Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / 1 сыныпқа арналған ашық сабағы Жемістер
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

1 сыныпқа арналған ашық сабағы Жемістер

библиотека
материалов


Ашық сабақтың тақырыбы: Жемістер 1 - сынып


Күні:

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Жемістер мен көкөністерге байланысты сөздік қорын байыту.

Оқушылардың белсенділігін, тілін дамыту, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, қарым – қатынас жасай білуге үйрету.

2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау әрекетінің әртүрлі біліктілігін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін дамыту, ұқыптылық, тазалық дағдыларын қалыптастыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: қайталау, сұрақ-жауап, түсіндіру әдісі.

Сабақтың көрнекіліктері: Жемістердің суреттері, компьютерлік құрал, музыка, оқулық.

Сабақтың пәнаралық байланысы: бейнелеу өнері, орыс тілі, дүниетану, математика пәндері.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу

2.Тексеру. Сыныпты түгендеу, кезекшімен әңгімелесу.

3.Сұхбат. – Сәлеметсіздер ме, оқушылар?

- Көңіл – күйлерің қалай?

- Сыныпта кім кезекші?

- Бүгін сыныпта кімдер жоқ?

- Олар не себепті жоқ?

Сабақты дене жаттығуларын жетілдіру ретінде «Қара жорға» биіне билеумен бастаймыз.


Өте жақсы, енді бүгінгі сабағымызды фонетикалық жаттығулармен бастайық. Мұғалімнен кейін оқушылар хормен қайталайды.


1. Фонетикалық жаттығулар:hello_html_5a89fdd6.gif

-ма, - ма, -ма дәмді алмаhello_html_m67adeb39.gifhello_html_441f9c8b.gif

-ие, -ие, -ие домалақ шие

-ім, -ім, -ім қара жүзім


2. Дұрыс жазып, дұрыс оқу үшін біз алдымен қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталай отырып, сол дыбыстарға басталатын сөздер тізбектеп қайталанады.

Ә әже, әке, әдемі.

Ү үлкен, үкі, үркер.

Ұ – ұлан, ұршық, ұл.

І – ілгіш, ірімшік, ішік.

Ө – өрік, өркен, өлке.

Ғ – ғалым, ғарышкер, торғай.

Қ – қалам, қасқыр, қоян.

Ң – аң, таң, шаңғы.

Һ – қаһарман, жиһаз, Гауһар.


ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Үй тапсырмасын қайталау, өткен тақырыптар бойынша пысықтау жұмыстарын жүргізу. Берілген сұрақтарға жауап алу. Сөздерді орыс тіліне аудара білу.

Сұраулық шылаулар жөнінде ережені тексеру.


ІІІ. Жаңа тақырып.

Оқушылар, бүгін біз тәтті де, бәрімізге ұнайтын жемістер жөнінде әңгіме қозғаймыз.

Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстырып өтеді.

1) Сурет арқылы жаңа сөздермен таныстыру. Сөздікпен жұмыс.

* Мұғалім сөздердің мағыналарын түсіндіреді

* Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландырады.

1) Мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды, оқушылар дауыстап қайталайды

2) Мұғалім сөздерді оқиды, оқушылар тізбектеп қайталап отырады


Жаңа сөздер:

Алмұрт – груша

Шие – вишня

Жүзім – виноград

Анар – граната

Алхоры – слива

Шабдалы – абрикос

Өрік – урюк

Алма – яблоко


* Cөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру


Дәптермен жұмыс жүргізу.



Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы 82 – бет 2-тапсырмамен жұмыс жүргізу. Екі оқушыдан шығып, диалогты оқиды.


Суреттермен жұмыс жүргізу: Суреттегі жемістердің түсін, көлемін, санын анықтау.

Мысалы: - Мынау не? Мынау – алма.

  • Алманың көлемі қандай? Алма үлкен.

  • Алманың түсі қандай? Алманың түсі қызыл.

  • Неше алма бар? Бес алма бар.


Сергіту сәті: Алма, алма, алмалар,

Алма жейік, ал қызыдар,

Алма жейік, ал ұлдар,

Балдай тәтті алма бар.


Сұраулық шылауларға грамматикалық тапсырмалар орындау.

Мысалы: Бұл шие ме? Мынау жүзім бе?


ІV. Сабақты бекіту. Сызбаны толтыр Қандай жемістерді білесіңдер?








V. Сабақты қорытындылау.

- Нені үйрендік? - Нені білдік? Осы сұрақтарға оқушылардан жауап алу.


VI. Үй жұмысы.

Оқушыларға үй тапсырмасын беру. 82 – беттегі 2- тапсырма диалогты оқып келу. Жаңа сөздерді жаттап келу.


VII. Оқушылардың білімдерін бағалау.


VIII. Мұғалім балаларды мадақтап, рахметін айтады, оқушылармен қоштасады.



























Қазақ тілінен күнтізбелік-сабақ жоспары.



Мектептің әдістемелік тақырыбы: «Қазіргі сабақ – басты құзырлықтың қалыптасуы мен дамуына себеп болатын орта»

Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың негізгі құзырлықтарын дамыту»

Жеке әдістемелік тақырыбым: «Қазақ тілі сабағында коммуникативтік технологияны пайдалану»



Сабақтың тақырыбы: Кім нені жақсы көреді? 1 - сынып


Күні: 15 ақпан 2012 жыл


Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушылардың сөздік қорларының белсенділігін арттырып, тіл ұстарту мақсатында жұмбақтар жасырып, ойлау, түсіну, есте сақтау, жаттап алу қабілеттерін жетілдіру.

2.Дамытушылық: Оқушыларды жемістердің және олардың түр – түсін дұрыс атап, дыбыстардың дұрыс айтылуын жетілдіру. таным белсенділігін арттыру. .

3.Тәрбиелік: Оқушылардың ұлттық дүниетанымын, рухани байлығын кеңейтіп, тіл мәдениетін жетілдіру, білімдерін кеңейту.


Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: көрсету, түсінік беру, жұмбақтар жасыру, жаттықтыру, сұрақ - жауап.

Сабақтың көрнекіліктері: Суреттер, компьютерлік құрал, музыка, оқулық, себет.

Сабақтың пәнаралық байланысы: бейнелеу өнері, орыс тілі, дүниетану, математика пәндері.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу

2.Тексеру. Сыныпты түгендеу, кезекшімен әңгімелесу


3.Сұхбат. – Сәлеметсіздер ме, оқушылар?

- Көңіл – күйлерің қалай?

- Сыныпта кім кезекші?

- Бүгін сыныпта кімдер жоқ?

- Олар не себепті жоқ?

Сабақты дене жаттығуларын жетілдіру ретінде «Қара жорға» биіне билеумен бастаймыз.


Өте жақсы, енді бүгінгі сабағымызды фонетикалық жаттығулармен бастайық. Мұғалімнен кейін оқушылар хормен қайталайды.

1. Фонетикалық жаттығулар:

-дек, - дек, - дек жидек

- ө, - ө, - ө өрік

- міс, - міс, -міс жеміс


2. Дұрыс жазып, дұрыс оқу үшін біз алдымен қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталай отырып, сол дыбыстарға басталатын сөздер тізбектеп қайталанады.

Ә әже, әке, әдемі.

Ү үлкен, үкі, үркер.

Ұ – ұлан, ұршық, ұл.

І – ілгіш, ірімшік, ішік.

Ө – өрік, өркен, өлке.

Ғ – ғалым, ғарышкер, торғай.

Қ – қалам, қасқыр, қоян.

Ң – аң, таң, шаңғы.

Һ – қаһарман, жиһаз, Гауһар.


ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Үй тапсырмасын қайталау, өткен тақырыптар бойынша пысықтау жұмыстарын жүргізу. Берілген сұрақтарға жауап алу. Сөздерді орыс тіліне аудара білу.

82 – беттегі 2- тапсырма диалогты тексеру. Оқу мәнерлерін қадағалау. Жаңа сөздерді тексеру.


ІІІ. Жаңа тақырып.

Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстырып өтеді.

Оқушылар, бүгін біз кімнің қандай жемісті жақсы көретіні жөнінде әңгіме қозғаймыз.

  • Оқушылар, сендер қандай жемістерді білесіңдер?

  • Кім қандай жемісті жақсы көреді?

Мұғалім жемістердің суретін көрсетіп, сол жемістер жөнінде әңгіме қозғалады.


Мұғалім мен оқушының арасында диалог өткізіледі

  • Андрей, мынау суреттегі қандай жеміс?

  • Бұл – алмұрт.hello_html_657dccc3.jpg

  • Андрей, сен қандай жемісті жақсы көресің? hello_html_5a89fdd6.gif

  • Мен жүзімді жақсы көремін.

  • Онда жүзімнің суретін тауып көрсетші?

  • Міне, мынау жүзімнің суреті.

1) Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздікпен жұмыс.

* Мұғалім сөздердің мағыналарын түсіндіреді

* Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландырады.

1) Мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды, оқушылар дауыстап қайталайды

2) Мұғалім сөздерді оқиды, оқушылар тізбектеп қайталап отырады


Жаңа сөздер:

Балалар – дети

Барлық – все Жақсы көремін – люблю

* Cөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру


Есіңде сақта, біл бөлімі. Ережені оқып, түсіну.

Дәптермен жұмыс жүргізу.




Мысалы: алма + лар нан + дар картоп + тар

шие + лер сәбіз + дер өрік + тер


Осы ережені меңгеріп, түсіну мақсатында мынадай тапсырмалар орындалады.

85–бет 3-тапсырманы тақтада жазбаша орындау./ суреттер шығып тұрады/

Алма + лар лимон + дар алмұрт + тар

Шие + лер жүзім + дер өрік + тер


Оқушылардың арасында диалог жұмысын өткізу. Оқушылар шығып, диалогты мұғаліммен түсініп оқиды.

  • Кім қандай жемісті жақсы көреді?

  • Мен алманы жақсы көремін.


Сергіту сәті: Айгөлек – ау, Айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Айдай толған кезімде,

Би билеймін дөңгелеп


Жұмбақты шешу. hello_html_5a89fdd6.gif

Іші толған шәрбәт,

Дәмі қандай әйбәт.

Үзесің бірден жүзін

Оның аты - ....... / жүзімнің суреті тұрады/

Оқушылармен логикалық ойын өткізу.

Төртінші артықты тап, сөйле, тапсырмасын орындау.


ІV. Сабақты бекіту. Сұрақ – жауап арқылы сабақты бекіту.

  • Себетте нелер бар?

  • Себетте жемістер бар.

  • Қандай жемістер? /оқушылар жемістердің суреттеріне қарап атап көрсетеді./

  • Себетте қанша жеміс бар? / әр оқушы өз жауабын береді/


V. Сабақты қорытындылау.

- Нені үйрендік? - Нені білдік? Осы сұрақтарға оқушылардан жауап алу.

VI. Үй жұмысы.

Оқушыларға үй тапсырмасын беру. 84 – беттегі 1- тапсырма ережені жаттап келу, 85-беттегі 4-тапсырма жұмбақты жаттап келу.

VII. Оқушылардың білімдерін бағалау.


VIII. Мұғалім балаларды мадақтап, рахметін айтады, оқушылармен қоштасады.


Қазақ тілінен күнтізбелік-сабақ жоспары.


Мектептің әдістемелік тақырыбы: «Қазіргі сабақ – басты құзырлықтың қалыптасуы мен дамуына себеп болатын орта»

Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың негізгі құзырлықтарын дамыту»

Жеке әдістемелік тақырыбым: «Қазақ тілі сабағында коммуникативтік технологияны пайдалану»




Сабақтың тақырыбы: Көкөністер 1 - сынып


Күні: 17 ақпан 2012 жыл


Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Көкөністерге байланысты сөздік қорын байыту. Оқушылардың белсенділігін, тілін дамыту, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, қарым – қатынас жасай білуге үйрету.

2.Дамытушылық: Суреттер арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, байқампаздық, тапқырлық, ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін дамыту, ұқыптылық, тазалық дағдыларын қалыптастыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойландыру.

Сабақтың көрнекіліктері: Көкөністердің суреттері, компьютерлік құрал, музыка, оқулық.

Сабақтың пәнаралық байланысы: бейнелеу өнері, орыс тілі, дүниетану, математика пәндері.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу

2.Тексеру. Сыныпты түгендеу, кезекшімен әңгімелесу.

3.Сұхбат. – Сәлеметсіздер ме, оқушылар?

- Көңіл – күйлерің қалай?

- Сыныпта кім кезекші?

- Бүгін сыныпта кімдер жоқ?

- Олар не себепті жоқ?

Сабақты дене жаттығуларын жетілдіру ретінде «Қара жорға» биіне билеумен бастаймыз.


Өте жақсы, енді бүгінгі сабағымызды фонетикалық жаттығулармен бастайық. Мұғалімнен кейін оқушылар хормен қайталайды.

1.Фонетикалық жаттығулар:

- кө, - кө, -кө көкөніс

- қи, - қи, - қи қияр

- сә, -сә, - сә сәбіз


2. Дұрыс жазып, дұрыс оқу үшін біз алдымен қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталай отырып, сол дыбыстарға басталатын сөздер тізбектеп қайталанады.

Ә әже, әке, әдемі.

Ү үлкен, үкі, үркер.

Ұ – ұлан, ұршық, ұл.

І – ілгіш, ірімшік, ішік.

Ө – өрік, өркен, өлке.

Ғ – ғалым, ғарышкер, торғай.

Қ – қалам, қасқыр, қоян.

Ң – аң, таң, шаңғы.

Һ – қаһарман, жиһаз, Гауһар.


ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Үй тапсырмасын қайталау, өткен тақырыптар бойынша пысықтау жұмыстарын жүргізу. Берілген сұрақтарға жауап алу. Сөздерді орыс тіліне аудара білу. Көптік жалғаулар жөнінде ережені тексеру. Сурет бойынша жаңа сөздерді тексеру.


ІІІ. Жаңа тақырып.

Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстырып өтеді.

Оқушылар, бүгін біз бау – бақшада өсетін көкөністер жөнінде әңгіме қозғаймыз


1) Сурет арқылы жаңа сөздермен таныстыру. Сөздікпен жұмыс.

* Мұғалім сөздердің мағыналарын түсіндіреді

* Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландырады.

1) Мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды, оқушылар дауыстап қайталайды

2) Мұғалім сөздерді оқиды, оқушылар тізбектеп қайталап отырады


Жаңа сөздер:

Пияз – лук

Қызанақ – помидор

Орамжапырақ – капуста

Қызылша – свекла

Сәбіз – морковь

Қияр – огурец

* сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру


Дәптермен жұмыс жүргізу.


Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы 86 – бет 2-тапсырмамен жұмыс жүргізу. Мұғалім сұрақ қойып, оқушылар жауапты осы тапсырмадан табады.

87 – бет 3 – тапсырмамен жұмыс жүргізу. Екі оқушыдан шығып, диалогты оқиды

Суреттермен жұмыс жүргізу: Суреттегі көкөністердің түсін, көлемін, санын анықтау.



Мысалы: - Мынау не? Мынау – қияр.

  • Қиярдың көлемі қандай? Қияр кішкентай.

  • Қиярдың түсі қандай? Қиярдың түсі жасыл.

  • Неше қияр бар? Бес қияр бар.


Сергіту сәті: Доп, доп, топ, топ,

Теуіп қалдым допты,

Доп жоғалды, доп жоқ

Қап, қап, тап, тап.


Диалогты досыңмен оқы


Оқулықтан мына жұмбақты мәнерлеп оқып, шешуін табайық.

Жұмбақ

Аласа тауда алуан алма,

Алқызыл болмай, аузыңа салма. /............./


Сызба бойынша сөздерді оқу. Мысалы:

Қызанақ

Сәбіз

Пияз

Көкөністер Картоп

Қияр

Орамжапырақ

ІV. Сабақты бекіту.

Сызбаны толтыр Қандай көкөністерді білесіңдер?

Кластер арқылы сабақты бекітеміз.


V. Сабақты қорытындылау.

- Нені үйрендік? - Нені білдік? Осы сұрақтарға оқушылардан жауап алу.


VI. Үй жұмысы.

Оқушыларға үй тапсырмасын беру. 86 – беттегі 2- тапсырма сөздер мен сөз тіркестерін оқу. Жаңа сөздерді жаттап келу.


VII. Оқушылардың білімдерін бағалау.


VIII. Мұғалім балаларды мадақтап, рахметін айтады, оқушылармен қоштасады.






























3. Көркем жазу. Кк картоп Ққ қызылша

4. Үй жұмысын тексеру.

БЕС ЖАҢҒАҚ-........................

ТӘТТІ АЛМА-................

САРЫ ЛИМОН-................

ДӘМДІ ЖАҢҒАҚ-..............

ЖАСЫЛ ЖҮЗІМ-................

ҮЛКЕН АЛМҰРТ-.............

ҮШ ЖАҢҒАҚ-........................

ТӘТТІ АЛМҰРТ-................

САРЫ ЖҮЗІМ-................

ДӘМДІ ЖАҢҒАҚ-..............

ЖАСЫЛ АЛМА-................

ҮЛКЕН АЛМҰРТ-.............

Мәнерлеп оқу сайысы. Жемістер

Мен алмамын, алмамын, hello_html_441f9c8b.gif

Түрлі-түрлі боламын.

Көкпеңбек едім көктемде,

Қызарам күз жеткендеhello_html_657dccc3.jpg

Мен алмұртпын, ақылдым

Күзде жинап алатын

Бабыраған біреуін

Жесең тойып қаласың

Мен жүзіммін, жүзімменhello_html_5a89fdd6.gif

Сөлі балдай шырынмын.

Тәттілігін біледі-

Ара менен шыбын

Мен өрікпін, өрікпінhello_html_48fab289.jpg

Ерте ашам гүлін.

Қара өрік, сары өрік,

Табиғатқа көрікпін.

Мен шиемін, шиемінhello_html_m67adeb39.gif

Қызыл болып пісемін

Тезірек жинап алмасаң,

Торғайдың көзі түседі

Мен –анармын, анармынhello_html_m27ed8a77.jpg

Қабығы қалың болармын.

Мөлт-мөлт еткен түрлері

Моншақты еске саламын



5. Жаңа сабақ. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.

1) Сурет арқылы жаңа сөздермен таныстыру. Сөздікпен жұмыс

* Мұғалім сөздердің мағыналарын түсіндіреді

* Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландырады.

1) Мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды, оқушылар дауыстап қайталайды

2) Мұғалім сөздерді оқиды, оқушылар тізбектеп қайталап отырады

* сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру

Сурет бойынша жұмыс 1 – тапсырмадағы « Жемістер, көкөністер» тақырыбы бойынша қайталау жұмысын жасау. Оқушыларды сөз тіркесін жасап, тілдесімге жетелеу.

Сөз тіркестерін құрастыр

3 hello_html_m15b8c73.gif 14 hello_html_441f9c8b.gif (Алма қандай? Тәтті – ащы, қатты-жұмсақ?)

20 hello_html_f9b022e.gif 7 hello_html_5a89fdd6.gif

Айтылым тапсырма бойынша айтылым әрекетін іске асыру. Дұрыс оқу, түсініп айту дағдыларын қалыптастыру. Әр оқушыға жеке-жеке тапсырма беру.

Алма бағы.

Мектептің үлкен алма бағы бар. Онда әр түрлі жеміс ағаштары өседі. Жазда ағаштарды күттік, суардық. Алма - дәмді жеміс.

hello_html_56bdd425.jpg+ тің үлкен hello_html_645bca0b.jpg бағы бар. Онда әр түрлі жеміс hello_html_m6d03edc5.gif +тары өседі. Жазда hello_html_m6d03edc5.gif + тарды күттік, суардық. hello_html_m156f4d53.jpg - дәмді жеміс.



  • Мектептің қасында не бар? hello_html_25f5ddce.jpg

  • Онда не өседі?

  • Жазда нені күттік, суардық?

  • Алма –қандай жеміс?

Валеологиялық компонент.

Көктемнің қоңыр салқын күнінде тұмаумен ауырмау үшін қандай нүктелі массаж жасау керек екенін үйрету.

Бақшада.

Үйдің қасында бақша бар. Бақшада қызанақ, орамжапырақ, картоп, пияз, сәбіз, қияр өседі. Біз жазда оларды күтеміз, суарамыз. Күзде жинап аламыз.

hello_html_m4f927d44.gif+дің қасында бақша бар. Бақшада hello_html_m3c3ad4fa.jpg ,hello_html_1fb714d4.gif, hello_html_m487829f5.jpg, hello_html_m2b027bda.jpg, hello_html_78855262.jpg, hello_html_46567e2d.jpgөседі. Біз жазда оларды күтеміз, суарамыз. Күзде жинап аламыз.

hello_html_25f5ddce.jpg

  • Үйдің қасында не бар?

  • Бақшада не өседі?

  • Біз қашан оларды күтеміз, суарамыз?

  • Қашан жинап аламыз?




Тапсырмадағы сызба бойынша оқушылардың қисынды ойлау және есте сақтау қабілеттерін жандандыру мақсатында тапсырманы тақта алдында үш оқушыға орындату.


Сергіту сәті

Көкөністі көп ектік,

Өссін, піссін деп ектік

Көктемде еккен көкөніс

Күзде берді көп өніс.


Жазылым. Карточкамен жұмыс

1. Ойын «Аудармашы»

қызыл алма - ............ қоңыр картоп-........................

тәтті жүзім -................... жасыл алма-................

жасыл қияр-.................... қатты сәбіз-..............

2. Дұрыс сандармен салыстыр

hello_html_69cdc13f.gifhello_html_69cdc13f.gifhello_html_69cdc13f.gifhello_html_69cdc13f.gifhello_html_69cdc13f.gif4

hello_html_1575ec1.gifhello_html_1575ec1.gif3

hello_html_m67adeb39.gif2

hello_html_5a89fdd6.gif1

hello_html_m2fb471bf.gif5


6. Сабақты бекіту 1. Сызбаны толтыр





Сабақтын проблемасын шештік па? Қандай ЖЕМІСТЕР, көкөністер білесіндер?

Ойын «Кім көп біледі?». Тақырып бойынша сурет салу

7. Сабақтың қорытындылау

- Нені үйрендік? - Нені білдік?

Жеке оқушыларға озық тапсырма беру.

Үйге тапсырма 157 б 4 т көшіріп жазу, сөздік

Бағалау. Мұғалім балаларды мадақтап рахметін айтады























Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 11.04.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров349
Номер материала ДБ-022641
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх