Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / 7-сынып "Жүрегіңнің түбіне терең бойла... " тақырыбындағы таным сағаты

7-сынып "Жүрегіңнің түбіне терең бойла... " тақырыбындағы таным сағаты

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Сыныбы: 7 Танымдық кеш

Сабақтың тақырыбы: Жүрегіңнің түбіне терең бойла...

(Абайдың он жетінші қара сөзі бойынша)

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушыларға ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек ұғындыру; Абайдың қарасөздерін оқыту арқылы оқушыларға ақыл, қайрат, жүрек, ғылымының адам өмірінде алатын орнын түсінуге, адамның ішкі жан дүниесін түсінуге, өз бойларында осы қасиеттер болуы үшін күресе білуге, ақынның қарасөздерінің мәнін, ғылыми-философияның ойды түсінулерін;
ә) Мәтіннің танымдық сипатын, құрылымдық бөліктерін өздері байқап алатын, түсіне алатын нәтижеге жеткізу, көркем мәтіннен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру, оқып-түйгендері жайлы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру; бір-біріне түсіндіру арқылы ұжымдық шығармашылық жұмыс жүргізе білуге баулу;
б) Тәрбиелік. Ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып, елін сүюге, адамгершілік, адалдық, ізгілікке ғылым-білімді меңгерген көкірегі ояу азамат болуға баулу.
Сабақтың түрі: конференция сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, СКТ, іздендіру, топтық жұмыс, шығармашылық

Сабақтың көрнекілігі: Ақын суреті, қанатты сөздер, кітаптар, плакаттар, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру

Оқушылар төрт топқа бөлініп отырады. (Ақыл, қайрат, жүрек, ғылым)

III Жүрісі:

Білімдіден шыққан сөз 
Талаптыға болсын кез 

Қыры,сырын ұғуға 
Көкірегінде болсын көз. Абай


Жоспар:

  1. Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

(Абай хақында. Абай туралы пікірлер. Абай шығармашылығы.)

  1. Абай қара сөздері – нақыл көзі.

(Абайдың қара сөздерін талдау)

  1. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті,

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

(Топтық жұмыс)

  1. Бір ғылымнан басқаның

Бәрі де кесел асқанға.

  1. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста

Сонда толық боласың елден бөлек.

( мақал-мәтел,көрікті ойлар)

6. Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, 
Үннің тәтті оралған мәні оятар.

(Абайдың өлеңдерін жатқа айту)

7 . Болмасаң да ұқсап бақ

(Оқушылар шығармашылығы)


Ойшақыру сұрақтары

1. Абайдың қарасөз жазудағы мақсаты не?
2. Қарасөз деген не?
3. Абайдың қарасөздерінің тақырыптары?
4. Қарасөздерінің ерекшеліктерін атаңдар.
5. Абайдың қарасөздерін зерттеген, шет тілдеріне аударған кімдер?
6. Қандай нақыл сөздерін білесің?
7. Абай қарасөздерін қай жылдар аралығында жазған?
8. Абай қарасөздерінен қандай тәлімдік ой түйдің?

Абайдың осы барлық қара сөз деп аталатын мұралары көркем прозаның өзінен бөлек, бір алуаны болып қалыптасқан.

М.Әуезов

Қара сөз дегеніміз – ғылым туралы, философия, дін, өмір-қоғам туралы қара сөзбен жазылған еңбек. Ол арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес.

Ғақлия – көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді.

Абайдың қара сөздері – 45, 1890-1898 жылдар аралығында жазылған.

Қара сөздер алғаш рет Семей қаласында «Абай» журналында жарық көрді. Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылған.

Қара сөз - көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Қара сөздің өлеңге қарағандағы айырмасы онда сөз ырғағы еркін, онда белгілі бір өлшемдер сақталмайды. Абайдың қара сөздері қазақ әдебиетінде проза жанрының дамуына із салған жаңалық болды.Қазіргі заманғы проза жанрындағы роман, повесть, әңгіме, т.б қара сөздің жан- жақты дамыған үлгілері болып табылады.
Ұжымдық ойлау тәсілі арқылы мәтінмен жұмыс. Он жетінші қара сөзбен танысу.

  1. Мәтінді үш топтан оқушы шығып рөлге бөліп оқиды.

  2. Мәтіндегі негізгі ойды анықтау.

  3. Пікірлерін ортаға салады.

Сауалдар туады. 17 қарасөзін оқыту барысында диспут – сабақ  түрінде  мынандай жұмыстар жүргіземін:

А) Айтылған пікірдің қайсысы дұрыс?

Ә) Осы қасиеттер бойымыздан табыла ма?

В) Ақыл, қайрат,жүрек не үшін қажет?

С) Ақынның ақыл, қайрат, жүрекке ұсынары не?

Д) «Толық адам» дегеніміз қандай адам?

«Адамзат баласының алдында үш айғақты зор міндет тұр: бірі - бейбітшілікті, екіншісі - руханиятты, үшіншісі - табиғатты қорғау һәм сақтап қалу. Бұлардың қай - қайсысы да біздің тіршілігіміздің басты бағдары. Бір -бірін  толықтыратын  ұғымдар. Осы үш бастауға  Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің болашағы байлаулы» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы адамзат баласының өмір сүруіне қажет деп танитын осы үш фактор. Мұның ішінде, әсіресе «руханият» ең маңыздысы. Себебі, адам баласы рухани азықсыз өмір сүре алмайды.

Абайдың «Он жетінші сөзі» қайрат, ақыл, жүрек, ғылымға арналады. Алдыңғы үшеуі адам үшін өздерінің атқаратын жұмыстарын айта келіп, әр қайсысы  өзін бірінші орынға қойып таласады да, ғылымға төрелікке жүгінеді. Ғылым үшеуінің де жақсылы, жаманды қасиеттерін дәл сипаттап, әділ сынайды. Жеке – жеке үшеуінде де кемшілік бар. «...Осы үшеуің басынды қос, оның ішінде жүрекке билет», - деп үкім шығарады. «Егер үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтаймын», - дейді оларға ғылым. Демек Абай жүректі, яғни адам – адамды сүю, адам үшін қызмет етуді бірінші  орынға қояды. Бірақ ғылым бойынша да, Абайша да ең идеал нәрсе – осы үшеуінің бірлігі. «Осы үшеуі ( ақыл, қайрат, жүрек ) бір кісіде менің айтқанымдай табылса, табанының топырағын көзге сүртерлік қасиетті адам сол», - дейді.




C:\Users\User\Desktop\Новая папка\20150131_094143.jpg

  1. Бір ғылымнан басқаның

Бәрі де кесел асқанға.

(Абайдың өлеңдерін жатқа айту)

1 оқушы:«Жасымда ғылым бар деп ескермедім».

2 оқушы: «Ғылым таппай мақтанба»

3оқушы: «Әсемпаз болма әрнеге»

4оқушы: «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап»

  1. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста

Сонда толық боласың елден бөлек. ( мақал-мәтел,көрікті ойлар)

1. Пайда, залалды айыратұғын қуаттың аты - ақыл...

2. Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

3. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, Нұрлы ақыл, Жылы жүрек.

4. Адамзатқа не керек:

Сүймек, сезбек, кейімек.

Харкет қылмақ, жүгірмек,

Ақылмен ойлап сөйлемек.

5. Атымды адам қойған соң,

Қайтып надан болайын.

6. Бес нәрсеге асық бол...

Талап еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой - 

Бес асыл іс көнесеңіз.

7. Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.

8. Жас уақытта көңіл - гүл.

6. Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, 
Үннің тәтті оралған мәні оятар.

«Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әні

  1. Болмасаң да ұқсап бақ. (Оқушылар шығармашылығы)

  2. Қорытынды.












































Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-130984
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

Комментарии:

2 месяца назад

большое спасибо вам!