Инфоурок Начальные классы Рабочие программыСынып тан тыс шара "Тазалықты сүйеміз"

Сынып тан тыс шара "Тазалықты сүйеміз"

Скачать материал

                             Сатыбалды     негізгі   жалпы   білім   беретін   мектебі

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:

 

 

 

                "Тазалықты сүйеміз"

 

 

 

                  Тазалық

 

 

                                          \4-сынып\

 

 

 

                                                                          Өткізген :Қойшыбаева Л.А

 

                                                  2015-2016 о.ж

 

 

  Бекітемін         ТІЖО   Улмесекова А.А

        Күні:16.11.2015 ж

      Тақырыбы: Тазалықты сүйеміз
      Білімділік:
Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін     

                            қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру.
     Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін

                                  жетілдіру. Денсаулық және тазалықтың  маңыздылығын түсіндіру;

-                                тілалғыштық қасиеттерін дамыту;еңбекқорлыққа  тәрбиелеу

Тәрбиелік: Тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі  «5-Т» ережесін еске түсіру.

   Тыныштық сәтi.Нұрға бөлену.(«Хрустальная грусть» әуені)
    Кіріспе.
   Адамның денсаулығы – қоғам байлығы.
   Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу керектігін айтты. Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз   

   салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Бақытым да, байлығым да - Денсаулық» деп

    аталады.
    . «Тазалық – денсаулық кепілі.»
Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаған. Отанымыздың келешегі, көркеюі балалар сіздердің қолдарыңызда. Сондықтанда сендердің таңдауларын - салауатты өмір салтын сақтау.
Балалар сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Қызыл

гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан - жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар?
Әрине, Денсаулық.
Денсаулық адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі.
Денсаулық дұрыс тамақтану.
Денсаулық тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады.
Денсаулық таза ауада көбірек жүру.
Денсаулық тазалық сақтау.
Денсаулық тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.
Денсаулық тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу.
Мұғалім.
- Балалар денім сау болу үшін таза болып жүру мен бірге тағы не істеуіміз керек?
Оқушылар. Таңертеңгілік жаттығу жасап, спортпен шұғылдану керек.
Адамдар әрқашан қимылды қозғалыста жүрсе біздің ағзамыздағы қан жүрісі де қозғалыста болып жұмысы жақсарады. Ауруларға қарсы тұра алатын боламыз. Денімізді сақтау үшін зиянды әдеттерден аулақ болу керек.
Адам денсаулығына жақын доста, қастарда бар.
Адам денсаулығына жақын достар не деп ойлайсыңдар?
( тазалық, спорт, таза ауа, дұрыс тамақтану, күн тәртібі.)
Адам денсаулығына қас.( шылым шегу, ішімдік, салақтық, жалқаулық.) денені шынықтыру
Денсаулық болса бәрі болады тазалық, дене шынықтыру, дұрыс тамақтанудың маңызы зор.
Біздің денсаулығымыз мықты болу үшін тазалық сақтау жеткіліксіз. Сонымен бірге денемізді шынықтыруымыз керек. Үнемі дене шынықтырумен айналысатын адам ауырмайды
Тиімді тамақтану денсаулық үшін маңызы зор. Ет, балық, ұн, сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Сонымен қатар жеміс – жидектерді көбірек жеген жөн. Олардың құрамында адам денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп. Сонымен қатар шамадан тыс көп тамақтану да зиян.(әр түрлі тағамдардың суреттерін көрсету)
Сұрақтар.
1 Жеміс – жидектерді жемес бұрын не істеу керек?
(жеміс – жидектерді жақсылап жуып алу керек.)
2 Тамақтану алдында не істеуіміз керек?
(тамаққа отырар алдында қолды жуу керек)
Қорытынды
1. Адамның дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау қажет?
(Денесін, беті – қолын киімін әрдайым таза ұстау керек. Зиянды заттардан аулақ болу керек.)
2. Адам не үшін жуынады?
3. Тазалықтың достары мен қастарын ата?
Деніміз сау болсын десеңдер, міне жоғарыда айтылғанның бәрін денсаулық үшін істелетін жұмыстар. Таза ауада демалу, спотпен шұғылдану, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтқандарды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз керек

    Дәйек сөз. «Күн тәртібі мен еңбек- денсаулық негізі». 

                                                                                         Халық даналығы.

-          Күн тәртібінің денсаулыққа әсері бар ма?

-          Еңбектің денсаулыққа әсері қандай?

      Денсаулықтарыңызды жақсарту үшін өздерің қандай әрекет етіп жүрсіздер?

«Ең үлкен байлық»

Аңыз әңгіме

Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып, әрдайым мұңын шағудан жалықпайдыекен:

-          Шіркін-ай, егер менің байлығым көп болса, қандай жақсы болар еді. Мен онда асып-тасып өмір сүрер едім-, деп, зарлауын қоймайды.

Бір күні жігіттің лашығының қасынан қарт тас қашаушы өтіп бара жатып, зарлап отырған әлгінің қасына келіп:

-          Саған не болды сонша жыланып? Сен нағыз бай адам емессің бе ?- деп сұрайды.

-          Мен баймын ба ?-деп таң қалды жігіт.- Қане, қайда ол байлық.

-          Сенің көздерің ше? Бір көзіңді біреуге қаншаға берер едің?-деп сұрады қарт.

-          Оның не ?- деп, шошып кетті жігіт.

-          Мен көзімді ешқандай байлыққа айырбастамаймын!

-          Жарайды,-деді тас қашаушы.- Ендеше екі қолыңды шауып тастасын, ол үшін саған көп алтын береді.

-          Жоқ! Қолымды бермеймін, алтының керек емес,-деді жігіт.

-          Міне, көрдің бе. Сен өте бай адамсың ғой,-деді қарт тас қашаушы.

-  Ендеше, несіне зарлай бересің ? Маған сенсең, адамның ең үлкен байлығы-күш-қуаты мен денсаулығы. Оны ақшаға сатып ала алмайсың,-деді де, ол  өз жөніне кете барды.

-  Жігіттің ойын  дұрыс әрекет  деуге бола ма?

  -Үлкен адамның кеңесінен соң жігіттің көзқарасы қалай өзгерді деп ойлайсыздар?

  -«Бірінші байлық- денсаулық» дегенді қалай түсінесіз?

    Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.                                                                                 

Оқушыларды екі топқа бөліп жағдаяттарды талдауға беремін.

  1-жағдаят.Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне     

   кейіп, «Денсаулығыңды бұзасың ғой. Отырып, дұрыс тамақ ішсең қайтер еді?» деп кейіді.     

     Самат анасына «Тамақтанбаудың денсаулыққа әсері қанша?» деп жүре тыңдады.

-          Қалай ойлайсыңдар,  Саматтың айтқаны дұрыс па? Сендер қалай тамақтанасыңдар?

     2-жағдаят.  Асылан енді өз денсаулығын бақылауға алып, күтім  жасау керектігін ойланды.     

    Бірақ ол неден бастарын білмей, дал болды. Ойлана келіп, өзінің күн кестесін құрудан бастауды жөн көрді. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп   

     шешті.

  Асыланның ойы дұрыс па? Сендер Асыланның орнында болсаңдар күн кестесін қалай құрар     

  едіңдер?

( Әр бала күн тәртібін дәптерлеріне жазады)

Топпен ән айту. «Өміріңе немқұрайлы қарама»

 

  Тыңда досым, мен айтайын от тілек                         Тұсау салып бастатқызбай көш- дара,

  Дүниеден кетті бай да, өтті бек                                .Етсе- дағы дұшпан- күлкі, дос- таба.

  Өміріңе немқұрайлы қарама,                                     Өміріңе немқұрайлы қарама,

  Дәулетіңмен тұрсаң- дағы көк тіреп.                         Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.

  Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,                            Сын сағаттан сақтау үшін өз басын,

  Зерлі шапан киінсең де жақұттан.                        Сатып кетер сеніп жүрген жолдасың

Өміріңе немқұрайлы қарама,                  Өміріңе немқұрайлы қарама,

  Шақша басың айналса да, бақыттан.Айдын көлге айналса да көз- жасың..

 

Қайырмасы:

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Кенелсең де досым қанша шаттыққа,

Өміріңе немқұрайлы қарама.

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Қанша азап көрсең- дағы, бауырым,

           Өміріңе немқұрайлы қарама.

Данышпан ата өсиетін жаттап алыңдар:

-ерте тұру;

-орта тазалығын сақтау;

-жер ананы аялау;

-денені шынықтыру;

-өзіңді таза ұстау;

-дұрыс тамақтану;

          -сергек жұру.

Жай, әсем музыка  қойылады. Көзіңізді жұмып, сабақтың жақсы көңіл-күйін есіңізге алып, жүректеріңізге түйіп қойыңыздар.

«Мен өмірді сүйемін, өзімнің адамгершілік асыл қасиеттерімді жүзеге асыруға, дұрыс әрекет     

      жасауға дайынмын. Әрдайым салауатты өмір салтын ұстанамын.»         

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сынып тан тыс шара "Тазалықты сүйеміз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Научный сотрудник музея

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 966 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.11.2015 1054
    • DOCX 35.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қойшыбаева Лайла Амангелдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 123101
    • Всего материалов: 34

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 180 человек

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 560 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 485 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 352 человека

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, технологи

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Методика поддержки физкультурно-спортивной деятельности для людей с ограниченными возможностями здоровья

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в экономическую теорию и практику

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе