз.

Күннің нұрын сүйеміз, Қыздырынып күнге біз,

Қырдың гүлін сүйеміз. Ән саламыз күнде біз.

Бізді ойнатып тәтелер, Балдай тәтті достармыз,

Күлдіргенін сүйеміз. Біз қашанда біргеміз

Тапсырма

Өткен сабақты түйіндеу мақсатында оқушыларға тапсырма беріледі.

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал – мәтелдерді аяқтаңдар.

  1. Ынтымақ, түбі- .......

  2. Бірлік, ынтымақ – байлық ..........

  3. ...... табылмас бақыт.

Қажетті сөздер: береке, бақ, татулық.

Жаңа ақпарат

Оқушылардың адамдар арасында бірлік, ынтымақ, татулық туралы өзіндік көзқарастарын қалыптастыруға негіз болады.

Адамдар арасында бірлік болса, олар ынтымақта, тату – тәтті өмір сүреді. Өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсеткен кезде ғана бірлікке қол жеткізуге болады.

Сахналау

Б.Грасианның ізімен жазылған «Өмірлік сый» атты шағын әңгімені апалы-сіңлілі қыздардың диалогін сахналауды ұсынамын.

Өмірлік сый

Анасы: Сендер тағы да ренжісіп қалғансыңдар ма, апалы-сіңлісіңдер ғой, бір-біріңе кешірімді болсаңдар қайтеді?

Әмина: Мен тек үлкен болғандықтан ғана оны үнемі кешіре беруім керек пе?

Анасы: Сенің ақылың бар ғой, мен әрқашан саған арқа сүйеймін.

Әмина: Оның мені тыңдағысы келмейді.

Жасия: Әмина неге мені тәрбиелейді? Ол менің анам емес қой. Мен не себепті оны тыңдауым керек?

Анасы: Әпкең немесе ағаң сен үшін өмірдің баға жетпес сыйы, әрқашан бір – біріңе көмектеулерің керек.

Егер осы сыйдың құндылығын бағалай білмесең, күндердің күнінде оны жоғалтып алуың мүмкін.

Әмина: Сыйдың осындай болғаны өкінішті-ақ!

Анасы: Сіңліңнің саған деген қарым-қатынасының осылай болатын себебі: сен онымен ойнамайсың, дұрыс көңіл бөлмейсің, ол болса, соны армандайды.

Жасия: Иә маған ең қызығы әпкеммен ойнаған.

Анасы: Сендердің өмірде бір-біріңе серік болатындықтарыңды түсініп, риза болу керекігін сендерге қалай түсіндірсем екен!

  • Сендер анасының сұрағына қалай жауап берер едіңдер?

  • Апалы-сіңлілер неге үнемі керісе береді?

  • «Әпкең мен ағаң – өмірдің баға жетпес сыйы» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Дәйексөз

Тақтада «Татулық-табылмас бақыт» халық мақалы жазып қою. Оқушылар өз пікірлерін ортаға салады.

Жағдаяттар мен жұмыс

Сабақ барысында айтылған ойларды өмірде кездесетін оқиғалар мен ұштастыру мақсатында оқулықта берілген суреттерге қарап, балалар жағдаяттармен жұмыс жасайды. Әр жағдаяттарды талдайды.

  1. Марат пен Саматқа «Жас техниктер» үйірмесінде ұшақ макетін жасау тапсырылады. Мараттың жасаған макеті барлық баланы қызықтырып, таң қалдырды. Ал Самат қанша талпынғанымен, өзі жасаған макетке көңілі толмады. Бұған Самат қатты налыды.

  • Балаларға татулықтарын сақтау үшін қандай кеңес беруге болдаы?

  1. Марат балалармен де тату ойнай алатын еді. Сыныптағы барлық бала Маратпен ойнағысы келеді. Барлық уақытта сыныптастарына ықтиярмен көмектесуге дайын тұратын, қолында барын аямайтын. Ал Самат болса, өз заттарын қызғыштай қорып әлек болуға шаршайтын. Саматқа осындай қылықтарынан соң балалар да көп жоламайтын болды.

  • Саматты қалай көпшілдікке үйретуге болады?

  1. Марат Саматқа ойыншықтарын балалардан қызғануының дұрыс еместігін ескерткені сол еді, Самат өкпелеп, бұртиып ешкіммен сөйлеспей қойды.

  • Достарының алдында сыйлы болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет?

Назар аударыңдар

Бірлік – ортақ істе ұйымшылдық көрсету;

Бірлік – жаныңдағылармен тату өмір сүру;

Бірлік – өзгенің пікірімен санаса білу;

Бірлік – өзгенің де қамын ойлау, көпшіл болу;

Дәптермен жұмыс

  • Дәптерде бейнеленген таңбалы тасқа бірлік туралы тілектеріңді жазыңдар.

Жүректен жүрекке

А. Естеновтың «Бата» өлеңімен сабақ аяқталады.

Бата

Ұзақ болсын ғұмырың,

Биік болсын тұғырың!

Ақиықтай қыран бол,

Абылайдай ұран бол!

Өнегелі, өрісті,

Елін сүйген ұлан бол!

Деп аталар өрелі

Баталарын береді.







Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 11.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров866
Номер материала ДВ-328460
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх