Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Рабочие программы / 7 сыныпқа арналған бағдарлама

7 сыныпқа арналған бағдарлама


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

2. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны



9. 6 –сыныпқа арналған биология пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімдер мен тараулардан тұрады.

10Кіріспе» (1 сағат). Өсімдіктер дүниесін зерттеудің басталуы. Өсімдіктер туралы ғылым — ботаника. Жер бетіндегі өсімдіктердің көптүрлілігі туралы жалпы мәліметтер. Биологиялық білімдердің негізгі пайдаланылуы. Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Қазақстанда таралған өсімдіктер.

11. «Өсімдіктермен жалпы танысу» (3 сағат). Мәдени және жабайы өсетін өсімдіктер; бір жылдық және көп жылдық өсімдіктер; дәрілік және әсемдік өсімдіктер. Өсімдіктердің тіршілік формалары: ағаштар, бұталар,бұташықтар, шөптер. Өсімдіктерге тән белгілер. Өсімдіктердің негізгі мүшелері. Өсімдіктер тірі организм және биожүйе екендігі. Тұқымды және споралы өсімдіктер. Гүлді өсімдіктер. Өсімдіктердің тіршілік жағдайлары. Өсімдіктердің тіршілік әрекетіне әсер ететін негізгі экологиялық факторлар. Өсімдік организмдерінің жердегі тіршілік орталары: сулы орта, құрлық-ауа, топырақ. Түрлі тіршілік орталарында өсіп таралу жағдайларына байланысты өсімдіктердің көптүрлілігі.

Өсімдіктердің күзгі тіршілігі. Табиғи жағдайлардағы өзгерістер. Өсімдіктердегі өзгерістер: өсудің тоқталуы, өркендердің қайтадан түзіле бастауы , жемістің түзілуі, тұқымның шашылуы. Жапырақтардың түрлі түске боялуы, жапырақтардың түсуі, майда бұтақтардың түсуі. Бұл құбылыстардың өсімдік тіршілігіндегі маңызы. Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Бөлме жағдайында, бау-бақша, саябақта және мектеп маңындағы учаскеде өсетін өсімдіктерге жүргізілетін күзгі күтім жұмыстары. Зертханалық жұмыс: «Споралы және тұқымды (ашық тұқымды және жабық тұқымды) өсімдіктермен танысу: көкек мүгі, қырықжапырақ, кәдімгі қарағай, қызанақ». Топсеруен: «Айналамыздағы өсімдіктер әлемі», «Өсімдіктер тіршілігіндегі күзгі құбылыстар».

12. «Өсімдік жасушасының құрылысы» (5 сағат). Ұлғайтқыш құралдары: микроскоп, ұлғайтқыш әйнек. Ұлғайтқыш құралдарды қолдану ережелері. Препараттар даярлау. Материалдар және құрал жабдықтар. Қауіпсіздік техникасы. Жасуша-өсімдік организмінің негізгі құрылым бірлігі. Өсімдік жасушасының құрылысы: қабықша, цитоплазма, ядро, пластидтер, жасуша шырынына толы вакуоль, қосындылары. Пішіні мен мөлшері бойынша жасушалардың алуан түрлілігі. Жасушалардың тіршілік әрекеттері. Жасушаның өсуі және бөлінуі. Жасушаның тыныс алуы және қоректенуі. Цитоплазманың қозғалысы. Жасушалардың тіршілік әрекеттерінің сыртқы орта жағдайларына тәуелділігі. Жасуша құрамындағы органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, майлар және бейорганикалық заттар: су және тұздардың ерітінділері. Қоректік заттардың қорға жинақталуы. Ұлпалар туралы түсінік. Өсімдік ұлпаларының түрлері: түзуші, жабын, негізгі (ассимиляциялық және қорға жинақтайтын), өткізгіш, механикалық ұлпалар. Өсімдік мүшелерінің жасушалық құрылысы. Өсімдік — көпжасушалы организм. Зертханалық жұмыстар: «Ұлғайтқыш құралдармен және зертханалық құрал-саймандармен танысу», «Пияз өңінің, жапырақ эпидермисінің микропрепаратын даярлау», «Осы микропрепараттарды ұлғайтқыш құралдар арқылы, қарап өсімiдік жасушасының құрылысын зерттеп білу».

13. «Гүлді өсімдіктердің мүшелері, жемістер және тұқымдар» (14 сағат):

  1. «Тұқым» (2 сағат). Тұқымның сыртқы және ішкі құрылысы. Тұқымның типтері. Даражарнақты және қосжарнақты гүлді өсімдіктердің тұқымдарының құрылысы. Тұқымның органикалық және бейорганикалық заттары. Тұқым ішіндегі өсімдік ұрығы. Тұқымдардың алуантүрлілігі. Тұқымдардың өнуі. Тұқымдарды топыраққа сіңіру тереңдігі. Тұқымдардың шаруашылық маңызы. Тұқымдардың таралуы. Зертханалық жұмыс: Даражарнақты және қосжарнақты өсімдік тұқымдарының құрылысы. Көкөніс дақылдарының алуантүрлі тұқымдарымен танысу;

  2. «Тамыр» (3 сағат). Өсімдіктің вегетативтік мүшесі ретінде тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы. Тамыр бөлімдері (аймақтары): бөліну, өсу, сору, өткізу. Тамырдың ұшы — тамыр оймақшасы. Тамырдың өсуі. Тамыр түктері, олардың тамыр және бүкіл өсімдіктің тіршілік әрекеттеріндегі рөлі. Тамырдың бұтақтануы. Тамырдың түрлері (негізгі, жанама, қосалқы). Тамыр жүйесінің типтері: кіндік және шашақ тамырлар. Атқаратын қызметіне байланысты тамырдың маңызы: өсімдіктің қоректенуі, топыраққа бекінуі, көбеюі, қоректік заттарды қорға жинақтауы. Атқаратын қызметіне байланысты тамырдың түр өзгерістері. Зертханалық жұмыстар: Түрлі өскіндерден тамырдың сыртқы құрылысын зерттеп білу (ас бұршақтың, асқабақтың, үрме бұршақтың және бидайдың). Тамырдың өсу (созылу) аймағын тауып анықтау. Тамырдың түрөзгерістері;

  3. «Өркен» (5 сағат). Өсімдік өркендерінің құрылысы мен маңызы. Бүршік- өсімдіктің ұрықтық (бастапқы) өркені. Вегетативтік және генеративтік бүршіктер. Бүршіктен өркеннің дамуы. Жылдық өркен. Өсімдіктің бұтақтануы. Бұтақтануды көбейтудің тәсілдері. Жапырақ өркеннің бүйірлік жанама мүшесі. Жапырақтың сыртқы және ішкі құрылысы. Жапырақтың жұмсақ бөлігі және жабындық ұлпа. Лептесіктер. Жапырақтың алуантүрлілігі, олардың өсімдік тіршілігіндегі рөлі. Жапырақ өсімдіктің фотосинтез жүретін арнайы мүшесі, су булану және газ алмасу. Жапырақтың түр өзгерістері. Сабақ — өркеннің негізгі бөлігі және қоректік заттарды өткізу мүшесі. Сабақтың буындары мен буын аралықтары. Сабақтың ішкі құрылысы. Сабақтың бойлап және жуандап өсуі. Камбийдің рөлі. Жылдық сақиналар. Өркеннің көптүрлілігі: вегетативтік және генеративтік, жерүстілік және жерастылық, қысқарған және ұзарған өркендер. Өркеннің түрөзгерістері. Қыс кезіндегі өсімдік өркендері. Жапырағын тастаған ағаштармен, бұталармен және ағаштар мен шөптердегі қайта жаңаратын бүршіктерімен танысу. Зертханалық жұмыстар: Вегетативтік және гүл бүршіктерінің құрылысы. Жапырақтың сыртқы құрылысы. Жапырақтағы лептесіктерді табу. Жапырақтың ішкі құрылысы. Жапырақтың түр өзгерістері. Ағаштың көлденең кесіндісіндегі жылдық сақиналарды табу. Тамырсабақтың түйнектің және пиязшықтың құрылысын қарау. Топсеруен: Өсімдіктің қысқы тіршілігі. Жапырағын тастаған ағаштар мен бұталар;

  4. «Гүл, жеміс» (4 сағат). Гүл, оның құрылысы мен маңызы. Гүл серігі. Тостағанша. Күлте. Гүлдің аталық және аналық бөліктері. Даражарнақты және қосжарнақты өсімдікгүлдерінің ерекшеліктері. Гүлшоғырлары, олардың биологиялық маңызы. Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы. Тозаңданудың түрлері (өздігінен тозаңдандыру, жел, бунақденелілер, су, құстар арқылы айқас тозаңдану және қолдан тозаңдандыру). Жемістердің түзілуі; өсімдіктердің тұқым арқылы көбеюі және таралуы. Жемістің түрлері: құрғақ және шырынды, қабығы ашылатын және ашылмайтын, біртұқымды және көптұқымды жемістер. Тірі организм ретінде өсімдік мүшелерінің өзара байланысы. Өсімдіктер және қоршаған орта. Зертханалық жұмыстар: Гүлдің құрылысы мен танысу. Бунақденелілермен және желмен тозаңданатын өсімдіктердің гүлдерін салыстыру. Топсеруен. Терезе алдындағы өсімдіктер әлемі.

14. «Өсімдіктердің негізгі тіршілік әрекеттері» (6 сағат). Топырақтан суды және минералды заттарды сіңіру.Өсімдіктің топырақтанқоректенуін қамтамасызететін жағдайлар. Органикалық және минералдықтыңайтқыштар (азотты, калийлы, фосфорлы және микроэлементтер). Өсімдіктердің ауалы ортада қоректенуі. Фотосинтез. Күннің жарығы мен хлорофиллдің фотосинтез процесіндегі рөлі. Күн энергиясын органикалық заттардың химиялық байланыстарында қорға жинақтайтын автотрофтылар ретінде жасыл өсімдіктердің рөлі. Өсімдіктердің тыныс алуы. Олардың оттекті сіңіріп, көмірқышқыл газы мен суды бөліп шығаруы. Өсімдіктің тыныс алу процесінің қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі. Жасыл өсімдіктердің ғарыштық рөлі: органикалық заттарды түзу, энергияны жинақтау, көмірқышқыл газы мөлшерінің тұрақтылығын сақтау және атмосферада оттекті молайту, жерде топырақ түзілу әрекетіне қатысу. Өсімдік тіршілігіндегі судың рөлі. Суға қатынасы бойынша өсімдіктердің экологиялық топтары. Өсімдіктердің көбеюі. Жынысты және жыныссыз көбею. Өсімдіктердің ұрықтануы мен зиготаның түзілуі туралы түсінік. Жынысты және жыныссыз көбеюдің биологиялық маңызы. Вегетативтік көбею, оның түрлері және табиғаттағы биологиялық рөлі. Вегетативтік көбеюді өсімдік шаруашылығында пайдалану. Қалемшелер, сұлатпа, телу (қалемше,көзшелер) арқылы және ұлпалармен көбейту. Өсімдікттердің өсуі және дамуы. Өсімдіктердің өсуі мен дамуының қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі. Өркен мен тамырдың өсуге бағытталуы. Өсімдік дамуының кезеңдері (ұрықтық, жастық, жетілу және қартаю). Өсімдік тіршілігінің ұзақтығы. Зертханалық жұмыс: Бөлме өсімдіктерін қалемшелеу.

15.«Өсімдіктер дүниесінің негізгі бөлімдері» (21 сағат):

  1. Өсімдіктерді жүйелеп жіктеу туралы түсінік. Өсімдіктер дүниесі. Оның дүние тармақтарына бөлінуі. Бөлімдер, класстар, тұқымдастар, туыстар, түрлер. Түр — өсімдіктерді жүйелеп жіктеудің негізгі бірлігі (1 сағат);

  2. «Балдырлар дүние тармағы» (2сағат). Балдырлардың бөлімдері. Біржасушалы және көпжасушалы балдырлардың жалпы сипаттамасы. Тұщы су және теңіз балдырларының көптүрлілігі. Балдырлардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы;

  3. «Мүктәрізді өсімдіктер бөлімі» (2 сағат). Мүктердің әртүрлілігі. Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер ретінде жасыл мүктердің жалпы сипаттамасы. Мүктердің көбеюі және дамуы. Шымтезек мүгі. Мүктердің табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Мүктәріздес өсімдіктерді қорғау;

  4. «Қырықжапырақтәрізді өсімдіктер бөлімі» (3 сағат). Қырықжапырақтардың,қырықбуындардың және плаундардың жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер ретінде жалпы сипаттамасы. Қырықжапырақтәрізді өсімдіктердің көбеюі және дамуы. Қырықжапырақтәрізділердің өткен замандарда өркендеп өсіп кең таралуы. Қазіргі қырықжапырақтәрізді өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Өсімдіктерді және олардың таралу аймақтарын қорғау;

  5. «Ашық тұқымды өсімдіктер бөлімі» (4 сағат). Тұқымды өсімдіктер ретінде олардың жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі. Мектеп маңындағы қылқан жапырақты өсімдіктер. Қылқан жапырақты өсімдіктердің өкілі ретінде қарағайдың тұқым арқылы көбеюі. Қылқан жапырақты өсімдіктер мен қылқан жапырақты ормандардың табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы. Ормандарды қорғау;

  6. «Жабық тұқымды (гүлді) өсімдіктер бөлімі» (9 сағат). Жабық тұқымды өсімдіктердің жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі. Жабық тұқымды өсімдіктердің табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы. Гүлді өсімдіктердің қосжарнақтылар және даражарнақтылар кластарына бөлінуі. Қосжарнақтылар класының тұқымдастары (шаршыгүлділер, раушангүлділер, күрделігүлділер, бұршақ және алқа тұқымдастары). Даражарнақтылар класының тұқымдастары (лалагүлділер, пияз тұқымдасы, астық тұқымдастары).Зертханалық жұмыстар: «Бір жасушалы және көпжасушалы балдырлардың микроскоптық және сыртқы құрылысы, «Мүктердің сыртқы құрылысы», «Қырықжапырақ тәрізділердің сыртқы құрылысы», «Ашықтұқымдылардың сыртқы құрылсы», «Қылқанжыпырақты өсімдіктердің бүрлері мен тұқымдарының құрылысын зерттеп білу», «Шаршыгүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы», «Раушангүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы», «Алқа тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы», «Бұршақ тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы», «Күрделігүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы», «Лалагүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы», «Пияз тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы», «Астық тұқымдасы. өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы». Топсеруен. «Қалалық саябақтағы және мектеп маңындағы өсімдіктер дүниесінің өкілдерімен кездесу, танысу». «Өсімдіктер дүниесі өкілдерінің көктемдегі оянулары».

16. «Жердегі өсімдіктер әлемі көптүрлілігінің тарихи дамуы» (3 сағат). Өсімдіктер әлемнің дамуы. Өсімдіктердің күрделену процесі ретінде эволюция туралы түсінік. Өсімдік топтарының көптүрлілігі эволюцияның нәтижесі екендігі. Мәдени өсімдіктердің шығу тегі және көптүрлілігі. Негізгі халық шаруашылық дақылдары бидай мен картоптың пайда болу тарихы. Практикалық жұмыстар: «Бөлме өсімдіктерін күтіп баптаудың көктемдегі жұмыстары», «Мектептің тәжірибе учаскесі үшін тұқымдар таңдап алу және көшеттер өсіру».

17. «Вирустар дүниесі» (2 сағат). Тіршіліктің қарапайым құрылымдық формасы ретінде вирустардың құрылыс ерекшеліктері. Вирустық жұқпалы аурулармен зақымдану және аурулардың таралуы. Вирустық жұқпалы аурулардың алдын-алу және олармен күресу шаралары.

18. «Бактериялар дүниесі» (3 сағат). Бактериялар тірі организмдердің ежелгі тобы екендігі. Бактериялардың жалпы сипаттамасы. Бактериялық жасушаның өсімдік жасушасынан айырмашылығы. Прокариоттар және эукариоттар туралы түсінік. Пішіндері, қоректенуі мен тыныс алу ерекшеліктері бойынша бактериялардың әртүрлілігі. Бактериялардың таралуы. Бактериялардың табиғаттағы және адам өміріндегі (экологиялық,ауру тудырғыш, биотехнологиялық) маңызы. Зертханалық жұмыстар: «Пішен таяқшасы бактериясын микроскоп астында қарап, сыртқы құрылысымен танысу», «Бұршақ өсімдіктерінің тамырындағы түйнек бактерияларын микроскоп астында қарап құрылыс ерекшеліктерімен танысу».

19. «Саңырауқұлақтар дүниесі». Қыналар — ерекше, симбиоздық организмдер тобы (4 сағат). Тірі табиғаттың ерекше дүниесі ретінде саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы. Олардың қоректенуі, тыныс алуы, спора арқылы көбеюі.Зең саңырауқұлақтар: мукор, пеницилл. Біржасушалы ашытқы саңырауқұлағы. Көп жасушалы саңырауқұлақтар. Қалпақты саңырауқұлақтар. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтардың көптүрлілігі: сапрофиттер, паразиттер, симбионттар. Микориза туралы түсінік. Өсімдіктерді паразиттік саңырауқұлақтардан қорғау тәсілдері. Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Қыналар, олардың құрылысы, қоректенуі және көбею ерекшеліктері. Қыналардың көптүрлілігі. Қыналардың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы. Қыналардың индикаторлық рөлі. Зертханалық жұмыстар: «Микроскоптық мукор саңырауқұлағының сыртқы құрылысын зерттеп білу», «Түтікшелі және қатпарлы қалпақты саңырауқұлақтардың жемісті денесінің құрылысы», «Қабық(қаспақ) тәрізді қынаның жемісті денесінің сыртқы құрылысын зерттеп білу», «Қыналардың екі-үш өкілдерінің құрылыс ерекшелігімен танысу». Ескерту. (Зертханалық жұмыстарды орындауға қажетті құрал-жабдықтар болмаған жағдайда көрсетулермен немесе электрондық нұсқалармен алмастыруға болады.).

20. «Табиғи бірлестіктер» (6 сағат). Биологиялық жүйе ретінде өсімдіктердің табиғи бірлестіктері (биоценоз — фитоценоз) туралы түсінік. Өсімдіктердің табиғаттағы тіршілігі. Табиғи бірлестіктердің сипаттамасы: мекен ортасы, түрлік құрамы, бірлестіктегі түрлердің саны,белдеулігі, өсімдіктер арасындағы өзара байланыстар.Өсімдіктердің табиғи бірлестіктерде бірге тіршілік етуге бейімділіктері. Түрлі белдеулік сатыдағы өсімдіктердің негізгі қасиеттері. Өсімдіктердің, жануарлардың, саңырауқұлақтардың, бактериялардың және олардың тіршілік орталарының жиынтығы ретінде биогеоценоз туралы түсінік.Экожүйелер туралы түсінік. Өсімдіктер бірлестігінің орны және рөлі. Адамның табиғаттағы рөлі. Табиғат байлықтарын үнемді пайдалану, өсімдіктерді қорғау, өсімдік ресурстары мен табиғатты қорғау, өсімдік ресурстары, табиғатты қорғау, экология туралы түсініктер. Қызыл кітап. Туған өлкенің байлықтарын оқып білуде, табиғатты қорғауда, халыққа экологиялық білім таратуда мектеп оқушыларының рөлі.

Сарамандық жұмыстар:

«Мектептің оқу-тәжірибе учаскесінде және мектеп айналасында өсімдіктер бірлестігін құрастырып, оны жабдықтау бойынша жүргізілетін көктемгі жұмыстар», «Бөлме өсімдіктерін көктемгі күтіп-баптау жұмыстары», «Мектептің оқу-тәжірибе учаскесінде орындалатын жұмыстар», «Жылдың күзгі мезгіліндегі өсімдіктердің тіршілігі».

Топсеруен:

«Бірлестіктегі өсімдіктер тіршілігі», «Орман (саябақ) табиғи бірлестік екендігі», «Табиғи бірлестіктегі көктемгі тіршілік». «Жылдың көктемгі маусымындағы өсімдіктердің тіршілігі». Жаз айларына берілетін тапсырма: оқып танысқан тұқымдастардағы өсімдіктердің кеппешөптерін дайындау (шаршыгүлділер, раушангүлділер, алқа және бұршақ тұқымдастары, лалагүлділер, пияз және астық тұқымдастары); осы аталған тұқымдастардың оқып танысқан өкілдерінің тұқымдарынан жинақтама құрастыру, өсімдіктер тіршілігіне фенологиялық бақылау жүргізіп, байқалған өзгерістерді бақылау күнделігіне енгізу, арамшөптердің кеппешөптерін дайындау, көкөністердің, жемістердің, бақша өсімдіктерінің және астық дақылдарының тұқымдарын жинау, жаз айларында өсімдіктердің гүлдеуіне және жеміс түзілуіне, жапырақтардың өзгерістеріне бақылау жүргізу, бөлме және әсемдік өсімдіктерге, және үйдің ауласындағы басқа да өсімдіктерге бақылау жүргізіп, күтім жұмыстарымен айналысу (байқалған барлық өзгерістерді күнделікке енгізу.


57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 21.11.2015
Раздел Биология
Подраздел Рабочие программы
Просмотров994
Номер материала ДВ-175461
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх