Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / 11-сыныпқа арналған қолданбалы курс бағдарламасы

11-сыныпқа арналған қолданбалы курс бағдарламасы

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектеп









Қолданбалы курс бағдарламасы

11 сынып





Тақырыбы: Көпбұрыштар. Көпжақтар. Олардың аудандaры мен көлемдері



Пән мұғалімі: Әбуғалиева Ару





























2015-2016 оқу жылы

І. Түсінік хат:

11 – сыныптарға арналған «Көпбұрыштар. Көпжақтар. Олардың аудандaры мен көлемдері» Қолданбалы курсының бағдарламасын басшылыққа ала отырып математикадан алған білім, білік, дағдыларын, танымдық қабілеттерін және пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Тереңдетілген бағытта алынған бағдарлама құрылымында оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейі ескеріледі.

  • Оқу материалдарын тақырыптық жоспарлау бөлімінде берілетін курс материалдарының көлемі, реті мен тізбегі, оларды оқытуға жұмсалатын сағат саны көрсетілген.

  • «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» бөлімінде оқушылардың математикалық дайындығының міндетті деңгейі сипатталады.

Мақсаты: 11 сыныпта геометриялық түрлендіру тәсілдері: стереометрия курсындағы осы тәсілдердің дамуы, көпжақтар, қозғалу денелері мен комбинациялары, көлем және аудан, геометриядағы математикалық талдау әдістемелерінің бастауы. Осы материалдарды оқытуға және геометриялық есептерді шешуге, тәжірибемен ұштастыруға көңіл бөлінеді, шешімі қиын есептер шығарылады. математикаға танымдық қызығушылығын тереңдету, теориялық материалды оқытуда және күрделі есептерді шешуде оқушының өздігінен жұмыс істеуін дамыту, ерік-жігері мықты, еңбексүйгіш, қиындықты қиналмай жеңетін жеке тұлға етіп тәрбиелеу

Міндеттері:

  • геометриялық фигуралар мен олардың қасиеттері туралы негізгі математикалық тәсілдермен таныстыру,

  • геометриялық шамалардың өлшемдері туралы білімін жүйелеу және тереңдету, геометриялық сызбалар мен түрлендірулер,

  • есептерді шығаруды дәлелдеу, есептеу, салу дағдыларын қалыптастыру

  • Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру

Уақыт көлемі, сабақтың жиілігі:

Сағат саны -34, аптасына 1 рет.


ІІ. Курс бойынша мазмұны мен құрылымы


Көпбұрыштар. Көпбұрышты фигураның ауданы. ( 1 сағат)

Көпбұрыштар туралы түсінік. Көпбұрыштың түрлері.

Үшбұрыштар туралы алғашқы теоремалар (3 сағат)

Ұшбұрыштың төбелері, қабырғалары және бұрыштары. Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыш медианалары, биссектрисалары және биіктіктері. Үшбұрыштар теңдігінің белгілері.

Ұшбұрыштың түрлері. Қасиеттері мен аудандары. (3 сағат)

Теңбүйірлі үшбұрыш анықтамасы, ауданын табу формуласы. Теңқабырғалы үшбұрыш анықтамасы, ауданын табу формуласы. Тікбұрышты үшбұрыш анықтамасы, ауданын табу формуласы.

Қабырғалары параллель төртбұрыштар. (4 сағат)

Төртбұрыш және оның элементтері. Тіктөртбұрыш қасиеттері, ауданын табу формуласы.

Параллелограмның анықтамасы және қасиеттері, ауданы. Ромб. Квадрат. Трапеция

Шеңберге іштей және сырттай сызылған көпбұрыштар. (4 сағат)

Шеңберге іштей және сырттай сызылған үшбұрыштар. Шеңберге іштей және сырттай сызылған төртбұрыштар. Шеңберге іштей және сырттай сызылған дұрыс көпбұрыштар. Шеңбер ұзындығын шеңберге іштей және сырттай сызылған көпбұрыштың периметрі арқылы анықтау. Шеңберге іштей және сырттай сызылған көпбұрыштардың аудандары.

Көпжақтар және олардың беттерінің аудандары. (5 сағат)

«Көпжақтар» ұғымы.. Призма. Пирамида. Параллелепипед.

Айналу денелері. (6 сағат)

Цилиндр. Конус. Сфера және шар

Көлемдер. (6 сағат)

Көлем ұғымы. Параллелепипедтің және призманың көлемі. Пирамиданың көлемі. Цилиндр және конустың көлемі. Шардың және оның бөліктерінің көлемі

Қорытындылау. (2 сағат)



ІІІ. Нормативтік бөлім


Тақырыбы

Сағат

саны

Теориялық

Практикалық

I

Көпбұрыштар. Көпбұрышты фигураның ауданы.

1

1

-

II

Үшбұрыштар туралы алғашқы теоремалар

3

2

1

II

Ұшбұрыштың түрлері. Қасиеттері мен аудандары.

3

2

1

IV

Қабырғалары параллель төртбұрыштар.

4

2

2

V

Шеңберге іштей және сырттай сызылған көпбұрыштар.

4

2

2

VI

Көпжақтар және олардың беттерінің аудандары.

5

3

2

VII

Айналу денелері.

6

3

3

VIII

Көлемдер.

6

3

3

IX

Қорытындылау

1

-

1

X

Сынақ

1

-

1



34





«Көпбұрыштар. Көпжақтар. Олардың аудандaры мен көлемдері» қолданбалы курсының жоспары.

(Аптасына 1 сағат. Барлығы 34 сағат) 11 сынып

Тақырыбы

Сағат саны

Өтілетін уақыты

Оқытуды ұйымдастыршы формалары

І бөлім. Көпбұрыштар. Көпбұрышты фигураның ауданы. (1 сағ)

Көпбұрыштар туралы түсінік. Көпбұрыштың түрлері.

1


Дәріс

ІІ бөлім. Үшбұрыштар туралы алғашқы теоремалар (3 сағ)

Ұшбұрыштың төбелері, қабырғалары және бұрыштары. Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы.

1


Дәріс

Үшбұрыш медианалары, биссектрисалары және биіктіктері. Үшбұрыштар теңдігінің белгілері.


2


Есептер шығару

ІІІ бөлім. Ұшбұрыштың түрлері. Қасиеттері мен аудандары. (3 сағ)

Теңбүйірлі үшбұрыш анықтамасы, ауданын табу формуласы.

1


Дәріс

Теңқабырғалы үшбұрыш анықтамасы, ауданын табу формуласы.

1


Есептер шығару

Тікбұрышты үшбұрыш анықтамасы, ауданын табу формуласы.

1


Практика

IV бөлім. Қабырғалары параллель төртбұрыштар. (4 сағ)

Төртбұрыш және оның элементтері.

Параллелограмның анықтамасы және қасиеттері, ауданы.

1


Дәріс

Тіктөртбұрыш қасиеттері, ауданын табу формуласы.

1


Есептер шығару

Ромб. Квадрат.

1


Практика

Трапеция

1



V бөлім. Шеңберге іштей және сырттай сызылған көпбұрыштар. (4 сағ)

Шеңберге іштей және сырттай сызылған үшбұрыштар мен төртбұрыштар

1


Дәріс

Шеңберге іштей және сырттай сызылған дұрыс көпбұрыштар.

1


Есептер шығару

Шеңбер ұзындығын шеңберге іштей және сырттай сызылған көпбұрыштың периметрі арқылы анықтау.

1


Практика

Шеңберге іштей және сырттай сызылған көпбұрыштардың аудандары.

1


Дәріс, практика





VІ бөлім. Көпжақтар және олардың беттерінің аудандары. (5 сағ)

Үшжақты және көпжақты бұрыштар. Көпжақтар түсінігі

1


Практика

Призма және оның қасиеттері. Призманың жазбасы.Призма бетінің ауданы

1


Дәріс

Параллелепипедтер және олардың қасиеттері

1


Есептер шығару

Пирамиданың анықтамасы және оның жалпы қасиеттері

1


Есептер шығару

Пирамиданың жазбасы.Пирамида бетінің ауданы

1


Дәріс

VІІ бөлім. Айналу денелері. (6сағ)

Цилиндр – айналу денесі. Цилиндрдің қимасы

1


Дәріс

Цилиндрдің жазбасы мен бетінің ауданы. Іштей және сырттай сызылған призмалар

1


Тест

Конус айналу денесі. Конустың жазықтықпен қимасы

1


Дәріс

Конустың жазбасы мен бетінің ауданы. Іштей және сырттай сызылған конустар. Қиық конус

2


Есептер шығару

Сфера және шар.Сфераның теңдеуі. Шар бетінің және оның бөліктерінің аудандары

1


Дәріс

VІІІ бөлім. Көлемдер.(6 сағ)

Көлем ұғымы.Тікбұрышты паралелепипедтің көлемі

1


Дәріс, практика

Призманың көлемі

1


Дәріс, практика

Пирамиданың көлемі

1


Дәріс, практика

Цилиндрдің және конустың көлемі

1


Дәріс, практика

Шар бөліктерінің көлемі

1


Дәріс, практика

Денелердің көлемдерін табуға мазмұнды есептер

1


Дәріс, практика

Қорытындылау

1


Дәріс

Сынақ

1


Тест








IV. Ақпарттық-әдістемелік бөлім


Қолданбалы курсты оқытуды ұйымдастырудың формалары:

  1. Теориялық білім беру

  2. Өз бетімен іздену жұмыстары

  3. Жаңа технологиялық әдістер

  4. Сынақ жұмыстары

  5. Лекция, есептер шығару

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

Курсты оқып –үйрену нәтижесінде оқушылар төмендегідей дайындықтың міндетті деңгейі болып табылатын біліктерді меңгерулері тиіс:

- үшбұрыштардың, төртбұрыштардың қабырғаларын, бұрыштарын және аудандарын табу

- параллелограмды, тіктөртбұрышты, квадратты, ромбты және трапецияны сипаттауды және ажырата білу

- үшбұрыштың тамаша нүктелерін пайдаланып есептерді шешу

- дөңес және дөңес емес көпбұрыштарды ажырата білу

- дұрыс көпбұрыштың қабырғасын және ауданын оған іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустары арқылы өрнектеу

- фигуралардың кескінінің қасиеттерін негіздеуді және оларды стереометриялық сызбаларын орындай білу;

- геометриялық есептер шығарады, көпжақтардың және айналу денелеріне қатысты есептеулер мен дәлелдеуге байланысты есептерді шығара білу;

- көпжақтардың және айналу денелерінің беттерінің ауданын табуға;

-денелердің көлемін табудың формуласын білу және дәлелдеу;

- дене бетінің ауданын табу формуласын білу және дәлелдеу;

- әр түрлі дәрежедегі геометриялық шамалармен байланысты стереометриялық есептерді шығару.

Курсты аяқтау формасы:

-Рефераттар даярлау

-Тест

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:

өзіндік жұмыстар, бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары, шығармашылық тапсырмалар арқылы жүзеге асырылады.

Күтілетін нәтиже

-тапсырмаларды орындауда дәл және сауатты түрде теорияны білуі және өз ойын ортаға сала білуі;

-әр тапсырманы шешуде сәйкес оқытылған алгоритмді қолдана білуі.

- есепті шешудің тиімді әдісін немесе стратегиясын таңдау, есептің шешуін толық негіздеу және орындалған есептерді өзіндік тексеруді іске асыру

Есеп шығаруда тиімді тәсілдерді таба білу


Пайдаланған әдебиеттер:

Мұғалімдерге арналған әдебиеттер:

Абишева Т.К Логикалық есептерді шығару (6 сынып

3 Ахмадиева Г.К. Математика әлемі (8 сынып)

Алгебра және анализ бастамалары 11 сынып.

Дидактикалық материлдар жинағы.

Математика журналдары.

Оқушыларға арналған әдебиеттер:

  1. Алгебра 11 сынып, 11 сынып.

  2. Есептер жинағы.

  3. Тест жинағы


Бағдарлама мектептің әдістемелік бірлестігінде талқыланды. (хаттама №_ __2015 жыл)

Бағдарлама мектептің педагогикалық кеңесінде талқыланды, бекітіліді. (хаттама №_ __2015 жыл)

Бірлестік отырысынды талқыланды, бекітілді (хаттама №_ __2015 жыл)



Мектептің педагогикалық кеңесінің төрағасы:__________


хатшысы:__________


Бірлестік жетекшісі:__________


Общая информация

Номер материала: ДВ-430319

Похожие материалы