Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Сынып жетекшіге көмекші құрал "Тәрбие сағаттарының жиынтығы"

Сынып жетекшіге көмекші құрал "Тәрбие сағаттарының жиынтығы"

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:


Ы.Алтынсарин атындағы Рудный-әлеуметтік колледжі


hello_html_27b26286.png



Ел болам десең, бесігіңді түзе.

М.Әуезов





Тәрбие сағаттарының жиынтығы

(Мұғалімдерге және оқушыларға әдістемелік көмек)














2014 жыл

Тәрбие сағаттары- тәрбие жұмысын ұйымдастырудың басты түрі.Ол күрделі психологиялық және дидактикалық процесс. Тәрбие сағаттарында оқушымен педагогикалық қарым-қатынас жасау және тәрбиелеу, дамыту міндеттері жүзеге асырылады.

Еліміздің мектептерінде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа формалары мен әдістері енгізілуде.Оларды дәстүрлі емес немесе қалыпсыз деп атауға болады..Мұндай жұмыс формасының мақсаты- оқушылардың белсенділігін,оқуға деген қызығушылықтарын тудыру.

Дәстүрсіз тәрбие сағаттары -импровизацияланған сынып сағаттары ,оның қалыпсыз құрылымы бар.Дәстүрсіз сынып сағаттары-бұл мереке сабақтар,барлық оқушылар белсене қатысып,өз мүмкіндіктерін көрсетеді және сынып шығармашылық ұжым болып қалыптасады. Дәстүрсіз сынып сағаттары ұйымдастырылуы, өткізілу әдістемесі жағынан оқушыларға ұнайды.Сондықтан

мұндай сынып сағаттарын барлық мұғалімдер қолдану керек:

-дәстүрсіз сынып сағаттары көбінесе білім, іскерлік,

дағдыларды бекіту,қорыту үшін қолданылады;

-сабаққа таңғылықты дайындап,оқыту мен

тәрбиенің нақты мақсатын анықтау керек;

-дәстүрсіз тәрбие сағаттарының формаларын таңдағанда мұғалім өз мінезімен темперамент ерекшеліктерін есепке алу керек.

Тәрбие жұмысының дәстүрсіз формалары балаларға белгілі қиындықтарды жеңуге,зейіндері мен тәртіптерін сақтап жалықтырмауға көмектеседі.Балаларға ұжымда да, жеке де жұмыс жасауға үйретеді,балалардың шығармашылық қабілеттерін, қиялын дамытады. Осы әдістемелік құралда өз тәжірибемізде қолданылған зерттеу жұмысымызға сай жүргізілген дәстүрсіз формаларының бірнешеуін ұсынып отырмыз.Тәрбие жұмысын түрлендіру -әр мұғалімнің белсенділігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты болады деп ойлаймыз.Сондықтан ұсынылып отырған жұмыс формаларын үлгі ретінде қолдануға болады.

Б.Т.Турагулова, педагогика пәнінің оқытушысы

Педагогика,психология және жеке пәндерді оқыту пәндік циклдік комиссия отырысында қаралды.Хаттама №____

«___» ______________Қолданысқа енгізуге рұқсат етілді.

Мазмұны.

1.Сыңғырла,алтын қоңырау!

2.Маужыраған қоңыр күз.

3.Қош,сүйікті әліппе!

4.Мен-Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!

5. 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!)

6. Жаңа жыл

7.Ұстазым алтын діңгегім!

8.Бабалар сөзі-тәрбие көзі!

9.Қарты бар елдің қазынасы бар.

10.Толағай-отбасылық сайыс.

11.«Сыйынар ем Ана деген тәңірге» (8 наурыз!)

12. «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» 

13. Ынтымақ достық кепілі.

14. «Ұлы жеңіс - жасасын!»

15. Соңғы қонырау

16. Дулыға

17.Аталар мұрасы – халық қазынасы.

18."Мүйіз" ою-өрнегі.
19. "Сынықмүйіз" ою-өрнегі.

20."Құсқанаты" ою-өрнегі.

21. "Қосалқа"ою-өрнегі

22."Төртбұрышты" ою-өрнек.
23."Шаршы" ою-өрнегі.

24."Бесбұрыш" ою-өрнегі.

25.«Тоқыма өнері, оның түрлері, тоқу технологиясы, айырмашылықтары»


Тақырыбы: «Сыңғырла, Алтын Қоңырау!»

І-жүргізуші: Армысыңдар, құрметті ел ағалар! Қайырлы күн ардақты аналарым!

ІІ-жүргізуші: құрметті қонақтар, оқушылар, бүгінгі «Сыңғырла, Алтын қоңырау!» деп аталатын салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

Әскери жетекші: Сынып, сап түзе, тік тұр!

Егеменді Қазақ еліміздің туына сап түзеңдер!

Қазақстан Республикасынынң мемлекеттік туы енгізілсің!

ҚР-ның мемлекеттік туы енгізілгеннен кейін іс-шараға қатысушылардың барлығы ҚР-ның мемлекеттік Әнұранын орындайды.

І-жүргізуші: бүгінгі біздің мейрамымызға қонақтар келіп отыр. Кәнекей, оларды қарсы алайық!

Аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Утешов Асылбек Ғаппасұлы қатысады.

ІІ-жүргізуші: Алғашқы мерекелік құттықтау сөз мектеп директоры Ермагамбетова Күлбаршын Темірханқызына беріледі.

І-жүргізуші: Келесі сөзді Утешов Асылбек Ғаппасұлына береміз.

І-жүргізуші: мойытпасын қиындықтар сендерді,

Батылдықпен асыңдар сан белдерді.

Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,

Жақсы іспен қуантыңдар ендіелді.

ІІ-жүргізуші: Келді міне, қоңыр күз,

Келді қағып қоңырау.

Мектеп – ана жылы жүз,

Ашты құшақ омырау.

І-жүргізуші: мектеп – анаң бүгіннен,

Мектеп – алтын босағаң.

Мектеп берген біліммен,

Марқаясың, жас ұлан!

ІІ-жүргізуші: жас қырандай қанат қағып қиянға,

Арман қуып ағаларым қиялда.

Жігерің мен сеніміңді оттық қып,

Самға биік, жалын атып жүр алда.

І-жүргізуші: содан бері неше күз,

Өтсе де талай жаз бен күз.

Көктеміндей өмірдің

Сол қыркүйек қалдырды із.

Меңдібек пен Жанагүлдің сөздері.

«Мектебім» әні, хор.

Аяжан: Алты жасқа толамын,

Мен әдепті боламын.

Қуантып ата-ананы,

Мектепке кетіп барамын.

Темирхан: Үлкен болдым десем де,

Ешкім маған сенбейді.

Жалғыз жүрме көшеде,

Кәшкентайсың сен дейді.

Ақсәнім Сәлем, саған мектебім,

Алғыстарым көп менің.

Оқу, білім, тәрбие

Ой санама еккенің.

Мерей: Ақын болам атаңдай,

Дәрігер болам анаңдай.

Өмірдің бәрін менгерген

Өнершімін мен қандай.

Арман: Жастың өсті санасы

Елжірейді жүрегі.

Бастауышқа бар бала

Алғыс айтып жүреді.

Амина: күмбір, күмбір, қоңырау,

Сағынған ай қыркүйек

Қалам ұстап қолыма

Жазылған ай қыркүйек.

Шыңғыс: Оқытты ұстаз-анамыз.

Өсті білім, санамыз.

Білгіш ер боп өсетін

Біз бақытты боламыз.

Анара: сен менің әкемдейсің,анамдайсың.

Мен үшін армандайсың, аландайсың.

Ұстазым сенен артық ақылшым жоқ.

Адалдық пен парасаттан жаралғансың.

Әділет: көңілің бар шәкірттің таба алатын

Кеуделерге намыс отын жаға алатын.

Өзіңдей болса, шіркін, барлық ұстаз.

Жез таңдай, күміс көмей, сөзі алтын.

Қайсар: алда талай өтермін,

Өмірдің зор сынағын.

Мақсатыма жетермін,

Өнегеңмен мұғалім.

Динара: өз үлгіңді ұстаймын,

Айтқаныңнан

шықпаймын.

Мен балапан құстаймын,

Баулыдың сен,, мұғалім.

Диана:

Мектеп – кеме, білім – теңіз,

Барар жерге тез жетерміз.

Адаспаймыз ұлы жолда

Ұстаз берген білім қолда.

Жанар: мектеп – үйім, ұстаздарым – ата-анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саян ыстық сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып сан тарапқа тараған.

Сүндет: әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Анаң тілін білмеу қандай заңдылық.

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Раушан: қаламыздың білгірі

Өздерің ғой ұстаздар.

Талай жанға үлгілі

Парасатты ұстаздар.

Ұрысып ап артынан

Еркелеткен ұстаздар.

І-жүргізуші: Енді біз ортамызға мектеп табалдырығына жаңа аттап отырған 1-сынып оқушылары Алпысбаев Алтынбай мен калмагамбетов Жанатты шақырамыз.

Алтынбай:Елдің атын жазамын,

Жердің атын жазамын.

Туған тілге тазамын,

Батаңды бер қазағым.

Мен бектепке

барамын,

Армандарым көп

менің.

Атқарамын деп

келдім,

Асыл анам мектебім.

Ортаға ата-аналары шақырылады.

Шағыр орталық топқа тілектер.

Бата беріледі.

Әңұран айтылып, Көк байрақ шығарылады.

Әскери жетекші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы шығарылсың!

І-жүргізуші: білім алушылар, Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты, олай болса, еліміздің болашағы сендерсіңдер! Отанды сүюге, қорғауға әрқашан да дайын болыңдар!

ІІ-жүргізуші: осымен салтанатты «Сыңғырла, Алтын Қоңырау!» атты мерекеміз аяқталды. Сіздерді «Мемлекеттік рәміздері – ұлттық мақтанышы» атты бірінші сабақтарымызға шақырамыз.

«Маужыраған қоңыр күз»

Автор: Армысыздар, құрметті көрермендер! Бүгінгі біздің «Маужыраған қоңыр күз» атты мерекемізді салтанатты түрде ашық деп жариялаймыз.

Мәуе пісіп балбырап,

Маужыраған қоңыр күз.

Алма пісіп албырап,

Көзді тартқан көріңіз, - дегендей, күз мезгілі өте әсем де тамаша мезгіл. Ендеше бүгінгі біздің қоңыр күзге арналған ертегімізді қабыл алыңыздар.

Ерте, ерте, ертеде,

Ешкі жүні бөртеде

Қырғауыл жүні қырғи екен,

Құйрық жүні ұзын екен.

Жыл мезгілдер патшалығында

Күз ханшайымы болған екен.

Ханшайым: Уәзірлер қайдасыңдар? Тез келулеріңді бұйырамын!

Меңдібек уәзір: О. Ұлы ханшайым, айтқан бұйрығыңды орындауға дайынбыз.

Ханшайым: мен естіп жатырмын мындай сыбысты: басқа патшалықтарда күз мезгілін көңілсіз, мұңды етіп санайды екен.

Уәзір М: кім айтты бұндайды?

Уәзір Е: жалған, олай емес!

Уәзір А: күз – ең тамаша мезгіл деп санаймын.

Ханшайым: Ендеше үлкен той жасап, күз мезгілінің қандай тамаша екенін көрсетейік баршаға. Ал кәнекей, уәзірлер, шақырыңдар баларымды.

Екі уәзір даңғыра ойнап тұрады.

Ермек уәзір: Хабарландыру! Жыл мезгілдері патшалығында өмір сүретін барша жұртты ханшайым сарайына «Күзгі балға» шақырамыз!

Қыркүйек: Армысың, анашым! мінекей сіздің хабарландыруыңызды естіп, өз ауылымның тұрғындарын ертіп келді. Қарсы алыңыздар!

Қазан: Сәлеметсіз бе, анашым! патша сарайында «Күзгі бал» мерекесіболатынын естіп, мен де өз ауылымның тұрғындарымен келдім.

Қараша: Сәлеметсіңбе, анашым және сүйікті бауырларым. Мінекей сендер өз тұрғындарыңмен келіпсіңдер. Ендеше менің де ауылымның тұрғындарын қарсы алыңдар!

Ханшайым: Бүгінгі біздің осы сарайда жиналуымыздың себебі – алтын күзді көңілді, мәз-мейрам, шаттық күлкімен тойлау. Ендеше бүгінгі мейрамымызды бастайық. Уәзірлер, сендерге осы мерекені ұйымдастыруды тапсырамын.

Асхат уәзір: Патшалығымыздың түкпір-түкпірінен әр түрлі ауылдардың өкілдері жиналып отыр. Олай болса, қай ауыл тұрғындары ең тапқыр, ең белсенді, ең көңілді және ең күшті екенін сайыстар арқылы көрейік. Дайынсыңдар ма? Ендеше сайысымызды бастайымыз!

Уәзір М: Бірінші сайысымыз – «Таныстыру». Осы сайыста әр ауыл өзін таныстырады. Барлық тұрғындар қатысады.

Уәзір Е:Екінші сайысымыз – «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ». Бұл сайыста мақал-мәтелдер айтылып, жұмбақтар жасырылады.

Ең алдымен мақал-мәтелдердің жалғасын табу қажет. Бұған әр ауылдан үш адамнан қатысады.

Мақал-мәтелдер

1.Ексең егін, ............

(ішерсің тегін)

2.Еңбек түбі – береке, .......

(Көптің түбі – мереке)


3.Арпа, бидай, ас екен, ........

(Алтын, күміс тас екен)

4.Жердің сәні – егін, .......

(Ердің сәні – білім)

5.Егіндікті күз суар, ...........

(Күз суарсаң, жүз суар)

6.Екі қошқардың басы ...........

(Бір қазанға сыймас)

7.Егіннің жайын еккен білер, .....

(Арбаның жайын жеккен білер)

8.Еңбек етпесең, елге өкпелеме, ...........

(егін екпесең, жерге өкпелеме)

9.Қыс азығын .....

(жаз жина)


Жұмбақтардың шешуін табу үшін әр ауылдан үш адам қатысады.


Жұмбақтар

1.Көшіп жүріп желменен,

Сеуіп шықты тамшысын

Қыраттарға шөлдеген.

(бұлт)

2.Аспаннан домалап

Көп моншақ төгілді

Бусанып жон-алап

Терледі, керілді.

(жаңбыр)

3.Аспанда от қамшы осады,

Ащы үнін ышқынып қосады.

(найзағай)

4.Қыр басында әрқилы,

Сары теңіз толқиды.

(егін)

5.Түскенде салқын күз,

Жинадық алтын тіс.

(жүгері)

6.Көктемде ақ гұлге оранады,

Күзде қолға доп боп оралады.

(алма)

7.Күн нұрымен піседі,

Уылжып қолға түседі.

(жеміс)

8.Жасыл болып жыпырлап өнеді,

Сары болып үзіліп семеді.

(жапырақтар)

9.Ағаштарды шайқайды

Көзге көрінбейді.

Шарлағанда сай-сайды,

Бір сәт ерінбейді

(жел)

10.Адамның сәні,

Онсыз жоқ мәні.

(киім)

11.Күндіз аяғымды қаптаймын,

Түнде босағаға тастаймын.

(аяқ киім)

12.Жазда жайнайды,

Күзде жайрайды.

(жапырақ)

13.Білім менен тәлім

Парақты ашқанда,

Беттерінен мәлім.

(күнделік)

14.Білімнің жол басшысы

Шәкірттің қолбасшысы.

(мұғалім)

15.Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады.

(қоңырау)

16.Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы.

(мектеп)

Уәзір М: Келесі сайысымыз «Ойнайық та, ойлайық» атты математикалық есептер сайысы. Әр ауылдан бес оқушыдан қатысады. Кезегімен бірінші оқушы барып, шарды жарып, соның ішіндегі тапсырманы орындайды. Шарды жарған үшін бір ұпай қоылады. Есепті дұрыс орындаған үшін бес ұпай қосылады.

Уәзір М: келесі сайысымыз «Өнерлі өрге жүзер». Әр ауылдардың тұрғындарын өз өнерлерін көрсетеді.

Уәзір Е: Келесі сайысымыз «Толағай» спорттық жарысы.

Бірінші «Әтештер» жарысы. Бір қыз, бір ұл қатысады

Екінші «Картоп ашу». Бір адам қатысады.

Үшінші «Суретшілер». Үш бала қатысады.

Уәзір М: келесі сайысымыз «Ас – адамның арқауы». Әр ауыл өз тағамдарын таныстырады.

Уәзір Е: келесі сайысымыз «Сән үлгісі». Әр ауыл сұлу жігіттері мен сұлу қызыдары өз сән үлгілерін көрсетеді.

Уәзір А: осымен сайыстармыз аяқталды. Марапаттау жүргізіледі.

Ханшайым: Тамсаңдым сендердің өнерлеріңе, көз қараса тоймайтындай сән үлгілеріңе, таң қалдым білімдеріңе және күш-біліктеріңе. Енді ешкім күз мезгілігін көңілді, шаттыққа толы жүрекпен қарсы алады деп ойлаймын. Ал енді барлық ауылдар ортақтасып, тойымызды жалғыстырайық.

Уәзір М: Қандай той бисіз, әнсіз болмақ. Ендеше бұлбұлдай дауыстарымен сұлу да сымбатты аруларымызды қол шапалақтай отырып қарсы алайық.

Уәзір Е: Ойларыңды мұң торласа, көңілдеріңді көтеріп, жүздеріңе күлкі сыйлайтын көңілді таптырларды қарсы алыңдар.

Уәзір А: Мың бұралып, би билейтін «Арман» бишілер тобын қарсы алыңдар.

Ханшайым: Ән де салдық, би биледік, көңілімізді көтердік. Осымен бүгінгі «Маужраған қоңыр күз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Көңіл қойып қарағандарыңыз үшін рахмет. Енді барлықтарыңызды ақ дастарханымыздан дәм татуға шақырамыз.



«Қош, сүйікті әліппе!»

Мақсаты: оқушыларға әліппе мен ана тілінің маңызын түсіндіру.

Ата –аналарға балаларының білім игергенін іс-жүзінде көрсету.

Көрнекілік: нақыл сөздер, Абай,Ыбырай суреттері,өлең жолдары,магнитті әріптер мен тақта,гүл,шарлар,әліппенің суреті.

Барысы:

«Атамекен» музыкасы.

Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, аяулы да ардақты ата-аналар,құрметті 1 сынып оқушылары!

Бүгін егемендігіміз ескеріліп ,тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп,атымыз алысқа жетіп жатқан шақта бүгінгі күн сіздер үшін той.

Кеше ғана мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отырған бүлдіршіндер,бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып,саналы азаматтық борыштарының алғашқы асуын аман есен асып,есейіп отыр.Тойларыңыз тойға ұлассын.Шәкірттер ата ананың ұлы емес,халықтың ұлы болсын.

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл-ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың!

1-ж

Шашу,шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке,бұл тойдың,

Бастаңғысын жасайық.

(шашуды бір әже шашады)

2-ж

Уа халайық,халайық,

Мұнда назар салайық,

1 «а» сыныбында оқитын

оқушылырды қарсы алып,

Бәріміз қол соғайық!

Көңілді музыка

(Балалар 2-2 ден қол ұстасып келіп ,отырады)

(сахнада көңілсіз ,басқа балалардың ортасында мұңайып отырған бір бала.)

Мұғалім:

  • Дәулет,сен неге көңілсіз отырсың? Бір жерің ауырып қалды ма?

  • Жоқ апай, мен бір кітабымды жоғалтып отырмын.

5 сынып оқушысы кіріп келіп :

-Ой, мынау жер қандай тамаша! Сәлеметсіздер ме! Балалар бұл нешінші сынып?

- 1 сынып

-А,тапқан сияқтымын. Мен жаңа терезенің алдында 1 кітапты тауып алдым.Міне!

Дәулет: -Алақай ,алақай кітабым табылды!Рахмет!

Білесіздер ме ,бұл сиқырлы кітап.

Жақсы кітап Әліппе,

Үйретеді әріпке.

Ойыншықпен қоштастым,

Әліппемен досмтастым.

А-дан бастап әріпті,

Теріп маған танытты.

Мұғалім: Иә балалар, қазақ алфавитінде әліппе таныстырған неше әріп бар?

2-оқ.

Үйретті бізді Әліппе

42 дербес әріпке.

Сөз,сөйлесем құрап әріптен,

Лайық болды дәріпке.


Келіңдер ,қонақ болыңдар.Бүгін біз шексіз қуаныштымыз.Өйткені, алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан сүйікті «Әліппе»-мен қоштасқалы отырмыз.

Мұғалім:

Олай болса ,бәрімізге ең қымбат

әліппені шақырайық!

Әліппені қарсы алып

Тағы бір қол соғайық!

Оқушылар : Әліппе,әліппе!

Армысыңдар, аналар

Бармысыздар балалар

Сөзіме құлақ салыңыз

Бір серпіліп қалыңыз

Әліппеге арналмақ

Бүгінгі жыр әніміз.

Әліппе:

Армысыз ата-аналар,

Ұлағатты ұстаздар,

Өңкей білгіш балдырған,

Болашаққа жол бастар.

Менің атым -Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

3-оқ.

Бар кітапқа бас болған,

Әліппе –ғылым анасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.

Хор: «Әліппе»

Мұғалім:

-ал,балалар,алғаш әліппені жазған кім екен?

4-оқ.

Жырын бастап жатамыз,

Жалықпастан қыс-жазы.

Ұлы Ыбырай атамыз

ұстаздардың ұстазы!

5-оқ.

Ұран тастап көп елге

«Кел балалар оқылық!»

Деген сөзін көңілге

«Ықыласпен тоқылық!»...

6-оқ.

Оқығаннан кезінде,

Озған алғаш сол екен,

Әліппенің өзінде

Алғаш жазған сол екен!

Мұғалім:Әліппе тағы кіммен таныстырды?

7-оқ.

Абай атамызбен.Ол қазақ халқының ұлы ақыны.Біз Абай атаның өленін үйрендік.

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.

Мұғалім: Енді біз әріптер өміріне саяхат жасап қайтайық.

Көрініс: «Әріптер әлемінде»


Мұғалім: Жарайсыңдар,балалар!

Мына жұмбақты шешіп көріңдерші!

42 жауынгер,

Санын түзеп тұрады.

Бүлдіршіндер қауымы

Сырын терең ұғады. (Алфавит)

Алфавитті біліңдер,

Онда жүйе қалып бар.

Біздің қазақ тілінде 42 әріп бар!

Көрініс:

Оқымақ боп әріптерді,

Ашып едім «Әліппені»

Бұл достарым қызық неткен,

Әріп біткен зытып кеткен.

Алматыға «А» кетіпті

«Ә» ні Әдлет әкетіпті

«Б »болашақтың қаласына,

Түнеп қапты,нанасың ба?

Гүлдермен «Г» танысты

Шарлап кетті «Ғ» ғарышты

Сарыарқаның даласында

«Д» тап болды борасынға.

Жамбылда жүр «Ж»жайраңдап

Зайсан барған «З» сайрандап.

«Т» ның өзі таңдап барған

Мекені екен Талдықорған.

«Л» әріпі де отырмапты

Лисаков оған ұнап қапты.

«Қайда?» -десең қалған әріп,

Олар да ауыл,аудан барып,

Еңбек етіп жатыр екен,

Әріп біткен батыр екен!

Оқушы:

Апай ,оқи білген қандай жақсы!

Мамама да жалынбаймын,

«Әжем оқып берер ме» деп

Әжеме де жағынбаймын!

«Тағы бір бет оқып бер»деп

Әпкеме де өтінбеймін!

Шақыру да керек емес,

Жалыну да керек емес,

Аламын да оқимын!

Мұғалім:

Оқушы:

Біліміміз сараптап,

Өнеріміз көрдіңіз.

Әліппені аяқтап ,

Хат таныдық енді біз.

Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған жүреміз,

Сүйікті біздің әліппе!

Ширап іспен сөзіміз,

Өсті осылай өріміз .

Әжемізге өзіміз

Ертегі оқып береміз.

Жазуды да жазамыз,

Суретті де саламыз.

Нұрға толған санамыз,

Біз өнерлі баламыз.

Әліппе : Рахмет, мені таза ұстадыңдар,

Ризамын, құрметті шәкірттер.

Меңгердіңдер, болмадық босқа тер,

«Ана тілі» досым бар.

Сендерді жетелеп әкетер. Менің сендерге айтатын тілегім- жаңа достарыңды мендей сүйіп, мендей құрметтеңдер!

-Балалар ,мені оқып ,таныдыңдар.

Сендерді өзімнен кейін оқитын кітаптарың «Ана тілімен» таныстырғым келеді .

Ана тілі : «Есте сақта!»

-Ана тілі арың бұл ,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте .

Әліппе :

-Айналайын балғындар ,

Менен білім алдындар .

Әр сөзімді жаттаған ,

Достар үшін мақтанам .

Рахмет айтып шаттанам ,

Риза болып аттанам .

Алда ұзақ жасым бар ,

Оқумен өсіп толындар .

Аман – есен болындар!

Қош бол менің қасиетті

Әліппем ! (әліппе кетеді)

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім .

Бәрімізіді сүйіп өсірген

Балаларға үйреткен

Әліппе мен ұстазға

Бас иеміз құрметпен!

  • (ана тілін ортаға алады)

  • Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол ,

Сауатты боп шықты міне балаңыз !

Құттықтау сөзі. (дир.,ата-ана ...)



Мен – Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!

Мақсаты: Оқушыларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасын негізге ала отырып, патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілігі: ҚР рәміздері, Ата заң, суреттер, шарлар, «Тәуелсіздік шежіресі», «Алматы 1986 Желтоқсан» кітаптары, «Тәуелсіздік хроникасы» жинағы, қанатты сөздер жазылған плакаттар:

1. «Мәңгілік мақтан,

Дауылпаз дастан – Қазақстан!»

2. «Жасай бер, жаса,

Тәуелсіз ел- Қазақстан!»

3. «Тәуелсіздікке 15 жыл!»

4. «Мен – Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!»

Түрі: дөңгелек үстел

Барысы: 1. ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

2. «Тәуелсіздік шежіресі»

Мұғалім: - Қай халық, қандай ұлт болмасын өз еркіндігін аңсайды. Әр ел өзінің егемен, тәуелсіз болуын армандайды. Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары жүзеге асқан кезеңде тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Бүгінгі тәуелсіздік күніне орай өткізгелі отырған «Мен – Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Тәуелсіздігіміз баянды болсын, ағайын! Міне, Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 15 жыл болыпты. Осы азғантай уақыттың ішінде елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктері ғасырға пара-пар. Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар.

1-оқушы. Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады.

2-оқушы. Тәуелсіздік шежіресіне көз тоқтатып қарайықшы. Сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама қан төгілді, қаншама адам құрбан болды.

3-оқушы. Абылай заманы – батырлар заманы. Найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қасық қаны қалғанша ел мен жер үшін айқасқан бабалар аманатын жалғастырған боздақтар қаншама.

4-оқушы. Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.

5-оқушы. Қашан да өршіл, намысқой, ержүректік қасиетті биік ұстайтын қазақ халқы Ұлы Отан соғысы жылдарында да аянбай шайқасқан.

6-оқушы. 1986 жылдың 16 желтоқсаны. Қазақтың санасын сілкіндірген желтоқсан ызғары жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды.

7-оқушы. Бұл теңдік үшін, елдік үшін бас көтерген, тіпті тәнін аямай, жанын пида қылған жастарымыздың аңсаған армандарының, көздеген мақсаттарының ұшқыннан жалынға айналып еңселі ел болған күніміз.

8-оқушы. Бұл күн – халқымыздың қуанып, болашақ ұрпақтың ұрандап еске сақтар күні.

Мұғалім:

-Еліміздің егемендігіне ең алғаш қадам жасаған Желтоқсан оқиғасына 20 жыл толды. Бүгінгі жарқын өміріміз сол қаралы күндердің жеңісті жемісі іспетті. Олай болса, құрметті қауым, Тәуелсіздік күніне және Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына орай сынып оқушылары шығарма жазған еді. Үздік деп танылған шығармалардан үзінді тыңдаңыздар.

Шығарма оқу. «Тәуелсіздік жаңғырығы»

3. Тәуелсіздік хроникасы.

Мұғалім:

- Бүгінде Қазақстан көк байрағы көкке желбіреген, қазына байлығын пайдалана білген, ұрпақтарына ұлттық тәлім-тәрбие берген егемен ел. Аз уақыт ішінде басқаларға өз басымдылығын көрсете білген, экономикасы, мәдениеті өркендеген азиялық айбынды мемлекеттке айналды. «Болашақтың барысы» деген айдарлы елдің бірі болуға белді бекем байлап, әлем кеңістігіне бойлай еніп,басым беделге бет түзеуде. Ал осы аз ғана уақыттың ішінде елімізде елеулі өзгерістер болды. Енді тәуелсіздік хроникасына назар аударайық.

1991 жыл, 1992 жыл, 1993 жыл, 1994 жыл, 1995 жыл, 1996 жыл, 1997 жыл, 1998 жыл, 1999 жыл, 2000 жыл, 2001 жыл, 2002 жыл, 2003-2006 жылдар бойынша еліміздің жетістіктеріне тоқталу. 2002 жылы «Бәйтерек» ғимараты ашылды. 97м.(Астананың 1997 жылы ашылу құрметіне байланысты) 2003-2005 жылдар «Ауыл жылдары» болды.

- Ал, 2006 жылғы болған ұлы өзгерістер, оқиғалар туралы не айта аласыңдар?

(Оқушылардың жауабы тыңдалады)

4. Рәміздер.

- Тәуелсіз ел - қандай ел? (Оқушылардың жауабы тыңдалады.)

- Сонымен, тәуелсіз ел - өз нышандары, жері, дәстүрі, әдет-ғұрпы, тарихы, мәдениеті, өз ел басқарушысы бар еркін ел. Ал әрбір азамат өз елінің негізгі нышан, белгілерін - рәміздерін жақсы білуі қажет. Кәне, дүниетану пәнінен алған білімдерімізді ортаға салайық.

( Үш оқушы рәміздер туралы білетіндерін айтып береді)

- Балалар, біз өз еліміздің негізгі белгілерін біліп қана қоймай, оларды қастерлеуіміз керек. Бұл барша Қазақстан азаматтарының парызы. Ал, біздің елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады емес пе, олай болса еліміз қандай мемлекет болып саналады?

- Көп ұлтты.

- Иә, балалар, кең пейілді қазақ халқының дархан даласын жайлаған барша ұлт өкілдері қазақ жерін «Отаным» дейді.

Сұңқар: Еліміздің барлық жерінде қазақтардан басқа орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, татарлар, украиндар, шешендер, дұнғандар, және басқа да көптеген ұлттардың адамдары тату-тәтті өмір сүріп еңбек етуде.

Гульназ: Бұл халықтар түріне, нәсіліне қарамастан теңдей білім алып, Қазақстан Республикасының Ата заңы негізінде өздерінің Отанына айналған қазақ еліне барынша қызмет етіп, беделін үстем етіп келеді емес пе.

5. Ата Заң.

- Дұрыс, балалар Гүлназдың айтқанындай еліміздегі барлық халықтар Ата заңымыз – Конституцияға бағынады. Заң дегеніміз – ереже. Ережені бұлжытпай орындау керек емес пе. Қандай ереже-баптарды білесіңдер? (1-2 оқушыдан сұралады)

- Дұрыс, сондай-ақ, Ата Заңымызда әркімнің білім алуына, денсаулығын сақтауға, тынығуға құқығы бар екендігі көрсетілген. Сонымен қатар, Отанды қорғау, мемлекеттік нышандарды құрметтеу, тарихи - мәдени ескерткіш-мұраларды қорғау, табиғатты сақтау және қорғау әр азаматтың міндеті екендігі баса көрсетілген. Осыны естен шығармайық.

6. Отан деген не?

- Ия, балалар, біздің туған жеріміз алтын бесігіміз - Қазақстан кеңбайтақ. Кеңбайтақ Отанымыздың бір шетінен екінші шетіне жету үшін құс қанаты талады екен. Біз үшін Отанның шеті де, шегі де жоқ.

Отан деген не, кім қалай түсінеді ?

Мұғалім: Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене?

Оның тұлға, түс кейпін,

Достым білгің келе ме ?

Молдаш: Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы,

Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.

Сағынғанда тым ыстық көрінеді,

Жазда ойнаған үйшік қып сайдың тасы.

Мәншүк: Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен –

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Қуаныш: Отан дейміз кең-байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Алуа: Отан – тарих, Отан – тіл,

Жасаған елің, өз – халқың.

Отан - өлең, Отан – жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Мансұр: Отан - сенің ата-анаң,

Отан – досың, бауырың,

Отан - өлкең, астанаң,

Отан – аудан, ауылың.

Бауыржан: Отан – осы достарым,

Көңілге мұны түйе біл!

«Отан» - деп өс жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл!

- Дұрыс, балалар, Отан дегеніміз – адамның туып-өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын мекені. Ал, қазір бәріміз Отанымызға тағы бір мәрте құрмет көрсетіп, «Отан» әнін орындайық.

Хор: «Отан»

Қортынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі,

- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!


Тақырыбы: «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» 


Кештің барысы: «Көк тудың желбірегені» әні. 
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! 

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 23 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. 
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

2-жүргізуші: 
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

Қазақ орта мектебінің көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.

1 - жүргізуші: 
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің 
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

2 - жүргізуші: 
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!......

Қайрат атты атым бар,он сегізде жасым бар...
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!....

Сұранбады, жалынбады тік тұрды,
Барлық жендет қорықты одан тіксінді,
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қанышерлер айналада көптін-ді....

Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,
Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,
Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,
Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып ....
Ән «Қазақстан» орындайтын 10 - сынып оқушысы
2 - жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директорына беріледі. 
1 - жүргізуші: 
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп, 
Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып, 
Жандырған ой - қиялды қалың күйік 
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға 
Тербеліп ырғағына тамылжиық 

«Балбырауын» күйі. Орындайтын: оқушылар
Бақытым - Республикам Қазақстан, 
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан. 
Саған жетпес құшағы әлемнің де, 
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

Алдарыңызда бишілер тобының орындауында «Қамажай биі» 

1 - жүргізуші: 
Таң қалады тергеуші де бел кетіп,,
Неткен қайтпас, біз мұндайды көрмедік!!!
Барлық қазақ осындай ма.? білмедім,
Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не ерлік?....

Барлық қазақ осындай, бар қанында,
Сол ерлікпен ұстаған, сар даламды,
Кіргізбеген жауларын, бір сүйем де,
Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам да!!!...

Сол атаның ұрпағы мына менмін,
Есте ұста ей жендет, көрмегенің,
Мен қазақпын қорықпан, өлімнен де,
Табан асты, ол туған жерім менің.

Бір тамшы жас, алмай қара көзіне,
Халқы үшін жауаптығын сезіне,
Жас қазағым, қиындықтан тайсалмай,
Әркездері, жұптап тұрды сөзін де;

Қайрат атты атым бар, он сегізде жасым бар,
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!!!

2 - жүргізуші: 
Қазақ дейтін менің бір елім, 
Жатыр алып жарты дүние әлемін. 
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді. 

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, 
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады, 
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.

«Тұмар» дуэтінің орындауында ән «Алға, Қазақ, жігіттері» «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. 

Қазақпын, еңселі елмін егеменді, 
Кеңейттім кең әлемге керегемді. 
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар 
Таныды тепе - тең деп тереземді. 
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан, 
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам. 

Ән: «Жаса, Қазақстан!» орындайтын: 9 - сынып оқушысы

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, 
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың 
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира 
Құрбаны болған жаланың 
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы, 
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып, 
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

1 - жүргізуші: 
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты «Шаттық» биі. Орындайтын 9 - сынып оқушылары

2 - жүргізуші: 
Қасиетті Қазақстан мекенім, 
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. 
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, 
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма 
Туған тілім шұбарланба жарқыра 
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана 
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ. 

Ән: «Қазақстаным» Орындайтын: 7 - сынып оқушысы (Барша бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша) 

2 - жүргізуші: 
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті. 
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. 
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. 
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, 
Туған күнің құтты болсын, алыбым! 
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!


Тақырыбы: Жаңы жыл


Балалар
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.


Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіт, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.

Тәрбиешіге 6әpi қосылып:
Қала нұр, дала нұр
Құтты болсын Жаңа жыл!

«Жаңа жыл» әні орындалады.
Тәрбиеші:
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдандар.
Ертегімде сан қилы
Қызық- Қызық сырлар бар.
Жаңа жылдың кешінде
Аңдар келіп 6ip шешімге
Достаспақшы ниетпен
Жиналыпты келісімге.
Соныменен, балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер.
(Мерекелік музыка ойналады.)
Шыршаның артынан қоян ceкірin шығады да:
Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап,
Билеп-ойнап,
Көп қызыққа батамыз!
Ceкipin билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.
Қоян: Амансыз ба, аю паң!
Аю: Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Аю:
Жаңа жылдың тойында
«Жан салайық» ойынға!
Eкeyi қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана кутындап тулкі келеді.
Түлкі
Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!
Аю, қоян: Аман ба, тулкі, кел мұнда!
Тулкі
Достарым, жыл келеді
Сыйлығын ол береді
Жұмбақ шешкіш тулкінің
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түcin,
Тарқатам құмарымды.
Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!
Аю,қоян,түлкі 6ipre билей,жөнеледі Осы кезде орталарына кipni келеді

Kipni:

Сәлем,достар,аман ба?
Нұр берді шырша алаңға
Жылға шашу шашайық,
Тойлап, көңіл ашайық.
Қоян Келші биге басайық!
Бәрі билеп жатқанда, тиін келеді.
Тиін:
Тра-ля-ляй!Тра-ля-ляй!
Өнершіл аңдар-ай
Өңкей паңдар тыңдаңдар,
Жаңа жылға әнім бар
Қол ұстасып, биге басып,
Жыл әніне салыңдар
Бәріңізге 6ip сәлем.
Бәpi:
Сәлем,тиін!
Жақсы-ақ биі!
Бәpi қосылып, билейді. Енді орталарына қасқыр қосылады.
Қасқыр
Армысыңдар!Бармысыңдар,ағайын! Кәне құшақ ашайъқ, достъқ тойын жасайъқ
Бәpi: Жаңа жыл қүтты болсын ! Достығымыз мықты болсын!
«Полька» биі биленеді
Бәрі Жаңажылдарыңызбен!
Тәрбиеші: Жарайсындар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бip-ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді
/Аяз Ата/
Тәрбиеші: Балалар, енді жаңа жылдьқ мерекемізге Аяз атаны шақырайьқ. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.
Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.
Аяз Атаньң орнына мыстан кемпір ұшып кipeдi де, шыршаны 6ip айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.
Мыстан: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаньң кереметін-ай! Уйге алып кетсем бе екен?/Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаньң түьірімен жұлып алғысы келеді. /
Тәрбиеші: Мыстан кемпір! Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды
Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз,тимеңіз біздін шыршамызға! /Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: Туу!/ Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып./Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қаладыда: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан 6ip керемет дәмнің иici шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бip байып қалармын!

Мыстан Keмпip кeтiп қалады. Сол кезде қалтасынан бip таяқ түседі.
Тәрбиеші: Балалар, Кәне тойды жалғастырайьқ, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар.Әнімізде шырқап,атамызды шақырайық!
«Шырша жыры» жырланады.
Eciктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді. Аяз Ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді,ол кipгici келмейді.

Ақшақар: Ата жіберіңізші мені ! Кірмеймін мұнда,үйге кетемін.
Аяз Ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсьң ба өзі?
Ақшақар Жоқ,жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын.
Аяз Ата: Қызым-ау, не айтып тұрсың!
Қарашы,біз тойға келдік!
Кәне,балалармен амандасайьқ.
Аяулы аналарға,ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқап,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
/Балалармен амандасады/
Аяз Ата: Рахмет,рахмет балаларым! Кәнекей қызым! Қонақтардан, ұят болады, басынды көтер. / Ақшақар басын көтермей тұрады./
Аяз Ата: Қарашы, балалардьң киімi қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайьқ.
/Сол кезде Ақшақар жылап тұрып/
Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым! Осы кезде Аяз Ата оны жұбатып тұрып: қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын- дейді.
Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғьңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
Тәрбиеші: Ақшақар, сиқырлы таяғьң қандай еді?
Ақшақар Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?

Тәрбиеші: Жаңа мұнда Мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бip затын түcipiп алды, сол емес пе екен? Кәне, аңдар,іздеп көріңдерші, сол затты мүмкін тауып берерсіңдер.
/
сөйтіп жатқанда тиін сиқырлы таяқты тауып алады/

Аяз Ата: Жарайсың, балапаным! /бетінен сүйеді/
Тәрбиеші: Кәне,бізде шырша жағуға көмектесейік, әнімізді айтайьқ.

Балалар қайырмасын айтып жатқанда, Аяз Ата Ақпақарды қасына шакырып, шыршаны жаққызады.

«Аяз ата » жырланады.
«Кім көп қар түйіршігін жинайды?" ойын ойналады.
Балалар
1. Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
2. Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
3. Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
4. Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
5. Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
6. Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
7. Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
8. Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
9. Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.
«Кім тез пиманы киеді»- деген ойын ойналады.

Аяз- Ата: Ой! Бәрекелді, жарайсьңдар балалар! Аталарыңды бip куантып, тастадыңдар.
Тәрбиеші: АязАта! Сіз біздің балаларға сыйлықгар әкелдіңіз бе?
Аяз- Ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар сандықтың кілті қайда ?(Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.)
Тәрбиеші: Қандай кілтті сұрап тұрсыз? Бағанағы шыршадағы ілініп тұрған кілт пе?
Аяз- Ата: Иә,сол кілт шығар.
Тәрбиеші: Аяз Ата,ол кілтті мыстан алып кетті.Ол тіпті шыршамызды ала кеткісі келген.
Аяз- Ата: Қап, әттеген-ай! Кәне, біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік.
(
Осы кезде залға Мыстан кіреді.)
Мыстан: А-а,бәлем! Таптым, сандық мында тұр екен ғой (оны ашайын деп жатканда еріксіз бip күш оны артқа қарай итереді)
copyright - http://sc-pr.ru
Аяз- Ата: Мына ұрлықшы мұнда жүр ғой. Кәне кілтті маған бер,балалар сыйлықтарын күтіn қалды.
Мыстан: Ойбай- тағы, не дейді. Сыйлық өзіме де керек.
Аяз-Ата: АҺ, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен ceнi қатырып тастайын. Аяз-Ата: «Кәне таяғым мына Мыстанды қатырып таста»
(
Мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады.)
Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой, не icтeceм екен.
Аяз-Ата: Бересің ба сандықтың кілттін?
Мыстан: Жоқ, бермеймін.
Аяз-Ата: А-а, онда осылай тұра бер. Мен кеттім.
Мыстан: Жоқ,Аяз-Ата! Кетпеші,беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді орындасын, жұмбақтарымды шешсін.
(
Осы кезде мыстан қалпына келеді)
Балаларға жұмбақ жасырады.
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
(Қар)

Терезеге қонады,

Әсем ою ояды.
(Қырау)
Тікен,тікен тік пістe.
Қысы жазы бip тусте
(Шырша)
Мыстан: Жарайсьңдар,балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.
Аяз-Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайьқ. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым,сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашьқ болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.) Балалар: Сау болыңыздар!
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! 2010-шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!!!



Ұстазым – алтын діңгегім”

Көрнекілігі: Нақыл сөздер.

Қ.Р.Гимн ойналады.

Сынып жетекшілерінің құтықтау сөзімен ашылады.

  1. жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар !

Сіздерге төл мерекелеріңіз – ұстаздар күнімен,

Яғни даналар күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Сіздерге зор денсаулық,ұзақ өмір және еткен еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз.

2-жүргізуші: Адам өміріндегі ең қымбат жаның бірі –ұстаз.

Өткені ол оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп,

қияға қанат қақтырады.Сондықтанда болар, кейбірдарынды ойшылдарда ,көп төсін шарлаған ғарышкерлер де, жүрек жұтқан батырлар да, қарапайым еңбек адамдары да, тіпті жас ұрпақты тәрбиелеп жүрген педагогтардың өздері де ұстазды пір тұтып, ерекше қадірлейді.

1-жүргізуші:

хор: “Ұстазым”

2-жүргізуші: Жазушылармен ақындар өздерінің жырлары мен шығармаларына Ұстаздардың қасиеттерін арқау еткен.

Олай болса,тыңдап көрейік.

Елберген:

Ұстазым менің арман тілек, нұрлы әнім,

Көңілімнің әрбір гүлін саған ғана сыйладым.

Үйреттің өнер,білім,әдепке,

Оның үшін мен де саған ризамын.

Айғаным:

Ұстаз, ұстаз,

Ән арқауы қанша жырдың өзгегі

Болған талай поэма, жыр өзені

Шабытымның алқымдаған шағында

Келді міне сені жырлау кезегі.

О, ұстазым сені неге теңермін,

Ылғи, жаңа айтылмаған өлеңсің.

Ғарыш бойлап өсер болса талабым

Ұстаз сені жұлдызыма балаймын

Нұржан

Жанымды алаулатып күш жалынды

Өмірге талпындырған тұлпарыңды

Кеудеме білім сырын құйып берген

Ұмытпаймын әрқашан ұстазымды

Қарлығаш:

Шығармаспын сені әркез есімнен

Балалық шақ балдәурен, жас кезімнен

Әр уақытта ойымда сен тұрасың

Ақылшымдай, анамдай боп сезілген

1- жүргізуші: Ақ көйлегім үстімде

Би билеймін “Айгөлек”

Қой демейді ешкім де

Шаршамаймын дөңгелеп -

Демекші қыздар тобының биін тамашалайық

Би “ Аппақ гүлдер”

2- жүргізуші: “ Спорт- денсаулық кепілі” – десек, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спортпен шұғылданып жүрген достарымызда бар . Азат пен Бекзатты ортаға шақырайық.

1- жүргізуші: “ Құлақтан кіріп бойды алар” әсем ән мен тәтті күй деп Абай атамыз айтқандай ұстаздар сіздерге арнап оркестр “Қос алқа “ мен “ Қыз ақжелең “ күйін тарту етеді.

2- жүргізуші: “ Бұлақ көрсең көзін аш халқыңа тиер пайдасы “

Ұстаздарға арналған ыстық лебізін, жүрек жарды

Алғысын өлең шумақтарымен шығармалары арқы Жеткізгісі келген шәкірттерімімізді ортаға шақырамыз.

1.Мылтықбаева Гүлсезім.

Ұстаздарға

Білім берген балаға

Сәуле құйған салаға

Мұғалімге бас иер

Данышпанда, дана бар

Құтты болсын қуаныш

Шаттық берсін тасыңыз

Деніңіз сау боп, ұстаздар

Жүзге жетсін жасыңыз

2.Қырықбаева Жанар.

Ұстазым

Ақ ниеті төгілген

Шуақ төккен мейірімді көзіңнен

Қандайда бір орындалсын арманың

Тілегім осы шәкірттік адал көңілмен

Ұстазым бір өзіңсің қамқоршым

Бір өзіңсің жанашарым ұстазым

Осы күнге біліміңмен әкелген

Осы күнге қадіріңмен жеткізген

Талпын деп бізді алға жетелеген

Өзіңнен өсіп- өніп мен көтерілем

Сондада ұстазымды ұмытпаспын

Ұмытпауға мен саған серт етемін

Есімде менің ұстаздарым әлі де

Алғаш келіп алдыма ашқан әліппе

Үйреттің бізді сарқылмастай білімге

Үйреттің бізді сақадай сай тәртіпке

3.Дәулет:

Ұстазым.

Ұстаз деген ұлы адам,

Бар өмірін оқытуға арнаған.

Ұстаз деген - данышпан да дана да,

Ұстазына бас имейді қай адам.

Ұстазым әр қашан да қымбат маған,

Өмір бақи қарыздармын ұстаз саған

Қаламымды қолға алып мен бүгін

Ұстаз жайлы бар сырымды ақтарам

Тәлім алған өзіңнен талай дарын

Сенен артық кім түсінер шәкір жанын

Қиын сәтте қолдайтын қорғанышым

Шәкірт үшін ешқашан аянбадың

Әр шәкірттің жүрегіне жол тапқан

Білім беріп балаларды оқытқан

Бар білгенде үйреткенсің маған

Рахмет айтам ұстазыма сондықтан.


  1. Мөлдір:

Ақындар да ғалымдарда,

Өсті ұстаз арқасында

Мәңгілікте жадымда

Қалды сенің келбетің.

Ұстазым менің ұстазым

Жастық екі келмейді.

Өсіп қаппын менде бір,

Күн нұрындай сәулелеп.

5.Айғаным:

Ұстаз деген ұлағатты адам ғой,

Ұстаз деген мейірімді ана ғой.

Әліппені алғаш қолға ұстатқан,

Ұстаз деген данышпан ғой, дана ғой.

Анамдай болдың сен менің

Аялы менің ұстазым

Тәртіпті шәкір қылдың сен

Ұмытпаймын бұны мен.

5.Әлия өзінің шығармасын оқып берді.

ІІ- Жүргізуші: Мақпал мен Ақтөренің орындауында

‘’Ұстазым’’ әні

І- жүргізуші:

‘’Гүл сыйлау’’ ойыны

Мына гүл күлтесінің ішіндегі сұрақтарға жауап беру арқылы гүл шоғын дайындап, ұстаздарға сыйлайық.

Ойынның сұрақтары:

1) Қай мұғалімдерді ұнатасың?

Қандай қасиеті үшін, айтып бере аласың ба?

2) Қазіргі зейнеткер, ардагер ұстаздарды айтып бер?

3) Мектепті үздік белгімен бітірген аға - әкпелеріңді білесіңбе?

4) Ата – анаңнан өздерінің ұстаздары жайлы сұрадың ба?

5) Ұстаз жайлы мақал- мәтел айтып берші ?

6) Ұстаздар қандай тілек айтасың?

жүргізуші: Испан биі.Қыздар тобы.

жүргізуші: Айғанымның орындалуында ‘’Достарым’’ әні.

жүргізуші:

Әріптерді үйретіп,

Жақын болған кім бізге

Жамандықтан жиреніп,

Ақыл болған кім бізге?-

Десек – ол мұғалім,

Таласады сірә, кім?

Қапастағы елдердің”

мұңын айтқан кім бізге?

жүргізуші:

Көрікті сан жерлердің

Сырын айтқан кім бізге ?-

Десек,ол жан-мұғалім

Таласады, сірә, кім?

Аңыз, ертек, ән - жырдың

Бәрін бойға құйғыздың .

Бар асылды сыйғыздың .

Жақтың білім шырағы

Рахмет, саған мұғалім!

Хор: ”Ана туралы жыр”

Соңғы сөз директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:Сақтапбергенова Г.сөзімен қорытындыланады.

Құрметті Ұстаздар!

Өздеріңіздің төл мерекелеріңіз қарсаңында тың серпін, соны шығармашылық екпін тілеп еңбектеріңіздің әрдайым жемісті болуына тілектестігімізді білдіреміз?

Келешектің иесі - жас ұрпақты тәрбиелеудегі қиын да қызықты, ізгі де адал еңбектеріңіздің жемісі әрқашан төгіліп тұрғай - деп тілейміз .


Бабалар сөзі – тәрбие көзі

Кітапхананың оқу залы әдемі безендірілген. Көрнекті жерге Қазақстан Республикасының рәміздері ілінген. Қонақтар, оқырмандар осы залға жайғасуда.

(Композитор Н.Тілендиевтің “Ата толғауы” күйі жаймен ойналып тұрады)

1-жүргізуші: Көп жасаған қария
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар
Сөзі – соқпақ, өзі нәр.
Ата салты – ардақты,
Әрбір сөзі – салмақты
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты.

2-жүргізуші: Бабалар сөзі - кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен-билерден, ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы.

Мың жылда бір-ақ көрінетін кометалардай сыры да, сезімі де терең, тұңғиық дана тұлғаларымыз фәни өмірден баз кешіп, бақилық болып жатыр. Әйтсе де, Баубек пен Бауыржан батырлығы, Әлия мен Мәншүк ерлігі, Қаныш пен Әлкей білімі, Мұхтар мен Ғабит, Ғабидендердің үні, Дінмұхаммедтің парасаты – бүгінгі ұрпаққа өнеге. Олардың даналық болжамы, ғибрат аларлық сөздері мен пайымдаулары бүгінде халықпен қайта қауышып, жүрегімізден орын алуда.

Біздің ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім-тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар.

Бабалар сөзі – тәрбие көзі” атты сауалнама-әңгімеміз қарт ата мен жас жігіт арасында болған әңгіме түрінде өтеді. Яғни, қарияның жігітке қойған сауалына жігіттің жауап беруі және қарияның ол пікірді толықтырып өз ойын айтып беруін көрсетеміз.

1-бала: - Арман деген не? – депті қария.

- Ата арман дегеніміз ақыл-ойдың шындығы. Құс -ұшсам дейді, бала - өссем дейді, қыз – көрікті болсам дейді, жігіт – бақытты болсам дейді, қарт – жүзге жетсем дейді, ұстаз – шәкіртіне үлгі болсам дейді.

Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмайды.

Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді, - депті қарт.

2-бала: - Бақытты болу оңай ма? – депті қарт.

- Ата, жары жақсы болса, бақыты жанында – депті жігіт.

- Жоқ балам, ақыл басында болса, бақыт жанында болады. Ақыл адамды азаптан да, мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты боламын десең, ақылдылықты үйрен, не ақылды қызға үйлен.

3-бала: - Дос табу оңай ма? – депті қарт.

- Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.

- Жоқ балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Ақылдының досы аз, қасы көп, ақымақтың досы көп болғанымен жақсылығы жоқ. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың, - депті қарт.

4-бала: - Өмірде не жетім? – депті қарт.

- Ата-анасы жоқ бала жетім – депті жігіт.

- Дұрыс балам. Өмірде ата-анасы жоқ болса бала тірі жетім. Өмірде тоғыз жетім бар. Халқына сенімсіз болса – хан жетім. Ханы ақылсыз болса – халқы жетім, кеңесшісі ақылсыз болса - әкім жетім, суы жоқ - құдық жетім, ұлы жоқ - әке жетім, қызы жетесіз болса - ана жетім, досы жоқ -жігіт жетім, шәкіртсіз – ұстаз жетім.

Өмірде жетім болсаң есірме.

Ақылды жетім кеңесуге құмар;

Ақылсыз жетім егесуге құмар.

Егескен ел болмайды.

5-бала: - Үйде кім, елде кім қадірлі?

- Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі – депті жігіт.

- Жоқ балам, үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. Бала үйдің патшасы, балалы үй базар, баласыз үй қу мазар, - депті қарт.

6-бала: - Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?

- Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін мейірімді әке, - депті жігіт.

- Жоқ балам, әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін ол – ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.

Ана – үйдегі бақ, әке отыратын - тақ. Ана ақылды болса үйдің қуанышы, әкенің жұбанышы – депті қарт.

7-бала: -Елді кім, үйді кім бүлдіреді? – депті қарт.

- Ата, елді өсекші бүлдіреді, үйді ақылсыз бала бүлдіреді.

- Есіңде болсын, ақылсыз басшы елді бүлдіреді, ақылсыз әйел үйді бүлдірер.

Әкім – ақылсыз болса – ел тозады, өсек әкімді өсірмейді. Өсекті тыңдау - әкімге жараспайды, өсиетті тыңдау тақтағы ханға жараспайды, - депті қария.

8-бала: - Үйдегі алтын қазық кім? – депті қарт.

- Ата, үйдегі алтын қазық бала, - депті жігіт.

- Жоқ балам, үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқоршың, ағаң қорғаушың, інің сүйенішің, қарындасың қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде, - депті қарт.

9-бала: - Өмір сүру үшін не қажет? – депті қарт.

- Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет, - депті.

- Жоқ балам, адамның өмір сүруі үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірдің сәнін береді, тұз астың дәмін келтіреді, қыз көңілдің сәнін келтіреді, ақыл өмірдің мәнін береді. Адам ақылмен ағайынды табады, ақылсыз адам ағайыннан безеді, - депті қарт.

10-бала: - Шындықты не бұзады? – депті қарт.

- Ата, шындықты тіл бұзады, - депті жігіт.

- Дұрыс, балам, шындықты тіл бұзса, өкініші көбейеді, не өсек көбейеді. Шындықты білу қиын, айтылған сөзді тоқтату қиын. Адал адам шындықты білсе, өсек қылады. Өсек ерді бұзады. Өсекті көп айтқан шындықты білмейді, шындықты білген өсекшіге ере бермейді. Өмірде шындықты өсек бұзады, - депті қарт.

11-бала: - Адамға ақыл беретін кімдер? – депті қарт.

- Ата, ана тілі ғой ақыл беретін, - депті жігіт.

- Жоқ балам, ана тілі ойды өсіреді. Адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы екенін ұмытпа. Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Жақсы ақыл адамды тез есейтеді. Адамға ақыл беретін адал дос. Адал дос ақылшың, ақылшы дос – жақының. Досы көптің табысы көп, табысы көптің жақыны көп. Достықтың көзі ақылдан басталады, - депті қарт.

12-бала: - Адамның ақылы қайда? – депті қарт.

- Адамның ақылы тілінде, ата, - депті жігіт.

- Жоқ балам, тіл ақылдың айнасы, ақыл істің пайдасы. Есіңде болсын, ханның ақылы тағында, әкімнің ақылы жанында, ғалымның ақылы басында, ананың ақылы жасында, жігіттің ақылы жақсылығында, ақымақтың ақылы кім көрінгеннің қалтасында, - депті қарт.

13-бала: - Достықты нығайтатын не? – депті қарт.

- Ата достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, теңдік, туыстық, бауырмалдық нығайтады.

- Дұрыс, балам, сенің айтқаның достық пен жолдастықты дамытады. Есіңде болсын, шын достың ақылдыға тән екенін ұмытпа. Өмірде дос болуды ойласаң “Сәлеметсіз бе, кешіріңіз, рахмет, сау болыңыз, сәлем айтыңыз, рұхсат па” дегенді үйрен. Сәлемдесуді білген кешіре де біледі, кешіре білген рахмет те айта біледі. Жөн сөз көңіліңді өсіреді, жөнсіз сөз өміріңді өшіреді – депті қарт.

1-жүргізуші: Міне, балалар, көрдіңдер ме, дос табу үшін, елде кімнің қадірлі екенін, өмір сүру үшін не қажет екенін, шындықты бұзатын, достықты нығайтатын не екенімен таныстық және осындай ғибрат аларлық сөздерді есте сақтау керектігін ұмытпаңдар.

2-жүргізуші: Енді “Ескірмейтін есті сөз” айдары бойынша ойын-жарыс өткізіледі.

Бұл бөлімге дайындалу балалардың өздеріне тапсырылған. Күнделікті өмірде ата-әжелерің, әке-аналарыңның айтып отыратын ырым мен тиым сөздер жарысын өткіземіз. Кім көп біледі екен?

1-бала: Отқа су құйма, түкірме. Себебі кезінде ата-аналарымыз отқа табынған. От өмір, тіршілік көзі саналған.

2-бала: Мал сүйегін отқа жақпа, ақты төкпе.

Себебі тірі малдың сүйегі сырқырап, желіні іседі, малсыз қалып жоқшылыққа ұшырайды деген ұғым бар.

3-бала: Қазақ түнде мал, адам санамайды, себебі басың кемиді деп есептеген.

4-бала: Пышақтың жүзін жалама, пышақты кезенбе. Себебі пышақ ұзарып кетеді.

5-бала: Үйге қарай, үйді айналып жүгірме.

6-бала: Күлді, тұзды баспа, шашпа, аяғың ауырады.

7-бала: Жағыңды, беліңді таянба, тізеңді құшақтама. Тек қаралы адамдар ғана осылай отырады.

8-бала: Бас киіміңді лақтырма, теппе, басың ауырады.

9-бала: Нанды шашпа, баспа, нан - өмір нәрі.

10-бала: Туысыңа ит, пышақ сыйлама, себебі араз болып қалуың мүмкін.

11-бала: Өсек, өтірік айтып, жағымпаз, мақтаншақ болма.

12-бала: Үш күн айтта кір жууға, тырнақ, шаш алуға болмайды.

13-бала: Адамға ажал шақыратын мына ырымдар:

Саусақты тарақтап, қолды көкірекке не желкеге қойып жатпайды. Мойынға бос арқан салмайды. Қамшының өрімінен ұстап сабын жерге сүйретпейді. Жуылған киімді далаға оң қаратып жаймайды.

14-бала: Тәңертең міндетті түрде өз үйіңнен ораза ашып (тамақ ішіп) шық. Себебі “таңғы тамақ тәңірден” деген сөз бар.

15-бала: Дастарханды баспа, аттама.

16-бала: Сыпырғышты көкке көтеріп, баланы ұруға болмайды.

Міне осындай ырымдар мен тиымдарды еске сақтап,

орындап жүруіміз қажет.

(Музыкалық үзіліс)

1-жүргізуші: - Ендігі кезекте біз ненің жақсы, ненің жаман екендігімен, қасиетті ұғымдармен танысуымыз керек. Бұл бөлім сайыс түрінде өтеді. Қонақтар мен оқушылар болып сайысқа түсеміз. Сұрақтарға жауап беру кезегін алдымен қонақтарға береміз, соңынан оқушылар толықтырады.

2-жүргізуші: Жерден ауыр не бар?

Судан терең не бар?

Оттан ыстық не бар?

Көктен биік не бар?

(Қонақтар жауабы тыңдалады)

Оқушы: Жерден ауыр дегенім – ақыл, білім,

Судан терең дегенім – оқу, ғылым.

Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі.

Көктен биік дегенім – тәккапардың көңілі

1-жүргізуші: Алты алаш деген не?

Оқушы: - Алты алаш деген – Алаш ханның балалары – Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түркімен, Жайылхан.

2-жүргізуші: Дүниеде не жетім?

Оқушы: Жаңбыр жаумаса – жер жетім,

Басшысы болмаса – ел жетім.

Ұқпасқа айтылған – сөз жетім

1-жүргізуші: Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты?

Оқушы: Ананың сүті тәтті. Ананың қолы жұмсақ. Әкенің жүрегі қатты.

2-жүргізуші: Дүниеде ең жақының кім?

Оқушы: Тату болса – ағайын жақын

Ақылшы болса – апайың жақын

Бауырмал болса – інің жақын.

Инабатты болса – келінің жақын.

Алдыңа тартқан адал асын,

Қимас жақын – қарындасың.

1-жүргізуші: Дүниеде не қымбат?

Оқушы: Алтын ұяң – Отан қымбат,

Құт-береке – атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат.

Мейірімді – апаң қымбат.

Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.

2-жүргізуші: Дүниеде не қиын?

Оқушы: Арадан шыққан – жау қиын.

Таусылмайтын дау қиын.

Шанышқылаған сөз қиын.

Жазылмаған дерт қиын.

Іске аспаған серт қиын.

Ақылынан адасып,

Өзің түскен өрт қиын.

Не істеріңді біле алмай,

Ашиды сонда бас миың.

(Музыкалық үзіліс)

1-жүргізуші: Енді біз сайысымызды мақал-мәтел айту түрінде жалғастырамыз. Мақалды біз бастаймыз, қонақтар жалғастырып аяқтайды. Егер қонақтар жалғастыра алмаса, кезекті оқушылар алады. Таңдап алынған мақалдар тіл, шешендік, ата-ана, ұл, қыз туралы айтылады.

(Мақалдардың бірінші бөлігін екі бастаушы кезек айтып, жалғасына жауап күтіп тұрады)

1. Таппасаң сөздің жүйесін ... (отына өзің күйесің)

2. Ақылдының сөзі қысқа, ... (көпке болар нұсқа)

3. Шешен сөз бастар, ... (батыр қол бастар)

4. Қылыш жарасы бітеді, ... (сөз жарасы бітпейді)

5. Көп ішінде сөйлеген, ... (ойға салмай сөйлеген)

6. Көсемдіктің белгісі, ... ( шешендіктің белгісі)

7. Көп сөз – күміс, ... (аз сөз – алтын),

8. Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз ... (жақсы қыз – жағадағы құндыз).

9. Ақылың ағаңда болсын... (құндызың жағаңда болсын).

10. Әке көрген оқ жонар ... (шеше көрген тон пішер).

11. Өткір тіл – дарын ,... (ұзын тіл жауың)

12. Тоқсан ауыз сөздің ... (тобықтай түйіні бар)

13. Тіл тас жарады,... (тас жармаса бас жарады).

14. Жігіт болсаң 7 жұрттың тілін біл ... ( немесе 7 түрлі ғылым біл)

Осыдан соң сайыстың қорытындысы шығарылады.

1-жүргізуші: Міне, балалар, сендер тәлім-тәрбие аларлықтай “Бабадан қалған асыл сөздер” өте көп екен. Сондықтан да үлкендердің әр сөзіне зер салып, әр сөзінің астарына үңіле қарай білу керек. Әсіресе үйдегі ата-әжелеріңнің, ата-аналарыңның әр сөзін ұғып, кәрі адамдардың ақылын, өсиетін есте сақтаңдар.

1-оқушы: Атам - кітап, мен - дәптер,

Ақыл толы сөзіне.

Қызығам да әлбетте

Көшіремін өзіме.

2-оқушы: Еш дүкенде сатылмас,

Тегін кітап атамыз.

Қанша оқысаң сарқылмас

Өмір – кітап – атамыз.

3-оқушы: Беттер ашық ұдайы,

Оқылатын кітап ол.

Сырын ашып ұдайы

Тоқылатын кітап ол.

Соңы концерттік бағдарламамен жалғасады


«Қарты бар елдің қазынасы бар»

Мақсаты:

1 қазан қарттар күні туралы түсінік бере отырып,қарт кісіге құрметпен қарауға,сыйлап,жанында болғанын бағалай білуге үйрету.

Дүниетанымын,ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру.

Үлкен кісілерге қамқорлық жасауды қалыптастыру.

Көрнекіліктер:

Қанатты сөздер,мақал-мәтелдер,музыка әуендері.

  • Қарты бар елдің-қазынасы бар.

  • Үлкенге құрмет-кішіге ізет

  • Ағадан ақыл-атадан нақыл

  • Аталы үй-баталы үй

І.Кіріспе бөлімі

(Композитор Н.Тілендиевтің “Ата толғауы” күйі жаймен ойналып тұрады)

Мұғалім: Көп жасаған қария
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар
Сөзі – соқпақ, өзі нәр.
Ата салты – ардақты,
Әрбір сөзі – салмақты
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты.

Бабалар сөзі - кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен-билерден, ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы.

Біздің ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім-тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар.

ІІ негізгі бөлімі

1-бала: - Арман деген не? – депті қария.

- Ата арман дегеніміз ақыл-ойдың шындығы. Құс -ұшсам дейді, бала - өссем дейді, қыз – көрікті болсам дейді, жігіт – бақытты болсам дейді, қарт – жүзге жетсем дейді, ұстаз – шәкіртіне үлгі болсам дейді.

Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмайды.

Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді, - депті қарт.

2-бала: - Бақытты болу оңай ма? – депті қарт.

- Ата, жары жақсы болса, бақыты жанында – депті жігіт.

- Жоқ балам, ақыл басында болса, бақыт жанында болады. Ақыл адамды азаптан да, мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты боламын десең, ақылдылықты үйрен, не ақылды қызға үйлен.

3-бала: - Дос табу оңай ма? – депті қарт.

- Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.

- Жоқ балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Ақылдының досы аз, қасы көп, ақымақтың досы көп болғанымен жақсылығы жоқ. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың, - депті қарт.

4-бала: - Өмірде не жетім? – депті қарт.

- Ата-анасы жоқ бала жетім – депті жігіт.

- Дұрыс балам. Өмірде ата-анасы жоқ болса бала тірі жетім. Өмірде тоғыз жетім бар. Халқына сенімсіз болса – хан жетім. Ханы ақылсыз болса – халқы жетім, кеңесшісі ақылсыз болса - әкім жетім, суы жоқ - құдық жетім, ұлы жоқ - әке жетім, қызы жетесіз болса - ана жетім, досы жоқ -жігіт жетім, шәкіртсіз – ұстаз жетім.

Өмірде жетім болсаң есірме. Ақылды жетім кеңесуге құмар; Ақылсыз жетім егесуге құмар. Егескен ел болмайды.

5-бала: - Үйде кім, елде кім қадірлі?

- Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі – депті жігіт.

- Жоқ балам, үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. Бала үйдің патшасы, балалы үй базар, баласыз үй қу мазар, - депті қарт.

6-бала: - Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?

- Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін мейірімді әке, - депті жігіт.

- Жоқ балам, әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін ол – ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.

Ана – үйдегі бақ, әке отыратын - тақ. Ана ақылды болса үйдің қуанышы, әкенің жұбанышы – депті қарт.

7-бала: -Елді кім, үйді кім бүлдіреді? – депті қарт.

- Ата, елді өсекші бүлдіреді, үйді ақылсыз бала бүлдіреді.

- Есіңде болсын, ақылсыз басшы елді бүлдіреді, ақылсыз әйел үйді бүлдірер.

Әкім – ақылсыз болса – ел тозады, өсек әкімді өсірмейді. Өсекті тыңдау - әкімге жараспайды, өсиетті тыңдау тақтағы ханға жараспайды, - депті қария.

8-бала: - Үйдегі алтын қазық кім? – депті қарт.

- Ата, үйдегі алтын қазық бала, - депті жігіт.

- Жоқ балам, үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқоршың, ағаң қорғаушың, інің сүйенішің, қарындасың қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде, - депті қарт.

9-бала: - Өмір сүру үшін не қажет? – депті қарт.

- Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет, - депті.

- Жоқ балам, адамның өмір сүруі үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірдің сәнін береді, тұз астың дәмін келтіреді, қыз көңілдің сәнін келтіреді, ақыл өмірдің мәнін береді. Адам ақылмен ағайынды табады, ақылсыз адам ағайыннан безеді, - депті қарт.

10-бала: - Шындықты не бұзады? – депті қарт.

- Ата, шындықты тіл бұзады, - депті жігіт.

- Дұрыс, балам, шындықты тіл бұзса, өкініші көбейеді, не өсек көбейеді. Шындықты білу қиын, айтылған сөзді тоқтату қиын. Адал адам шындықты білсе, өсек қылады. Өсек ерді бұзады. Өсекті көп айтқан шындықты білмейді, шындықты білген өсекшіге ере бермейді. Өмірде шындықты өсек бұзады, - депті қарт.

11-бала: - Адамға ақыл беретін кімдер? – депті қарт.

- Ата, ана тілі ғой ақыл беретін, - депті жігіт.

- Жоқ балам, ана тілі ойды өсіреді. Адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы екенін ұмытпа. Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Жақсы ақыл адамды тез есейтеді. Адамға ақыл беретін адал дос. Адал дос ақылшың, ақылшы дос – жақының. Досы көптің табысы көп, табысы көптің жақыны көп. Достықтың көзі ақылдан басталады, - депті қарт.

12-бала: - Адамның ақылы қайда? – депті қарт.

- Адамның ақылы тілінде, ата, - депті жігіт.

- Жоқ балам, тіл ақылдың айнасы, ақыл істің пайдасы. Есіңде болсын, ханның ақылы тағында, әкімнің ақылы жанында, ғалымның ақылы басында, ананың ақылы жасында, жігіттің ақылы жақсылығында, ақымақтың ақылы кім көрінгеннің қалтасында, - депті қарт.

13-бала: - Достықты нығайтатын не? – депті қарт.

- Ата достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, теңдік, туыстық, бауырмалдық нығайтады.

- Дұрыс, балам, сенің айтқаның достық пен жолдастықты дамытады. Есіңде болсын, шын достың ақылдыға тән екенін ұмытпа. Өмірде дос болуды ойласаң “Сәлеметсіз бе, кешіріңіз, рахмет, сау болыңыз, сәлем айтыңыз, рұхсат па” дегенді үйрен. Сәлемдесуді білген кешіре де біледі, кешіре білген рахмет те айта біледі. Жөн сөз көңіліңді өсіреді, жөнсіз сөз өміріңді өшіреді – депті қарт.

Мұғалім: Міне, балалар, көрдіңдер ме, дос табу үшін, елде кімнің қадірлі екенін, өмір сүру үшін не қажет екенін, шындықты бұзатын, достықты нығайтатын не екенімен таныстық және осындай ғибрат аларлық сөздерді есте сақтау керектігін ұмытпаңдар.

Енді “Ескірмейтін есті сөз” айдары бойынша ойын-жарыс өткізіледі.

Бұл бөлімге дайындалу балалардың өздеріне тапсырылған. Күнделікті өмірде ата-әжелерің, әке-аналарыңның айтып отыратын ырым мен тиым сөздер жарысын өткіземіз. Кім көп біледі екен?

1-бала: Отқа су құйма, түкірме. Себебі кезінде ата-аналарымыз отқа табынған. От өмір, тіршілік көзі саналған.

2-бала: Мал сүйегін отқа жақпа, ақты төкпе.

Себебі тірі малдың сүйегі сырқырап, желіні іседі, малсыз қалып жоқшылыққа ұшырайды деген ұғым бар.

3-бала: Қазақ түнде мал, адам санамайды, себебі басың кемиді деп есептеген.

4-бала: Пышақтың жүзін жалама, пышақты кезенбе. Себебі пышақ ұзарып кетеді.

5-бала: Үйге қарай, үйді айналып жүгірме.

6-бала: Күлді, тұзды баспа, шашпа, аяғың ауырады.

7-бала: Жағыңды, беліңді таянба, тізеңді құшақтама. Тек қаралы адамдар ғана осылай отырады.

8-бала: Бас киіміңді лақтырма, теппе, басың ауырады.

9-бала: Нанды шашпа, баспа, нан - өмір нәрі.

10-бала: Туысыңа ит, пышақ сыйлама, себебі араз болып қалуың мүмкін.

11-бала: Өсек, өтірік айтып, жағымпаз, мақтаншақ болма.

12-бала: Үш күн айтта кір жууға, тырнақ, шаш алуға болмайды.

13-бала: Адамға ажал шақыратын мына ырымдар:

Саусақты тарақтап, қолды көкірекке не желкеге қойып жатпайды. Мойынға бос арқан салмайды. Қамшының өрімінен ұстап сабын жерге сүйретпейді. Жуылған киімді далаға оң қаратып жаймайды.

14-бала: Тәңертең міндетті түрде өз үйіңнен ораза ашып (тамақ ішіп) шық. Себебі “таңғы тамақ тәңірден” деген сөз бар.

15-бала: Дастарханды баспа, аттама.

16-бала: Сыпырғышты көкке көтеріп, баланы ұруға болмайды.

Міне осындай ырымдар мен тиымдарды еске сақтап,

орындап жүруіміз қажет.

Музыкалық үзіліс «Қара жорға биі»

Мұғалім: Ендігі кезекте біз ненің жақсы, ненің жаман екендігімен, қасиетті ұғымдармен танысуымыз керек. Бұл бөлім сайыс түрінде өтеді. Қонақтар мен оқушылар болып сайысқа түсеміз. Сұрақтарға жауап беру кезегін алдымен қонақтарға береміз, соңынан оқушылар толықтырады.


  • : Жерден ауыр не бар?

Судан терең не бар?

Оттан ыстық не бар?

Көктен биік не бар?

(Қонақтар жауабы тыңдалады)

Оқушы: Жерден ауыр дегенім – ақыл, білім,

Судан терең дегенім – оқу, ғылым.

Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі.

Көктен биік дегенім – тәккапардың көңілі


  • Алты алаш деген не?

Оқушы: - Алты алаш деген – Алаш ханның балалары – Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түркімен, Жайылхан.


  • Дүниеде не жетім?

Оқушы: Жаңбыр жаумаса – жер жетім,

Басшысы болмаса – ел жетім.

Ұқпасқа айтылған – сөз жетім


  • Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты?

Оқушы: Ананың сүті тәтті.

Ананың қолы жұмсақ.

Әкенің жүрегі қатты.


  • Дүниеде ең жақының кім?

Оқушы: Тату болса – ағайын жақын

Ақылшы болса – апайың жақын

Бауырмал болса – інің жақын.

Инабатты болса – келінің жақын.

Алдыңа тартқан адал асын,

Қимас жақын – қарындасың.


  • Дүниеде не қымбат?

Оқушы: Алтын ұяң – Отан қымбат,

Құт-береке – атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат.

Мейірімді – апаң қымбат.

Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.


  • Дүниеде не қиын?

Оқушы: Арадан шыққан – жау қиын.

Таусылмайтын дау қиын.

Шанышқылаған сөз қиын.

Жазылмаған дерт қиын.

Іске аспаған серт қиын.

Ақылынан адасып,

Өзің түскен өрт қиын.

Не істеріңді біле алмай,

Ашиды сонда бас миың.

(Музыкалық үзіліс)

1-жүргізуші: Енді біз сайысымызды мақал-мәтел айту түрінде жалғастырамыз. Мақалды біз бастаймыз, қонақтар жалғастырып аяқтайды. Егер қонақтар жалғастыра алмаса, кезекті оқушылар алады. Таңдап алынған мақалдар тіл, шешендік, ата-ана, ұл, қыз туралы айтылады.

(Мақалдардың бірінші бөлігін екі бастаушы кезек айтып, жалғасына жауап күтіп тұрады)

1. Таппасаң сөздің жүйесін ... (отына өзің күйесің)

2. Ақылдының сөзі қысқа, ... (көпке болар нұсқа)

3. Шешен сөз бастар, ... (батыр қол бастар)

4. Қылыш жарасы бітеді, ... (сөз жарасы бітпейді)

5. Көп ішінде сөйлеген, ... (ойға салмай сөйлеген)

6. Көсемдіктің белгісі, ... ( шешендіктің белгісі)

7. Көп сөз – күміс, ... (аз сөз – алтын),

8. Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз ... (жақсы қыз – жағадағы құндыз).

9. Ақылың ағаңда болсын... (құндызың жағаңда болсын).

10. Әке көрген оқ жонар ... (шеше көрген тон пішер).

11. Өткір тіл – дарын ,... (ұзын тіл жауың)

12. Тоқсан ауыз сөздің ... (тобықтай түйіні бар)

13. Тіл тас жарады,... (тас жармаса бас жарады).

14. Жігіт болсаң 7 жұрттың тілін біл ... ( немесе 7 түрлі ғылым біл)

Мұғалім: Міне, балалар, сендер тәлім-тәрбие аларлықтай

Бабадан қалған асыл сөздер” өте көп екен. Сондықтан да үлкендердің әр сөзіне зер салып, әр сөзінің астарына үңіле қарай білу керек. Әсіресе үйдегі ата-әжелеріңнің, ата-аналарыңның әр сөзін ұғып, кәрі адамдардың ақылын, өсиетін есте сақтаңдар.

Аталарға

1-оқушы: Атам - кітап, мен - дәптер,

Ақыл толы сөзіне.

Қызығам да әлбетте

Көшіремін өзіме.

2-оқушы: Еш дүкенде сатылмас,

Тегін кітап атамыз.

Қанша оқысаң сарқылмас

Өмір – кітап – атамыз.

3-оқушы: Беттер ашық ұдайы,

Оқылатын кітап ол.

Сырын ашып ұдайы

Тоқылатын кітап ол.


Жақсы көрем атамды,

Атам жүзге тақалды.

Ұрыспайды ұстасам,

Аппақ құдай сақалды.


Жақсы көрем қасын да,

Қардан аппақ шашын да.

Қорықпаймын ешкімнен,

Атам жүрсе қасымда.

Адымы үлкен ,әрі кең,

Жете алмаймын әлі мен-

Менің атам күштірек,

Аталардың бәрінен.

Әжелерге

Әжем менің әлі де

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді,

Біздің үйдің бәріне.

Менің әжем,жыр Әжем-

Шуағы мол,нұр әжем.

Ақ таяққа сүйеніп,

Аман –есен жүр әжем!!!


Соңы «Әжетайым»әні


«Қарты бар елдің қазынасы бар»

Мақсаты:


1 қазан қарттар күні туралы түсінік бере отырып,қарт кісіге құрметпен қарауға,сыйлап,жанында болғанын бағалай білуге үйрету.

Дүниетанымын,ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру.

Үлкен кісілерге қамқорлық жасауды қалыптастыру.

Көрнекіліктер:

Қанатты сөздер,мақал-мәтелдер,музыка әуендері.

  • Қарты бар елдің-қазынасы бар.

  • Үлкенге құрмет-кішіге ізет

  • Ағадан ақыл-атадан нақыл

  • Аталы үй-баталы үй

І.Кіріспе бөлімі

(Композитор Н.Тілендиевтің “Ата толғауы” күйі жаймен ойналып тұрады)

Мұғалім: Көп жасаған қария
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар
Сөзі – соқпақ, өзі нәр.
Ата салты – ардақты,
Әрбір сөзі – салмақты
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты.

Бабалар сөзі - кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен-билерден, ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы.

Біздің ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім-тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар.

ІІ негізгі бөлімі

1-бала: - Арман деген не? – депті қария.

- Ата арман дегеніміз ақыл-ойдың шындығы. Құс -ұшсам дейді, бала - өссем дейді, қыз – көрікті болсам дейді, жігіт – бақытты болсам дейді, қарт – жүзге жетсем дейді, ұстаз – шәкіртіне үлгі болсам дейді.

Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмайды.

Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді, - депті қарт.

2-бала: - Бақытты болу оңай ма? – депті қарт.

- Ата, жары жақсы болса, бақыты жанында – депті жігіт.

- Жоқ балам, ақыл басында болса, бақыт жанында болады. Ақыл адамды азаптан да, мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты боламын десең, ақылдылықты үйрен, не ақылды қызға үйлен.

3-бала: - Дос табу оңай ма? – депті қарт.

- Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.

- Жоқ балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Ақылдының досы аз, қасы көп, ақымақтың досы көп болғанымен жақсылығы жоқ. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың, - депті қарт.

4-бала: - Өмірде не жетім? – депті қарт.

- Ата-анасы жоқ бала жетім – депті жігіт.

- Дұрыс балам. Өмірде ата-анасы жоқ болса бала тірі жетім. Өмірде тоғыз жетім бар. Халқына сенімсіз болса – хан жетім. Ханы ақылсыз болса – халқы жетім, кеңесшісі ақылсыз болса - әкім жетім, суы жоқ - құдық жетім, ұлы жоқ - әке жетім, қызы жетесіз болса - ана жетім, досы жоқ -жігіт жетім, шәкіртсіз – ұстаз жетім.

Өмірде жетім болсаң есірме. Ақылды жетім кеңесуге құмар; Ақылсыз жетім егесуге құмар. Егескен ел болмайды.

5-бала: - Үйде кім, елде кім қадірлі?

- Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі – депті жігіт.


- Жоқ балам, үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. Бала үйдің патшасы, балалы үй базар, баласыз үй қу мазар, - депті қарт.

6-бала: - Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?

- Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін мейірімді әке, - депті жігіт.

- Жоқ балам, әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін ол – ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.

Ана – үйдегі бақ, әке отыратын - тақ. Ана ақылды болса үйдің қуанышы, әкенің жұбанышы – депті қарт.

7-бала: -Елді кім, үйді кім бүлдіреді? – депті қарт.

- Ата, елді өсекші бүлдіреді, үйді ақылсыз бала бүлдіреді.

- Есіңде болсын, ақылсыз басшы елді бүлдіреді, ақылсыз әйел үйді бүлдірер.

Әкім – ақылсыз болса – ел тозады, өсек әкімді өсірмейді. Өсекті тыңдау - әкімге жараспайды, өсиетті тыңдау тақтағы ханға жараспайды, - депті қария.

Мұғалім: Міне, балалар, сендер тәлім-тәрбие аларлықтай

Бабадан қалған асыл сөздер” өте көп екен. Сондықтан да үлкендердің әр сөзіне зер салып, әр сөзінің астарына үңіле қарай білу керек. Әсіресе үйдегі ата-әжелеріңнің, ата-аналарыңның әр сөзін ұғып, кәрі адамдардың ақылын, өсиетін есте сақтаңдар.

Аталарға

1-оқушы: Атам - кітап, мен - дәптер,

Ақыл толы сөзіне.

Қызығам да әлбетте

Көшіремін өзіме.

2-оқушы: Еш дүкенде сатылмас,

Тегін кітап атамыз.

Қанша оқысаң сарқылмас

Өмір – кітап – атамыз.

Әжелерге

Әжем менің әлі де

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді,

Біздің үйдің бәріне.

Менің әжем,жыр Әжем-

Шуағы мол,нұр әжем.

Ақ таяққа сүйеніп,

Аман –есен жүр әжем!!!

Соңы «Әжетайым»әні


«Толағай» отбасылық сайыс

Мақсаты: Оқушы мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Түрі: Эстафеталық ойын

Өтілетін орны: Спорт залы

Көрнекілігі: газеттер,шар,жалауша,кедергілер т.б.

Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

Жеңімпаз болу оңай ма,

Арман болған талайға?

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

ІІ.Негізгі бөлім

Құрметті мұғалімдер және ата-аналар,оқушылар бүгінгі «Толағай» отбасылық сайысымызға хош келдіңіздер!Көңілді жарысқа 2 «А»,3 «А»,

4 «А» сынып оқушылары мен ата-аналарымыз қатысады.

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз

Әр таңды бақытпенен атырамыз

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға

Балғабековтар,Абдикеровтар,Алимжановтар

отбасын шақырамыз.

(әр отбасы орындарына келіп тұрады)

(Дене шынықтыру мұғалімі Игенов Д.О рапорт тапсыру рәсімі)

Әнұран орындалады

Ал,құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын,сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.

1.Түйтебай Н.Қ

2.Құнанбаева Г.М

3.Амиркулова А.К

Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.

Сайыстың бағдарламасында


Топтың аты




Таныстрыу

Баскетбол

Конвейер

Навигатор

Тұсау

Мерген

Эстафета сайысы

Көмек

Қалашық

Хоккей

Теннис

Кенгуру

Арқан тартыс

«Қайсар»

тобы















«Жасұлан»

Тобы
















«Барыс»

Тобы














Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!

Сайысымызды бастаймыз.

«Қайсар» тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін!

«Жасұлан»тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны: Біз әрқашанда мықты

Бәрін жеңіп шықты

«Барыс»тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны: Біз шымыр сергек денеміз,өнер сүйер өренбіз.

2.Баскетбол ойыны Ойынның шартымен таныстырып ,көрсету.

3. Конвейер

4.Навигатор

5.Тұсау

(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)

6.Мерген Ойынның шартымен таныстырып ,көрсету.

7.Эстафета сайысы

8.Көмек

9.Қалашық

(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)

10.Хоккей

11.Теннис

12.Кенгуру

13.Арқан тартыс

ІІІ.Қорытынды бөлім

Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену,жалықпау

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады

Жеңілгендер ренжімей

Тараса бізге жарады

демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап,марапаттау сөз әділқазыларға беріледі. Сонымен қатар әр сыныптың ата-аналары демеушілік көрсетіп «Қайсар», «Жасұлан», «Барыс» топтарына арналған сыйлықтарын табыс етпекші.Қабыл алыңыздар.

Уа,халқым назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сау да.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші

Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп-көп рахмет.



Тақырыбы:«Сыйынар ем Ана деген тәңірге» (8 наурыз!)

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер,бейнероликтер,ноутбук,шарлар,ақыл тақтасы.

Жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар,қасиетті аналар!

Оқушы:

Сіздерден өскен балалар

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті абзал аналар.

Жүргізуші:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы атана алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымызға арналған әнімізді қабыл алыңыздар.

Ән: «Анашым қартаймашы».Орындайды: 2 «а» сынып оқушылары.

Жүргізуші:

Мың бұралып билеген

Аруды кім сүймеген .

Күміс көмей аруларға

Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті біздің оқушыларымыздың орындауындағы «Аррива» биіне береміз.

Жүргізуші:Келесі кезекте біздің оқушылар сіздерге арнап тақпақтар айтады.

Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!

Ойындар: «Балаңды тап».Аналарды орындыққа отырғызып,көздерін байлаймыз.Ал балалар бір-бірден келіп сіздердің қолдарыңыздан ұстайды.Сіздер өз балаңызды табуларыңыз керек.

«Орындық» ойыны.Ортаға бірнеше орындық қойылады.Музыка ойнатылады.Билеп жүріп,музыка тоқтағанда аналарымыз бен оқушыларымыз бір орындыққа отырып алуы керек.Орынсыз қалған қатысушылар шығып отырады және орындық алынып отырады.

Жүргізуші:Өте жақсы,керемет!Тамаша ойын болды.

жүргізуші: Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.

Олай болса қазір сіздерге оқушылардың арнаған қызықты сыйлықтары бар.Қабыл алыңыздар.Оқушылар сахнаға шығып,әр оқушы өз анасының бір қызықты қылығын салып көрсетеді. (пародия)

Ән: «Ақ,мамам» 2 «а» сыныбының орындауында.Ортаға әр оқушы өз анасын шақырып бірге орындайды.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар ,біздің «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен концертіміз аяқталды.

-Ал қазір сіздерді біз сіздерді ақ дастархан басына шақырамыз.Кешіміз әрі қарай жалғасын табады.



Тәрбие сағаты «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» 

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың 
ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Грамматикалық 
талғада жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге деген 
сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. 
Көрнекіліктер:Наурыз мерекесіне арналған суреттер, 
интерактивті тақта, киіз үй, шарлар, дөңгелек үстел, бесік. 

Сабақ барысы: 

І. Ұйымдастыру кезені 

- Сәлеметсізбе, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз –Ұлыстың ұлы күні» атты ашық сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер! 
- Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам. 
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы, 
Нұрға бөлеп міне жатыр манайды! 
Мал біткеннің бал татыған ұызды, 
Қуат болып қанымызға тарайды. 
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері, 
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді. 
«Аман ба» деп мал жаның? 
Бірін-бірі құшақтасып сүйеді. 
- Ал, балалар! Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық! 
Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! 
Ақ мол болсын! 
Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің! 

ІІ. Әңгімелесу 
Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» - жаңа, «руз» - кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген 
ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады. 
- Құрметті қонақтар, балалар! Наурыз құтты болсын! (бір ата-ана шашу шашады, музыка қосу) 
- Наурыз - бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн. 
- Ал, енді біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз наурыз мейрамға дайындаған тақпақтарын ұсынады. 

ІІІ. Тақпақтар 

1-ші бала: Бата беріп атамыз, 
Бата беріп апамыз, 
Тәтті болып жасалған, 
Наурыз дәмін татамыз. 
2-ші бала: Көктем келді бүгін, 
Күнім төкті нұрын 
Сайрап барлық құстар, 
Ән салуға құштар. 
Тәрбиеші: Көктемнің алғашқы күндерінен бастап жер бетіне қылтиып, бой көтеріп гүлдер өседі. Бұлар көктемнің алғашқы гүлдері деп аталады. Бұл бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ. (интерактивті тақтамен жұмыс) 
3-ші бала: Түрлі-түсті әйбат, 
Гүлдер шықты жайнап. 
Қызығып ылғи барамын, 
Қырға шықты ойнап. 
4-ші бала: Сәнді көктем нұрымен, 
Наурыз тойы жырымен, 
Көңіл гүлдей жайнасың. 
5-ші бала: Кіргізіп көркін даланың, 
Бәйшешек қырда қаптады. 
Қызығып ылғи барамын, 
Үзуге бірақ батпадым. 

6-шы бала: Күн мен түн теңеледі, 
Жер шуаққа бөленеді, 
Соны тойлар ел енді. 
7 бала: Наурыз тойы - салтымыз, 
«Көгерсін» - деп халқымыз, 
Көшеге тал егеміз. 
Тәрбиеші: Көктем - жыл мезгілінің әдемі бір кезені. Наурыз айында күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жырашықтардан су аға бастайды. Көктем – өте көңілді мезгіл. (интерактивті тақтадағы суреттерді көрсету) 
8 бала: Сансыз көкек сұңқылдап, 
Көктем келді еркелеп. 
9 бала: Нәзік үнмен сыңқылдап, 
Бұйра бұлақ еркелеп, 
Көкте бұлттар күркіреп, 
Жерге төкті өрмегін. 
10 бала: Қар су болып жөңелді, 
Қалды дала жалаңаш, 
Күн нұрына кеңелді. 
11 бала: Келіп көктем құстары, 
Бау-бақшада ән салды. 
Оларды жас достары, 
Ұя жасап қарсы алды. 
12 бала: Сүті көп те, көмірі аз, 
Болады ғой Наурыз! 
13 бала: Дастарханда дәніміз, 
Жайдарымыз бәріміз. 
Жарасу бар, жаулық жоқ, 
Қандай жақсы Наурыз! 
14 бала: Көкке бояп өңірді, 
Көктем келді көңілді. 
Бау-бақшада, орманда, 
Құстар әні төгілді. 
15 бала: Қарды ерітіп жылғасы, 
Наурыз келді – жыл басы. 
Шуақ төкті жарық күні, 
Мейрамында халықтың. 

16 бала: Балалар-ау, балалар! 
Шақырады далалар. 
Көктем келді гүл алып, 
Құстар келді жыр алып. 

ІV. Жұмбақ 

- Ал енді балалар! Жұмбақтардың шешуін табыңдар: 
Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, 
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. 
(дастархан) 
Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл дастархан. Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады? 
Қазақтың ұлттық тағамдары, 
Жасымнан жақын маған бәрі. 
Теңермес ем оларға мен, 
Ешбір асты ғаламдағы. 
- Дастархан басында адамдар қалай отырады, асқа қатысты тыйымдармен ырымдарымен бізді Жазира апайымыз таныстырып өтеді. 

V. Ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру 

Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген. Сондықтан қазақ халқының тойлары да көп болған. Соның біреуі бесікке салу. Бесікке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл –қалжын, ұлттық ойындарын ойнап көңіл көтерген. Бесікке салу тойларын ырымын көрсетіп, түсіндіріп беретін Шолпан апайымызға сөз береміз. 
Бала он екі ай шамасында қаз тұрып, бір-екі аттап үстел жағалап жүреді. Осы кезде балаға арналған қазақ халқында «Тұсау кесер» тойы өткізіледі. Сөз Әсел апайымызға беріледі. 

VI. Ұлттық ойын «Арқан тартыс» 

Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Сонын ішінде «Көкпар», «Қыз қуу», арқан тарту т.б ойындар. (интерактивті тақтамен жұмыс) 
- Ал, балалар, ендеше «арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік! Екі командаға бөлініп арқанды тартасыңдар.Кімнің командасы осы арқанды бірінші болып өзіне қарай тартады, сол команда жеңімпаз болып есептеледі. 1,2,3! Бастаймыз! (балалар арқан тартысады) 
Рахмет! Отырамыз! 

VII. Қорытындылау 

Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» - деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Бата туралы Батима апайдың әңгімесін тыңдайық. 
Рахмет! 
Тәрбиеші: Жаз келер, қыстыгүні қысым кетіп, 
Қар, суық, аяз, боран - бәрі кетіп. 
Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды, 
Табиғат барша жанға рахым етіп. 
Жетпекке үлкендікке жас балалар, 
Жүгірер қырдан ойға дүбірлесіп. 
Шал-кемпір күн шуақтап, көңілі жай, 
Өткен күн, өмірін айтып күбірлесіп. 
Бота, құлын, бұзау, лақ, қозы туып, 
Қуанып ойнақтайды олар да өсіп. 

- Балалар! Сендер білесіндерме? Наурыз мейрамы – жыл басы, яғни жаңа жыл. Ал Жаңа жылдың иесі кім екенің білесіндер ме? Дұрыс қоян! Жаңа жылдың иесін қарсы алайық! 
Қоян: Қыс келеді ақ тонды ... 
Оян бәрің! Орындалсын көксеген ой-арманың! 
Қоян деген момақан мақұлық қой, 
Ескер, бірақ «Ақтабан қоян» барын?! 
Рахмет! 
- Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған кішігірім концертімізді тамашаланыздар! 

VIII. Ән, би, өлең. 

Біздің оқушымыз Еркінова Диляраның өнерің ұсынамыз. 
Өлеңдерді мәнерлеп оқу. 
1. Бай өлкеммен мақтанам, 
Жырға қосып шаттанам. 
Жерімнің бар байлығын, 
Тәуелсіз ел сақтаған. 
2. Абай атамыздың өлеңдері: 
1. Әсемпаз болма әрнеге, 
Өнерпаз болсаң, арқалан. 
Сенде бір кірпіш дүниеге, 
Кетігін тап та , бар қалаң. 
2. Қайрат пен ақыл жол табар, 
Қашқанға да қуғанға. 
Әділет шапқат кімде бар, 
Сол жарасар туғанға, 
3. Бастапқы екеу соңғысыз, 
Біте қалса қазаққа. 
Алдын-жалын, артын-мұз, 
Барар едің қай жаққа? 
0 «Ж» даярлық тобының оқушылардың орындауында «Қара жорға» биін қабылдаңыздар! 
Осымен, құрметті қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Назарларыңызға көп рахмет! Сау болыныздар!



Ынтымақ достық кепілі.

Мақсаты:1. халықтар арасындағы достықты нығайту, оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату.

2. оқушыларды әсемдікке, әдемілікке, қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу;

3. мақал-мәтелдер, сөздік қорын молайту, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру;

Көрнекілігі:достық тақырыбына арналған нақыл сөздер, қабырға газеттері, шарлар, слайд.

Барысы:

Сәлеметсіздер ме, оқушы достар, мұғалімдер! Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз «Ынтымақ достық кепілі» деп аталады.

 

Ағайын туған бар адам,

Адалдық үшін жаралған.

Бар қымбат туыстық,

Баянды болсын тыныштық.

 

Жалпы қазақ халқының көсіліп жатқан кең байтақ даласы бар. Осындай байлықтың Қызығын көру үшін бізге тыныштық ауадай қажет. Қазыбек би «Біз қазақ достықты жақтаған елміз, дәм тұзды ақтаған елміз» деген. Біздің елімізде 130 дан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дұнған, өзбек, қырғыз, әзербайжан, түрік және тағы да басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір-бірімізбен қоян-қолтық аралас өмір сүрудеміз.

 

Қай жағынан айтсақ та бүгінгі біз өмір сүрген заманның ағымы басқа, халқымыз жаппай сауатты. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді. Тәуелсіз көп ұлтты халықтың арасында «Ши» шығармай бірлікпен ынтымақтың ұйытқысы болып дер кезінде республикадағы ұлттардың ассамблеясының жұмысын жандандырып олардың тілін, әдет ғұрпын насихаттауға мүмкіндік жасалуын қадағалап келеді. Мемлекетімізде істелініп жатқан ерлікті істеріміздің барлығы Н. Назарбаев есімімен байланысты. Елбасымыздың есімі Тәуелсіз Қазақстан атымен бірге өріліп үндесіп тұр.

Бауырласқан тәніміз,

Бұзылмаған антымыз.

Кең даланың ежелгі,

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай бізде де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

Міне, біз бүгін оқушылардың білім алу және халықтар достығы бағытында жүргізгелі отырған тәрбие сағатында балалардың мақал-мәтелдерді қаншалықты білетіндіктерін байқау.Мақал-мәтел арқылы халық даналығын бойларына сіңіру. Сөздерді орынды қолдануға өз ойын дәл анық жеткізе білуге үйрету. Ойлау қабілеттерін, және ой өрістерін дамыту. Отанын елін сүюге халқын басқа да ұлт халықтарын құрметтеуге тәрбиелеу мақсат етілді.

Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасымен таныстыру;

 

Ақыл тон аңдағанда тозбайтұғын,

Білім кен қанша болса азбайтұғын,

Қатарың оза шауып бара жатса.

Арқаның ауруы не қозбайтүғын. – деп Тұрмаған Ізтілеуов айтқандай білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды шақырамыз.

1-топ

2-топ

3-топ

 

Енді сайыс барысына тоқталсақ.

 

1.Таныстыру «Сәлем сөздің анасы»

2. Миллион кімге бұйырады. Сұрақ-жауап

3. «Тіл өнері»

4. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

5. «Ізденген жетер мұратқа»

6. Үй жұмысы «Тапқыр болсаң тауып шеш»

7. «Сәлем сөздің анасы, білгені жөн әр қазақтың баласы»

 

Сәлемдесу игі дәстүр киелі,

Сөзбен қарап кейде шешер

Жақсы сөзге жан семірер қашанда,

Жолданады сайыскерлер сәлемі.

1. Таныстыру

2. «Миллион кімге бұйырады ?»

1-топ

1.Бірлігі жоқ ел тозады (бірлігі күшті ел озады)

2. Салтанатты ән ( әнұран)

3. Әдепті бала арлы бала (әдепсіз бала сорлы бала)

4. 1 мамыр мерекесін белгілеуге АҚШ –та қай жылы, қалада болған?

5. Астанамыз 10 жасқа қашан толды.

 

2 – топ

Досы көппен сыйлас (досы азбен сырлас)

2. Елтаңба авторы? (Ш. Уәлиханов, Ж. Мәлібеков.)

3. Біздің елімізде 1 мамыр мерекесін қашаннан бастап атап өтілді?(Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бастап)

4. Желтоқсан көтерілісі өткен қала. (Алматы)

10. 1 мамыр мерекесін Кеңес үкіметі 1-ші рет қай жылы мейрамдады?(1918 ж)

 

3 – топ

1.Ынтымақ оқ өтпес сауыт( татулық тамаша сауыт)

2. Ресейде бірінші рет қай жылы, қай қалаларда бірінші мамырға арналған көтерілістер ұйымдастырылды.(1891, 1892, Петербург, Тула, Лодз)

3.Қазақстанның алғашқы астанасы?( Орынбор)

4. Еліміздің рәміздері қабылданған күн? (1992ж 4 маусым)

5.Ата Заңы қабылданған күн?( 1995 ж 30 тамыз)

 

III. «Тіл өнері»

Бұл бөлімде мақал-мәтелдің түсіп қалға сөздерін тауып, 3 тілдегі баламасын айтады.

Құсқа екі қанат қандай қажет болса, осы күнгі қазақ жастарына осы 3 тілді білу сондай қажет.

1 – топ

1.Білім теңіз(мектеп) кеме (школа, мектеп, school)

2.(Қыз) қылығымен көркем.( қыз, девочка, girl)

3. Өнер ады қызыл (тіл) (тіл, язык, language)

2 – топ

1.Жалқаудың жаны тәтті еңбектің (наны) тәтті.( нан, хлеб, bread)

2. Таяқ еттен өтеді (сөз) сүйектен өтеді( сөз, слово, words)

3. ( Ана) көңілі балада.( ана, мать, mother)

 

3 –топ

1. Көңілдегі сырды (көз) білдіреді. (көз, глаза, eyes)

2. Сіз деген әдеп, (біз) деген көмек. (біз, мы, we)

3, Атадан (ұл) туса игі, ата жолын қуса игі. (ұл, мальчик, boy)

 

IY. «Сөз тапқанға қолқа жоқ». Күлдіргі жұмбақтар.

1 топ

1.Егер түнгі сағат 12 де жаңбыр жауса, онан соң 72 сағаттан кейін күн ашылып, шуақ түседі ме? (бұл түн мезгілі)

2. 1 т мақта ауырма, әлде 1 т темір ауыр ма? (тең)

3. Не нәрсе сенің меншігің, бірақ оны өзінен көрі басқалар көбірек айтады. (сенің есімің)

 

2 топ.

1. Қай кезде аспан жерден төмен тұрады? (аспан суреті судан көрінген кезде)

2.Үш түйеқұс ұшып келе жатты, аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (түйеқұс ұшпайды)

3. Тышқан аулағышты бес әріппен қалай жазуға болады? (мысық)

 

3 топ

1.Жұмыртқа 12 мин піседі, ал он жұмыртқа неше минутта піседі? (12 мин)

2. Бір жанұяда 5 ұлдың бір-бірден қарындасы бар, жанұяда неше бала бар? (6 бала)

3. Ұшақ Шымкенттен Астанаға дейін 1 сағ 20 минутта ұшады. Ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұны қалай түсіндіресің? (тең)

 

Y. «Ізденген жетер мұратқа» қойылған сұраққа мақалдап жауап беру.

1 топ

1.Қарғыстың ең жаманы бола ма? (өзің білме білгеннің тілін алма )

2. Тауық түс көре ме? (тауықтың түсіне тары кіреді)

3. Аппақ қарға бола ма? (қарға баласын аппағым дер)

 

2 топ

1. Кімнен кім жаман? (олақтан салақ жаман)

2.Үлкен көз және үлкен сөз бола ма? (қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың сөзі үлкен )

3.Адамның қорқақ және батыр мүшесі бола ма? (көз қорқақ, қол батыр)

 

3 топ

1.Білекті және білімді не жығар? (білекті бірді, білімді мыңды жығар )

2.Ынтымақ бірлігін ата? (Ынтымақ достықтың бірлігі )

3.Ырыс алды бола ма? (ырыс алды ынтымақ)

 

YI. «Үй жұмысы «Тапқыр болсаң тауып шеш

Ребус шешу: 1-топ ; Жауабы. Тәуелсіз елім-тірегім, Қазақстан ұлы –елім.

2-топ. Бірлік түбі тірлік.

3-топ. Қашқаридің ұлағатты сөзін оқи аласыздар:

Дос адам сарайыңды жұмақ етер.

 

YII. «Сәлем сөздің анасы, білгені жөн әр қазақтың баласы» қай халық болмасын, қай ел болмасын бір-бірімен жылы мейірман, кең пейілділікті, достастықты өзара жақындықтарын білдіріп, амандық саулық сұрасып, өзінің аман екендігін білдіруі сәлемдесуінде. Адам баласы қашанда тыныш, бейбіт бір-бірімен сыйласып өмір сүруді аңсаған, армандаған. Олай болса әр елдердің бір-бірімен қалай сәлемдескеніне куә болайық.

Қай елдің амандасуы екенін табу.

1-топ Ағылшындардың бас киімін шешіп амандасуы.

Тайландтардың амандасуы.

2-топ Европалықтардың қолдан сүйіп амандасуы.

Жапондықтардың сәлем беруі.

3-топ Үнді қыздарының амандасуы.

Поляк жігітінің ізетті сәлемі.

Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да,

Оған да үкі, тұмар тағылса да-дегендей сөз әділ- қазылар алқасына беріледі. Марапаттау.

Ел бірлігі ең асыл қасиет. «Бірлік, ынтымақ, сабырлық пен парасаттылық ең алдымен өзімізге қазақтарға керек» деп көрегенділікпен елбасымыз айтқандай біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі Қазақстан халықтарының бірлігі. Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздің ынтымақтастықпен бейбіт өмір.

 

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білім менен аспанға жол салынар.

Білімділікпен ізгілікті бойымызға дарыта берейік. Осыменен «Ынтымақ достық кепілі» атты сайысымыз аяқталды. Сау болыңыздар.



Тақырыбы: «Ұлы жеңіс - жасасын!»

Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар, батырлардың суреттері, Ұлы Отан соғыс кезіндегі техникалар.

Өтілу барысы: Топ ішін безендіру. Музыка ойнап тұрады.

«Әнұран»

Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.

Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22 - де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда бұға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 67 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 67 жылдығы.

 

Үнтаспадан тыңдау: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 1941 жылы 22 - маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын - қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

Тәрбиеші: Соғыстың алғашқы күндерінен бастап - ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір ауыл, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.

1 бала: Соғыс жалмап аға - іні бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Жалғызынан айырыпты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы.

 

Тәрбиеші: Осы соғыста Кеңес одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1 млн 870 мың қазақстандықтар болған.

Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.

- Иә, кеудесін оққа төсеген қазақтың қарапайым қызы Мәншүк қас дұшпанынан елін қорғаған еді.

Момышұлы Бауыржан (1910 - 1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері - Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.

Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.

Тәрбиеші: Батырлар туралы тақпақтарды кім біледі?

Қарақат:

Әлияны бұл күнде

Барлық бала біледі

Әлия атты көңілде

Әпкеміз деп жүреді.

Аты аңыз, жыр қылып,

Елдің батыр түлегі.

Әр жүректе тұр күліп,

Әлия атты батыр қыз.

Сабрина:

Мәншүк апай батыр қыз

Ардақтаймыз атын біз!

Ұқсап Мәншүк апайға

Өсіп келе жатырмыз!

Манас:

Қайтпаған жауыннан

Қаһарман Бауыржан

Қан ішер фашисті

Қырды ол мыңдаған.

Ерлігі әрқашан

Есімде сақталады

Ұрпағы ұмытпайды.

Өмірінен үлгі алады.

- Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте берді, күте берді.

Әлібек:

Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді қалама,

Жеңіс келді әке боп

Елдегі көп балаға.

Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті.

Тәрбиеші:

Арылтып жаудан жерінді

Табанға жаншып өлімді

Жеңіспен желпіп өмірді

Оралды ерлер көңілді

Десеңдер бұл қай күні

Тоғызыншы мамыр күні!

 

- Балалар, жеңіс туралы тақпақтар айтайық.

Ербол:

Жеңіс келді ән болып,

Келді ауылға сән көрік

Жеңіс келді алақай,

Ұмытылмас мәңгілік.

Карим:

Жүйрік озар әйгілі

Күні бүгін бәйгенің

Ура, Ура балалар!

Тоғызыншы май бүгін.

Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т. б. өз жерлестеріміз: Тулақбаев Арон ата, Аяпбергенов Қамеш ата.....

Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. 1 минут еске алу. (әуен ойнайды.)

Тәрбиеші:. Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақтың өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, мектепте алаңсыз білім алып жатқанымыз, шаттана күлгеніміз, жайраңдап күлгеніміз - бәрі де сол Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жемісі. Әрине, соғыс болмасын! Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім алып, өз жеріміздің патриоттары болуға мүмкіндіктер бар.

Тәрбиеші: Балалар, біздің шекараны кім қорғайды? (солдаттар)

Ербол:

Шекарада солдат тұр.

Ел бақытын қорғап тұр.

Көңілденсін ағалар,

Амандық хат жолдап тұр.

Ән: «Атамекен»

Тәрбиеші: Осымен «Ұлы жеңіс – жасасын!» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.



Соңғы қонырау.

(Барлық оқушы сапқа тұрған)

Фанфары.

1-жүргізуші: Тындаңыздар! Тындаңыздар!

2-жүргізуші:

Армысыздар жиналған ата-ана, ұстаз

Той жиынсыз өмірдің мәні болмас

Арамыздан талпынып қақты қанат

11 жылда оң солын таныған жас

1-жүргізуші:

Бастайтын жолға сан тарап

Басталсын көне всалтанат

Дәл осы сәтті біздермен

Тойлайды бар ел шартарап

2-жүргізуші:

Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. Алда жайдары, жарқын жаз, көңілді демалыс, танымсыз еңбек тоқсаны. Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен “Соңғы қоңырау” түлектермен қоштасу мерекесімен құттықтаймыз.

2-жүргізуші: Салтанатты мерекеміздің құрметті қонақтарымен таныстырайық

1.

2.

....

2-жүргізуші:

Алдарында сан тарау жолдары тұр

Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр

Үлкен өмір есігін ашпақ,міне

Келген қауым, қол соғып,қолда бүкіл

1-жүргізуші:

Ұрпағың мақтануға болса лайық

Біз бүгін мақтанайық жар салайық

Биылғы 11-ші жыл түлектерін

Құрметпенен қол соғып қарсы алайық

(Айнала әні әуенімен түлектер келеді)

 

2-жүргізуші: 11 сынып жетекшісі ...............


2- жүргізуші: “Сыңғырла тағы да соңғы қоңырау” атты салтанатты мерекемізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер (шапалақ)

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына тік тұрыңдар! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкелінсін!

(әнұран орындалады, оқушылар қосылады)

2-жүргізуші:

Жолдайды мектеп мүдірі

Түлектерге ақ   тілек 

Өмір деген үлкен жолда

Ақ жол тілеп, бақ тілеп

Өмірде өшпейтін іс-балаға берген білімін, мейірімін, қамқор пейілің. Ол-болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрін мәңгілік деп алғашқы сөзді мектеп директоры ...................... беріледі.

( құттықтау , жетістіктер, ҰБТ–тілек, 1 сынып)

(Мақтау қағазы, марапаттау кезінде фанфары ойнау керек)

1-жүргізуші:

Ажырамай халықтан бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпенен өзіңізге,

Түлектерге арналсын тілегіңіз. 


1-жүргізуші: Тілек сөз ...................... беріледі.

 

2-жүргізуші:

Ата-ана тәрбиелеп балапанын

Әлдилеп, аялаған алақанын

Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар

Ойлауменен алдағы бала қамын деп

Ата-аналар атынан тілек сөз ................... ағайға беріледі.

1-жүргізуші.

Әлі есімде әліппені ашқаным

Есімінді есте мәнгі сақтадым

Жүрегіме нұрын құйған жылылық

Көрген емес ешқашанда суынып деп

Түлектердің алғашқы ұстазы ................... сөз беріледі

 

2-жүргізуші:

Сыныпты келдің басқарып,

Көрмедің ойлап бас қамын.

Шәкірттер жатыр ұшқалы,

Өмір дегенін қас-қағым.

Бірге өткізген күндерін, қыс-жазында,

Жазып шықты қаншама іс-қазына.

Балапанын ұшырған ұясынан,

Сөз берейік жетекші ұстазына деп

 

Келесі сөз кезегін ұлағатты ұстаз, түлектердің сынып жетекшісі ...................... беріледі

 

1-жүргізуші: Түлектер! Сендерді бүгінгі мерекемен құттықтауға келген 1 сынып оқушыларына сөз кезегін береміз.

(1 сынып сөз сөйлейді)

 

1 сыныптың 11 сыныпқа арнауы.

Абзал жандар, биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.

Қуанышты жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды бірінші сынып баршаңды.

 

11 жыл бойы оқыған,

Ойға білім тоқыған.

Ағалар мен апалар,

Орындалды ойыңыз,

Құтты болсын тойыңыз.

 

............ аға, мен сіздей, (Әсет)

Спортшы боламын.

Барлық сайысқа қатысып,

Облыстан орын аламын.

 

Еш уақытта сенбіліктен қалмайсыз,

Еңбек десе құлшынып жайнайсыз.

Білемін мен, ................ аға өмірде,

Адалдықты, жақсылықты қолдайсыз.

 

............. аға , мен сізді сыйлаймын,

Өзіңізді қоштасуға қимаймын.

Оқуға түс, білім алып, еңбек қыл,

Тек жақсы сөз ертеңіне арнаймын.

 

............. аға, өзі қандай сымбатты,

Ұлы ғой анасының қымбатты.

Оқуға түсіп қуантыңыз бізді де,

Өміріңіз болсын ұзақ, айбатты.

 

.............. аға, 

Қаржыгер болуды армандайсыз,

Ер жігіт боп бүгін сіз қалғандайсыз.

Мектеп берген білімнің арқасында,

Асқақтап болашаққа қол бұлғайсыз.

 

Білім, өнер, еңбек бәрі егіз,

Жана берсін әрқашан еңбегіңіз.

Еңбекқор деп атайды бәрі сізді,

Тек биіктен ................. аға көрініңіз.

 

Тәртіпті де, тіл алғыш, 

............ ападай боламын.

Сабақтан себепсіз қалмаймын,

Салт – дәстүрлі сақтаймын.

 

Өзімнен кішкентайларға, 

Мейіріммен қараймын.

................ апа мен сіздей,

Әдепті қыз боламын.

 

Бір мінезің бар сіздің аңқылдаған,

Орыс мектебінің қыздарына жарқылдаған.

Қанат қағып барасыз .................. аға,

Мақсатыңа жете біл армандаған.

 

Өзі қандай ұқыпты қарашы,

Ақтөбенің ол сүйкімді баласы.

Барлық іске тиянақты қарайды,

Мақтан етем мен ................. ағайды.

 

1 бала – Сіздерге жалын жүректен,

Айталық достық тілекпен.

Бәрі - Әрқашан сәтті жол болсын,

Сапарларыңыз оң болсын !

 

(Балауса әнін орындайды ......................... )

(1 –ші сынып оқушылары сыйлық береді)

1-жүргізуші:

Жүректері лүпіл қаққан,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан,осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы,өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек,ендігі сөзді сендерге береміз.

(11 сынып орындарынан бастайды )

(Айнала - әуені 1-3 секунд ойнау)

Түлектер: Енді сіздердің назарлаңызға «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты әуендік сәлемімізді ұсынамыз.

*********

Алда қиын жол әлі

Алда мақсат,тілектер

Әр кеудеде соғады

Қоңырау үні сыңғырлап

Естілді жылы жаныма

Күлкідей әсем сыңғырлап

Бөбекті жиды маңына.

 

********

Әр жыл сайын қарулантын біліммен

Алға дәйім мені бастап өсірдің

Нәр аламын,аяулы ұстаз, үніңнен

Ардақтысың мектеп-алтын бесігім

********

  Мектепке алғаш келгенде,

Мейірлі жандарды көргенде

Шарықтап биік қиялым,

Шаттанып шексіз сый алдым

Анадай ұстаз мектебім

Алғысым айтар көп менің.

********

Балапандай бауыр басқан ұяда,

Бірге өскен мектебіе жан қия ма?

Жолдама алып, болашаққа өзіңнен

********

Бірге жүрдік,11 жыл, бірге ойнадық,

Бірге оқыдық 11 жыл, бірге ойладық

Келді бүгін қоштасатын кезіміз,

Ақтық рет мектеп тойын тойладық.

************

Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім

Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім

Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің

Мектеп, мектеп,ана болып та көріндің

********

Мектеппен бүгін қоштаспақ,

Қоштаспақ мәңгі сан түлек

Айтылып жатыр сан тілек

Егіле-берді сан жүрек

Барлығы отыр есіне а,н

Мектепте өткен жылдарды

Мініп алып бір-бірден

Білім деген тұлпарды

*******

Өтті бізден бабалық

Өтті бізден шалалық

Тезге салды ұстаздар

Текті мінез-даналық

Ұсынғалы адалдық

Үйреткені адамдық

Бар ұстазға тілейміз

Бақыт, табыс,амандық.

**********

Мейірге толы мектебі

Майқара ашқан құшағын

Балапаның боп мен сенің

Өзіңнен түлеп ұшамын

 

*******

Сенен ыстық алтын ұя таппадым

Зінде өтті балғын бала шақтарым

Қоштасамын қимастықпен мен енді

Бетке алған соң балалақтың бақтарын

*******

Мектебімнің басшысы да тірегі

Барлығы оны мейірбан деп біледі

Әрқашан да басшы демей ол өзін

Ортамызда күліп, ойнап жүреді

Құтты болсын, мейрамыңыз бүгінгі

Көріп жүрсін ауыл-елің нұрынды

Өзінізге бақыт тілеп өмірде

Сыйлаймыз, сізге осы гүлімізді.

 

............. “Ен ақылшы директор” номинациясымен марапатталды.

(фанфары ойнайды)

 ********

Орыс тілі, ағалшын тілі ортақ тіл деп білеміз

Бар ұстазға арналатын жыр егіз

Шәкірттердің сүйіктісі болсын деп

Ұстаздарым, сізге , айтамыз біз лебіз.

 

.................... “Ең қамқоршы оқу меңгерушісі” номинациясымен марапатталады.

.......... “Ең парасатты мұғалім” номинациясымен марапатталады

(фанфары ойнайды)

Түлектер:

Үйретесіз қартадан

Дала,қала жер шарынбарлық бала білсін деп

Бізде қанша ел барын

Еңбегіңіз еленіп

Жүрсін аға,апалар

Қуанышқа кенелтіп

Жүрсін сізді балалар.

......................... “Ең білімді сынып жетекшісі” номинациясымен марапатталады

(фанфары ойнау)

************

Селт етпейтін нық тұлғаң

Шындық мәнін ұқтырған

Түйілгенде қос қабақ

Кімді болсын ықтырған

Түлектерге біздердей

Жол сілтеңіз қашан да

Қалпыңызда тік тұрған.

...................... “Ең байсалды мұғалім” номинациясымен марапатталады

........................ “Ең инабатты мұғалім” номинациясымен марапатталады.

(фанфары ойнау)

 

**********

Сырттан құр не десек те

Төселдірген есепке

Мына ән-сыйды түлектің

Алғысы деп есепте.

 

.............. “Ең жан-жақты мұғалім” номинациясымен марапатталады

.................... “Ең сымбатты мұғалім” номинациясымен марапатталады

(фанфары ойнау)

*********

Білсін деп ана тілінде

Құштар боп өссін білімге

Деп әркез бірге жүресіз

Шәкіртпен бірге күлесіз

Еңбегің жансын әрқашан

Білсінші сізді жер үсті.

................... “Ең әділетті мұғалім” номинациясымен марапатталады.

(фанфары ойнау)

 

**********

 Бізге сіздей ұстаз беріп

Сізге біздей шәкірт берген

Еңбегіңіз біздер үшін

Көрінеді биіктен

Тілейміз ашық аспан, жарық ай

Ұстазым менің ............ ағай

...................... “Ең көңілді мұғалім” номинациясымен марапатталады

(фанфары ойнау)

 

Ән “Достарым” орындайтын ............................

 

(Мектеп аманатын тапсыру рәсімі оқиды)


Түлектер: Мектеп аманатын тапсыру рәсімі .............. пен аманат қабылдап алу құрметі 10-сыныптың оқушысы ............... беріледі

Түлектер:

 Сіздерге бірінші аманат

Жан азығы адамның –ана тілі,

Тек сонымен ашылған дала гүлі.

Өнер алды –қызыл тіл дейді қазақ,

Бұл мәтелдің теренде мәңгі сыры.

Жас ұрпаққа жалынды,

Сөз маржанын дарытқан.

Абай, Пушкин жырымен,

Тіл арқылы табысқан.

Тілдің сырын меңгерген,

Тіл білуді жөн көрген.

Көсегесін көгертіп,

Ғажайып бір өң берген

Ел азаматы болыңдар.

10-сынып оқушысы:

Оқуды терең меңгеріп

Аманатты ақтаймыз

Мектепті үздік бітіріп

әдеп –салтты сақтаймыз- деп уәдемді беремін.

(фанфары )

 Білім кілтін тапсыру салтанаты ............. мен білім кілтін қабылдап алу құрметі 1 сыныптың оқышысына беріледі:

Түлектер:

Білімнің мына өмірде жеңгені көп

Білім қалар халқымның сенгені боп

Сондықтанда білім кілтін сендерге

Тапсырамыз ақ ниетпен сенеміз деп

(........... кілтті .............. береді) фанфары 1-2 секунд

 

1-сынып оқушысы:

Ұрпаққа кезенімен білім берген,

Алтын ұя мектеп қой елім сенген.

10 жыл бойы білімменен қанаттанып,

Аттанамыз бізде білім керуенімен

Түлектер:

Мерекеде басты қостық бәріміз

Жарасады әнімізбен сәніміз

Әуенімен тербелейік вальспен

Бірге толқып, әсем сазбен жанымыз.

(Қоштасу әнін қосу,.............. орындайды)

(Түлектер мектеп вальсіне шақырады)

(вальстен кейін, 11 сынып оқушылары шар, жазу парағын,  көгершін ұшыру)

2-жүргізуші: Құрметті түлектер! Көгершіндей қанаттарың талмай, биікке самғап ұша беріңдер!

2-жүргізуші:

Нағыз жүрек тебірентерлік сәт те келіп жетті. 11 жыл бойы әр сабақ арасында естіп, біліп достасқан әдемі қоңырау үні бітірушілер үшін соңғы рет соғылмақ

1-жүргізуші:

Қоңырау соғу рәсімі 11 сыныптың оқушысы ...............

мен 1 сыныптың оқушысы .............. беріледі

2-жүргізуші:

Күмбірле, қоңырау күмбірле

Аттансын түлектер жаңа өмірге.

1-жүргізуші:

Ұшырады мектебің өз қолыңнан

Көріне біл ғылымның сан қырынан

«Қайран, мынау қазақтың ұлы ғой»-деп

Көріне біл тұғырдан, биік шыңнан.

2-жүргізуші:

Қоштасады алтын ұя мектебің

Маңдайыңнан сипап өтер көктемің

«Сәт -сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз тілейміз біз армандарға жеткенін

Ұлттық біріңғай тестті табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!

 

1-жүргізуші: Ал енді түлектерді құрметпенен шығарып салайық

(қол шапалақ, фон “Той” әні)

1-жүрг,2-жүрг. Бірге: Үлкен өмірге аттаған қадамдарынна нұр жаусын, талаптарын оң болсын!

2-жүргізуші:

Осымен түлектеріміздің алтын ұя мектебімен қоштасуына арналған «Сыңғырла тағы да соңғы қоңырау» атты салтанатты мерекемізді жабуға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына тік тұрыңдар!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкетілсін!

2-жүргізуші: Оқушылар! Сіздерді көңілді демалыс, жайдары, жарқын жаз қарсы алуда. Жазғы демалысты көңілді өткізіп, денсаулықтарынды жақсартып, жаңа оқу жылында жаңа күш- жігермен алтын ұя мектептеріне оралуларына тілектеспіз

1-жүргізуші: Мектепке қарай қадамды 1 сынып оқушылары бастайды.

( Қазақстан әнін қосу)



Тақырыбы: Дулыға

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты:

Оқушылардың қазақтың ұлттық киімдері туралы алған мағлұматтарын естеріне түсіре отырып, білімдерін толықтыру.

Дамытушылық мақсаты:

Дұрыс сөйлеуге, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, сөздік қорын дамыту және қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік мәні:

Мемлекеттік тілді құрметтеуге, отансүйгіштікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу. Қазақтың салт-дәстүрі мен өнеріне қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың барысы:

Мұғалім: -Бүгінгі «Дулыға» атты ашық сынып сағатымызға қош келдіңіздер құрметті ұстаздар, оқушылар! Ашық сабағымыздың мақсаты сіздердің қазақтың ұлттық киімдері туралы білімдеріңізді толықтыра түсіру. Бүгінгі сабақта сіздер көптеген мағлұмат алып, білімдеріңізді толықтырасыздар деген сенімдемін.

Ең алдымен әділқазылар алқасына ортаға Бикен Кәрімбековна мен Жұмағалиева Дананы шақырамыз.

І жүргізуші. Елдің бәріне және әрдайым ұнайтын киім бар ма? Бар. Ол ұлттық киім. Әр халықтың өз киімі бар. Және олардың қай-қайсысы да әсем әрі тартымды.

ІІ жүргізуші. Киім – адам денесін ауа райының, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бұйым.

Олардың бәрі де адамдардың ақыл-ойы мен эстетикалық талғамының, еңбегінің жемісі. Адамзат полеолит-тас дәуірінде-ақ тігіссіз байланатын лыпа киімдерді пайдаланып, сүйек ине, сүйек бізді қолдана отырып тері және тоқыма киім-кешек жасауды үйренген. Ал енді неолит дәуірінен бастап өру, иіру, тоқу кәсібі өмірге келіп, иықтан, мықыннан киілетін киім түрлері пайда болды. Қазақтардың қазіргі киімдерінің көбісі сақ дәуірінен бастау алады. ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары Ойыл мен Сағыз бойын мекендеген қазақтардың киім-кешегін палеоэтнологиялық деректермен салыстыра зерттеген С.И.Руденко, тіпті күпінің қазаққа, оның ата-бабасына кем дегенде екі мың жыл бұрын белгілі болған киім үлгісі екенін дәлелдеп берді. Негізінен, қазақ киімдерін кеңінен зерттеу Қазан революциясынан кейін ғана қолға алынды.

І жүргізуші. Қазақтың ұлттық киімдері-қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшығы туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халықтарының қол өнерімен де ұштасып жатыр. Қол өнерінің басты бір саласы-киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінгіге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес.

ІІ жүргізуші. Қазақ ұлттық костюмі шексіз дала төсіндегі қиын-қыстау көшпелі өмірге ыңғайланып жасалды. Киім, оны күтіп ұстауды жеңілдету үшін, қарапайым пішілген болу керек-тін, сонымен бірге оның әдемі және салтанатты көрінуі шарт еді. Киім тігетін негізгі материалдар-тері, жүн, «шекпен» аталатын жүн мата, ал дәулетті отбастарында-барқыт, жібек, қымбат аң терілері-елтірілер болатын. Киім-кешек жібекпен, алтын және күміс жіптермен кестелейтін, ұсақ маржан (бисер), моншақ, шашақ, үкі қауырсындарымен безендіретін, олар адамды «сұқтанған жаман көздерден» сақтауға тиіс деп саналатын. Әсіресе киімнің ашық кесілген тұстарын-жағаны, етекті, жең және балақ ұштарын ою-өрнекпен мұқият әрлейтін. Мұндай ретпен денеге жамандықтардың, пәлекеттердің өтіп кетуі сақтандырылады, адам солардан қорғалады деп есептелетін. Сосын костюм зергерлік әшекейлердің мол санымен толықтырылатын.

І жүргізуші

Киімнің негізгі түрлері

Қазақтың ұлттық киімдері негізінен мынандай түрлерге бөлінеді: іштік киімдер, сыртқы (өң) киімдер, сулық киімдер, ерлердің бас киімдері, әйелдердің бас киімдері, аяқ киімдер.

ІІ жүргізуші.

Қандай Іштік киімдерді білесіңдер?

Бешпент, дамбал, жейде (көйлек), қамзол, күрте, (желетке), шалбар.

Қандай Сыртқы (өң) киімдерді білесіңдер?

Жадағай шапан, жарғақ, күпі, сырмалы шапан, тайжақы, тон, шапан, шидем, ішік, қолқап.

І жүргізуші

Қандай Сулық киімдерді білесіңдер?

Аба, кебенек, кенеп, сырттық, шекпен.

ІІ жүргізуші

Қандай Ерлердің бас киімдерін білесіңдер?

Айырқалпақ,башлық, бөрік, далбай, жалбағай, жекей тымақ, күлпара, қалпақ, құлақшын, малақай, мұрақ, тақия, тымақ, шалма.

І жүргізуші

Қандай Әйелдердің бас киімдерін білесіңдер?

Бергек, бөрік, жаулық, желек, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі.

ІІ жүргізуші

Қандай Аяқ киімдерді білесіңдер?

Кебіс, көк етік, мәсі, мық- шима, саптама етік, шоң-қайма.

І жүргізуші
Киімдердің ә
леуметтік дәрежесі

Ұлттық киімдеріміз пайдалану, тұтыну ерекшеліктеріне қарай күнделікті, сәндік киімдер, жыл мезгілдеріне байланысты қыстық, маусым аралық, жаздық, күздік киімдер болып бөлінеді. Жас және жыныс ерекшеліктеріне сәйкес мынандай түрлерге жіктеледі: сәби киімі (иткөйлек, сылау тақия), бала киімі (кепеш, малақай, құлақшын, жейде, дамбал, шалбар, етік, бешпент, шапан), бозбала киімі (тақия, етік, жейде, шалбар), бойжеткен киімі (желбіршекті көйлек, тақия, кәзекей), қалыңдық киімі (сәукеле, желек), келіншек, бәйбіше киімі (көйлек, кимешек, жаулық, қамзол, кебіс, мәсі, көкірекше), күйеу, жас жігіт, ақсақал киімдері (шапан, ішік, бешпент, сырма шалбар, ақ жейде, дамбал, саптама етік, кебіс, мәсі). Әлеуметтік дәрежесіне, қызметіне байланысты ұлттық киімдер мынандай да топқа бөлінеді: жоғары текті қазақтардың киімі, сал-серілер киімі, сән-салтанат киімдері, ұлттық ойын-сауық, жарыстарда киетін киімдер, ғұрыпты киімдер, қазақтың неке киімдері, күйеу жігіт киімі, қалыңдық киімі, дінге байланысты салттық және ғұрыптық киімдер, діндарлар киімі, жерлеу рәсіміне байланысты өлікке кигізілетін киім, аза тұтушылардың қаралы киімдері, қазақтардың ертедегі сулық және кәсіптік киімдері, малшылар киімі, аңшылар киімі, батырлар киімі және т.б. Қазақтың ұлттық киімдерінің түрлері мен атауы көп. Тіпті киімдерді ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп те танып жатады. Сондай-ақ, кейбір киімдер ру, тайпа аттарымен де былайша аталып, танылады: қыпшақ тымақ, арғын тымақ, найман тымақ, адай бөрік, қызай бөрік т.с.с. Қазақтың ұлттық киімдерін географиялық аймағына қарай Жетісу үлгісі, Арқа үлгісі деп те атау кездеседі.

ІІ жүргізуші. Енді кейбір киім үлгілерімен жақынырақ танысайық. Ол үшін сабақ басында сұрақтарға ең көп жауап берген оқушыларды ортаға шақырамыз.Екі топқа бөлінеміз. Әр топ өздеріңіздің топтарыңызға ат беріңіздер.

І жүргізуші

Бас киімдер

І топқа сұрақ. Айырқалпақ-дегеніміз не? Ерлердің киізден тігілген жеңіл бас киімі. Айырқалпақ жұқа етіп басылған ақ киізден тігіледі. Ол негізгі екі бөліктен құралады. Олар-қалпақтың төбесі және етегі. (кейде қайрмасы деп те атайды). Қалпақтың төбесі төрт сайдан (бөліктен) тұрады. Қалпақтың етегі жалпақтығы төрт елідей етіп, дөңгелектеп қиып алынған ақ киізден жасалады да, оны жоғарғы бөліктің етегіне сыздық салып қондырады.

ІІ жүргізуші

ІІ топқа сұрақ. Тымақ-дегеніміз не? Қазақта тымақтың түрлері көп, соның ең бағаласы – түлкі тымақ. Оның маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкі терісі тігіледі де, сырты мақпалмен, пүлішпен немесе басқа асыл маталармен сырылып тысталады. Тымақтың төбесі төрт немесе алты сай (бөлек) үшкіл (үш бұрышты) киізден құралып, шошақ болып келеді.

І жүргізуші

І топқа сұрақ. Бөрік-дегеніміз не?жеткіншектерден бастап, ересек адамдарға дейін киетін бас киім. Қазақтың ертеден қалыптасқан ұлттық бас киімі, оны бағалы аң терісінен және жас төлдің елтірісінен тігеді. Оның жаздық және қыстық түрлері болады. Терінің түріне қарай бөрік әр алуан аталады. Құндық бөрік, сусар бөрік, кәмшат бөрік, түлкі бөрік, елтірі бөрік, т.б. деп аталады. Оны ерлер де қыздар да киеді.

ІІ жүргізуші

ІІ топқа сұрақ. Малақай (құлақшын)-дегеніміз не? Ерлердің салқында киетін бас киімі. Оны құндыз, бұлғын, сусар, түлкі, қарсақ, суыр т.б. аңдар мен құлын, бұзаудың терісінен, қозы мен лақтың елтірісінен тігеді. Малақай маңдайдан, екі құлағы мен мен төбесінен және артқы құлағынан тұрады.

І жүргізуші

І топқа сұрақ. Тақия-дегеніміз не? Ерлердің жеңіл бас киімі. Қазақта тақияның түрі көп. Соның ішінде аса сәндісі, көркемі – бүлдіршін қыздар киетін үкілі тақия. Ол биіктігі 10-15 см мөлшерінде дөңгеленіп тігілген, жалпақ төбесіне үки тағылатын жеңіл бас киім. Айнала жиегіне ою салынып, түрлі асыл тастармен көмкеріледі. Оны жас қыздар үзатылғанға дейін киеді. Ұзатылған қыз – қыз ғумырдың белгісі – тақиясымен «сыңсу» айтып қоштасады.

ІІ жүргізуші

ІІ топқа сұрақ. Кимешек–дегеніміз не? Кимешек-жасамыс (егде) әйелдер киетін бас киім. Ол өн бойы көкіректі жауып тұратын тұтас матадан тігілдеді. Ақ матадан бет жағы ойылады. Жағы, өңірі оқаланып кестеленеді. Төбесіне сәндік үшін шылауыш немесе күндік сияқты ақ мата оралады.

І жүргізуші

І топқа сұрақ. Сәукеле-дегеніміз не? Сәукеле-ұзатылатын қыз-қалыңдық киетін ғұрыптық киім. Оның сом күмістен құйылған төбесіне үкі тағылып, маңдайына жақұт қондырылады. Өнбойы алтын, күміс сияқты қымбат металдармен өрнектеліп, ақық, маржан, гауһар сияқты асыл тастармен безендіріледі. Екі жақтауына моншақтан салпыншақ өріледі, төбесінен жерге дейін төгілген ақ желек жабылады. Сәукелені ұзатылатын қызға арнап шеберлерге дайындаттырады. Сәукелені қалыңдық ұзатылған күннен бастап бір жылға дейін ғана киеді.

Сыртқы киімдер.

ІІ жүргізуші

ІІ топқа сұрақ. Шапан-дегеніміз не? Шапан- Қазақстан мен Орта Азия халықтарының ұлттық киімі. Оны қалың матадан арасына жүн, мақта салып, астарлап немесе қос астарлап сырып тігеді. Ол негізінен тік жағалы, ішінара қайырма жағалы да болады. Шапан: сырмалы шапан, қаптал шапан, қималы шапан деп бөлінеді. Оқалы немесе зерлі шапан – қымбат матадан жағасы мен өңіріне зер салынып, арқасы мен етек-жеңі оқалы жіппен өрнектеліп тігілетін сырт киім. Арқасына күн тәріздес дөңгелек өрнек, өн бойына өсімдік тектес оюлар салынады. Ертеректе мұндай шапандарды хан-сұлтандар, ауқатты адамдар киетін болған.

Қазақ халқының арасында сыйлы адамдарға шапан кигізу дәстүрі кең тараған.

І жүргізуші

І топқа сұрақ. Камзол дегеніміз не? Шапанға қарағанда ықшам, қысқа, кобінесе жеңсіз немесе қысқа жеңді болып келетін әйелдің сырт киімі. Салтанаттарға киілетін камзолдар аса қымбат маталардан белі қыналып, өңірі мен етегі түрлі өрнектермен кестеленіп өрнектеледі.

ІІ жүргізуші

ІІ топқа сұрақ. Қос етек көйлек дегеніміз қандай киім? Қос етек көйлек-жібек, торғын, шәйі сияқты асыл матадан тік жаға, кең етек етіп тігілетін көйлек. Етегіне өрнектеліп, бүрмеленген қос желбіршек салынады, сондықтан «қос етек көйлек» деп аталады.

І жүргізуші

І топқа сұрақ. Ішік дегеніміз қандай киім? Сырты матамен тысталып, түрлі аңның терісінен жүнін ішіне қаратып тігілетін қысқы сырт киім. Қолданылатын терісіне қарай олар: түлкі ішік, қасқыр ішік, сеңсең ішік, пұшпақ ішік деп әртүрлі аталады. Ішік екі майсымда киюге арналған жылы киім. Сеңсең ішік, қасқыр ішіктерді ерлер, қалған түрлерін көбінесе әйелдер киген.

ІІ жүргізуші

ІІ топқа сұрақ. Жарғақ шалбар бұл қанда киім? Иленіп, әбден өнделген жұқа теріні қазақтар «жарғақ» дейді. Қызғылт түске боялып, түрлі-түсті өрнек салынған жарғақ теріден тігілген шалбарды «жарғақ шалбар» деп атаған. Бұл сәнді киімді кезінде батырлар, бектер мен билер, сал-серілер салтанатқа киген.

Аяқ киімдер.

І жүргізуші

І топқа сұрақ. Саптама етікке сипаттама беріңіз. Саптама етік– қонышы тізені жауып тұратындай ұзын, табаны қалың сіріден оң-солы жоқ, түзу болып тігілетін аяқ киім. Оны киіз байпақпен киеді. Қысқы күнгі аязда ат үстінде жүргенге жылы, әрі қолайлы.

ІІ жүргізуші

ІІ топқа сұрақ. Кебіс мәсі. Мәсі - өңделген жұқа теріден қонышына ою салынып, табансыз, ұлтансыз, негізінен үйде киілетін жеңіл аяқ киім. Кебіс – табаны қалың, өкшесі биіктеу, сыртына түрлі өрнектер сылынып тігілетін, мәсінің сыртынан киюге арналған аяқ киім.

І жүргізуші

Зергерлік бұйымдар.

Сондай-ақ сыртқы келбетті одан сайын көрікті ете түсіретін нәрсе ол зергерлік бұйымдар. Қазақ зергерлері әсіресе, әйелдердің әшекейлі сәндік бұйымдарын асқан шеберлікпен, зор талғаммен жасай білген. Олар: сырға, білезік, сақина, жүзік, шолпы, шашбау, ілгек, қапсырма, алқа, өңіржиек, түйме, шеттік, т.б.

ІІ жүргізуші

Біздің ұлттық киімдеріміздің негізгі түрлеріне байланысты арнайы салт-дәстүр, ырымдар бар.

Ұлттық киімдерге байланысты салт-дәстүрлер мен ырымдар

Баскиімдер бойынша

Тымақ. Ол қасиетті баскиім саналады. Оны айырбастамайды, аяқ тигізбейді. Қазақта шала туған баланы тымаққа салып асырайтын дәстүр бар. Біреуге бас ұрғанда да аяғына тымағын тастайды. Тымақ тастап кешірім сұрау бітімге шақырудың ең үлкен белгісі.

І жүргізуші

Баскиімге қауырсын тағу

«Алтын Адамның» баскиіміне де төрт алтын қауырсын ілінген. Таңбалы тастағы суреттерде де қауырсынды баскиім киіп, малдас құрып отырған адам бейнеленген. Баскиімге қауырсын тағу көп халықта бар. Ол мифтік наным бойынша жердегі адамның рухтық болмысының аспан әлемімен байланыста екендігін танытады.

Жаулық. Оған қатысты арнайы заң жолы, салт бар. «Жеті жарғы» бойынша қыл- мыстық, бұзақылық істе ол үшін кімге, кімнің құн төленетінінің орнына «сары жаулық» жүрген. Бұл жаулық құн төлеуге келіскендікті білдіреді. Күйеуі өлген әйел өзінің қаралы екендігін таныту үшін бір жыл бойы сары жаулықты тағып жүретін болған.
ІІ жүргізуші

Баскиімге қатысты тыйымдар

Баскиімді іліп қояды, кез – келген жерге тастай салмайды, астыға басып отырмайды. Олай жасаса, бастан бақ таяды. Ер адам әйелдің жаулығын басына салмайды. Олай жасаса, еркектіктен айырылады. Қыз бала басына ақ, қара орамал тартпауға тиісті. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгісі. Жалаңбас отырып ас – су әзірлемейді. Баскиімнің төбесін басып кимейді, оны айырбастамайды, ешкімге сыйламайды, сатпайды. Тек сыйлыққа киілмеген, жаңа баскиім алып беруге болады.
І жүргізуші

Сырт киімдер бойынша

Ішік. Қазақ салты бойынша, қасқыр ішікті жиырма беске толмаған жастар кимеуге тиіс. Өйткені қасқыр ішік жас адамның жалыны мен тері қызуын тұмшалап, оны ауруға ұшыратуы мүмкін. Екі адам боранда адасып кетіп, қасқыр ішікті аман қалып, қасындағы адам үсіп өлсе, оның туған – туыстары аман қалған адамнан құн даулауға құқылы. Себебі, бір қасқыр ішік екі адмды суықтан қорғап қала алады. Мұның бәрі дала заңында бекітілген тәртіп. Ішік қазақта сый – сияпат, киіт орнына жүрген.
Шапан. Қазақтар оны «жағалы киім» ретінде бағалайды. Адамға «шапан кигізу», «иығына шапан жабу» – үлкен құрмет. Бұрындары хандар батыр, би, жақсы – жайсаңдарына дәреже бергенде соның белгісі ретінде арнайы тіктірткен шапанды олардың иығына жапқан, түрлі мемлекеттік қатынастарды бекіту белгісі ретінде де шапан жіберетін болған. Қазақта ат мінгізіп, шапан жабу дәстүрі қазірде бар. Ханның өзі киген шапанын сыйға алу – қазақ халқында үлкен мәртебе.
ІІ жүргізуші

Жейде. Ұзақ жасаған, халқына өте қадірлі болған, бақытты тұрмыс құрған қариялардың жолын берсін деп, олардың жейде – көйлегін сұрап алып, ырымдап киген. Мұндай киім өте тозыңқы болса, оны алғысы келгендер көбейіп кетсе, әлгі киімді бұзып, кішкентай беторамал көлемінде тәбәрік деп бөліп алған.

Шалбар. Қазақтар шалбар мен етікті отырып киюге тиіс. Оларды соғыс кезінде ғана тұрып киген. Ұл тапқысы келген әйелдің еркектердің қару – жарақтарын, шалбарын басына жастап жататын, қыз тапқысы келген әйелдің қызыл ала шыт, әйелдің жүзігін, сырға, алқа тәрізді әшекейлерді басына жастап жататын ырымы ерте кезден келе жатқан наным – сенім.

І жүргізуші

Енді бүгінгі сабағымызды бекті үшін мына сөзжұмбақты шешейік!

  1. Малақайдың екінші атауы

  2. Келіншектің бас киімі

  3. Қысқы сырқы киім

  4. Ерлердің жеңіл бас киімі

  5. Ерлердің киізден тігілген жеңіл бас киімі

  6. Әйелдің сырт киімі

  7. Ұзатылатын қыз-қалыңдықтың бас киімі

  8. Зергерлік бұйым

  9. Қысқы сырт киім

  10. Үйде киілетін жеңіл аяқ киім


1

Қ

Ұ

Л

А

Қ

Ш

Ы

Н


2 Ж

А

У

Л

Ы

Қ



3

4

Т

О

Н

Т

А

Қ

И

Я


5 А

Й

Ы

Р

Қ

А

Л

П

А

Қ

6

Қ

А

М

З

О

Л





7 С

Ә

У

К

Е

Л

Е


8 С

А

Қ

И

Н

А


9

10

І

Ш

І

К

М

Ә

С

І



Bottom of Form 2

І жүргізуші Енді сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Ойыншыларды марапаттау.

ІІ жүргізуші

Бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!


Тақырыбы:  Аталар мұрасы – халық қазынасы.

Мақсаты:

а. Білімділік: Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру;

ә. Тәрбиелілігі: Сол сөздерден өнеге алуға баулу.

б. Дамытушылығы: Ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету.

Жоспар:

1.Аталар сөзі – ақылдың көзі.

2. Ата өсиеті.

3. Баталы құл – арымас.

4. Жарасып тұр дәстүрім.

1 – жүргізуші: «Сәлем сөздің анасы» демекші, армысыздар ағайын!

2 – жүргізуші: Қадірменді көпшілік. Бүгінгі «Аталар мұрасы – халық қазынасы» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!

1 – жүргізуші:  Ата бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық, тамаша тәлім – тәрбие берерлік өсиет сөздер өте көп

2 – жүргізуші: Ендеше, күнделікті өмірде ата – әжелеріміздің, ата – аналарымыздың айтып отыратын, «Аталар сөзі – ақылдың көзі» бөліміне сөз кезегін берейік.

Жігіт:

Ата! Қол бастау қиын ба,

Жол бастау қиын ба,

Сөз бастау қиын ба?

Қарт: Е, балам!

Қол бастау қиын емес,

Көк найзалы ерің болса,

Жол бастау қиын емес,

Соныңнан ерген елің болса,

Бәрінен де сөз бастау қиын.

Тауып айтсаң, мереке қылады.

Таппай айтсаң, келеке қылады.

Жігіт: Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз.

Қарт: Е,балам!

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл тас,

Су түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас,

Жел толқытса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз,

Шер толқытса шығады.

Қарт: Сөз туралы ұлағатты сөздер өте көп

Әділ төре ел бастар,

Батыр жігіт жау бастар.

Аға жігіт қол бастар,

Шешен адам сөз бастар.

Құсты жисаң,бүркіт жи.

Қыс тоныңды түлкі етер.

Бір жақсымен дос болсаң,

Азбас – тозбас мүлк етер.

Бір жаманмен дос болсаң,

Бүкіл алаңға күлкі етер.

Қарт: Иә, балаларым, сөз кезегін түйіндейтін болсақ

Ақыл – адамды аздырмайтын ем.

Білім – таусылмайтын кен.

Адамның басшысы  - ақыл.

Жетекшісі – талап.

Шолғыншысы – ой.

Жолдасы – кәсіп.

Қорғаны – сабыр.

Қорғаушысы – мінез болуы керек.

1 – жүргізуші: Аталар мұрасы – халық қазынасының бірі домбыра.

2 – жүргізуші: Халық әні. «Еркем – ай»

1 – жүргізуші:

Әй, тәкапар, дүние!

Маған да бір қарашы!

Танимысың сен мені,

Мен қазақтың баласы.

2 – жүргізуші:

Ізетіңді ине етіп


Иманыңды түйме етіп

Инабатты күйме етіп,

Жүрші балам жамандықты күйретіп, – дегендей біз, яғни еліміздің ертеңі, бабаларымыздың мұрасын, халқымыздың жақсы дәстүрлерін бойымызға сіңіріп, жалғастырып, жамандықтан аулақ, жаны таза елжанды ұрпақ болып өсейік.

1 – жүргізуші: Көрініс «Ата өсиеті» ертегісі.

Жігіт: Ассалаумағалеукум, ата!

Қарт: Уа алейкум ассалам! Аманбысың, балам!

Балам, бақытты болу оңай ма?

Жігіт: Ата, жары жақсы болса, бақыты жанында

Қарт: Жоқ, балам! Ақыл басыңда болса, бақыт жаныңда болады.

Ақыл адамды азаттанда мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты болам десең ақылдықты үйрен, не ақылды қызыңа үйлен.

Қарт: Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз!

Балам, үйде кім, елде кім қадірлі?

Жігіт: Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі.

Қарт: Жоқ, балам үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. Бала – үйдің патшасы, балалы үй базар, баласыз үй мазар деген халқым.

Қарт: Балам, үйдегі алтын қазық кім?

Жігіт: Ата, үйдегі алтын қазық бала.

Қарт: Жоқ, үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың, ағаң – қорғаушың, інің – сүйенішің, қарындасың – қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағнның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейрімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде болады балам.

Қарт: Ой, қандай керемет сөздер!

Балам, достықты нығайтатын не?

Жігіт: Ата, достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, теңдік, туыстық, бауырмалдық нығайтады.

Қарт: Дұрыс, балам сенің айтқаның достық пен жолдастықты дамытады. Есіңде болсын, шын достық ақылдыға тән. Өмірде дос болуды ойласаң «Сәлеметсіз бе?», «Кешіріңіз», «Рахмет», «Сау болыңыз», «Сәлем айтыңыз», «Рұқсат па» – деген сөздерді шын көңілмен айтуға үйрен.Сәлемдесуді білген кешіре де біледі. Жөн сөз – көңілді өсіреді, жөнсіз сөз – үмітіңді өшіреді.

Жігіт: Рахмет, ата, сіздің ғибрат аларлық сөздеріңізді есте сақтаймын!

- Иә барлығымыз сақтаймыз.

2 – жүргізуші: Домбыра. Халық әні «Еркем – ай»

1 – жүргізуші: Салт – дәстүр халық педагогикасының бастауы. Елдігіміздің, егемендігіміздің арқасында қайтып оралған салт –дәстүрімізді тұрмыстық негізде қолданып жүрміз. Соның ішінде, бата туралы түсінік бермекшіміз. Баталы құл – арымас,

Батасыз құл – жарымас.

Батаменен ел көгереді

Жауынменен жер көгереді – дейді дана халқымыз.

2 – жүргізуші: Бата халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім күші және жақсылықтың бастауы. Ол ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, таланты жастарға, көптің  жүгін көтерген, адамдарға, жас сәбиге, немесе үлкендер жақсы ісіне риза болған жағдайларда берілетін ұлы адамдар мен ақсақалдардың ақ тілегі, әрі өмірлік жолдамасы.

Батаның түрлері көп.

Жасұланға бата беру.

Жігіт: Әумин!

Қарт:

Ата сөзі дарып мол,

Ақ уызға арып бол,

Абылайдай алып бол,

Шоқан сынды жарық бол,

Абайға ұқсап милы бол,

Құрманғазыдай күйші бол,

Ақандайын сері бол,

Қажымұқандай ері бол,

Сәкен сынды сұңқар бол,

Бағың жанып әрдайым,

Жақсыларға жақын бол,

Осы айтқаным періште, құлағыңа шалынсын.

Бәрінен де құлыным,

Аман бол, қалқам, аман бол!

Әумин!

1 – жүргізуші:

Кең даланың ежелгі,

Қазақ деген халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

2 – жүргізуші:

Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң

Тістерсің бір күн бармақты.

1 –жүргізуші:

Тілім бар да, қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.

Кең даладай жиналмаған шалғайы,

Аңқау ашық мінезім бар аңқылдақ – деп ендеше «Жарасып тұр дәстүрім» көрінісін тамашалаңыздар.

Жарасып тұр дәстүрім!

А: Сүйінші, сүйінші! Ауылдан әжем келді.

Е: Сүйінші сұрау шын қуанғандықтың белгісі, қатты қуанып тұр екенсің, мә, сыйлығыңды ала қой.

А: Айбота, артыңа жасырып тұрғаның не нәрсе?

А: Байғазы берсең, көрсетем.

А: Байғазы балалардың жаңа киімі үшін берілетін сыйы.

Байғазы сұрағанның артықшылығы жоқ. Мә, ала ғой, саған моншағымды берейін, көрсетші.

А: (Басына бас киімін киіп) Міне, әжем тігіп берген бас киім. Ал, атам маған жаңа қошақан  сыйлады. Қозымды көргілерің келсе, көрімдігін даярлаңдар.

А: Байғазы жансыз дүниеге, ал көрімдік жандыға беріледі.

М: Әйгерім, білесің бе? Менің ағам Түркияға қыдырып кетті.

А: Онда сенің әжең тоқымқағар жасайды екен ғой.

М: Ол не?

А: Жас жігіт алғаш рет жолға шыққанда жасалатын бас қосу. Мал сойылып, ойын – сауық, өлең – жыр айтылады.

М: Егер, ағам маған сыйлық әкелсе, ең жақсысын саған беремін. өйткені сен менің нағыз досымсың ғой.

А: Алыс сапарға шыққан адамдар туыстарына, балаларға, ірілі – ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «Базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі.

М: Жұлдызай, бағанадан үндемей тұрған мына досың кім?

Ж: Бұл – Арайлым. Жақын да көшіп келген көршіміз.

М: Басқа жақтан көшіп келген көршілерге тұрғындар «Ерулік» береді деген әжем. Ендеше, Арайлымды бәріміз қонаққа шақырады екенбіз ғой. Жүріңдер біздің үйге Арайлым мен бірге. (Бәрі шығып кетеді.)

Қорытындылау: Балалар бүгінгі тәрбие сағатынан қандай әсер алдыңдар, ой түйдіңдер, қандай өнеге алдыңдар. өз ойларымызбен бөлісіп бүгінгі тәрбие сағатын қорытындылайық.

Мұғалім: Кешеге күнсіз келешек жоқ. Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады.

1 – жүрг: Аталар сөзімен өсіп-өнген,

2 – жүрг: Бабалар бұлағынан нәр алған,

1 – жүрг: Даналар өсиетінен тәрбие алған,

2 – жүрг: Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен

1 – жүрг: Ұрпағымыз халықтың ғибрат еткен.

2 – жүрг: Кешіміздің қадірменді қонақтарын ортаға сөз кезегіне шақырамыз.

Сабақтың тақырыбы:"Мүйіз" ою-өрнегі.
Сабақтың мақсаты:"Мүйіз" ою-өрнегінің нүсқасын сызып, қиып көрсету.
                                                                        

Бір бүктеп ою.


hello_html_5db8e670.jpg

hello_html_690b558e.jpghello_html_7fc25f53.jpg                 
hello_html_50e6fbfb.jpgҚайшымен қию  бағыты
Бүктеу бағдарын көрсететін жебе
Бүктелген қағаз бұрыштарының аралық өлшемі
hello_html_m20305954.jpgБүктелген кағазға дәл осылай қарын-дашпен ою сызып алып, әрі қарай қия бастайсың.

Сабақта қолданылатын көрнекі кұралдар:
Қолдан жасалған "мүйіз" ою-өрнегінің 60x40 см нұсқасы, қайшы, қағаз, қалам, қарындаш, өшіргіш т.б.
Сабақтың барысы:Ұстаз ақ қағаздан қайшымен қиылып алынған ою-өрнекті акварельмен бояйды, ал қағаз кепкен кезде екінші түсті қағазға желімдейді. Оқушыларда да түрлі-түсті қағаз, қарындаш, жұмсақ өшіргіш, акварель бояуы, су құятын ыдыс, сурет дәптері, қылқалам, желім, қайшы болу керек. "Мүйіз" ою-өрнегін қағаздан жасау тәсілі төмендегідей: Қиылатын ақ кағаз горизонталь сызық бойынша бір рет бүктеледі, содан кейін осы бір бүктелген қағаз бетіне қарындашпен мүйізді сызамыз да, қайшымен (ойып), қиып аламыз. Сонда "мүйіз" оюының үлгісі шығады. Сол тәсілмен "мүйіз" өрнегінің түрлі элементтерін салып, әрбір оқушының ой-өрісі мен тапқырлығына қарай сан түрлі оюларды қиюға болады.
     Үйге тапсырма
Ақ қағазды бір бүктеп "мүйіз" ою өрнегінің түрлі нүсқасының суретін салып, оны қиып ал. Дайын үлгіні басқа түсті қағазға желімдеу керек.

Сабақтың  тақырыбы: "Сынықмүйіз" ою-өрнегі.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға "сынықмүйіз" ою-өрнегінің шығу тарихынан мағлұмат беріп, "сынықмүйіз" элементінің жасалу жолын қағаздан қиып көрсету.

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар:60x40 см қағазға салынған "сынықмүйіз" нұсқасы, ақ, түрлі түсті қағаз, желім, өшіргіш, қайшы, мата т.б. с.с. көрнекі құралдар.

Сабақтың барысы: Мүғалім төрт бұрышы тең қағазды — нүктелі сы-зық бойымен бір бүктеп, бетіне қарындашпен ою үлгісін сызып алады да, суретте көрсетілгендей қайшымен қиып шығады. Сонда төмендегі суреттегідей ою пайда болады.
Дәл осыңдай тәсілмен өзге оюларды да ойып көріңдер. Алғашқыда оюды қиып үйрену қиындық туғызып жатса, үлкендердің көмегіне сүйеніңдер.
Ұстаз ою-өрнек қиылатын қағаз немесе матаны оқушылармен қосыла бір рет бүктеп болған соң, қарындашпен бүктеліп ілінген қағаз бетіне "сынықмүйіз" элементінің пішінін салады. Мұғалім оны қарындаштың ізі бойынша қияды. Қиылған қағазды жайып, тегістегенде мүйіз элементінен құрастырылған жаңа ою-өрнек шығады.
Оқушылар көрсетілген өрнекті өздерінше жасауға кіріскенде мұғалім сыныпты аралап, қағаздың бүктелу технологиясын байқайды. Қате бүктегендерге кезінде көмек береді. Оқушылар өздері бүктеген қағаз бетіне қарындашымен көрнекі құралдағыдай етіп "сынықмүйіздің" суретін салады.Оқушылар қиып алған
өрнекгерді ұқыппен жайып тегістеп,
hello_html_m211e0686.jpg мүйіз болып жасалған ою-өрнек
үлгілерін қара, қызыл, сары, көк түске
бояп, "мүйіз" ою-өрнек басқа түстермен,
яғни қара, ақ, қызыл жасыл,
қызыл көк немесе сары көк тұрғыда
 желімдеп, екі түстен қосылып жасалған
"мүйіз" ою-өрнегін төртбұрыш болып
қиылған түрлі-түсті қағаздың дәл
ортасына қойып қабырғаға ілетін кілемшенің бір түрін жасауға болады.
Үйге тапсырма
"Сынықмүйіз" ою-өрнегінің бірнеше түрлерін қиып, екінші түсті ма-таның жазықтығына үйлесімді орналастыр. Содан соң сырмақ тіккендей түрлі-түсті жіппен жиектеп тік. Сонда орындыққа төсейтін көлемі 60x40 см төсеніш жасауға болады. 



Сабақтың тақырыбы:"Құсқанаты" ою-өрнегі.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға қазақтың ұлттық ою-өрнек өнерін үйрету үстінде шәкірттерді эстетикалық талғамдары мен шеберлік ынта­­-қабілетін дамыту.

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар:"Құсқанаты" ою-өрнегінін 60x40 см қағазға істелінген үлгісі, қарындаш, өшіргіш, түрлі-түсті қағаз, мата, қайшы, желім, акварель бояуы, қылқалам, су құятын ыдыс.

Сабақтың барысы:
Мұғалім ою-өрнектер туралы толық мәлімет
hello_html_38e38170.jpgберген соң, қолына қағаз, қайшы алып,
 ою-өрнекті оңай, аз уақыт алатын
тәсілмен "құсқанаты" элементін
түрлендіріп, оқушыларға бір бүктеп
қиып көрсетеді. Оқушылар ілулі тұрған
 көрнекі құралға қарап және
мұғалімнің көрсеткен әдістерін
пайдаланып, түрлі-түсті қағаздан қайшымен
"құсқанаты" ою-өрнегін қия бастайды.
 Қиып алынған оюды жайып, тегістеп,
 басқа түсті қағаз бетіне желімдейді.

Үйге тапсырма
"Құсқанаты" ою-өрнегін бір бүктеп қиып, оны пластелинге үшкір қарындапшен немесе қаламмен көшіріп түсір.

Сабақтың тақырыбы: "Қосалқа"ою-өрнегі

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға "қосалқа" ою-өрнегінің нұсқасын жасап көрсетіп, түрлі-түсті қағазға, шыт маталарға "қосалқа" ою-өрнегін апликация төсілімен желімдеп, тігіп үйрету.

 Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар:мұғалім өзі ойып келген "қосалқа" ою-өрнегі толық жөне жартылай үлгісін тақтаға іледі, үлгінің көлемі 60x40 немесе 29x20 көлемінде жасалады. Пайдалануға қажетті құралдар: түрлі-түсті қағаздар, қайшы,  мата, желім, қарындаш т.б.

Сабақтың барысы:Мұғалім сабақты ортасынан екі рет бүктелген түрлі-түсті қағаз бетіне "қосалқа" ою-өрнегінің жарты көрінісінің; эскизін тез сызып, оны қайшымен қиып көрсетуден бастайды. Алынған оюды басқа түсті қағазға желімдеп, үлгіні оқушыларға көрсетеді. Оқушылар "қосалқа" ою-өрнегінің бірнеше үлгісі мен жасалу әдістерін үйренеді.
"Қосалқа" ою-өрнегін түрлі-түсті қағаздан қиып, желімдеуге аз уақыт кетеді.Осындай жаттығулар оқушыларды тез жұмыс істеуге дағдыландырады.

hello_html_7141b0ba.jpg 
Ал осы "қосалқа" ою-өрнегін матаға түсіріп тігетін болса, онда матаға тігілген ою-өрнектің шеті сетінеп кетпес үшін жиектеп тігу қажет, себебі кестеленген өрнектің жиегі біркелкі әдемі көрінеді. Сонда сыр-маққа, тұскиізге, дөдегеге ұқсас қолөнер бұйымы пайда болады. Оқушылар,  ендігі оятындарың бірте-бірте күрделене түседі.  Алдын ала кесіп,  дайындап алған төрт бұрышты жұқа қағаздарыңды нүктелі сызық бойымен жебе бағытымен екі рет бүктейсіңдер. Қағаздың бүгілген қырынан бастап сызылған үлгіні қайшымен қырқып аласыңдар. Осындай әдіспен төмендегі оюларды да ойып шығаруларыңа болады.
Үйге тапсырма:
Қосалқа ою-өрнегін екі рет бүктеп қиып, қолыңдағы дайын бірнеше үлгіні басқа түсті қағазға желімдеп кел. Қолданатын қағаздарыңды талғаммен таңда. Қиылған ою-өрнек элементі қанық бояулы қағаздардан қиылса, оны желімдейтін қағаздарыңның бояулары ашық түсті болу керек.



 Сабақтың тақырыбы:"Төртбұрышты" ою-өрнек.
Сабақтың мақсаты:"Төртбұрыш" ішіндегі үлгіні ою тәсілдерін оқушыларға үйрету.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар:"Төртбұрыш" оюының 60x40 см ақ, түрлі-түсті қағаз, қайшы, желім, қалам, қарындаш, тушь, мата, жіп т.б.

Сабақтың барысы:
 -Бұдан былай біз геометриялық пішіндер (фигуралар) ішінде ою үлгілерін қию, сызу тәсілдерін үйреніп шығамыз,
Сендер мынаны есте ұстандар: қазақ оюларының түрлері қайда, қай жерде, қалай орналасуына емес, ішкі элементтерінің неге ұқсауына және олардың қалай ұласуына қарай түр-түрге бөлінген. Мысалы: шеңбер сияқты оюды салсақ, "төртбұрыш ішіндегі" ою демейміз, сырмақ, яки текемет көбіне төрт бұрышты, тік бұрышты, сол себепті пішініне қарап "төрт бұрышты сырмақ ішіндегі ою" десек, әрине ақылға қонбаған болар еді. Біз оюларды бұйымға байланысты атап айтпаймыз, себебі текеметтерге, сырмақтар мен тұскиіздерге бір-бірін кайталамайтын әртүрлі тұтас оюлар салынады. Ал біздің айтып отырғанымыз ромб, төртбұрыш, дөңгелек т.б. ішіне орналасқан оюлардың қию технологиялары. Сондықтан да, сендерге үйренуге жеңіл болсын деген оймен, әдейі геометриялық пішіндердің атын атап отырмыз.
hello_html_m390888b0.jpg 

 

Сонымен әуелі оюды дөңгелек ішіне үйлестіре ою әдісін үйреніп алайық.
Әдеттегідей төрт бұрышты қағазды тең ортасынан бір бүктеп, оны көлденеңінен тағы бір бүгіп аламыз. Содан соң, қарама-қарсы екі бұрышын бір-біріне қосатын нүктелі сызық бойымен қырқып, бір жағын ғана қалдырамыз. Үшбұрыштың қайшымен қиылған қабырғасының бойымен бір немесе жарты сантиметрдей жолақ қалдырып, түзулеп сызып шығамыз. Енді ою үлгісін осы сызықтан асырмай, бірақ жеткізе жалғастыра сызып аламыз да, қайшымен қырқып шығамыз.

Үйге тапсырма:
Ақ қағазға "төртқұлақ" оюының үлгісін сызып, оны төртбұрыштың ішіне орналастыр. Дайын үлгіні басқа түсті қағазға желімде.


Сабақтың тақырыбы:"Шаршы" ою-өрнегі.

Сабақтың мақсаты:"Шаршы" ішіндегі ою үлгісін қиып үйрету.

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар:Шаршы өрнегінін 60x40 см ақ кағазға түсірілген үлгісі, ақ, түрлі-түсті қағаз, желім, қайшы, қалам, қарындаш т.б.

Сабақтың барысы:Ою-өрнектегі оюдағы басты мәселе — қағазды қалай қаттауда. Тік төртбұрыш кағазды тігінен, одан кейін көлденеңінен бүктеп аламыз. Төменгі бұрыштың, бір қабатын қиғаштап, жоғары қарай бүгеміз. Екінші қабатын да дәл осылай келесі бетіне қарай қайыра қабаттаймыз. Үш бұрышталған бөлігін жеке қиып аламыз да, ою үлгісінің жарты сыңарын сызып, сол бойынша қиып шығамыз. Қиындының бүктеуін жазып, тегістеп, қажетті түстегі қағаздың бетіне жапсырып қоямыз.
Оюды қиып жатқанда қайшыны тік ұстап, жүзін кайта-қайта қағаздан ала бермей үздіксіз қырқып шыққан жақсы.
Байқап отырсындар ма, біз ұсынып отырған ою үлгілері бірте-бірте күрделеніп барады. Бұған дейін көрпе, текемет, сырмақ, аяққап, тұскиіз беттеріне салынатын оюлардың қағаздан қиылатын үлгілерімен таныстырып келдік.
hello_html_1be96d23.jpg 

 Ал мына шаршы ішіндегі ою үлгілері жоғарыда аталған үй мүліктерінде: сандық, кебеже, төсек, яғни ағаштан жасалған бұйымдардың беттерінде ұшырасады. Бір емес, бірнеше саңдықтың бетіне дәл осындай оюды ғана салу керек болса, шеберлер ең әуелі қағаздан үлгі сызып алады.Мұның артықшылығы сол — барлық сандықтың бетіндегі ою біртекті болып шығады. Қандай шебер я ісмер болмасын ең алдымен кағаздан үлгі оюды артық көрмейтіндігі сондықтан.

Үйге тапсырма:
Қазақ қолөнеріндегі көптеген киіз бен матадан жасалған бұйымдар шаршы болып келеді. Егер сен "төртқұлақ" оюын матадан ойып басқа жібек бір түсті матаға жымдастырып тіксең тұскиіз пайда болады.



Сабақтың тақырыбы:"Бесбұрыш" ою-өрнегі.

Сабақтың мақсаты:"Бесбұрыш" ішіндегі үлгіні ою.

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар:"Бесбұрыш" ою-өрнегінің 60x40 см үлгісі, ақ, түрлі-түсті қағаз, желім, қайшы, қалам, қарындаш, мата т.б.

Сабақтың барысы:Мұғалім алдын-ала дайындаған үлгісін оқушы-ларды жаттықтыру үшін пайдаланады. Оқушылар бесбұрыш геометриялық пішіннің ішіне өз қалаулары бойынша түрлі элементтерден құралған өрнектерді үйлестіреді.

hello_html_32321073.jpg  Алғашқыда төрт бұрышты қағазды тігінен бір бүктеп аламыз.
Бүктелген қырының нақ ортасын тауып, жоғарғы бұрышынан төмен қарай қиғаштап қаттаймыз. Төменгі бұрышына қарай жебе бағытымен үшінші рет бүгеміз. Осыны тағы бір қабаттайық. Сонда, үш бұрышты пішін шықты. Үш қабырғасы да сәйкес болуы үшін үзік сызық бойымен қайшымен қырқып тастаймыз. Бітеу қырын ою элементінің ортасы деп алып, бір бетіне әлгі элементтің сыңарын саламыз да сызық бойымен қырқып шығамыз.
Болашақ оюларыңның сапасы негізгі элементтің бір сыңарын қалай сызып, қиып шыққандарыңа байланысты. Олай болса біз көрсеткен ою түрімен канағат тұтпай, өздеріңше өзгеше қиюластырып көріңдер. Қиялдарыңа ерік беріп, көңілдерің қалаған ою түрін шаршы ішіне үйлестіре қиып үйреніндер.
Тәжірибе үшін сол жақтағы оюларды да қиып шығуларыңа болады.

Үйге тапсырма:
"Бесбұрыш" ішіндегі үлгіні қағаздан қиып, екінші түсті қағазға желімде. Қиып алынған дайын үлгіні матаға түсіріп қи. Шаршы немесе дөңгелек матаға тігілген "бесбұрыш" ою-өрнегінен үйге қажетті түрлі бұйым жасауға болады.



Тақырыбы:«Тоқыма өнері, оның түрлері, тоқу технологиясы, айырмашылықтары»

Мақсаты

а) Білімділік, оқушыларға тоқыма өнерінің көптеген түрлерінің бар екендігін, олардың тұрмыста әртүрлі мақсатта қолданылатын түсіндіру.

ә) Дамытушылық, қазақ халқының қолөнерінің негізгі бір саласы болып есептелетін тоқыма өнерінің тұрмыста пайдалануы мен ерекшеліктері және тоқылу технологиясын үйрету.

б) Тәрбиелік, оқушыларды еңбекқорлыққа, шеберлікке, баулу тоқыма өнеріне деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас.

Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту.

Көрнекті құралдар: Ілмек біз, ши біз, кілем тоқитын құралдар, дайын бұйымдар

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй тапсырмасын сұрау

  3. Жаңа сабақты түсіндіру

  4. Дәптермен жұмыс

  5. Сарамандық бөлім

  6. Қорытынды бөлім

  7. Оқушыларды бағалау

10.Үйге тапсырма


Жаңа сабақ.

Қазақ халқының өте ертеден келе жатқан аса бағалы қолөнерінің бір түрі «тоқыма өнері». Тоқыма өнерінің бірнеше түрі бар. Мысалы: ілмек бізбен тоқылатын бұйымдар, ши бізбен тоқылатын және арнайы құрал-саймандармен, станоктармен тоқылатын тоқыма бұйымдары.

Ілмек бізбен – шілтерлер, сәнді жеңіл киім-кешектер тоқылады. Ши бізбен негізінен киімдер тоқылады. Ал станоктармен арнайы құрал саймандарды пайдалану арқылы кілем түрлері: тақыр кілем, түкті кілем, гобален кілемі, алаша, өрмек (макраме) және ши (тоқу жүзеге асырылады) ағаш өсімдіктерінің бұтақтарынан себет т.б. бұйымдар тоқыған.

Ертеректе көшпенді тұрмысымызда тоқыма бұйымдарын, қойдың немесе түйенің жүнінен иіріп, бояп киім-кешек, үй жиһаздарын, қазақ үйге қажетті, күнделікті тұрмыста пайдалынатын: бау, басқұр, алаша, тақыр кілем, (терме алаша) қоржын, жабу тоқыған. Қазақстанның Оңтүстік Батыс аудандарында, сондай-ақ Қызылорда облысының бәрінде дерлік қазірдің өзінде түкті кілем тоқу дәстүрге айналып кең тараған. Осындай кілемнің кейбірінің басқұр, алаша, тақыр, түкті кілем т.б. бәрінің де негізі бір, бәрі де өрмек тоқуға негізделген. Ал оны көркемдік жағынан байыту, мәнерлеп өрнектеу, әр түсті айшықты бояу қолдану әр заттың сипатына, тоқушының әр қиялына, іскерлігіне байланысты, әр жерде әр түрлі болып келеді.

Арнайы станокпен теріліп тоқылатын тақыр кілемнің бір түрі гобален кілемі.

Сондай-ақ ши тоқу өнері де кең тараған өнердің бір түрі. Ши де арнайы станокта тоқылады, оны тоқудың да бірнеше түрі бар.





Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 02.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1238
Номер материала ДВ-302211
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх