Инфоурок / Информатика / Рабочие программы / 10-сыныпқа арналған "Интьернет ресурстары " қолданбалы курс

10-сыныпқа арналған "Интьернет ресурстары " қолданбалы курс

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов


«Бекітемін» «Келісілді» «Қаралды»

Мектеп Директордың №___ӘБ хаттамасы

директоры: ОІЖ орынбасары: Бірлестік жетекшісі:

_____С.С.Турганбекова _____Г.Ж.Кусманова _____ Г.Ж.Амренова

«___»қыркүйек 2015 ж. «___»қыркүйек 2015 ж. «___»қыркүйек 2015 ж.



Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

hello_html_m414aa48f.gif







қолданбалы курс бағдарламасы

1hello_html_m7105f430.jpg0 класс











Бағдарлама авторы :

Тиштенова Мадина Танатовна информатика пәнінің мұғалімі




Павлодар облысы,

Лебяжі ауданы,

Шабар ауылы, 2015

Түсінік хат

Жаңа ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы және оның адам өміріндегі барлық салаларға екпіндей енуі нәтижесі қазіргі өмір талабы. Бағдарлап оқыту саласында оқушыларға «Интернет ресурстары» қолданбалы курсын оқыту - оқушылардың әрі қарай өз бетімен білім алуында маңызды роль атқарады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып материалды өз беттерімен тереңдете түсіну міндетін қояды. Қазіргі таңда оқытуды жетілдіру Интернет ауқымды желісін, ақпараттық - коммуникациялық технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланумен тығыз байланысты. Бұл бағдарлама жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10 сыныпқа информатика пәнінен қолданбалы курсын оқытуға арналған. Бұл курспен жұмыс жасау арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылықпен жұмыс жасауға бағыттайды.

«Интернет ресуртары» тақырыбындағы курс оқушыларға әлемдік ғаламтор желісін пайдаланудың теориялық негіздері нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіріледі және практикалық білімдерін қалыптастыруға көп көңіл бөлінген.

Берілген курс мазмұны 10-сынып оқушыларының болашақта кәсіптік дағдыларын жүзеге асыру мақсатында көмегін тигізу үшін құрастырылған. Бұл курс аптасына 1 сағаттан жылына 34 сағатты құрайды. Курсты оқыту оқушылардың өз қабілеттерін толық көрсету және интернет ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. 10-сыныпта информатикадан қолданбалы курсты оқытудың бағдарламасы орта білім беру жүйесі ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын жүзеге асыру бағытында және мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес жасақталды. 
Курстың негізгі мақсаты:

Бұл қолданбалы курс оқушылардың ойлау, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды, жалпы адамзаттық құндылықты дамытуды, адамның дүниетанымдық көзқарасына алғышарт болып табылатын әлеуметтік маңызды бағдарларын, түрлі мәселелерді шешуде алған білімін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыруды көздейді.

Курстың негізгі міндеттері:

  • оқушылардың ақпаратты тарату және қолдану; 

  • Интернетте материалды жариялау; 

  • дүниежүзілік ақпараттану әлемі жөнінде түсінік алуға;

  • компьютерлік технологиялардың жаңалықтарын өзінің білімі саласында жүйелі түрде өзін-өзі дамыту ретінде қолдану ;

  • практикалық және бағдарды бағытта даярлау болып табылады. 

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар қабілетіне қарай мемлекеттік стандартқа сай сапалы білім алады.

  • Проблеманы көре алатын және оны шеше алатын, барлық ақпарат түрлерімен жұмыс істеп, алған білімдерін өмірде кездескен нақты жағдайда пайдалана алатын тұлға қалыптасады.

  • осы берілген курс бойынша оқушылар тәжірибе алып, болашақта ақпараттық және телекомуникациялық технологияларды қолдану арқылы алған білімдері мен біліктіліктері практикалық проблемаларды шешуге көмектеседі . 

Сабақтың түрлері: лекция және практикалық сабақтары,
Негізгі оқыту әдістемесі: 
Оқу зерттеу-жобалау әдісі; жобаны орындау проблемалық мазмұндама процессі; мұғалімнің көмегімен жобаны орындау; оқу зерттеу-жобасын өздігінен орындау;
 
Бақылау формасы: практикалық жұмыстарды орындау, өзіндік сайт құрастыру жобасы мен шығармашылық тапсырмалары. Өтілген материалды тексеру мақсатында әр тарауды қорытындылау тест түрінде беріледі.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу, математика, тарих.


Оқушыларға қойылатын талаптар:


Білу: тарауды толық меңгеріп, интернет технологиялардың негіздерін толық түсіне отырып, олармен жұмыс жасайды. Әйгілі әлеуметтік желілердің сипаттамаларын, интернет қызметтер жүйесін терең зерттеп, олардың жұмыс жасау принциптерін орындай біледі.

Үйрену: Интернет ресурстарын қолдану жолдарын, шығармашылық жұмыс жасауға үйренеді.

Түсіндіру: IP телефония ерекшеліктерін түсіндіру

Қолдана білу: Курстан алған білім мен білікті кәсіби бағдар алуда, күнделікті өмірде қолдана алады.

Оқу курсының білім мазмұны:

1-тарау: Internet – технологиялардың негіздері(5 сағат)

Интернет тарихы. Интернеттің негізгі терминдері. Интернеттің жұмыс жасау қағидалары, Интернет құрылымы.Домендік атау және хостинг.

2-тарау: Электрондық пошта (2 сағат)

ЭО-мен жұмыс жасау принципі. Хат құру, жіберу және қабылдау.

3-тарау: World Wide Web (9 сағат)

WWW құрылымы мен функциялары.Іздеу сайттарымен жұмыс Сайттар түрлері. Браузерлердің түрлері. Веб браузер түрлерімен танысу.. Контентті басқару жүйесі. Joolma CMS-інде жұмыс жасау. Деректер құрылымы.Контент құрылымы. Joolma-да сайт құру. Joolma-ның қосымша кеңейтілімдерін орнату.Мәзір құру.Drupal модульдері.Сайттың қызметтік режимі.

4-тарау: IP телефония, әлеуметтік желілер (6 сағат)

Әлеуметтік желілердің даму тарихы. Әйгілі әлеуметтік желілердің сипатталуы. Чаттар, форумдар, лездік хат алмасу жүйелері. IP телефониямен жұмыс, оның ерекшелігі. Жұмыс жасау принципі. Skype технологиясы, қызметтері.

5-тарау: Интернет қызметтер (6 сағат)

Интернет қызметтер туралы жалпы түсінік. Қашықтықтан оқыту мүмкіндігі, формалары.Интернет дүкендер. Интернет жарнама және оның түрлері.Интернет радио, теледидар.

6-тарау: Интернет желісі (6сағат)

Интернетке қосылу технологиясының түрлері. Сымсыз байланыс. Сымдық байланыс технологиялары. Интернетке ерекшеленген желілер бойынша қосылу. Кабельді интернет. GPRS. Wi-Fi. CDMA(3G), EDGE(3G).


«Интернет ресурстары» қолданбалы курсын тақырыптық – күнтізбелік жоспарлау (аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағ.)

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

Күні

Ескерту


І. Интернет технологиялардың негіздері (5 сағат)

1

Интернет тарихы

1



2

Интернет құрылымы.

1



3

Интернеттің негізгі терминдері.

1



4

Интернеттің жұмыс жасау қағидалары

1



5

Домендік атау және хостинг.

1



ІІ. Электрондық пошта (2 сағат)

6

ЭО-мен жұмыс жасау принципі.

1



7

Хат құру, жіберу және қабылдау.

1



ІІІ. World Wide Web (9 сағат)

8

WWW құрылымы мен функциялары..

1



9

Іздеу сайттарымен жұмыс

1



10

Сайттар түрлері .Браузерлердің түрлері.

1



11

Контентті басқару жүйесі.

1



12

Joolma CMS-інде жұмыс жасау.

1



13

Деректер құрылымы. Контент құрылымы.

1



14

Joolma-да сайт құру,қосымша кеңейтілімдерін орнату.

1



15

Мәзір құру. Drupal модульдері.

1



16

Сайттың қызметтік режимі.

1



IV. IP телефония, әлеуметтік желілер (6 сағат)

17

Әлеуметтік желілердің даму тарихы.

1



18

Әйгілі әлеуметтік желілердің сипатталуы.

1



19

Чаттар, форумдар, лездік хат алмасу жүйелері.

1



20

IP телефониямен жұмыс, оның ерекшелігі.

1



21

Жұмыс жасау принципі.

1



22

Skype технологиясы, қызметтері.

1



V.Интернет қызметтер (6 сағат)

23

Интернет қызметтер туралы жалпы түсінік.

1



24

Қашықтықтан оқыту мүмкіндігі, формалары

1



25

Интернет дүкендер.

1



26

Интернет жарнама

1



27

Жарнама түрлері.

1



28

Интернет радио, теледидар.

1



VI. Интернет желісі (6 сағат)

29

Интернетке қосылу технологиясының түрлері.

1



30

Сымсыз байланыс.

1



31

Сымдық байланыс технологиялары.

1



32

Кабельді интернет.

1



33

Интернетке ерекшеленген желілер бойынша қосылу

1



34

GPRS. Wi-Fi. CDMA(3G), EDGE(3G).

1




Барлығы

34 сағат




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. 10-11 сыныптарға арналған жалпы орта білім беретін мектептердің жаратылыстану-математикалық бағытына арналған оқу бағдарламасы.

2. Алферов А.П. Компьюьерные сети.Интернет – М.: Информатика , 2005

3.Н.Т.Ермеков, С.Т. Мухаметжанова, Н.Ф. Стифутина. 

4. Н.Д. Угринович «Информатика және АКТ». Профильный курс: 10 сынып

М.БИНОМ, 2008. 
5. Оқу құралы, И.Г. Семакин, Е.К. Хеннер Информатика Х, Информатика ХI. 
6. 10-11 сыныптар үшін бағдарлы курс бойынша тақырыптық жоспарлар,

Алматы қаласы МБЖжҚДИ, 2006ж. 

7. «Internrt негіздері» оқу-әдістемелік құрал, Астана 2012

8. «Интернет ресурстарын құру» оқу әдістемелік құрал, Астана 2014

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-157948
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>