Инфоурок Физика Конспекты7 сынып Үйкеліс куші және оның техникада қолданылуы

7 сынып Үйкеліс куші және оның техникада қолданылуы

Скачать материал

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №2 орта мектептің физика пәні мұғалімі. Избасарова Акджагуль

Сабақтың тақырыбы: Үйкеліс күші және оның техникада қолданылуы

 Сабақтың мақсаты:

 а)Білімділік: Оқушыларға үйкеліс күшінің қандай күш екенін, оның табиғат заңдарындағы маңызын, өмірмен байланыстырып түсіндіру.

 ә)Тәрбиелік: Өз білімдерінің нәтижесінде өздерін бағалай білуге тәрбиелеу.

 б) Дамытушылық: Есеп шығару тәсілдерін үйрету, практикалық білім беру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

 Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: мультимедиялық проектор, динамометр, білеуше

 Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру;

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау;

ІІІ.Жаңа сабақ;

 IV.Бекіту;

 V. Үйге тапсырма;

VI. Сабақты қорытындылау (бағалау).

 І.Ұйымдастыру (оқушылармен сәлемдесу, түгендеу)

 ІІ.Үй тапсырмасын қайталау Сурет арқылы салмақсыздықты еске түсіру. (Проекциялық аппарат, компьютер арқылы)

ІІІ.Жаңа сабақ

 Сабақтың барысы:

 1)Оқушыларға өздерінің өмірімен байланысты, күнделікті тұрмыстағы кездесіп жүрген заңдылықтарға байланысты бірнеше сұрақтар қою.

 2)Сұрақтарды проекциялық аппарат арқылы экранға шығарып, жеке-жеке қысқаша жауап қайтару. Шананы қара жолмен сүйрегеннен гөрі мұз бетімен, қар үстімен сүйреген ыңғайлы. Тетік - бөлшектері майланбаған велосипедті тебу де, тұрмыстық жиһаздарды еден бетімен жылжыту да қиынға түседі. Жол бойымен келе жатқан машинаның қозғалтқышын жүргізуші өшіргеннен кейін ол тоқтайды. Мұз айдынында коньки теуіп жүрген бала да, төбешіктен сырғанап түскен шана да, домалап келе жатқан доп та біраздан соң тоқтайтын болады. Бұл тәжірибелер бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде қозғалыс жылдамдығына қарама – қарсы бағытталған және дененің қозғалысына кедергі жасайтын күш пайда болатынын көрсетеді. Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады. Fүйк. әрпімен белгіленеді.

 Сырғанау үйкеліс күші. Өте жақсы өңделген екі бірдей металл кубты алып, оларды әр түрлі беттерге қояйық, біреуін кішкене кедірлі – бұдырлы бетке, ал екіншісін жылтыр бетке. Бет аздап кедірлі – бұдырлы болғанда дененің оңай сырғанайтынын байқаймыз. Ал керсінше екі өте жақсы тегістеліп өңделген беттің бір – біріне сырғымайтынын көреміз. Себебі мұндай беттердің бөлшектері бір – біріне өте жақын орналасады екен, олардың арасындағы үлкен тартылыс күштердің салдарынан олар бір – біріне жабысып қалады екен.

 Конькидің жүзі мұзға қысым түсіреді де оның ермеуіне әсер етеді, конькидің астында пайда болған су қозғалысты жеңілдетеді, қысым түсіру тоқталса су бірден қатып қалады. Неліктен сұйық үйкелісті азайтады? Сұйық қабаттары жанасқан беттерге жабысады да бір – бірімен тайғанауға әкеледі. Сұйықтардың қозғалысы да белгілі тұтқырлық деп аталатын кедергіге әкеледі, бірақ оның шамасы қатты беттердің арасындағы кедергіден әлдеқайда аз болады. Тыныштық үйкеліс күші. Бұл бір жағынан дененің қозғалуына кедергі жасайтын күш, ал кейде тыныштық үйкелісі қозғалыстың басталуына себеп бола алады. Мысалы: жүргенде аяқ киім табаны жолмен өзара әсерлесе отырып, үйкеліс нәтижесінде пайда болған тыныштық үйкелісі адамның аяғына үдеу береді, сөйтіп адам жолды аяғымен итеріп оны кері қарай қозғалуға мәжбүр етеді.

 Өзіміздің тәжірибемізге сүйене отырып, біз мұздың үстінен жайлап абайлап жүреміз де, онда ақырындап жылжимыз. Мұздағы тыныштық үйкелісінің аздығы сондай, адам табаны тиесімен сырғып кетеді. Бұл тайғанауға әкеледі де, жүруге кедергі жасайды. Демонстрациялық лабораториялық жұмыс. (Проекциялық аппарат, компьютер, экран арқылы көрсетіледі). Білеушені бірдей күшпен тартайық. Бетке қай жағынан жанасқанын ескермейік. Үйкеліс күшінің жанасушы беттердің ауданына тәуелсіз екенін көреміз.

Білеушені басқа кедір-бұдырлы бетке орналастырайық. Енді оны орнынан қозғалту үшін бұрынғыдан да көп күш жұмсау қажет екенін көреміз. Бұл үйкеліс күшінің өзара әсер етуші беттерге тәуелді екенін көрсетеді.

 Беттердің кедір-бұдырлығына байланысты болады.

 Динамометрге бекітілген білеушені тарту арқылы берілген уақыт моментіндегі денеге әсер ететін күшті анықтауға болады. Әсер етуші күш белгілі бір шамадан асқанда білеушенің қозғалатынына назар аударыңдар. Сонымен бірге білеушені қозғалысқа келтіріп тұрған күштің әсер етуші күштен аз екенін байқаймыз. Салмағы алғашқыдай тағы бір білеушені қойып, бетке әсер ететін күшті екі есе арттырайық. Динамометр үйкеліс күшінің артқанын көрсетеді.

IV.Бекіту.

 Тапсырмалар:

1.Үш түрлі үйкеліс күшіне оқушыларды үш топқа бөліп тапсырма. 2.Техникада үйкеліс коэффициентін ескеру тақырыбына үш түрлі жағдайға байланысты тапсырма.

 1)Денелердің массалары бірдей болғанда, автомобильдің құрғақ асфальт пен ылғал асфальтта үйкеліс коэффициентінің мәндері m1=0,6 және m2=0,4. Үйкеліс күшінің шамасы қай асфальтта артық?

 2) Денелердің массалары бірдей болғанда, автомобильдің құрғақ бетон мен ылғал бетонда үйкеліс коэффициентінің мәндері m1=0,95 және m2=0,85. Үйкеліс күшінің шамасы қай асфальтта артық?

3) Денелердің массалары бірдей болғанда, автомобильдің қара жолда және құм төселген жолда үйкеліс коэффициентінің мәндері m1=0,5 және m2=0,7. Үйкеліс күшінің шамасы қай асфальтта артық?

 Сабақты қорытындылау

 Оқушылар біз бұл себептерде қандай күш туралы айтып отырмыз? Әрине үйкеліс күші туралы. Сонымен біз бүгін үйкеліс күшінің маңызымен таныса келе мынадай қорытынды жасаймыз.

 Қорытынды: Сырғанау үйкеліс күші үйкеліске түсетін денелердің табиғатына тәуелді болады. Сырғанау үйкеліс күшінің модулі қалыпты қысым күшінің модуліне тура пропорционал: Fүйк.=μN

 Тәжірибелер үйкеліс коэффициенті жанасушы денелердің аудандарына тәуелсіз, жанасатын денелердің қандай материалдан жасалғанына тәуелді болады. Дененің жылдамдығы аз болса, жылдамдыққа тәуелсіз, ал жылдамдық артқан сайын үйкеліс жылдамдыққа тәуелді артады. Домалау үйкеліс күші де сол сырғанау үйкеліс күші бағынатын заңға шартты түрде бағынады.

V. Үйге тапсырма: §41,42 оқулық. 18-жаттығу.

VI. Оқушыларды бағалау 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "7 сынып Үйкеліс куші және оның техникада қолданылуы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный дизайнер

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 839 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.07.2016 1035
    • DOCX 19.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Избасарова Акджагуль Бекгалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 30625
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Теоретическая механика: векторная графика

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Физика")

Учитель физики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Мини-курс

Стратегии карьерного роста и развития

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками: применение туристических приемов для эффективного обучения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология обучения и развития детей: от садика до школы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек