Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Презентации / 12 сыныпқа арналған Қалыптастырушы бағалау тапсырмалар жинағы

12 сыныпқа арналған Қалыптастырушы бағалау тапсырмалар жинағы

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:



18


hello_html_2cb54cf8.gifhello_html_32a06803.gifhello_html_32a06803.gifhello_html_32a06803.gifhello_html_32a06803.gifhello_html_3fbf93e4.gifhello_html_32a06803.gifhello_html_32a06803.gifhello_html_19dc136d.gifhello_html_m13b17e16.gifhello_html_78fa507a.gifhello_html_m2e69e126.gifhello_html_m4da1cd80.gifhello_html_32693eba.gifhello_html_549e34a8.gifhello_html_m392b164a.gifhello_html_m392b164a.gifhello_html_m392b164a.gifhello_html_m392b164a.gifhello_html_m2a7690f7.gifАтырау қаласындаығ химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебі







Биология пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

12 сынып









Атырау - 2015


Мазмұны:




Тарау: 12.1A: Молекулалық биология

  1. Антиген-антидене арасындағы өзара байланыс

  2. Ферменттердің бәсекелес және бәсекелес емес ингибирленуі

  3. Ферменттердің химия, медицина және өнеркәсіптегі қолданылуы

  4. РНҚ молекулаларының транскрипциялық және посттранскрипциялық модификациясы

  5. Трансляция және нәруыз биосинтезі


Тарау: 12.1В Қоректену

  1. Хлорофиллдің жарықтысіңіру үдерісі

  2. Фотосинтез үрдісін модельдеу

  3. Фотосинтез және хемосинтез үрдістері

  4. С3 және С4 өсімдіктердегі көміртекті тұту (фиксация) жолдары












Тарау: 12.1A: Молекулалық биология

Тақырыбы: Антиген-антидене арасындағы өзара байланыс

Оқу мақсаттары: Антиген –антидене реакцияларының негізгі механизмін түсіндіру

Жетістік критерийі: Антиген-антидене реакцияларының негізгі механизмін түсіндіреді. Плакаттағы сызбада антигенмен реакцияға түсіп жатқан антиденені көрсеткен. Олардың плакаттарында берілген бес терминнің кемінде төртеуі дұрыс түсіндірілсе осы мақсатқа жетеді. (80%).

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма:

Тапсырма 1

Оқушылар антиген-антидене реакцияларын көресету үшін, берілген суреттерді қолданып, сызба құрастыру тапсырылады. (Тапсырманы орындамас бұрын оларға құрастырған сызбада антигенмен реакцияға түсіп жатқан антиденені көрсетуі қажеттігін ескертіледі)

Тапсырма -2

Терминдер тізімі жазылған карточкалар таратып беріледі: антиген, арнайы антидене, байланыстырғыш үлескі, (немесе айнымалы үлескі),тұрақты аймақ, топсалы аймақ. (Оқушылар тапсырманы әр қайсысы жеке оқулыққа қарамай орындаулары қажет)

Тапсырма -3

Антиген мен антидененің әрекеттесу заңдылығына сәйкес кестені толтырыңыз

Т- лимфоцит


В- лимфоцит


Т-4 жасуша


Т8 киллер


Т8 супрессор



Тарау: 12.1A: Молекулалық биология

Тақырыбы: Ферменттердің бәсекелес және бәсекелес емес ингибирленуі

Оқу мақсаттары: Ферменттердің бәсекелес және бәсекелес емес ингибирленуін салыстыру

Жетістік критерийі:Энзимдердің бәсекелес және бәсекелес емес ингибирленуін салыстырады.Энзимдердің бәсекелес және бәсекелес емес ингибирленуінің әсерінің принципін болжайды, салыстырады. Байланыстырғыш аймақтағы ингибитор пішінін көрсетеді.

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар:

Тапсырма 1

Ақпарат көздерін пайдаланып, ингибитор түрлеріне салыстыру кестесін жасаңыз.Игибиторлар пішіні ,байланыстырғыш аймақ , олар энзимдер басқаратын рекция жылдамдығын қалай тежейтіні және субстрат немесе ингибитор концентрациясының өзгеруі әсері туралы идеяларыңызды қосыңыз. Өз зерттеулеріңнен ферменттердің бәсекелес және бәсекелес емес ингибирленуі туралы мысал келтіріңдер

Тарау : 12.1A: Молекулалық биология

Тақырыбы: Ферменттердің бәсекелес және бәсекелес емес ингибирленуі

Оқу мақсаттары: Бәсекелес ингибирлену моделін құрастыру

Жетістік критерийі: Белсенді орталық, субстрат, бәсекелес ингибиторлары бар модель жасай алатынын көрсетеді. Таңдап алынған ингибитор пішінінің дұрыс екенін дәлелдейді.

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар:

Тапсырма 1 . Берілген сазбалшықты қолданып , басекелес ингибиторы бар модель жасаңыз. Таңдап алынған ингибитор пішінінің дұрыс екенін дәлелдеңіз.

Тарау: 12.1A: Молекулалық биология

Тақырыбы: Ферменттердің химия, медицина және өнеркәсіптегі қолданылуы

Оқу мақсаттары: Ферменттердің химия , медицина және өнеркәсіптегі қолданылу мүмкіндігін талқылау

Жетістік критерийі: 4 ферменттің химия, медицина және өнеркәсіптегі қолданылуын дұрыс түсіндіреді. Ферментердің әр түрлі аймақтарда қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін дәлелдей отырып зерттейді. (мысалы өнімді арзанырақ етеді, басқа жолмен алынуы мүмкін емес өнімді алу мүмкіндігі, ауруларды емедеуге мүмкіндік береді)

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар:

Тапсырма 1 . Кестені толтырыңыз


Қайда қолданылады?

Қолданылу ерекшелігі

Қолданылудағы кемшілігі мен артықшылығы

Химияда



Медицинада



Өнеркәсіпте



Тарау: 12.1A: Молекулалық биология

Тақырыбы: РНҚ молекулаларының транскрипциялық және посттранскрипциялық модификациясы

Оқу мақсаттары:Транскрипцияның негізгі процестерін, ДНҚ молекулаларының посттранскрипциялық модификациясын түсіндіру

Жетістік критерийі: Транскрипция үрдісі ретінің бірізділігін сақтай отырып, қажетті сөздерді пайдаланып дұрыс сипаттайды.(транскрипция, ДНК, экзон, интрон, ядро, сутектік байланыс, энзимдер, қосымша базалар, нуклеотидтер) Транскрипцияның негізгі процестерін, ДНҚ молекулаларының посттранскрипциялық модификациясын түсіндіреді.

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар:

Тапсырма 1

Төмендегі 1-суретті қолданып, транскрипция үрдісі ретінің бірізділігін сақтай отырып, қажетті сөздерді қолданып үрдіске сипаттама беріңіз. ( Қажетті сөздер: транскрипция, ДНК, экзон, интрон, ядро, сутектік байланыс, энзимдер, қосымша базалар, нуклеотидтер)

1-сурет

C:\Users\Админ\Desktop\slide_2.jpg

Тарау: 12.1A: Молекулалық биология

Тақырыбы: РНҚ молекулаларының транскрипциялық және посттранскрипциялық модификациясы

Оқу мақсаттары : ДНҚ молекулаларындағы нәруыздардың синтезделуі туралы ақпарат қалай кодталатынын көрсету

Жетістік критерийі: Полипептидтер синтезі туралы біледі. Полипептидтер синтезі туралы ақпарат ДНҚ қалай кодталатынын түсіндіреді. A, U, G және Cәріптерін пайдаланып ДНҚ тізбегінің ретін өз бетінше құрастырады. 10 амнқышқылының 8 –нің алынуын көрсетеді.

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма:

Тапсырма 1

Берілген кеспе нуклеотидтерден, полипептидтер туралы білімініңізді пайдаланып , ДНҚ тізбегін құрастырыңыз. Көмекке төмендегі сурет пен кестені пайдаланыңыз.

C:\Users\Админ\Desktop\geneProductLearnMore.jpgC:\Users\Админ\Desktop\image083.jpg

Тарау: 12.1A: Молекулалық биология

Тақырыбы: Трансляция және нәруыз биосинтезі

Оқу мақсаттары: Нәруыз синтезі процесін сипаттау және түсіндіру

Жетістік критерийі: Транскрипция және трансляция үрдістерін кемінде сегіз сөзді пайдаланып сипаттайды (80%) . Ақуыз синтезі процесін түсіндіреді

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма:

Тапсырма 1 Терминдерге анықтама беріңіз.

Транскрипция ________________________________________________

Трансляция___________________________________________________

Тапсырма 2

Төмендегі суреттерді қолданып, транскрипция және трансляция үрдістерінің қалай жүзеге асатындығын сипатта. Осы үдерістердің ақуыз синтезіндегі маңыздылығын ескере отырып, ақуыз синтезі процесін түсіндір.

C:\Users\Админ\Desktop\dogma-dna-rna-protein.jpg C:\Users\Админ\Desktop\37965060c16749429505388794542975.jpg

Тарау: 12.1В Қоректену

Тақырыбы: Хлорофиллдің жарықты сіңіру үдерісі

Оқу мақсаттары: Хлорофиллдің жарықты сіңіру үрдісін түсіндіру

Жетістік критерийі: Хлорофилдің жарықты сіңіру үрдісін сипаттап берсе. Хлорофилдің жарықты сіңіру үрдісін ұғынып, түсіндіре алса

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма:

Тапсырма 1

Хлоропластың суретін пайдаланып сандардың орнына құрылыс бөліктерін жазыңыз.

C:\Users\Админ\Desktop\image004.jpg

Тапсырма 2

Кестені толықтырыңыз. Гемоглобин мен хлорофилді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын жазыңыз.

Гемоглобин

Ұқсастығы

Хлорофилл




Тапсырма 3

Хлорофилдің жарықты сіңіруі туралы видеоны қарап, осы үрдістің жүру жолына түсінік беріңіз.

Тарау: 12.1В Қоректену

Тақырыбы: Фотосинтез үрдісін модельдеу

Оқу мақсаттары: Фотосинтез үрдісін модельдеуге алынған ақпаратты қорытындылау

Жетістік критерийі: Фотосинтез үрдісі туралы ақпаратты сараптайды. Фотосинтез үрдісі туралы ақпаратты дұрыс қорытындылайды. Алынған ақпаратқа фотосинтез үрдісін моделдеу үшін баға береді. Оқушылар кем дегенде он сөзді дұрыс қолданады.

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма:

Тапсырма 1

Төмендегі қажетті сөздерді,суреттерді қолданып, фотосинтез үрдісін толық сипатын көресететіндей, процестің маңыздылығына баға бере отырып, эссе жазыңыз. Қажетті сөздер: (хлоропласт, хлорофилл, жарық (жарыққа тәуелді) фазасы, қараңғы (жарыққа тәуелсіз) фазасы, АТФ, НАДФН, фотолиз, Кальвин циклы, цитохром, фотожүйе, синтаза АТФ, фотофосфорлану, көмірқышқыл газы, су. Рибулозо-1,5- дифосфат

C:\Users\Админ\Desktop\скачанные файлы.jpgC:\Users\Админ\Desktop\50021_html_18dace12.jpg

Тарау: 12.1В Қоректену

Тақырыбы: Фотосинтез және хемосинтез үрдістері

Оқу мақсаттары: Фотосинтез және хемосинтез үрдістерінің ерекшеліктерін салыстыру

Жетістік критерийі: Ақпарат көздерін пайдаланып фотосинтез және хемосинтез үрдісін зерттеу жүргізеді. Фотосинтез бен хемосинтез үрдістерінің ерекшелігін салыстырады және ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды. Фотосинтез бен хемосинтезді салыстырып кесте толтырады. Дұрыс қорытынды жасайды.

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма:

Тапсырма 1

Алған білімініңізді пайдаланып, суретке қажетті сөздерді орнына қойыңыз. Қажетті сөздер: жарық, Н2О , О2, СО2, глюкоза, АДФ+Р, НАДФ+, НАДФН, АТФ

C:\Users\Админ\Desktop\photosintez9.jpg

Тапсырма 2

Берілген материалды қолданып,фотосинтез бен хемосинтез үрдісіне зерттеу жасаңыз. Фотосинтез бен хемосинтез үрдістерінің ерекшелігіне қарай «+» белгісін қойып кестені толтыр.

Белгілері

Фотосинтез

Хемосинтез

Үздіксіз жүреді



Тек жарық бар кезде жүреді



Тотығу реакциясы тән



Қайта қалыпқа келу реакциясы тән



Хлоропласта жүреді



Митохондрияда жүреді



Протон градиентін қолдану үшін ЭТТ-ға сүйенеді



СО2 бөліп, О2 сіңіреді



О2 сіңіріп, СО2 бөліп шығарады.



НАД протонды тасымалдайды



НАДФ протонды тасымалдайды



АТФ - АТФ синтазада өндіріледі.



Калвин циклі өтеді



Кребс циклі өтеді




Тарау: 12.1В Қоректену

Тақырыбы: С3 және С4 өсімдіктердегі көміртекті тұту (фиксация) жолдары

Оқу мақсаттары: С3 және С4 өсімдіктердегі көміртекті тұту (фиксация) жолдарын салыстыру

Жетістік критерийі: С3 және С4 өсімдіктердегі көміртекті тұту жолдарын салыстырады.С3 және С4 өсімдіктеріне мысал келтіреді. С3 және С4 өсімдіктердегі метаболизмнің жүруіндегі айырмашылықты анықтайды C4 жолының кемшілігін сипаттайды.

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма:

Тапсырма 1

Берілген тезистердің ішінен сәйкес нөмірлерді теріп жазыңыз.

  1. СО2 фиксациясы екі рет жүреді: мезофилл жасушаларында және өткізгіш жасушаларда.

  2. СО2 фиксациясы 1 рет қана жүреді.

  3. СО2 акцепторы рибулозо-1,5-бисфосфат (5С) болады.

  4. СО2 акцепторы рибулозо-1,5-бисфосфат (РБФ) және фосфоенолпируват (ФЕП).

  5. СО2 фиксациялайтын фермент: ФЕП-карбоксилаза және РБФ-карбоксилаза.

  6. СО2 фиксациялайтын фермент РБФ-карбоксилаза.

  7. Фотосинтездің алғашқы өнімі – фосфоглицерат (3С).

  8. Фотосинтездің бірінші өнімі – С4-қышқыл

  9. Өсімдік жапырағындағы хлоропласт тек бір типті.

  10. Өсімдік жапырағында екі типті жасуша бар, оның әрқайсысында өзіне тән хлоропластары бар.

  11. Өсімдіктердегі фототынысалу СО2-нің жоғары концентрациясының әсерінен төмен болады.

  12. Фототынысалу болғандықтан оттегі фотосинтезді ингибиторы ретінде әсер етеді.

  13. Фотосинтез өнімі жоғары.

  14. Фотосинтез өнімі төмен.

  15. СО2 фиксациясының бұл түрі қоңыржай аймақтағы өсімдіктерге тән.

  16. СО2 фиксациясының бұл жолы тропикалық

(a) С4-өсімдіктерге

……………………………………………………………………………………


(b) С3-өсімдіктерге

………………………………………………………………………………………

Тапсырма 2.

Төмендегі тақырыптарды қолданып С3 және С4 өсімдіктеріне ғаламдық жылынудың әсері туралы мақаламен танысып, қорытынды ой жазыңыз:

С3 және С4 өсімдіктердегі метаболизмнің жүруіндегі айырмашылық

С3 және С4 өсімдіктерінің мысалы

C4 жолының кемшілігі

С3 және С4 өсімдіктерін салыстыру

С3 және С4 өсімдіктеріне ғаламдық жылынудың әсері

Тарау: 12.2А Заттардың тасымалдануы

Тақырыбы: Активті тасымалдану механизмін натрий-калийлі сорғысы

Оқу мақсаты: Активті тасымалдау механизмін натрий - калийлі сорғысы мысалында түсіндіру

Жетістік критерийі: Натрий-калий сорғысы мысалымен белсенді тасымал механизмін біледі, түсінеді және түсіндіреді.Сызбада калий-натрий сорғысы жұмысының қағидатын түсіндіру үшін компоненттерін белгілейді

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар:

Тапсырма 1

Терминге анықтама беріңіз және белсенді тасымал механизмінің жүру жолын түсіндіріңіз.

Активті тасымалдану дегеніміз - _______________________________________

C:\Users\Админ\Desktop\pic_28.jpg

Тапсырма 2. Берілген сөздерді төмендегі кестенің қажетті тор көздеріне сәйкесінше орналастырыңыз.

А. Белок В. Нуклеин қышқылы С. Көмірсу D. Крахмал Е. Целлюлоза F. Май L. Минералды заттар.

1. нуклеотид 2. амин қышқылы 3. β-глюкоза 4. α-глюкоза 5. моносахаридтер 6. Na+, K+, Ca2+ тб. Иондар 7. ұсақ май тамшылары



Тарау: 12.2А Заттардың тасымалдануы

Тақырыбы: Заттардың тасымалдануындағы симпластық, апопластық, вакуолярлық жолдар

Оқу мақсаты: Заттар тасымалдануындағы симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдарының мәнін түсіндіру

Жетістік критерийі: Заттар қозғалысының симпластық, апопластық және вакуолярлық тәсілдерінің мәнісі туралы бұрыннан бар білімді қолданады және сипатын түсіндіреді. Судың тамыр жасушасы арқылы қозғалысын көрсету үшін сызба құрастырады. Зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды шығарады.

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар:

Тапсырма 1 а) Төмендегі суретті қолданып, өсімдік жасушасымен заттардың қозғалысының симпластық, апопластық түрлерін анықта. Бос кестелерді толықтыр. \ 10 ұпай\

C:\Users\Админ\Desktop\F5.large.jpg

Б) Осы суретке заттардың вакуолярлық қозғалысы қалай жүретінін сызып көрсет.

Тапсырма 2

Заттардың бұл қозғалыстарының қандай мәні бар?

_____________________________________________________________________

Тапсырма 3 . Түсіндіріп көр

4 а) Неліктен апопластық қаттың тасымалдану маршруты эндодерма жасушалары арқылы мүмкін емес

4 б) Каспари белдеуінің маңызын түсіндір

http://www.buzzle.com/images/diagrams/casparian-strip-plant-root.jpg

_____________________________________________________________________


Тарау: 12.2А Заттардың тасымалдануы

Тақырыбы: Транслокация механизмін жаппай ағын гипотезасы

Оқу мақсаты: Транслокация механизмін жаппай ағын гипотезасын пайдалана отырып түсіндіру

Жетістік критерийі: Жабық тұқымды өсімдік сабағының құрылысы туралы бұрыннан бар білімді қолданады. Гипотеза келтіреді және гипотезаны қолдау және қарсы келу фактілерін келтіреді. Ксилема мен флоэманың құрылысын және олардың қызметін сипаттайды. Жаппай ағын гипотезасын қолдана отырып, транслокация механизмін түсіндіреді.

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар:

Тапсырма 1 Төмендегі суретті қолданып, ксилема мен флоэманың құрылысы мен қызметіне сипаттама беріңіз. Сүзгілі түтікше (оларда не болатынын) мен серіктес жасуша элементтері деген не екендігін (олардың мәнін) нақты түсіндіріңіз


C:\Users\Админ\Desktop\R_4_2_clip_image002.jpg

Тапсырма 2

Суретте өсімдік биті біте (тля) жәндігінің қоректену жолы ерекше қабілетке ие екендігі көрсетілген. Ол өсімдік сабағынан қорек алу үшін үшкір тұмысығының сорғыш қасиетін қолданады.

C:\Users\amanzholov_a\Dropbox\12 кл 2015\транспорт сист у раст\тля прокалывает.jpg








Жоғарыда айтылған фактіні қолдана отырып осы құбылысты жаппаай ағын гипотезасымен байланыстырыңыз, кестені толтырыңыз.


Жаппай ағын гипотезасының идеясы

фактілері

Гипотезаны қолдау

фактілері

Қарсы келу фактілері

Жаңа фактілер











ii)Жаппай ағын гипотезасы (Мюнх) негізінде транслокация механизмін сипаттаңыз.

.........................................................................................................................................................................


Тарау: 12.2А Заттардың тасымалдануы

Тақырыбы: Жасуша мембранасы арқылы заттарды тасымалдаудың әр түрлі типтері

Оқу мақсаты: Мембраналық потенциалды сақтаудағы активті тасымалдың маңызын анықтау

Жетістік критерийі: Жасушалардың мембраналық потенциалын біледі және түсінеді. Тыныштық потенциалы мен әрекет потенциалын ажыратады. Мембраналық потенциалды қолдаудағы активті тасымалдың рөлін анықтайды.

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар:

Тапсырма 1

Мембраналық потенцал дегеніміз не? _________________________

Тапсырма 2

Берілген схемадан әрекет потенциалы мен тыныштық потенциалы аймаған анықтаңыз. Мембраналық потенциал үшін активті тасымалдың ролін түсіндіріңіз.

C:\Users\Админ\Desktop\5928_html_5926437e.pngC:\Users\Админ\Desktop\0298153093.jpg

Тарау: 12.2А Заттардың тасымалдануы

Тақырыбы: Жасуша мембранасы арқылы заттарды тасымалдаудың әр түрлі типтері

Оқу мақсаты: Жасуша мембранасы арқылы заттарды тасымалдаудың әр түрлі типтерінің механизмдерін түсіндіру

Жетістік критерийі: Тасымалдаудың бір типін жинақтайды (мысалы, липидтік бислой арқылы диффузия, протеинмен пассив тасымалдау, активті тасымалдау). Неліктен олар осылайша тасымалданатындығының себебін сипаттайды . Жасуша мембранасы арқылы заттарды тасымалдаудың әртүрлі типтерінің механизмін түсіндіреді.

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар:

Тапсырма 1 Төмендегі суретті қолданып, заттардың тасымалдану типтерінің механизмінің түсіндіріңіз. C:\Users\Админ\Desktop\g-fiz-ch-87.png

Тарау: 12.2А Заттардың тасымалдануы

Тақырыбы: Су потенцалы

Оқу мақсаты: Су потенциалының мәнін түсіндіру

Жетістік критерийі: Диффузия, осмос және су потенциалы туралы бұрыннан бар білімді пайдаланады. Су потенциалы мәнісін түсіндіреді. Әртүрлі концентрациялы тұз (қант) ерітінділерінің өсімдік ұлпасына әсері туралы зерттеу жүргізеді. Жолақ ұзындығының орташа өзгерісінің тұз (сахароза) ерітіндісінің молярлық концентрациясына тәуелділігінің графигін құра алады.

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар:

Тапсырма 1 «Ойлан тап!» Дұрыс жауаптың астын сыз

1.а. Өсімдік тамыры арқылы суды сіңірген кезінде, су потенциалы тамырдың түкті жасушаларына қарағанда топырақта :

а\ жоғары б\ төмен

1.б. Тірі өсімдіктің тамыр жүйесіне төмендегі процестердің қайсысы тән:

а\ капилярлық б\ осмос в\ тамыр қысымы

Тапсырма 2. Өсімдік үшін су потенцалының мәнін түсіндіріңіз.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________

Тапсырма 3. Әртүрлі концентрациялы ерітінділердің өсімдік ұлпасына әсері туралы зерттеуіңізден қандай қорытынды ойға келдіңіз.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Тарау: 12.2А Кординация және регуляция

Тақырыбы: Гормондардың әрекет ету механизмі

Оқу мақсаты: Гормондардың әрекет ету механизмін сипаттау

Жетістік критерийі: Гормондар дегеніміз не екенін біледі және түсінеді. Гормондар әсерінің механизмін талдайды және түсіндіреді. Жасушаға енуі мүмкін/ене алмайтын гормондар әсерінің негізгі механизмдерін түсіндіріңіз

Тапсырма 1.

1 суретті қолдана отырып, өзіңіздің қалауыңызға қарай бір нәруызды гормон таңдап алыңыз (мысалға инсулин, жасушаға ене алмайтын) және стероидты гормон (мысалға эстроген , жасушаға ене алатын) . Осы гормондардың өндірілуі мен олардың әсер ету механизміне талдау жасаңыз. (нысаналы –жасуша)

Қажетті сөздер: байланыстырушы үлескі, рецепторлы молекула, ерігіштік коэффициенті , циклдік АМФ, екіншілік мессенджер,қосымша , АТР, клетка-мишен және бірінші мессенджер.

1сурет

hello_html_m446ef415.jpg

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Тарау: 12.2С Тыныс алу және көбею

Тақырыбы: Энергетикалық алмасу кезеңдері

Оқу мақсаты: Энергетикалық алмасу кезеңдерін түсіндіру

Жетістік критерийі: Энергетикалық алмасу кезеңдерін біледі және түсінеді. Глюкоза метаболизмінің негізгі үш кезеңін сипаттайды және түсіндіреді.

Тапсырма 1 Энергетикалық алмасу кезеңдерін схемалық жолмен түсіндіріңіз.


Тапсырма 2. Глюкозаның энергетикалық алмасу кезеңдерін сипаттай отырып, глюкозаның ыдырауының тіршіліктегі маңыздылығын түсіндіріңіз.

1 кезең _________________________________________________________

2 кезең __________________________________________________________

3 кезең __________________________________________________________

Тапсырма 3. Кальвин және Кребс циклінің жүру схемасын сызыңыз және осы екі ыдырау жолдарының бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастығына талдау жасаңыз.

Кальвин циклі

Кребс циклі







Тарау: 12.2С Тыныс алу және көбею

Тақырыбы: Адамның гаметогенез сызбасы. Спермотогенез бен оогенез .

Оқу мақсаты: Адамның гаметогенез сызбасын құру.Сперматогенез бен оогенез арасындағы айырмашылықты

түсіндіру

Жетістік критерийі: Сперматозоид пен жұмыртқа жасушасы туралы бұрыннан бар білімді пайдаланады. Олардың қызметтерін анықтайды және сперматозоидтар мен жұмыртқа жасушалары қалыптасатын түрлі жолдарды түсіндіреді. Сперматогенез бен оогенез арасындағы екі ұқсастық пен екі айырмашылықты түсіндіреді.

Тапсырма 1

Суретте көрсетілген жасушаны атаңыз және бұл жасушалар қандай процеске қатысады? Осы жасушалардың қызметтеріне талдау жасаңыз.

http://www.chasipodii.net/pix/img_23012_2_1.jpg


Тапсырма 2 .

А) Аталық жасуша мен аналық жасушаның қалыптасу кезеңдерін атаңыз және түсінік беріңіз.

http://biologiya.net/wp-content/uploads/2010/08/pict10.jpg

Б) Екі жасушаның даму сатысындағы екі ұқсастық пен екі айырмашылықты анықтаңыз.












Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 01.03.2016
Раздел Биология
Подраздел Презентации
Просмотров1082
Номер материала ДВ-496274
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх