Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / 1-сынып 4-тоқсанға арналған қысқа мерзімді жоспар

1-сынып 4-тоқсанға арналған қысқа мерзімді жоспар

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Әртүрлі есеп шығар

Математикалық Наурыз

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

екі амалды жақшалы және жақшасыз өрнектің мәнін табу дағдысын қалыптастырады;

жақшасыз әріпті, санды өрнектерді салыстыру дағдысын бекітеді;

таңдау әдісімен және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешу дағдысын қалыптастырады;

айырмалық салыстыру дағдысын бекітеді.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

сыныптағы оқушы санына сәйкес даярланған қызыл, көк, сары және жасыл түсті киіз үй суреттері;

қызыл, көк, сары, жасыл түсті қалың қатты қағаз парақтары;


кілем аппликациясын жасауға арналған қазақ оюларының элементтері;


әр топқа арналған желім;


әр топқа қызыл, сары түсті қағаздан жасалған қызғалдақ. Қызғалдақтардың әр түсінен 10 дана болу керек;


дастарқанның макеті және әр топқа қатты қағаздан жасалған төрт батырдың суреті;

оқушылардың дұрыс жауабына берілетін бауырсақ түріндегі фишкалар;


маркерлер.

Тірек сөздер

Математикалық Наурыз

Сабақтың мақсаты:

3-тоқсанда алған білімдерін жүйелейді және бекітеді.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Жеребе бойынша топқа бөлініп болған соң оқу­ шыларға берілген тапсырмаларды топпен орындауды­ ұсыныңыз. Бұл тапсырманы “Кілем” деп атаңыз. Әр­ ауыл мерекеге арнап кілем тоқуы тиіс. Топтар­­ ға қатты қағаздан ойылған қазақ оюларының бес элементін таратып беріңіз. Оюлардың екінші жағын­ да тақырып­тарға­ байланысты тапсырмалар жазылады. Мысалы, бұл тапсырмалар санды өрнектердің мәнін табуға, шамаларды салыстыруға, теңдеуді шешуге берілуі мүмкін. Тапсырманың астында кілем тоқығанда сүйенетін жауап нұсқалары жазылады.


Мысалы, “Өрнектердің мәнін тап: 14 – 8 + 3 = ?” тапсырмасы.

Жауабы:

а) 8 — оюды оң жақтағы жоғары бұрышқа жапсырыңдар;

ә) 9 — оюды сол жақтағы жоғары бұрышқа жапсырыңдар;

б) 10 — оюды оң жақтағы төменгі бұрышқа жапсырыңдар;

в) 7 — оюды сол жақтағы төменгі бұрышқа жапсырыңдар;

г) 6 — оюды ортаға жапсырыңдар.

Тапсырманы ерте орындаған­ оқушылар тобы ойында жеңімпаз атанады­. Жеңісі үшін әр топқа “бауырсақ” түріндегі фишкамен­ ұпайлар беріледі.

Бәйге. “Бәйгені” бастаңыз. Бұйрық бойынша барлық топ бір уақытта тапсырманы орындауға көшеді. Әр топ­ тан тапсырманы қатесіз, басқалардан бұрын орындап­ бітетін бір оқушы шығуы мүмкін. Осы оқушы топқа­ қосымша ұпай әкеледі.

Жауабы:

а) 20 – 9 + 4 = 15; в) 16 – 4 + 7 = 19;

ә) 12 + 3 – 4 = 11; г) 10 + 5 – 2 = 13;

б) 2 + 8 + 5 = 15; ғ) 6 + 4 – 0 = 10.

Арқан тарту. Екі “ауыл” арасында жарыс өткізі­ңіз­. Ауыл жұптары санды өрнектерді және шамалар­ды­ салыстырады. Бірінші орындаған ауылдың оқушы­лар­ тобына ұпай беріледі.

Жауабы:

а) 5 + 12 > 18 – 3; ә) 19 – 9 < 17 + 2;

б) 6 + 3 – 1 < 5 – 4 + 8; в) 10 – 2 + 2 > 15 + 0 – 7;

г) 15 см + 4 см > 20 cм – 3 см; ғ) 5 кг +5 кг + 2 кг = 20 кг – 8 кг.

Алтыбақан. Бұл тапсырманы оқушыларға жеке орындатыңыз. Теңдеуді сызбаға сүйеніп орындайды. Тапсырманы қатесіз бірінші болып орындаған оқушы өз тобына ұпай әкеледі.


Жауабы:

а) х + 7 = 19; ә) у – 16 = 4;

х = 19 – 7; у = 16 + 4;

х = 12. у = 20.


Шығарып көр. Логикалық тапсырманы тәжірибе­ түрінде­ орындауды ұсыныңыз. Осы мақсатта оқу­ шылар топтарының әрқайсысына қағаздан жасал­ ған он сары және он қызыл гүлден таратып беріңіз. Осы гүлдерден тапсырманың шарты бойынша­ түрлі әдіспен гүлшоқ жинау керек.


Жауабы:

сарғалдақтың саны 2-ге артық.


Орындап көр. Әр топтағы оқушыларға үстелдің­ макеті мен төрт батырдың үлгісін таратып беріңіз­. Оқушылар батырларды тапсыр­мада берілгендей отырғызу керек. Бұл тапсырманы тәжірибе түрінде орындауды ұсыныңыз. Оқушы жауаптарының барлық нұсқасын тыңдаңыз.


Жауабы:

батырларды тіктөртбұрыш пішіндес үстелдің бұрыштарына отырғызу керек.

Мерекелік кілем. Тапсырманы орындау бары­сын­ да оқушылар бірнеше амалмен берілген өрнек­тердің мәнін табады. Егер олар берілген тап­сырманы­ дұрыс орындаса, кілемді тиісті түстермен бояп өрнектейді. Оқушыларды бағалаңыз.


Теңдеуді шеш. Оқушылар ұсынылған теңдеулерді шешеді және өзара тексеру жүргізеді. Осыдан кейін олар киіз үйді жауаптарының кодымен сәйкестендіріп бояйтын болады.


Жауабы:


а) 4 сары; ә) 4 жасыл; б) 5 қызыл; в) 6 көк.

Бағалау

Сабақ соңында ойын нәтижесін шығарыңыз­. Оқушыларға “бауырсақ” түрінде жинаған­ ұпайларын санауды ұсыныңыз. Оларға жасаған жұмысы үшін алғыс айтыңыз. Сабаққа белсене­ қатысып, тобына ұпай жинауға атсалысқан оқушы­ларды­ марапат­ таңыз. Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы­ орындауды ұсыныңыз.





Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Күнделікті өмірдегі есептеулер

Ақша. Теңге

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 теңгелік монеталармен әртүрлі амалдар орындайды.

Алған білімді оқушылар өмірде қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Ақша. Теңге.

Тірек сөздер

ақша;


монета;


теңге.

Сабақтың мақсаты:

Құны 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг болатын монеталар;монеталар салынған әмиян.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Кіріспе тапсырма. Ішінде теңге монеталары (1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг) бар сөмкені алып, монеталар дыбыс шығаратындай етіп сөмкені қозғап қағыңыз. Оқушылардан сөмкенің ішінде не бар екенін сұраңыз. Олардың жауаптарын тыңдаңыз. Ақшаның не үшін керегі туралы әр оқушының пікірін тыңдап, әңгіме жүргізіңіз. Олардан “сөмке ішінде қандай ақша жатқанын білгілерің келе ме?” деп сұраңыз.Оқушылардың әрқайсысына сөмкеден бір моне­ тадан алғызыңыз. Қолдарындағы монета бойынша топтарға бөлінуді сұраңыз. Оның себебін түсін­ діруді өтініңіз. Олардың монеталарды танитынын (танымайтынын) және олармен не істеуге болатынын сұраңыз. (Жауаптарын тыңдаңыз.) Оқушыларға өз топтарына “ақшаның” атын қойғызыңыз. Топтарға өз аттарын дауыстап айтқызып, қалғанына қандай монета тигенін тапқызыңыз. Қалған уақытта оларға осы монеталарымен не істеуге болатыны туралы айтқызыңыз.

Монеталар. Тапсырманы орындау кезінде оқу­ шылар жұппен жұмыс жасаған кездегі білімдерін қолдануына болады және білімдерін қалған моне­ таларды салыстыруға берілген мысалдар бойынша­ кеңітеді. Оларға оқулықтағы монеталардың суретіне қарауды ұсыныңыз. Түсі, өлшемі­ мен пішіні жағынан монеталардың әртүрлі болатынын айтыңыз­. Не себепті монеталардың түсін, өлшемін және пішінін әртүрлі етіп шығаратыны туралы оқушылардың­ болжамын тыңдаңыз. Ең кіші монета қайсы және онда қай сан жазылған? Ең үлкен монета қайсы? 1 мен 20 сандарын салыстыруды ұсыныңыз. Монеталардың арасындағы айырмашылықты өлшемі мен түсі арқылы қалай көрсетілгені туралы­ талда­тыңыз­. Олармен тәжірибе жүргізіңіз. Көздерін байлап, қолдарына алған қай монета екенін тапқызыңыз.

Монеталарды салыстыр. Тапсырма қатар тұрған­ монеталардың құнын, түсін, өлшемін, пішінін салыс­ тыруға бағытталған. Берілген тапсырманы сынып­­ тағы оқушылармен көрнекілік түрінде монеталар­ды­ көрсете отырып орындатыңыз. Оқулықта берілген монета түрлерін оқушыларға монеталардың­ ішінен тауып, оларды қатар қойып, салыстыруын ұсыныңыз. Оқушылардан не байқағанын­ сұраңыз. Оларға мынадай сұрақтар қойыңыз:

Барлық монеталар бірдей ме? (Жоқ, олар әртүрлі.)


Монеталарды қандай белгілері бойынша салыстыруға болады? (Түсіне, жасалған материалы­ на, өлшеміне және пішініне, монетадағы жазылған­ цифрына қарай.)


Қай монета өлшемі бойынша ең кіші? (1 теңгелік.)


Монеталарды қандай топтарға бөлуге бола­ ды? Қандай белгілері бойынша? (Түсі және жасалған­ материалы бойынша.)


Әр монетаны көрсетіп талқылағаннан кейін оларды құнына қарай рет-ретімен қойып шығы­ңыз. Оқушылардан не байқағанын сұраңыз.


1 тг мен 10 тг, 5 тг мен 20 теңгелік монеталар­ дың көлеміне, ондағы жазылған цифрға, суретіне (оқушылар “монеталардың құны” деген түсінікпен­ келесі сабақта танысады, сондықтан “құны” сөзінің орнына монетадағы цифрлар сөзін қолданыңыз)­ назар аудартыңыз. Қай монетаға көп зат сатып алуға болатынын сұраңыз.


Шығарып көр. Берілген тапсырма теңгелік моне­ таларды пайдаланып өрнек құрастыруға арнал­ған­. 7 теңге 6 теңгеден қаншаға артық және 7 теңге 8 теңгеден қаншаға кем екенін 1 теңгелік­ монеталар көмегімен мына үлгіні басшылыққа ала отырып орындатыңыз.


Жауабы:

ә) 3 тг + 1 тг + 4 тг = 8 тг; б) 4 тг + 1 тг + 1 тг = 6 тг; в) 2 тг + 3 тг + 2 тг = 7 тг.


Орындап көр. Тапсырманы орындамас бұрын оқушы­лармен­ бірге жұп сандар туралы не білетін­ дерін қайталаңыз­. Жұп сандарды монеталардың­ құнын көрсету үшін қолдана ма деп сұраңыз. Сон­ дай монеталарды табуды ұсыныңыз. 2 тг, 10 тг, 20 теңгенің жұп сандардан тұратынына назар аудар­ тыңыз­. Ал жұп сандардың жартысын оның сандар­ қатарындағы орнына қарай анықтайтындарын естеріне түсіріңіз. Мысалы, 10 бесінші жұп сан, сондықтан оның жартысы 5, олай болса 10 тг-нің жартысы 5 тг болады т.с.с. Немесе оқушылар жауапты­ басқа тәсілмен де табуы мүмкін.


Сен білесің бе? Теңгеміздің туған күні 15 қара­ ша екеніне оқушылардың назарын аудартыңыз. Теңгенің шығу тарихына қысқаша тоқталып кетіңіз. Әр мемлекеттің өз валютасы барын айтыңыз. Оқушылардың ол жайында не білетіні туралы сұраңыз.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Тірек сөздер немесе сөз тіркестерін қолданып­ “Сөйлемді аяқта” ойынын ұйымдастырыңыз. Жүр­ гізушінің ақшаны не үшін қолданамыз деген сұрағына оқушылар жауап береді.

Мысалы:

Азық-түлік сатып алу үшін бізге ... керек. (Ақша.)

Қымбат емес заттарды сатып алу үшін біз ...

қолданамыз. (Монеталарды.)

Ресейдің ақшасы “рубль” деп аталады, ал Қазақстанның ақшасы “...” деп аталады. (Теңге.)

Монеталарды тап. Оқушылар суреттен әртүрлі номиналды құндылықтағы монеталарды таба алады. Одан әрі олар әр номиналды құндылықтағы моне­ таларды санайды да, олардың санын сәйкес бос

торкөздерге жазады.


Монеталар. Теңгелерді өсу ретіне қарай сызық­ тармен­ байланыстырып қосады.


Берілген заңдылықты сақтап, монеталарды орналастыр.


Бірінші қатарда монеталар өсу, екінші қатарда кему ретімен орналасады.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

ақша”, “монета” жайлы біледі;

теңгелік монеталарды бір-бірінен ажыратып сипаттайды;

ақшаның адам өміріндегі орнын түсініп, күнделікті­ өмірде қолдана алады.

Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін­ тексеру мақсатында сұрақтар қойыңыз:

Теңгелік монеталарды өсу ретімен ата (1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг).

Теңгелік монеталарды кему ретімен ата (20 тг, 10 тг, 2 тг, 5 тг, 1 тг).

10 теңге мен 20 теңгені бірге алса, қанша ақша болады?

Қазақстан теңгелерін қандай белгілері бо­ йынша салыстыруға болады?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өз-өздерін бағалатыңыз.




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Монеталар

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг теңгелік монеталармен әртүрлі амалдар орындайды;

қосу мен азайтуға берілген есептерге қатысты таңдаған амалдарын түсіндіреді.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

теңгелік монеталар;

монеталардың қатты қағаздан қиылған көшір­месі;

1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг монеталарының әрқай­ сысынан­ бірнеше дана.

Тірек сөздер

заттың құны.

Сабақтың мақсаты:

Теңгелік монеталардың құнын түсіну, бір-бірімен салыстыру арқылы қымбат монетаны арзан монетадан ажырата білу. Монеталарды құны бойынша салыс­ тыруға үйрету.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Ақшаның металдан жасалған түрі капиталдың қор­ лануы кезеңінде пайда болды, яғни ақшаның рөлін алтын мен күміске теңестірді және қазына әлемдік ақша ретінде танылды.

Лидия мемлекеті монетаның отаны есептеледі­. Онда монета алғаш рет б.з.д. VII ғасырда шыққан. Ал монета термині Юнон-Монета­ храмы атымен байланысты, себебі Көне Римде алғашқы монета сарайы болған.Металл ақшаларға мыс, күміс және алтын­­ нан жасалған монеталар жатады. Металл ақша­ лар әртүрлі пішінде болған. Монета түріндегісі олардың соңғысы. Монетаның бет жағы­ аверс, артқы жағы реверс және бүйірі гурт деп аталады.

Монеталар пойызы” ойынын ойнатыңыз. Әр топқа құндары әртүрлі бес монетаны алуды тапсырыңыз­. (Мысалы: 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг, 50 тг.)

конверттер таратып беріңіз. Оқушыларға теңгелерді құнының кему ретімен конверттердің ішіне салуды ұсыныңыз. (Топтардың арасында тексеру жұмысын жүргізіңіз, дұрыс орналастыра алмаған­ оқушыларға жеке түсіндіріңіз.) Одан кейін теңгелерді­ вагондарға құны бойынша кему ретімен орналастыруын сұраңыз, кему ретімен санатыңыз. (20 тг, 10тг, 5тг, 2 тг, 1 тг.) Ең соңғы вагондағы, яғни 1 теңгелік монета құны бойынша ең кішісі деген қорытынды жасатыңыз. Оларға мынадай сұрақтар қойыңыз:

5 тг мен 20 тг орналасқан вагонның ортасында­ қандай монета орналасқан? (10 теңгелік­ монета.)

Құны 5 теңгелік монетаның екі жағында неше теңгелік монеталар бар? (2 теңгелік және 10 теңгелік монеталар.)

1 тг мен 10 тг орналасқан вагондардың орта­-сында қандай монеталар бар? (2 теңгелік және 5 теңгелік монеталар.)

Cұрақтар арқылы талдау жүргізген соң мынадай қорытынды жасатыңыз: “кіші монета­ ның құны — төмен, а л үлкен монетаның құны жоғары болады”.

Әмияндағы монеталар. Оқушылардан оқу­-лықтағы­ суретке назар аударуын сұраңыз және әмияндардағы ақшаның санын салыстыртыңыз. Олар санау арқылы әмияндағы монета сандарының тең екенін анықтайды. Одан кейін әмияндағы моне­ талардың­ құнына назар аудартыңыз. Монеталардың­ құнына­ қарап салыстыруды­ ұсыныңыз. Оқушыларды әмияндардағы монеталар саны тең болғанымен, ондағы ақшаның саны тең емес деген қорытындыға әкеліңіз. Нәтиже монеталардың құны­ның салысты­ рылуына­ байланысты­ болады. Бекіту­ үшін жұппен қатыр­ма қағаздан жасалған монета­ муляждарын­ немесе­ монеталардың өзін пайда­ланып,­ осыған­ ұқсас тапсырмалар­ құрастыруды ұсыныңыз.

Жауабы:

5 тг < 10 тг; 10 тг + 10 тг = 20 тг, өйткені 20 тг = 20 тг;


1 тг + 1 тг + 1 тг + 1 тг + 1 тг < 2 тг + 2 тг + 2 тг + + 2 тг + 2 тг, өйткені 5 тг < 10 тг.


Қанша монета?

1 теңгелік он монетаның құны 10 теңгелік бір монетаға­ тең болады” деген тұжырымға да тәжі­ рибе­ нәтижесінде келуіне мүмкіндік жасаңыз­. Осы тұжырымды басшылыққа алып, келесі тапсыр­маны­ орындатыңыз. Неше 2 теңгелік монета 10 тг бола­ тынын­ алдарында жатқан монеталарды пайдаланып­ анықтатыңыз.

Жауабы:

2 теңгелік бес монетаның құны 10 тг;

10 теңгелік екі монетаның құны 20 тг;

5 теңгелік 4 монетаның құны 20 тг.


Орындап көр. Берілген тапсырманы орындау үшін иллюстрацияны қарап, заңдылықты анық­таты­ңыз: бірінші қатардағы монеталар өсу, ал екінші қатар дағылары кему ретімен орналасқан. Оқушылар қатар­дағы заңдылықтың бұзылуын тауып, монеталарды­дұрыс заңдылықпен орналастыруы керек.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Номиналы әртүрлі монеталарды оқушыларға таратып беріңіз. “Менің орным қайда?” ойынын ойнатыңыз. Әр оқушының қолында монетаның бір түрі ғана болады. Нұсқау бойынша оқушылар өз тобын және өз орнын табуы керек. Сыныптың әр жеріне 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг деп жазылған парақшалар ілінеді.

Шарты: “Құны ең кіші монета” дегенде оқушы­­ лар 1 тг деп жазылған парақша ілінген жерге барып тұрады. “20 тг мен 5 тг-нің арасында орналасатын­ монета” дегенде 10 тг деп жазылған парақша тұсына барып тұрады. “Құны ең үлкен монета”, “10 теңгенің жартысы болатын монета”, “жартысы 10 теңге болатын монета” т.с.с. нұсқаулар­ бойынша оқушылар орындарын тауып тұрады.

Монеталардың құнын анықта. Монеталар мен олардың құны жазылған­ сөздерді сәйкестендіру арқылы монеталарды ажырату дағдыларын бекітеді.

Суретте берілген монеталарды салыстыр.

Құны кіші монеталардың­ бір түрінен бірнешеу алып,

құны үлкен­ бір монетамен салыстырады.

Монеталардың суретін сал. Тапсырма логи­ калық ойлау қабілетін дамытады. Қатар және баған бойынша құны бірдей мо­неталар­ қайталанбауы­ керек.

Жауабы:

5 тг 10 тг 20 тг;

20 тг 5 тг 10 тг;

10 тг 20 тг 5 тг.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

теңгелік монеталарды құны бойынша­ бір-бірінен­ ажырата біледі.

Оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін тексеру­ мақсатында мынадай сұрақтар қойыңыз:

Құны ең кіші монета қандай?

Құны ең үлкен монетаны ата.

Монеталарды құны бойынша кему ретімен айт.

Құны 20 теңгелік монета қандай моне­т­алардан­ артық, қандай монеталардан кем?

20 тг алу үшін неше 1 теңгелік монета керек?

10 тг алу үшін неше 5 теңгелік монета керек?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өз-өзін бағалатыңыз.





Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Баға

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг теңгелік монеталармен әртүрлі амалдар орындайды;

сандарды, заттарды, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдаланады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

  1. Дәмхана” деген жазуы бар үстел;


  1. орындықтар;


  1. Дәмхана” ойынына арналған асхана жабдық­тары;­


  1. сүлгі;


  1. тағамдардың пластмасса модельдері (муляждар) және суреттері;


  1. бағалар жазылған парақшалар;


  1. әртүрлі монеталар (қағаз монеталар).

Тірек сөздер

сома;баға.

Сабақтың мақсаты:

Монеталардан белгілі бір соманы құрастыру. “Тағам және сусын” тақырыбын зерттеу, дәмханада төлем жасау үшін тағамдардың бағасын анықтап, белгілі соманы төлеуді түсіну. Ақша сомасын монета­­ лардан­ түрлі әдіспен құрастыруға жаттығу.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер



Кіріспе тапсырма. Сыныптың бір бұрышына алдын ала “Дәмхана” жасап қойыңыз. Дәмханадағы үстелдің­ үстіне ас мәзірін қойыңыз. Тағамдардың пластмасса­ модельдері мен суреттеріне бағасы жазылып тұрады.

Оқушыларға бүгінгі сабақта дәмханада бола­ тындарын­ хабарлап, сатып алған тағам ақысын монеталармен төлейтінін айтыңыз. Оқушылардан­ бағасы 68 тг тұратын самсаға қандай монета­ларды­ пайдаланып, даяшымен қалай есептесе­тінін­ сұраңыз. Оқушылардың жауаптарын сыныпта­ талқылау барысында белгілі соманы әртүрлі әдіспен алуға болатынына көздерін жеткізіңіз немесе­ оқушыларды сатып алушылар және дәмхана жұмысшылары­ деген екі топқа бөліп, “Дәмхана” ойынын жүргізуге болады. Сатып алушылар ас мәзіріндегі тағам үшін дұрыс төлем жасауы керек. Ал дәмхана жұмысшылары сатып алушылардың дұрыс төлем жасауын қадағалауы керек.

Мысалы, 30 теңгені алу үшін монеталардан мына­ дай комбинациялар жасауға болатынын құрасты­-рып көрсетуі тиіс: 20 теңге, 10 теңге немесе­ 10 тең­-гелік 3 монета және т.с.с.

Берілген соманы әртүрлі монета арқылы бір­ неше тәсілмен жинауға болады деген қорытынды жасатыңыз. Оқушылардың нұсқаларын тыңдаңыз­. Оқулық­тағы­ иллюстрациялар бойынша білімді

бекітіңіз.

Белгісіз монеталар. Оқушыларға тапсыр­маны өз бетінше орындауды ұсыныңыз. Белгілі бір соманы­ алу үшін қолданылатын монеталарды атауды сұраңыз­. Олар жауаптарын ламинатталған қағаздарға­ жаза алады. Өзара тексеру жасатып, қиындыққа кездескен­ оқушыларға­ тапсырманы­ орындауда­ нақты шын монеталар немесе муляждарды қолданып орындауды­ ұсыныңыз.

Жауабы:

а) 11 тг = 10 тг + 1 тг; 11 тг = 1 тг + 10 тг; 11 тг = 5 тг + 5 тг + 1 тг;

ә) 15 тг = 10 тг + 5 тг; 15 тг = 5 тг + 5 тг + 5 тг;

15 тг = 5 тг + 5 тг + 2 тг + 2 тг + 1 тг;

15 тг = 5 тг + 2 тг + 2 тг + 2 тг + 2 тг + 2 тг.

Орындап көр. Оқушылардан баға дегеннің не екенін сұраңыз. Дүкендегі әр заттың өз бағасы болатынын түсіндіріңіз. Тапсырманы жұппен орын­ дауды ұсыныңыз.

Оқушылармен диалог жүргізу үшін мынадай сұрақтар қойыңыз:

Шырын қанша тұрады?

Шырынды сатып алу үшін қандай монеталарды қолдану керек?

Монеталар мен төлем жасаудың қандай тәсіл­ дерін қолдануға болады?

Жұптарға әртүрлі монеталарды таратып беріңіз. Осы монеталардың көмегімен­ заттың құнын төлеудің бірнеше тәсілін көрсетуді талап етіңіз.

Оқушылардың жауабын тыңдау барысында әр жұптың соманы қандай монеталардың көмегімен­ төлегенін тексеріңіз. Бір-бірінің жауаптарын салыс­ тыртыңыз.

Жауабы:

80 тг = 20 тг + 20 тг + 20 тг + 20 тг.

80 тг = 10 тг + 10 тг + 20 тг + 20 тг + 20 тг т.с.с.

Шығарып көр. Оқушыларға тапсырманы жұппен­ орындауды ұсыныңыз.

Қоржынның ішінде 2 теңгелік 15 монета­барлығы 30 тг ақша бар. Оқушыларға құны бірдей монеталар­ дан 30 тг жинауды ұсыныңыз. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін оларға қағаздан жасалған монеталардың әр түрінен он-он бестен таратып беріңіз.


Жауабы:

10 теңгелік 3 монета;

5 теңгелік 6 монета;

1 теңгелік 30 монета.


Ойлан. Алдын ала “қымбат” немесе “арзан” сөз­ дерінің мағынасын талдатыңыз. Есепте суреттелген­ жағдайды ойнатыңыз. Оқушыларға сомасы 90 теңге болатын монеталарды беріңіз. Бағасы арзан альбомды таңдап алып, оған қолдарындағы монета­лар­мен­ ақша төлеуді ұсыныңыз.


Жауабы:


Жандос бағасы 80 тг тұратын альбомды сатып алды. Себебі осы альбом арзан тұрады.


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Аукцион” ойынын ойнатыңыз. Барлық оқушы­­ ларға тауар сатып алу үшін ақша таратыңыз. Әр оқушыға сомасы әртүрлі ақша беріңіз. Мысалы, біреуіне құны 15 тг, екіншісіне 23 тг, үшіншісіне 26 тг т.с.с. болатын монеталар жиынын беріңіз. Оқушыларға аукционда (аукцион туралы алдын ала түсінік беріп кетіңіз) әдемі ойыншық қонжық сатылатынын хабарлаңыз. Оның бастапқы бағасы — 1 тг. Қонжықты кім сатып алғысы келетінін сұраңыз. Оқушылардың ұсынысына қарай бағаны өсіріп отырыңыз. Қонжықты жоғары баға берген балаға “сатыңыз”. Осылай бірнеше затты саудалаңыз. Ең жоғары бағаны атап, затты сатып алатын оқушы өзінің қолындағы ақшаның жиынын айтады. Мысалы: менің қолымдағы монетаның сомасы 12 тг т.с.с.

Дүкенде. Оқушылар жұмыс парақтарында бей­неленген­ заттардың бағасына сүйене отырып, тапсырмадағы­ сұрақтарға жауап бере алады. Көр­ гендерін бақылап, өзара салыстыра білу күнделікті­ өмірде қажет.


Жауабы:


Мәшиненің бағасы 50 тг, қарындаштың баға­сы 5 тг, дәптердің бағасы 15 тг, шоколадтың бағасы 10 тг, ойыншық қоянның бағасы 90 тг.


Ойыншық қоян мен моншақтың бағасы бір­ дей (90 тг), ойыншық мәшине мен доптың бағасы (50 тг).


2. Ең төмен баға — сіріңкенің бағасы. Сіріңке жұмыс парағындағы кескінделген тауарлардың ең арзаны.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:


  1. белгілі бір соманы монеталармен төлеуді меңге­ реді.

Оқушылардың тақырып бойынша алған білімін­ тексеру мақсатында мына сұрақтарды қойыңыз:­


белгілі бір соманы жинау дегенді қалай түсі­ несің?


Баға нені көрсетеді?

Бағасы 16 тг тұратын затты сатып алу үшін қан­ дай монеталарды пайдаланар едің?


Әмияныңда 80 теңге бар. Осы ақшаны­ пайда­ ланып,­ мына заттардың ішінен қайсысын сатып алар едің?


Заттар: кітап 90 тг, қалам 50 тг, қарындаш 10 тг. (Жауабы: қалам 50 тг, қарындаш 10 тг.)


Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо-йынша өз-өзін бағалатыңыз.




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Ақшаны ұсақтау

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг теңгелік монеталармен әртүрлі амалдар орындайды;


сандарды, заттарды, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдаланады.


Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

құны әртүрлі монеталар;

“баға”, “саны”, “құны” деген тірек сөздері жазылған­ парақшалар салынған қорап немесе себет;

ойын парақшалары;

тағам, сусын бағалары жазылған ас мәзірі.

Тірек сөздер

ұсақтау.

Сабақтың мақсаты:


Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер




Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Монеталармен әртүрлі іс-әрекет жасай білу дағ­ дысын дамытуға мүмкіндік тудыру; 10 теңгелік монеталар­ды­ ұсақтау арқылы берілген заттың құнын дұрыс төлеп жаттығу. Кіріспе тапсырма. Сабақты оқушылардың сауда жасау тәжірибесін анықтау мақсатында сұрақтар қоюдан бастаңыз.

Кім дүкенге барып көрді?

Сендер дүкенге барғанда не істедіңдер? (Са­ тушыдан тауар алдыңдар, ақша бердіңдер, сатушы­ тауарды берді және артық ақшаны қайтарды.)

Біз сатып алатын заттың бағасы қанша тұра­ тынын қайдан білеміз?

Қолыңдағы ақшамен заттың құны қанша бол­са, тура сонша монетамен дәлме-дәл төлеуге бола ма? (Үнемі солай төлеуге мүмкіндік болмайды.)

Осындай сұрақтар қоя отырып заттың құны қан­ша болса, сонша ақшамен дәлме-дәл төлеу үшін құны үлкен монеталарды құны өзінен кіші монеталарға­ ұсақтауға болатыны туралы айтыңыз.

Оқушылар жұбының біреуіне 10 теңгеліктермен­ үш монета, екінші оқушыға бірнеше 1 теңгелік монета таратып беріңіз. Қолында 10 теңгелік­ монетасы бар оқушылардан құны 17 теңге тұратын затты сатып алу үшін сатушыға 17 теңгені қолындағы монеталармен қалай артық ақшасыз тура санап беретінін­ сұраңыз. Оқушылардың ойын тыңдаңыз. Оларға бір 10 теңге­ лік монетаны көршісінің 1 теңгелік монеталарымен айырбастап алуды ұсыныңыз. Бір 10 теңгелік монетаны он 1 теңгелік монеталармен­ айырбастап алу дегеніміздің ұсақтау болып табылатынын түсінді­ ріңіз. Екі 10 теңгелік және ұсақталған монеталарды пайдаланып, 17 теңгені қалай алуға болатынын сұраңыз­. Оқушыларды он 1 теңгеліктен жетеу санап алып, оны 10 теңгелік монетаға қосып, тура 17 тг төлеуге болады­ деген қорытынды жасауға жетелеңіз. Оқулықтағы­ суреттерде берілген 2 теңгелік, 5 теңгелік, 10 теңгелік монеталардың ұсақталу тәсілімен таныстырыңыз. Суретті талдатыңыз. 10 теңгелік монетаны ұсақтау тәсілдерін­ сұраңыз. 1 теңгеліктерден басқа тағы қандай монеталармен­ ұсақтауға болатынын көрсетіңіз.

Сурет бойынша түсіндір. 13 теңгені тура қалай төлеуге болатынын суретке қарап талдатыңыз. Екі 10 теңгеліктің біреуін 1 теңгеліктермен ұсақтап, одан үш монета санап алып, оны қалған 10 теңгелік монетаға қосып санап, 13 теңгені төлеуге болатынын сурет бойынша талдатыңыз. Осы мысалға сүйене отырып, балалар екі 20 теңгелік монеталардан 30 теңгені қалай алуға болатынын айтып беруі тиіс. Шығарып көр. Алдымен 20 теңгені ұсақтаудың бірнеше түрін тап­қызыңыз. Тапсырманы топпен орындатыңыз. Әр топтың 20 теңгелікті қандай монета түрлерімен­ ұсақтағанын тексеріңіз. 50 теңгені төлеу жолдарын­ сыныпта талқылаңыз. Оқушылардың көмегімен­ 50 теңгені төлеу жолдарының­ бірнешетүрін табыңыз.

hello_html_78217d54.png

Бағалау

Өткен сабақта өтілген жаңа ұғымдарды бекіту­ мақсатында ойын ұйымдастырыңыз. Сырты­на­ тірек сөздер жазылған үш қорап немесе себет дайындап қойы­ңыз. Тағы сол сияқты бағалар мен тауар саны жазылған­ парақшалар, тауар құнын құрайтын­ әртүрлі монеталардың суреті салынған парақшалар дайын­ даңыз. Оқушылар кезекпен шығып, қораптан бір парақшаны алып, онда не туралы айтылғанын болжап білуі керек. Егер алған қағазы баға жазылған қағаз болса, онда “баға” деген тірек сөзді айтып, сәйкес келетін қорапқа­ салады. Басқа бірнеше заттың суреті көрсетілген­ және монеталардың сомасы жазылған парақшалармен де осылай жұмыс жасалады.





Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Монеталармен төлеу

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг теңгелік белгілі бір соманы біледі.

Алған білімді тәжірибеде қоланады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Оқушылардың әрқайсысына арналған:


  1. 1 ойын текшесі (текшенің жақтарында 1 тг, 2 тг,


5 тг, 10 тг, 20 тг деп жазылады);


  1. бағасы жазылған заттардың суреттері бар па­ рақшалар;


  1. ламинатталған А4 пішімдегі қағаз;


  1. маркер.

Тірек сөздер

Монеталармен төлеу

Сабақтың мақсаты:

Құны әртүрлі монеталарды ұсақтау­ арқылы есептесуді үйрету, соның негізінде есептеу­ дағдысын қалыптастыру. Атаулы сандармен өр­нек­тер жазып, мәнін табу.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Кіріспе тапсырма. Сабақты оқулықтағы “Мына монеталарды ұсақта” тапсырмасын орындатудан бастаңыз.

Бір 10 теңге екі 5 теңгеге, бір 20 тг екі 10 теңгеге, бір 5 тг бес 1 теңгеге, бір 2 тг екі 1 теңгеге тең екенін оқулықтағы сурет бойынша қарастырыңыз­. Сурет бойынша оқушылардың өздерін­ сөйлетіңіз. Ақшаны ұсақтаудың қажеті қандай­ екенін сұрап көріңіз. Дәлме-дәл есептесу, тура төлеу үшін ақшаны ұсақтау керектігіне оқушының көзін жеткізіңіз.

Тиындарды ұсақтаудың cуретте көрсетілгеннен басқа тәсілдерін айтып, сабақты “Кім жеңімпаз?” ойы­ нын ойнатумен жалғастырыңыз. Оқушыларды жұпқа бөліңіз. Ойын текшесін және құны 2 теңге, 5 теңге, 10 теңге, 20 теңге монеталар дайындап қойыңыз. Ойыншылар кезекпен текшені лақтыруы керек. Текшенің жоғарыға қарап түскен жағындағы санды ойыншылар құны ең төмен монеталармен жинап көрсетуі керек. Құны түскен санға тең монетаны қолдануға болмайды.

Осы дағдыны бекіту үшін мынадай ойын өткізіңіз­.

Алдыңызға 10 тг, 20 тг деп жазылған қағазды­ төңкеріп қойыңыз. Сыныптан бір оқушыны ортаға шақырып, парақшаның біреуін таңдап, онда беріл­ ген ақшаны сынып оқушыларына­ көрсетуді сұраңыз­. Парақшада берілген ақшаның құны бойынша ұсақтау­ түрін жұппен көрсетуді ұсыныңыз. Бірнеше­ тәсілін көрсетуге болатынын ескертіңіз.

Тапсырманы орындауға уақыт бөліңіз. Уақыт аяқталған соң әр жұптың өз жұмысын сыныптағы басқа оқушыларға көрсетуін сұраңыз. Ұсақтау тәсіл­ дерін салыстырып, қорытынды жасатыңыз. Ұсақ­ таудың бірнеше тәсілін көрсете білген оқушыларды­ қолпаштап, жетістігін айта кетіңіз.

Келесі оқушыны тақтаға шақырыңыз. Ол оқушы ұсақтайтын ақшаны анықтаған соң оның жұппен жұмыс істеуін өтініңіз. Ойын осылай жалғасып, құны бірдей ақшаны ұсақтаудың бірнеше түрі тәжірибе түрінде қарастырылады.

Шайға төле. Тапсырмадағы сұраққа жауап беру үшін, алдымен не істеу керектігін сұраңыз. Оқушылар­ Сәуле сатып алған заттардың құнын табу керектігін айтады. Сәуленің қолында қандай монеталар барын сұраңыз. Үш 10 теңгелік монетамен қалай есептесу­ге­ болатынын анықтап көріңіз. Оқушылар 30 тг беріп, артық ақшаны қайтарып алуға болатынын айтуы мүмкін.


Шығарып көр. Оқушыларға тапсырманы жұп­ пен орындауды ұсыныңыз. Талдау барысында оқушылар сатып алынған заттардың бағасын анық­ тайды. Ұсынылған азық-түлік бағасын қосып және монеталарды ұсақтау дағдысын қолданып заттардың құнын есептеп төлейді.


Сабақтың басында орындаған іс-әрекеттерін­ еске түсіруін сұраңыз. Сол сияқты мұнда да ұсақтау­ арқылы сатушыға заттың құнын дәлме-дәл есептеп­ беруге болады деген қорытындыға келтіріңіз. Мұны тура төлем дейді. Ол үшін 10 теңгеліктердің біреуін ұсақтау керектігін талдатыңыз. Тапсырманы әрі қарай жұптасып орындатыңыз.

Оқушылардың міндеті: 10 теңгеліктерді ұсақ­ таудың әртүрлі тәсілін көрсетіп, сатушыға дәлме-дәл 28 тг санап беру.


Орындап көр. Бағасы 70 тг тұратын бананның құнын ең аз монета жұмсап қалай төлеуге бола­ тынын табу көзделеді. Тапсырманы орындау үшін 70 тг алу мақсатында құны қандай монеталарды­ пайдалануға болатынын тәжірибе­ жүзінде­ орындап көруді ұсыныңыз. Тапсыр­маны­ әр оқушыға­ жеке орындатыңыз. Оқушылардың­ жауаптарын салыс­ тырып, ең аз монета қолданған оқушыны табыңыз.

Жауабы:


70 = 20 + 20 + 20 + 10.


Ойлан. Екі 20 теңгелік монетаны қалай ұсақтауға болатынын сұраңыз. Бірнеше тәсілін көрсетіп, ішінен аз монетамен ұсақтау түрін көрсетуді ұсыныңыз.


Жауабы:


20 тг + 20 тг = 10 тг + 10 тг + 10 тг + 10 тг; 20 тг + 20 тг = 10 тг + 10 тг + 10 тг + 5 тг + 5 тг т.с.с.


Сатып алған заттың құнын төле.


Оқушылар көрсетілген заттардың бағасы бойынша­ құрайтын соманы әртүрлі аз монеталарды қолданып көрсетеді де суретін сала алады. Олар тапсырманы бірнеше нұсқада орындайды.


Жауабы:

20 тг = 10 тг + 10 тг; 20 тг = 5 тг + 5 тг + 5 тг + 5 тг; 20 тг = 10 тг + 5 тг + 5 тг; 9 тг = 5 тг + 2 тг + 2 тг;


9 тг = 5 тг + 2 тг + 1 тг + 1 тг; 9 тг = 5 тг +1 тг + 1 тг + 1 тг + 1 тг; Көптеген нұсқалары бар.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Қажетті монеталарды таңдап ал. Оқушылар ұсынылған нұсқалардың ішінен монеталарды ұсақ­ таудың ең ыңғайлысын анықтайды және сол нұсқаны қоршап сызады. Жауабы:

а) 10 теңгелік бір монета және 1 теңгелік сегіз монета;

ә) 10 теңгелік бір монета және 2 теңгелік төрт монета;

б) 10 теңгелік бір монета және 5 теңгелік бір монета, 2 теңгелік бір монета және 1 теңгелік 1 монета.

Оқушылар сабақтың соңында:

құны әртүрлі монеталарды ұсақтау арқылы есеп­ тесуге жаттығады;

соның негізінде есептеу дағдылары қалыптасады;­

санды өрнектердің мәнін табуға жаттығады;

ақшаны ұсақтаудың ең ыңғайлы тәсілдерін таңдап­ үйренеді.

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тек­ серу үшін сабақ соңында мынадай сұрақтар қойыңыз:­

20 теңгелік монетаны қалай ұсақтауға болады?

10 теңгені аз монета жұмсап қалай ұсақтауға болады?

Екі 10 теңгелік монетаң болса, 20 тг тұратын затты сатып ала аласың ба?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өз-өздерін бағалатыңыз.

Бағалау




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Есеп шығару. Ақшаны қалай төлейміз?

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

бір санның екінші саннан қанша бірлік артық немесе кем екенін анықтауға берілген есептерді талдайды, шығарады және кері есеп құрастыра біледі;

1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг теңгелік монеталарды таниды, белгілі бір соманы монеталармен төлейді және ұсақтай біледі;

сандарды, заттарды, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдаланады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Шарты”, “Сұрағы”, “Шешуі”, “Жауабы” деп жазыл­ ған есептің құрамдас бөліктерінің атаулары бар парақшалар;

есептерді құрастыруға және шығаруға арналған сызбалар;

есептің құрамдас бөліктері жазылған жаднама;­

парақ беттеріне жазылған тапсырманың мәтіні.

Тірек сөздер

Есеп шығару. Ақшаны қалай төлейміз?

Сабақтың мақсаты:

Монеталарды қолдану негізінде “есеп” ұғымын және онымен байланысты терминдер­ді­ бекіту, есептің шартын таңдау, модельдеу, есептерді­ шығару үшін тірек сызбаға сүйену дағдыларын қалыптастыру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Кіріспе тапсырма. Сабақты есеп және оның құрамдас бөліктер туралы білімдерін жаңғыртудан­ бастаңыз.


Зерттеу жұмысын жұппен жүргізетінін, жеке беттерге нағыз зерттеушілер сияқты зерттеу нәти­ жесін өздеріне түсінікті болатындай етіп қысқаша жазып отыратынын айтыңыз. Сонымен, бірінші сөзді жазамыз: ЕСЕП.


1-кезең — “Ойлан!” сөзі жазылған парақша.


Оқушылардан топта “есептің” не екенін ойлауды ұсыныңыз. Олардың жауаптарын тыңдап көріңіз.


Оқушылардың алдына төмендегі кестені беріңіз.


Оқып, салыстыр


10 тг + 20 тг. Жұлдыз бағасы 10 тг

Қосындының мәні кәмпит­ және бағасы

неге тең? 20 тг балмұздақ сатып

алды. Ол барлығы қанша

ақша жұмсады?


Мына сұрақтарды қойыңыз:


Бұл тапсырмалардың ұқсастығын тап. Айыр­ма­ шылығы­ неде? Қай тапсырманы орындау үшін бірден жауап бере аласың?

Әр тапсырманы қандай әдіспен орындауға болады?

Осы екі тапсырманың қайсысы есеп болады?

Оқушылардың жауабын тыңдап, неге олай ойлай­ тындарын­ сұраңыз. Есептің шарты, сұрағы болатыны жайлы айтыңыз. Оқушыларға берілген есептің шартын­ және сұрағын олармен бірге талдап отырып табуға­ тырысыңыз.

Есептің сұрағына жауап беру үшін не істеу керегін,­ жауаптарын қағазға жазып беруін сұраңыз. Қағазға жазған өрнектің есептің шешуі екенін айтыңыз.

Келесі кезеңде есептің сұрағын қайта оқып, жауап­ беруін сұраңыз. Зерттеу бары­сында есептің шарты, сұрағы, шешуі, жауабы болады деген қорытындыға­ әкеліңіз. Есеп — шарты мен сұрағынан тұратын­ мәтін деп түйіндейді. Есепті сызбаға түсіріп орындау оны шешуді жеңілдететінін аңғартыңыз­. Сызба бойынша есептің мазмұнын түсіндіре білуге үйретіңіз. Сызбада барлық компоненттерді­ көрсетуге­ және олардың арасындағы байланысты аны­қтауға­ бола­ тынын байқатыңыз. Оқушыларға топта жұмыс істеуге мүмкіндік жасаңыз.

Мысалы:

Жұлдыз бағасы 10 тг кәмпит және бағасы 30 тг балмұздақ сатып алды. Ол барлығы қанша ақша жұмсады?

Кесіндінің бірінші бөлігі нені білдіреді? (Кәм­ питтің бағасын.)


Екінші бөлігі ше? (Балмұздақтың бағасын.)

Есепте нені табу керек? (Барлығы қанша ақша жұмсалғанын­ табу керек.)


Оқушылар топпен бірге сызба салу үрдісін түсін­ діре­ алады және есепті оған сүйене отырып шешеді.


Есеп. Оқулықта берілген есепке байланысты түсін­ дірмені оқушылармен бірге оқып, талдау­ жұмысын ұйымдастырыңыз. Есеп шығару үшін қандай әрекеттер жасау керегі жайлы тиісті қорытынды жасатыңыз.


Есептің мәтінін оқу;


Есептегі белгісізді табу;


Сызбаға түсіру;


Есепті шешу үшін қай амалды қолдану керегін анықтау;


Есептің шешуін жазу;


Есептің жауабын жазу;


Есептің негізгі бөліктері туралы білімдерін бе­ кітіңіз.


Шығарып көр. Оқушыларға есепті оқып шығуды­ ұсыныңыз­. Есептің мәтінінен есептің негізгі бөлік­ терінің қайсысын бөліп көрсете алатынын сұраңыз. Есеп шығаруға кіріспес бұрын, оны талдап алыңыз. Осы мақсатта тиісті нұсқаулар беріңіз:


Есептің мазмұнын түсіну кезеңі: “Есептің мәті­ нін оқып шығыңдар. Не туралы немесе кім туралы айтылғанын анықтаңдар”.


Жоспарлау кезеңі: “Есепке берілген суретті немесе­ сызбаны қарап шығыңдар. Бүтін мен бөлік­ ті анықтаңдар­. Әр санның нені білдіретінін түсін­ діріңдер”.


Шешуі: “Есептің сұрағына қалай жауап беру керегін ойлаңдар. Белгісіз бүтінді табу үшін қандай амалды орындау керек? Есептің шешуін жазыңдар”.


Тексеру кезеңі: “Есептің жауабын жазыңдар. Кері амалмен тексеру жүргізіңдер”.


Есепті берілген алгоритмге сүйеніп шығарыңдар.


Жауабы:

10 + 6 = 16 (тг). Жауабы:


енді әмиянда 16 теңге болды.


Орындап көр. Тапсырма есептің мәтіні мен сұрағы­ арасындағы байланысты бекітуге арналады. Есептің сұрағына сүйеніп оқушылар оның шартын айтады. Жұмыс барысында оқушылар назарын есеп бөліктеріне қатысты жаднамаға аударып тұрғаны абзал.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Топпен ойын өткізіңіз. Осы мақсатта “Есеп” деген жазу жазылған қорапты пайдаланыңыз. Әр топқа есеп мәтіні және өрнектің оқылуы немесе теңсіздіктер, теңдеулер, сөйлемдер жазылған­ парақшалар таратып беріңіз. Мысалы, “Қалам 20 тг, қарындаш 30 тг тұрады. Заттарды сатып алу үшін неше теңге төленеді?”, “Елу мен жиырманың­ қосындысы” т.с.с. Оқушылар топта талдап, есептерді “есеп” сөзін айта отырып, осы сөз жазылған қорапқа салады.

Есеп құрастыр. Есептің бөліктері мен олардың атауларын сәйкестендіруге берілген тапсырма.

Тапсырманың екінші бөлігінде оқушылар есептің шешуін санды өрнек арқылы жазып, жауабына тиісті санды қояды.

Жауабы:

Шарты — “Мақпалдың 20 теңгелік және 10 теңгелік монеталары бар.

Сұрағы — “Мақпалдың қанша ақшасы бар?”

Шешуі — “Сызба және санды өрнек:

20 + 10 = 30 (тг)”.

4. Жауабы: Мақпалдың 30 теңгесі бар.

Жиналған ақша. Оқушылар әрбір жинақ қоб­ диша­сын­да­ қанша сом барын анықтайды. Одан кейін бұл сомаларды салыстырып, бір монеталар сомасы екіншіден қанша артық екенін табады.

Жауабы:

20 тг < 40 тг-ден 20 тг-ге кем;

15 тг = 15 тг;

70 тг > 50 тг-ден 20 тг-ге артық.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

есеп” ұғымын және “есеп” ұғымымен байланысты­ терминдермен танысады;

қосу амалымен берілген жай есептерді шығарып үйренеді;

есептің сызбасы туралы мағлұмат алады.

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру мақсатында сұрақтар қойыңыз:

есептің басқа тапсырмалардан қандай айыр­ машылығы бар?

Есептің негізгі бөліктерін атаңдар.

Есептің сұрағы деген не?

Сұрағы жоқ есеп бола ма?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өзін-өзі бағалауды ұсыныңыз.





Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Саудаға қатысты есептер

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

қосынды мен қалдықты табуға берілген есептерді талдайды және шығарады, санды деректер бойынша және оған кері есеп

құрастырады;

1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг теңгелік монеталарды таниды, белгілі бір соманы монеталармен төлейді және ұсақтай біледі;

сандарды, заттарды, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдаланады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

жеміс-жидектер сататын дүкенге ұқсатып жемістер­ мен көгөністердің муляждарын бағасымен қою;

бірнеше нұсқасы көрсетілген сызбасы бар парақ­ шалар;

ламинатталған қағаз парақтары;

маркерлер.

Тірек сөздер

Саудаға қатысты есептер

Сабақтың мақсаты:


Сурет және сызбаға сүйеніп қосу амалымен шыға­ тын есептер шығару және есеп құрастыру жұмысын­ ұйымдастыруға жағдай жасау; есептің бөлікте­рі,­ яғни шарты, сұрағы, шешуі, жауабына сүйеніп, есепті талдай білу дағдысын қалыптастыру.


Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Бүгінгі сабақта қосу амалына есептер шығаруды жалғастыратындарын айтыңыз. Жұппен жұмыс түрін ұйымдас­тыры­ңыз­. Әр жұптың алдына есептің сызба­ сының үлгісін беріңіз.


Әр жұптан бір оқушы келіп “Дүкен” сөресінен екі зат алады.


Оқушылар осы заттарға байланысты есеп құрас­ тырып, шығарады.


Тапсырманы орындауға уақыт беріңіз. Олардың­ тапсырманы қалай орындағанын тексеру мақсатында бірнеше жұптың жауабын тыңдаңыз. Мысалы, алма 20 тг, алмұрт 30 тг тұрады. Алма мен алмұрт сатып алу үшін қанша ақша төлеу керек?


Есепке сызбаның бірнеше нұсқасын ұсыныңыз. Берілген сызбаны толтырып, алған заттарының


құнын сызбаға сүйеніп есептеу керегін ескертіңіз. Өзіңіз оқушыларға сұрақтар қойып, бағыттап

тұрыңыз.

Сендер қандай заттар сатып алдыңдар?

Ол заттардың бағасы қанша тұрады?

Алған затты сызбаға жазып көрейік.

Сызбаны неше бөлікке бөлу керек деп ойлай­ сыңдар? (Екі.)


Бөліктер бірдей бола ма? (Оқушылар заттың бағасын­ көрсететін сандарды салыстыру арқылы сызбаны­ бір үлкен, бір кіші бөлікке бөледі.)


Қиындық туған жағдайда оқушыларға жетелеу­ сұрақтарын қойыңыз.


Сатып алған бірінші заттың бағасын көрсететін сан бүтін бе, әлде бөлік пе? (Бөлік.)


Екінші заттың бағасын көрсететін сан ше? (Бөлік.)


Есепте нені білу керек? (Барлық сатып алған заттың құнын.)


Белгісіз шаманы қала атаймыз? (Бүтін.)

Белгісіз санды қалай табамыз? (Бөліктерді қоса­ мыз.)


Есепті қандай амалмен шығарамыз? (Қосу ама­ лымен.)


Санды өрнектер жазып, мәнін табыңдар.

Есептің шешуін жазыңдар.


Оқушылардың жұмыстарын тақтаға іліп, салыс­ тыруды­ ұсыныңыз. Оқушылар олардың есептерінің ұқсастығы­ мен айырмашылығын атауы керек. Есеп шығарудың әр кезеңін салыстыртып, қорытынды жасатыңыз.


Есептердің шарты әртүрлі, себебі есеп құрастыру үшін әртүр­лі­ заттар пайдаланылды.


Есептің сұрақтарының мағынасы ұқсас, себебі бар­ лық есеп сатып алынған заттардың құнын есептеуге­ арналған.

Шешуі:


  1. Оқушылар құрастырған есептердің сызбала­ры­ бірдей. Олар тек сан мәндерімен ерекшеленеді.

  2. Есептің шешуі қосу амалымен шығады.


Жауабы:

әртүрлі, себебі әртүрлі сан мәндері қолданыл­ды­.

Есепті тап. Тапсырманы оқушылардың өздігінен орындауын ұсыныңыз. Олар берілген екі мәтінді де оқып шығып, қай мәтіннің есеп болатынын анықтайды. Оқушылар есептің құрамды бөліктері жазылған жаднамаға және алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді.

Жауабы:


ә-пункті, себебі бұл мәтінде есептің шарты мен сұрағы бар.

Қобдиша. Тапсырманы жұппен орындауды ұсы­ны­ ңыз. Тапсырманы орындау барысында оқушылар есеп­ тің мәтінін оқып, талдап, бір-біріне есепке байланысты­ сұрақтар­ қояды. Оқушылар есепке байланысты­ сыз­ баның дұрыс нұсқасын анықтайды. Сызбаны сызып, оған есеп бойынша берілген сандық мәліметтерді, шешуін және жауабын жазады. Тапсыр­маны­ орындап болған соң өзара тексеру жұмысын ұйымдастырыңыз­.

Жауабы: сызбаның дұрыс нұсқасы — “ә”. Шешуі: 8 + 10 = 18 (тг).

Жауабы: балалардың қобдишасында 18 тг.

Шығарып көр. Оқушыларға тапсырманы жұппен­ орындауды ұсыныңыз. Оларға ұсынылған суреттер­ бойынша есеп құрастыруды тапсырыңыз. Оқу­ шылар құрастырған есеп шартын берілген сызбамен­ салыстырады. Сызбаға сүйеніп оқушылар есепке байланысты тиісті сұрақтар қояды. Келесі кезеңде­ есептің шешуі мен жауабын жазады. Топтар арасында­ орындалған жұмыстарды талқылатыңыз. Оқушы­­ ларға бір-бірінің жұмыстарын бағалауға мүмкіндік­ туғызыңыз.

Жауабы:

сұрағы: желім мен өшіргіштің құны қанша тұрады? 40 + 20 = 60 (тг).

Жауабы: желім мен өшіргіштің құны 60 тг.

Орындап көр. Оқушылар есептің мәтінін оқып, оның сұрағына қалай жауап беруге болатынын ойланады. Диалог ұйымдастырыңыз. Оқушылардың ұсынысын тыңдаңыз. Өз көзқарастарын дәлелдеп беруін сұраңыз. Оқушылар әмиянда қанша ақша қалуы мүмкін екенін болжайды, сондықтан есептің сұрағына нақты жауап бере алмаймыз.

Оқушыларға есептің шартына байланысты нақты жауап алуға болатындай сұрақ ойластыруды ұсыныңыз.

Жауабы:

Әлия әмияннан қанша ақша алды? 7 + 8 = 15 (тг).

Жауабы: 15 теңге.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Өткен сабақта ұсынылған тірек сөздерді сабақ барысында еске түсіріп отыруын қадағалаңыз.

Сатып алған заттарыңа ақша төле. Оқушы­ лар ұсынылған есептерді шығарып және барлық сатып алған заттардың қанша тұратынын білетін болады. Жұмыс жасау барысында оқушылар есептің қысқаша берілуін жазған соң сызбаны сан мәндерімен толықтырып, шешуі мен жауабын жазады.

Жауабы:

30 + 60 = 90 (тг). Жауабы:

90 теңге.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

белгісіз қосындыны табуға берілген есептерді талдап әрі шығарып үйренеді;

есепті сызбаларға сүйеніп шығаруды үйренеді;

есеп шығару дағдылары дамиды.

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру мақсатында сұрақтар қойыңыз:

қалам 15 тг, сызғыш 20 тг тұрса, екеуі бірге қанша тұратынын табу үшін есептің шешуін қандай амалды пайдаланып орындаймыз?

Осы есептегі белгілі мәліметтерді ата.

Осы есептің сұрағын айт.

15 және 20 сандарын пайдаланып қосу амалы­­ на есеп құрастырып көр.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өзін-өзі бағалатыңыз.




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Қымбат — арзан

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

бір санның екінші саннан қанша бірлік артық немесе кем екенін анықтауға берілген есептерді талдап, шығарады және кері есеп құрастыра біледі;

қосынды мен қалдықты табуға берілген

есептерді талдайды және шығарады, санды деректер бойынша және оған кері есеп құрастырады;

1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг теңгелік монеталарды таниды, белгілі бір соманы монеталармен төлейді және ұсақтай біледі.

сандарды, заттарды, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдаланады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

конверттер;


монеталар;


тағам муляждары;


ас мәзірі;


касса.

Тірек сөздер

қымбат;

арзан.

Сабақтың мақсаты:

Сурет және сызбаға сүйеніп азайту амалы арқылы есептер құрастыру және шығару жұмыс­ тарын ұйымдастыруға мүмкіндік жасау; есептің бөлік­тері: шарты, сұрағы, шешуі, жауабына сүйеніп, есепті талдай білу дағдысын қалыптастыруға және “қымбат — арзан” сөздері арасында қатынас орнатуға үйренеді.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер



Дәмхана” ойынын ойнатыңыз. Сабақтың алдын­­ да парталарды 4-5 оқушы бір топта отыратындай етіп қойыңыз. Оқушыларды бірнеше топтарға бөліп, құны 10 теңгелік монеталарды таратып беріңіз. Сыныптағы оқушылардан екі оқушыны­ даяшы рөліне, ал бір оқушыны кассир рөліне­ таңдауды ұсыныңыз. Ал қалған оқушылар кафеге келген келушілер рөлін ойнайтынын айтыңыз­. Содан кейін кафеге келушілер мен ондағы жұмысшылар­ арасында сабаққа байла­ныс­­ ты диалог болатындай­ жағдай туғызыңыз.


Әрбір кафеге келуші бір үстелден өз орнын алып отыруы тиіс. Даяшылар қонақтарға тамақ түрлері мен бағалары көрсетілген ас мәзірін ұсынады. Кафеге келушінің рөлі ас мәзірі бойынша 1 немесе 2 тамақты таңдап алуы тиіс. Даяшылар тапсырысты орындап, қонақтардың ақшаларын, кассирге апарып­ бере алады. Оқушыларға өз рөлдерін дұрыс орындау­­ ларына көмектесіңіз. Ойыннан кейін талдау жүр­гізіңіз. Мынадай сұрақтар беріңіз:


Сенде 50 теңге ақша бар. Сен қандай зат сатып аласың?


50 теңге тұратын затты сатып алуға бола ма? Неліктен? (Бұл зат басқа заттарға қарағанда қымбат. Оны сатып алу үшін қолдағы ақшадан артығырақ ақша керек.)


Бағасы 50 тг тұратын зат бағасы 10 тг тұратын заттан қанша қымбат? 20 теңгеден ше?


Бағасы 10 тг тұратын зат бағасы 20 тг тұра­ тын заттан қанша арзан? Кейде бір тауар үшін басқа тауарға қарағанда үлкен сома төлеу керек болады. Мұндай жағдайда бұл тауар қымбат деп айту қабылданған. Егер бір тауарға аз сома төлей­ тін болса, оны арзан деп айтамыз. Тақырыпты бекіту үшін оқушыларға мына есепті шығаруды ұсыныңыз.


Хатқа арналған конверт 60 тг, ал ашықхат 50 тг тұрады. Ашықхат конверттен қанша арзан?


Оқушыларға бұл есепті шығару үшін сызба таңдап алуды ұсыныңыз. Бұл сызбаны құрастыру үшін екі кесіндіні қолдану керектігіне оқушылардың назарын аударыңыз. Бірінші кесіндіге конверттің бағасы (60 тг), ал екінші кесіндіге ашықхаттың бағасы көрсетіледі.


Ашықхат конверттен арзан болғандық­тан,­ ашықхаттың құнын көрсететін кесінді конверттің құнын көрсететін кесіндіден қысқа болады. Үзік сызықпен берілген кесінділердің ұзындықтарының айырмашылығын көрсетіп,­ есептің сұрағын сұрақ белгісі арқылы белгілеп қою керек. Ашықхаттың бағасын табу тәсілін талдай отырып, оқушылар бүтіннен (60 тг) белгілі бөлікті (50 тг) азайту керектігі туралы­ қорытынды жасайды.


60­ – 50 = 10 (тг).

Жауабы:


10 теңгеге арзан.

Қаншаға қымбат? Қаншаға арзан? Оқушы­ лармен­ жалпылама жұмыс ұйымдастырыңыз. Олар суретке қарап, тапсырманы оқиды. Оқушылардан берілген есепті қандай амалды пайдаланып шығараты­­ нын сұраңыз. Екінші есепке арналған сызбаға сүйеніп­ оқушылар шешімі мен жауабын рәсімдей алатынын ескертіңіз.


Жауабы:

1) 70 – 30 = 40 (тг).


Жауабы: батон тоқаштан 40 теңге қымбат. 2) 70 – 50 = 20 (тг).


Жауабы: бір бөлке нан батоннан 20 теңге арзан.


Шығарып көр. Тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Оқушылар есептің шартын оқып, талдап, берілген есепті шешуге келетін сызбаны таңдайды. Жұптар арасында өзара тексеру жұмысын жүргізіңіз.


Жауабы: 90 – 40 = 50 (тг). Жауабы: Шырын 50 теңге қымбат.


Орындап көр. Оқушыларға тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Өзара тексеру барысында оқушылардың жауап нұсқаларын тақтаға жазып тұрыңыз.


Жауабы:

есептің сұрақтары:


кекс бәліштен қанша қымбат? Шешуі: 80 – 60 = 20 (тг). Жауабы: 20 теңгеге қымбат.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Интерактивті тақтада немесе А4 пішімді қағазға тірек сөздерді жазып қойыңыз. Оларды кезекпен көрсетіп, кезекпен оқытыңыз.


Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазып көрсету.


Ірімшік салып пісірілген нан 70 тг тұрса, бәліш 90 тг тұрады. Ірімшік салып пісірілген нан бәліштен қанша _______?


Бәліш ірімшік салып пісірілген наннан қанша


_______?

Берілген сызбаға қай есеп сәйкес келеді? Оқу­ шылар берілген есептердегі сандық мәліметтердің бірдей­ екенін анықтайды. Бір есеп қосу амалымен,­ екіншісі азайту амалымен орындалады. Беріл­ ген есептер мен сызбаны сәйкестендіре отырып, оқушылар сызбаның қай есепке сәйкес келетінін­ анықтайды.

Жауабы: 2. 20 – 10 = 10 (тг). Жауабы: Назымның 10 теңгесі қалды.

Салыстыр. Оқушылар кестедегі заттардың бағаларын салыстыра алады және бір зат екіншіден қаншаға қымбат немесе арзан екенін біледі. Оқушылар өз шешімдерін кестенің оң жақтағы бағанына жазып қояды. Сол жерге олар жауаптарын да жазуына болады. Оқушылар кестенің бірінші бағанында азық-түлік пен олардың бағасы көрсетілгенін, ал екінші бағандағы монеталардың суреттері бойынша­ бастапқы бағасын анықтайды. Есептеулер жүргізу­ барысында оқушылар артық қайтарылатын ақшаны анықтайды­. Шешуі мен жауабын кестеге жазады.

Жауабы:

80 – 60 = 20 (тг). Жауабы: 20 теңге қымбат.

70 – 50 = 20 (тг). Жауабы: 20 теңге арзан.

90 – 40 = 50 (тг). Жауабы: 50 теңге қымбат.

70 – 60 = 10 (тг). Жауабы: 10 теңге арзан.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

мәтінді есептерге талдау жасай біледі және есептерді шығарады; санды деректерге сүйеніп есептер құрастырады;

есеп шығаруға қажет тірек сызбалар таңдайды;

берілген заттың құнын монеталармен төлеп, артық ақшаны қайтарып алуға жаттығады;

азайту амалымен орындалатын есептерді шыға­ рады.

Оқушылардың тақырып бойынша білімдерін тексе­ ру мақсатында мынадай сұрақтар қойыңыз:

қымбат дегеніміз не?

Шартты толықтыр:

жүзім 80 тг, ал өрік 60 тг тұрады. өрік жүзімнен қанша _______? жүзім өріктен қанша ________?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо-йын­ша­ оқушылар өзін-өзі бағалайды.





Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Жиын және логика элементтері

Пиктограмма

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

деректерді жинақтайды, жүйелейді және толықтырады; қолда бар материалдарды пайдаланып кестелер, пиктограмма мен диаграммалар құрастырады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

А3 пішімдегі төрт парақ;

әртүрлі пішіндегі текшелер жиынтығы;

жемістердің муляждар жиынтығы;

көгөністердің муляждар жиынтығы;

пиктограммалар сызылған стикерлер.

Тірек сөздер

пиктограмма.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды пиктограммалармен таныстыру, мәліметтерді­ жинау дағдысын қалыптастыру, алған мәліметтерді жүйелеу.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Пиктограмма — бұл белгі немесе бір нәрсені шартты бейнелеуде қолданылатын шағын кескін. Пик­ тограм­маны­ адамдар жазу болмаған кезде қолданған. Олар қазіргі заманда жол белгілерін, картадағы шартты белгілерде, ауа райының шартты белгілерінде және т.б. қолданылады. Мәліметтер жиынын көрсету үшін пиктограмманы қолдану өте ыңғайлы. Мысалы, жемістер жиынтығымен­ жұмыс істейтін­ топ алдымен барлық жемістерді бөлек-бөлек топтап жинап алулары тиіс: алмалар, алмұрттар,­ шабда­лылар­ және т.б. Содан кейін олар парақтағы бірінші­ бағанға жиынтықта бар алманы немесе сон­ша дөңгелекті бейнелеулері керек, содан соң екінші бағанға жиынтықта қанша алмұрт бар болса, сонша дөңгелекті салулары тиіс және т. б. Әр бағанды міндетті түрде таңбалап жазулары­ керек: алмалар, алмұрттар және т.б.

Осыдан кейін топтарға өз жұмыстарының нәти­ желерін айтуды ұсыныңыз. Топ мүшелері мәлімет­тер­ жазылған парақпен шығып, айтып береді. Оқушыларға­ мынадай сұрақтар қойыңыз:

Қай жемістер көп?

Қай жемістер аз?

Қай жемістердің саны тең?

Әр топ өз жұмыстарының нәтижесін көрсетуі тиіс. Оқушылардың парақтарда пиктограммаларды бейнелегенін айтыңыз. Олар берілген жемістерге ұқсатып бейнеледі. Олардан пиктограм­маларды­ қол­­ данып,­ нені білгендері туралы сұраңыз­. Оқушыларды оқулықтағы ережемен таныстырыңыз­.

Сүйікті жемістер. Мектеп оқушыларының бір тобынан­ сауалнама алынып, олардың қандай жемістерді­ жақсы көретіні туралы мәліметтердің мына пиктограммада (жемістердің суреттері) көрсетілгені туралы айтыңыз. Оларға суреттерге мұқият­ қарап, төмендегі сұрақтарға жауап беруді сұраңыз­. Жауаптарды салыстыру үшін бірнеше оқу­ шыға сұрақтар қойыңыз:

Оқушыларға жемістердің қайсысы ұнайды?

Оқушыларға жемістердің қайсысы ұнамайды?

Қай жемістер бірдей ұнайды?

Саған қай жемістер бәрінен қатты ұнайды? Сен өз жауабыңды қай бағанға енгізер едің?

Жауабы:

6 оқушы алманы ұнатады.

4 оқушы алмұртты ұнатады.

3 оқушы апельсинді ұнатады.

6 оқушы бананды жақсы көреді.

Қатты ұнататын жеміс — алма мен банан. Онша ұнатпайтыны — апельсин.

Үстелді сана. Оқушылардан қай пик­тограмма­ үстелді білдіретінін сұраңыз. Сынып­та­ қандай түстегі үстелдер көп? Қандай­ үстелдер аз? Сыныпта барлығы неше үстел бар?

Жұмысты жұппен ұйымдастырыңыз. Әр түсті үстелдерді­ санау, шыққан мәліметтерді салыстыру­ды­ ұсыныңыз. Тапсырманы жылдам орындаған жұптарға қосымша тапсырма беріңіз: түсі әртүрлі үстелдердің санын өсу және кему ретімен­ ататыңыз.


Жауабы:


барлығы 17 үстел, жасыл үстелдер аз, көк үстелдер көп.


Шығарып көр. Оқушыларға суретті қарап шығуды­ ұсыныңыз. Неше оқушының алма шырынын, нешеуі­ апельсинді, нешеуі шиені жақсы көретінін­ сұраңыз. Есептің сұрақтарына жауап беру үшін нені білу керектігін айтқызыңыз (алма, апель­син және шие шырындарын жақсы көретін оқушы­лар­дың­ жалпы саны). Оқушыларға осы санды табуды ұсыныңыз. Кейбіреулері пиктограммадағы элементтерді тізбектеп санайды, кейбіреулері қосу амалын қолда­­ нады. Оқушыларға есептің сұрағына жауап беру үшін уақыт беріңіз.


Жауабы:


сыныпта 5 оқушы қызанақ шырынын ұнатады.


Орындап көр. Оқушыларға зерттеу жүргізіп, күн­­ делікті­ өмірден пиктограммаларды табуды ұсыныңыз­. Олардың суретін қағазға салуды немесе суретке­ түсіріп алуды өтініңіз. Оқушылар пиктограммаларды қайда кездестіргенін және олардың мағынасын айтып бере алуы тиіс. Бұл тапсырманы үйде орындатыңыз.


Жауабы:

жол белгілері, қаптамадағы пиктограммалар т.б.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Сынып қабырғаларына және жиһаздарға көңіл күй, жол белгілері мен күн, бұлт, ерніне тақап ұстап тұрған саусақ және т.с.с. бейнеленген парақшаларды алдын ала жабыстырып қойыңыз. Топтарға сынып ішінде экскурсия ұйымдастырыңыз. Оқушылар пиктог­раммалары­ бар парақшаларды тауып, оны тақтаға өз топтарының нөмірі жазылған бағанға жапсыруы тиіс. Парақшалар саны көп топтың оқу­ шылары жеңіске жетеді. Оқушылардан әр пикто­ грамма нені білдіретінін сұраңыз.

Таңғы ас. Айгүлдің отбасы таңғы асқа қандай тағамдарды жейтінін алдын ала сұраңыз. Әр тағамды жеке санап алып, шыққан санына сәйкес суретін кестеге салғызыңыз. Содан кейін жұпта жұмыс істеп, шыққан нәтижелерімен алмасуды және сөйлемдерді толықтырып жазуды ұсыныңыз.

Жауабы:

4 жұмыртқа, 2 йогурт, 5 печенье, 3 бутерброд,

3 стақан шырын. Таңғы асқа печенье көбірек желінеді. Ең аз желінетіні — йогурт.

Ауа райын бақылау. Алмас ауа райын бақылап, кесте құрды. Оқушылардан әр пиктограмма нені білдіре­тінін­ сұраңыз. Тапсырманы өз бетінше орын­ дауларына­ уақыт беріңіз. Содан соң жұптың құрамын ауыстырып, бірін-бірі тексеруді ұйымдастырыңыз.

Пиктограммадағы тапсырма. Оқушылар әр пик­ тограмманың­ нені білдіретінін анықтай алады және сәй­кесінше заттарды санауға берілген тапсыр­маны орындайды,­ мысалдарды шешеді, сәйкестікті­ табады және теңдік құрады.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

пиктограмма ұғымының мағынасын түсінеді;

мәліметтерді пиктограмма түрінде көрсетеді;

мәліметтерді кестеде жүйелеуді меңгереді.

Оқушылардың жаңа сабақ материалын меңгеру­ деңгейін бағалау үшін сұрақтар қойыңыз:­

пиктограмма дегеніміз не? Оларды қайда кез­ дестіруге болады?

Сыныпта қанша терезе, есік, шкаф бар? Оларды сана. Нәтижені қағазға пиктограмма түрінде бей­не­ леп сал. Өз пиктограммаларыңды пайдаланып мына сұраққа жауап беріңдер: сыныпта не көп: терезе­ ме, шкаф па, әлде есік пе?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо-йынша­ өз-өзін бағалатыңыз.





Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Диаграмма және пиктограмма құру

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

деректерді жинақтайды, жүйелейді және толықтырады; қолда бар материалдарды пайдаланып кестелер, пиктограмма мен диаграммалар құрастырады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

өлшемдері бірдей стандартты текшелердің 3 жиынтығы;­

А3 пішімдегі 3 парақ;

желім.

Тірек сөздер

диаграмма.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды диаграмма ұғымымен таныстыру,­ мәліметтер­ жинау дағдысын қалыптастыру, алған­ мәліметтерді­ диаграммалардың көмегі арқылы жүйе­ леуге үйрету.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Диаграмма — бірнеше шамаларды немесе олар­ дың мәндерін­ салыстыруға берілген мәліметтердің­ графикалық түрі.

Диаграммалар мәліметтерді көрнекі түрде көр­ сету үшін қолданылады. Диаграмма құру — бұл мәліметтер кескінін тіктөртбұрыштар немесе­ тік­ төртбұрышты бағандарда тігінен бейнелеп көрсету Оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:— дүйсенбі күні неше жапырақ ашылды?


Сейсенбі күні неше жапырақ ашылды?

Сәрсенбі күні неше жапырақ ашылды?

Қай күні ашылған жапырақ көп?

Қай күндері ашылған жапырақтар саны тең болып шықты?


Осы күндері барлығы неше жапырақ ашылды?


Оқушыларға Жәмиланың бақылау жүргізгенін, жапырақ­тардың­ суретін салғанын, яғни қайыңның бұтақтарындағы­ өзгеріс туралы мәліметтер жина­ ғанын айтыңыз. Жинаған мәліметтері бойынша пик­ тограм­ма­ салғанын түсіндіріңіз. Алайда мәліметті басқа тәсілмен де көрсетуге болады.

Оқушыларды өз қалаулары бойынша үш топқа бөліңіз. Алдын ала әр топқа өлшемдері бірдей тек­ шелер жиынтығын бір-бірден дайындап қойыңыз. Сондай-ақ әр топқа кесте сызылған А3 парағын таратыңыз.



Шоколадты Кілегейлі Жемісті балмұздақ балмұздақ балмұздақ


Оқушылардан кестеде көрсетілген балмұздақ түрлерінің қайсысы ең сүйікті балмұздағы болып табылатынын көрсетуді ұсыныңыз.


Содан соң оларға бір текшеден алуды және оны өзі жақсы көретін балмұздақтың аты жазылған жазудың үстіне қоюды өтініңіз. Осы текшелерден мұнара құрастыруды сұраңыз.

Оқушыларға мына сұрақтарды қойыңыз:


— “Шоколадты балмұздақ” жазбасының үстінде неше текше тұр? Өздерінің тобында неше бала шоколадты балмұздақты жақсы көреді? Тұжырым жасауларын сұраңыз.


— “Кілегейлі балмұздақ” жазбасының үстінде неше текше тұр? Өз тобында неше бала кілегейлі балмұздақты жақсы көреді? Тұжырым жасауларын сұраңыз.


— “Жемісті балмұздақ” жазбасының үстінде неше текше тұр? Өз тобындағы неше бала жемісті балмұз­­ дақты жақсы көреді? Тұжырым жасауды сұраңыз. Ал содан кейін торкөзді қағазбен жұмыс істеуге және бірінші мұнарада қанша текше болса, бірінші бағанға сонша шаршыны салу керектігін ұсыныңыз. Төменгі жағына “шоколадты балмұздақ” деп жазады. Осы тәріздес жұмысты басқа екі мұнарамен де жүргізуді ұсыныңыз.


Оқушылардан өз жұмыстарының нәтижеcін көр­ сетуді сұраңыз.


Оқушылардан әр бағандағы тіктөртбұрыштарды­ санауды және төмендегі сұрақтарға жауап беруді сұраңыз:

неше бала доп ойнағанды жақсы көреді?

Неше бала велосипед тепкенді ұнатады?

Неше бала секіргішпен секіргенді жақсы кө­ реді?


Жауабы:


доппен ойнағанды 5, велосипед тепкенді 7, секіргішпен секіруді 3 бала ұнатады.


Балалардың көбі велосипед тепкенді жақсы көреді.


Сен неше жастасың? Топпен жүргізілетін жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушыларға диаграмманы қарап, мына сұрақтарға жауап беруін өтініңіз:

қай жастағы балалар бәрінен көп?

Қай жастағы балалар бәрінен аз?


Сен алты жасар балалардың саны туралы не айта аласың?


Оқушыларға қосымша тапсырма ретінде топ мүше­­ лерінен бір-бірінің жастарын сұрауды және қағаздың­ төменгі жағына осы мәліметтерді жазуды ұсыныңыз­ (6 жас, 7 жас, 8 жас). Әр оқушыға өзінің жасына сәйкес­ санның үстіне шаршы салуды ұсыныңыз­. Шаршылар­ ды бірінің үстіне бірін салуы тиіс. Оқушылардан топтарында қай жастағы балалар­дың­ саны көп екенін, ал қай жастағы балалардың саны аз екенін сұраңыз.


Шығарып көр. Тапсырманы ұжыммен талқы­ла­­ ңыз, ал кейін әр оқушыға өздігінен шешуге мүмкіндік­ беріңіз. Жұпта өзара тексеруді ұйымдастырыңыз­.


Жауабы:

Данияр екі тәрелкені артық жуды.


Орындап көр. Жұмысты топпен ұйымдас­тыры­­ ңыз. Кейін әр топқа өз тапсырмаларын көрсетуге­ мүмкіндік беріңіз.


Спорттық жетістіктер. Оқушылар диаграмма бойынша спорттың қай түрінен жеңіске жеткенін білетін болады.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Сабақ барысында оқушылардың “диаграмма” деген сөзді айтуын қадағалап отырыңыз. Тірек сөзді “Сөздер қабырғасы” стендіне орналастырыңыз.

Гүлзардағы гүлдер. Тақырыпты жақсы меңгеру үшін сұрақтар қойыңыз:

Неше қызғалдақ гүлдеді?

Диаграммада бұл санды ненің көмегі арқылы бейнелеуге болады? (Тіктөртбұрыштар, шаршылар.)

Сендер оны қайда бейнелейсіңдер? (Қызғал­ дақтар­ деп жазылған бағанға.)

Неше тіктөртбұрыш саласыңдар?

Оларды қалай саласыңдар? (Бірінің астына бі­ рін.)

Раушангүл мен түймедаққа қатысты осы тәріз­ дес сұрақтар қоясыз. Тапсырманы орындауға уақыт беріңіз.

Жауабы:

қызғалдақтар бағанында — төрт; раушангүл бағанында — үш; түймедағы бағанында — екі.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

диаграмма ұғымының мағынасын түсінеді;

диаграммалардың не үшін керектігін айтып бере алады;

диаграмма негізінде ақпарат алады;

мәліметтер бойынша диаграммалар құруды мең­ гереді.

Сабақтың тақырыбын меңгеру деңгейін бағалау үшін келесі сұрақтарды қойыңыз:

Диаграмма дегеніміз не?

Диаграммаларды не үшін құрады?

Диаграммада мәліметтер қалай орналас­ты­ры­­ лады ?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” көмегі­­ мен оқушылардың өзін-өзі бағалауы бойынша жұмыс өткізіңіз.





Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Логикалық есеп шығару

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

сәйкестік пен ақиқаттықты анықтауға берілген қарапайым логикалық есептерді шығарады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

3 алма салынған себет;

3 түсті парақша;

А4 қағазындағы 3х3 кестесі;

1 есеп жазылған 3 қағаз;

2 есеп жазылған 3 қағаз.

Тірек сөздер

логикалық есеп.

Сабақтың мақсаты:

Көрнекі суреттердің көмегімен шығарылатын логикалық есептермен таныстыру, ойлау қабілеттерін­ арттыру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Логикалық есептер әртүрлі әдіс-тәсілдерді қол­ данып шешуге болатын тапсырмалар болып саналады­. Сонымен бірге оларды шешу үшін стандартты емес тәсілдер қолда­ны­лады:­ салыстыру, болжау, талдау. Бұл сабақта көрнекілікті қолданып, суреттің көмегі­ мен шығарылатын логикалық есептерді шешуге­ көңіл бөлу керек.

Блиц-турнирге арналған сұрақтар (сізге өз сұрақ­ тарыңызды қосуға немесе кейбіреулерін өзгертуге болады):

Екі тышқанның неше құлағы бар? (4.)

Екі қонжықтың неше табаны бар? (8.)

Әженің Гүлназ деген немересі, Марғау деген мысығы және Ақтөс деген иті бар. Әженің неше немересі бар? (1.)


Құстар өзен үстінде ұшып жүр: кептер, шортан, 2 сарышымшық, 2 сұр қарлығаш және 5 мөңке балық. Құстар­ нешеу? Тезірек жауап бер! (5.)

Тәрелкеде үш сәбіз бен төрт алма жатыр. Тәрелкеде­ неше жеміс бар? (4.)

Кіреберісте алты аяқкиім тұр. Бөлмеде неше бала ойнап жүр? (3.)

Ақтөс деген ит күшіктеді: балалары­ның­ біреуі қара, екеуі ақ түсті. Ақтөстің неше күшігі бар? (3.)

Екі сарышымшық, екі сұр қарлығаш және екі сужылан ұшып келді. Менің үйімнің қасында барлығы неше құс болды? (4.)Оқушыларға математикада тапқырлық пен зеректікке арналған есептер болатынын, оларды бірден шығару қиын екенін, ол үшін алдымен ойлану, салыстыру және шығару тәсілін табу қажет екенін айтып түсіндіріңіз.

Әр топқа есептерді параққа жазып таратып, талқылауға уақыт беріңіз.

1-есеп. Себетте үш алма бар. Үш қызға үш алманы беріңіз, бірақ себетте бір алма қалуы тиіс.

Жауабы:

бір қызға алманы себетпен бірге беру керек.

Оқушыларды жұмыс барысында тапсырманы жақсы орындағаны үшін марапаттап отырыңыз.


2- есеп. Бес қыздың бір-бірден інісі бар. Жанұяда неше бала бар?


Жауабы:

6 бала.


Жұмысты бірінші есепті орындағандай жүргізі­ ңіз. Топта талқылауға уақыт беріңіз, ал содан кейін

тақтаның алдында көрсетіңіз.

Суреттер. Оқушылардан қыздардың аттары кім екенін, олар бұл суретті қайдан көргенін, Әлия туралы ненің белгілі екенін, нені білу керегін сұраңыз. Сұраққа жауапты өз беттерінше іздеу үшін уақыт беріңіз. Оқушылардан олардың сұрақты талқылау барысын сұраңыз: Сара мен Әлия суреттерді журнал мен кітаптан қарады. Әлия кітаптан қараған жоқ, яғни ол журналдан қарады. Олай болса, Сара суретті кітаптан қарады.


Жауабы:

Әлия журналдан, Сара кітаптан қараған.


Достар. Оқушылардан тапсырмада неше бала туралы айтылғанын, Асхат, Марат, Ілияс туралы ненің белгілі екенін сұраңыз. Жұппен жұмыс ұйым­ дас­тырыңыз­. Оқушыларға суретпен жұмыс жасауға­ уақыт беріп, содан соң олардың жауабын тыңдаңыз­. Олардан сұрақтарды талқылау барысын айтып беруді сұраңыз.


Жауабы:

Асхат — ең ұзыны, одан аласа — Ілияс, ең аласа-сы — Марат.


Орындап көр. Оқушыларға суреттерді қарауға­ уақыт беріңіз және жұпта өзара тексеруді ұйым­ дастырыңыз.


Жауабы:

алмасы бар бұтақ; алма салынған ыдыс; алманың дәні.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Бұл сабақ “логикалық есеп” деген түсінікке кіріс­ пе сабақ болып саналады. Есепті шешу үшін оқушы­­ лардан есептің шартын анықтауды, сұрағын табуды, дауыстап талдауды, шығару жоспарын құруды­ сұраңыз. “Миға шабуыл” әдісін қолданып, есептің­ шешімі бойынша қанша оқушы өз ойын айта алатынын­ анықтаңыз.

Көңілді клоундар.

Оқушылар тапсырманы біртіндеп орындайды. Алдымен бояуды ұсыныңыз. Оны орындап болған соң жұппен өзара тексеру жүргізіледі. Сіз тапсырманың­ шартын­ оқыңыз, ал оқушылар оны суретпен салыс­ тырады.

Көршілер. Топта оқушыларға өз ойымен бөлісуге мүмкіндік беріңіз. Өздігінен орындағаннан кейін жұппен тексеруді ұйымдастырыңыз. Әр топтың бірнеше оқушысынан нәтижелерін сұраңыз.

Жауабы:

бірінші үйде — ит, екінші үйде — мысық, үшінші үйде — әтеш.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

көрнекі суреттердің көмегімен қарапайым логи­ калық есептердің шешімін табуды;

шешу тәсілдері мен ойлануды меңгереді.

Оқушылардың сабақты меңгеру деңгейін бағалау­ үшін сұрақтар қойыңыз:

логикалық есептерді шығару үшін нені орын­ дау қажет?

Логикалық есептерді шығару қадамдарын қайта­ лаңыз:

есептің шартын, сұрағын мұқият оқу;

суретін салу немесе есепті ойын түрінде көрсету;

шешу жоспарын құру;

шешудің әртүрлі тәсілдерін іздеу;

есеп шартының орындалғанын (орындалма­ға­­­ нын) тексеру.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо-йынша­ өзін-өзі бағалатыңыз.





Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Кестенің көмегімен есеп шығару

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

сәйкестік пен ақиқаттықты анықтауға берілген қарапайым логикалық есептерді шығарады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

оқушылардың санына байланысты:


  1. Сенемін — сенбеймін” ойынына қажет кестемен берілген А4 қағаздары;


  1. әр топқа кестемен берілген А3 қағаздары; Әр топқа арналған:


  1. 4 шаршы;

  2. 4 тіктөртбұрыш;

  3. 4 үшбұрыш;

  4. 4 дөңгелек.

Тірек сөздер

кесте;

жол;


баған.


Сабақтың мақсаты:

Логикалық есептерді кестенің көмегімен шыға­ ру, есептің шартына сәйкес кестені толтыруды және жауабын табуды үйрету.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Кіріспе тапсырма. Сабақты “Сенемін — сен­ беймін”­ ойынын ойнатудан бастаңыз. Оқушылар­дың­ әрқайсысына жауап жазатын кестені таратып беріңіз. (тиісті бағанға “+” қою керек).

Сенемін Сенбеймін

Егер оқушылар сіздің тұжырымыңызға сенетін болса, онда “Сенемін” сөзі жазылған бағанға “+” таңбасын, ал олар сіздің тұжырымыңызға сенбейтін болса, онда “+” таңбасын “Сенбеймін” сөзі жазылған бағанға қояды.

Ойын өткізуге арналған тұжырымдар:

Сен және тағы екі оқушы тақтаға шықты. Егер сенің сол жағыңда және оң жағыңда оқушылар тұрса, онда “сен олардың ортасында тұрсың” дегенге сендер сенесіңдер ме?

Үш қабатты үйде төрт қабат бар” дегенге сенесіңдер ме?

Үш сауысқанның алты аяғы бар” дегенге сенесіңдер ме?

Үш мысықтың бес құйрығы бар” дегенге сенесіңдер ме?

Егер алманы қақ бөлсе, сонда екі алма пайда болады” дегенге сенесіңдер ме?

Егер кеше жұма, ал бүгін сенбі” десе ше? Шыққан жауаптарды сыныппен тексеріп, дұрыс

жауаптарды­ талдаңыздар. Оқушылардың жұмыс­ тарын­ дұрыс жауаптың санына байланысты өздеріне бағалатыңыз.

Оқушыларды топқа бөліңіз. Әр топқа кестесі бар А3 қағазын,­ сондай-ақ түрлі түсті қағаздан жасалған 4 дөңгелек,­ үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыштарды таратып беріңіз.

Оқушылар кестені фигуралармен (дөңге­лек­­ термен,­ үшбұрыштармен, шаршылармен, тіктөрт­ бұрыштармен),­ әр жол мен әр бағанда фигуралар қайталанбайтындай етіп толтырады. Оқушылардан алдын ала кестеден жол мен бағанды көрсетуді сұраңыз. Орындап болған соң топпен өзара тексеру­ жүргізуді ұсыныңыз.

Оларға шарты күрделі, жазуға немесе елесте­ туге қиындық тудыратын логикалық есептерді кесте арқылы шығару қолайлы екенін айтыңыз.

Баскиімдер. Оқушыларға тапсырманың шартын оқыған соң кестеге қарауды ұсыныңыз (қолайлы болу үшін интерак­тивті­ тақтаға шығарып қойыңыз). Олардан ұлдардың атын сұраңыз. Олар кестеде қай жерде орналасқан?­ (Бағанда.) Баскиімдердің түстерін­ сұраңыз. Олар кестеде қайда орналасқан? (Жолда­.) Есептің­ шартында Дидар туралы не белгілі екенін­ сұраңыз (оның баскиімі қызыл емес). Онда “Дидар”­ деген жазуға қарсы тұрған “қызыл жолға “–” таңбасын қойыңыз (барлық іс-әрекетті интерактивті тақтадағы кестеде белгілеңіз). Самат туралы не айтылғанын сұраңыз (оның баскиімі қызыл да емес, көк те емес). Онда қызыл және көк қатарға “–” таңбасын қойыңыз. Оқушыларға осыдан кейін қорытынды жасатыңыз. Егер Саматтың баскиімі қызыл да, көк те болмаса, онда оның баскиімі жасыл түсті. Саматтың атына қарсы “жасыл жолға “+” таңбасын қойыңыз. Егер Дидар мен Саматтың баскиімдері қызыл түсті болмаса, онда қызыл баскиім Сәкендікі (Сәкеннің атына қарсы тұрған “қызыл” жолға “+” таңбасын қою керек). Оқушылардан Дидардың баскиімінің түсі қандай болатынын сұраңыз.

Жауабы:

Дидардікі — көк, Саматтікі — жасыл, Сәкенді-кі — қызыл.

Құрбылар. Есептің шартымен танысқан соң оқушыларға жұпта кестемен жұмыс істеуді ұсыныңыз. Әр қыздың не жегенін сұраңыз. Неге мұндай жауап шыққанын түсіндіріп беруді өтініңіз. Бірнеше жұпқа өз ойларын айтып беруге мүмкіндік жасаңыз.

Жауабы:

Дина апельсин жеді, Бақыт алмұрт жеді, Жанар алма жеді.

Орындап көр. Кестенің көмегімен шығарылатын жоғарыдағыдай есеп құрастыруды тапсырыңыз. Тапсырманы топпен немесе үйде орындауға болады.


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Оқушылардың математика тілінде сауатты сөйлеу дағдысын дамытуға және өз іс-әрекеті мен есеп шығару тәсілін түсіндіріп отыруына баса назар аударыңыз.

Секіруден жарыс.

Оқушыларға кестеде есептің шартын міндетті түрде “+” және “–” таңбаларының көмегімен жазу керектігін­ ескертіңіз. Жұпта өз ойларымен бөлісуді ұйымдастырыңыз­. Оқушылардан тапсырманы орын­ дағаннан кейін есептің жауабы мен талдау жолын айтып беруді сұраңыз.

Жауабы:

қоян — 1-орын, тиін — 2-орын, тышқан — 3-орын.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

кестені және онда қатар мен бағанның­ орналаса­­ тынын біледі.

есептің шартын қалай жазуды және кестеден жауа­ бын табуды үйренеді.

кестемен берілген тапсырмаларды орындап­ үйре­ неді.

Сабақтың тақырыбын меңгеру деңгейін бағалау үшін сұрақтар қойыңыз:

Кестеде жолдар қалай орналасқан? Бағандар ше?

Кестемен қандай есептерді шығарған қолай­­ лы?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойын­ ша өзін-өзі бағалатыңыз.





Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Логикалық есептер шығарамыз

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  1. сәйкестік пен ақиқаттықты анықтауға берілген қарапайым логикалық есептерді шығарады;


  1. тұжырымдардың ақиқаттығын немесе ақиқат еместігін анықтайды.


Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Әр топтың санына сәйкес:

  1. санақ таяқшасы немесе сіріңке;


  1. геометриялық фигуралар жиынтығы: 20 үшбұрыш,­ 20 тіктөртбұрыш, 20 шаршы және т.б.

Тірек сөздер

Логикалық есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

Логикалық геометриялық есептермен, ауысты­ рып салуға берілген тапсырмалармен таныстыру, есептерді шешкен кезде әртүрлі тәсілді таңдай білу дағдысын дамыту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Осы сабақта фигураларды санау жолымен және жаңа фигура алу үшін таяқшалардың орнын ауыстырумен­ шешілетін геометриялық тапсырма­ лар мен мәтін есептерге көңіл бөліңіз. Мәтін есеп қолданбалы­ сипатқа ие және тәжірибелік жолмен шешіледі. Оқушыларды сабақта танграммен таныс­ тыру қажет. Танграм — бұл жаңа күрделі (жануарды, адамды бейнелейтін т.б.) фигура алу үшін жеті жазық геометриялық фигураны әртүрлі тәсілмен орналастыру арқылы орындалатын басқатырма. Кіріспе тапсырма. Оқушыларды топқа бөліңіз­ (топ төрт адамнан кем болмауы керек; бөлу үшін түрлі түсті геометриялық фигураларды пайдаланыңыз)­. Сабақтың басында топтар арасына бейімділікке­ жарыс өткізіңіз.

Әр топқа санақ таяқшаларының жиынтығын дайындаңыз немесе сіріңкені шашыңыз.

Оқушыларға таяқшалардан: 1) күн; 2) үй; 3) ағаш;

4) кірпі жасауды ұсыныңыз. Бір-бірінің жасаған жұмысын көру үшін әр топтың ауысып отыруын қадағалаңыз.

Оқушылар үшін бірнеше бөлікке қиылған әртүрлі төртбұрышты дайындаңыз. Топтар арасында берілген бөліктерден фигура жинау жылдамдығына жарыс ұйымдастырыңыз.

Топтарға танграм әзірлеңіз. Оқушыларға оны бөліктерге кесуді ұсыныңыз. Бөліктерден аңдардың фигураларын құрастыртыңыз. Оқушыларға көмекке интерактивті тақтадан дайын нұсқаларын беріңіз (түлкі, қоян, түйеқұс, мысық).

Дайын аппликацияларды тақтаға бекітіңіз. Қоры­ тынды жасаңыз, оқушыларды жұмысы үшін мадақтаңыз.

Логикалық тапсырмаларды бөліктерді құрасты­ ру немесе алмастыру арқылы және т.б. тәсілдерді қолданып, тәжірибелік жолмен шешуге болатынын айтыңыз.

Фигураларды сана. Оқушыларға топта жұмыс істеуді ұсыныңыз. Оларға фигураларды санатып, өзінің алған жауабын айтуға мүмкіндік беріңіз. Тақтаға фигура бейнелерін шығарыңыз және оқушыларға қалай есеп жүргізгенін көрсетуді ұсыныңыз. Суретте бір фигура үстіне екінші фигураны салғанда жаңа бір фигура шығатынына оқушылардың назарын аударыңыз.

Жауабы:

тіктөртбұрыш — 3, үшбұрыш — 5.

Ойлан. Оқушыларға ұсынылған әрекетті ойша жасап және сұрақтарға жауап беру керегін ескертіңіз. Егер оқушылар тапсырманы орындауда қиындыққа кезіксе, сурет түрінде көрсетуді ұсыныңыз.

Жауабы:

4 бөлік.

Шығарып көр. Берілген тапсырманы топпен тәжірибе түрінде орындауды ұсыныңыз. Ол үшін әрбір топқа қағаздан жасалған 6 алмұрт пен 2 алма таратып беріңіз. Осы жемістерден әртүрлі нұсқамен төрт жемісті алуды ұсыныңыз. Нұсқаларды қағазға жазып отыруды ескертіңіз. Әрбір топқа неше нұсқа жазғанын айтқызып, содан кейін бір нұсқаны дауыстап оқытыңыз.


Жауабы:

барлығы 3 нұсқа: 4 алмұрт;

2 алма және 2 алмұрт;


3 алмұрт және 1 алма.


Сіріңке таяқшасымен берілген тапсырма.


Оқушыларға­ дұрыс жауабын ламинатталған қағазға жазуды ұсыныңыз. Бірнеше нұсқаны жасап және оны тексеріп,­ дұрыс жауабын таба алады. Жауабы:


а) 1 + 4 = 5; ә) 9 – 9 = 0.


Жабайы аңдар. Оқушыларға сөйлемдерді оқып және оларды дұрыс немесе жалған тұжырымдарға­

бөлуді ұсыныңыз.

Орындап көр. Оқушыларға суреттегідей сірің­ ке шилерінен үй құрастыруды ұсыныңыз. Үйдің қай жаққа­ қарап тұрғанын сұраңыз. Одан кейін 1 шиді ауыстырып қою арқылы, үйді басқа жаққа қарап тұратындай етіп бұруды ұсыныңыз.


Үй жануарлары. Оқушыларға тапсырманы топ­ пен орындауды ұсыныңыз. Олар есепке әртүрлі нұс­ қадағы­ жауаптарды құрастыра алады. Тапсырманы­ орындап­ болған соң топтарға өз пікірлерімен алма­ суды ұсыныңыз.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Логикалық тапсырмалар оқушылардың талқылай­ білу, қорытынды жасай білу дағдыларын дамыта­ды­. Олардың толық жауап беруін, өз шешімін түсіндіруін­ бақылаңыз. Оқушыларға әзіл тапсырмалар­ ұсыныңыз, жауап алдында талқылап алуды сұраңыз­.

Әзіл тапсырмалар:


Атызда 5 сауысқан отыр. Оларға тағы 3-еуі ұшып келді. Мысық жасырынып келіп, бір сауысқан­ ды ұстап алды. Атызда неше сауысқан қалды? (Бір сауысқан­ қалды, өйткені қалған сауысқандар ұшып кетті.)


Алмұрт ағашында 10 алмұрт өсті, ал ақ тал-да одан 2 алмұрт кем. Ақ талда неше алмұрт өсті? (Ештеңе, өйткені ақ талда алмұрт өспейді.)


Бұтақта 4 қарға отыр. Аңшы келіп біреуін атып өлтірді. Қанша қарға қалды? (Бір қарға қалды, өйт­ кені қалғандары ұшып кетті.)


Оқушыларға логикалық тапсырманы шешкен кезде бірден есептеуге кіріспеу керектігін айтып ескерті­ңіз­. Алғашында есептің шартымен жақсылап танысып,­ сосын шешімін болжау керек.

Шарлар. Оқушылар шарларды тапсырманың шартына дәл келетіндей етіп бояулары қажет.

Жауабы:

жасыл, қызыл, сары.

Пирамида. Оқушылар пирамиданың сақина­ ларын тапсырмаға сай келетіндей етіп бояйды.

Жауабы:

сары, қызыл, жасыл, көк, қоңыр.

Тышқан, мысық және шұжық. Оқушылар кес­ тедегі тұжырымдарды оқып, “ақиқат” және “жалған”­ екенін анықтап, белгілейді.

Жауабы:

1 — ақиқат, 2 — жалған, 3 — жалған, 4 — жалған, 5 — ақиқат.

Сөздер. Оқушылар есептің шартын оқып және оның шығарылуына дәл келетін сызбаны таңдайды.

Жауабы:

үшінші сызба.

Спорт түрлері. Қызығушылық танытқан оқу­ шыларға­ бұл тапсырманы саралап оқытуда қолда­ нуға болады. Оқушылар кестені толтырып, аттарын­ жазады.

Жауабы:

Қанат — шахматшы, Арман — жүзгіш, Марат — боксшы.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

түрлі логикалық есептер шығару тәсілдерін­ табуды меңгереді.

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін бағалау үшін сұрақтар қойыңыз:

Мәтін есептің шартын тыңдағанда қандай болуымыз керек? (Зейінді.)

Қазір неше сұрақ естігендеріңді айтыңдаршы.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өзін-өзі бағалатыңыз.




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Жиын дегеніміз не?

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

жиындарды элементтерінің белгілері (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) бойынша құрып, жіктейді;

екі жиынның бірігуін және жиыннан оның бөлігін ажыратып, көрнекі түрде кескіндейді;

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Жиын

Тірек сөздер

жиын;

элемент.

Сабақтың мақсаты:

Жиын ұғымымен және элементтерімен таныстыру; әртүрлі заттарды жиынға біріктіру ұғымын қалыптастыру, жиын элементтерін бөле білуге жаттықтыру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Жиын ортақ белгілері бойынша біріккен заттар жиынтығы­ немесе абстрактілі түсініктер (сандар, гео­ метриялық фигуралар, белгілер және т.с.с). Жиынды­ әртүрлі нысандардың қандай да бір белгісі негізінде құруға болады. Мысалы: жемістер, дауысты дыбыстар, цифрлар.

Жиын түсінігін сөзбе-сөз түсінуге және “көп” эле­ менттерді құрайтын жиынтық деп ұғынуға болмайды­. “Жиын” ұғымы бір, екі және т.с.с. эле­менттерден тұратын нысандар жиынтығы ретінде түсіндіріледі­. Сондай- ақ “бос жиын”, яғни бірде-бір элементі­ жоқ жиын да болады.

Кіріспе тапсырма. Оқушыларға сабақтың басын­ да екі топқа бөлінуді ұсыныңыз: ұлдар және қыздар тобы. Олардан бірінші топтағы оқушылардың кімдер екенін сұраңыз (ұлдар) және санамай-ақ ұлдардың нешеу екенін айтып беруді ұсыныңыз.

Оқушыларға математикада оны “ұлдар жиыны” деп айтуға болатынын айтыңыз. Жиындағы әрбір ұл — жиынның элементі деп аталатынын ескертіңіз. Осы тәріздес жұмысты қыздар тобымен де өткізіңіз.

Содан соң оқушыларға шашының ұзындығы, киімі және т.б. бойынша жиынға бірігуді ұсыныңыз­. Олардан­ тағы да қандай жиындарды атай алатынын сұраңыз.

Оқушыларды төрт топқа бөліңіз, әр топқа бір шең­ бер немесе бір таспа беріңіз. Оларға ортақ белгісі бар элементтерді жинауды ұсыныңыз (сыныптағы­ заттар бойынша). Ол заттардан шеңбердің­ немесе таспаның ішіне жиын құруды ұсыныңыз. Оқушыларға тапсырманы орындауға уақыт беріңіз,­ ал содан кейін олардан бір жиынға қандай заттарды­ жинағанын және неге осы заттарды алғанын сұраңыз­. Оларға қандай белгі ортақ? Жиында неше элемент пайда болды? Жиынға тағы басқа элементтерді қосуға бола ма?

Егер сыныптың жабдықталуы мүмкіндік берсе, бұл тапсырманы кілемде орындатыңыз.

Оқушыларды оқулықтағы ережемен таныстыры­­ ңыз. Оқушыларға жиынға және олардың элемент­­ теріне байланысты өз мысалын келтіруді ұсыныңыз.

Жиындар. Оқушылардан заттар жиынын атауды­ және олардың қандай элементтерден тұраты­нын сұраңыз­. Жауаптың үлгісін беріңіз: тостағандар жиыны алты тостағаннан тұрады.

Жауабы:

шай ыдысы, гүлдер, құстар, жылқылар.

Табиғатта. Тапсырманы топтық жұмыс түрінде орындатыңыз. Оқушыларға тапсырманы орындау үшін суреттерді мұқият қарап шығуды ескертіңіз және әр топқа өз көзқарасын айтуды ұсыныңыз.


Жауабы:

ағаштар жиыны: шырша, қарағай, емен, қайың; гүлдер жиыны: көк гүл, ақ гүл, жасыл гүл, қызыл гүл; бунақ денелілер жиыны: көбелек, қоңыз, инелік.


Элементтер. Топпен жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушыларға өз ойларымен бөлісуге мүмкіндік беріңіз. Әр топқа жұмыстарының нәтижесін ортаға шығып айтып беруге жағдай жасаңыз. Оларға өз ойынан элементтер мен жиындарға байланысты мысал келтіруге ұсыныс жасаңыз.


Жауабы:

қарлығаш — құстар жиыны; қайың — ағаштар жиыны; көбелек — бунақденелілер жиыны; сары өрік — жемістер жиыны.


Шығарып көр. Оқушыларға жұппен жұмыс істеуді ұсыныңыз. Суретке мұқият қарап, артық заттарды атауды және неге мұндай тұжырымға келгенін сұраңыз.


Жауабы:

балық; пияз; үшбұрыш.


Орындап көр. Топпен жұмыс ұйымдастырыңыз­. Оқушылардан өз отбасының мүшелерін санауды өтініңіз. “Отбасы жиынына достарың жата ма?” — деп сұраңыз. Достарының отбасы жиынына неге жат­ пайтынын айтып беруін өтініңіз.


А. Адамдардың жиыны; Ә. Ұлдардың жиыны.

Қандай жиындар шығады?


Жұптасып талқылауды және тапсырмалардың сұрақтарына­ жауап беруді ұсыныңыз. Тапсырманы орындаған­ соң математикадағы “қосу” сөзінің “бірге жиналу” мағынасын білдіретінін түсіндіріңіз. Мысалы: “Жаңа жылдық ертеңгілікке балалар мен олардың ата-аналары жиналды”. Ал “алу” сөзі “белгілі бір орыннан шығу” мағынасын білдіруі мүмкін. Мысалы: “8 Наурызға дайындалу уақытында ұлдар қыздардың дайындық өтіп жатқан залдан шығуын өтінді”. Бұдан кейін осыған ұқсас оқиғаларға жаңа мысалдар келтіруін сұраңыз.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Оқушыларға “жиын, элемент” сөздерін сабақ барысында­ үнемі қолдануды ұсыныңыз. Тірек сөздері жазылған парақшаларды тақтаға іліп қойыңыз­. Оқушыларға кітаптар, қаламдар және т.б. заттардың суреттері салынған жиынды көрсетіңіз. Олардан “жиын және элемент” сөздерін айтып беруін сұраңыз. Мысалы: “кітаптар” — жиын, ал “Шалқан” ертегісі — кітаптар жиынының элементі

Жиын. Оқушылар өздік жұмыспен сабақта алған білімдерін бекітеді. Олар заттарды жиын бойын­ ша бөліп, бір жиынды құрайтын заттарды сызықпен қоршайды.

Жауабы:

төрт жиын: жалаушалар, доптар, құралдар, қарын­ даштар.

Жиындарды толықтыр. Оқушылардан әр жолда­ қандай заттар бейнеленгенін сұраңыз. Оларды­ бір сөзбен жалпылап қалай айтуға болатынын ойлансын­. Оқушыларға­ әр жолды тиісті заттармен толықтыру үшін уақыт беріңіз.

Жауабы:

бірінші жол: көгөністер; екінші жол: киімдер; үшінші жол: ойыншықтар.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

түрлі жиындарға мысал келтіруді;

жиынның элементтерін көрсетуді;

жиындағы элементтердің ортақ белгісін табуды меңгереді.

Оқушылардың сабақтың тақырыбын түсінгенін бағалау мақсатында мына сұрақтарды қойыңыз:

жиын дегеніміз не? Жиынға мысалдар келтір. Ол қандай элементтерден тұрады?

Мына элементтерден қандай жиын құралады: орындықтар, шкафтар, парталар, үстелдер?

— “Көктем айлары” жиынының элементтерін ата.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо-­ йынша­ өзін-өзі бағалатыңыз.





Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Жиындарды салыстыру. Тең жиындар

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

жұп құру арқылы нысандар жиындарын салыстырады; тең жиындарды, бос жиындарды анықтайды, тең жиындар, бос жиын туралы түсінеді.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Әр партаға:

қағаз;

геометриялық фигуралар топтамасы;

“тең жиындар”, “тең емес жиындар” деп жазылған­ парақтар;


жиындар тақырыбына слайд.

Тірек сөздер

тең жиындар.

Сабақтың мақсаты:

Жиындарды салыстыра білу дағдысын қалып­ тастыру,­ “тең жиындарға” түсінік беру, жиындарды теңестіру тәсілдеріне үйрету.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабаққа қатысты деректі материалдар­


Егер екі немесе одан да көп жиындағы элемент­ тер саны тең және барлығы бірдей элементтерден­ тұратын болса, ондай жиындарды тең жиындар деп атайды. Жиындарды салыстыруда міндетті түрде олардың қандай элементтерден тұратынын, сондай-ақ жиындағы элементтер санын есепке алу керек. Жиындарды дұрыс салыстыру үшін бір жиынның элементіне екінші жиыннан өзіне тең бола алатын жұпты таңдау керек.



Кіріспе тапсырма. Сабақты өткен тақырыпты қайталаудан бастаңыз. Оқушыларға өз сөмкелерінде бар заттардан жиынға мысалдар келтіруін сұраңыз. “Жиын” ойынын ойнатыңыз. Сіз қандай да бір жиынды атаңыз, ал оқушылар оның элементтерін атап беруі керек. (Мысалы: құстар — торғай, ит-тер — төбет және т.с.с.) Содан соң оқушыларға өз ойларынан жиын мен оның элементтерін айтуға ұсыныс жасаңыз. (Жауаптарын тыңдап, жақсы жауап берген оқушыларды мадақтаңыз.)


Оқушыларды топқа қалаулары бойынша бөліңіз де, топпен жұмыс жасауды ұсыныңыз. Үстел үстіне үш дәптерден тұратын бірінші жиынды, төрт сызғыш­-тан — екінші жиынды, екі кітаптан — үшінші жиынды жинатыңыз. Оқушыларға бұл жиындарды біріктіруді

ұсыныңыз­ да, бұдан шыққан жиынның элементтерін ататыңыз және санатыңыз. (Жауаптарын­ тыңдаңыз­. Топтарға бір-бірінің жауабын “Бас бармақ” әдісі бойынша бағалатыңыз.)

Оқушыларға әр партаға қағаздан жасалған гео­метриялық фигуралар топтамасын дайындап қойыңыз. Оларға жиындағы элементтер саны әр­ түрлі үшбұрыштар мен шаршылардан жиын құрау керектігін айтыңыз. Тақтаға бір оқушыны шақы­рып, оған отырған оқушыларға сұрақ қойғызыңыз­. Мысалы: “Кімнің жиынында 3 үшбұрыш және 4 шаршы бар?” — деген сұрақ қояды. Оған сыныптағы бірнеше оқушы қол көтеруі мүмкін. Осы оқушылардың жиындары туралы өзара “тең жиын” деп айтуға болатынын және оның не себепті “тең жиын” деп айтылатынын сұрап, жалпы сыныппен “тең жиын” деген ұғымға тұжырым жасатыңыз. Содан кейін осы тәріздес бірнеше сұрақтар қойып, сұрақтардың­ көмегімен тағы басқа кімде “тең жиындар” бар екенін анықтатыңыз. Тапсырманы талдап, сыныппен біраз жұмыс жасаған соң қолын мүлде көтермеген оқушыларды тұрғызыңыз. Олардың не себепті қол көтермегенін айтқызып, өз тұжырымдарын жасауды ұсыныңыз. (Олардың жиындары сыныптағы

ешкімнің жиынымен тең емес.)

Тап және салыстыр. Оқушыларға қандай да бір заттар жиынын атап, олардың ішінен бір ортақ бел­ гісі бойынша жиын бөліп алуды сұраңыз. Жұпта өз пікірлерімен­ алмасуға уақыт беріңіз. Құралған­ жаңа жиынды атап беруін сұраңыз. Оларға әр жиындағы элементтерді санауды ұсыныңыз.


Жауабы:

жиындар тең емес, өйткені элементтері мен элементтерінің саны әртүрлі.

Жиындар тең бе? Оқушылармен жұппен жұмыс ұйымдастырыңыз. Оларға пікірлерімен бөлісуге мүмкіндік беріңіз. “Жиындар тең бе?” — деп сұраңыз. Оқушылар өз жауаптарын түсіндіріп беруі тиіс. Жұптарға бір-бірінің жауаптарын мұқият тыңдап, бағалатыңыз. Бағалау үшін (оқушыларға үш түрлі белгі беретін қағаздар таратып беріңіз. Жа-сыл — жақсы, сары — орташа, қызыл — төмен.) Жауабы:

бірінші жолда жиындар тең емес;

екінші жолда жиындар тең;

үшінші жолдағы жиындар тең емес.


Шығарып көр. Оқушылар жиындарды қалай теңестіруге болатынын анықтау үшін оларға топта пікірлерімен алмасуға уақыт беріңіз. Содан кейін әр топтың шешімін айтқызып, тыңдаңыз. Оларды бұл тапсырманы екі түрлі тәсілмен орындауға болады деген тұжырымға жетелеңіз. Екі жауабын да тез талдап тапқан топ мүшелерін мадақтап, топқа қандай­ да бір атақ беріңіз. (Мысалы: тапқырлар, білгіштер­ т.б.)


Жауабы:

екінші жиынға креслоны қосуға болады;

бірінші жиыннан креслоны алып тастауға болады.


Орындап көр. Оқушылармен бұл тапсырманы топтардың арасындағы жарыс түрінде өткізуге болады. Бірінші бөлігінде тең жиындар, ал екінші бөлігінде тең емес жиын құраулары тиіс. Оларға тапсырманы берілген уақытта орындау керектігін айтыңыз. Неше минут берілетінін жазып немесе таймермен көрсетіп қойыңыз. Жиынды дұрыс және бірінші болып құраған топ жеңіске жетеді.


Жауабы:

а) 3, 5, 7, 16, 1; ә) М, К, Л, Д, А;

а) ана, әке, қыз; ә) қыс, көктем, жаз.


Қоңыздар. Оқушылардан: “Жиын қандай эле­ менттерден тұрады?” — деп сұраңыз. (Үш түрлі түс­ пен боялған қоңыз.) Қоңыздардың төменгі жағында орналасқан жиындарға мұқият қарауды ұсыныңыз. Қоршаулардың ішінде орналасқан жиындардың ішінен берілген жиынға тең жиынды тапқызыңыз. Өз пікірлерін дәлелдеп айтуды ұсыныңыз. Тең жиынды тапқан соң тең емес жиынды атап, неге тең емес екендігін дәлелдеп беруді сұраңыз. Жауаптарында математикалық тірек сөздерді қосып сөйлеуді талап етіңіз.


Жауабы:

соңғы жиын берілген жиынмен тең, өйткені олардың элементтері және саны бірдей.






Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Тақтаға “тең жиындар” деп жазылған парақты жазып іліп қойыңыз. Оқушыларға интерактивті тақтада жиындарға келтірілген мысалдарды көрсетіңіз. Олар міндетті түрде тең жиындарды анықтап, тақтада жазылған сөздерді қолдана отырып тірек сөздерді айтулары тиіс.

Жиындарды салыстыр. Оқушыларға тапсыр­ маны өз беттерінше орындауды ұсыныңыз. Тапсыр­ маны орындап болған соң өзара тексеруді ұйым­ дастырыңыз. Оқушылар жиындарды салыстырып, тең жиындардың арасына “=” белгісін, ал тең емес

жиындардың арасына “≠” белгісін қоюлары тиіс.

Артық элементтерді сызып, жиындарды теңестір. Оқушыларға тапсырманы өз беттерінше орындауға­ уақыт беріңіз. Олар тапсырманы орындап болған соң тексеру үшін кері байланысты қолданыңыз­. (Мысалы: бір оқушы сызған затты атайды, ал басқа оқушылар келіссе, қолдарын жоғары көтереді, егер келіспесе, онда қолдарын көтермейді.)

Элементтерді қосып, жиындарды теңестір.

Тапсырма элементтер саны аз жиынға элементтерді толықтырып­ қосу тәсілі арқылы жиындарды теңестіру­ дағдыларын қалыптастыру үшін өз беттерінше­ жұмыс жасауға бағытталған. Оқушылар сабақ барысында­ жұппен және топпен жұмыс жасау кезіндегі алған

дағдыларын бекіте алады.

Тең жиындарды сызықпен қос. Оқушылар жиындарды­ салыстырып, олардың арасынан тең жиындарды­ тауып, сызықпен қосады. Өз бетінше жұмыс кезінде оқушылар сабақтың тақырыбы бойынша алған білім, дағдыларын бекітеді. Орындау нәтижесі бойынша тақырыпты меңгеру деңгейлерін­ бағалаңыз.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

жиындарды салыстыруға болатынын;

жиындардың тең болатынын және тең бол­ майтынын;

егер олардың барлық элементтері мен саны бірдей болса, онда жиындардың тең екенін біледі.

Оқушылардың сабақтың тақырыбын түсінгенін бағалау­ мақсатында мына сұрақтарды қойыңыз:

Екі жиынды салыстыруға бола ма?

Жиындар қашан тең болады?

Сыныптан, мектептен немесе өздерін қоршаған­ ортадан­ тең жиындарға мысал келтіруді сұраңыз. Өз партасындағы­ тең емес жиындарға мысал келтіруді­ ұсыныңыз.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өзін-өзі бағалатыңыз.




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Жиын. Бос жиын

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  1. жиындарды элементтерінің белгілері (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) бойынша құрады және жіктейді;


жұп құру арқылы нысандар жиындарын салыстырады; тең жиындарды

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Жиын. Бос жиын заттық суреттер.

Тірек сөздер

бос жиын.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды жиын ұғымымен таныстыру. Жиын­ ды белгілері бойынша жіктеуге, оларды жұп құрау арқылы салыстыра білуге жаттықтыру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Жиын ұғымы заттардың жиынтығы, олардың­ ортақ атауы бар екені оқушыларға өткен сабақ­тардан таныс. Бұл сабақта осы алған білімдер жүйеленеді. Оқушыларды ешқандай элементі жоқ “бос жиын” ұғымымен таныстырыңыз. Кіріспе тапсырма. Сабақтың басында оқушы­ ларға жиын ұғымын еске түсіруді ұсыныңыз. Оқу­ шыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:

бірге жиналған және ортақ атауы бар заттарды қалай атауға болады? Мысал келтіріңдер.

Жиын элементтері дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

Оқушыларды топқа бөліңіз. Ол үшін заттардың суреттерін­ пайдаланыңыз: ойыншықтар, көліктер, жемістер,­ бунақденелілер. Cуреттерді төрт топқа бөліңіз:

көбелек, қоңыз, шегіртке, ара;

қуыршақ, юла, пирамида, құлтемір;

ұшақ, мәшине, кеме, пойыз;

таңқурай, құлпынай, қарақат, шие.

Сыныптағы оқушы санына байланысты дайындаңыз­. Суреттердегі заттарды геометриялық фигуралармен­ алмастыруға болады.

Кейін оқушыларға дөңгелек кітаптардың жиы­ нын құруды ұсыныңыз. Оқушылардан бұл жиында­ қанша элемент бар екенін сұраңыз. (0.) Оқушылар­ға­ элементтері жоқ жиын бос жиын деп аталатынын­ хабарлаңыз. Оқушыларға бос жиынға мысалдар­ келтіруді ұсыныңыз. Оларды оқулықтағы ере­ желермен таныстырыңыз.


Жиындар. Оқушыларға топта жұмыс істеуді ұсыныңыз­. Оларға суреттерді мұқият қарауды, бірін­ ші сопақшада бейнеленген заттарды атап, топта талқылап, оларды бір сөзбен қалай атауға болатынын айтуды сұраңыз. Мысалы, түймедақ, қоңыраугүл,­ бақбақ — бұлар гүлдер жиынының элементтері­. Осы тәріздес екі басқа жиынмен жұмыс істеуді ұсыныңыз. Содан соң өз нұсқаларын айтуды сұраңыз. Тап­ сырманы жылдам орындаған оқушыларға өздерінің жиындарын және олардың элементтерін атауды ойластыруды тапсырыңыз.

Жауабы:

гүлдер, жануарлар, әріптер, сандар жиындары.

Жиын элементтері. Жұппен жұмыс ұйымдас­­ тырыңыз. Тапсырманы орындауға оқушыларға­ жет­ кілікті уақыт беріңіз. Жұптағы оқушыларға­ кезекпен жиында ұсынылған элементтерді­ атауды ұсыныңыз. Жиын­ның элементтерін­ ең бірінші ойлап тапқан оқушы жеңімпаз атанады.


Жауабы:

ұқсас жауаптар:


а) ыдыс: тостаған, тәрелке… ә) ағаштар: емен, қарағай…


б) оқу құралдары: қаламсауыт, қалам…


Артық элемент. Оқушыларға алдымен өздігі­ нен суреттерді қарап, жиындағы артық элементті­ табуды, кейін топта шыққан нәтижелерді талқылап, қағазға жазуды ұсыныңыз. Содан соң алынған жазбаларды тақтаға орналастырып, оларды оқып, жұмыс нәтижелерін салыстырады. Оқушылардан неге олар осы элементті артық деп санайтындарын және қай топ тапсырманы­ жақсы орындағаны туралы тұжырым жасауды сұраңыз.


Жауабы:

алмұрт; кітап; 3.


Шығарып көр. Сыныпта суретке талқылау ұйым­ дастырыңыз­. Олар сусын жиынына сәйкес сурет жоқ болғандықтан, оның бос деп санайтынына келу керек. Сосын әр жиындағы элементтерді санатыңыз.

Жауабы:


а) 7; ә) 5; б) бос жиын.


Орындап көр. Оқушылар 8 бен 3 санының арасындағы сандар жиынын табуы керек. Ол үшін 8 бен 3-тің арасындағы барлық сандарды анықтап, сәйкес цифрларды жазады.


Жауабы:


а) 7, 6, 5, 4.


Ойлан. Оқушылар мысал келтіріп, оны негіздеуі керек.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Оқушылардан­ сабақта элементтері жоқ жиын­ дарды­ белгілеуде “бос жиын” сөз тіркесін қолдану­ды­ сұраңыз. Оқушылар сөйлегенде “эле­мент жиынға қатысты”, “элемент жиынға қатысты емес” ұғымдарын қолдануды қадағалаңыз.

Толықтыр. Оқушыларға әр жиынға қандай элементтер­ қосуға болатынын жұпта талқылауды ұсыныңыз,­ содан соң тапсырманы орындауға уақыт беріңіз­. Кейін бірнеше оқушыдан олардың қандай элементтер қосқанын сұраңыз.

Жинақта. Оқушыларға алдымен тапсырмада берілген­ барлық сөздерді оқуды ұсыныңыз. Қай жиын­ дарды жинауға болатынын топта талқылауды,­ cодан соң осы жиындарға­ басқа жиындардың элементтерін қосуға бола ма деп сұраңыз. Содан кейін дәптерде­ өздігінен жиындарды сопақшаға­ айналдыра сызуды, жетіспей тұрған элемент­терді­ жазуды; әрбір жиында қанша элемент пайда болғанын санауды және жазуды ұсыныңыз. Бір оқушыдан өз жұмысын дауыстап айтуды сұраңыз. Қай жиындардағы элементтер саны бірдей екенін сұраңыз.

Жауабы:

Апта күндері: сейсенбі, жұма, сенбі — 7 элемент.


Жыл мезгілдері: күз — 4 элемент.

Кемпірқосақ түстері: сары, көк — 7 элемент.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

жиындарға біріктіретін белгілер туралы біледі;

бос жиынның қалай аталатынын білетін болады;

жиынға жататын және жатпайтын элементтерді­ атай алады.

Оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:

Қандай жиынды бос жиын деп атайды?

Шаршы мен тіктөртбұрышты қай белгілері­ бойынша жиынға біріктіруге болады?

Піл, кит, керікті ше?

Ара, маса, шыбынды ше?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша оқушылар өзін-өзі бағалайды.





Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Комбинациялау

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

қоршаған ортадағы заттардан “екі-екіден”

алған білімді қолдана алу

оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

3 түсті стикер;

түрлі түсті 3 текше;

әрбір оқушы үшін А3 пішімдегі парақ қағазы;

бір көгілдір, бір қызғылт түсті 2 шаршы;

бір көгілдір, бір қызғылт түсті 2 дөңгелек;

парақ бетінің әр жеріне салынған көгілдір және

Тірек сөздер

комбинациялау.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды заттар жиынынан екі элементтен­ комбинациялауға үйрету, ойлау арқылы талдау және жинақтау, салыстыру дағдыларын дамыту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Екі элементтен комбинациялау деп берілген элементтер жиынынан әртүрлі екі элементтен тұ­ ратын бірнеше нұсқадағы комбинациялар құруды­ айтады.

Кіріспе тапсырма. Сабақты “күн мен түн” ойынынан бастаңыз. Ойынға үш ойыншы қатысады. Олар орындықтарға отырады, ал орындықтарға түрлі түсті стикер бекітіңіз. Жүргізушінің “Күн!” деген бұйрығы бойынша оқушылар орнынан тұрып, орындықты айнала қозғалады. Жүргізушінің “Түн!” деген бұйрығы бойынша олар орындыққа қайта отыруы керек. Мұнда өзі отырған орындығына бір-ақ рет отыру керек деген шарт қойылады. Қалған оқушылардың барлығы қойылған шарттың орындалуын бақылайды. Ойын барлық отырудың мүмкін нұсқалары байқалмайынша жалғаса береді. Барлығы неше нұсқа болатындығын сұраңыз.

Жауабы:

үш нұсқа.

Оқушыларға “Түсті тап” ойынын ойнатыңыз. Әр оқушы үшін қағаз парағын дайындаңыз. Оқушыларға қорапта үш түрлі — қызыл, жасыл және көк түсті текшелер бар екенін айтыңыз. Олар мұнара түрінде жиналған. Сәйкес келетін түсті шаршылардан текшелер құрастырып, мұнараның суретін салуды ұсыныңыз. Сосын қораптан текшелерді біртіндеп алып шығыңыз. Текшелердің түсін тура тапқан оқушы жеңімпаз атанады.

Оқушылар текшелерден қанша мұнара құрас­ тырса да, салынған суреттердің арасынан оған ұқсас сурет үнемі табылып, сен әрқашан жеңімпаз боласың.

Жауабы:

қызыл, жасыл, көк қызыл, көк, жасыл; көк, жасыл, қызыл; көк, қызыл, жасыл; жасыл, көк, қызыл; жасыл, қызыл, көк.

Оқушыларды топқа бөліңіз. Топта пікір алмаса отырып,­ барлық нұсқаның суретін салуды ұсыныңыз.

Оқушылардан қазір немен айналысқанын сұраңыз­

(текшелердің орнын ауыстырды). Оқушыларға­ мұның комбинациялау деп аталатынын айтыңыз.

Оларды оқулықтағы ережемен таныстырыңыз.

Сүйікті ойыншықтар. Оқушыларға жұппен жұмыс істеуді ұсыныңыз. Бірнеше жұптан сұрап шы­ ғыңыз­. Қалған оқушылардан жолдастарының жауап­­­ тарымен келісетінін (келіспейтінін) сұраңыз.

Жауабы:

қуыршақ пен доп, қуыршақ пен пирамида, пирамида мен доп.

Фотосуреттер. Мұратта үш фотосурет бар. Ол фотосуреттерді­ альбомға­ қалай орналастырады? Тапсырманы орындауды­ топтық жұмыс түрінде ұйымдастырыңыз. Топтың­ әр мүшесі өз нұсқасымен­ топтың жұмысын толықтырып­ отыруы керек. Оқу­ шылардан тағы да қандай­ нұсқалар барын сұраңыз­.

Жауабы:

а) ұл; ә) ит;

б) мысық; в) ұл; г) ит; ғ) мысық.

Жаңа киім. Оқушылармен топтық жұмыс істеуін ұйымдастырыңыз­. Бірінші топқа барлық комбина­­ циялар­ нұсқасын табу үшін зерттеу жүргізуге арнал­ ған көгілдір мен қызғылт шаршы және көгілдір мен қызғылт дөңгелектерді ұсыныңыз.

Екінші топқа екі топтаманы ұсыныңыз: бір түсті баскиім мен мойынорағыш (оқушылардан сұраңыз). Үшінші А4 пішімдегі параққа барлық нұсқаның суре­ тін салуды ұсыныңыз. Төртінші топқа баскиім мен мойынорағыш суреті салынған қағаз беріңіз. Оларға комбинациялауға болатын нұсқаларды сызықтармен қосуды ұсы­ны­ңыз. Тапсырманы орындаған соң алынған нәтижені салыстырып, қанша нұсқа шыққанын сұраңыз.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Оқушылар заттардың орналасуынан шыққан барлық­ нұсқада алынған заттарды комбинациялау сөзінің­ мағынасын түсінуі керек. Оқушылармен ойын ұйымдастырыңыз. Оқушылардан сыныптың бос жеріне­ шығып, жұп құрауды ұсыныңыз. Бір жүргізу­шіні­ таңдаңыз. Оқушыларды жұппен тұрғы­ зыңыз. Жұптар­ қозғалып жүруі керек. Жүргізуші “комбинациялау” деп дауыстап айтқанда жұптар орындарын­ ауыстырып, жаңа жұптар құрастырылады­. Ең соңғы жұп ойыннан шығады.

Шарлар. Оқушылардан нені орындау қажет екенін сұраңыз. Қандай түсті қарындашты пайдалануға болатынын еске түсіріңіз. Оқушылар өз бетінше жұмыс жасау арқылы сабақ барысында алған білім, білік, дағдыларын бекітеді.

Жауабы:

жасыл, қызыл; қызыл, жасыл; екі қызыл; екі жасыл.

Жеміс. Оқушылар өз бетінше жұмыс жасау арқылы сабақ барысында алған білім, білік, дағдыларын бекітеді.

Жауабы:

алма, алмұрт, банан; алмұрт, банан, алма; банан, алма, алмұрт; алма, банан, алмұрт; алмұрт, алма, банан; банан, алмұрт, алма.


Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

заттарды комбинациялауды;

алған нұсқаларды есептеуді меңгереді.

Оқушылар сабақты меңгеру деңгейін бағалау­ үшін сұрақтар қойыңыз:

комбинациялау деген не?

Өмірде заттардың комбинациясын көрдіңдер ме?

Комбинациялауды не үшін пайдаланады?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өзін-өзі бағалатыңыз.



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Ұзындық. Өлшеу және салыстыру

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  1. ұзындық, масса, көлем (сыйымдылық), уақыт шамаларын ажыратады; оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдайды және өлшейді.


  1. ұзындық (см, дм), масса (кг), көлем (сыйымдылық) (л), уақыт (сағ) шамаларының өлшем бірліктерін салыстырады және амалдар орындайды.


Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Өлшеу құралдары:

оқушының сызғышы;

дециметрлік өлшемі бар метрлік сызғыш;

өлшеуіш таспа;

әрбір топқа арналған тапсырмалар жазылған парақшалар;

жергілікті жердің жоғарыдан түсірген фотосуреті;­

ламининатталған қағаз және маркер;

салыстыру белгілері бар парақшалар;

артық, кем, тең” тірек сөздері жазылған парақ­ шалар.

Тірек сөздер

Ұзындық. Өлшеу және салыстыру

Сабақтың мақсаты:

Заттарды ұзындығы бойынша өлшеу мен салыс­ тыруды үйрету; “>” және “<” таңбаларын заттар­ дың ұзындығын салыстыру үшін қолдануға үйрету. Ұзындықтың өлшем бірліктерін (см, дм) пайдаланып, заттардың ұзындығын салыстыру дағдысын дамыту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Заттардың ұзындығын салыстыру нәтижесін “ар­ тық” және “кем” белгілері бойынша жазуға бола­ ды. Мысалы, 15 см > 13 см, 5 дм < 7 дм. Әртүрлі өлшемдермен­ берілген өлшеу нәтижесін салыс­ тырудың дәлелдемесі ретінде метрлік өлшем жүйесі қолданылады. Заттардың ұзындықтары бірдей өлшем­ бірліктермен берілгенде ұзындықты салыстыру үшін санның жазылуындағы ондықтардың саны бойынша­ салыстыру керек. Егер ондықтары бірдей болса, бірліктер саны бойынша салыстырылады. Шамалар әртүрлі өлшем бірліктермен берілген жағдайда­ олардың арасындағы байланысқа сүйеніп бірдей өлшем бірлікке келтіру арқылы салы­стыры­лады:­ 10 см = 1 дм, 1 дм = 10 см. Кіріспе тапсырма. Оқушыларғасыныпбөлмесінде орналасқан нысандарды зерттеуге ұсы­ныс жасаңыз. Ол үшін тапсырмалар жазылған парақшаларды дайындаңыз. Парақшаларда ұзындық­­тары метрлік сызғышпен өлшенетін екі нысанның аты жазылады. Сыныптағы заттар­дың­ ішінен оқушылар ойша салыс­ тыра алмайтындай­ заттарды таңдаңыз. Мысалы, пар­ таның ұзындығы мен ені, тақтаның ұзындығы және терезе­ жақтауының ұзындығы. Оқушыларға өлшеу нәтижелерін­ өздеріне таныс өлшем бірліктерімен, яғни сантиметрмен немесе дециметрмен­ жазуды ұсыныңыз. Өлшейтін заттың ұзындығы 20 см-ден артық болуы мүмкін. Ондай жағдайда оқушылар өлшеу нәтижелерін дециметрмен жазады: 3 дм, 8 дм, 10 дм, 12 дм т.с.с.

Оқушының сызғышы (20 см), дециметрлік­ бөлік­ термен бөлінген метрлік сызғыш және сантиметрлік­ таспа дайындаңыз (100 см).

Оқушыларды топтарға бөліңіз. Әр топқа өзде­ ріне берілген парақшадағы нысан ұзындықтарын­ өлшетіп, салыстыртыңыз. Заттардың ұзындығын өлшеу барысында өткен сабақтағы екі таңбалы сандарды өлшеудің алгоритмін еске түсіруді ұсыныңыз. Оқушылардың жұмыстарын талдатыңыз. Заттардың ұзындығы туралы олардың­ ауызша жауаптарын тыңдаңыз. Сыныптағы нысандарды­ өлшеу нәтижелерін жазуды ұсыныңыз. Оны қалай істеуге болатынын сұраңыз. Салыстыру белгілерінің көмегімен қорытынды жасауды ұсыныңыз­.

Заттарды ұзындықтары бойынша “артық” және “кем” (> және <) белгілерін пайдаланып салыстыруға­ болатынын қорытындылатып, зерттеу жұмыстарын бекітіңіз.


Мысалы: 15 см > 13 см, 5 дм < 7 дм, 1 дм > 9 см, 14 см = 14 см.


Әуе шарымен саяхат. Оқушыларға қаланың үстінен­ әуе шарымен саяхат жасауға ұсыныс жасаңыз­. Әуеден, яғни жоғарыдан қарағанда үйлер, жолдар, мәшинелер қалай көрінетіні туралы әңгіме жүргізіңіз. Жергілікті жердің картасы және сұлбасын мысал ретінде көрсетіңіз. Егер мүмкіндік болса, жергілікті­ жердің ғарыштан түсірген суретін немесе интернет-картаны көрсетуіңізге болады.


Тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Оқу­ лықта берілген суреттегі заттарды өлшеуді тапсы­­ рыңыз. Өлшеу жұмыстарының нәтижесін оқушылар­ санды теңсіздіктер түрінде ламинатталған қағаздарға жазып көрсетеді. Оқушылар өзара тексеру барысында­ осы беттерде жазылған мәліметтермен алмасып, танысады.

Жауабы:

а) мұражайдың ені бизнес-орталықтың енінен артық;

ә) теміржолдың ұзындығы пойыздың ұзындығынан артық;

б) көпірдің ұзындығы екі бағдаршам арасын­дағы­ жолдың ұзындығынан кем. Шығарып көр. Тапсырманы орындамас бұрын кесіндінің ұзындығын қалай өлшеуді еске түсіріңіз. Сызғышпен жұмыс жасау ережесі туралы сұраңыз. Екі үйдің шатырының өлшемін қалай салыстыруға болатынын сұраңыз. Оқулықтағы суреттерге­ қарап, үйлердің шатырын және қабырғасын­ салыстыруды тапсырыңыз. Салыстыруды санды теңсіздік түрінде жазуды ұсыныңыз.

Жауабы:

30 дм > 20 дм, көк үйдің шатырының ені қоңыр үйдің шатырының енінен артық.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Тірек сөздерді бекіту үшін ойын ұйымдастырыңыз. Сынып бөлмесінің периметрі бойымен салыстыру таңбалары жазылған парақшаларды­ орналастырыңыз. Оқушыларды жұпқа бөліңіз. Олардың әр жұбы сурет пен оның өлшеу нәтижесі жазылған парақшаның екеуін алады. Өлшеу нәтижелерін өзара салыстырған соң олар парақшаны­ тиісті белгінің астына орна­ ластырады да, тірек сөзді айтады.

Оқушылар сабақ соңында:

шамаларды өлшеудің нәтижелерін салыстыру

белгілерін пайдаланып жазуды меңгереді. Оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін

анықтау мақсатында сұрақтар қойыңыз:


заттарды ұзындығы бойынша салыстырған­да­ қандай белгілерді (таңбаларды) пайдаланады?

Телефон сымының ұзындығы 22 дм, ал қалам­ саптың ұзындығы 23 см. Қай ұзындық артық? Санды теңсіздік құрастыр.

Бөлмедегі кілемнің ұзындығы 30 дм, ал альбом парағының ұзындығы 30 см. Осы заттардың ұзын­ дығын салыстырыңдар. Жауабын санды теңсіздік түрінде беріңдер.

Санды теңсіздіктер құрастырып, оларды са­ лыстырыңдар:­ 57 см және 59 см; 43 см және 34 см; 28 дм және 28 см.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өзін-өзі бағалатыңыз.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:


шамаларды өлшеудің нәтижелерін салыстыру


белглерін пайдаланып жазуды меңгереді. Оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін

анықтау мақсатында сұрақтар қойыңыз:

заттарды ұзындығы бойынша салыстырған­да­ қандай белгілерді (таңбаларды) пайдаланады?

Телефон сымының ұзындығы 22 дм, ал қалам­ саптың ұзындығы 23 см. Қай ұзындық артық? Санды теңсіздік құрастыр.

Бөлмедегі кілемнің ұзындығы 30 дм, ал альбом парағының ұзындығы 30 см. Осы заттардың ұзын­ дығын салыстырыңдар. Жауабын санды теңсіздік түрінде беріңдер.

Санды теңсіздіктер құрастырып, оларды са­ лыстырыңдар:­ 57 см және 59 см; 43 см және 34 см; 28 дм және 28 см.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өзін-өзі бағалатыңыз.





Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Масса. Өлшеу және салыстыру

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:


Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

  1. мектеп асханасының бір аптаға арналған ас мәзірі;

  2. атаулы сандар жазылған парақшалар (әр оқушыға екі парақшадан);

  3. әр оқушыға “артық, кем, тең” деген тірек сөздері жазылған парақша;

  4. ламининатталған қағаз және маркер.

  5. ұзындық, масса, көлем (сыйымдылық),уақыт шамаларын ажыратады; оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдайды және өлшейді;


ұзындық (см, дм), масса (кг), көлем (сыйымдылық) (л), уақыт (сағ) шамаларының өлшем бірліктерін

Тірек сөздер

Оқулық:


Масса. Өлшеу және салыстыру

Сабақтың мақсаты:

> ” және “ < ” таңбаларын массаны салысты­ру кезінде­ пайдалана білуге үйрету; заттарды массасы­ бойынша тиісті өлшем бірліктерін (масса, кг) пайда­­­ ланып салыстыру дағдысын дамыту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Заттарды массасы бойынша бірдей өлшем бірлік­ термен­ салыстырғанда екі таңбалы санның құра­ мындағы ондықтарды салыстырады. Ондықтары бірдей­ болса, бірліктерін салыстырады.


Сабаққа арналған ескертпелер


Кіріспе тапсырма. Оқушыларға мектеп асха­ насына массасы бойынша қанша азық-түлік керектігін есептеуді тапсырыңыз­. Ол үшін асхананың ас мәзірін алыңыз. Дүйсенбіде­ май жағылған нанды даярлауға 7 кг май кетті. Ал сейсенбіде кекс дайындау үшін 8 кг май кетті. Оқушылардан­ қай күні майдың көп жұмсалғанын сұраңыз. Оларға топта ақылдасып, сұрақтың­ жауабын санды теңсіздік түрінде құрас­ тыруына мүмкіндік жасаңыз. Оқушылардың жауап­ тарын тыңдаңыз­. Бір шаманың екіншісінен артық екенін көрсету­ үшін құрастырған теңсіздіктерін­ де қандай таңбаны­ пайдаланғанын сұраңыз. Зат-тарды массасы және көлемі бойынша салыстырып, нәтижесін санды теңсіздік түрінде жазу үшін “артық-кем” (> және <) белгілерін қолдану керектігін ес­ кертіңіз.

Мысалы: 7 кг < 8 кг.


Оқушыларға осы тапсырмаға ұқсас тапсырма орындауды ұсыныңыз. Мысалы, палау әзірлеуге қанша күріш кететінін, таңғы ботқа әзірлеуге қанша қарақұмық немесе тары т.с.с. кететінін табуды ұсы­ ныңыз.


Балуандар. Оқушыларға оқулықта берілген суретке қарап, мынадай сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз:


көк киімді балуан массасы қандай кіртасты көтерді?


Қызыл киімді балуан массасы қандай кіртасты көтерді?


Балуандардың қайсысы массасы ауыр кіртасты көтереді?


Салыстыру таңбаларын пайдаланып санды теңсіздік құрастыр. Сен неше теңсіздік құрастыр­­ дың?

Диалогтен кейін оқушыларға санды теңсіздіктер­­ ді жұппен құрастыртып, ламинатталған беттерге жаз­ғы­­зыңыз. Жазған теңсіздіктерін өзара тексеру үшін ламинатталған беттерді жоғары көтертіңіз. Сыныптағы барлық оқушыларға бір-бірінің жұмыс­ тарын өзара салыстыра отырып тексеруге жағдай жасаңыз.


Жауабы:

50 кг < 60 кг;


60 кг > 50 кг.


Шығарып көр. Оқушыларға тапсырманы топ­пен орындауды ұсыныңыз. Оқушылар тапсырманы оқып, мазмұнымен танысады. Сұраулы сөйлемді бөліп алып, осы сұраққа жауап іздейді. Оқушылар жауаптарын ламинат­талған­ бетке жазады. Екі таңбалы сандарды салыстыру кезінде санның разрядтық құрамына көңіл бөлу керектігін ескертіңіз. Мәтінмен жұмыс қиынға соққан топтарға көмек ұйымдастырыңыз. Оларға суретке сүйеніп шешім қабылдауды ұсыныңыз.


Жауабы:

12 кг > 10 кг (2 кг артық);


10 кг < 12 кг (2 кг кем).


Орындап көр. Оқушыларға осы айдармен берілген тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Санды теңсіздік тура болу үшін қандай белгілер қоюға болатынын анықтатыңыз. Тапсырманың әр қатарында берілген теңсіздікке кері теңсіз­дік­ құрастыртыңыз. Топ ішіндегі жұптарға бір-бірінің жұмыстарын салыстыру арқылы өзара тексеруді ұйымдастырыңыз.


Жауабы:

12 кг < 14 кг;


14 кг > 12 кг.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Оқушылармен ойын ұйымдастырыңыз. Ойын­ ды өткізу үшін алдын ала әрбір оқушыға арналған “артық, кем, тең” деген тірек сөздер және атаулы сандар жазылған (мысалы: 60 кг т.с.с) парақшаларды дайындап қойыңыз. Әрбір оқушы тірек сөздер жазылған парақшалар арасынан бір сөзді алып, атаулы сандар жатқан қорапқа барып, одан екі парақшаны таңдап алуы тиіс. Осы парақшалардағы тірек сөзді оған сәйкес белгімен­ ауыстырып, санды теңсіздік құрауы тиіс. Ойын барысында әрбір оқушыны тыңдауға тырысыңыз.

Қандай кіртастарды таңдау керек. Оқушылар 3 + 2 < 3 + х теңсіздігін құрады. Егер қажетті есеп­ теулерді­ орындаса, ол массасы 2 кг-нан артық кіртас­ тарының дәл келетінін табады да, жұмыс парағындағы 3 кг, 4 тг,

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

салыстыру белгілерін шамаларды салыстыруда пайдалануды;

= ”, “ ≠ ”, “ < ”, “ > ” белгілері бойынша шамалар­

арасындағы қатынасты анықтап үйренеді. Оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін

анықтау мақсатында мына сұрақтарға жауап алыңыз:

заттарды массасы бойынша салыстырғанда қандай­ белгілер қолданылады?

Жәшіктегі алмұрттың массасы 16 кг, ал бос жәшіктің массасы 2 кг. Осы заттардың массасын салыстырыңдар. Жауабын санды теңсіздік түрінде беріңдер.

Салыстырыңдар: 13 кг және 13 кг; 70 кг және 80 кг; 9 кг және 19 кг. Санды теңсіздіктер құрас­ тырыңдар.





Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Көлем. Өлшеу және салыстыру

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

ұзындық, масса, көлем (сыйымдылық), уақыт шамаларын ажыратады; оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдайды және өлшейді;

ұзындық (см, дм), масса (кг), көлем (сыйымдылық) (л), уақыт (сағ) шамаларының өлшем бірліктерін салыстырады және амалдар орындайды.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

мектеп асханасының бір аптаға арналған ас мәзірі;

атаулы сандар жазылған парақшалар (әр оқушыға екі парақшадан);

әр оқушыға “артық, кем, тең” деген тірек сөздері жазылған парақша;

ламининатталған қағаз және маркер.

Тірек сөздер

Масса. Өлшеу және салыстыру

Сабақтың мақсаты:

> ” және “ < ” таңбаларын массаны салысты­ру кезінде­ пайдалана білуге үйрету; заттарды массасы­ бойынша тиісті өлшем бірліктерін (масса, кг) пайда­­­ ланып салыстыру дағдысын дамыту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Заттарды массасы бойынша бірдей өлшем бірлік­ термен­ салыстырғанда екі таңбалы санның құра­ мындағы ондықтарды салыстырады. Ондықтары бірдей­ болса, бірліктерін салыстырады.

Сабаққа арналған ескертпелер

Кіріспе тапсырма. Оқушыларға мектеп асха­ насына массасы бойынша қанша азық-түлік керектігін есептеуді тапсырыңыз­. Ол үшін асхананың ас мәзірін алыңыз. Дүйсенбіде­ май жағылған нанды даярлауға 7 кг май кетті. Ал сейсенбіде кекс дайындау үшін 8 кг май кетті. Оқушылардан­ қай күні майдың көп жұмсалғанын сұраңыз. Оларға топта ақылдасып, сұрақтың­ жауабын санды теңсіздік түрінде құрас­ тыруына мүмкіндік жасаңыз. Оқушылардың жауап­ тарын тыңдаңыз­. Бір шаманың екіншісінен артық екенін көрсету­ үшін құрастырған теңсіздіктерін­ де қандай таңбаны­ пайдаланғанын сұраңыз. Зат-тарды массасы және көлемі бойынша салыстырып, нәтижесін санды теңсіздік түрінде жазу үшін “артық-кем” (> және <) белгілерін қолдану керектігін ес­ кертіңіз. Мысалы: 7 кг < 8 кг.

Оқушыларға осы тапсырмаға ұқсас тапсырма орындауды ұсыныңыз. Мысалы, палау әзірлеуге қанша күріш кететінін, таңғы ботқа әзірлеуге қанша қарақұмық немесе тары т.с.с. кететінін табуды ұсы­ ныңыз.

Балуандар. Оқушыларға оқулықта берілген суретке қарап, мынадай сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз:

көк киімді балуан массасы қандай кіртасты көтерді?

Қызыл киімді балуан массасы қандай кіртасты көтерді?

Балуандардың қайсысы массасы ауыр кіртасты көтереді?

Салыстыру таңбаларын пайдаланып санды теңсіздік құрастыр. Сен неше теңсіздік құрастыр­­ дың?

Диалогтен кейін оқушыларға санды теңсіздіктер­­ ді жұппен құрастыртып, ламинатталған беттерге жаз­ғы­­зыңыз. Жазған теңсіздіктерін өзара тексеру үшін ламинатталған беттерді жоғары көтертіңіз. Сыныптағы барлық оқушыларға бір-бірінің жұмыс­ тарын өзара салыстыра отырып тексеруге жағдай жасаңыз.

Жауабы:

50 кг < 60 кг;

60 кг > 50 кг.

Шығарып көр. Оқушыларға тапсырманы топ­пен орындауды ұсыныңыз. Оқушылар тапсырманы оқып, мазмұнымен танысады. Сұраулы сөйлемді бөліп алып, осы сұраққа жауап іздейді. Оқушылар жауаптарын ламинат­талған­ бетке жазады. Екі таңбалы сандарды салыстыру кезінде санның разрядтық құрамына көңіл бөлу керектігін ескертіңіз. Мәтінмен жұмыс қиынға соққан топтарға көмек ұйымдастырыңыз. Оларға суретке сүйеніп шешім қабылдауды ұсыныңыз.

Жауабы:

12 кг > 10 кг (2 кг артық);

10 кг < 12 кг (2 кг кем).

Орындап көр. Оқушыларға осы айдармен берілген тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Санды теңсіздік тура болу үшін қандай белгілер қоюға болатынын анықтатыңыз. Тапсырманың әр қатарында берілген теңсіздікке кері теңсіз­дік­ құрастыртыңыз. Топ ішіндегі жұптарға бір-бірінің жұмыстарын салыстыру арқылы өзара тексеруді ұйымдастырыңыз.

Жауабы:

12 кг < 14 кг;

14 кг > 12 кг.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Оқушылармен ойын ұйымдастырыңыз. Ойын­ ды өткізу үшін алдын ала әрбір оқушыға арналған “артық, кем, тең” деген тірек сөздер және атаулы сандар жазылған (мысалы: 60 кг т.с.с) парақшаларды дайындап қойыңыз. Әрбір оқушы тірек сөздер жазылған парақшалар арасынан бір сөзді алып, атаулы сандар жатқан қорапқа барып, одан екі парақшаны таңдап алуы тиіс. Осы парақшалардағы тірек сөзді оған сәйкес белгімен­ ауыстырып, санды теңсіздік құрауы тиіс. Ойын

Қосымша тапсырмалар


Салыстыр. Оқушылар шамаларды массасы бойынша сандық теңсіздіктер арасына салыстыру белгілерін қойып салыстыра алады. Тапсырманың екінші бөлігінде оқушылар берілген санды теңсіздікке кері теңсіздік құрады.


Жауабы:

12 кг < 15 кг; 60 кг > 50 кг; 16 кг < 17 кг;

15 кг > 12 кг; 50 кг < 60 кг; 17 кг > 16 кг;

40 кг = 40 кг; 9 кг < 90 кг; 8 кг < 18 кг.

90 кг > 9 кг; 18 кг > 8 кг;


Пияздың массасы қандай?


Оқушылар қосу амалына арналған есепті шығаруы тиіс. Аталған тапсырма оқушылардың ондықтарды қосу дағдысын бекітеді.


Жауабы:

30 кг


Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:


  1. салыстыру белгілерін шамаларды салыстыруда пайдалануды;


  1. = ”, “ ≠ ”, “ < ”, “ > ” белгілері бойынша шамалар­


арасындағы қатынасты анықтап үйренеді. Оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін


анықтау мақсатында мына сұрақтарға жауап алыңыз:


заттарды массасы бойынша салыстырғанда қандай­ белгілер қолданылады?


Жәшіктегі алмұрттың массасы 16 кг, ал бос жәшіктің массасы 2 кг. Осы заттардың массасын салыстырыңдар. Жауабын санды теңсіздік түрінде беріңдер.


Салыстырыңдар: 13 кг және 13 кг; 70 кг және 80 кг; 9 кг және 19 кг. Санды теңсіздіктер құрас­ тырыңдар.


Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өзін-өзі бағалатыңыз.






Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Нысандардың орналасуы және бағыты

Қисық сызық. Тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар

Бақылау жұмысы

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

жазықтықтағы түзу, тұйықталған және тұйық­ талмаған­ қисық, сынық сызықты, қарапайым жазық геометриялық фигураларды (үшбұрыш, төртбұрыш) нүктелі қағазда кескіндейді;


жазық фигураларымен (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигурала­ рымен (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) танысады және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіреді.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

  1. әр топқа арналған сызықтар бейнеленген­ А3 парақтары;

  2. топ сандарына байланысты жіп орамдары;

  3. әр оқушыға арналған А4 қағаздары.


Тірек сөздер

тұйықталған сызық; тұйықталмаған сызық.


Сабақтың мақсаты:

Қисық сызық, тұйықталмаған қисық сызық, тұйықталған қисық сызық ұғымдарын жандандыру, оларды қағазда бейнелеуді үйрену.


Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Қисық сызық көптеген нүктеден тұрады. Оны сызу үшін сызу құралдары қажет емес. Егер бастапқы және соңғы нүктелері сәйкес келсе, онда мұндай қисықты тұйықталған деп атайды, егер сәйкес келмесе — тұйықталмаған.

Кіріспе тапсырма. Геометриялық түсініктерді қай­ талау­ үшін оқушыларға топтық жұмыс ұсыныңыз. Ол үшін әр топқа нүктелер, сызықтар, кесінділер, жазық­ фигу­ралар­ бейнеленген парақшаларды таратыңыз­ және оқушыларға сызықтардың көмегімен (оқушыларға­ бұл сызықтарды қызыл түсті қарындашпен сызуды ұсыныңыз) геометриялық фигураларды топ­қа бөлуді сұраңыз. Содан соң оқушылардан неше геометриялық­ фигуралар тобы пайда болғанын және оның себебін түсіндіріп берулерін ұсыныңыз. Нүк­телер, сызықтар, фигуралар — барлығы 3 топ, бірақ оқушы­лар­ бұдан да артық топтарға бөлуі мүмкін. Мұндай жағдайда­ олардан өз әрекеттерін түсіндіруді сұраңыз. Бұл жағдайда топ саны міндетті емес. Геометриялық фигура­ларды­ бір-бірінен бөліп тұрған қызыл сызықтарға оқушылардың мұқият қарауын ұсыныңыз. Оқушылардан олардың қандай ұқсастығы бар екенін сұраңыз. (Олар қисық сызықтар.) Олардан күнделікті өмірде қисық сызықтарды қайда көргендерін еске түсіруін ұсыныңыз.


Оқушылардан сыныптың бос жеріне жиналуын сұраңыз. Еденге әртүрлі заттар қойыңыз. (Олар орын­ дықтар, кегли және т.б. болуы мүмкін.) Сыныпты төрт топқа бөліңіз. Әр топқа жолдың басын нүктемен бел­ гілеп көрсетіп, жіп орамдарын таратып, кедер­гілердің айналасына жол салып, қайтадан өз орындарына­ оралуын ұсыныңыз. Тапсырманы орындап болған соң оқушылардан жіппен қандай сызықтар салғанын сұраңыз. Олардың жолы бір нүктеден басталып, сол нүктемен­ тұйықталғанына көңіл аударыңыз. Оқушыларға­ мұндай сызықтың қисық тұйықталған сызық екенін хабарлаңыз. Оқулықтағы ережемен таныстыра отырып,­ өз тұжырымыңызды дәлелдеңіз­. Тұйықталмаған және тұйықталған сызықтармен­ осы

тәріздес жұмыс жүргізіңіз.


Қисық сызықтарды тап. Оқушыларға тапсыр­ маны жұпта орындауды ұсыныңыз. Қисық сызықтардың көмегімен қандай суреттер бейнеленгенін талқылауды сұраңыз. Олар тұйықталған ба, әлде тұйықталмаған ба? Осы суреттерді тақтада көрсетіңіз, содан соң қисық сызықтарды­ көрсетуге әр топтан бір оқушы шығарыңыз.


Жауабы:

көл, бұлт, көгершін, жазық фигуралар (үшбұрыш,­ тіктөртбұрыш, шаршы)


Көмектес. Жұптағы оқушылардан қажет жол­ ды тапқан соң шыққан жауаптарын салыстыру үшін көршілеріне бұрылып, басқа жұп құруын сұраңыз­. Содан кейін жауаптары сәйкес келген жұптар қолын жоғары көтереді. Жауабы:


жол — тұйықталған қисық. Кеңістіктік фигуралары


шар, пирамида, куб.


Тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар.


Тапсырмамен өз бетінше танысуды ұсыныңыз. Оқу­ шылардан түсі қандай сызықтарды көріп тұрған­ын­ сұраңыз. Қағазға тұйықталмаған сызық түстерінің­ алғашқы әріптерін жазуды және қағазды жоғары көтеруді сұраңыз, содан соң тұйықталған сызық­ тармен де осы тәріздес жұмыс жүргізіңіз. Егер түсініспеушілік болып жатса, кейбір оқушылардан өз таңдауын түсіндіріп беруді сұраңыз.

Жауабы:

күлгін — тұйықталған. Көгілдір — тұйықталмаған­.

Шығарып көр. Оқушыларға алдымен қисық сызық­ тарды санауды, ал кейін өз жауаптарын жұпта тексеруді ұсыныңыз. Тапсырманы тақтаға іліп қойыңыз, тақтаға қисық сызықтарды көрсетемін­ деген оқушыларды шығарыңыз.

Жауабы:

үш қисық: көгілдір, қызыл, жасыл.

Орындап көр. Сыныпта талқылау ұйымдастыры­ ңыз, оқушылардан өз көзқарасын дәлелдеп беруді, қай сандар қисық сызықтармен көрсетілгенін сұраңыз. Ал әріптер ше

Жауабы:

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Оқушыларды сызықтар сипаттамасында “тұйық­­ талған сызық, тұйықталмаған сызық” тірек сөздерін­ қолдануға жаттықтырыңыз. Оқушылардан­ сызық­ тардың неліктен тұйықталған және тұйықталмаған­ деп аталатынын түсіндіріп беруін сұраңыз.


Қисық сызықтарды тап. Оқушыларға тапсыр­ маны өз бетінше орындауды ұсыныңыз. Тапсырма­ ны тексеруді сергіту сәтімен байланыс­тырыңыз­. Оқушыларға тұйықталмаған сызықты қолдарын­ екі жаққа ашып, ал тұйықталған сызықтарды қолдарын­ қапсыра ұстап жауып көрсетуді ұсыныңыз.

Жауабы:

таулар — тұйықталмаған қисық, өрмек, тоған — тұйықталған қисықтар.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:


  1. Басқа сызықтардан қисық сызықтарды ажыратады­.


  1. Тұйықталған және тұйықталмаған сызықтарды ажырата алады.


  1. Тұйықталған және тұйықталмаған сызықтарды қағазда бейнелей алады.

Оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:

қисық сызықты бейнелеу үшін сызғыш керек пе?

Қисық сызықтың басы мен аяғы бар ма? Мыналарды сызып көрсетуді сұраңыз:

а) тұйықталмаған­ қисық сызықты; ә) тұйықталған қисық сызықты.


Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өзін-өзі бағалауды ұйымдастырыңыз.





Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Түзу. Кесінді. Сынық сызық

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  1. геометриялық фигуралар (нүкте, түзу, қисықтар, сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле) туралы түсінігі болады және оларды ажырата біледі.


  1. берілген ұзындық бойынша кесінді сызады.


Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Түзу. Кесінді. Сынық сызық

Тірек сөздер

түзу;


кесінді; тұйықталған сынық сызық;


тұйықталмаған сынық сызық.

Сабақтың мақсаты:

  1. жіп;


  1. екі қыстырғыш;


  1. әр жұпқа А4 қағаздары;


  1. әрбір оқушыға жез немесе алюминий сымдары­ның­ бөліктері.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Түзу, кесінді, сынық сызықты түсіндіру, олардың ерекшеліктерін көрсету және жазық­тықта бейнелей білуге үйрету.

Түзу бір сызықтың бойында орналасқан көптеген­ нүктеден тұрады. Түзудің басы мен аяғы болмайды. Бір нүкте арқылы шексіз көп түзулер жүргізуге болады. Екі нүкте арқылы тек бір ғана түзу жүргізуге болады. Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігін кесінді деп атайды. Ал нүктелерді кесіндінің ұштары дейді.


Сынық сызық — бұл геометриялық фигура, оны құрайтын кесіндінің алғашқысының соңы екіншісінің басы, екіншінің соңы үшіншінің басы және т.с.с. жалғас­ қан кесінділерден тұрады. Сынық сызықты құрайтын­ әрбір кесінді сынық сызықтың буыны болып табылады. Әр буынның соңы сынық сызықтың­ төбесі болып табылады. Түзу, кесінді, сынық сызықты­ салуда сызғыш қолданылады.


Кіріспе тапсырма. Оқушыларға сыныптың немесе­ дәліздің бос жерінде ойын ойнауды ұсыныңыз­.

Нүктелер” ойыны.


Көз алдарыңа елестетіңдер. Сендер нүктесіңдер­. Бір-бірлеріңе жақын тұрыңдар.


Қандай фигура шықты? (Сызық.)

Сендер қандай сызықтарды білесіңдер? (Тұйықталған­ қисық және тұйықталмаған қисық.) Шетте­ тұрған оқушыларға жіпті ұстатып, оны тартып тұруды сұраңыз.


Оларда қандай сызық шықты? (Түзу.)

Егер, біздің жібіміз бітпесе, сызықты әрі қарай жалғастыра беруге бола ма?


Оқушыларға түзудің басы мен аяғы болмайтыны туралы тұжырым жасатыңыз. Оларды оқулықтағы ережемен таныстырыңыз.


Түзу сызықтарды сана. Оқушыларға өз бет­ терінше түзулерді санап, қанша түзу санаса, қол­ дарындағы сонша саусақты көрсетуді ұсыныңыз. Олардың қандай түспен бейнеленгенін сұраңыз. Қосымша мынадай сұрақтар қойыңыз:

суретте қандай сызықтар бейнеленген?

Олар қалай аталады?



барлық кесінділерді тауып, оларды атауды ұсы­ ныңыз. Қай кесіндінің ұзын екенін сұраңыз. Қосымша­ сұрақтар қойыңыз:


АС кесіндісі қандай кесінділерден тұрады?

Ең қысқа кесінді қайсы?


Жауабы:


үш кесінді: АВ, АС, ВС. Ең ұзыны: АС.


Оқушыларға жіңішке таяқшаны көрсетіңіз. Олар­ дан таяқшаны кесінді деп санауға бола ма?” — деп сұраңыз. (Иә, оның екі ұшы бар). Одан кейін таяқшаны сындыруды ұсыныңыз. Сосын не істеген­дерін­ сұра­ ңыз. (Таяқшаны сындырдық.) Оқушыларға мате­ матикада бұл фигураны сынық сызық деп атайтынын айтыңыз. Оқушыларға өз бетінше жұмыс жасау үшін жез немесе алюминий сымдарының бөліктерін қолдануды ұсыныңыз. Алдын ала әрбір оқушыға жез немесе алюминий сымдарының бөліктерін дайындап қойыңыз.


Нұсқаулық бойынша жұмыс жасауды ұсыныңыз.


  1. Сымды екі жерден бүгіңдер де, шыққан гео­ метриялық фигураны атаңдар.


  1. Осы сынық сызық бөліктерін санаңдар. Олар қалай аталады?


  1. Сынық сызықтың ұштарының санын санаңдар.


  1. Сынық сызықтың екі ұшын бір-біріне қосыңдар. Қандай сынық сызық пайда болды?


Оқушыларды оқулықтағы ережемен таныстыры­­ ңыз. Сынық сызықтың буынының бір ұшы екіншісінің басы болатынына оқушылардың назарын аударыңыз.


Шығарып көр. Оқушыларға жұппен жасалатын жұмыс ұсыныңыз. Тапсырманы жұпта талқылаған соң тақтаға шығып жұмысты сыныптағы оқушыларға айтып беруге шақырыңыз­. Қосымша тапсырмалар беріңіз: 1) қай сынық сызықтың буыны басқаларға қарағанда артық; қайсынікі басқаларға­ қарағанда кем? 2) қай сынық сызықтардың буындарының саны бірдей?


Орындап көр. Оқушыларға топта талқылауды ұсыныңыз. Содан соң әр топтан суреттердің біреуін талдауын сұраңыз. Олардан суреттен қандай сызықтарды көргенін сұраңыз.


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Оқушыларды тірек сөздерді және “түзу, кесінді, кесіндінің ұзындығы, тұйықталған сынық, тұйық­ талмаған сынық, сынықтар буыны, сынық­тардың ұштары” сөз тіркестерін оқулықтағы суреттермен­ жұмыс істегенде және белсенді жұмыс түрін­ жүргізгенде қолдануға жаттықтырыңыз.

Түзулер. Оқушылардан т үзудің ұштары болатынын болмайтынын сұраңыз. Берілген нүктелерде шектелмей, әрі қарай созылған түзулерді­ көрсететін үлгіні ұсыныңыз. Оқушыларға тапсырманы орындауға уақыт беріңіз. Сызғышпен жұмыс істеуге дағдыланбаған оқушыларға көмек көрсетіңіз. Оқушылардан оларда неше түзу пайда болғанын сұраңыз. Осы нүктелер арқылы тағы түзулер сызуға бола ма? Неге?

Кесінділер. а) Оқушыларға түзу бойында ретімен­ үш нүкте салуды және оларды әріптермен белгілеуді ұсыныңыз. Кесінділерді өз бетінше сана. Кейбір оқу­ шылардан­ тақтадағы кесінділерді көрсетуді және олардың атауын сұраңыз. (Үш кесінді.)

ә) Тапсырманы рет-ретімен біртіндеп орындауды ұсы­ныңыз. Оқушылардың сызғышты дұрыс қоюын қадағалаңыз­. Содан соң жұпта өзара тексеруді ұсыныңыз.

Сынық сызықты жинақта. Оқушыларға алдын ала сынық сызықтың алғашқы буынының ұшы екінші буынының басы болатынын ескертіңіз, ал тұйық­ талған сынық сызықтың екі ұшы бір -бірімен сәйкес келетінін айтыңыз. Тапсырманы өз бетінше орын­ дауды ұсыныңыз. Сызғышпен жұмыс істеуге қиналатын­

оқушыларға көмек көрсетіңіз.

Сызықтар. Бұл тапсырма тез жұмыс жасайтын оқушыларға қосымша ретінде берілген. Сондай-ақ бұл тапсырманы үй жұмысы ретінде ұсынуға болады.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

түзу, кесінді, қисық, сынық сызықты ажырата біледі;

тұйықталған және тұйықталмаған сынықтарды ажырата алады;

түзу, кесінді және сынық сызықтарды сала алады­.

Оқушыларға мына сөйлемдерді аяқтауды ұсы­ ныңыз:

екі нүкте арқылы тек қана ________ түзу жүргізу­ ге болады;

кесінді — бұл екі жағынан ________ түзудің бір бөлігі;

сынық сызықтардың құрамы — бұл ___________ .

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өзін-өзі бағалауды ұйымдастырыңыз.





Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Кесінділерді өлшеу. Фигураларды салу

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  1. берілген ұзындық бойынша кесінді сызады;


  1. нүктелі қағазда жазықтықтағы қарапайым жазық фигураларды (үшбұрыш, тіктөртбұрыш) сызады.


Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

  1. сызғыш;


  1. қарындаш;


  1. альбом парағы;


  1. геометриялық фигуралар қалыптары;


  1. GeoGebra бағдарламасы.

Тірек сөздер

Кесінділерді өлшеу. Фигураларды салу

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың геометриялық фигураларды және торкөзді беттерге кесінділерді сала білу дағдыла­ рын қалыптастыру. Кесіндінің ұзындығын өлшей білу дағдысын бекіту.


Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабаққа қатысты деректі материалдар­


Оқушылар торкөзді бетте бағдарлай білуге үйренеді және жазық геометриялық фигураларды салады. Бұл сабақ қағазға фигураларды салуға алдын ала дайындық болып табылады.



Кіріспе тапсырма. Сызықтар және жазық гео­ метриялық фигуралар туралы білімдерін жаңғырту үшін мынадай жұмыс жүргізіңіз. Сыныпты топтар­ ға бөліңіз. Әрбір топқа жіптің бір бөлігін таратып беріңіз. Оқушыларға оның көмегімен қисық және сынық сызықтарды көрсетуді сұраңыз. Біз түзу және қисық сызықтардың ұзындықтарын өлшей аламыз ба? Жауаптарын түсіндіруді сұраңыз. Содан кейін жіпте екі түйіншек түйіңіз де, жіпті әр жаққа тартуды­ ұсыныңыз. Мынадай сұрақтар қойыңыз:

Қандай фигура алдыңдар? (Кесінді.)

Сендер қалай ойлайсыңдар, неге оны кесінді деп атайды?


Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз және тап­ сырманы жалғастырыңыз. Осы түйіншектері бар жіптің­ көмегімен қисық сызықты көрсетуді сұраңыз.


Түйіншектер арасындағы жіптің бөлігін нұсқап, мына сұрақты қойыңыз:


Сендер бұл фигураны қалай атар едіңдер? (Қисықтың кесіндісі.) Неліктен?

Біз түзудің кесіндісінің және қисық сызықтың кесіндісінің ұзындығын өлшей аламыз ба? Сендер қалай ойлайсыңдар? Неліктен?


Кесіндінің ұштары болғандықтан өлшеуге­ бола­ ды деген қорытындыға келтіріңіз. Содан кейін тапсырманы­ жалғастырыңыз. Жіптен тіктөртбұрыш­ құрастыруды сұраңыз. Төрт оқушы жіптің ұштарын байлап және оны төрт жерден ұстап тұра алады. Сосын оларға мына сұрақты қойыңыз: “Неліктен сендер тіктөртбұрыш құрастырдық деп ойладыңдар?”


Оқушылар тіктөрбұрыштың қабырғаларының қасиеттері­ туралы білімдерін жаңғыртып, тіктөрт­ бұрыштың­ қарама-қарсы қабырғалары тең деген шартты орындағандарына көздерін жеткізе алады.


Осы сияқты жұмыстарды шаршы мен үшбұрышты құрастыру­ үшін де орындаңыз. Оқушылар тік­ төртбұрыштың­ бұрыштары тік бұрыш екенін біл­ мейтін болғандықтан (“тік бұрыш” ұғымы әлі енгі­ зілген жоқ), олар параллелограмм немесе ромб құрастырып қоюлары мүмкін. Ондай жағдайда түзету­ жұмыстарын өткізіңіз. Қатырма қағаздан жасалған­ бірдей шаршыларға бөлінген тіктөртбұрыштың үлгі­ сін көрсетіңіз.


Торкөздер фигураның қисайып кетпеуін бақы­ лауға мүмкіндік беретіндіктен, торкөзді қағазға тік­ төртбұрышты­ салу ыңғайлы екенін айтыңыз. Тіктөрт­ бұрыштың үлгісін тіктөртбұрыштың, шаршының­ үстіне салып фигуралардың қисаюын тексеріп­ көруге болады. Оқушыларды орындары бойын­ша қозғап, фигураны түзетіңіз.


Егер тапсырманы деңгейлік тапсырма үшін қиын­ дату керек болса, үшбұрышты құрастыру кезінде:

  1. тіктөртбұрыштың жартысын;

  2. шаршының жартысын, яғни үшбұрышты сызуды­ ұсыныңыз.


Тапсырманың дұрыс орындалғанын қатты қағаздан­ жасалған үлгіні тік бұрышқа қойып тексеріп көріңіз­.


Оқушыларға сабақта кесіндінің ұзындығын өл­ шейтінін­ және жазық фигураларды құрастыратынын хабарлаңыз.


Сызып көр. Тапсырманы орындату кезінде дәптердің­ торкөздерін пайдаланып берілген фигу­ раларға тең фигуралар сызуды тапсырыңыз. Әр оқушы­ жеке орындауы тиіс. Себебі әр оқушы фигу­ раны сызып үйренуі тиіс. Оқушыларға геометриялық­ фигураларды сызуды дәптер торкөздерін санау арқылы немесе үлгіні басшылыққа алып орындауды ұсыныңыз. Өзіңіз интерактивті тақтада салып көрсетіңіз. (Интерактивті тақта болмаған жағдайда­ тақтаға торкөздерді алдын ала сызып дайындап­ қойып, сонда көрсетуіңізге болады.)

Тышқанның іні. Берілген тапсырмада тыш­ қанның ініне баратын барлық жолдардың ұзынды­ ғын өлшеп, олардың ішінен ең қысқасын анықтау­ керек. Бұл тапсырманы орындау үшін жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушылар ұзындықты өлшейді де, оларға қандай ұзындықтағы кесінді сызу қажет­ тігін бірлесе шешеді. Дұрыс не қате сызғанын өзара тексеру арқылы анықтайды.

Орындап көр айдарымен берілген тапсыр­мада әр екі нүктені кесіндімен қосу арқылы неше үш­ бұрыш алуға болатынын тапқызыңыз. Тапсырманы жұппен орындатыңыз. Оқушылардың әр жұбы­на тіктөртбұрыштар сызылған бірдей парақтар тара­ тып беріңіз. Тапсырмаларды нұсқаулық бойынша тізбектеп­ орындауды сұраңыз. Орындап болған соң әр жұпқа өз парақтарын тақтаға ілуді сұраңыз­. Бұдан олар бірдей фигуралардан жаңадан әртүрлі­ фигуралар құрастыруға болатынын көреді. Деңгей­­ лік тапсырма ретінде оқушыларға торкөзді қағаздан қиып алынған үшбұрыштардан құрастырылған жаңа фигураларды салуды ұсынуға болады. Бұл тапсырма қабілеті жоғары оқушыларға беріледі.


Фигураларды сыз. Оқушыларға фигуралар салуды­ торкөздерге бөлінген бөліктерде орындату арқылы жаттықтырыңыз. Егер фигураларды салуды а)-дан ғ)-ға дейін орындаса, онда бұл қарапайымнан­ күрделіге­ қарай орындау болып саналады. Сондық­ тан тапсырманы жеке немесе жұппен орындау кезінде фигураны оқушылардың дайындықтарына­ қарай бөлуіңізге болады. Егер бұл тапсырманы топпен орындаса, онда жұмысты жарыс түрінде ұйымдастыруға болады: топтар фигураны сызады, оны қиып алады. Оларға топтың атын жазады және дұрыстығын тексереді. Тексеру үшін тақтаға оқушылардың қолындағыдай фигураның үлгісін бекітіңіз. Оқушылар тақтаға келіп, қиып алынған фигураны үлгіге қойып тексереді. Егер дәл келсе, жасағандары дұрыс деп есептеліп, топ ұпай алады. Қиып алынған фигураға топтың аты жазылып, тақтаға ілінеді. Осы сияқты жұмысты әр фигурамен жасатыңыз. Жарыстың нәтижесін тақтаға ілінген фигуралар санына және әрбір топтың тапсырманы орындау жылдамдығына қарай қорытындылауға болады.


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Оқушылардың математикалық тілін дамыту мақсатында сабақ үстінде математикалық тірек сөздерді дұрыс қолданған оқушыларды ынталан­ дырыңыз, олардан өз әрекеттерін түсіндіріп, жауап­ тарын дәлелдеп беруді сұраңыз.


Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

геометриялық фигуралар сызады, торкөздерді санау арқылы олардың орналасуы, бағыты және қоршаған­ орта заттарына дейінгі қашықтықты анықтауды біледі.

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру мақсатында сұрақтар қойыңыз:

үшбұрышты қалай салуға болады?

Үшбұрыштың шаршы мен тіктөртбұрыштан қандай айырмашылығы бар?

Мына пікірлердің қайсысы дұрыс пікір деп ойлайсың?

1. Кез келген тіктөртбұрыш — бұл шаршы. Нелік­ тен?

2. Кез келген шаршы — бұл тіктөртбұрыш. Нелік­ тен?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша оқушылар өзін-өзі бағалайды.





Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Нүктелі қағазға фигураларды сызамыз

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  1. жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастырады;


  1. қарапайым жазық геометриялық фигураларды (үшбұрыш, төртбұрыш) нүктелі қағазда кескіндейді.


Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

  1. шаршы салуға арналған нұсқаулық жазылған парақшалар;


  1. тікбұрыш салуға арналған нұсқаулық жазылған парақшалар;


  1. үшбұрыш салуға арналған нұсқаулық жазылған парақшалар;


  1. нүктелі қағаз;


  1. қайшы.

Тірек сөздер

нүктелі қағаз.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды нүктелі қағазда бағдарлау дағды­ ларын қалыптастыру, тіктөртбұрыш, шаршы және үшбұрыш­ сызуды үйрету.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Нүктелі қағаз — 1-сынып оқушысының жазық фигураларды­ салуына арналған құрал. Ол нүктелі жазықтық болып табылады, ондағы нүктелер бірінің астына бірі баған және жол түрінде орналасады. Оқу­ шылар осындай қағазда бұрыштары тік фигураларды­ қиналмай сала алады. Бұл сабақта қатар тұрған көршілес екі нүктенің арақашықтығы 1 сантиметрге тең қағаз қолданылады.

Кіріспе тапсырма. Оқушыларға мынадай жұмыс ұсыныңыз. Қазір олардың нүктелі қағазға тік­төрт­ бұрыш салатынын хабарлаңыз. Орындап болған­ соң барлығына қағаздарын жоғары көтеруді және оларда бірдей фигуралардың шыққан-шықпағанын салыс­ тыруды сұраңыз. Яғни, сан туралы ешқандай мәлімет берілмегендіктен, оларда қабырғалары әртүрлі тіктөртбұрыштар шығуы мүмкін. Неге бұлай шыққанын­ сұраңыз. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Содан соң әңгіме жүргізіп, бірдей нәтиже алу үшін ортақ нұсқаулық қажет деген тұжырымға әкеліңіз.


Бүгін олар нүктелер арқылы фигураны сызаты­ нын, яғни нүктелі қағазбен жұмыс істейтінін хабар­ лаңыз. Оқушыларға нақты көлемдегі фигураларды салу үшін нүктелерді санап, бағыттарды анықтап алу керек. Тақтаға нүктелі торды іліп, фигуралардың­ құрылымын анимация түрінде көрсетіңіз. Өлшемдері әртүрлі бірнеше тіктөртбұрыштарды көрсетіңіз. Фигураларды салыстыруды ұсыныңыз,­ олардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтатыңыз­. Осылайша шаршылармен және үшбұрыштармен­ жұмыс жүргізіңіз. Оқулық пен дәптерде берілген тапсыр­маларды­ орындата отырып, сабақтың тақы­ рыбын бекітіңіз.


Нүктелі қағазға тіктөртбұрыш сал. Нұсқаулық­ ты ретімен орындай отырып, оқушылар нүктелі­ қағаз­ да тіктөртбұрышты сызуды үйренеді. Тапсырманы­ орындау барысында оқушылар тіктөртбұрыштың­ қабырғаларының қасиеттері туралы білімдерін­ нақтылай түседі. Бұл тапсырманы жұпта орындауды ұсыныңыз. Оқушылардың біреуі тиісті нұсқаулықты ретімен айтып отырады. Екінші оқушы нүктелерді санайды және фигураларды салады. Кейін рөлдерімен ауысуды сұраңыз. Ол үшін шаршы салудың нұсқаулығы жазылған парақшаның біреуін таңдап алу қажет.


Нүктелі қағазға үшбұрыш сал. Оқушылар нұсқаулықты ретімен орындай отырып, нүктелі қағазда үшбұрыш сызуды үйренеді. Бұл тапсырманы жұпта орындауды ұсыныңыз. Оқушылардың біреуі тиісті нұсқаулықты ретімен айтып отырады. Екінші оқушы­ нүктелерді санайды және фигураларды салу­ ды орындайды. Кейін рөлдерімен ауысуды сұраңыз­. Үшбұрыш салу үшін нұсқаулық жазылған парақшаның біреуін таңдап алу қажет.

Орындап көр. Бұл тапсырманы орындау үшін топтық жұмыс ұйымдастырыңыз. Сыныптағы бір топ (сыныптың жартысы) тіктөртбұрышты салуға арналған нұсқаулықты жазса, екінші топ шаршы салуға арналған нұсқаулықты жазуы тиіс. Құрылған нұсқау­­ лықты парақшада безендіруді сұраңыз. Олардың тапсырманы дұрыс орындағанын тексеру үшін топтарға парақшалармен ауысуды және берілген өлшемдер арқылы фигураның дұрыс шығатынын тексеруді ұсыныңыз.


Нүктелі қағазға төмендегі фигураларды сы-зып көр. Бұл тапсырманы орындай отырып, оқу­ шылар­ нүктелі қағазда фигураларды сызу дағдысын­ бекітеді. Тапсырмада нұсқаулық берілмейді, оқушы-лар өздігінен нүктелі қағазда шамамен, нүктелердің арақашықтығын санайды және нақты фигураны алу үшін кесінділер қояды. Бұл тапсырманы түрлі форма­ да өткізуге болады: топпен, жұппен немесе жеке. Сондай-ақ мұны тексеру жұмысы ретінде ұсынуға болады: нүк­телі қағазда салынған фигураларды тақтаға бекітіп­ қойыңыз. Оқушылар тексеру кезінде өз фигура­ларын­ қиып, қағазда бекітілген фигураға беттестіру қажет. Егер фигуралар сәйкес келсе, онда ол дұрыс сызылған.

Ойлан. Оқушыларға жұптарымен бірігіп, беріл­ ген нүктелер бойынша барлығы қанша тіктөртбұрыш­ салуға болатынын анықтауды ұсыныңыз.


  1. Шаршы да тіктөртбұрыш деп есептелетінін.


  1. Берілген нүктелердің тіктөртбұрыштардың бұрыштары екенін.


  1. Барлық нүктені бір мезетте пайдалану міндетті емес екенін алдын ала айтып қою керек.


Жауабы:


6 тіктөртбұрыш.



Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Сабақ барысында оқушылар талқылауға қатысып,­ тыңдап, сұрақтарға жауап береді. Математикалық­ терминдерді немесе тірек сөздерді дұрыс айт­ пайтын оқушыларды бақылап, оларға түзетулер жасап отырыңыз. Терминдерді дұрыс қолдану мен нұсқаулықты түсіну оқушылардың математикалық тілін дамытатын болады.


Суреттегі фигураларға ұқсас фигураларды сызып көр. Тапсырма оқушының жеке орындауына берілген. Нүктелі қағазда берілген фигураның қасы­ на сондай фигураны сызуы тиіс. Тапсырма сыныпта­ орындалған басқа тапсырмалардан өзгеше, фи­ гураларда қисық сызықтар бар, яғни фигураның бар­ лық қабырғалары бір-бірімен тік бұрыш жасап бай­ ланыспаған. Өйткені оқушылар нүктелі қағазда жақсы бағдарлай алады, нүктелерді нақты санай алады және берілген нүктеден дұрыс бағыттарды таңдап алады.


Құлтемір. Шығармашылық қабілетті дамытуға­ арналған тапсырма. Оқушылар нүктелі қағазда­ тік­ төртбұрыштарды, шаршылар мен үшбұрыштарды­ сала отырып, құлтемірді сыза алады. Тапсырманы орындап болған соң жұмыстар көрмесін­ ұйымдастырыңыз. Оқушылар өздерінің сыныптастарының жұмыстарын көреді және оларды­ салыстырады, осы ретте олардың айтқан пікір­лері сізге қалыптастырушы бағалауды жүргізуге көмектеседі.


Бағалау

Оқушылардың жұмыстарын бақылай отырып, олардың­ сабақтың тақырыбын, нүктелі қағазбен жұмыс істеу дағдыларының қаншалықты дамығанын анықтап,­ бағалай аласыз. Мұндай бақылау оқушы­­ лардың­ топта тапсырмаларды орындауға қатысуын, өздерінің­ жетістіктері мен мүмкіншіліктерін­ бағалау деңгейін анықтауға мүмкіндік береді­. Сабақта үйренген дағдыларын орындалған жұмысына­ қарап бағалаңыз.


Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша оқушылар өзін-өзі бағалайды.






Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Фигураларды салыстыру

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

геометриялық фигуралар арасындағы негізгі қатынастарды (үлкен—кіші, жоғары—төмен, кең—тар, жуан—жіңішке, қалың—жұқа) анықтайды;

заттардың орналасуын, бағыттарын және арақашықтықтарын анықтайтын терминдерді пайдаланады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

  1. сызғыш;

  2. қарындаш;

  3. альбом парағы;

  4. геометриялық фигуралардың үлгілері;

  5. геометриялық фигуралар салынған домино па-рақшалары;


  1. GeoGebra бағдарламасы.

Тірек сөздер

жуан — жіңішке; биік — аласа; кең — тар; үлкен — кіші.

Сабақтың мақсаты:

Геометриялық фигуралар арасындағы негізгі арақатынасты түсіндіру және қолдану, айналадағы заттармен байланыстыра салыстыру (үлкен — кіші, жоғары — төмен, кең — тар, жуан — жіңішке).


Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Геометриялық фигуралар арасындағы негізгі арақатынасты түсіндіру және қолдану, айналадағы заттармен байланыстыра салыстыру (үлкен — кіші, жоғары — төмен, кең — тар, жуан — жіңішке).


Сабаққа қатысты деректі материалдар


Сабақ геометриялық фигуралар арасындағы негізгі арақатынастарды түсінуге, тәжірибеде қолдануға бағытталған. Үлкен — кіші, жоғары — төмен, кең — тар, жуан — жіңішке сөздерін пайдаланып фигураларды салыстырып, айырмашылығы мен ұқсастықтарын анықтап жаттығады. Геометриялық материалдармен жұмыс істеу балалардың ойлауын, тапқырлығын, шығармашылығын дамыта түседі. Оларды ойлауға итермелейді. Геометриялық фигураларды ерекшеліктері бойынша салыстыру жұмысы сабақта ойын арқылы іске асырылады.


Сабаққа арналған ескертпелер


Кіріспе тапсырма. Сабақты “Домино” ойынымен бастаңыз. Сынып оқушыларын топтарға бөліңіз. Топтарға әртүрлі геометриялық фигура түрлері, өлшемдері және түстері (үшбұрыштар, шаршылар, дөңгелектер және тіктөртбұрыштар) бойынша арнайы жасалған домино тастарын таратып беріңіз. Бұл фигуралардың кескінделуі бойынша оқушылар ойын барысында сабақтың тірек сөздерін қолдануы тиіс. Оқушылар ойын барысында домино тастарын түскен доминоға бірдей жұп табылатындай етіп орналастыру керек, оларды кішілігіне, жуан—жіңішкелігіне, ұзын— қысқалығына қарай жинайды. Бірдей фигураларды көз мөлшерімен салыстырып (үлкен — кішілігіне, жуан — жіңішкелігіне, биік —аласалығына) қойылу ретін анықтайды. Сыныпты аралап, оқушылардың тапсырманы талдауын тыңдаңыз. Қай топтағы оқушылардың барлығы тапсырманы талдауға түгел қатысқанын бақылаңыз. Оқушылардың ой-пікірін тыңдап, қорытындылаңыз.

Домино тастарын жинауды аяқтап, қорытынды жасаған соң, әртүрлі белгілеріне қарай сынып­ тағы, қоршаған ортадағы заттарды жуан—жіңішке, үлкен—кіші, кең—тар белгілеріне қарай сипаттап салыстыртыңыз. Фигураларды салыстыру дағдысын оқулықтағы “Жолақтарды салыстыр” тапсырмасын орындаумен бекіте түсіңіз.

Жолақтарды салыстыр. Бұл тапсырмада жолақ­ тардың бір-бірінен қандай айырмашылығы барын және олардың орналасуын анықтатыңыз. Тапсырманы жұппен орындатыңыз. Берілген сұраққа оқулықтағы сөздер мен суретті байланыстыра отырып, жұппен ақылдасып жауап беруді ұсыныңыз.

Жауабы:

оқушылардың жауаптары мынадай болуы мүмкін:

қызыл жолақ жіңішке, ол жоғарыда тұр;

жасыл мен көк жолаққа қарағанда ұзын;

жасыл жолақ жуан (жалпақ), ол қызыл жолақтан төмен тұр;

көк жолақ жасылдан жіңішке және ұзын;

көк жолақ қызыл жолақтан жуан (жалпақ) және қысқа т.с.с.


Заттарды әртүрлі белгілері бойынша салыс­ тыр. Тапсырмада заттарды әртүрлі белгілері бойынша салыстыру және өз мысалын келтіру көзделеді. Оқушылар тапсырманы өмірден тікелей мысалдар келтіре отырып орындайды. Тапсырманы топпен орындауды ұсыныңыз. Геометриялық фигуралар арасындағы арақатынасты айтқызыңыз. Оқушыларды күнделікті кездестіріп жүрген заттарды салыстырып айтқанда сөздерді дұрыс қолдануға жаттықтырыңыз. Сөздердің мағынасын дұрыс түсіне алмаса, суреттер көрсете отырып түсіндіруге тырысыңыз.


Шығарып көр. Берілген тапсырманы мұқият оқуды ұсыныңыз. Кең—тар, жуан—жіңішке ұғымдарына өмірден бірнеше мысалдар келтіріңіз. Сурет бойынша сұрақтар қойыңыз:


  1. Тар жолмен кім бара жатыр? Неге олай ойлайсың?


  1. Екіншісі ше?

Асан мен Үсенді суреттен көрсет. Асан мен Үсен тұратын үйді қалай анықтауға болады?


Кімнің үйінің есігі кең, кімдікі тар?


Есіктердің кең-тарлығын өлшеп дәлелде.


Орындап көр. Тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Ойлануға уақыт белгілеңіз. Уақыт біткен соң оқушылардың ойын тыңдаңыз. Олардың сызған шаршыларының өлшемін бір-біріне тексертіңіз.


Жауабы:


шаршылардың қабырғаларының ұзындығы: 1 см, 2 см;


Одан әрі тапсырманы тәжірибе түрінде орын­ дауды ұсыныңыз. GeoGebra бағдарламасын тақтада орындатыңыз. Оқушылардың үшбұрышты бір төбесінен тартып созып, үшбұрыш қалпында қалатынына және тіктөртбұрышты бір төбесінен тартып созып, оның өзгеретініне көздері жетуі керек. (Егер GeoGebra бағдарламасы болмаса, жіппен тәжірибе түрінде жасап көрсетуіңізге болады. Үш оқушыға жіптен үшбұрыш жасатыңыз да, олардың кез келген біреуін орнынан қозғатып байқатыңыз. Қандай өзгеріс болғанын оқушыларға айтқызыңыз. Тіктөртбұрышты да сол сияқты жасап көруге болады. Бірақ онда тіктөртбұрыштың өзгеретінін бақылатыңыз.)


Ойлан. Берілген тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Оқушылар берілген заңдылықтар бойынша келесі фигураны анықтайды. Фигуралардың үлкен— кішілігіне, жуан—жіңішкелігіне қарай орналасу ретін анықтатыңыз. Тапсырманы қима фигураларды орналастыру арқылы олардың өздеріне жасатып көріп, қорытынды жасатыңыз.


Жауабы:

1-қатарда — үлкен үшбұрыш;

2-қатарда — кіші үшбұрыш;

3-қатарда — жіңішке тіктөртбұрыш.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Қарама-қарсы мағыналы сөздер” ойынын

ойнатыңыз. Допты оқушыларға лақтырғанда допты

қағып алған оқушы айтқан сөзге мағынасы қарама-

қарсы сөзді айтады.

Үлкен — кіші, ...

Жуан — жіңішке, ...

Ұзын — қысқа, ...


Бағалау

Өлшемі жағынан бірдей фигураларды тап. Оқушылар фигуралардың қабырғаларының ұзындықтарын оның алып тұрған торкөздер саны бойынша анықтап, бір түске бояйды.


Жауабы:


а = ғ; б = г = д; в = ә.


Доптарды боя. Үлкен доп қызыл мен жасылдың ортасында, ал жасыл доп көктің қасында болатындай етіп бояуы тиіс.hello_html_m362d0e1d.jpghello_html_m7f1887a6.jpghello_html_m229f770f.jpg

Кілемдегі оюды боя. Берілген тапсырма бойынша кілемшені бояп, үлкен- кіші ұғымдарын пысықтайды. Кімнің кілемшесі ең әдемі болғанын салыстыртыңыз.





Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Заттардың орналасуы

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  1. заттардың орналасуын, бағыттарын және арақашықтықтарын анықтайтын терминдерді пайдаланады.


Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

  1. тірек сөздер жазылған парақшалар;


  1. суреттер;


  1. түрлі түсті парақшалар, қарындаштар;


  1. қалам;


  1. сызғыш;


  1. өшіргіш;


  1. ойыншық текше;


  1. ойыншықтар.

Тірек сөздер


Сабақтың мақсаты:

Нысандардың орналасуын сипаттай білу дағды­ ларын дамыту үшін оқушылардың сөздік қорына “алдында — артында, оң жағы — сол жағы, жоғарыда


төменде, қатарында, үстінде — астында, ішінде


сыртында, ортасында” сөздерін енгізу. Қоршаған ортада бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру.


Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Оқушыларды кеңістікте заттардың орналасуы мен арақашықтығын бағдарлауда қолданылатын сөздермен таныстыру. Алдында — артында, оң жағы


сол жағы, жоғарыда — төменде, қатарында — ортасында, үстінде — астында, ішінде — сыртында сөздерін пайдалана отырып, тәжірибе жүзінде қоршаған ортадағы заттар мен өздерінің тұрған орындарын бағдарлай білуге жаттықтыру.


Кіріспе тапсырма. Сабақты заттардың орна­ ласуы мен бағытын көрсететін сөзді және сөз тіркесін тәжірибе арқылы түсіндіруден бастаңыз. Ойыншықтарды (қуыршақ, ойыншық жануарлар және т. б.) орналастыру арқылы сабақтың мақсатында қолданылған сөздермен байланыстыра отырып, сөз тіркестерін айтыңыз. Оқушыларға тапсырмалар түрін ұсынып, тиісті сөздерді кімнің қаншалықты білетінін анықтаңыз.

Тапсырма:

  1. қаламды алып партаның үстіне қойыңдар;


  1. қаламның оң жағына сары түсті қарындашты қойыңдар;

  2. сол жағына жасыл түсті қарындашты қойыңдар;

  3. сары түсті қарындаштың жоғары жағына сызғышты орналастыр;

  4. жасыл түсті қарындаштың төменгі жағына өшіргішті орналастыр;

  5. сары және жасыл түсті қарындаштың ортасына қоңыр түсті қарындашты қой.

Осы тапсырманы орындата отырып, оқушының кеңістікті бағдарлауын анықтап алыңыз.

Оқушылардың орнынан тұруын сұраңыз. Өлең жолындағы сөздерге қарай қимылдар жасатыңыз.

Солға, солға, түзу тұр, Оңға, оңға, түзу тұр, Алға қарай бір қадам, Артқа қарай бір қадам, Жоғары-төмен қараймыз.

Орнымызды табамыз. (Оң мен солын анықтай алмаған оқушылармен жеке жұмыс жүргізіңіз).

Қағазбен жеке жұмыс түрін ұйымдастырыңыз. Олардан бір бет қағаздың ортасына нүкте қоюды сұраңыз. Ол нүктені өзінің атының бір әрпін жазып белгілетіңіз. Оқушыларға мынадай әрекеттерді орындауды тапсырыңыз:

Нүктенің сол жағынан тағы бір нүкте белгілеуін сұраңыз. Ол нүктені өзінің сол жағында отырған оқушының атымен немесе өзінің сол жағында орналасқан кез келген бір заттың атының бас әрпімен белгілеуді тапсырыңыз.

Нүктенің астыңғы жағынан тағы бір нүкте белгілеуді ұсыныңыз. Ол нүктені оқушыға өзінің артындағы оқушының немесе заттың атымен белгі­ летіңіз. Осылай оң жақ, алдыңғы жақ, бір қатарда


сөздерімен нүктелерді белгілеп, заттардың орналасу ретін көрсететін өз қартасын жасап шығарады. Бірнеше оқушыға өзінің жазғанын түсіндіріп, айтып беруін сұраңыз. Ал қалған оқушыларға оның жауабын тексеріп отыруын тапсырыңыз.


Осындай әртүрлі іс-әрекеттерді жасап болған соң біздің айналамыздағы заттардың орналасуы туралы сөздерді дұрыс қолданып айтатын болсақ, кез келген адам қай зат туралы айтып тұрғанымызды дұрыс түсініп, оны таба алатынын айтып қорытындылаңыз.

Балықшылар. Оқулықтағы иллюстрация бойынша заттардың орналасуын айтқызыңыз. Оқушыларға сұрақтар қойып, сурет бойынша сөйлетіңіз, мысалы:


Сол жақта томардың үстінде не отыр? Оң жақта


ше?

Жоғарыда нелер көрінеді?

Ағаштың түбіндегі затты ата.

Жоғарыда сол жақ бұрышта не көрінеді? Оң жақта ше?


Төменде оң жақта не отыр?

Ағаштың үстінде не бар?


Шығарып көр. Бұл тапсырманы топтық жұмыс түрінде орындатыңыз. Оқушыларға тапсырмамен танысуды, орындау кезеңдерін бөлуді және рөлдерін өз іштерінде бөліп алуды ұсыныңыз. Топтың әрбір мүшесіне төрт заттың біреуінің суреттің ортасындағы затқа қарағанда қалай орналасқанын анықтауды тапсыруыңызға болады. Осылайша, әрбір оқушы тыңдаушының да, сөйлеушінің де рөлінде болады. Берілген тапсырманы деңгейлік тапсырмаға айнал­ дыру үшін қосымша екі сұрақ ұсыныңыз. Ол сұрақтар ортадағы затқа қарағанда басқа заттардың орналасу бағыты өзгеретіндей сұрақтар беру керек. Тапсырманы орындау барысында оқушылардың қайсысы бағытты жақсы анықтай білетінін, ал кімге көмек пен қолдау қажеттігіне назар аударыңыз.

Орындап көр. Тапсырманы жеке немесе топпен орындатуыңызға болады. Жеке орындаса, әрбір оқушы өзі отырған жерден құлтемірдің есікке дейін жүру бағытын көрсететін нұсқаулық жазады. Нұсқаулықта бүгінгі сабақта қарастырылып жатқан сөздерді пайдалану керектігін ескертіңіз. Мысалы: алға қарай 3 адым, солға қарай бір адым т.с.с. Өз нұсқаулығы бойынша жанындағы көршісін есікке дейін бағыттап жүргізеді. Құлтемір рөліндегі оқушының көзі байланады.


Егер жұмысты топпен орындатсаңыз, әр топтан бір оқушыны құлтемір рөліне қойыңыз. Ол оқушының алдын ала тұратын жерін белгілеп қойыңыз. Қалған оқушылар құлтемірдің есікке дейін жүру нұсқаулығын жасайды. Оқушыларға құрастырған нұсқаулықты ретімен оқытыңыз. Ол нұсқаулыққа сүйеніп қимылдар жасайды. Қай топтың құлтемірі есікке дұрыс, ештеңеге соғылмай жетсе, сол топ жеңімпаз атанады.


Ойлан. Тапсырманы әр оқушыға жеке орында­-тып, өз көршісімен бірге тексеруді ұсыныңыз. Осындай сөйлемді бірнеше оқушыға өз көршілерімен бірлесіп, құрастыртуға болады.


Жауабы:

көжек қонжықтың оң жағында отырады.


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Қарама-қарсы мағыналы сөздер” ойынын ойнатыңыз.


Шарты: мұғалім допты кез келген оқушының біріне лақтырып, тірек сөздің біреуін айтады. Оқушы сол сөзге қарама-қарсы сөзді айтып, допты қайта мұғалімге қайтарады.


Мысалы, мұғалім “алдында” — деп айтса, оқушы “артында” дейдi, ал “жоғарыда” — деп айтса, “төменде” деп айтады т.с.с.


Көлік қозғалысының бағыты. Жүк мәшинесі солға, велосипедші мен мотоциклші оңға бұрылса, олардың бағытының қай жаққа өзгеретінін бағдар сызықпен сызып көрсету көзделеді. Денелердің бағытын көрсету керек болса, онда оқушыларға тапсырма қиындық туғызуы мүмкін. Алайда­ осындай қиындықтарды жеңу оқушылардың кеңістіктік­ ойлауын дамытуда едәуір көмек көрсетеді.


Жаяу жүргіншінің бағыты. Бірінші тапсырманың жалғасын орындауды­ ұсыныңыз. Жүргіншінің қай бағытта қозғалатынын жазғызыңыз. Егер тапсырма сыныпта немесе ұзартылған күн тобында орындалса, жұмысты жұппен салыстырып, өзара тексеруді және нәтижесін талдауды ұсыныңыз.


Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:


  1. заттардың кеңістікте орналасу қалпын салыстыру үшін тірек сөздерді қолдану;


  1. қоршаған ортада бағдарлау дағдысын меңгереді.


Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру үшін қимыл-қозғалыс ойынын ұйымдас-тырыңыз.

Сабақтағы сергіту сәттерінде кеңістікті бағдар­ лауға арналған жаттығулар жасатыңыз.

Оқушылардың атын атап бір-бірден шақыры­ ңыз. Мынадай іс-әрекет жасауларын ұсыныңыз: Мысалы, Алмас Гүлнұр мен Ермектің ортасына тұрады. Жанар ең артына, Назым оның алдына, Серік Беріктің­ сол жағына тұрады т.с.с.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойын­ ша өзін-өзі бағалатыңыз.






Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Бақылау жұмысы

Математикалық марафон

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  1. 20- ға дейінгі сандар тізбегін, ондықтар мен 100-ге дейінгі сандар тізбегін құрастырады;


  1. онға дейінгі бір таңбалы сандарды ауызша қосады және азайтады;


  1. қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешеді;


  1. қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдайды және шығарады;


  1. сәйкестігі мен дұрыстығын анықтауға берілген қарапайым логикалық есептерді шығарады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:


Тірек сөздер

  1. ұлттық ойындар (асық ату, теңге алу, жекпе-жек) бейнеленген суреттер:

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың қосу және азайту, есеп шығару, теңдеу шешу дағдысын одан әрі бекіту, теңдікті, теңсіздікті оқи және тани білу дағдысын пысықтау, логикалық ойлау қабілетін дамыту.


Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Қорытынды сабақ бағдарлама бойынша қарас­ тырылған тақырыптардағы мәселелерге қатысты меңгерілген білімді жинақтап қорытындылау, пы­ сықтау және бір жүйеге келтіруге бағытталған.


Сабаққа арналған ескертпелер


Кіріспе тапсырма. Бүгінгі сабақта оқушылардың білім деңгейін көрсете отырып, білім сайысына түсетінін айтыңыз. Қазақтың ұлттық ойындары арқылы адамдар өздерінің шеберліктерін, ептіліктерін, білектерінің күштерін көрсетіп, жеңіске жеткенін, ал оқушылар білімі арқылы күш сынасатынын ескертіңіз. Әр оқушының дұрыс орындаған тапсырмасына ұпай беріп отырыңыз.


Сабақ ұлттық ойындар негізінде құрылғандықтан, тапсырмаларды орындамас бұрын ұлттық ойындар жайлы қысқаша айтып өтіңіз және оқушылардың өздерінен ол туралы не білетінін сұраңыз.


Кіріспе тапсырма. Сабақты жекелеген бірлік­ термен және ондықтармен санау, екі-екіден санау, өсу ретімен, кему ретімен санатудан бастаңыз. Мысалы:


  1. 20-ға дейін тура және кері ретпен санау;


  1. кез келген саннан бастап санау. 8-ден 19-ға дейін, 20-ден 7-ге дейін т.с.с;

  2. 10-ға дейін екі-екіден тура және кері бағытта санау;


  1. 100-ге дейін ондықтармен санау.


Оқулықта берілген тапсырмамен жұмыс ұйым­ дастырыңыз.


Қане, баста! 50, 90, 10, 5, 70, 20 сандарын алдымен өсу ретімен, сосын кему ретімен атағаннан кейін, осы тапсырма үлгісінде жұппен жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушылар кез келген алты санды қағазға жазады да, қағаздарымен алмасады. Көршісі екеуі бір-біріне жазған сандарды өсу ретімен және кему ретімен айтады. Қай оқушы жаңылмай тез айтса, сол жеңімпаз болады.


Жекпе-жек. Жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Жұптағы оқушыларға жекпе-жекке түсетінін айтыңыз. Жұптағы оқушының қайсысы тапсырманы дұрыс және көршісінен бұрын орындаса, сол жеңімпаз атанады. Сіз сыныпты аралап жүріп, оқушыларды бақылаңыз. Оқушыларға тапсырманы талдатыңыз.


  1. х – 8 = 11 теңдеуіндегі белгісіз не? Оны қалай табады? (Белгісіз азайғышты табу үшін айырмаға азайтқышты қосады.)


  1. 6 + х = 20 теңдеуіндегі белгісіз не? Оны қалай табады? (Белгісіз қосылғышты табу үшін қосын­ дының мәнінен белгілі қосылғышты азайтады.)


  1. 18 – х = 6 теңдеуіндегі белгісіз не? Оны қалай табады? (Белгісіз азайтқышты табу үшін азайғыштан айырманың мәнін азайтады).


Жауабы:

х = 19; х = 14; х = 12.

келесі оқушы 12 + 3 өрнегінің мәнін табады, солай ойын жалғаса береді. Барлық тапсырма дұрыс орындалса, келесі ойынның аты шығады. Оқушылар 19 – 7 + 3 – 2 = 13 мысалдар тізбегін шешеді, жауаптар кестесіндегі Г әрпін 13 санымен сәйкестендіреді. 5 мысалды шешу нәтижесінде БӘЙГЕ сөзі шығуы керек.



Жауабы:


әр қатардан шыққан нәтижелері бойынша әріптерді кестеге орналастырады.

10 11 12 13 14

б ә й г е



Теңге алу. Тапсырманы топпен орындатыңыз. Топтар арасындағы оқушылардың есеп шығарудан күреске түсетінін ескертіңіз. Есептің сызбасы сызылған парақшаларды таратып беріңіз. Оқушыларға есепті мұқият оқып, есептегі сандық мәліметтер мен сұрақ бойынша сызбаны толтырып, есепті топта ақылдаса отырып шығаруды ұсыныңыз. Соңынан тапсырманы өзара тексертіңіз.


Жауабы:

20 – 7 – 3 = 10. Үшінші күні 4 спортшы сайысқа түсті.


Ойлан. Ойын “бәйге” деп аталғандықтан, оқушылар тапсырманы жеке орындайды. Қай оқушы тапсырманы бұрын орындап бітірсе, сол бәйгеден озған болып саналады.


Жауабы:

көмбеге бірінші болып Жарас, екінші Алмас, үшінші Талғат, төртінші Серік, бесінші Олжас келеді.


Орындап көр. Тапсырманы “Көкпар” ойынының желісінде топпен орындатыңыз. Бірінші 11 санын алыңыз. Оқушылар 11-дің құрамы болатын сандарды жазады. Қай топ көп мысал ойлап жазса, көкпарды солар тартып алады. Одан әрі 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 санымен тура осындай жұмыс істетіңіз.


Ескерту. “Көкпар” ойнының шарты қолданыл­ ғандықтан, серкенің суретін алыңыз. Жеңіп отырған топқа серкені беріп отырасыз. Серкенің суреті топтар арасында ауысып отырады, яғни серкені бір-бірінен тартып отырған болады.


Жауабы:

11 = 10 + 1; 12 = 11 + 1;

11 = 9 + 2; 12 = 10 + 2;

11 = 8 + 3; 12 = 9 + 3;

11 = 7 + 4; 12 = 8 + 4;

11 = 6 + 5; 12 = 7 + 5 т.с.с.

Асық ату. Ойын шарты: асықтардың орнына тиісті сандарды жазады және әр дұрыс тапқан санның орнына ұпай ретінде бір асықтан алады.


Ескерту. Әр оқушының алдына тапсырмада асықтармен көрсетілген белгісіз сандардың орнына бос ұяшықтар қойып, парақшалар таратып беріңіз. Тапсырманы әр оқушыға жеке орындатыңыз. Берілген уақыт аяқталған соң оқушылардың жұмысын тексеріңіз. Әркімнің алған ұпайын, “Асық ату” ойынының жеңімпазын анықтаңыз.


Жауабы:

5 < 50; 90 > 80 (70, 60, 50, 40, 30 және 0-ден 20-ға дейін); 20 = 20;


а + 8 = 8 + a; 80 = 80; 50 > 5; 11 = 11;


20 + 10 (20, 30, 40) < 90.


Шығарып көр. “Теңге алу” ұлттық ойынының негізінде берілген тапсырма. Сандарды қосу және азайту дағдыларын пысықтауға бағытталған. Тапсырманы интерактивті тақтада көрсетіңіз. Оқу­ шылар бірінен кейін бірі тақтаға шығып, белгісіз санды жазып отырады.


Ойынның шарты: бірінші оқушы 19 – 7 өрнегінің мәнін табады. Ол дұрыс тапса, теңгені іліп алғаны,

Өлшеп көр. Мұндай тапсырманы орындау қиындық туғызса, тәжірибе жасау арқылы орындауға болады. Егер оқушылар сандар құрамын жақсы білсе, бірден сызықтармен қосу арқылы орындаулары тиіс.


Жауабы:


1 л + 3 л = 4 л; 5 л + 3 л = 8 л; 5 л + 1 л = 6 л; 5 л + 3 л + 1 л = 9 л.


Берілген уақытты көрсет. Оқушылар суретте берілген сағаттарға сағат тілдерін түстері бойынша салып көрсетуі керек. Олар уақыт жайлы білімдерін пысықтайды. Сағатты күнделікті естіп, көріп жүргендіктен тапсырманы орындауда қиындық болмауы тиіс.

Фигураның қабырғаларын өлше. Бұл тапсырмада кесіндінің ұзындығын өлшеу дағдысы еске түсіріледі. Сызғышты дұрыс пайдаланудың қажеттігін ескертіп айтыңыз. Барлық оқушылардың жауабы бірдей болу керек.


Жауабы:


5 + 5 + 4 + 4 = 18 см; 4 + 3 + 6 = 13 см; 18 см > 13 см.


Көрпешедегі оюлар. Әр көрпешені өзіне тән заңдылықты сақтай отырып бояулары тиіс.


Жауабы:


Қызыл, көк, жасыл; Көк, жасыл, қызыл;


Қызыл, жасыл, көк; Жасыл, қызыл, көк;


Көк, қызыл, жасыл; Жасыл, көк, қызыл.


Топтарға бөл. Берілген тапсырмада үшбұрыштар саны мен шаршылар санына байланысты теңдіктер құрылады.


Жауабы:


6 + 3 = 9; 3 + 6 = 9; 9 – 6 = 3; 9 – 3 = 6.


Бағалау


Оқушылар сабақтың соңында:


ауызша санау;


берілген тізбектегі сандарды орналастыру;


сандарды салыстыру;


заттарды ұзындығы бойынша салыстыру және ұзындықты өлшеу;


мәтін есептерді шығару дағдысын пысықтайды.


Оқушыларды мадақтап, өздерінен қандай же­ тістіктерді, қандай кемшіліктерді байқағанын сұраңыз. Сабақ барысында әр тапсырманы орындағанына­ қарай жиған ұпаймен бағалаңыз. Оқушыларға­ сабақты бағалауға байланысты өз ойын айтуды ұсыныңыз. Оқушылар сабақтың соңында:


  1. ауызша санау;


  1. берілген тізбектегі сандарды орналастыру;


  1. сандарды салыстыру;


  1. заттарды ұзындығы бойынша салыстыру және ұзындықты өлшеу;


  1. мәтін есептерді шығару дағдысын пысықтайды.


Оқушыларды мадақтап, өздерінен қандай же­ тістіктерді, қандай кемшіліктерді байқағанын сұраңыз. Сабақ барысында әр тапсырманы орындағанына­ қарай жиған ұпаймен бағалаңыз. Оқушыларға­ сабақты бағалауға байланысты өз ойын айтуды ұсыныңыз.

Оқушылар сабақтың соңында:



  1. ауызша санау;



  1. берілген тізбектегі сандарды орналастыру;



  1. сандарды салыстыру;



  1. заттарды ұзындығы бойынша салыстыру және ұзындықты өлшеу;



  1. мәтін есептерді шығару дағдысын пысықтайды.



Оқушыларды мадақтап, өздерінен қандай же­ тістіктерді, қандай кемшіліктерді байқағанын сұраңыз. Сабақ барысында әр тапсырманы орындағанына­ қарай жиған ұпаймен бағалаңыз. Оқушыларға­ сабақты бағалауға байланысты өз ойын айтуды ұсыныңыз.


Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:


ауызша санау;


берілген тізбектегі сандарды орналастыру;


сандарды салыстыру;


заттарды ұзындығы бойынша салыстыру және ұзындықты өлшеу;


мәтін есептерді шығару дағдысын пысықтайды.


Оқушыларды мадақтап, өздерінен қандай же­ тістіктерді, қандай кемшіліктерді байқағанын сұраңыз. Сабақ барысында әр тапсырманы орындағанына­ қарай жиған ұпаймен бағалаңыз. Оқушыларға­ сабақты бағалауға байланысты өз ойын айтуды ұсыныңыз.




Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 12.10.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров174
Номер материала ДБ-254710
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх