Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / 10-сыныпқа арналған билет сұрақтары

10-сыныпқа арналған билет сұрақтары


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

1

1. Сын есімнің мағыналық түрлері.

2. Салалас құрмалас сөйлем. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем.

3. Асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жаса.

Күз түсіп, тауға қар жауа бастаған кезде таутекелер төмендеп түсіп, арша және басқа да бұталар өскен өңірге келеді.


2

1. Буын және оның түрлері.

2. Шақ туралы түсінік. Осы шаққа тоқталыңыз.

3. Сөйлемнен шылауларды тауып, шылаудың қандай мағыналық түрлері екендігін көрсет.

Шуаққа адамдар ғана емес, жануарлар мен жәндіктер де шықты.


3

1. Көнерген сөздер

2. Есімше, көсемше. Жасалу жолдары

3. Сөйлемнен жалқы есімдерді тауып, фонетикалық талдау жаса.

Әмірханның кәрі әжесімен, өз шешесімен тұратын үйі осы еді.


4

1. Сын есім. Негізгі және туынды, сапалық және қатыстық сын есімдер.

2. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

3. Төмендегі сөйлемді сөз тұлғасына қарай талда.

Ауыл-ауылдың арасында Қоянкөктің тізгінін босатып, ағызып-ағызып алады.


5

1. Дауысты дыбыс, олардың тілге байланысты жіктелуі

2. Талғаулы салалас құрмалас сөйлем

3. Дара және күрделі еліктеу сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құра.


6

1. Термин сөздер мен кәсіби сөздер

2. Үндестік заңы. Буын үндестігі. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар.

3. Төмендегі сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.

Жорықтан оралған жігіт Төле би үйіне келіп, жол үстінде көрген-білгенін әңгімелеп отырды.



7

1. Жақты, жақсыз сөйлем. Жасалу жолдары.

2. Сөйлем мүшелері. Бастауыш

3. «Тұнбасымен» сөзіне фонетикалық талдау жаса.


8

1. Жалғау, оның түрлері.

2. Есімдік, мағыналық түрлері

3. «Ерлікке тағзым» тақырыбына ойтолғау жаз


9

1. Әліпби. Дыбыс және әріп

2. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

3. Екі бағанға еліктеуіш және бейнелеуіш сөздерден он сөз жаз


10

1.Толымды, толымсыз сөйлем

2. Келер шақ. Оның түрлері мен жасалу жолдары

3. Деректі зат есімге он сөз, дерексіз зат есімге он сөз жаз.


11

1. Тасымал. Тасымалдауға келмейтін сөздер

2. Күрделі сөз, сөз тіркесі, тұрақты сөз тіркесі.

3. Ілгерінде, кейінді, тоғыспалы ықпалдарға мысалдар жаз


12

1. Сөздердің байланысу тәсілдері.

2. Жай сөйлем синтаксисі. Жай сөйлемнің түрлеріне тоқтал

3. Берілген тұрақты тіркестірдің мағыналарын аш

Нәр сызбау, сөзге келу, езу тарту, жақ ашпау, бетінен оты шығу, жаны қуырдақ болу, көз тігу, аузына құм құйылды.


13

1. Синонимдер

2. Етіс оның түрлері

3. Құрамында көсемшесі бар мақал-мәтел немесе өлеңнен үзінді айт.



14

1. Сөздердің байланысу түрлері.

2. Кезектес салалас құрмалас сөйлем

3. Сөйлемдернен септік жалғауы бар сөздерді тауып, қай септікте тұрғанын анықта.

Киіз үйдің көшіп-қонуға ыңғайлы жеңіл болуы, дауылға, боран мен шаңға, құмға төзетіндей берік болуы ескерілген. Халық медицинасында алоэның жапырақтарымен, шырынымен, тұнбасымен тері ауруларын, күйікті емдейді.


15

1. жалаң және жайылма сөйлем. Жасалу жолдары.

2. Өткен шақ. Түрлері

3. «Егінбай» сөзіне фонетикалық талдау жаса.


16

1. Екпін. Екпіннің түрлері

2. Рай туралы түсінік. Қалау райдың жасалу жолдары

3. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын пайдалана отырып, сөйлемдер құра.


17

1. Сан есім. Мағыналық түрлері

2. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем

3. Сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

Көрші үйдегі Жанат та, Қанат та ойыншық қайықтарын суға салып жүр.


18

1. Еліктеу сөз, мағыналық түрлері.

2. Анықтауыштық қатынас, жаалу жолдары

3. Сапалық және қатыстық сын есімдерді пайдаланып сөйлемдер құра.


19

1. Рай туралы түсінік. Шартты райдың жасалу жолдары

2. Шырай туралы түсінік. Салыстырмалы және күшейтпелі шырай.

3. Есептік, реттік және жинақтық сан есімдерді қолдана отырып, сөйлемдер құра.




20

1. Буын оның түрлері.

2. Шырай туралы түсінік. Асырмалы және күшейтпелі шырай.

3. Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын қолдана отырып сөйлемдер құра.


21

1. Толықтауыштық қатынас. Жасалу жолдары

2. Құрмалас сөйлем туралы жалпы түсінік.

3. Омоним сөздерді қолдана отырып, сөйлемдер құра.


22

1. Зат есім, құрамына, тұлғасына, мағынасына қарай түсінік бер.

2. Төл сөз бен автор сөзі.

3. Есімше жұрнақтарын пайдалана отырып, сөйлемдер құра.


23

1. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.

2. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем, жасалу жолдары

3. Омонимдерді бір бөлек, көп мағыналы сөздерді бір бөлек жаз.

Әңгіменің басы, қойдың басы, сөздің басы. Ауыр жүк, ауыр сөз, ауыр мінез. Қара шаш, балапанға жем шаш. Кеш батты, суды кеш. Есікті аш, мал аш. Жылы сөз, жылы жүз. Жасыл түс, баспалдақпен түс, қызық түс, түс мезгілі.


24

1. Сөз тіркесі туралы түсінік. Есімді, етістікті тіркес.

2.Сөйлем туралы түсінік. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлеріне тоқтал.

3. Сөздерді ауыспалы мағынада қолданып, тіркес құра.

Ауыр, ыстық, жүрек, қисық, терең, жуан, мұз.


25

1. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.

2. Одағай

3. Буынның барлық түрі кездесетіндей етіп сөйлем жаз.

























Автор
Дата добавления 20.09.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров255
Номер материала ДA-053744
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх