Инфоурок Другое Другие методич. материалы1-сынып тәрбие сағаты "Тілашар"

1-сынып тәрбие сағаты "Тілашар"

Скачать материал

«Тілашар» мерекесі.

Мақсаты:1.Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тілдерін дамыту.

2.Оқуға, білімге деген қызығушылықтарын арттыру.

3.Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:шарлар, гүлдер, нақыл сөздер, плакаттар.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

-Қымбатты балалар, қадірлі ұстаздар, ата-аналар! Міне, бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан, бүгінгі 1-сынып оқушыларының мерекесіне жиналып, «Тілашар» тойының куәгері болып отырсыздар. ! Мектеп есігін алғаш ашқан шәкірттер, қадамдарың сәтті болсын! – дей отырып ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

-Балалар, сендер 1-қыркүйекте қайда келдіңдер?

- Мектепке.

- Мектепке келген сендерге ұнай ма?

- Несімен ұнайды?

Ендеше қазір сендердің мектеп туралы тақпақтарыңды тыңдайық.

Жансая: Қолға кітап аламын,
                Маржан сүзіп табамын.
                Жарқыратып кеудеме,
                Жұлдыз етіп тағамын.
                Мен мектепке барамын.

Асем:  Алты жасқа жеткенім,
            Еркеліктен кеткенім,
            Кітабымды қолтықтап,
            Мектебіме беттедім.

Алуа: Мектеп – қамқор анамыз,
            Оқып, білім аламыз.
            Өнерпаз боп өсетін,
            Біз – оқушы боламыз!

Шерхан:  Мен оқушы баламын –

                   Оқып, білім аламын.

                   Мектеп-ұям, өзіңе

                   Арналады бал әнім.

-Оқушыларымыздың  мектеп туралы өлеңдерін тыңдадық. – Енді әндерін де тыңдап көрейік.

Хор:  «Сәлем саган , мектебім!» әні

«Кім тапқыр».ойыны

1Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? (42 әріп бар)
2. А әрпінен басталатын бес ұлдың атын айт
3. Әкеңнің әкесін қалай атайды?
4.. Ешкінің төлі қалай аталады? (Лақ)

5Тудың түсі? (Көгілдір)
6. Қар қай мезгілде түседі?
(Қыста)
7. Қазақстан Республикасының президенті? (Н. Назарбаев)
8. Сиырдың төлі? (Бұзау)
9. Қой маңырайды, сиыр. (Мөңірейді)
10. Жемістер қай мезгілде піседі? (Күзде)
11. Қазақстан Республикасының астанасы? (Астана)
12. Екі өркешті жануар? (Түйе)

А. Наргиза:

Биыл ғана мектептің

Табалдырығын аттадым,

Әліппені қолға алып,

Әріптерді жаттадым.

Партаға алғаш отырдым,

Бұдан асқан бақыт жоқ.

Оқушы болдым, мінекей,

Ойнауға енді уақыт жоқ.

Бөкейханов атаның

Мектебінде оқимын.

Ұстазымның әр сөзін

Көңіліме тоқимын.

Жақсы оқып келемін,

Сабақтан да қалмаймын.

Осы өлең жолдарын,

Мектебіме арнаймын.

Дулат:       Оқушының  мойнына

                   Ақ жағасы жарасар

                   Кел, келіңіз тойымызға

                   Тойымның аты – Тілашар

Манзура:     Мектеп — үлкен бағдаршам.
                     Ұстаз — шырақ ұстаушы.

                     Екеуі де аңғарсақ,
                     Бағыт жолын нұсқаушы.

Дильназ:      Мектеп – білім ордасы,
                      Мектеп – қамқор анашым.
                      Өнерпаз болып өсетін
                      Мен оқушы боламын.

 

Әсем:  (ән)  «Анашым»

 

Інжу:   Алақайлап жүрегім,
            Қуанышқа толып тұр.
            Асыққан қыркүйегім,
             Қоңырауын соғып тұр.

Мағжан: Біз бақытты баламыз
                 Қағаз, қалам аламыз.
                 Ұстазымыз үйреткен,
                 Әріптерді саламыз.

Дина:    Үлкендерді сыйлайтын
               Кіші қамын ойлайтын
              Сүймейміз жат әдетті
               Баламыз біз әдепті.

Ерасыл: Сәлемдесе білетін
                Біз-әдепті баламыз.
               Алтын ұя мектептен
                Білімге бастау аламыз.

-         Балалар, біз қандай мемлекетте тұрамыз?

-         Біз өз Отанымызды не істеуіміз керек?

-         Рәміздерге нелер жатады?

-         Ендеше, Отан туралы әнімізді қонақтарға тарту етейік.

Хор:  « Отан» әні

Жазира: Мектеп, мектеп төңіректеп
                Жүруші едім мен кеше
                Сұраушы едім, жылаушы едім
                Әпкем кітап бермесе.

Әлемхан: Қуаныш бүгін мереке,

                 Шуағын шашып тұр әлем,

                 Тілашарға келген қуанып,

                 Қонақтарға мың сәлем!

Думан:     Таудай биік талабым,
                Оттай лаулап жанамын.
                 Салт-санасын сақтаймын,
                Дала менен қаланың,
                Мен мектепке барамын.

Аида:     Жеті жасқа жеткенім,
               Еркеліктен кеткенім.
               Кітабымды қолтықтап,
               Мектебіме жеткенім.

Манзура :  Үнді биі

Мұғалім:
Ал балалар сауат ашу және математика сабағынан алған білімдерімізді ортаға салайық. Сұрақтарға жауап беруге дайынбыз ба?

-         Балалар, дыбыстар нешеге бөлінеді?

Жұмбақтарды шешу: (О), (Т), (А), (Н) әріптері

Оспан да өлең жаттады,

Олжас та өлең жаттады.

Қай әріптен басталған

Екеуіннің аттары? (О)

Қатар тұрған қос қазық

Қол ұстасып достасып. (Н)

Сауысқанды, сағызды

Сарымсақты, сәбізді

Бастап тұрған қай әріп  (С)

Тау мен тастың алдында. (Т)

Асқар, Асхат, Асанға,

Атасы айтты Ақанға

Амбарды аш, арпа шаш,

Арпа шаш, аш құстарға

Қайсы әріп көп айтылды,

Тез айтып бер ұсталма?! (А)

А)Кім 1-10 дейінгі сандарды тура санап береді?

Б)Енді кім  кері санап береді?

В)Біз математика сабағында таңбалармен таныстық.

Г)Балалар мен сендерге ауызша есептер қоямын

2) Математикалық есептер

Аулада бес үйрек,

Қорада үш үйрек.

Бір үйрек тығылды,

Бір үйрек жығылды.

Қалғаны неше үйрек? (6)

Бес алманың үшеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолында қалады? (2)

Бір қоянның екі құлағы бар,

Екі қоянның неше құлағы бар? (4)

Айдын шалқар көл болды

Аққу,қазы мол болды

Дауыл,тұрды жел болды

Бәрі ұшты не болды? (0)

Амир:  Міне сынып, мектебім

             Құралдарым бар менің.

             Партаға тұнғыш отырдым

              Қалам алып қолыма.

С. Арман: Өмірімнің көктемін,
                   Сенде өткізем деп келдім,
                   Алтын ұям – мектебім!
                   Оқып ғылым-білімін,
                  Ой аламын деп келдім,
                  Оттан ыстық мектебім!

Ғұмыр:  Сызықтарға толтырдым

                Қалдырмай дәптер жолын да.

                Тісім кетік болғанмен

                 Білетінім көп менің.

Мадияр: Жетіге толдым биыл мен

                Оқушы болып киінем

                 Арқама сөмке асына

                 Мектепке барам асыға!

 

Би:  Қыздардың орындауында

 

-         Балалар, мектепте қандай бағалар жақсы екенін білеміз бе?

-         Қазір бізге Ерсұлтан бағаларын сырын айтып берсін.

Бір дегенің жаман баға
Алады оны жаман бала.

Екі деген нашар баға
Інішегім нашарлама

Үш дегенім орта баға
Сапасы да орта баға

Төрт дегенің жақсы баға
Алады оны жақсы бала

Бес дегенің үздік баға
Оқитын бол  үздік ғана.

 

Зейін: Өсірген ой білімді,

            Сүйем туған тілімді.

            Мақсат етем әр сөзді,

            Мәнін терең білуді.

Арайлым:  Тану үшін бабаңды

                     Тану үшін анаңды

                     Тану үшін ғаламды

                     Мектеп керек адамға

Бекнұр:     Оқуды көп оқимыз
                     Қызығына тоймаймыз.
                     Әріптерді үйреніп,
                     Өлең айтып би билеп,
                    Өнерден де қалмаймыз.

Ж. Наргиза: Ойыншық қалды жайында,

                     Әріптер бөлді көңілді.

                      Тәбетім жоқ ойынға,

                      Сезінем үлкен өзімді.

Сабыржан: Еркесі едім атамның,

                     Еркесі едім апамның.

                     Толып биыл алтыға

                      Мен оқушы атандым.

 

А. Арман:  Мектеп деген жақсы екен
                    Қызығы мол думанды.
                    Жақсы көрем бәрінен,
                    Әдемілеп жазғанды.

Салтанат: Бой алдырар селтеңге

                    Мен емеспін еркең де

                    Оқушы болам зейінді

                     Өнерге, іске бейімді.

 

Қорытынды

 



 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 






 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "1-сынып тәрбие сағаты "Тілашар""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Руководитель реабилитационного подразделения

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 839 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.04.2016 2689
    • DOCX 54 кбайт
    • 23 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калаубаева Диана Мараловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калаубаева Диана Мараловна
    Калаубаева Диана Мараловна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15571
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой