Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / 7 сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар

7 сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар


  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ №1

Пән аты:   Информатика    

Сабақтың тақырыбы:  Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік

                                                            техника ережесін сақтау.

Сабақтың  мақсаты:  

           Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

           Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.                                                                   

           Дамытушылығы:  Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,   пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:    аралас сабақ

Оқыту  әдістері:   сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі:  компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары:   жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:    

                          1. ұйымдастыру кезеңі

                          2. сабақ сұрау

                          3. бағалау

                          4. жаңа  сабақ

                          5. бекіту

                          6. үйге тапсырма

                          7. қорытынды

Қоңырау оғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.

Жаңа материалдың мазмұны:     

            Сендердің жұмыс орындарында компьютердің құрамдас бөліктері орналасқан: жүйелік блок,  пернетақта, монитор. Жұмыс кезінде монитордың сәуле түтігі жоғары кернеуде  жұмыс істейді.

         І. Төмендегі әрекеттерді жасауға болмайды:

1. Кабельдердің қосылған орындарына тиюге болмайды

2. Жұмыс істеп тұрғанда экранға, монитор мен пернетақтаның сырт жағына тиюге болмайды.

3. Оқытушының рұқсатынсыз аппаратураларды ток көзіне қосуға, үзуге болмайды.

 4. Кітап, дәптер және т.б. артық заттарды монитордың, пернетақтаның үстіне қоюға болмайды.

5. Су киіммен, су  қолмен компьютерде жұмыс істеуге қатал тиым салынады.

         ІІ. Жұмыс тәртібі:

  1. Компьютер экранынан 60-70 см қашықтықта дұрыс, еңкеймей, жатып алмай отыру қажет, ал  ұдайы көзілдірік тағатындар – көзілдірікпен отыру керек.

  2. Дисплей алдында 20 минут жұмыстан соң міндетті түрде 5 минут дем алу керек. 

         ІІІ. Жұмыс кезінде:

  1. Аппаратуралардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңдар, егер аппаратураның дұрыс жұмыс істемей  тұрғанын сезсеңдер, немесе өзгеше дыбыс пайда болса, немесе пернетақта өз бетімен өшіп қалса, дереу жұмысты тоқтатыңдар.  Техниканың ақауы жөнінде оқытушыға хабарлаңдар.

  2. Пернелерді қатты тақылдатпай жай басыңдар.

  3. Пернетақтада жұмыс істегенде қолдарың таза болсын.

  4. Аппаратураның  ақауын ешқашан өз беттеріңмен  жөңдеуге ұмтылмаңдар.

Кез келген дербес компьютер бірнеше құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғылардың кейбірі өте маңызды- бұл монитор, жүйелік блок пен пернетақта,  өйткені компьютер оларсыз жұмыс істей алмайды.

Жаңа сабақты бекіту: Ол үшін балалрға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.

Үйге тапсырма:    Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік  техника ережесін сақтау. 

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,                                                                                         бағалау.

 

 

 

 

 

 

Сабақ №2

Сабақтың тақырыбы: Информатика. Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері. Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі. Ақпарат қасиеті. Әлемнің ақпараттық бейнесі.

  Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың табиғаттағы ақпарат туралы түсінігін    қалыптастыру, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа,жүйелікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикасын,мәдениеттілік дамыту.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьтер,оқулық,жұмыс дәптері

Сабақтың  өту  барысы:

                   1.Оқушыларды ұйымдастыру.

                   2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

                   3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

                   4.Тапсырмаларды орындау.

                   5.Сабақты бекіту.

                   6.Үйге тапсырма беру

 Жаңа түсініктер:

             “Ақпарат” сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio   cөзінен шыққан.Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі философия, экономика физика, математика, информатика т.б  салаларында кеңінен енді. Ақпаратты біз жазбаша немесе ауызша, тіпті қимыл-қозғалыс  түрінде  бере аламыз. “Ақпарат ” деген сөз белгілі бір хабардың ,  жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді. Тірі организмнің құрылысын зерттеу де бізге көп ақпарат береді.

  Мысалы: баласы атасына неге ұқсайды? Иттен неге тумайды? Бұл сұрақтарға гинетика ғылымы жауап береді. Ол тұқым қуалаушылық болатының, әрбір организмнің  негізгі белгілері ұрпақтан ұрпаққа ДНҚ молекулалары арқылы ақпарат беріледі. Сонымен ақпарат тірі табиғатта  да,  өлі табиғатта болады. Ол әрқашан сөзбен ғана жеткізілмейді, яғни ақпарат алмасудың сан алуан түрлері бар, қарым-қатынас жасау, өз бетімен ойлану,  зертеу нәтижесінде пайда болады.

       Ақпаратқа үзілді кесілді анықтама бере алмаймыз.Оны қаршаған  дүние туралы және онда жүріп жатқан процестер туралы хабарлар мен мағлұматтар деп түсіyнуге болады.

            Ақпарат материялымен  және энергиямен қатар бізді қоршаған ортаның құрамды бөліктерінің бірі болып саналады.

Ақпарат түрлері

          Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдық саясаттық-әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, химия-биологиялық, физиологиялық т.б. Мұнымен қатар ақпарат өзінің сипаты бойынша:

1.      статикалық (тұрақты) немесе динамикалық (айнымалы);

2.      алғашқы (кірістік), туынды (аралық) немесе шығыстық;

3.      басқарушы және мәлімет беруші;

4.      объективті және субъективті болуы мүмкін.

Ақпарат қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: толықтық, сенімділік (анықтық), бағалылық, маңыздылық (актуалдық), айқындылық, қысқалық, нанымдылық.

Тірі табиғатта ақпарат беру мен өңдеу мысалдары:

Жануарлар өздерінің жерлерін қорғап, иісті белгілер қалдырып кетеді.

Адам ақпаратты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радиодан, теледидардан, газет-журналдан ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы, бейнелі болып бөлінеді.

Бейнелік  ақпарат деп-табиғат көріністерін, кескіндерді,дәм, иіс,сезу мүшелері арқылы қабылданған ақпараттарды айтады.

Таңбалы ақпаратқа сөйлеу, жазу түрінде алынған ақпараттар жатады. Ауызекі тіл де таңбалы ақпаратқа жатады. Себебі, әр түрлі таңбалардан тұрады, брақ олар дыбыстық таңбалар-феномендер деп аталады. Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі деп атайды. Табиғи қатынас тіліне: қазақ, орыс, ағылшын тілдері жатады. Жасанды тілдерге математика, физика, компьютермен қатынасу тілдері жатады. Әр тілдің өз алфабиті бар. Сандарды көрсететін алфабиттер: екілік, сегіздік, ондық, оналтылық болады.

Сабақты бекіту сұрақтары:

1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

2. Адам  ақпараттың қандай түрлерін  қабылдай алады?

3. Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?

4. Адам ақпаратты өңдеуіне мысал келтір?

5. Адам ақпаратты қалай сақтайды?

Үйге  тапсырма: Табиғаттағы ақпарат түсінігі.Ақпарат түрлері, Ақпарат формалары мен оларды өңдеу түрлері. 

 

 

  

Сабақ  №3

Сабақтың тақырыбы: Компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері. Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау. Кодтан шығару.

Сабақтың мақсаты:Ақпаратты қабылдауды, жеткізуді өңдеуді, және сақтаудың  тәсілдерін үйрету. Кодтауды түсіндіру.

Білімділік: Оқушылардың ақпаратты техникалық құралдар мен дербес компьютердің көмегімен беру, сақтау және ұсыну тәсілдерімен, қабылданған екілік санау жүйесімен, ASII кодтарымен таныстыру:

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:

компьютер, оқулық,жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:1.Оқушыларды ұйымдастыру

                                          2.Үйге берген тапсырманы тексеру

                                          3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

                                          4.Тапсырмаларды орындау

                                          5.Сабақты бекіту

                                          6.Үйге тапсырма

Өткен материалдарды қайталау сұрақтары:

                       Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

                       Адам ақпараттытың қандай түрлерін қабылдай алады?

                       Байланыс тілі деп нені айтады?

                       Қандай тілдерді білесің?

                       Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?    

                       Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтір       

Жаңа түсініктер:

            Ақпаратты белгілі-бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды.Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды. Ақпаратты сақтау,қабылдау, ұсыну, және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу түріне байланысты болады.Ақпараттың  кодталуы  кейде  шифрау  депте  айтылады,  оның  кері кодталуы  декодирование  процесімен  тікелей  байланысты. Екілік  алфабиты 0 және 1  таңбаларымен  ұсынылады.Ақпаратты  екілік  код  пен  көрсету  үшін, құрылғы  екі  күйді

айыра  білуі керек, мысалы;  1-құрылғыда  тоқ  бар, ал 0 жоғын , немесе 1-жоғары кернеу ,

0 төмен кернеу. Тек екі түрлі  мәні немесе немесе оған сәйкес код  разряды бар , 0 немесе

 1 мәндерін ғана қабылдай алатын сигналды  бит деп атайды . Символдарды кодтау үшін

8 биттен тұратын  котты байт деп атайды. 8 нөл мен бірлердің көмегімен яғни бір  байттың  көмегімен  256 символ  кодталады. Символдарды кодттау кобинациаларының

жиынтығын кодтау кестесі деп аталады.

     ASCLL коды.

     Есептеуіш  техникасында ең көп пайдаланатын код-ASCLL  коды - американдық

     апарат алмасудың стандарттық коды.

     Кодтау кестенің 16 жолы  16 бағаны бар . Кесте екі бөліктен тұрады ; стандарты, баламалы .

      Стандартты  бөліктегі – бірінші 128  символдар , 0- ден 127-ге дейінгі коттар; Цифрлар, латын алфавитінің  әріптерімен компютер жумысын  басқаратын арнайы символдар.    

Баламалы бөліктегі-128-ден 255-ке дейінгі кодтар алфавиттер (орыс, қазақ) Ондық, екілік, оналтылық санау жүйелерінің сәйкестендіру кестесі  бойынша  кодтауға  болады.

Ақпарат оны тіркейтін құрылғыға дыбыс, электромагнитті сәуле, физикалық әреект түрінде келіп түседі. Бұл әрекеттер сигнал деп аталады.

        Синал дегеніміз- оның көмегімен адам немесе, құрылғы ақпарат қабылдайтын процесс. Сигнал ақпарат тасуыш. Ақпарат жіберу дегеніміз- сигналадар жіберу.

         Сигнал аналогтық (үздіксіз), дискретті(үзілісті) болуы мүмкін. Аналогдық сигналдарға мысалдары: Сигналды дискретті түрде ұсынғанда ол сан қатары, алфавит әріптері,музыкалық нота нота оған мысал бола алады.

 Уақыт аралығын неғұрлым көбірек алған сайын, кернеудің уақыт  аралығында өзгеру процесін соғұрлым дәлірек сипаттаймыз. Керісінше дискретті процесті аналогтық процеске айналдыруға болады.Адам сезім мүшелері арқылы  сигналдарды аналогтық түрде қабылдайды, ал есептеуіш техникалары негізінде дискретті түрдегі сигналдармен жұмыс істейді.

        Ақпарат адам үшін жаңа,белгісіз болу керек. Хабар бізге ақпарат алу деген бізге жаңа түсінікті болуы керек. Сол салада біліміміз жеткілікті болуы керек. Егер ақпарат біз үшін толық, объективті,жаңа,пайдалы, әрі нақты болса ол біз үшін бағалы болады. Хабардың ақпараттың көлемі деп- хабардың ұзындығын, яғни символдар санын білдіреді.Ендеше техникада кез-келген сақталатын берілетін ақпарат көлемі ондағы берілетін ақпарат көлемі ондағы ең кіші өлшем бір екілік разрядқа немесе 1 битке тең болады. Ақпаратты өлшеу бірлігі бір битке тең. Одан кейін 1 байт. Хабардың ақпараттың көлемі-бит немесе байтта өлшенетін оның ұзындығы.

                1 бай=8бит;

                1 кбайт(килобайт)=1024 байт;

                1 мбайт(мегабайт)=1024кбайт;

                1гбайт(гигабайт)=1024мбайт;

Сабақты  бекіту  сұрақтары:

  • Кодтау мен кері кодтау  деген не?

  • Бит, байт деген не?

  • Техникалық жүйелерде неге екілік алфавитті пайдалануды таңдайды.

Үйге тапсырма:

              Ақпаратты өңдеу, сақтау және беру тәсілдері. Ақпаратты өңдеу, сақтау және берудің техникалық құралы. Компьютер – ақпаратты универсальді машина.

 

 

 

 

 Сабақ  №4

Сабақтың тақырыбы: Өздік жұмысы.

Компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері. Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау. Кодтан шығару.



 

 

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: 

Тәрбиелік: 

Дамытушылық: 

Сабақтың түрі: 

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Оқулық, компьютер, жұмыс дәптері.

Сабақтың өту барысы:

                                          1. Оқушыларды ұйымдастыпу.

                                          2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

                                          3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

                                          4. Сабақты бекіту.

                                          5. Үйге тапсырма беру.

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

 Жаңа  түсініктер

      

Сабақты бекіту сұрақтары:

Үйге тапсырма: 


 


 

Сабақ №5

Сабақтардың тақырыбы: Есептеуіш техникасының даму тарихы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Оқушыларды  ЕТ-ң даму тарихымен оның құрылуының негізгі принциптерімен таныстыру,ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі рөлін түсіндіру;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.

Тәрбиелілік: Оқушылардың тәрбилілікке ұқыптылықа, тиянақтылыққа үйрету.

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: оқулық, компьютер, жұмыс дәптері

Сабақтың өту мақсаты:

                                1.Оқушыларды ұйымдастыру

                                2.Үйге берілген тапсырманы тексеру

                                3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

                                4.Сабақты бекіту

                                5.Үйге тапсырма беру.

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

         1.Компьютер дегеніміз не?

         2.Ақпараттық құралдар неден тұрады?

         3.Компьютердің бағдарламалық жасақтамасына нелер кіреді?

         4.ОЖ-нің  негізгі функцияларын атандар.

         5.Интерфейс деген не?Қандай интерфейстерді білесіңдер?

         6.Қолданбалы бағдарламалардың міндеттері қандай?

         7.Бағдарламалау жүйелері не үшін қолданылады?

         8.Дрейвердің  рөлі қандай?

Жаңа түсініктер:

Есептеуіш техниканың даму тарихы

           Есептеуіш техника дамымай тұрып адамдар қол саусақтарын,тастарды,ағаш таяқшаларды пайдаланды

           Есепшоттың пайда болуы деректерге қарағанда Қытай немесе Египетте 2000-5000 жылдар шамасында балған.

           Есепшот Ресей де 16-17 ғасырларда пайда болған

           17 ғасырдың аяғында  шотландиялық Джон Непер  логорифм түсінігін енгізді.логорифм кестесін құрды.

               1761 ж.Ағылшын Д.Робертсон логорорифм сызғышын жасады. Мұндай идеяны Иссак Ньютон  ұсынған.

            1642 жылы француз математиці Блез Паскаль 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасады.

           1694 ж неміс математиці Лейбниц Паскаль механикалық есептеу машинасын арифмометрі құрды.Есептеуіш техниканың XIX ғасырдан қарқындап дами бастады.

           1833 жылы алғашқы есептеуіш автоматтың авторы Чарлз Бэббидж аналитикалық машинаның жобасын жасады.Он казіргі кезде компьютердің атасы деп атайды.

        Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэйббидж машанасына бағдарлыма жасаушы Ада Лавлейс бірінші бағдарламалаушы деп аталынған.

       XIX ғасырдың соңында американдық Герман Халлериат есепші перфарциялық машинасын құрды.Холлериат 7 жыл бойы пайдаланылды. Холлериат  есепші-перфорациялық машинаны жасайтын фирманың негізін қалады. 1944 американ математигі         Говард айкен Горвард Марк-1 автоматты есептеуіш машинасын құрды.Бірінші  электронды машиналар  1946 жылы  Пенсильван университетінде ENIAC деп аталды, 1949 жылы  EDSAC  машинасы құрастырылды.

ЭЕМ буындары:

Бірінші буында – бірінші электрондық машиналар 1940-195 жылдар

Екінші буынға 1955 жылдан бастап, жартылай өткізгіштер, таранзисторлар пайа бола бастады.

Үшінші буынға – интегралдық негізінде құрылған  ЭЕМ-дер.

Қазіргі кездегі компьютерлер төртінші  буынға жатады.

Бесінші буындағы  компьютерлер әлі шыққан жоқ.

Сабақты  бекіту сұрақтары:

1.       бірінші  электронды-есептеуіш машина қалай аталған? Ол қай жылы жасалды?

2.       Марк-1 машинасы қандай элементтерде жатады?

3.       Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды? Оны кім жасады?

4.       ЭЕМ  буындарын атаңдар. Олардың бір-біірнен йырмашылығы неде?

5.       Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?

Үйге  тапсырма:  Есептеуіш техниканың даму тарихы

 








Сабақ №6

Сабақтың тақырыбы: Компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі. Жады.


Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі, жады туралы білімдерін жалпылап, тиянақтауқосымша мәліметтер беру.

2.Дамытушылық: Практикалық тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың логикалық ойлау, білік дағдысын қалыптастыру

3. Тәрбиелеік:Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауға, өз ойларын толық жеткізуге тәрбиелеу;

Сабақтың түр: жаңа сабақ

Көрнекі құралдар: электрондық оқулық, жұмыс парақтары.

Әдіс – тәсілдері: пікірлесу, ауызша баяндау.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, сынып оқушыларын түгелдеу, жұмыс орының ретке келтіру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Компьютерлік техниканың даму үрдісі.

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың мақсатың мақсатын баяндау : Компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі. Жады

Электрондық оқулық 7сынып (ақпараттық тапсырмасы № 7 тапсырма)

Мұғалімнің әс−әрекеті

Біз бүгін компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі, жады қарастырмас бұрын.

Компьютердің негізгі құралдарын еске түсірейік.

1.Ақпараттық құрылғылардың базалық

Жүйелі блок- Процессор


Процессор — көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше процессорлар жұмыс істейді. 
Дербес компьютердің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды. Компьютерді сатып алғанда оның құрамына енетін жабдықтарды негізгі конфигурация деп атайды. Негізгі конфигурация үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде келесі төрт құрылғы негізгі конфигурация ретінде қарастырылады: 
• жүйелік блок; 
• дисплей немесе монитор; 
• пернетақта; 
• тышқан.


Ақпаратты сақтауға арналған компьютердің құрылғысы жад деп аталады. Компьютердiң жады iшкi және сыртқы деп екiге бөлiнедi. Компьютердiң iшкi жады оның негiзгi түрi болып саналады, өйткенi процессор осы жадпен жұмыс iстейдi. Компьютер iске қосылған соң iшкi жадта мәлiметтер мен программалар орналасады. Онымен адамдар компьютер iске қосылған кезде жұмыс жасайды. Бiрақ компьютер өшiрiлгеннен кейiн, ондағы барлық деректер де өшiрiледi. Ішкі жады жедел жадтайтын құрылғы (ЖЖҚ) және (ТЖҚ) тұрақты жадтайтын құрылғы болып екіге бөлінеді.

Сыртқы жады ақпараттарды ұзақ мерзiмде сақтау қызметiн атқарады. Оған қатты диск, дискеттер немесе иілгіш дискілер, лазерлiк дискiлер және басқа да ақпараттарды тасымалдаушы құралдар кiредi.

  1. Тапсырма. Тiлсызық арқылы жалға.


Нhello_html_m39975df1.gifысан


Бhello_html_m35bbcccb.gifhello_html_15fe3925.gifаспа құрылғысы


Мhello_html_m35bbcccb.gifонитор


Тhello_html_m5ea289b3.gifышқан


Дискета


hello_html_m766ceaf0.gifСканер


Пhello_html_m3cdf86ec.gifернетақта


Қhello_html_m652aac4f.gifатты диск


Лазерлiк диск











Әрекеттер

Ақпаратты сақтайды

Ақпаратты қағазға басып шығарады

Ақпаратты экранға шығарады

Ақпаратты шығару қызметiн атқарады

Ақпаратты экранда бейнелейдi

Экрандағы нысандарды басқарады

Ақпаратты сақтау қызметiн атқарады

Ақпаратты енгiзу қызметiн атқарады


  1. Сызбаны толтыр. Компьютердiң жады - iшкi және сыртқы.

Практикалық бөлім

1 тапсырма.

Процессорға қатысты дұрыс тұжырымдарды боя.

процессор

Бұл компьютердің ең басты бөлігі

Бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі

Бұл компьютердің миы

Деректер мен программаларды ұзақ уақыт сақтайды

Программалардағы барлық командаларды орындайды және таниды

Бір құрылғыдан басқа құрылғыларға деректер беру қызметін атқарады

Жадпен бірге қызмет атқарады

Компьютердің кез келген әрекетіне қатысады

Аналық тақшада орналасқан

Компьютерге контроллер арқылы қосылады

Көптеген сымдардан тұрады

Ол басты микросхемалар

Шапшан әрекеттілігімен сипатталады


Электрондық оқулықтағы 7 тапсырманы орындау.

Қорытындылау:

Компьютердің жүйелі блогының құрылысы неден тұрады.

  1. Бүгінгі сабақтан алған әсерім?

  2. Маған не ұнады/ұнамады?

  3. Тапсырманы орындаудағы туындаған қиыншылықтар?

Үйге тапсырма: 8-9 тақырып

Бағалау.








Сабақ №7

Сабақтың тақырыбы: Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі. Операциялық жүйе ұғымы және оның атқаратын функциясы.
Сабақтың мақсаты: Программамен қамтамасыз ету туралы түсінік қалыптастыру, программалық жабдықтаманың түрлері мен қызметін көрсету, операциялық жүйенің қызметі, оның құрылымы, жүктелу тәсілі туралы ұғым қалыптастыру.
Оқушылар білуі тиіс: «Программамен қамтамасыз ету» ұғымын, оның түрлерге бөлінетінін, қызметін, құрамын, «операциялық жүйе», «драйвер» (қосымшалар) және «утилита» түсініктерін, қолданбалы программалар қызметін, программалау жүйелерін, ОЖ қызметін.
Оқушылар үйренуі тиіс: ПЖ - ны нақты ОЖ - ның бір түріне жатқызуды, ОЖ, драйверлерге, утилит - программаларға, қосымшаларға мысалдар келтіруді.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1) Қысқаша тест алу.
1 - сұрақ.
Артығы қайсы?
А) жүйелік блок
В) пернетақта
С) парта
D) тышқан
2 - сұрақ. Компьютерді қандай жағдайда пайдалануға болмайды?
А) ақпаратты сақтауда
В) ақпаратпен жұмыс істеуде
С) шаң сорғызу үшін
D) мәлімет беру үшін
3 - сұрақ. Ақпаратты өңдеу құрылғысы:
А) тышқан
В) процессор
С) пернетақта
D) монитор
4 - сұрақ. Компьютер деген не?
А) сандық ақпаратты өңдеу құрылғысы
В) графикалық ақпаратты өңдеу құрылғысы
С) кез келген ақпаратты автоматты түрде өңдеу құрылғысы
D) қағаздағы мәтін мен суретті жазатын, сақтайтын құрылғы

2) Карточкалармен жұмыс. Білімдерін тексерумен бірге жаңа білім алу үшін карточка толтырады.
1. Компьютердің негізгі құрылғыларын(енгізу және шығару құрылғылары) ата?
2. Жүйелік блоктың ішіндегі құрылғыларды ата?
3. Құрылғының қызметін жазып, аяқта.
Процессор -...
Жедел жад -...
Қатты диск -...
Видеокарта -...
Дыбыс картасы -...
5. Ақпараттық өлшем бірлігін жазыңдар.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі
Компьютерде сақталатын барлық программалар оның программалық жабдықтамасын құрайды. Компьютердің ПЖ - сы жүйелік программалық жабдықтама, қосымшалар және программалау жүйелері болып бөлінеді. Жүйелік ПЖ - ға операциялық жүйе, драйверлер, мен утилиталар жатады.
Операциялық жүйе - компьютердің жұмысын басқаратын басты бағдарлама.
Драйверлер - компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программалар.
Утилита - компьютерге мұрағаттау, дискілердегі ақпараттың бұзылмауын тексеру, қажетті файлдарды іздеу сияқты қызметтер көрсететін шағын программалар.
Программалау жүйелері – басқа программаларды құруға арналған орта.
Компьютер іске қосылғанда операциялық жүйе дискілік жадыдан оқылып, компьютердің жедел жадына орналастырылады. Бұл үдеріс операциялық жүйенің жүктелуі деп аталады.
Операциялық жүйе – компьютердің жұмысын басқаратын басты программа.

Операциялық жүйесіз тұтынушыға компьютермен жұмыс істеуге қиын болар еді. ОЖ әртүрлі құрылғылардың жүйелік блоктың ішінде орнатылуымен де сыртына қосылуымен де байланысты міндеттерді орындайды. ОЖ – ны компьютердің қатты дискісіне компьютер сататын фирмалар орнатады. ОЖ-сыз компьютерді сатып ала алмайсың. Компьютер іске қосылғанда ОЖ жедел жадыға жазылады да, онда компьютер өшкенге дейін сақталып қалады.
Бұл үдеріс операциялық жүйенің жүктелуі деп аталады.

ІV. Сабақты бекіту, қорытындылау
Оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды. 63 - 65 бет. Сұрақ қою арқылы қысқаша қорытындылау:
1. Компьютерді программамен қамтамасыз ету деген не?
2. Операциялық жүйе жүктеуі қашан болады?
3. Программалық драйвер не үшін қажет?
4. Программалық утилитаға мысал келтір.
V. Үй тапсырмасы: 8 - тақырып, анықтаманы, ПЖ - ның жіктелуін, сызбасын жаттау, сұрақтарға жауап беру, тапсырмаларын орындау, тест сұрақтарына жауап беру






Сабақ №8



Сақтың тақырыбы: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері. Файлдар, бумалар және белгішелер.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды WINDOWS ортасының ерекшеліктерімен, жұмыс үстелі

түсінігімен таныстыру, есептер тақтасын, «Пуск» батырмасын және басты менюді жұмыста қолдануға үйрету және «Маус» монипуляторын меңгерту.

Дамытушылық: Оқушылардың компьютерде жұмыс істеу қабілеттерін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.


Сабақтың түрі: аралас сабақ


Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар. компьютер, оқулық, жұмыс дәптері,

электронды оқулық

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Өткен материалды қайталау сұрақтары

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Тапсырмаларды орындау

  5. Сабақты бекіту

  6. Үйге тапсырма беру

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  • Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғыларды атаңдар

  • Компьютер жадысының қандай түрлері бар?

  • Тұрақты жад пен жедел жатың айырмашылықтарын айтыңдар

  • Ақпаратты енгізу-шығару құрылғыларын атаңдар

  • Жадтың сыртқы тасуыштарын сипаттаңдар

  • Мониторлардың түрлерін атаңдар

  • «Пиксель» деп нені айтады?

  • Пернетақтаның кандай блоктары бар?

  • Принтердің түрлерін атаңдар, оларға сипаттама беріңдер.

Жаңа түсініктер:

WINDOWS-тың негізгі функциясы - осы орта үшін арнайы құрылған бағдарламалардың жұмысын басқару.

WINDOWSбұл компьютерлік технологияның жаңа деңгейі. Ол деректермен жұмыс жасаудың объектілі-бағдарланған әдістемеге негізделген. Microsoft WINDOWS'98 ортасының ерекшеліктері:

  • пайдаланушының интерфейсін стандарттау;

  • көлемі ондаған Мбайт жедел жадты тиімді басқару;

  • жаңа сыртқы құрылғыларды қиындықсыз қосу мүмкіндігі;

  • бағдарламалардың функциясын интеграциялау, яғни басқа бағдарламалардың жасалған объектілерді нақты бағдарламада қолдану мүмкіндігі;

  • көп мәселелік, яғни бірнеше қолданбалы қатар орындау және бір бағдарламадан екіншіге оңай ауысу мүмкіндігі;

~ графикалық режімді басым қолдану;

  • жергілікті желі және Іnternet желісінде жұмыс істеуді қолдаудың құрамдас
    құралдары;

  • мультимедиамен (дыбыс және бейне) жұмыстың құрамдас құралдары;

  • lug and Play" технологиясы (қосатын құфылғыларды автоматты баптау).

WINDOWS - графикалық операциялық жүйе, оның негізгі обьектілері терезе мен белгішелер түрінде бейнеленеді.

WINDOWS-тің обьектілері - терезе, жұмыс столы, шартбелгілер, жарлъщтар, бумалар, тышқан, мәлімет алмастыру буфері.

WINDOWS ортасында жұмыс столының рөлін дисплей экраны орындайды. Онда жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары шартбелгілер түрінде орналасқан.

Шартбелгі - экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файлды т.б. бейнелеп тұруы мүмкін.

Жарлық - белгілі бір обьектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл.

Қапшық - экаранда каталогтарды және программалық топтарды белгілеу үшін қолданылады. Бума бұл обьектілер қоймасы.

Қапшық (папка) терезелерінде, оны басқару элементтерінен басқа WINDOWS-тың басқа объектілерінің де белгішелері бар. Белгілі бір объектінің белгішесін мауспен екі рет шерту, оны ашады.

Белгілі бір қолданбаны іске қосатын болсақ, онда экранда сол қолданбаның терезесі пайда болады. Қолданба терезелері қолданбаға жүктелген құжаттың мазмұнын көрсету міндетін атқарады, сондай-ақ онда терезені басқару элементтері де бар. Белгілі бір қолданбаны іске қосқанда, экранда осы қолданбаның терезесі пайда болады.

Тышқан тетігімен орындалатын ең негізгі операция - экран бетімен сілтеменің қозғалуы болып табылады.

Мәлімет алмастыру буфері - әртүрлі программалар немесе құжаттар арасында мәліметтерді тасымалдап, олардың фрагменттерін бір-біріне ауыстырып отыру үшін қолданылатын жады бөлігі.

Есептер тақтасы - бұл экранның төменгі жағындағы жіңішке сұр жолак. Есептер тақтасында «Пуск» батырмасы, іске косылған бағдарламалардың аттары бар батырмалар орналасқан.

«Пуск» батырмасы - бұл батырманы басқаннан кейін жүйенің Бас менюі пайда болады. Бас меню жеті пункттен тұрады:

  1. Ашылатын бағдарламалар тобы мен қосымшалардан тұратын тізім

  2. Жуық арада ашылған құжаттардың 15-тен аспайтын тізімі

  3. Баптау

  4. Іздеу

  5. Анықтама

  6. Орындау

  7. Жүмысты аяқтау

Тапсырмалар: Жұмыс дәптеріндегі 3.1.2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 тапсырмаларды орындау

Сабақты бекіту сұрақтары

  • WINDOWS операциялық жүйесінің ерекшеліктері қандай?

  • WINDOWS ОЖ қандай обьектілер бар?

  • Терзе дегеніміз не, қандай түрлері бар?

  • Тышқанның атқаратын қызметі қандай?

  • Мәлімет алмастыру буфері дегеніміз не?

  • Жұмыс столының атқаратын қызметі

  • Шартбелгі дегеніміз не?

  • Жарлық дегеніміз не?

Үйге тапсырма: 3.1, 3.2 тақырыптарды оқу



Сабақ №9



Тақырыбы: Практикалық жұмыс /Файлдар, бумалар, белгішелер/


Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды WINDOWS ортасының объектілері файл, бума және белгішелермен жұмыс істей білуге үйрету, меңгерту.

Дамытушылық: Оқушылардың компьютерде жұмыс істеу қабілеттерін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.


Сабақтың түрі: практикалық сабақ


Сабақтың барысы:

І. Ұұйымдастыру кезеңі

ІІ. үй тапсырмасын сұрау

- WINDOWS объектілеріне не жатады?

- Файл дегеніміз не?

  • Бума?

  • Белгіше?


ІІІ. Практикалық жұмыс.

А деңгейі

  1. Кез келген файлдар үшін(өз қалауларын бойынша) қапшық құрыңдар.

  2. Жқмыс үстеліндегі жарлықтарды 4 тәсілмен реттендер.

  3. Құрылған жарлықтардың аттарын алмастырындар.

  4. Құрылған жарлықтардың белгішелерін алмастырындар.

  5. Құрылған бір жарлықты қоржынға апарындар.

  6. Қажетсіз жарлықтарды жойыңдар.

В деңгейі

  1. Бірінің ішіне бірі салыңған бума құрыңдар.

  2. Бумалардың бірінде мәтіндік құжат құрыңдар.

  3. Жұмыс үстелінде өздерінің бумаларын үшін жарлықтар құрыңдар.

  4. Құрылған жарлықтардың аттарын алмастырындар.

  5. Қажетсіз жарлықты жойыңдар.

С деңгейі

  1. Мәтіндік редакторда жарлық құрудың барлық мүмкін тәсілдерін сипаттандар.

  2. Алынған құжатты Жарлық құру деп сақтандар.

  3. Тура осылай бума құру деген құжат құрыңдар.

  4. Осы екі файлды жұмыс үстелінде өздерін құрған бумаға сақтандар.

  5. Осы бума үшін жарлық құрыңдар.

  6. Буманың атын Жұмыс деген атпен алмастырындар.

  7. Жұмыс бумасын жасырын етіндер.

Қайталау.

  1. Файл деген не?

  2. Файл атауының ең үлкен ұзындығы қандай?

  3. Бума деген не?

  4. Жарлық деген не?

  5. Жарлықты қалай құрамыз?

Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма.





Сабақ №10



Сабақтың тақырыбы: Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға алгоритм және алгоритмнің атқарушылары туралы түсінік беріп, алгоритмнің жазу жолдарымен таныстыру.

Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, ақыл-ойларын дамыту.

Тәрбиелік: өздігінен тақырыпты меңгеріп, жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекіліктері: электрондық оқулық, слайд, жұмыс дәптері, оқулық, таратпа карточкалар.

«Біле бер, қанша білсең, - тағы тіле,

  Жетерсің мұратыңа  біле, біле».       

              Жүсіп Баласағұн

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй жұмысын тексеру. “Кім жылдам?” ойыны (тест жұмысын орындау).

3.  Жаңа сабақты түсіндіру.

4. Компьютермен жұмыс. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

5. Сергіту сәті.

6. Ашық тест жұмысы сабақты қорытындылау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу, сыныптың тыныштығы мен тазалығын қадағалап, назарларын сабаққа аудару. Әр оқушыға бағалау парағы және смайлик сонымен қатар түрлі түсті парақшалар таратылады.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Тест жұмысы бойынша үй жұмысын тексеру

  1. Қайсысы алғашқы есептеу құрылғысы емес?

a)      Шоттар

b)      Арифмометр

c)      Калькулятор

d)     Соробан

  1. Программа бойынша жұмыс істеген бірінші құрылғы:

a)      Арифмометр

b)      Холлерит машинасы

c)      Шоттар

d)     Беббидж машинасы

  1. Бірінші программалаушы кім?

a)      Чарльз Беббидж

b)      Герман Холлерит

c)      Ада АвгустаЛавлейс

d)     Блез Паскаль

  1. Қазіргі кезде компьютердің неше буыны бар?

a)      3

b)      4

c)      5

d)     Анықталмаған

  1. Қай буынның компьютерлері дербес компьютерлер деп аталады?

a)      Екінші

b)      Үшінші

c)      Төртінші

d)     Бесінші

  1. Алғашқы ЭЕМ қай жылы пайда болды?

a)      1946 ж.

b)      1949 ж.

c)      1980 ж.

d)     1956 ж.

  1. Бірінші буын компьютерлерінің элементтік базасы – ол:

a)      Транзистор

b)      Интегралдық сызба

c)      Электрондық лампа

d)     Үлкен интегралдық сызба

  1. Екінші буын компьютерлерінің элементтік базасы:

a)      Транзисторлар

b)      Интегралдық сызба

c)      Электрондық лампа

d)     Үлкен интегралдық сызба.

Тест жауаптары

1

2

3

4

5

6

7

8

b

d

c

c

c

a

c

a

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

Бұл тарауда сендер алгоритмнің не екенін және алгоритмнің түрлерімен танысасыңдар. Әртүрлі алгоритм түрлерін құрып, ақпаратты модельдерді жасауды үйренесіңдер.

Жаңа түсініктер тақтада көрсетіліп тұрады.

Слайдпен жұмыс.

Алгоритм – берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің қарапайым етіліп жазылуы. Басқаша айтқанда, алға қойған мақсатқа жетуде немесе берілген есепті шешуде орындаушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау керектігін дәл көрсететін нұсқауларды алгоритм дейміз.

Алгоритм кез келген іс-әрекет бұйрық деп аталады.

Алгоритм тек қана адамдарға ғана емес, роботтарға және компьютерлерге де жазылады.

Алгоритмді жүзеге асырушыны орындаушы деп атайды.

Кез келген алгоритм «Соңы» деген бұйрықпен бітеді. Берілген бұйрық алгоритмнің орындалғандығын білдіреді.

Мысалы:

Шайды дәмдеу алгоритмі:

  • Басы

  • Ыстық сумен шәйнекті шаю

  • Шәйнекке шай салу

  • Қайнаған су құю

  • 3-5 минут күту

  • Шайды шыныаяққа құю

  • Соңы

Бұл мысалдан байқағанымыздай кез келген алгоритмнің «Соңы» болады екен.

Алгоритм анықтамасын электрондық оқулықта көрсету.

 Электронды оқулықпен жұмыс.

Алгоритмнің орындалу кестесі.

«Сөз жазу» алгоритмі.

Бұйрық нөмірі

Алгоритмнің бұйрығы

Бұйрықтың орындалу нәтижесі

1

Қаламды ал

Қалам қолда тұр

2

«Ана» сөзін жаз

«Ана» сөзі жазылды

3

Қаламды орнына қой

Қалам үстелге қойылады

4

Соңы

Алгоритм орындалды

Электрондық оқулық, алгоритм ұғымы, 4 тапсырма орындау.

Блок-сызбалар тақтада көрсетіледі.

Енді, алгоритмнің жазылу формаларымен танысайық. Алгоритмді әртүрлі формада ұсынуға болады. Алгоритмнің жазылу формалары көбіне орындаушыға тәуелді болады.

Алгоритмнің мынадай формалары ұсынылады:

  • Сөздік формада

  • Графикалық

  • Алгоритмдік тілде

  • Программалау тілінде.

Жаңа біз алгоритмдер қарастырған болатынбыз. Осы қарастырған алгоримдер қай формаға жатады деп ойлайсындар?

Алгоритмді ыңғайлы түсіну үшін графикалық әдіс қолданылады. Оны блоксызба деп атайды.

Блок-сызбада әр іс-әрекет фигуралардың көмегімен сипатталады.

Алгоритмнің басы мен соңы сопақша шеңбермен (эллипс) сипатталады

Іс – әрекет тіктөртбұрышөа жазылады

Барлық элементтер бір-бірімен нұсқалармен байланысады, яғни алгоритмнің орындалу бағытын көрсетеді.

Енгізу және шығару мәліметтері параллелограмға алынады.

 Екі санды қосу алгоритмі.

Берілген алгоритм кез келген екі сан үшін орындалады. Есептеу барысында алгоритмде берілгендерді және есептеу нәтижесін кез келген әріппен белгілейміз. Оны айнымалы деп атаймыз. Біздің мысалда берілгендерді а және в деп белгілеп, ал алгоритм нәтижесін с деп белгілейміз.

IV. Сабақты бекіту.Компьютермен жұмыс.

І деңгейлік тапсырма.

Мына жұмыс түрлеріне сәйкес орындаушыларды жазыңыздар.

  • Аяқ киім жөндеу

  • Тісті пломбалау

  • Көлікті жүргізу.

ІІ деңгейлік тапсырма. «Сурет сал» алгоритмі кестесін толтырыңдар.

Бұйрық нөмірі

Алгоритмнің бұйрығы

Бұйрықтың орындалу нәтижесі

1

Көк қарындашты ал

 

2

Шардың суретін сал

 

3

Шарды боя

 

4

Қарындашты орнына қой

 

5

Соңы

 

 

Сергіту сәті.

  1. Көзжаттығуын орындайық.

  2. Орнымызда отырып көзімізді алыс бір нүктеге қадап ұзақ қарау.

  3. Басымызды қозғамай көзімізбен оңға, солға қарау.

  4. Басымызды қозғамай көзімізбен жоғары, төмен қарау.

  5. Көзімізді қатты қысып немесе қолымызбен жауып тұру.

 

ІІІ деңгейлік тапсырма. (тақтамен жұмыс)

Жоғары (Ж), Төмен (Т), Оңға (О), Солға (С) бұйрықтарын пайдаланып, алгоритмді орындағанда не болатынын анықтаңдар.

Басы

Қарындашты ал

Шаршылар бойынша диктант жаз: 1Ж 1О 3Ж 2С 3Ж 2О 1Ж 1О 3Т 6О 1Ж 1О 2Т 1С 4Т 2О 1Ж 1О 1Ж 5С 2Т 2С

Алынған суретті аяқта.

Қарындашты орнына қой

Соңы.

V. Сабақты қорытындылау. (ашық тест орындау). Қазір тақтада сұрақтар жауаптарымен беріледі. Егер жауабымыз дұрыс болса, жасыл қағазды, қате болса сары қағазды көтеру керек.

  1. Алгоритм дегеніміз - ...

берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіліп жазылуы.

  1. Алгоритм орындаушысы адам бола алмайды.

  2. Кез келген алгоритмнің соңы болады.

  3. Блок-сызба алгоритміндегі іс-әрекет дегеніміз: ромб.

  4.  Блок-сызбада алгоритмнің басы мен соңы берілетін фигура эллипс.

Бағалау кестесі                                 

 

Оқушының

аты – жөні

Тапсырмалар

Үй жұмысы дұрыс жауап

3 ұпай

1 деңгей тапсырма әр дұрыс жауап

5 ұпай

ІІ деңгей тапсырмасы

дұрыс жауап 10 ұпайға дейін

ІІІ деңгейтапсырмасы 15 ұпайға дейін

Ашық тест жұмысы әр дұрыс жауап 5 ұпайдан

Баға

 

1

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

6

 

 

 

 

 

 

7

 

 

 

 

 

 

8

 

 

 

 

 

 

Барлығы неше ұпай

 

 

 

 

 

 

 

30-36 ұпай  - «5»

19-29 ұпай – «4»

9-18 ұпай – «3»

Сабақтағы эмоционалдық жағдайды анықтау. (күншуақ)

Сіздердің столдарыңызда күннің суреті жатыр, оның бетіне қараңыз, сол және оң жақ беті әртүрлі: сол жақ қуаныштың белгісі, оң жақ көңілсіз. Егер сіздерде сабақтан кейін жақсы көңіл-күйлеріңіз қалса, онда сол жақ бетіне айшық суретін салыңыз. Егер жоқ болса, оң жағы.

Барлық  жұмыстарыңызға рахмет!

VІ. Үйге тапсырма:

§8,9 оқу. 57 беттегі 7 тапсырма, 61 беттегі, 8,9 тапсырмалар.

VІІ. Бағалау. Оқушылардың бағалау парағындағы бағаларды қараймын бағалаймын. Әр оқушы жұмысын өзі бағалай



Сабақ №11



Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері: сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритм
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды алгоритмнің командалары және оның құрылымын түсіндіре отырып, компьютерде есеп шығару кезеңдерімен таныстыру, практика жүзінде қолдануға үйрету. Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Дамытушылығы: Оқушыларды алгоритмнің командаларымен және құрылыммен таныстыра отырып, алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру, логикалық ой - өрістерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.
әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту сабағы
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, презентация.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) үй тапсырмасын сұрау
в) жаңа сабақ
г) дамыту
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.
Өткен материалды қайталау сұрақтары
Слайд бойынша компьютердің дайындап әкелген сұрақтарына жауап беру.
Құрылғылардың аттарын, қызметін қайталай отырып дербес компьютер туралы білімдерін пысықтап өту.

• Алгоритмді өрнектеу, жазу тәсілдері дегеніміз не?
• Алгоритмдері графиктік түрде кескіндеу ерекшеліктері қандай?
• Блок - схема дегеніміз не?
• Негізгі блоктарға және көмекші блоктарға нелер жатады?
• Алгоритмдік тіл, программалау тілі дегеніміз не?
• Атқарушы ұғымы
I. Жаңа сабақ
Оқушыларды үш топқа бөлу арқылы топпен жұмыс түрінде өткіземіз.
Сары, жасыл, қызыл топтар. Әр топқа бір алгоритмнің типін ережесімен, көрнекілігімен, блок схемасымен береміз.

5 - 6 минут уақыт оқып танысып, талдап топпен шығып қорғайды. Бірін – бірі толықтырып отырады.

Алгоритмдер блоктардың өзара байланысуына қарай үш құрылымға – сызықтық тармақтық және циклдік түрлерге бөлінеді.
1. Сызықтық немесе тізбекті алгоритм. Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок - схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады.
Әрекеттердің тізбектей орындалуы – сызықтық алгоритм деп аталады.
Мысалы:
алг үй тапсырмасын орындау
басы
күнделікті алу, тиісті бетін ашу,
үй тапсырмасын анықтау
үй тапсырмасын орындау
күнделікті орнына қою
соңы
Сызықтық алгоритм командалары осында көрсетілген рет бойынша орындалатын тізбектеле орналасқан командалардан (блоктардан) тұрады.
Амалдардың бұлай бірінен соң бірі реттеліп орындалу тәртібін табиғи атқарылу дейді

Тармақталу алгоритмдері. Тармақталу алгоритмінде көбінесе арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер орындалса, онда алгоритм бір тармақпен жүзеге асырылады да, соңында екі тармақ қайта бірігеді. Мұндай алгоритмде шартты тексеру тармақталу командасы деп аталады. Оны алгоритмдік алгоритмдік тілде өрнектелгенде егер, онда, әйтпесе, бітті түйінді сөздері пайдаланылады. Орындау тәсіліне байланысты тармақталу командасы «таңдау»(толымды) және «аттап өту» (толымсыз) болып екі түрге бөлінеді.
Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанып орындалып отырады. Математикада есеп шығару кезінде бір теңдеуді пайдаланып, ондағы айнымалы мәнінің өзгеруіне байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келеді. Осындай есептеу процесі бөліктерінің қайталап орындалуы цикл деп атайды, ал қайталанатын бөлігі бар алгоритдер тобы циклдік алгоритмдер жатады. Қайталану командасын алгоритмдік жазу үшін әзірше (әзір), цикл бар (цб), және цикл соңы (цс) түйінді сөздер қолданылады.

II. Сурет бойынша блок құру, алгоритмді табиғи тілде жазамыз.
III. Көзге жаттығу. Слайд арқылы

IV. А4 - ге берілген тапсырма бойынша алдарындағы флипчартқа блок схемасы мен алгоритмді түйінді сөздермен жазу.
1. Тік төртбұрыштың ауданын есептеу.
2. Квадрат теңдеудің түбірін табу
3. 1ден 10 - ға дейінгі сандардың қосындысын тап

V. Сабақты қорытындылау. Үш түрлі түсті таңдау себебіміз алгоритмнің үш типіне де алгоритм құруға болады. Бағдаршам ережесін талдау.

Сабақты бекіту сұрақтары
• Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қалай бөлінеді?
• Жай және құрама командалардың айырмашылықтары қандай?
• Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
• Тармақталу алгоритмі мен циклдік алгоритмнің айырмашылығы қандай?
• Компьютерде есеп шығару қандай кезеңдерден тұрады?
Сабақталған алған әсерлерін смайликтер арқылы білдіреді.

Үйге тапсырма: Алгоритм типтеріне мысалдар келтіріп блок схемасын құрып, табиғи тілде, арнайы тілде жазып келу

Үйге тапсырма. №1-3 тапсырма.



Сабақ №12



Тақырыбы: Өздік жұмысы /Алгоритм типтері/.

Сабақтың  мақсаты:  

            Білімділігі:  Оқушыларды алгоритмнің командалары және оның құрылымын түсіндіре отырып, алгоритм құру кезеңдерімен таныстыру, практика жүзінде қолдануға үйрету;

Дамытушылығы:  Оқушыларды сызықтық, тармақталған алгоритмнің командаларымен және блок схемасымен таныстыра отырып, алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру, логикалық ой-өрістерін дамыту;

Тәрбиелік:    Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:    өздік жұмысы

Сабақтың барысы:   


                                    1. Ұйымдастыру

                                    2. Өткен материалды қайталау

                                    3. Өздік жұмысы

                                    4. Сабақты бекіту

                                    5. Үйге тапсырма

 

ІІ. Өткен материалды қайталау

  • Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қалай бөлінеді?

  • Жай және құрама командалардың айырмашылықтары қандай?

  • Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

  • Тармақталу алгоритмі мен циклдік алгоритмнің айырмашылығы қандай?

  • Компьютерде есеп шығару қандай кезеңдерден тұрады?



ІІІ. Өздік жұмысы

  1. Тармақталу алгоритміне мысал бола алатын мақалды айтыңыз. Ол мақалды блок-схемамен көрсетіңіз.

  2. Келесі бұйрықтар тобын 16 рет қатарынан орындайтын орындаушы қайда болады?

10 метр алға жүру

Сағат тілімен 90 –қа бұрылыу

  1. Математика оқулығынан алгаритмге мысал келтір. Сол бойынша блок-схема құрыңдар.

  2. Дені сау мысықтың баласы күніне 8 сағаттан кем емес уақыт ойнайды. Марғау деген мысықтың дені сау екенін айықтайтын алгоритм құрыңдар.

  3. Алгоритмнің сөздік немесе графикалық формасын құрыңдар.

А) сабаққа сөмкені дайындау

Б) таңғы жаттығуды жасау

В) үй тапсырмасын орындау

Г) тікбұрыштың периметрін анықтау

Д) бәліш әзірлеу рецепті

6. 72 санына келтірілген төмендегі алгоритмнің нәтижесі қандай?

Басы

21-ді қос

75-ті алып таста

Егер алынған нәтиже 10-нан кіші болса, онда 15-ті қос, ал егер 10 үлкен болса, 2-ні алып таста

Нәтижені жарияла

Соңы

Келтірілген алгоритмге бок схема құрыңдар.



Үйге тапсырма. №1-3 тапсырмаларды аяқтау.





Сабақ №13

Тақырып: Программалау-алгоритмді формальды жазу тәсілі. Алфавит. Программалау тілінің синтаксисі. Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды программалау тілі, Паскаль тілінің алфавиті және алгоритм жазу ережелерімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың алгоритм жазу ережелерін қолдану қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан-жақты тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер - 7, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

- амандасу, түгендеу

- "Атом-молекула" тренинг ұйымдастыру

- 3 топқа бөлу

  1. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Компьютердің пайдасы мен зияны (эссе)

  2. Сhello_html_557157f2.png
    hello_html_m584ab86c.png
    әйкестендіру кестесі

  3. Компьютер құрылғыларының аттарын айту

  1. Тұсаукесер (Он сұрақ) әдісі "Компьютер"

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру

"Джигсо" әдісі( оқушыларға ресурс тарату, жұппен, топпен жұмыс жасау)

1 топ. Алгоритм

« Алгоритм» сөзі ІХ ғасырдың ұлы математигі Әбу Жафар ибн Мұса Әл-Хорезми атының латынша жазылуынан шыққан.Алгоритм -берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.Алгоритм схемасы- блок –схема деп аталады.Алгоритмнің 3 түрі бар. Олар сызықтық, тармақталған, циклдік.

Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықты алгоритм деп аталады.Белгілі бір шартқа тәуелді тармақталып бірнеше жолдарға бөліну тобын – тармақталу алгоритм деп атаймыз.

Есептеу процессінің бөліктерінің қайталап орындалуын – циклдық алгоритм деп атаймыз. Алгоритм қасиеттері: Айқын, дәл ;өрнектелуі; Үзіктілігі; Нәтижелілігі; Жалпыламалық

Алгоритмнің өрнектелу жолдары: Қарапайым, Табиғи тіл арқылы, Программалау тілдерінде, Графиктік тілдер/блок-схема/

2 топ. Программалау

Программалар белгілі бір мәселені, есепті шешуге арналған. Есепті шығару барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, оларды қалай өңделетіндігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға шығарылатыны айтылады. Паскаль тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Паскаль тіліндегі программа 3 бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.

Программалау тілінің алфавиті программаның элементтерін құруда қолданылуға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер жатады.

Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлемі – оператор деп аталады.

Қазіргі кезде Паскаль аты программалау тілдерінде – тіл аты ретінде кеңінен қолданылады. Паскаль программалау тілі 17 ғасырда өмір сүрген француз ғалымы Блез Паскальдің құрметіне аталып отыр.

3 топ. Паскаль өмірі

Блез Паскаль /1623-1662/

1623 жылы Франция мемлекетінің Клермон – Ферран қаласында дүниеге келген. Ол жастайынан – ақ білімділігі, алғырлығы, зеректігімен, әсіресе математика саласына бейімдігімен баршаның көзіне түсті. 1662 жылы Блез Паскаль қайтыс болған соң, әлем білген қайталанбас аса дарынды математиктердің бірі болып тарихқа кірді. Ол математика ғылымының дамуына үлес қоса отырып, математика ғылымының бір саласы – ықтималдар теориясының ірге тасын қалады. Паскаль тілін 1968-1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Паскаль тілі Алгол, бейсик, тілдерге қарағанда барынша жетілдірілген тіл қатарына жатады.Паскаль тілі өзінінің қарапайымдылығына және тиімділігіне байланысты бүкіл дүние жүзіне кең таралды.

Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әріпі мен цифрлары қолданылады. Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция (амалдар) белгілері жатады.
Алгоритмдік тілде (Паскаль, Бейсик, Си, т. б.) арифметикалық амалдардың орындалу тәртібі олардың математикадағы орындалу тәртібіне сәйкес келеді, яғни алдымен жақша ішіндегі амалдар, сонан соң көбейту, бөлу, қосу, азайту, т. б. амалдар орындалады.
Арифметикалық амал белгілері:
(+) – қосу;
(-) – азайту;
(*) – көбейту;
(/) – бөлу.
DIV – және (логикалық көбейту) операциясы;
MOD – қалдықты табу. Мысалы: 10 MOD 3 амалының нәтижесі 1;
айыру белгілері: ____ (бос орын);, (үтір);. (нүкте);: (қос нүкте);(нүктелі үтір); ` (апостроф); (;); [;]; {;}.


5) Жаңа тақырыпты бекіту . Сөзжұмбақ шешу




П
















А




С









К








А






Л


















Ь



    1. Енгізу құрылғысы

    2. Мәліметтер жиынтығы

    3. Өшірілген файлдар сақталатын орын

    4. Мәтіналғы

    5. Тышқанның басқаша атауы

    6. Принтердің бір түрі

    7. Көшіру орысша

Жауабы: 1. Пернетақта, 2. Ақпарат, 3. Сегіздік, 4. Сканер, 5. Мауыс , 6. Лазерлік, 7. Копировать



6)Сабақты қорытындылау және бағалау



ТЕСТ

1. «Алгоритм» атауы кімнің есімімен байланысты?

Аhello_html_54a3dfd9.png) Әл-Тарази; Б) Әл-Бируни В) Әл-Хорезми;

2. Алгоритмді ... пайдаланады.

А) есеп шығаруға; Б)мәтін теруге; В) ақпаратты өңдеуде;

3. Алгоритмнің неше түрі бар

А) 6; Б) 3; В) 4;

4. Берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі

А) бағдарлама; Б) кесте; В) алгоритм;

5. Программалар неге арналған?

А)белгілі бір мәселені,есепті шешуге ;

Б)жазу жазуға В) сурет салуға

6. Паскаль тіліндегі программа неше бөліктен тұрады?

А) 3; Б) 4; В) 5

7. Кез келген алгоритмнің нәтижесі ...

А) болмайды ; Б) болады; В) дұрыс жауабы жоқ

7) Үйге тапсырма

1. 20 сұрақтан тұратын тест құрастырып келу.





Сабақ №14





Сабақтың тақырыбы: Айнымалылар типтері. Программа құрылымы.

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды алгоритмнің командалары және оның құрылымын түсіндіре отырып, компьютерде есеп шығару кезеңдерімен таныстыру, практика жүзінде қолдануға үйрету. Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Дамытушылығы: Оқушыларды алгоритмнің командаларымен және құрылыммен таныстыра отырып, алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру, логикалық ой - өрістерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.
әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту сабағы
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, презентация.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) үй тапсырмасын сұрау
в) жаңа сабақ
г) дамыту
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.
Өткен материалды қайталау сұрақтары
Слайд бойынша компьютердің дайындап әкелген сұрақтарына жауап беру.
Құрылғылардың аттарын, қызметін қайталай отырып дербес компьютер туралы білімдерін пысықтап өту.

• Алгоритмді өрнектеу, жазу тәсілдері дегеніміз не?
• Алгоритмдері графиктік түрде кескіндеу ерекшеліктері қандай?
• Блок - схема дегеніміз не?
• Негізгі блоктарға және көмекші блоктарға нелер жатады?
• Алгоритмдік тіл, программалау тілі дегеніміз не?
• Атқарушы ұғымы
I. Жаңа сабақ

  • Жаңа сабақты түсіндіру

Айнымалы типтер

Мәліметтердің айнымалы типтері стандартты типтерден өзгеше болып келеді. Мәліметтердің әртүрлі типтері үшін әртүрлі амал қолдануға болады. Мәліметтердің типін құру бір жағынан операция орындауды жеңілдетсе,екінші жағынан қате жіберуге мүмкіндік береді.Сонымен,мәліметтердің стандартты типтерінен өзге жаңа айнымалы типтерді құруға болады.Мәліметтердің бұл типтеріне саналатын және шектелетін типтер жатады.

Қабылдай алатын мәндерінің реттелген тізімі арқылы берілетін тип-саналатын тип болып есептеледі.Бұл типті сипаттау оның мүмкін мәндерінің идентификатор түрінде тізімін берумен анықталады.

Жазылу түрі:

TYPE <тип атауы>=(<1-мән,2мән,..., n- мән >);

VAR <идентификатор,.....> : <тип атауы>;

Мысалы:

TYPE Gaz=(Ge, C, O, N );

Metall=(Na,K,Li,Cu,Zn);

Mezgil=(қыс,көктем,жаз,күз);

VAR Al, A2: Mezgil;

G1,G2,G3:Gaz;

Met l, Met2:Metall;

Түс=(ақ,көк,қызыл,сары,жасыл,қоңыр,сұр,қара).

Егер айнымалы сипаттау бөлімінде көрсетілген мәндердің белгілі бір аралығын ғана қабылдайтын болса,онда оны шектеулі типтегі айнымалы деп атайды.Мұндай типтегі айнымалының алғашқы және соңғы мәндері нүктелермен бөлініп тұрақты түрінде көрсетіледі де,ол екеуі де бір стандартты типте (real типін қолдануға болмайды) болып,міндетті түрде алғашқы мән соңғы мән соңғы мәннен кіші болуы керек.

Жазылу түрі :

TYPE <тип атауы>=(<алғашқы тұрақты...соңғы тұрақты>);

VAR <идентификатор,..> : <тип атауы>;

Мысалы:

TYPE kunder=1..31;

VAR RadDay,BolnDay:kunder;

Мәліметтерді ұйымдастыру тәсілдерінің кең тараған түрі – кестелік тәсіл. Бір ғана жолдан тұратын кесте сызықтық деп аталады. Мысалы: A (2,3-5,0,1). Бірнеше жолдан тұратын кесте тіктөртбұрышты кесте деп аталады.Бұларды көп жағдайда бірөлшемді және екі не көпөлшемді жиымдар (массивтер) деп те атайды.

Жиым дегеніміз- бір атаумен белгіленіп біріктірілген біртекті элементтер жиыны. Осы жиымға кіретін айнымалыларды жиым элементтері дейді. Жиымның міндетті түрде аты , өлшемі , индекстері, соған сәйкес элементтері және оның түрлері болады. Жиым тұтасымен бір атпен аталады, ал элементтерінің реті индекстер арқылы көрсетіледі . Индекс жиымның иденфикаторынан соң тік жақшаға алынып жазылады: (a [1], x[1,1],…)

Жиымның типін анықтау үшін ARRAY, OF қызметші сөздері қолданылады. Жиым элементтерінің сипатталуы былай көрсетіледі;

Аты Array[индекс өлшемі]of real;

немесе

TYPE Аты; =Array [индекс өлшемі] of integer

Мысал: 20 нақты сан берілген. Осы сандардың арифметикалық ортасын табу програмасы . Осы 20 нақты сандар тобын А жиымы деп қарастырсақ , жиымның элементтері A[1], A[2], …,A[20] нақты сандар болады.

Program

Var A: array [l..20] of real;

I:integer;

S:real;

Begin

For i:=1 to 20 do

Read (A[i]);

S:=0;

For i:=l to 20 do

S:=S+A[i];

S:=S\20;

Write (S);

End.


Сабақты бекіту


  • Саналатын және шектеулі тип дегеніміз не?

  • Сызықтық және тіктөрбұрышты кестенің айырмашылығы қандай?

  • Жиым деп нені айтамыз?

  • Жиымдар қалай сипатталады?

  • Индекс дегеніміз не?

  • Бірөлшемді жиым дегеніміз не?



Үйге тапсырма: 5.1, 5.2, 5.3, 5.4 тақырыптарын оқу.

.



Сабақ №15



Тақырыбы: Жартыжылдық бақылау жұмысы

Мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың алған білімдерін тексеру.

Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: бақылау сабағы.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру .

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

  3. Өткен материалды қайталау.

Тест жұмысы





Сабақ №16



Тақырыбы: Сызықтық алгоритмдерді программалау, енгізу және шығару, меншіктеу операторы.

Сабақтың  мақсаты:  

            Білімділігі:  Оқушыларды сызықтық алгоритмнің командалары және оның құрылымын түсіндіре отырып, компьютерде есеп шығару кезеңдерімен таныстыру, практика жүзінде қолдануға үйрету;

Дамытушылығы:  Оқушыларды сызықтық алгоритмнің командаларымен және құрылыммен таныстыра отырып, алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру, логикалық ой-өрістерін дамыту;

Тәрбиелік:    Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:    аралас сабақ

Сабақтың барысы:   


                                    1. Ұйымдастыру

                                    2. Өткен материалды қайталау

                                    3. Жаңа сабақты түсіндіру

                                    4. Сабақты бекіту

                                    5. Үйге тапсырма

 

ІІ.Өткен материалды қайталдау сұрақтары

  • Алгоритмді өрнектеу, жазу тәсілдері дегеніміз не?

  • Алгоритмдері графиктік түрде кескіндеу ерекшілектері қандай?

  • Блок-схема дегеніміз не?

  • Негізгі блоктарға және көмекші блоктарға нелер жатады?

  • Алгоритмдік тіл, программалау тілі дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сызықтық алгоритмнің BASIC тіліндегі жазылуы. Меншітеу операторы

Сызықтық алгоритм бірнеше меншіктеу операторынан тұрады. Мұндай алгоритмді BASIC тілінде жазудың ешқандай қиындығы жоқ. Тек өрнектердің BASIC тілінде қабылданған жазылу тәртібін сақтасақ жеткілікті. Мұндай операторлар бір қатарға орналаса алады. Бұл жағдайда олар “:” қос нүкте арқылы ажыратылып жазылады. Алгоритмдік тілде “;” нүктелі үтір арқылы ажыратылып жазылады. 

Мысалы, 

алг трапеция ауданы (нақ a, b, h, s) 
берілгені a, b, h
керек s
басы 
s: =(a+b) /(2*h)
соңы 
соңы cсоңы
басы 
S=(A+B)/(2*H)
S
A, B, H 
Бұл алгоритм BASIC тілінде былайша жазылады: 

10 REM Трапеция ауданы 
20 INPUT A!, B!, H! 
30 LET S = (A+B) / (2*H)
40 PRINT “Трапетцияның ауданы S = ” ; S 
50 END
BASIC тілінің операторларын мына төмендегідей мүмкіндіктерге ие топтарға жіктеуге болады.

  • мәндерді есептейді және оларды айнымалыларға меншіктейді;

  • информацияны ендіреді және нәтижелер мен хабарларды баспаға шығарады;

  • есептеулердің орындалуын басқарады;


Компьютерде программаның орындалуы кезінде айнымалы шама әр түрлі мәндер қабылдауы мүмкін. Дербес жағдайда есептелетін арифметикалық өрнектің мәні меншіктеу операторы арқылы айнымалы шамаға меншіктеледі.

BASIC тілінде бұл амал “ =” таңбасымен белгіленеді. Меншіктеу белгісінің сол жағына айнымалының аты, ал оң жағына арифметикалық өрнек жазылады. Бұл амалды орындайтын арнайы меншіктеу операторы бар.
Оператордың жазылу пішімі: к LET v = e 
Мұнда к- қатар нөмірі; LET-оператордың аты; v- айнымалының аты; е-арифметикалық өрнек (жеке жағдайда сандық немесе литерлік тұрақты немесе сандық және литерлік айнымалы болуы мүмкін).

Меншіктеу операторының орындалуын екі кезеңге бөлуге болады:

  • е өрнегінің мәні есептеледі;

  • е өрнегінің есептелетін мәні v айнымалысына меншіктеледі, яғни v айнымалысына бөлінген жады ұяшығына жіберіледі.

Егер е сандық тұрақты немесе айнымалы болса,онда бірінші кезең орындалмайды. 

Мысал келтірейік:
LET X%=1-бүтін айнымалы Х-ке 1 саны меншіктелед;

  1. LET А=27,4- нақты айнымалы А-ға 27,4 саны меншіктелед;

  2. LET А$ = «Мектеп» -символдық (мәтіндік) айнымалы А$-ға литерлік тұрақты «Мектеп» сөзі меншіктеледі. 


Ал мына мысалдарды жоғарыда аталған бірінші кезең орындалады:

  • LET Х=А* SIN(T)-нақты айнымалы х-ке а Sin t өрнегінің есептелген мәні меншіктеледі. 

  • LET C$=A$+B$ -символдық айнымалы C$-ға символдық айнымалылар A$ мен B$-ның ағымдағы мәндерінің қосылуынан пайда болған нәтиже меншіктеледі.


Осылайша LET операторының орындалар алдында "=" меншіктеу таңбасының оң жағындағы өрнектегі барлық айнымалылардың мәндері, басқаша айтқанда е өрнегі анықталған (есептелген) болуы тиіс. Мына төмендегі программада 10,20,30 – қатарлардағы операторлар орындалғанда бірінші кезең орындалмайды, ал 40,50-қатарлардағы операторлар орындалғанда бірінші кезең орындалады. 

10 LET А=5
20 LET B=3
30 LET C=-2
40 LET D=B^2-4*A*C
50 LET K= «Дискриминантты есептеу» 
60 PRINT"D=;K=;K

BASIC тіліндегі "=" меншіктеу таңбасы мен кәдімгі математикадағы теңдік таңбасының арасында үлкен айырмашылық бар. Мысалы, математикалық жазуда мына Х=X+1 өрнегі дұрыс емес, ал BASIC тіліндегі 30 LET Х=X+1 жазылуы дұрыс және мынадай мағына береді: 

  • жадтың Х атты ұясынан айнымалының мәні алынады;

  • бұл алынған мән бірімен қосылады да Х+1- ге жаңа мән жасалады; 

  • осы пайда болған Х+1 мәні Х атты жады ұясына ондағы алғашқы мәнді өшіріп өзі орналасады. 

Мысалы, 

10 LET X=5 
20 LET X=4
30 LET X=X+Y
программа үзіндісіндегі 30-қатардағы LET операторы орындалғанда Х айнымалысы 9-санын меншіктейді яғни жадтың Х аты ұясында алғашқы 5санының орнына 99саны пайда болады.

BASIC тілінің көптеген түрлерінде оператордың орны LET сөзін қалдырып кетуге де болады. Мысалы, жоңғарыда келтірілген программа үзіндісі былай жазылады.
10 LET X=5 
20 LET X=4
30 LET X=X+Y
Информацияны енгізу және баспаға шығару операторлары
Компьютерде қандай да бір деректерді өңдеу үшін, ол деректер алдын-ала компьютердің жадына ендіріліп қойылуы тиіс. Компьютерге деректерді сыртқы құрылғылардан да енгізуге болады. Бұл деректер инфомацияның сыртқы тасымалдаушыларында мысалы, магниттік дискіде сақталады. Сыртқы тасымалдаушылардан деректерді қажет болғанда компьютерге енгізу үшін, программаға арнайы ендіру операторларын қосады.

Мүндай операторлар бірнеше болуы мүмкін және олар программаның кез келген жерінде орналаса алады.

BASIC тілі компьютермен диалог режімінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін өте қолайлы тіл. Мұнда барлық деректер компьютерге ендіру құрылғысынан келіп түседі. Бұл жағдайда деректің әрбір қатары пернетақта арқылы теріліп, экранда көрінеді. Келесі қатарды теру үшін, пернетақтадағы (ЕП) пернесін басу керек.

Басқау құрылғысының көмегімен пайдаланушы программаны түзетеді, программаның орындалуын басқарады. Экранға немесе баспаға шығару құрылғысына нәтижелер шығарылады. Олар сандар, кестелер, графиктер, суреттер немесе мәтіндер болуы мүмкін,

Енгізу операторы

Енгізу құрылғысынан деректерді енгізу үшін, INPUT (енгізу) операторы қолданылады.
Оператордың жазылу пішімі: к INPUT р1,р2,...,рп
Мұнда к-қатар нөмірі; INPUT–оператордың аты; р1, р2,..., рп – үтірмен ажыратылып жазылған аинымалылар тізімі.
Бұл оператор былайша орындалады. Программаны орындау барысында, компьютер INPUT операторын кездестіре сала, экранға сұрақ белгісін шығарады. Компьютер өз жұмысын уақытша үзеді, осы үзіліс кезінде пайдаланушы пернетақтадан айнымалының мәндерін үтірлермен ажырата отырып, теріп шығады да, <ЕП> пернесін басады. Сонда ендірілген мәндердің ішіндегі бірінші мән, ендіру ооператорының тізіміндегі бірінші айнымалыға, екінші мән тізімдегі екінші айнымалыға т.с.с. меншіктелген болады. Бірақ енгізілген мәндерді пернетақтадан терген кезде, олардың саны және типі айнымалылар тізімінде көрсетілген айнымалылардың саны мен типіне дәл келуін қадағалау керек. Егер оларды артығымен терсеңіз, онда артық сандар есепке алынбайды.

Ал егер ендірілген мәндердің саны жеткіліксіз болса, онда компьютер тағы да сұрақ белгісін шығарып, жеткіліксіз мәндердің енгізілуін күтеді.

Барлық деректер дұрыс және түгелімен ендіріліп болғанан кейін, компьютер INPUT операторынан кейінгі келесі операторы орындауға көшеді. Мысалы, программаның орындалуының белгілі бір кезінде компьютер жадына мынадай мәндерді енгізу керек болсын: 1.2,-0.004, 2-ші, мектеп және де бұл мәндер Х,Ү,Z$ K$ айнымалыларына меншіктелсін. Осы аталған әрекеттердің орындалуы үшін мына төмендегі программа үзіндісі жұмысқа қосылсын:

.100 INPUT X,Y,Z$,K$
120 LET A=X+Y
125 LET В=K+Z
Компьютер осы программаның 100-қатарындағы INPUT операторын кездестіргеннен кейін, экранға сұрақ белгісін шығарады да, пайдаланушы пернетақтадан тиісті мәндерді енгізгенше күтіп тұтады. Пайдаланушы жоғарғыда айтылған? 1.5,-0.4 Е-2, "2-ші", "мектеп" мәндерін теріп, <ЕП> пернесін басады, осыдан кейін Х,Ү,Z$,K$ айнымалыларына осы мәндер меншіктеледі.

Баспаға шығару операторы
Компьютердің оперативтік жадынан, деректерді магниттік дискілерге, баспаға шығару құрылғыларына және экранға шығаруға болады. Деректерді баспаға шығару үшін PRINT операторы қолданылады.
Оператордың жазылу пішімі:
к PRINT <шығарылатын тізімдер>
Мұнда к-қатар нөмірі; PRINT оператордың аты; <шығарылатын тізімдер> - бірінен-бірі үтірмен немесе нүктелі үтірмен ажыратылып шығарылатын элементтердің тізімі.

Баспаға шығарылатын элементтерге мыналарды жатқызуға болады:

  • сандар;

  • айнымалылар;

  • өрнектер;

  • мәтіндер;

  • ТАВ(Х) функциясы.


PRINT операторы былай орындалады. Егер қандай да бір сандарды баспаға

шығару керек болса, онда оларды жай ғана шығарылатын тізімге қосып қою керек. Тізімге айнымалылардың да аттарын көрсетуге болады. Айтарлық, мына PRINT 24,Х,А,5 операторын орындау кезінде Х және А айнымалылардың 7 және 8 мәндеріне ие болсын . Сонда PRINT операторы орындалғаннан кейін, экранға 24,7,-8,5 сандары шығады. Шығарылған тізімде өрнектер мен функциялар да кездесуі мүмкін . Бұл жағдайда алдымен олардың мәндері есептеледі, одан кейін сол мәндер экранға шығады.


Үйге тапсырма. 3.2-тақырып, 3-7 сұрақтарға жауап жазу.



Сабақ №17


Сабақтың тақырыбы Модельдерді сипаттау әдісі, модельдеу қасиеттері. Модель түрлері

Сабақтың мақсаты Оқушыларды «модель» ұғымымен таныстыру

Сабақтың міндеттері

  • модель түсінігін қалыптастыру

  • модельді анықтау жолдарын үйрету

  • модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру

  • модель түрлерімен таныстыру


Дереккөздер мен жабдықтар Үлестірмелі парақшалар, жаңа тақырып ресурстары, компьютер, стикер, лента

Жүру барысы Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

"EXPO-2017" қалалығының компьютерлік моделінің бейне ролигі


Білім, Түсіну -"Дана үкілер" техникасы бойынша түсіндіру.


1. Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері - мәтіннен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларға анықтама беру

2. Маңызды өмірлік даналық (мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңіз)

3. Таныс және таныс емес ( мәтіннен сізге алдын ала таныс болған және сізге мүлдем таныс емес ақпаратты табыңыз)

4. Иллюстрациялық бейнелеу (мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба арқылы бейнелеп көрсету)

5. Үлгі боларлық қорытынды (оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды)


Қолдану - "Модельдер сыры"

Шарты: 1. Модельдерді пәндік салаға топтау


Химиялық, Физикалық, Географиялық, Биологиялық

hello_html_4489f744.png


Шарты: 2. Берілген модельдерді материалдық және

ақпараттық бағытқа топтаңыздар

  1. Глобус

  2. Театр қойылымының декорациялық безендіру макеті

  3. Театр спектаклінің костюмдер эскизі

  4. Адам қаңқасының макеті

  5. Химия реакцияларының теңдеуі

  6. Абай Құнанбаев жанұясы ұрпақтарының сызба түріндегі моделі

  7. Қуыршақ

  8. Су молекуласы құрылымының моделі (макеті)

  9. Пойыздар қозғалысының кестесі

  10. Паровоз ойыншығы

  11. Метроның сызбасы

  12. Шаршының ауданын табу формуласы

  13. Чарльз Бэббидж суреті


Материалдық модельдер

Ақпараттық модельдер

1, 2, 4, 7, 8, 10

3, 5, 6, 9, 11, 12, 13


Талдау: "Логикалық есеп"

Кімнің қандай іспен айналысатынын анықтап, шешімін

кесте түрінде көрсету керек.

  • 3 жасөспірім: Қайрат, Мақсат және Архат бір көшеде тұрады. Біреуін барлығы мықты шахматшы ретінде біледі, екіншісі – футболшы, үшіншісі – достарымен жиналып, уақытын солармен өткізгенді жақсы көреді.

  • Бірде футболшы досына шахмат ойынын үйренуге барады, бірақ анасы баласының сол көшеде тұратын, барлығына таныс досымен би кешіне кеткенін айтады.

  • Архат Мақсат жайлы ешқашан естімегені белгілі


Көмек: Есепті шешу жолын Архат шахматшы емес деген ойдан бастау керек. Өйткені шахматшы футболшыны да, би кешін жақсы көретін баланы да тануы керек. Мақсат - би кештеріне қызықпайды, өйткені би кешін жақсы көретін баланы барлығы таниды, ал Мақсатты Архат танымайды.


Қайрат

Мақсат

Архат

Шахмат

-

+

-

Футбол

+

-

-

Би

-

-

+


Сергіту

"Сөзжұмбақ" Тақтаға мынандай сөздер жазылады: "Бірлік, бекінген, күш, төртгүл, әбестік, қалтырау, жетіген, сегізаяқ, тоғызқұмалақ, қонақ, қырықтық, келу, желтоқсан, жүзім, жымыңдаған"

Сұрақ: Бұл сөздерді қандай жәйт біріктіреді?

Жауабы: "Бірлік, бекінген, күш, төртгүл, әбестік, қалтырау, жетіген, сегізаяқ, тоғызқұмалақ, қонақ, қырықтық, келу, желтоқсан, жүзім, жымыңдаған"



"Ұшқыр ой" графикалық модель құру

hello_html_20d9bf74.png


Қорытындылау


"Электрондық тапсырма" - электрондық оқулықтан тапсырма орындау


"Кемпірқосақ"- жаңа сабақты түйіндеу


Үйге тапсырма

1. Адамдардың қалыптан тыс жағдайлардағы әрекеттерін анықтайтын өмір сүру ортасының моделін құру


1 - топ "Жер сілкінісі"

2 - топ "Кеме апаты"


2. EXPO-2017 қалашығының графикалық моделін құру


"Білім ағашы" бағалау





Сабақ №18



Сабақтың тақырыбы: Әртүрлы салалардың мысалдарында модельдерді зерттеу
Мақсаты:
І. Білімдік: Модельдеу, формальдау ұғымдарын қалыптастыру мақсатында өткен материалдарға. Модельдеудің негізгі түрлерімен таныстыру және сипаттама беру;
ІІ. Дамытушылық: Оқушыларда модельдерді формальдау кезінде зерттеушілік құзыреттілігін, логикалық ойлауын дамыту, ой - өрісін кеңейту.
ІІІ. Тәрбиелік: Танымдық қызығушылығын арттыру. Ақпараттық мәдениеттікке тәрбиелеу.
Білім - білікке қойылатын талаптар: Оқушылар объектінің моделі ұғымын, модельдерді кластарға бөлуді, модельдердің негізгі кезеңдерін, модельдерге мысалдар келтіре алуы керек.
Сабақтың типі: Практикум элементтері бар түсіндірмелі көрнекілікті
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, жазбаша жұмыс, интерактивті тақтада жұмыс.....
Сабақтың программалық - дидактикалық қамтылуы: Оқу есептеуіш техника кешені, /слайд/ флипчарт, әр түрлі макеттер мен муляждар, сызба - нұсқалар, үлестірмелі тарсырмалар, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру. Сабақтың өту ретін баяндау.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. «Қайталау» аралы.
Тест сұрақтары
І нұсқа
1. Жүйенің өзгеру мен даму процестерін көрсететін модель?
а) ақпараттық; ә) статикалық;
б) динамикалық; в) материалдық.
2. Қоршаған ортаны тану мақсатында модельдерді құру мен зерттеу... деп аталады.
а) модель; ә) модельдеу; б) формальдау; в) пішімдеу.
3. Модельдеудің ұсыну формаларын атаңыздар.
а) ақпараттық, материалдық; ә) оқулық, иматациондық, тәжірибелік;
б) статикалық, динамикалық; в) сөздік, логикалық, арнайы, математикалық.
4. Ақпараттық модельдерге кіретіндер:

Тапсырма №3 «Ойлан тап»
1. Күннің моделі бола алатын объектіні таңда
- Дөңгелек +
- Нүкте
- Жылытқыш +
- Жанып тұрған шам +
- Дүниежүзілік атлас
- Көгілдір фондағы сары шеңбер

2. Мысық объектісіне қатысты ақпараттық модельді таңда
- Мысықтың форфор бейнесі +
- “Мақта қыз бен мысық” ертегісі
- Ойыншық мысық +
- Мысықтың құлау кезіндегі іс - әрекетін сипаттау

Тапсырма №4 Төмендегі сөздер мен сөйлемдерді өз орнына апар
1. Заттардың химиялық әсері молекулалық деңгейде............. моделденеді;
2. Биология кабинетінде көкөністер мен жемістердің...... жиі қолданылады;



Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Паскаль программалау тілінің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Паскаль программалау тілдің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке патриоттыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:Түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тірек - сызбалар.
Пән аралық байланыс: Физика, математика, ағылшын.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Өткен материалды қайталдау сұрақтары

1. Алгоритммен программаның қандай
ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
2. Алгоритмді өрнектеу, жазу тәсілдері дегеніміз не?
3. Алгоритмдерді график арқылы кескіндеу ерекшеліктері қандай?
4. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
5. Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қандай командаларға бөлінеді?

Компьютерде есеп шығару кезеңдері
А) берілген есепті математикалық түрде өрнектеу;
Ә) есеп шығарудың компьютерге ыңғайлы сандық тәсілін анықтау;
Б) есеп шығару жолын алгоритм түрінде кескіндеу;
В) есепті компьютерде шығару программасын құру және оның қатесін түзету.
Г) есепке керекті мәліметтер мен берілгендерін жинақтау.
Д) компьютерде есеп шығару және шыққан нәтижені іс жүзінде қолдану.

Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әріпі мен цифрлары қолданылады. Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция (амалдар) белгілері жатады.
Алгоритмдік тілде (Паскаль, Бейсик, Си, т. б.) арифметикалық амалдардың орындалу тәртібі олардың математикадағы орындалу тәртібіне сәйкес келеді, яғни алдымен жақша ішіндегі амалдар, сонан соң көбейту, бөлу, қосу, азайту, т. б. амалдар орындалады.
Арифметикалық амал белгілері:
(+) – қосу;
(-) – азайту;
(*) – көбейту;
(/) – бөлу.
DIV – және (логикалық көбейту) операциясы;
MOD – қалдықты табу. Мысалы: 10 MOD 3 амалының нәтижесі 1;
айыру белгілері: ____ (бос орын);, (үтір);. (нүкте);: (қос нүкте);(нүктелі үтір); ` (апостроф); (;); [;]; {;}.
Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері: = (тең), <>(тең емес), (үлкен), = (үлкен не тең).
Сергіту сәті:
Полиглот
Жаңа сабақты түсіндіру

Өрнектер және олардың жазылуы
Өрнек деп арифметикалық амал таңбаларымен біріктірілген айнымалылардың функциялардың, тұрақтылардың жиынтығын айтады. Өрнектегі арифметикалық амалдардың орындалуы олардың орналасу реті мен жақшалар арқылы өзгертіледі. Қарапайым жағдайда өрнек тек айнымалылардан, тұрақтылардан немесе функциялардан тұруы мүмкін. Мысалы:
(5+7*х)/1. 8;
(sin(x)+5* cos(2+х))/ In(х); т. б

hello_html_0.gif


Алгоритмдік тілде (Паскаль, Бейсик, Си , т.б.) арифметикалық амалдардың орындалу тәртібі олардың математикадағы орындалу тәртібіне сәйкес келеді, яғни алдымен жақша ішіндегі амалдар, сонан соң көбейту, бөлу, қосу, азайту, т.б. амалдар орындалады.

hello_html_0.gif


Өрнектердің алгоритмдік тілде және программалау тіліндегі жазылуы да бір-біріне сәйкес келеді.
Паскаль тілінде өрнектер тек сызықты түрде жазылады. 

Тапсырмалар № 1
(a + b):(ху)
8-2+[21/4];мұндағы [] бүтін бөлу дегенді білдіреді.
(2+3)-ті 6-ға бөлгендегі бүтін қалдықты табыңдар
(5+2*4):3
(3,18-4,98)(1,171-0,27):(2,7-1,9)+5,96
(8+4):10
25 санын 3 ке бөлгендегі бүтін бөліндіні табыңдар
42 санын 5-ке бөлгендегі бүтін қалдықты табыңдар
Өрнекті Паскаль ережесі бойынша жазыңыз. 

Тапсырмалар №2

hello_html_0.gif


Сабақты бекіту сұрақтары
• Атаулар дегеніміз не ,олар не үшін қолданылады?
• Сандарды жазу ережесі қандай?. Паскальда сандардың қандай типтері бар?
• Айнымалы , тұрақты шамалар деп қандай шамаларды айтады?
• Арифметикалық өрнек дегеніміз не? Өрнектер Паскаль тілінде қалай жазылады?
• Төмендегіөрнектіңмағнасы бола ... 2.5 DIV ... 7 MOD 1.2 ...
Рефлексия 
Үй тапсырмасы: Өрнектердің жазылу ережелері. Жаттығу
Бағалау























Краткое описание документа:

Сабақ №1

Пән аты: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік

техника ережесін сақтау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:

1. ұйымдастыру кезеңі

2. сабақ сұрау

3. бағалау

4. жаңа сабақ

5. бекіту

6. үйге тапсырма

7. қорытынды

Автор
Дата добавления 29.04.2015
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров2349
Номер материала 258727
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх