Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Рабочие программы / 6 сынып Жұмыс Оқу Бағдарламасы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Информатика

6 сынып Жұмыс Оқу Бағдарламасы

библиотека
материалов

«Информатика» пәнінен оқу бағдарламасы


Түсінік хат


  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  2. Оқытудың мақсаты информатика және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйелеу арқылы ақпараттық құзіреттілікті қалыптастыру, әр түрлі ақпараттарды өңдеудің қарапайым бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдылары, алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін дамыту, программалау тілдерінің бірімен, модельдеу қағидаларымен танысу болып табылады.

  3. Оқыту міндеттері:

  1. ақпарат туралы түсінікті қалыптастыру;

  2. есептеу техниканың және телекоммуникацияны негізгі құрылғылары пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

  3. ақпараттық модельдеу, модельдеу әдістерін қолданатын негізгі салалар туралы мағлұмат беру;

  4. программалау тілінде негізгі базалық алгоритмдік құрылымдарды пайдалана білуге үйрету;

  5. ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуге дағдыландыру;

  6. жобалық іс-әрекетте ақпараттық технологияларды пайдалану тәжірибесін алу;

  7. алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, математикалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  8. қауіпсіздік техника ережелерін, ақпараттық этика және құқық нормаларын сақтау дағдыларын қалыптастыру;

  9. оқушыларды ақпараттық мәдениетке және техникаға ұқыпты болуға тәрбиелеу.

  1. Информатика пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 5 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  2. 6 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  3. 7 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  4. 8 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  5. 9 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

  1. Информатика курсын оқыту үдерісінде басқа оқу пәндерімен пәнаралық байланыстар жүзеге асады.

  2. Математика пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. сандық, мәтіндік және графикалық ақпараттарды кодтау жасағанда сандық деректер типі туралы мағлұматты пайдалану;

  2. калькулятор арқылы есептеулер жүргізу;

  3. графикалық редактор және электрондық кесте арқылы функциялардың графиктерін салу.

  1. Алгебра пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. үдерістерді автоматтандыру үшін функция, формулалар, салыстыру операцияларын пайдалану;

  2. электрондық кесте арқылы есептеулер орындағанда математикалық білімдерін пайдалану;

  3. стандартты функциялармен амалдар орындағанда әртүрлі есептеулер ережелерін пайдалану;

  4. кестелік процессорда графиктерді салғанда координаталық жүйені пайдалану;

  5. есептер шығарғанда қолданылатын амалдарды іске асыру мақсатында негізгі кезеңдерді анықтау үшін математикалық логика

  6. элементтерін пайдалану;

  7. математикалық объектілерді зерттегенде ақпараттық көзқарасты пайдалану;

  8. программалау тілінде суреттерді салу үшін координаталық жүйені пайдалана отырып алгоритмдерді өндеу.

  1. Геометрия пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. векторлық графика объектілерін құруда геометриялық фигуралармен жұмыс істеу тәсілдерін қолдану;

  2. әртүрлі құрылымдағы алгоритмдерді программалауда планиметрия формулаларын қолдану;

  3. геометриялық объектілерді модельдеу, геометриялық композицияларды құру.

  1. Физика пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. компьютердің архитектурасын, ақпаратты кодтау, санау жүйелерін, логика элементтерін қарастырғанда электр тоқ саласынан

  2. білімге тірек жасау;

  3. дыбыстың, бейненің және графиктің физикалық мәніне бағдар жасау;

  4. физикалық үдерістерді модельдеу үшін ақпараттық технологияларды және программалау тілдерін пайдалану;

  5. алгоритмдерді өндеуде физикалық есептерді қарастыру;

  6. дербес компьютердің құрылымының жұмыс істеуінің физикалық принципі.

  1. Қазақ, орыс және шетел тілдерімен пәнаралық байланыс:

  1. информатика терминдерімен сөздік қорды байыту;

  2. мәтіндік материалдарды рәсімдегенде орфография және пунктуация ережелерін пайдалану;

  3. мәтіндік процессормен жұмыс істегенде ұлттық халық ауыз әдебиетімен байланысты мәтіндерді пайдалану;

  4. жоба қорғау барысында, жарыс сөздер және ауызша жауаптарда сөйлеу мәдениетін дамыту;

  5. операциялық жүйелерді және программалау тілін меңгеру барысында ағылшын тілін пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

  6. программалау тілінің синтаксисін түсіну, компьютерлік технологияларды меңгеру, кең таралған әдебиеттерге еркін қол жетімдік;

  7. телекоммуникациялық ресурстар ағылшын тілін меңгеру құралы ретінде қарастыру.

  1. Биология пәнімен пәнаралық байланыс:

биологиялық үдерістерді кестелік процессор және программалау тілі арқылы модельдеу.

  1. Химия пәнімен пәнаралық байланыс:

химиялық үдерістерді кестелік процессор және программалау тілі арқылы модельдеу.

  1. Тарих пәнімен пәнаралық байланыс:

дербес компьютердің құралдарының дамуы мен шығуы және ақпараттарды өндеу әдістері.

  1. Бейнелеу өнері пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. жалпы ақпараттық мәдениет элементі ретінде эстетикалық көзқарасты қалыптастыру;

  2. мәтіндік және графикалық редакторларын оқу барысында қазақ және басқа халқының бейнелеу өнерінің элементтерін пайдалану.

  1. Сызу пәнімен пәнаралық байланыс:

мәтіндік және графикалық редакторларын оқығанда ұлттық және басқа халқының бейнелеу өнерінің элементтерін пайдалану.

  1. Технология пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. есептеулерде және шамаларды өлшегенде алгоритмдерді пайдалану;

  2. ақпараттық іс-әрекет технологиясын меңгеру.








Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны

  1. Кіріспе (1 сағат):

техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

  1. Ақпарат және ақпараттық үдерістер (4 сағат) :

әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпарат қасиеті, ақпаратты қорғау;

вирусқа қарсы программалар, ақпаратты сығу, мұрағаттау программалары.

  1. Компьютер (2 сағат):

есептеу техникасының даму тарихы, электронды-есептеуіш машиналардың кезеңдері;

компьютерлік техниканың даму үрдісі.

  1. Алгоритмдеу және модельдеу (8 сағат):

алгоритм және оның атқарушылары, алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар, алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік

алгоритмдер);

модель, нақты объектің қасиеттерін бейне ретінде көрсетеді;

модельдер түрлері.

  1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (15 сағат):

мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің негізгі әдіс-

тәсілдері;

қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар;

нөмірленген және маркерлеген тізімдер;

бағандар, беттердің параметрлері, жиек, алдын ала қарау, құжатты баспадан шығару;

кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау, кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу;

графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру, суреттер мен жазуларды пішімдеу;

программа интерфейсімен танысу, презентациялар;

мультимедиялық презентациялардың конструкторы;

презентацияларды құру, безендіру шаблондары, мәтінді құру, кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру;

анимация әсерлерін баптау, презентацияларды көрсету.

  1. Телекоммуникациялар (2 сағат):

компьютерлік байланыстың негізгі түрлері, ауқымды ақпараттық желілер, интернет, интернетте ақпаратты іздеу, электрондық

пошта.

  1. Жобалық іс-әрекет (2 сағат).

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

  1. 6-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:

  1. қауіпсіздік техникасының ережесін;

  2. вирусқа қарсы бағдарламалар арқылы ақпаратты қорғау тәсілдерін;

  3. ақпаратты сығу ұғымын;

  4. мұрағаттау міндеттерін;

  5. есептеуіш техниканың даму тарихын;

  6. электронды-есепеуіш машиналардың кезеңдерін;

  7. дербес компьютердің даму архитектурасының үрдісін;

  8. алгоритм және атқарушы ұғымын;

  9. алгоритмдерді жазу пішімін;

  10. алгоритмді блок-схема арқылы жазуын;

  11. алгоритмдер типін;

  12. модель ұғымын;

  13. модель түрлерін;

  14. мәтіндік редактордың мәтіндік процессордан айырмашылығын;

  15. мәтіндік процессор интерфейсін;

  16. құжатты құру және сақтау тәсілдерін;

  17. мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдерін (қаріп, абзац, шегініс, аралық, тізім);

  18. мәтіндік процессорда кестелерді құру және редакциялау тәсілдерін;

  19. бағанға мәтінді орналастыру тәсілдерін;

  20. беттердің параметрлерін баптауын;

  21. құжатты баспаға дайындауын;

  22. мәтінге графикалық объектілерді және жазуларды кірістіру командаларын;

  23. презентация ұғымын, слайдтармен жұмыс істеу тәсілдерін;

  24. презентацияларды безендіру шаблондарының міндетін;

  25. анимация ұғымын, анимация әсерлерін баптауын;

  26. презентацияда мәтінмен, кестелермен, графикалық объектілермен, бейнемен және дыбыспен жұмыс істеу тәсілдерін;

  27. презентацияларды көрсетудің баптау тәсілдерін;

  28. компьютерлік байланыстардың түрлерін;

  29. Интернетте ақпаратты іздеу әдістерін;

  30. электрондық поштаны пайдалану салаларын.

  1. 6-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:

  1. қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды;

  2. файлдарды мұрағаттау және мұрағаттан шығаруды;

  3. вирусқа қарсы программаларды пайдалану арқылы компьютерде ақпараттарды қорғау әдістерін пайдалануды;

  4. әртүрлі алгоритм түрлерін ауызша және графиктік формада құрастыруды;

  5. модельді нақты объектіден айыра білуді;

  6. модель түрлерін анықтауды;

  7. мәтінді теруді, редакциялауды және пішімдеуді;

  8. тізімдер (нөмірленген және маркерлеген тізім) бар мәтіндік құжаттарды құруды;

  9. мәтіндік құжаттарға кесте салуды;

  10. мәтінге бағана орналастыруды;

  11. бет параметрлерін баптауды;

  12. мәтіндік құжаттарға графикалық объектілерді және жазуларды кірістіруді;

  13. қарапайым мультимедиялық презентациялар құруды;

  14. слайдқа мәтін, кесте, графикалық объектілері, бейне және дыбыс кірістіруді;

  15. слайдтардың әсерлерін және көрсетулерін баптауды;

  16. Интернет желісінде ақпаратты іздеуді іске асыруды;

17)электрондық поштаны пайдалануды.

ИНФОРМАТИКА

6-сынып


Мазмұны

Сағаты

Мерзімі

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар

Пәнаралық байланыс

Көрнекілік

Үйге тапсырма

1

2

3

4

5

6

7

8

Кіріспе - 1 сағат

1

Кіріспе. Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру.

1



Қауіпсіздік техникасының ережесін, көз жаттығуларын білуі керек;


физика

тақырып бойынша слайд, компьютер, интерактивтік тақта, қауіпсіздік журналы

ТҚ ережесін оқу

Ақпаратжәнеақпараттықүдерістер - 4 сағат

2

Әлемнің ақпараттық бейнесі.

1


-тірі табиғатта, техникада, қоғам мен адам іс-әрекетінде ақпаратты жеткізу, сақтау және өңдеу тәсілдерінің мысалын келтіруді.

-ақпараттың өлшеу бірліктерін;

-хабардың ақпараттық көлемін анықтауды;


«Информатика негіздері» журналы,

Youtube сайтынан видео


7 сынып оқулығы Н.Ермеков



3

Ақпарат қасиеттері.

1



Сөзжұмбақ құрастыру.

4

Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар

1


-антивирустық программалармен жұмыс істеуді меңгерту;



8 сынып оқулығы Н.Ермеков, интернет материалдары.

«Вирустың таралу жолдары мен шығу тарихы» реферат жазу

5

Ақпаратты сығу. Мұрағаттау программалары

1


мұрағаттау программаларымен жұмыс істеуді меңгерту;


8 сынып оқулығы Н.Ермеков, интернет материалдары

«Ақпарат» тарауына тест тапсырмасынжасау.


Компьютер - 2 сағат

6

Есептеу техникасының даму тарихы. Электронды-есептеуіш машиналардың кезеңдері.

1


-әртүрлі буындағы ЭЕМ мысалдарын келтіруді;

-элементтік базасы бойынша қандай да бір машина қай буынға жататынын анықтауды;

тарих

7 сынып оқулығы Н.Ермеков,

Интернет материалдары

«Ауылшаруа

шылығына компьютер не үшін керек?» т/на эссе жазу.

7

Компьютерлік техниканың даму үрдісі

1


-Қазіргі заманғы ДК түрлері және қолдану міндетімен танысады.


«Информатика негіздері» журналы,

Youtubeсайтынан видео

«Менің қиялымдағы компьютер» тақырыбына сурет салу.

Алгоритмдеу және модельдеу - 8 сағат

8

Алгоритм және оның атқарушылары

1


-Алгоритм ұғымымен таныстыру, оның қасиеттерін пайдалану жолдарын және атқарушы командалар жүйелерін пайдаланып жұмыс істеуге баулу.

Математика

компьютер, интерактвті тақта, қима қағаздар, суреттер

күнделікті тұрмыстағы кез келген әркет бойынша алгоритм құрып келу

9

Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалер

1


-Оқушылардың ой - өрісін, өздігінен білім алып, ізденімпаздық жүйелеу қасиеттерін, алгоритм түрлерін пайдаланып жұмыс істей алу дағдыларын дамыту.



Алгоритм түрлері.

Графикалық бейнелеулер.

10-11

Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер).

2


-Алгоритмдерді алгоритм тілінде көрсету және оның типтерімен таныстырып, пайдалану жолдарын меңгерту.


Математика

компьютер, интерактвті тақта, қима қағаздар, суреттер

Алгоритм командалары

Алгоритм құрылымы

12

Практикалық жұмыс №1


1






13

Модель, нақты объектің қасиеттерін бейне ретінде көрсетеді;


1



-Оқушыларды «модель» ұғымымен таныстыру, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын меңгерту.

Физика

компьютер, интерактвті тақта, қима қағаздар, суреттер

Тақырыпты қайталау

14

Модельдің түрлері.

1


-Статистикалық және динамикалық, ақпараттық, компьютерлік және компьютерлік емес модельдер жөнінде түсінік беріп, жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Презентация


Тақырыпты қайталау

15

Практикалық жұмыс №2







16

Жарты жылдық бақылау жұмысы №1

1






Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - 15 сағат

17

Мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат, программаның интерфейсі. Құжаттарды құру және сақтау.

1


-Оқушыларға MSWord мәтіндік процессорымен жұмыс істеуді үйрету;

Қазақ тілі

электрондық оқулық, интерактивтік тақтасы,

Тақырыпты қайталау

18

Мәтінді пішімдеудің негізгі әдіс-тәсілдері.

1


-Мәтінді пішімдеу, белгілеуді, өшіруді, жылжытуды көшіруді үйрету; жол аралығын және абзац аралығын тағайындауды үйрету..


электрондық оқулық, интерактивтік тақтасы,

Тақырыпты қайталау

19

Қаріп.Абзацтар, шегіністер мен аралықтар.

Практикалық жұмыс №3

1


жол аралығын және абзац аралығын тағайындауды үйрету


Презентация



20

Нөмірленген және маркерленген тізімдер.



1


-мәтіндік құжат беттерін нөмірлеуге үйрету;


компьютер, интерактвті тақта, қима қағаздар, суреттер



Тақырыпты қайталау

21

Бағандар. Беттердің параметрлері, жиек. Алдын-ала қарау. Құжатты басып шығару.

1


-Мәтіндік құжатты баспаға шығаруға үйрету;


интерактивтіктақтасы, «Информатика» оқулығы 8 класс

Тақырыпты қайталау

22

Кестелер. Кестелерді құру.

1


-Оқушыларға кесте құруды, ұяшықтарды қосып, алуды, біріктіруді үйрету. Жақтауларды қоюды үйрету. Диаграмма қосуды үйрету дағдыларын қалыптастыру.

Математика



Интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, оқулық

Мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат

23

Кестелерді редакциялау

1



-Оқушылардың кестемен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.



Тақырыпты қайталау

24

Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу

1




Тақырыпты қайталау

25

Графикалық нысандар мен көркем жазуды кірістіру.

1


-MSWord құжатына суреттерді кірістіру туралы білімдерін қалыптастыру;

Бейнелеу

Интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, оқулық

Суреттермен жұмыс істеу

26

Суреттер мен жазуларды пішімдеу


1


-графикалық обьектілерді біріктіру туралы білімдерін қалыптастыру;


Презентация

Тақырыпты қайталау

27

Презентациялар, программа интерфейсімен танысу,

1


-Power Point мүмкіндіктерін пайдаланып презентация құрастыруды үйрету.


компьютерлер, топтамалар,

тест сұрақтары


28

Мультимедиялық презентациялардың конструкторы

1


-Презентация құруда слайтармен жүйелі жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру

Бейнелеу

Компьютерлер, Интерактивті тақта

Тақырыпты қайталау

29

Презентацияларды құру, безендіру шаблондары, мәтінді құру, кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру;

1


- Оқушыларға Power Point терезесінің элементтерін, іске қосу және презентация құрудың тәсілдерін таңдауды меңгерту.


компьютер, интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар


30

Анимация әсерлерін баптау, презентацияларды көрсету.


1


-Оқушыларғаслайдтарды қою, өшіру және қосуды, гиперсілтеме орнатуды меңгерту.



Бейнелеу

Презентация

«Менің Қазақстаным» тақырыбында презентация жасау.

Телекоммуникациялар - 2 сағат







Тақырыпты қайталау

31

Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері, ауқымды ақпараттық желілер

1


-Оқушыларға ауқымды компьютерлік желі, желідегі серверлердің атқаратын қызметі, Интернет желісі туралы түсінік беру.


Презентация

Тақырыпты қайталау

32

Интернет, интернетте ақпаратты іздеу, электрондық пошта Жылдық бақылау жұмысы №2

1


-Интернеттен ақпарат іздеу және алу, электрондық поштамен жұмыс істей білуге үйрету;


компьютер, интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар

Тақырыпты қайталау

Жобалық іс-әрекет - 2 сағат

33

Жобамен жұмыс

1


-Жобалық іс-әрекетте жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;




34

Жобаны қорғау

1


- Оқушылардың білімін тексеру



Барлық тарауды қайталау



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 02.10.2015
Раздел Информатика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров487
Номер материала ДВ-026289
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх