Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Қазақ тілінен 5сыныбына арналған оқу құралы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Қазақ тілінен 5сыныбына арналған оқу құралы

библиотека
материалов

170








5-сыныбына арналған оқу құралы



























Мирхайдарова З.Н.





Түсінік хат

Оқу құралында берілген мәтіндер жиынтығы 5-сынып оқушыларының қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан меңгеруіне көмек көрсетеді. Ол оқушының түсінікті сөйлеу дағдысы мен сауатты жазу дағдысын қалыптастырушы құрал. Еңбекте қазақша сөйлесім әрекетінің барлық түрлері (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім) қамтылған.

Білім мазмұны, көлемі, мөлшерін белгілеуде оқу жүктемесі 5-сынып оқушыларының жеке жас ерекшеліктері ескерілді. Тақырыптық аялар оқушылардың білім мен білігіне қойылатын талаптарды анықтайды.

Оқу құралының мақсаты:

  • 5- сынып оқушыларының қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту, оқушыны өз ойын айқын, түсінікті жеткізуге үйрету, тілдік қабілеті дамыған дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.































Оқу құралының мазмұны

Әлеуметтік-тұрмыстық ая (54 сағат)

Менің отбасым (18 сағат)

Сағат саны

1

Танысу

1

2

Өзім туралы

1

3

Менің отбасым

1

4

Ана жүрегін сезе біл

1

5

Менің атам мен әжем

1

6

Менің ағайындарым

1

7

Досым туралы

1

8

Атасы мен немересі

1

9

Қазақ отбасы

1

10

Отбасы дәстүрлері

1

11

Отбасы мүшелерінің мамандығы

1

12

Отбасы демалысы

1

13

Жай ғана әжей

1

14

Мақұлжан

1

15

Сен Отанға керексің

1

16

Анамның ақылы

1

17

Амандық хат

1

18

Бата-тілек – ұлттық негіз

1

19

Қорытынды сабақ

1


Менің мекен-жайым (18 сағат)


1

Менің көшем

1

2

Менің үйім

1

3

Менің пәтерім

1

4

Бөлмем

1

5

Жатақхана бөлмелері

1

6

Павлодар қаласы

1

7

Қала көшесіндегі ескерткіштер

2

8

Аялдамада

1

9

Алматы көшелерінде

1

10

Баянауыл

1

11

Облыстық кітапхана

1

12

Алғашқы трамвай

1

13

Автобустағы оқиға

1

14

Досымның мекен-жайы

1

15

Мектептің мекен-жайы

1

16

Атам мен әжемнің мекен-жайы

1

17

Қорытынды сабақ

1


Ас дәмдә болсын! Таңғы, түскі, кешкі тамақ (18 сағат)


1

Ас атасы – нан


2

Нан қайдан келеді

1

3

Азық-түлік дүкені

1

4

Дастарқан

1

5

Таңғы ас

2

6

Түскі тамақ

1

7

Кешкі тамақ

1

8

Балдың пайдасы

1

9

Ас ішу тәртібі

1

10

Ұлттық тағам

1

11

Асханада

1

12

Құймақ

1

13

Ірімшік

1

14

Қонаққа шақыру

1

15

Ас – адамның арқауы

1

16

Біздің асханада

1

17

Қорытынды сабақ

1


Әлеуметтік-мәдени ая (58 сағат)

Менің Қазақстаным (20 сағат)


1

Қазақстан Республикасы

1

2

Астана – Тәуелсіз елдің жаңа елордасы

1

3

Мемлекеттік тіл – қазақ тілі

1

4

Ата заңы, жеті жарғы

1

5

Қазақ еліне саяхат

1

6

Қазақстанның өндіріс орындары

1

7

Қазақстанның табиғаты

1

8

Қазақстан қалалары

1

9

Алматы – сүйікті қалам

1

10

Қазақстан тәуелсіз мемлекет

1

11

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет

1

12

Қазақ халқының ұлттық тағамдар

1

13

Қазақ халқының салт-дәстүрлері

1

14-15

Ұлттық аспаптар. Домбыра

2

16-17

Ұлттық киімдер

2

18

Қазақ күйшілері мен әншілері

1

19

Қазақстан мерекелері

1

20

Нәтиже сабақ Тест

1

1

Қыс

1

2-3

Бұл қай кезде болады?

2

4

Жаңа жылды қарсы алу

1

5

Ақшақар мен аяз ата

1

6

Қысқы демалыс

1

7

Нәтиже сабақ

1

1

Қыс қызығы

1

2

Аққалада

1

3

Мұз айдыны

1

4

Қысқы ойындар

1

5

Шыршаны безендіру

1

6-7

Елбасы шыршасы

2

8

Қыс мерекелері

1

9-10

Жаңа жыл кешінде

2

11

Жаңа жылдық киім

1

12

Нәтиже сабақ. Тест

1

1

Спорт қашан пайда болды

1

2

Денешынықтыру сабағында

1

3

Баскетбол

1

4

Денсаулық – зор байлық

1

5

Спорт үйірмелері


6

Жекпе-жекте сүрінбеген


7

Сұлулық сыры

1

8

Ұлттық ойындар

Қыз қуу


1

9

Көкпар


1

10

Қазақша күрес


1

11

Футбол – әйгілі спорт

1

12

Футбол ойынының тарихы

1

13-14

Ханталапай ойыны

2

15-16

Тоғызқұмалақ ойыны

2

17

Теннис ойыны

1

18-19

Азиада 2011

2

20

Нәтиже сабақ.Тест

1


Оқу-еңбек ая (58 сағат)

Менің мектебім. Мектеп ғимараты (20 сағат)

Сағат саны

1

Мектеп

1

2

Мен кезекшімін

1

3

Мектеп кабинеттері

1

4

Жаңа оқу жылы

1

5

Біздің мұғалім

2

6

Оқу құралдары

1

7

Қазақ тілі кабинетінде

1

8

Мектеп кітапханасы

1

9

Біздің сынып

2

10

Оқу,білім туралы мақал-мәтел

1

11

Менің сүйікті ұстазым

1

12

Менің сүйікті пәнім

1

13

Еңбек кабинетінде

1

14

Мектеп спортзалы

1

15

Менің сыныптастарым

1

16

Экологиялық мұражай

1

17

Даңқ мұражайы

2

18

Қайталау Мектеп

1


Мектеп демалысы. Оқу жылындағы демалыс (18 сағат)


1

Театрда

1

2

Ән-күй үйірмесі

1

3

Мектеп кештері

2

4

Біз серуенге барамыз

1

5

Жаз келді

1

6

Жазғы табиғат

1

7

Жазғы саяхат

2

8

Жазда

1

9

Ауылға барамын

1

10

Жазғы еңбек

1

11

Аққу

1

12

Жазғы ауа райы

1

13

Лагерьде

1

14

Жайлауда

1

15

Табиғат туралы мақал-мәтелдер

1

16

Нәтиже сабақ.Демалыс

1


Қазақ тілі сабағында біз әдетте не үйренеміз? 20 сағат





1

Қазақ тілі сабағында не үйрендік?

1

2

Оқулық пен доп

1

3

Өлеңді жаттаймыз

2

4

Біз мәнерлеп оқимыз

1

5

Қазақша сөйлейміз

1

6

Тіл туралы мақал

1

7

Мәтінді орыс тіліне аударамыз

2

8

Мектеп – біздің анамыз

1

9

Ұқыпты оқушы боламыз

1

10

Күн тәртібі

1

11

Әдепті балалар

1

12

Ана тілім – қанатым

1

13

Қазақ тілі – дана тіл

1

14

Тіл туралы мақал

1

15

Ана тілім – әнім

1

16

Анамның тілі – аяулы үні

1

17

Менің тілім

1

18

Қорытынды сабақ

1













Танысу

Жаңа сөздерді оқып, естеріңе сақтаңдар:


биыл – в этом году

ермек –хобби

өткізу –проводить



1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

Менің атым – Сәуле. Мен он бірінші сәуірде тудым. Қазір он бір жастамын. Павлодар қаласында тұрамын. Биыл бесінші сыныпта оқып жүрмін. Сыныпта жиырма бес оқушы бар. Мен Майрамен бір партада отырамын. Менің ермегім – сурет салу. Менің достарым көп. Бос уақытымда сурет саламын, достарыммен кездесемін.

  • Әңгіме кім жайында ?

  • Ол неше жаста?

  • Сәуле қай қалада тұрады?

  • Сәуле биыл нешінші сыныпта оқып жүр?

  • Ол немен айналысқанды жақсы көреді?

  • Сәуленің достары көп пе?

  • Сәуле бос уақытында не істейді?

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды қойып жазыңдар.

Оның ат ... Сәуле. Сәуле он бір жас ... . Ол Павлодар қаласында тұра... . Сәуле биыл бесінші сыныпта .... .... . Оның ерме... – сурет салу. Сәуле... достар ... көп. Ол бос уақыт...да сурет сала..., достар...мен кездес....

3-тапсырма. Берілген сөздермен сөз тіркесін құраңдар.


Сәуленің тұрамын

Павлодарда келді

Сыныпқа оқыдым

Досыңмен досы

Кітаптан танысамын










Өзім туралы

Жаңа сөздермен танысып, естеріңе сақтаңдар, сөздік дәптерлеріңе жазып алыңдар.

ұлт – национальность

күй – куй

орындау – исполнять

тіл маманы – языковед

атақты – известный

үнемді – экономно



1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.


Менің тегім – Төлеубеков, есімім – Әліби, әкемнің аты – Қамбар. Мен Қостанай облысы Наурызым ауданында тудым. 2000 жылдың 25 қыркүйегінде дүниеге келдім. Менің ұлтым қазақ.

Биыл Ш.Уалиханов атындағы № 31мектеп-гимназияның 5-сыныбында оқып жүрмін. Мектепте домбыра үйірмесіне қатысамын. Атақты күйші- композиторлардың күйлерін орындап жүрмін.

Болашақта мен тіл маманы болғым келеді. Сол үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдерін көп оқимын. Демалыс күндері достарыммен кездесемін. Бос уақытымда сыныптастарыммен, достарыммен театрға, мұражайға, саябаққа барамыз, бірақ бос уақытымды үнемді пайдалануға тырысамын.

1. Мәтін кім туралы?

2. Қалай ойлайсың, ол неше жаста?

3. Ол қандай үйірмеге қатысады?

4. Болашақта кім болғысы келеді?

5. Тіл маманы болу үшін қандай тілдерді білу керек?

6. Ол бос уақытын қалай өткізеді?


2-тапсырма. Сауалнаманы толтырыңдар.

1. Аты-жөнің .......................

2.Туған күнің, жылың ..............

3.Ұлтың .....................

4. Жасың .................

5. Әке-шешеңнің аты-жөні .................................

6. Сенің ермегің ........................


3-тапсырма. Ұ,Ү дыбыстарының дыбысталуына мән беріп оқыңдар.

Қыркүйек, дүниеге, үйірме, ұнайды, үнемді, күйлер, үйрену, үлгілі, мұражай


Менің отбасым

І-тапсырма. 1. Жаңа сөздерді оқып, естеріңе сақтаңдар.

өз – свой

дастарқан жаю – накрыть стол

тату – дружная






2. Мәтінді түсініп оқыңдар.

Менің атым – Ерасыл. Отбасымда алты адам бар. Олар: атам, әжем, әкем, анам, әпкем және мен. Бүгін атам мен әжем ауылдан келді. Мен әпкеме көмектестім, біз дастарқан жайдық. Отбасымызда кішілер үлкендерді сыйлайды. Менің отбасым өте тату. Мен өз отбасымды жақсы көремін.

3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.


1. Мәтіндегі ұлдың аты кім?

2. Ерасылдың отбасында неше адам бар?

3. Ауылдан кімдер келді?

4. Ерасылдың әкесі бар ма?

5. Ерасыл мен әкесі не істеді?

6. Кімнің жанұясы тату?

7. Ерасыл кімге көмектесті?


2-тапсырма: 1. Берілген сөздердің көптік жалғауларын тауып қойыңдар.


Ата... , әже..., аға... , сіңлі... , қарындас ..., қыз..., ұл..















Ана жүрегін сезе біл


Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін оқып, танысыңдар.


сезе біл – умей почувствовать

абыржу – переживание

жан дүниесі – внутренний мир

шыншыл бол будь честным

рұқсатынсыз без разрешения


1-тапсырма: 1. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақ құраңдар.

Ана жүрегін сезе біл, оның жанарындағы шапағат пен тыныштықты, бақыт пен қуанышты, абыржу мен ренішті көре біл. Егер сен бала кезіңнен оның жан дүниесін көре білуді үйренбесең,адамгершілік жағынан өмір бойы тәрбиесіз болып қаласың.

Анаңа да, әкеңе де шыншыл бол. Ата-анаңның рұқсатынсыз істеуге болмайтын нәрсенің бәріне солардың рұқсаты мен ризалығын сұра.

(В.А. Сухомлинский).


2-тапсырма: Берілген сөздерді І жақта тәуелдеп, сөйлем құраңдар.


Ана, әке, отбасы, туыс, дос


3-тапсырма: Берілген сөздерді аударыңдар.


Дедушка

Бабушка

Папа

Мама

Старший брат

Старшая сестра

Младший брат

Старшая сестра

















Менің атам мен әжем

hello_html_1894b01c.jpg

Жаңа сөздермен танысыңдар.

зейнеткер – пенсионер

өткізу – проводить

құрметтеу - уважать



1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

Менің атым – Мақтақыз. Жазғы демалысты ауылда өткіздім. Онда атам мен әжем тұрады. Олар – зейнеткер. Атам 63 жаста, әжем 61-де. Жазғы демалыста атам мен әжеме көмектестім. Олардың үй жануарлары бар. Олар: қой, сиыр, жылқы, түйе.

Ауыл адамдары ата-әжемді құрметтейді. Мен де оларды жақсы көремін.

1. Мәтіндегі қыздың аты кім?

2. Мақтақыз жазда қайда демалды?

3. Оның атасы мен әжесі қайда тұрады?

4. Олар неше жаста?

5. Оларда қандай үй жануарлары бар?

6. Қалай ойлайсың, Мақтақыз жазды қалай өткізді?

7.Үй жануарларына нелер жатады?


2-тапсырма. Берілген сөздерге тәуелдік жалғауларын жалғап, дәптеріңе жазыңдар.


Менің демалыс..., сенің әже..., сіздің немере...., оның демалыс..., біздің ата..., сендердің ауыл....,сіздердің ағайындар...., олардың қыз.... .

Менің ағайындарым

Жаңа сөздермен танысып, естеріңе сақтаңдар:

шопан – чабан

жайлау – летнее пастбище

ағайындар – братья


1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

Менің атым – Жандос. Екі ағам бар. Үлкен ағам Әсет ауылда тұрады. Әсет – шопан. Әйелі – Жәмила шопанның көмекшісі. Олардың бір ұл, бір қызы бар. Ұлының аты – Әбіш, қызының аты – Күлән. Әбіш 6 жаста, Күлән 4 жаста. Көрші ауылда кіші ағам Сәрсен тұрады. Ол агроном, әйелі Мәкен – мұғалім.

Біз отбасымызбен жазда Әсеттің жайлауында демаламыз. Уақытымыз көңілді өтеді. Анам қымыз піседі (дайындайды). Әкем бос уақытта балық аулайды. Мен достарыммен кешке «Ақ сүйек» ойынын ойнаймын.

Біздің отбасымыз өте тату.


1. Әсеттің неше ағайыны бар?

2. Олардың мамандығын ата.

3. Әсеттің неше баласы бар?

4. Әбіш неше жаста?

5. Жандос ата-анасымен қайда демалады.

6. Ол жолдастарымен қандай ойын ойнайды?

7. Қалай ойлайсыңдар, отбасы тату ма?


2-тапсырма. Сызба бойынша сөз тіркесін құраңдар.

Зат есім + зат есім

Сын есім-зат есім

Есімдік+ зат есім

Сан есім+зат есім


3-тапсырма. Берілген сөйлемдерді аударыңдар.


1. Мои братья живут в деревне. 2. У меня есть дядя. 3. У тебя есть родственники в деревне? 4. Где ты будешь отдыхать летом?


Досым туралы

Жаңа сөздерді түсініп оқыңдар.

сыпайы – вежливая

бірге – вместе

суретке түстік – фотографировались



1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақ құраңдар.

Менің достарым көп. Солардың ішінде ең жақын досым – Назерке. Оның жасы он бірде. Назерке Астана қаласында тұрады.

Назерке – өте ақылды, дарынды, сабырлы, тәрбиелі, сыпайы қыз. Ол – озат оқушы.

Назерке екеуіміз Баянауылда таныстық. Ол да отбасымен демалды. Назеркенің отбасында бес адам. Оның сіңлісі мен інісі бар. Олар да бізбен көлде шомылды. Біз бірге тауға шықтық, суретке түстік. Бұл демалыс көңілді өтті. Назерке маған хат жазып тұрады.

2-тапсырма. Төмендегі сөздерді сөз құрамына талдаңдар.


Достарым, ішінде, ақылды, інісі, таныстық.

3-тапсырма. Бірінші бағандағы сөздердің екінші бағаннан антонимдерін табыңдар.

Дос Жомарт

Ақылды Әлсіз

Өнерлі Қатыгез

Сабырлы Салмақты





Атасы мен немересі

Жаңа сөздерді оқып, естеріңе сақтаңдар.

шам - лампа

қорықпаймын - не боюсь

ештеңеден - ничего

сөну - потухнуть

сол сәтте - в это время

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақ құраңдар.

Атасы бес жасар Ержанға ойыншық автомат сатып әперді. Кеш батып, шам жаққан кезде Ержан ойынға кірісіп кетті. Ол бір кезде креслода отырған атасына келіп:

- Ата, мен батырмын! Міне, автоматым бар. Ештеңеден қорықпаймын!-деді.

Атасы оны басынан сипап:

- Иә,батырсың,балам. Ештеңеден қорықпассың,-деді.

- Ержан автоматын атып, басқа бөлмеге жүгіріп кетті. Сол сәтте жарық сөніп, үйдің іші қараңғы бола қалды.

- Ата! Қараңғыда қорқамын! - деді Ержан.

- Неге қорқасың, «батыр» емессің бе?-деді атасы.

- Мен шам жанып тұрғанда батырмын,- деді немересі

(Т.Жексенбай).

2-тапсырма. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.

- Сенің ата-әжең бар ма?

- ………………… .

- Олар неше жаста?

- Атаң мен әжең саған қандай сыйлық әперді?

- Сен оларға қалай көмектесесің?

- Қариялар қайда тұрады?

3-тапсырма. Әр қатардан тақырыпқа сәйкес келмейтін сөздерді табыңдар.

1. Ата, әже, немере, аға, сіңлі, мұғалім, ата-ана.

2. Айналайын, құлыным, жаман, жұлдызым.

3. Құттықтау, шашу, шілдехене, оқу, қуаныш.


Қазақ отбасы

Жаңа сөздерді оқы, есіңе сақта:

Тірек – опора

Ұйытқы – (здесь) основа, дружба



1-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, сұрақтарға жауап бер.


Қазақ отбасында, ең алдымен, ата-ананы құрметтейді. «Әке – үйдің тірегі, ана – үйдің ұйтқысы» деп айтқандай, қазақ отбасында ата-ананың орны бөлек. Үлкен адамдарға «Сіз» деп атап, әрқашан төрден орын берген.

Отанды сүю – отбасынан басталады. Әке ұлына үлгі болса, ана қызына үлгі болу керек. Отбасындағы тәрбие жақсы болу тиіс.


1.Қазақ отбасында кімді құрметтейді?

2. Қазақ отбасында кімнің орны бөлек?

3.Үлкен адамдарға қайдан орын береді?

4. «Сіз» деп кімдерге айтамыз?

5. Үйдің тірегі кім?

6 .Үйдің ұйытқысы кім?


2-тапсырма. Өз ата-анаң,отбасың туралы шағын әңгіме құрастыр.


3-тапсырма. Мақал-мәтелдердің жалғасын тап.


Әке –асқар .... -- өседі

Әкеге қарап ұл ...., шешеге қарап қыз .... -- басталады

Отан отбасынан .... -- тау



Отбасындағы дәстүрлер

Жаңа сөздермен танысып, сөздік дәптеріңе жазыңдар.


дәстүрлер – традиции

құрмет – уважение

қарсы алу – встречать

көмектесу – помогать


1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

Біздің отбасымыз өте тату. Отбасымызда жақсы дәстүрлер көп. Олар: үлкенге құрмет көрсету, кішіге көмек көрсету, туған күн, мерекелермен құттықтау.

Кеше менің туған күнім болды. Әкем мен анам маған ұялы телефон сыйлады. Туған күнге достарым келді.

Біз мерекелерді отбасымен қарсы аламыз. Мысалы, Наурыз мейрамында әжем наурыз көже пісіреді. Біз дастарқан жаюға көмектесеміз. Келген қонақты қарсы аламыз, мерекені көңілді өткіземіз.


1. Бұл отбасы қандай деп ойлайсың?

2. Дәстүр деген не?

3. Бұл отбасы дәстүрлерді сақтай ма?

4. Олар қандай дәстүрлер?

5. Наурыз мерекесінде кім не істейді?

6. Келген қонақтарды кім қарсы алады?

7. Қазақта қонақты қайда отырғызады?


2-тапсырма. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.


- Райхан , сенің отбасың қандай?

- Менің отбасым үлкен және тату.

- Сенің отбасыңда қандай дәстүрлер бар ?

- Менің отбасымда өте жақсы дәстүрлер бар.

- Мысалы,...



3-тапсырма. Берілген сөздерге тәуелдік жалғау қосып, сөйлем құрастырыңдар.

Отбасы, қарындас, туыс, әпке, сіңлі.



Отбасы мүшелерінің мамандығы

Жаңа сөздермен танысып, естеріңе сақтаңдар.

мамандық – профессия

болашақта – в будущем

заңгер –юрист


тіліші – журналист

болғым келеді – хочу быть



1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

Менің атым – Асан. Отбасы мүшелерімнің мамандығы әр түрлі. Әкем – құрылысшы. Ол үй салады. Анам – дәрігер, ол №1 қалалық ауруханада жұмыс істейді. Ол адамдарды емдейді. Ағам – студент, болашақта заңгер болады. Атам зауытта жұмыс істейді, ал әжем – зейнеткер. Мен бесінші сыныпта оқимын. Болашақта тілші болғым келеді. Ол үшін мен қазақ, ағылшын тілдерін үйреніп жүрмін. Барлық мамандық адамдарға керек.

1. Отбасында қанша адам бар?

2. Асанның әкесінің мамандығы қандай?

3. Ол не істейді?

4. Анасы қайда жұмыс істейді?

5. Ағасының болашақтағы мамандығы қандай?

6. Атасы қайда жұмыс істейді?

7. Әжесі жұмыс істей ме ?

8. Асан болашақта кім болғысы келеді?


2-тапсырма. Берілген сөздерді тәуелдеп жазыңдар.

Мамандық, тарақ, күнделік, ойыншық.



Отбасы демалысы

Жаңа сөздерді оқып, сөздік дәптерлеріңе жазып алыңдар.

жағажай – пляж

күнге қыздырыну – загорать

өткізу – проводить

былтыр – в прошлом году, прошлый

год

биыл – в этом году, этот год

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

Менің атым Ақерке. Әр демалысты біз отбасымызбен бірге өткіземіз. Демалыста біз жағажайға, киноға, мұз айдынына, табиғатқа барамыз. Әкем мен шешем кезекті демалысқа жаз айларында шығады. Былтыр жазда отбасымызбен Бурабайға бардық. Биылғы жазғы демалысты Баянауылда өткіздік.

Сосын Астана, Алматы, Өскемен қалаларына туыстарға қонаққа бардық. Отбасымен демалған қандай жақсы!

1. Әр демалысты Ақерке кіммен бірге өткізеді?

2. Демалыста ол қайда барды?

3. Әкесі мен шешесі кезекті демалысқа қашан шығады?

4. Былтыр жазда отбасымен қайда барды?

5. Биылғы жазғы демалысты қайда өткізді?

6. Отбасымен демалған жақсы ма?

7. Туыстары қайда тұрады?

2-тапсырма. Өзара сөйлесіңдер.

- Марат, биыл сендер демалыста қайда бардыңдар?

- Біз биыл демалыста отбасымызбен ауылға бардық.

- Ауылда кім тұрады?

- Ауылда нағашы әжем мен атам тұрады.

- Ауылда не істедіңдер?

- Атам мен әжеме көмектестік. Көлде шомылдық. Орманға барып, жидек тердік. Жақсы демалдық. Ал сен өзің қайда болдың?

- Мен биыл отбасыммен Астана қаласында болдым. Мен де жақсы демалдым.


3-тапсырма. Көп нүктенің орнына өткен шақ жұрнақтарын қойып, сұрақтарға жауап беріңдер.

Демалыс күні (қалай?) өтеді. Жаздыгүні (қайда?) балық аула...., күнге қыздырын..., (не?) тер..., суға шомыл...., табиғатқа шық.... . Менің отбасым (әр жексенбіде) (жыл сайын) қайда барады?



Жай ғана әжей

Жаңа сөздермен танысып, естеріңе сақтаңдар.

Тайғанақ – скользкий

Құлау – свалиться, упасть

Таң қалу – удивляться

Көмектесу – помогать

қылық – поступок

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

Жолда ұл мен қыз келе жатты. Олардың алдында бір әжей келе жатқан. Жол тайғанақ еді. Әжей құлап қалды. Ұл қасындағы қызға сөмкесін берді де, әжейге көмектесті.

Қыз одан:

  • Ол сенің әжең бе? – деп сұрады.

  • Жоқ, - деп жауап берді бала.

  • Анаң ба? – деп таң қалды қыз.

  • Олай да емес! – деп жауап қайтарды бала. – Ол жай ғана әжей ғой.



1. Әңгіме кім жайында?

2. Ұл бала әжейге неге көмектесті, оның қылығы дұрыс па?

3. Өз басыңда ұқсас жағдай болды ма?


2-тапсырма. Осы әңгімеге қандай мақал-мәтел сай келеді?

А) Адамнан қарғыс алама, алғыс ал.

В) Адам азса, заман тозар.

С )Ақшалы адам – ақылшы.

3-тапсырма. Әжей балаға қалай алғыс айтты деп ойлайсың? Ойды жалғастыр.

4-тапсырма «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» деген мақалды қалай түсінесің?



Мақұлжан

Жаңа сөздермен танысып, сөздік дәптерлеріңе жазыңдар.

елгезек – чуткий,послушный

сүйсіну – любоваться

еркелету – ласкать,баловать

мақұл – ладно,хорошо



1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтінге ат қойыңдар.

  • Төлеужан бұзауға су берші.

  • Мақұл, апа.

  • Дүкеннен нан әкеле қойшы.

  • Мақұл.

  • Елгезек Төлеужан бәрін күліп жүріп орындайды. Ренжімейді. Ойынға да үлгереді. Бір жолы көрші ауылдан бір қария қыдырып келеді. Қария бәрін байқапты.

  • Төлеужан, сенің атыңды Мақұлжан қою керек еді. Дәу жігіт бол!Тіл алғаннан ешкім қор болмайды. «Алғыспен ел көгерер» деген, - дейді



2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Әңгіме кім туралы?

2. Ол қандай бала?

3. Ол отбасына қалай көмектеседі?

4. Қария неге оны Мақұлжан деп атады?

5. Қария қандай бата берді?


3-тапсырма. Төмендегі сөздерді мағынасына қарай бөліп жазыңдар.

Қария, Мақұлжан, апа, Төлеужан, дәу, дүкеннен, ауыл.

4-тапсырма. Берілген сөздер қай септікте тұрғанын анықтап, сөйлем құраңдар.

Дүкеннен, қарияның, бұзауға, Төлеужанның, апасымен.



Сен Отанға керексің

Жаңа сөздермен танысып, естеріңе сақтаңдар.

ерте – рано

күн сайын – ежедневно

өсу – рости

мықты – сильный



1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтінге ат қойып, сұрақтарға жауап беріңдер.

Атасы немересіне:

- Сен жақсы адам болып өс. Күш жина. Таңертең ерте тұр. Жаттығу жаса. Салқын сумен жуын. Тамағыңды іш. Күшің көп болу керек, - деп ақыл айтты.

  • Ал өзіңіз неге аз жейсіз, ата? – деді немересі.

  • Мен шалмын. Мен енді өспеймін. Ал сен күн сайын өсесің. Саған тамақты көп жеу керек. Жемесең, өспейсің. Ақылың да аз болады. Біздің Отанымызға ақылды, күшті, батыр, әрі денсаулығы мықты жігіттер керек. Мен сені Отанымызға қызмет етсін деймін, балам. Сен де біздің Отанға керексің, - деп, атасы немересінің басынан сипап қояды.


1. Атасы немересіне қандай ақыл айтты?

2. Немересі атасына қандай сұрақ қойды?

3. Неліктен балаларға жақсы тамақтану керек?

4. Отанды қорғау үшін қандай болу керек?

5. Қалай ойлайсыңдар біздің Отанымызға неге батыр, денсаулығы мақты жігіттер қажет?


2-тапсырма. Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңдар.


Сумен, шалмын, біздің, тамақты, ақылың, немересінің, басынан.


3-тапсырма. Өлеңді жаттап алыңдар. Өз әжелерің туралы өлең не әңгіме жазыңдар.


Сөзімді дұрыстайтын әже,

Айғайлай ұрыспайтын әже,

Қыдырса ерте кететін әже,

Ылғи да еркелететін әже.




Анамның ақылы


Жаңа сөздерді оқып, сөздік дәптерлеріңе жазып алыңдар.


қонақжай – гостеприимный


қолыңнан келгенше – по возможности

жақсылық жасағысы келеді – хочет сделать добро

қарсы алу – встретить


1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтінге ат қойыңдар.

Менің анам қонақжай. Біздің үйге қонақ көп келеді. Үйге келген қонақтарды жақсы қарсы алады. Ет асып, шай береді. Көйлек кигізеді. Сөмкесіне май, қаймақ салып береді. Адамдарға көмектесіп жүреді. Бәріне жақсылық жасағысы келеді. Анамның жақсылығын ешкім ұмытпайды. Анам маған: «Адамдарға қолыңнан келгенінше жақсылық жасау керек. Біреуге жасаған жақсылық – өзіңе жасаған жақсылық. Жамандық та, жақсылық та өз ісіңнен басталады», - дейді


2-тапсырма. Мәтінде қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойып, сөйлемді көшіріп жазыңдар.

3-тапсырма. Диалогты жалғастырыңдар.


  • Сенің үйіңе қонақ жиі келе ме?

  • Қонақты қалай қарсы аласыңдар?

  • Сендер қашан қонақ шақырасыңдар?

  • ...


4-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды қойып, өлеңді жаттаңдар.


Анаң – күн..., жүрегің,

Әкең-өмір тірегің.

Сен бақытты ұлан...,

Бәрі саған қуансын!


Әжең-асыл ардағың,

Атаң – дана қорған...,

Сен бақытты ұлан...,

Бәрі саған қуансын!




Амандық хат

Жаңа сөздермен танысып, естеріңе сақтаңдар.


Жеңге – сноха

сәт-сапар – счастливого пути

айтпақшы – кстати



мерейтой – юбилей



1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.

Амансыңдар ма, сүйікті аға-жеңгем? Хал-жағдайларыңыз жақсы ма? Менің іні-қарындасым, туыс, көршілерім аман ба?

Биыл отбасыларыңызда үлкен қуаныш болып жатыр. Биыл ұлыңыз мектепке барады ғой. «Тілашар»тойы болды ма? Нұртастың тойы құттықтаймын! Жақсы білім, тәрбие алып, үлкен азамат болсын! Нұртасқа сәт-сапар тілеймін. Айтпақшы, үйленгендеріңізге 10 жыл толуын тойлағалы жатыр екенсіздер.

Мерейтойларыңыз құтты болсын. Әрбір күніңіз мерекелі болып, бақытты өмір сүріңіздер. Бала-шағаңыздың рахатын көріңіздер. Қуаныштарыңызға ортақпын.

Аман-сау болыңыздар.

Сәлеммен інілеріңіз – Ғалым.


1. Хат жазушы кім?

2. Ол кімге хат жазды?

3. Ғалымның інісінің аты кім?

4. «Тілашар» тойын қашан тойлайды?

5. Ғалым інісіне қандай тілек білдірді?



2-тапсырма. Берілген сөздерді көпше түрде жазыңдар.


Қарындас, көрші, той, мереке, жыл, бала.



3-тапсырма. Төмендегі сөздердің синонимдік жұбын құрастырыңдар.


hello_html_4bf42ffc.gifоқушы зор

той жанұя

отбасы шәкірт

үлкен мереке


Бата- тілек – ұлттық негіз

Жаңа сөздермен танысып, естеріңе сақтаңдар.

дәстүр – традиция мазмұнды – содержательное

бата – благославление мән – значение



1 –тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақ құраңдар.

Халқымыздың ертеден келе жатқан дәстүрлерінің бірі – бата беру. Бата сөзі – мазмұнды және тәрбиелік мәні бар мұралардың бірі. Бата-тілек бүгінгі күнге дейін қолданылып келеді. Қазақта батаны үлкен адамдар береді. Батаны бала аман болу үшін, жақсы болу үшін береді.



2-тапсырма. Диалогты оқып, жалғастырыңдар.

- Сенің ойыңша,батаны кім береді?

- Қалай ойлайсың, батаны не үшін береді?

- Батаны қай кезде береді?

- Сен үлкеннің батасын алдың ба?

- ...



3-тапсырма. Мәтіннен шылау сөздерді теріп жазып, түрлерін анықтаңдар.

Менің отбасым

Қорытынды сабақ

Тест сұрақтарына жауап беріңдер.

1. Отбасы мүшелерінің атауын табыңдар.

А) үй, пәтер, бөлме.

В) аға, сіңлі, іні.

С) дәрігер, ұшқыш, сатушы.

2. Дұрыс жазылған сөзді табыңдар.

А) орталығы В) орталықы С) орталыгы

3. «Қарындасым» деп кім айтады?

А) әкесі В) әпкесі С) ағасы

4. Үндестік заңы екі түрге бөлінеді ме?

А) иә В) жоқ С) білмеймін

5. Отбасы мүшелерін жасына қарай жазыңдар.

А) іні В) ата С) шеше Д) әпке.

6. Сөз тіркестерін дұрыс құраңдар.

А) құрмет 1 әжем

В) менің 2 болу

С) көңілді 3 көрсету

7 . Сызбаға сәйкес сөзді табыңдар.

Түбір + қосымша.

А) ана В) қарындас С) әкесі

- Отбасы туралы 3 сөйлем жазыңдар.

- «Әпке» деген сөзге фонетикалық талдау жасаңдар.




Менің көшем

Жаңа сөздермен танысып, сөздік дәптерлеріңе жазып алыңдар.

ақын-әнші – поэт-песенник

атақты – известный

тұрғын үй – жилой дом

көше бойында – на протяжении улицы

көлік – транспорт

ғимарат – здание



1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

Менің атым – Айгүл. Мен Естай көшесінде тұрамын. Естай Беркімбайұлы – қазақтың атақты ақын-әншісі. Бұл көше – қаланың орталық көшелерінің бірі. Көше бойында тұрғын үйлер, сауда үйлері, дүкендер, дәріханалар. Көшеде қалалық демалыс бағы орналасқан. Көшенің екі жағында биік ағаштар, әдемі гүлдер өсіп тұр.

Көше бойымен автобус, жеңіл көліктер жүреді. Менің көшем кең, таза.


1. Айгүл қай көшеде тұрады?

2. Көшеге кімнің аты берілген?

3. Көшеде қандай ғимараттар бар?

4. Қалалық демалыс бағы қай көшеде орналасқан?

5. Көше бойында не өсіп тұр?

6. Көшемен қандай көлік жүреді?

7. Айгүл тұратын көше қандай?


2-тапсырма. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.

  • Сен қай көшеде тұрасың?

  • Көшең қандай?

  • Көше бойымен қандай көлік жүреді?

  • Көшеде қандай ғимараттар орналасқан?

  • Көше бойында ағаш пен гүлдер өсіп тұр ма?

  • Мектепке қандай көлікпен келесің?

  • Саған көшең ұнай ма?

3-тапсырма. Берілген сөздерді жатыс септікте қолданып, өз мекен-жайларың туралы жазыңдар.


Қала, көше, үй, қабат, пәтер





Менің үйім

Жаңа сөздермен танысып, естеріңе сақтаңдар.

жөндеу жұмысы – ремонт

көрші – сосед

оң жағында – на правой стороне

алыс емес не далеко



1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

Менің атым – Әсет. Мен Естай көшесінде 101-үйде тұрамын. Біздің үй 9 қабатты. Үйде 5 подъезд бар. Мен 2-подъезде, 2-қабатта тұрамын. Үйдің іші таза. Жазда үйді жөндеу жұмысы болды. Бірінші қабатта азық-түлік дүкені орналасқан. Үйіміз көшенің оң жағында орналасқан. Менің үйімнен мектеп алыс емес. Үйдің алдында гүл өседі. Көршілермен тату тұрамыз.


1. Әсет қай көшеде тұрады ?

2. Әсеттің мекен-жайы қандай ?

3. Жазда үйді жөндеу жұмысы болды ма ?

4. Үйдің бірінші қабатында не орналасқан ?

5. Әсет мектепке қалай келеді ?

6. Әсет көршілерімен қалай тұрады ?

7. Баланың үйі көшенің қай жағында тұр ?



2-тапсырма. Берілген есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырып, сөз тіркестерін құрастырыңдар.

Бір, бес, жиырма тоғыз.

Тест

1. Жатыс септікте тұрған сөзді белгіле.

А) үйдің В ) үйге С) үйде

2. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар.

Мен бесінші .... тұрамын.

А ) қабатқа В ) қабатта С) қабатпен

3. Сөйлемнен жіктік жалғауы бар сөзді табыңдар.

Мен Естай көшесінде тұрамын.

А ) Естай В ) мен С) тұрамын

4. Ілік септіктің сұрағын белгілеңдер.

А )кімнің В )кімге С)кіммен

5. Көршілермен деген сөздің жалғау түрлерін анықтаңдар.

А )тәуелдік, септік В )көптік, жіктік С) көптік, септік

Менің пәтерім

Жаңа сөздерді оқып, естеріңе сақтаңдар.

ілулі тұр – висит

қонақ бөлмесі – гостиная

жататын бөлме – спальня

перде – шторы

жиһаз – мебел

жинау –убирать



1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

Менің атым – Анар. Мен Павлодар қаласында тоғыз қабатты үйде тұрамын. Менің пәтерім бесінші қабатта. Пәтерім кең,таза және жарық. Бұл пәтерде төрт адам тұрады. Пәтерде үш бөлме бар. Бұл асхана, қонақ бөлмесі, балалар бөлмесі және жататын бөлме. Әр бөлмеде бір үлкен терезе. Терезеде әдемі перде ілулі тұр.

Маған қонақ бөлмесі ұнайды. Қонақ бөлмесінде әдемі төбе жиһаз, үлкен теледидар, жұмсақ диван, еденде әдемі кілем жатыр. Біздің пәтеріміз жылы.

Мен анама пәтерді жинауға көмектесемін. Әкем биыл ас бөлмесіне жаңа жиһаз сатып алды.

Маған пәтерім ұнайды.


1. Мәтінде кім туралы айтылған?

2. Ол қай қалада тұрады?

3. Оның үйі неше қабатты?

4. Анардың пәтері неше бөлмелі?

5. Бөлмелер қалай аталады?

6. Анарға қонақ бөлмесі несімен ұнайды?

7. Анар анасына көмектеседі ме?


2-тапсырма. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.

  • Сенің пәтерің неше бөлмелі?

  • Сенің бөлмең бар ма?

  • Бөлмеде қандай жиһаз бар?

  • Сен бөлмеңді қалай жинайсың?

  • Пәтеріңде үй жануары бар ма?

  • Сендер гүл өсіресіңдер ме?

  • Отбасымен бос уақытты қай бөлмеде өткізесіңдер?



3-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті қосымшаларды жазыңдар.

Менің пәтерім... , бес... қабатта, бала... бөлмесі, бөлмені жинай..., үй жануарлар... бар.

Керекті қосымшалар: -інші, - мын, -ым, -нің, -де



Менің бөлмем

Жаңа сөздермен танысып, сөздік дәптерлеріңе жазып алыңдар.


төбе жиһаз – горка

ыңғайлы – удобный

орнатылған – установлен

жақтауы – подоконник



1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

Менің атым – Дамир. Менің пәтерім үш бөлмелі. Менің өз бөлмем бар. Бөлмем өте жарық, кең, әрі жылы. Бөлменің терезесі аулаға шығады. Бөлмемде жаңа диван, төбе жиһаз, үстел, ыңғайлы орындық бар. Үстелдің үстінде компьютер орнатылған. Терезенің жақтауында әдемі гүл өсіп тұр. Қабырғада менің суреттерім ілулі тұр.

Мен бөлмемді өзім жинаймын. Маған бөлмем өте ұнайды.


1. Мәтінде кім туралы айтылған?

2. Оның пәтері неше бөлмелі?

3. Оның өз бөлмесі бар ма?

4. Бөлмесі үйдің қай жағында орналасқан?

5. Бөлмесінде қандай жиһаз бар?

6. Қабырғада не ілулі тұр?

7. Бөлмені кім жинайды?


2-тапсырма. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.

  • Сенің өз бөлмең бар ма?

  • .......................................

  • Бөлмең қандай?

  • ......................................

  • Терезең қайда қарап тұр?

  • .......................................

  • Бөлмеде қандай жиһаз бар?

  • .........................................

  • Бөлмеңді кім жинайды?

  • .......................................

  • Бос уақытты қалай өткізесің?

  • .........................................

  • Саған бөлмеңде не ұнайды?

  • ...........................................

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңдар.

Мен досыммен ... бардым.

Маған ... бөлмесі ұнады.

Біз... ойын ойнадық .

... сурет салдық.

Сағат бесте ... үйге қайттық.


Керекті сөздер: 1. қонақта, қонаққа, қонақтан

2. Асанның, Асанда, Асанмен

3. компьютерді, компьютерге, компьютерде

4. бояуда, бояумен,бояуға

5. автобустың,автобусқа,автобуспен


Жатақхана бөлмелері

Сөздік:

Жатақхана – общежитие еден – пол

Кереует – кровать тұрғын – житель



1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

Университеттің жанында жатақхана бар. Жатақхана Абай даңғылының бойында орналасқан. Жатақхананың бөлмелері кең. Бөлмелердің терезелері үлкен. Бөлмелердің ішінде екі кереует, жазу үстелі, орындықтар және шкаф бар. Үстелдің үстінде қаламдар, дәптерлер, кітаптар жатыр. Еденде әдемі кілем жатыр. Жатақхананың тұрғындары бөлмелерін таза ұстайды.

1. Университеттің жанында не бар?

2. Жатақхана қайда орналасқан?

3. Жатақхананың бөлмелері қандай?

4. Бөлмелерде нелер бар?

5. Кілем қайда жатыр?

6. Үстелдің үстінде нелер бар?

7. Жатақхананың бөлмелері таза ма?

2–тапсырма. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.

  • Біздің қалада жатақхана бар ма?

  • Иә, бар.

  • Ол қай көшеде?

  • Ол Толстой көшесінде орналасқан.

  • Сен жатақханада болдың ба?

  • ....

3-тапсырма. Етістіктердің жіктік жалғауларын табыңдар.

Болдым, жатырсың, ұстайды, бардың, ұстаймыз.


Павлодар қаласы

Сөздік:

орталық – центр

танымал – известный



өнеркәсіпкәсіп орындары – промышленные предприятия

аймақ – регион



1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

Біздің облыс орталығымыз – Павлодар қаласы. Қаланың көшелері кең және таза. Көшелерде машиналар, автобустар, трамвайлар жүреді. Көшелерге Сұлтанмахмұт Торайғыров, Қаныш Сәтбаев, Абай Құнанбаев, Естай Беркембайұлы тағы басқа танымал адамдардың есімі берілген және ескерткіштері орнатылған.

Қалада алюминий, мұнайхимия, трактор, машина жасайтын зауыттары, тамақ өнеркәсіп кәсіпорындары, сондай-ақ ірі теміржол торабы, аэропорт, өзен порты және вокзалы бар. Біздің аймағымыздың бай тарихы және ежелгі мәдени әдет-ғұрпы бар. Қазіргі уақытта облысымызда 11 мұражай, 2 кәсіптік театр, 251кітапхана, 3 демалыс саябағы және 209 клуб мекемелері бар.


1. Облыс орталығы қандай қала?

2. Қаланың көшелері қандай?

3. Көшелерге кімдердің есімдері берілген?

4. Қалада қандай зауыттар бар?

5. Қалада аэропорт бар ма?

6. Облыста неше мұражай бар?

7. Қалада қандай демалыс орындары бар?



2-тапсырма. Диалогты оқып, өзара сөйлесіңдер.

Бесінші сынып оқушылары сабақтан кейін серуенге шықты. Мұғалім:

  • Балалар, біз қазір қала көшелерін аралаймыз, ескерткіштер туралы сөйлесеміз, - деді.

Оқушылар Торайғыров көшесіне келді.

Мұғалім:

- Біз қазір қай көшеге келдік?

- Ескерткіш кімге арналған?

- Ескерткіш қайда орналасқан?

- Ескерткіш неден жасалған?


3-тапсырма. Берілген сөздерді ілік және жатыс септік тұлғасына қойып, сөйлем құраңдар.

Ескерткіш, бақ, қала, көше, сәулетші



Қала көшесіндегі ескерткіш


Жаңа сөздермен танысып, естеріңе сақтаңдар.


мүсін – скульптура

салтанатты – торжественно


тұғыр – пьедестал

алаң – площадь


1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

Павлодар қаласында академик Қаныш Сәтбаевқа (1899–1964) орнатылған мүсін оның туған күні – 12-сәуірде салтанатты жағдайда ашылды. Мүсін Жамбыл облысы аймағындағы Қордай тауының гранитінен қашалып жасалған, жалпы биіктігі 8 жарым метр (мүсіннің биіктігі – 4 метр, 25 см, тұғырының биіктігі – 4 метр, 25 см.). Ескерткіш академик Сәтбаев көшесінің бойында, қалалық әкімдік ғимаратының жанындағы көрнекі алаңда орнатылған.


1. Ескерткіш кімге арналған?

2. Ескерткіш қайда орналасқан?

3. Ескерткіш неден жасалған?

4. Ескерткіштің авторы кім?

5. Ескерткіш қай жылы ашылды?

6. Торайғыров көшесінде кімнің ескерткіші бар?


2-тапсырма. Диалогты жалғастырыңдар.


Бесінші сынып оқушылары сабақтан кейін серуенге шықты.Мұғалім:

-Балалар, біз қазір қала көшелерін аралаймыз, ескерткіштер туралы сөйлесеміз, - деді.

Оқушылар Сәтбаев көшесіне келді.

Мұғалім:

- Біз қазір қай көшеге келдік?

- ...


1-тапсырма. Берілген сөздерді ілік және жатыс септік тұлғасына қойып, сөйлем құраңдар.


Ескерткіш, бақ, қала, көше, сәулетші



Облыстық кітапхана

Жаңа сөздерді оқып, естеріңе сақтаңдар.

үздік – отлично

қор – фонд

өлкетану – краеведение

ұсыну – предлагать


hello_html_4dd21e40.jpg



1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.

Қазіргі кезде С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық  кітапхана – Қазақстандағы ең үздік кітапханалардың бірі. Кітап қоры облыстағы ең ірі ғылыми, оқу, өлкетану, көркем әдебиет үлгілерін ұсынады. Жыл ішінде кітапханаға 32 мың оқырман келеді және 900 мыңға жуық кітап пен журнал беріледі. Бүгінде кітапхана құрамында, әртүрлі кітапханалық бағытта жұмыс істейтін, ақпараттық-библиографиялық, мәдени-ағартушылық қызмет көрсететін  14 бөлім бар.

  • Облыстық кітапхана кімнің атында?

  • Кім біледі С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана қай көшеде орналасқан?

  • Кітапхана қандай кітап үлгілерін ұсынады?

  • Бір жылда неше оқырман келеді?

  • Кітапханада неше бөлім бар?

  • Кітапхананың қандай бөлімдері бар?

2-тапсырма. Диалогты жалғастырып, өзара сөйлесіңдер.

  • Облыстық кітапханада болдың ба?

  • ........................................................

  • Кітапханадан қандай кітап алдың?

  • .........................................................

  • Кітапханаға жиі барасың ба?

  • .....................................................

  • Кітапхананың тәртібін білесің бе?

  • ........................................................

  • Облыстық кітапханаға қандай көлікпен баруға болады?

  • ....................................................

3-тапсырма. Берілген етістіктерді жіктеп, сұраулы сөйлем құрастырыңдар.

Ұсыну, бару, оқу, жазылу.

Аялдамада

Жаңа сөздермен танысып, сөздік дәптерлеріңе жазып алыңдар.

көлік – транспорт

күтіңіз – ожидайте

қолшатыр – зонт





1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

Көлікке міну үшін аялдамаға келдім. Қарасам, бір әже жолдың шетінде тұр екен. Жаңбыр қатты жауып тұрды.

  • Әже, қайда барасыз?- деп сұрадым.

  • Балам, бұл қаланы білмейтін едім. Ауруханаға қандай автобус барады? -деп сұрады.

  • Аз күтіңіз. Автобусқа бірге отырамыз, -дедім.

Қуанып кетті. Сөйтіп қолшатырымның астына келіп тұрды.

  • Кішкене немерем қатты ауырып ауруханаға түскен еді. Тамақ апара жатырмын, -деді.

Біздің автобус келді. Мен әжейді ауруханаға жеткізіп салдым. Әжей батасын берді.


1. Бала аялдамада кімді көрді?

2. Ауа райы қандай болды?

3. Жолдың шетінде кім тұрды?

4. Әжейге қайда бару керек?

5. Әжей қаланы біле ме?

6. Әжей ауруханаға не үшін бара жатыр?

7. Бала әжейге қалай көмектесті?


2-тапсырма. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.

  • Кешіріңіз, орталық алаңға қандай автобус барады?

  • Қандай аялдамада түсемін?

  • Жолақысы қанша?

  • 29 мектепке қандай автобустармен келуге болады?

  • Трамвай жүрмей ме?

  • Көп рахмет. Жолыңыз болсын.


Алматы көшесінде

Жаңа сөздерді оқып, естеріңе сақтаңдар.


жайқалу – цвести

жарнама – реклама

дүңгіршек – киоск

қиылыс – перекресток


1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

Алматы қаласында әдемі, таза, түзу көшелер көп. Көше бойында жасыл ағаштар жайқалып тұр. Үлкен-үлкен даңғылдар мен көшелерге Абай даңғылы, Достық даңғылы, Төле би, Сәтбаев, Райымбек, Гоголь, Әл-Фараби т.б. көшелер жатады.

Көше бойы әр түрлі жарнамалар ілінген. Әр көшенің қиылысында –бағдаршамдар.

Мен Төле би көшесінің бойында тұрамын. Бұл көшенің бойында әр түрлі мекемелер, дүкендер, дүңгіршектер, мейрамханалар, мектептер орналасқан. Көше Ұлы жүздің биі Төле бидің атымен аталған.


1. Алматының көшелері қандай?

2. Алматыда қандай даңғылдар мен көшелер бар?

3. Даңғылдар мен көшелер кімдердің атымен аталған?

4. Көшенің бойында не бар?

5. Қалай ойлайсыңдар,көшелер қандай болу керек?


2-тапсырма. Төмендегі сөздермен сөйлем құраңдар.

Даңғыл, көшемен, көлік, көшелердің қиылысы, аялдамада.



Баянауыл

Жаңа сөздерді оқып, сөздік дәптерлеріңе жазып алыңдар.


құрмет тұту – уважать итмұрын – шиповник

таңғажайып – удивительный қарақат – смородина

емдік қасиеті – лечебные свойства құлпынай – клубника



1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.

Менің атым – Ерхан, туған ауылым – Баянауыл. Баянауылдың табиғаты өте әдемі. Баянауыл мөлдір көлдерімен, таңғажайып тауларымен әйгілі, онда қайың, қарағайлар өседі. Баянауылдың өсімдіктері емдік қасиетімен бағалы. Баянауылда итмұрын, қарақат, құлпынай, шие сияқты жеміс-жидек өседі. Бұл жерде Жаяу Мұса, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мәшһүр Жүсіп, Қаныш Сәтбаев, Шәкен Айманов сияқты ұлы адамдар дүниеге келген. Әрбір адам өзінің туған жерің құрмет тұтады.

- Мәтін не туралы?

- Баянауыл несімен белгілі?

- Онда қандай ағаштар өседі?

- Бұл жерде қандай ұлы адамдар туды?

- Баянауылда қандай жеміс-жидек өседі?

- Өсімдіктердің емдік қасиеті бар ма?


2-тапсырма. Диалогтың сұрақтарына жауап беріңдер.

- Сен Баянауылда болдың ба?

- Онда қандай көлдер бар?

-Баянауылдың табиғаты туралы не айта аласың?

- Баянауылда қандай ескерткіштер бар?

- Онда демалатын орындар көп пе?

- Павлодардан Баянауылға дейін немен баруға болады?

- Осы жазда Баянауылға барасың ба?


3-тапсырма. Қ, к дыбыстарның дыбысталуына мән беріп оқыңдар.

Құрмет, керемет, қайың, көлдер, қарағайлар, өсімдіктер, қасиетті, көптеген, қорғасын, қөмір, жер койнауы, бүкіл қазақ елі.



Алғашқы трамвай


hello_html_m474913c8.jpg


Жаңа сөздерді оқып, естеріңе сақтаңдар.



кең тараған – распространенный

жегіліпті – запрягали

электр қуаты – электричество

айналды – превратился


1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақ құраңдар.

Мен Павлодар қаласында тұрамын. Біздің қалада бірнеше көшеде трамвай жүреді. Ал, сен трамвайдың тарихын білесің бе?

Бұрын атпен жүретін трамвайлар болған. Трамвайға сегіз ат жегіліпті.

Қазір трамвай электр қуатымен жүреді. Алғашқы трамвай Берлин көшелерінде пайда болды. Қазақстанда трамвай алғаш 1937 жылы Алматы қаласында жүре бастады. Трамвайдың ең үлкен жылдамдығы 65-70 км/сағ құрайды.

Бүгінде трамвай кең тараған көлікке айналды.


2-тапсырма. Диалогты толықтырып,өзара сөйлесіңдер.


  • Сенің көшеңде қандай көлік жүреді?

  • ....................................

  • Трамваймен жүресің бе?

  • ....................................

  • Жолақысы неше теңге?

  • ...................................

  • Трамвай қандай көшелермен жүреді?

  • ..........................................

  • Оқушылар сарайына қандай трамвай барады?

  • ...........................................


3-тапсырма. Сызбаға сәйкес сөз тіркесін құраңдар.


Есептік сан есім+зат есім

Реттік сан есім+зат есім


4-тапсырма. Төмендегі сөздерді жатыс септікке қойып, сөйлем құраңдар.

Көлік, трамвай, көше, автобус.



Автобустағы оқиға


Жаңа сөздермен танысып, сөздік дәптерлеріңе жазып алыңдар.


көп ұзамай – не задерживаясь

кішіпейіл – вежливый

менен гөрі үлкендеустарше меня



1 –тапсырма. Мәтінді рөлге бөліп оқыңдар.


Біз автобус тоқтайтын аялдамаға келдік. Көп ұзамай автобус келіп тоқтады. Екі есігі бірден ашылды. Алдыңғы есіктен анам екеуіміз ішке кірдік.

  • Мұнда отырыңыз, - деп, менен гөрі үлкендеу екі бала анама орын ұсынды.

  • Рахмет, балалар! – деді анам.

  • Ана, рахметті не үшін айттыңыз?

  • Кішіпейілдігі үшін. Сен солардай бол. Үлкенді сыйла. Сонда үлкендер саған рахмет айтады.

(«Ана тілі – қанатым» кітабынан).


2-тапсырма. Берілген зат есімдерді септеңдер.


Аялдама, мекенжай, көше.


3-тапсырма. Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, жіктік жалғауларының астын сызыңдар.


4-тапсырма. Мәтін бойынша өз пікірлеріңді жазыңдар.

Досымның мекен-жайы

Жаңа сөздерді оқып, естеріңе сақтаңдар.

Қасыма – рядом өз – свой

Үзіліс – перемена


1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұндап беріңдер.


Менің атым – Олжас. Оқу жылының басында біздің сыныпқа жаңа оқушы келді. Мұғалім оны менің қасыма отырғызды. Үзілісте екеуіміз әңгімелестік. Оның аты – Ернұр. Ол Естай көшесінде тоғыз қабатты үйде елу бірінші пәтерде тұрады. Үйі менің үйіме жақын. Ернұр маған өз мекен-жайын берді. Қонаққа шақырды. Қазір екеуіміз доспыз.



2-тапсырма. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.


  • Сенің досың бар ма?

  • ............................................

  • Сен оның мекенжайың білесің бе?

  • ..............................................

  • Досыңның мекенжайын толық бере аласың ба?

  • ................................................

  • Оның үйі сенің үйіңе жақын ба?

  • ................................................

  • Досыңа телефон шаласың ба?

  • ................................................


3-тапсырма. Берілген етістіктерді ауыспалы осы шақта жіктеңдер .


Беру, бару, білу.


Мектеп мекен-жайы

Жаңа сөздерді оқып, сөздік дәптерлеріңе жазып алыңдар.

ғимарат –здание

қабылдау бөлмесі – приемная


1–тапсырма. Мәтінді рөлге бөліп оқыңдар.


  • Балалар, № 29 мектепке қалай жетуге болады?

  • Ағай, біз №29 мектептің мекен-жайын толық білеміз.

  • Айтыңдар, жазып алайын.

  • 29 мектеп Катаев көшесінде 22 ғимаратта орналасқан.Қабылдау бөлмесінің телефоны – 685446.

  • Рахмет, балалар.Жақсы оқушы екенсіңдер.

  • Ағай, біздің мектепке трамваймен немесе автобуспен баруға болады. Сау болыңыз.

2-тапсырма. Сөздерді буынға бөліп жазыңдар.


Мекенжай, қабылдау, жақсы, ғимараттар, көшесінде, көлікпен, аялдамада, жолаушылар, тұрғындары.


3-тапсырма. Сыныптастарыңның мекен-жайын жазып алыңдар.



Атам мен әжемнің мекен-жайы

Жаңа сөздерді оқып, естеріңе сақтаңдар.

арқылы – через

толық мекен-жай – (здесь) точный адрес


1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұндап беріңдер.

Менің атам мен әжем бар. Олар ауылда тұрады. Толық мекенжайы осындай: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Еңбекші ауылы, Кұрылысшылар көшесі, 27 үй. Ертеде әкем оларға хат жазып тұратын. Қазір біз олармен интернет арқылы хабарласамыз. Олардың электронды поштасы осындай: www Kordaj KZ.


2-тапсырма. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.

  • Сенің туыстарың қайда тұрады?

  • ..................................................

  • Олармен қалай хабарласасыңдар?

  • ............................................

  • Туыстарының толық мекенжайын білесің бе?

  • .................................................

  • Туыстарына жиі барасыңдар ма?

  • ...................................................

  • Туыстарың қонаққа келе ме?

  • ...................................................


3- тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып, көшіріп жазыңдар.


Жазда мен ауыл... бара....

Сен туыстарың... мекенжайы... біле... бе?

Марат қала... тұра...

Қазақстан... қалалар... әдемі.


Ас атасы – нан

Жаңа сөздермен танысып, сөздік дәптерлеріңе жазып алыңдар.

дәм – ( здесь) угощение үзбе – не рви

тастама – не бросай қасиетті – святой

амандық – здоровье ағза – организм



1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мазмұны бойынша сұрақ құраңдар.

 Қазақта «ас атасы – нан» деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені – нан. Ол бидай ұнынан жасалады. Нан қасиетті. Ұнның құрамындағы адамның бойына нәр беретін, куат беретін ағзаға қажеттінің бәрі бар. Қазақта  «қатықсыз қара су ішіп, қара нан жесек те, амандық болсын» деген де сөз бар ғой… «Нанды жерге тастама», «нанның үстіне зат қойма», «нанды төңкерме», «нанды бір қолмен үзбе» деген сөздің барлығы – сол нанның қасиетіне орай айтылған тыйымдар.

2-тапсырма. Өлеңді түсініп оқыңдар. Мазмұны бойынша сұрақ құраңдар.

Бауырсақ

Дастарқанда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
- Қайдан келдің ,бауырсақ?-
Деп сұрады қуыршақ.
-Дүкеннен келдім нан сатқан,-
Деді оған бауырсақ.
-Дүкеннен келдің қай жақтан?
-Наубайдан келдім нан жапқан.
-Наубайға келдің қай жақтан?
-Диірменнен келдім ұн тартқан.
-Диірменге келдің қай жақтан?
-Даладан келдім кең жатқан.
- Жер ана мені көсілген,
- Диқандар нені өсірген?

1. Диқандар не істейді?
2. Егінді кім егеді?
3. Қай кезде бидайды жинайды?
4. Жинап болған соң қайда ,қай көлікпен тасиды?
5. Бидайдан не тартады?

6. Ұнды қайда апарады?
7. Нанды қайда сатады?

Нан қайдан келеді?

hello_html_52ef86ed.jpg

Жаңа сөздерді оқы, есіңе сақта.

дән – зерно

егіс даласы – поле

сабақтары – стебель

пісіп тұрған – созревшие

сыйып тұрвмещается



1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мазмұны бойынша сұрақ құраңдар.

Бірде Рауан әжесіне еріп, егіс даласына келді. Ол шашақты басы иіліп тұрған бидай сабақтарын көріп, әжесінен:
- Мынау өсіп тұрған не? - деп сұрады.
- Рауанжан, бұл пісіп тұрған – нан, - деп жауап берді әжесі.
- Нан болса, таба наны қайда?
- Таба наны да осы дәннің ішінде.
- Ал тоқаш ше?
- Ол да осы дәннің ішінде.
- Бауырсақ ше?
- Бауырсақ та осы дәнге сыйып тұр.
- Әже, кіп-кішкентай қауызды дәнге осынша көп нан қалай сыйып тұр? - деп Рауан таңғалды.
- «Ас атасы – нан, нан атасы – дән» деген. Осынша мол дүние, тоқшылық әрбір дәннің ішінде, - деді әжесі.


2-тапсырма. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.

  • Сен нанды қай дүкеннен аласың?

  • ....................................................

  • Отбасыңа қандай нан ұнайды?

  • ......................................................

  • Нансыз тамақ іше аласың ба?

  • .................................................

  • Сенің анаң ұннан қандай тағамдар дайындайды?

  • ...............................................

  • Сен өзің нан пісіре аласың ба?

  • ...................................................

  • Жерде нан жатса, сен не істейсің?

  • .....................................................

  • Қатқан нанды не істейсіңдер?

  • .....................................................


2-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп жатқа оқып беріңдер.

Нан қиқымын шашпаңдар!
Жерге жатса, баспаңдар!
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.



Азық-түлік дүкені

Жаңа сөздермен танысып, сөздік дәптерлеріңе жазып алыңдар.

сары май – сливочное масло

төлем қағазы – чек

қанша төлеуім керек – сколько должен заплатить

қанша тұрады – сколько стоит

сатып алушы – покупатель

ет – мясо

өлшеңізші – взвесьте

орап беріңізші – заверните


1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар.

Жанат: Сәлеметсіз бе?

Сатушы: Қайырлы күн! Сіз не аласыз?

Жанат: Маған 1 келі сары май, 2 келі қант өлшеңізші.

Сатушы: Сары майдың қай түрін аласыз? Бізде шаруа майы, жайлау

майы бар.

Жанат: Шаруа майынан 1 кг. өлшеңіз.

Сатушы: Тағы не аласыз? Бізде шұжықтың жаңадан түскен әр түрлі

сорттары бар.

Жанат: Маған сервелаттан беріңіз. Барлығына қанша төлеуім керек?

Сатушы: Сізден 1325 теңге. Ұсағыңыз болса ,25 теңге беріңіз.


Жанат: Ұсақ ақшам жоқ. Міне, 1400 теңге, алыңыз.

Сатушы: Қалған ақшаңызды алыңыз. Келіп тұрыңыз.


2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Жанат қандай дүкенге барды?

2. Ол не сатып алды?

3. Жанат неше келі май сатып алды?

4. Оған қандай шұжық ұнайды?

5. Ол қанша теңгеге азық-түлік алды?

6. Жанатта ұсақ ақша болды ма?

7. Ол сатушыға неше теңге берді?


2-тапсырма. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.

  • Саған азық-түлік дүкені жақын ба?

  • ............................................................

  • Сен азық-түлік сатып аласың ба?

  • ..............................................................

  • Бүгін не сатып алдың?

  • ................................................

  • Сен қандай нан түрін қалайсың?

  • ...........................................

  • Дүкенде көкөніс сата ма?

  • ..................................................

  • Етті қайдан сатып аласыңдар?

  • .................................................

  • Арзан бағамен азық-түлікті қайдан алуға болады?

  • .....................................................


2-тапсырма. Берілген сөздерді сәйкестендіріп, сөйлем құраңдар.


Дәмді күріш

Ақ тағам

Сапалы алмұрт

Пайдалы өнім

Қызыл бұрыш

Тәтті балық

Ащы ет


3-тапсырма. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдаңдар.

1. Базарда қойдың,сиырдың,жылқының етін сатады.

2. Бүгін дүкенге ауылдан сүт,қаймақ әкеледі.

3. Қызыл балық пайдалы.

4. Апам күріштен палау дайындады.



Дастарқан


hello_html_m239362af.jpg



Жаңа сөздерді оқып, естеріңе сақтаңдар.


скатерть – дастархан

(перен. стол с яствами; еда)

дастарқан аттау – пренебрегать хлебом – солью

(букв. перешагивать через дастархан); отвечать черной неблагодарностью

қастерлеу – уважение, почтение

төр – почетное место

тыйым сөз – запретное слово






1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

Біз келген адамды дастарқанға шақырамыз. Бұл – қазақтың салты. Қазақта дастарханды қадірлейді. Бізде «дастарханды аттама» деген тыйым сөз бар. Біз үлкенді сыйлаймыз. Бірінші қарияларға төрден орын береміз. Дастарқанға бірінші нан қоямыз. Сосын ұлттық тамақты қоямыз. Қариялар батасын береді. Жақсы тілектер айтады. Бұл – біздің халыққа тән тәрбие.


1. Қазақтың қандай салты бар?

2. Қазақта нені қадірлейді?

3. Қандай тыйым сөз бар?

4. Дастарқанға бірінші нені қояды?

5. Үлкендерді қалай сыйлайды?

6. Кім бата береді?

7. Қандай тілектер айтады?


2-тапсырма. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.

  • Ал сен қонақты қалай қарсы аласың?

  • ...............................................................

  • Қалай ойлайсың,неге дастарқанға бірінші нанды қояды?

  • .............................................................

  • Сен үйде дастарқан жаясың ба?

  • .....................................................

  • Сен бата бере аласың ба?

  • .....................................................

  • Сенің, не танысыңның отбасында кім бата береді?

  • .....................................................

  • Қандай халықтар дастарқанда бата береді?

  • ..................................................................


3-тапсырма. Сөйлемді орын тәртібімен дұрыс құраңдар.


  1. Менің, береді, әкем, отбасымда, бата.

  2. Қонаққа, дастарқан жаямыз, біз.

  3. Мен, көмектесемін, анама.

  4. Дастарқанда, болады, мерекелік, бауырсақ.

  5. Бұл, салты, қазақ, халқының.


4-тапсырма. Берілген етістіктерді өткен шақта жіктеңдер.


Беру, шақыру, дайындау.


Таңғы ас

Жаңа сөздерді оқып, сөздік дәптерлеріңе жазып алыңдар.

тоқ жүреді – будет сытым

жарылмаған бидай – цельное зерно

ботқа – каша


ұсынупредлогать


1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мазмұны бойынша сұрақ құраңдар.

Таңғы асты дұрыс әрі уақында ішу керек. Таңертең дұрыс тамақтанған адам күні бойы тоқ жүреді. Балалардың таңғы асына белоктарға бай тағамдар дайындау керек. Бұл ірімшік, йогурт, айран және сүт.

Көмірсутегі бай ботқа және жарылмаған бидай нанымен тамақтанған жөн. Көкөніс және жемістен жасалған салаттар жеу пайдалы.

Мен сендерге “Керемет”салатының рецебін ұсынамын.Өте дәмді!


«Керемет» салаты

Жаңа сөздерді оқып, естеріңе сақтаңдар.

ұзыншақтап – соломкой

қайнату – кипятить

үккіш – терка


йогуртты тұздық – йогуртовая масса


1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар.

6 адамға арналған рецепт:


Қажетті заттар: піскен тауық еті, 2 қияр, 1 сәбіз, грек жаңғағы, 50 г жүзім, 1 йогурт.

Қайнатып пісірген тауық еті (калориясы аз, ақ ет болғаны жөн) мен қиярды ұзыншақтап, жіңішкелеп кеседі де салат тәрелкесіне салады. Кесек бір сәбізді жуып, тазалап қайнатады. Піскен сәбізді ірі көзді үккіштен өткізеді. Туралған қияр мен еттің үстіне салады.

Одан кейін йогуртты тұздық дайындалады. Ол үшін йогуртқа үгітілген жаңғақты қосады. Әркім өз қалауы бойынша тұз бен бұрыш қосады. Дайын салатқа тең ортасынан бөлінген жүзімді салады. Жүзім қара түсті болса, тіпті сәнді көрінеді. Бұл салат емдәмдік (диетический) болып табылады.


2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Таңғы асты қалай ішу керек?

2. Таңғы асқа қандай тағам дайындау керек?

3. Сүттен қандай тағам дайындалады?

4. Қандай ботқа жеу керек?

5. Қандай салаттар пайдалы?

6. “Керемет”салатына қандай азық-түлік керек?

7. Тауық еті қандай болу керек?


2-тапсырма. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.

  • Таңғы асты қайда ішесің?

  • Мектепте таңғы асқа не алуға болады?

  • Таңғы асқа қандай тағам жейсің?

  • Саған қандай ботқа ұнайды?

  • Таңғы асқа қандай салат жегің келеді?

  • Таңертең кім ас дайындайды?

  • Сен сүт ішесің бе?

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды қойыңдар.


  1. Бүгін дүкен... барамын. 2) Мен «Керемет»салатын ұсына... . 3) Жеміс... шырын дайындайды. 4) Ірімшік... пайдасы көп. 5) Сәбіз... ірі көзді үккіштен өткіземіз.


4-тапсырма. Сөз тіркесін құраңдар.


Таңғы

Тағам

Жемістен

Ботқа

Пайдалы


жасалған

пісіру

сусын

тамақ

дайындау




Түскі тамақ

Жаңа сөздермен танысып, сөздік дәптерлеріңе жазып алыңдар.

қатысу – участвовать қол кеспе – домашняя лапша

сұйық тағам – первое блюдо сусын – напиток

төлеу – платить


1 –тапсырма. Мәтінді рөлге бөліп оқыңдар.

Менің атым – Аңсар. Мен 5-інші сыныпта оқимын. Сабақтан кейін домбыра үйірмесіне қатысамын, сондықтан түскі асты мектеп асханасынан ішемін.

  • Сәлеметсіз бе, Айгүл апай. Маған сұйық тағамнан – қол кеспе, екіншіге – палау, сусындардан – сүт қосылған тәтті шай беріңізші.

  • Аңсар, сен нан неге алмайсың?

  • Рахмет, апай ұмытып кетіппін, оны да беріңіз. Қанша төлейін.

  • Жүз елу теңге. Ас дәмді болсын!

2-тапсырма. Диалогты жалғастырып, өзара сөйлесіңдер.

  • Сен мектеп асханасында тамақтанасың ба?

  • ..............................................................

  • Асханада қандай сұйық тағамдар сатылады?

  • ..........................................................

  • Асханада сусындар сатылады ма?

  • .......................................................

  • Ас туралы қандай мақал-мәтелдер білесің?

  • ................................................................

  • Өзің қандай тағам дайындай аласың?

  • .................................................................

  • Асхана тәртібін білесің бе?

  • ..................................................



3-тапсырма. Сөз тіркестерден сөйлем құрастырыңдар.

Түскі тамақ, мектеп асханасы, ас мәзірі, тәртіпті оқушы.



Кешкі тамақ

Жаңа сөздерді оқып, естеріңе сақтаңдар.

даярлау – готовить себу -сыпать

жеңіл – легкий құю -поливать


1 –тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақ құраңдар.

Біз кешкі тағамды сағат жетіде ішеміз. Анам екеуіміз ас үйде жүрміз.

Кешкіге тамақ даярлап жатырмыз. Кешкі ас жеңіл болу керек, сондықтан біз көкөніс салатын даярлауға кірістік. Қызылша, қияр, орамжапырақ, сәбізді жіңішкелеп кестім. Аздап тұз салдым, үстіне қаймақ құйдым. Бетіне көк пияз септім. Міне, тағам дайын, дастарқанға қоюға болады. Ас дәмді болсын!

2-тапсырма. Диалогты жалғастырып, өзара сөйлесіңдер.

  • Сен кешкі тамақты нешеде ішесің?

  • .............................................

  • Саған қандай тағамдар ұнайды?

  • .............................................................

  • Кешкі анаң не әзірлейді?

  • ..............................................

  • Сенің ойынша, кешкі тамақ қандай болу керек?

  • .............................................................

  • Кешкі тамақ мәзірін ұсына аласың ба?

  • ..................................................................

3-тапсырма. Дұрыс аудармасын табыңдар?

Тhello_html_52190f0c.gifаңғы ас готовить еду

Дәмді тағам ужин

Жіңішкелеп кесу вкусное блюдо

Асты дайындау завтрак

Кешкі ас мелко резать





Балдың пайдасы

hello_html_m16fb0e62.jpg

Жаңа сөздермен танысып, сөздік дәптерлеріңе жазып алыңдар.

ағза – орган

асқазан жұмысын тәртіптейді –упорядочивает работу желудка

ауруларға қарсы – против заболеваний

арттырады – повышает

күрес - борьба

пайыз- процент





1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мазмұны бойынша сұрақ құраңдар.

Ара балының құрамында адам ағзасына пайдалы 60 түрлі зат бар, мысалы, глюкоза, минералдық тұздар, ферменттер, дәрумендер, радиоактивті, антибиотикті және басқа заттар бар.
Бал асқазан жұмысын тәртіптейді. Таңертең күн сайын бір стақан суға бір ас қасық салып ішсе, өте пайдалы.
Бал бала ағзасының түрлі ауруларға қарсы күресуін арттырады, гемоглобиннің пайызын көбейтеді. Балды әсіресе сүт және жеміс-жидек тағамдарына қосып жеген пайдалы.



1. Балдың құрамында не бар?

2. Бал ненің жұмысын тәртіптейді?

3. Балды қашан пайдалану керек?

4. Балдың пайдасы қандай?
5. Балды немен қосып жеген пайдалы?

6. Балдың құрамында неше түрлі пайдалы зат бар?

7. Бал ненің пайызын көбетеді?


2-тапсырма. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.


- Сен бал жейсің бе?

- ..................................

- Балды қайдан сатып аласың?

- .................................................

- Саған қандай бал ұнайды?

- .........................................................

- Сен балды қалай пайдаланасың?

- ..................................................

- Аралармен кім айналасады?

- .................................................

- Балдан қандай тағам дайындайды?

- ...................................

- Бал арасын көрдің бе?

- .....................................



3-тапсырма. Көп нүктеннің орнына «бал» деген сөзді керекті септікке қойыңдар.

1) ... пайдасы көп.

2) Мен ... шайға қосамын.

3) ... «чак-чак» тағамына қосады.

4) ... адамдарды емдейді.

4-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін аудармасымен сәйкестендіріңдер.

Мне нравится

Я купила

Вкусно готовят

Полезно для организма

Добавляют мед

Ағзаға пайдалы

Балды қосады

Маған ұнайды

Дәмді дайындайды

Мен сатып алдым





Ас ішу тәртібі

Жаңа сөздерді оқып, естеріңе сақтаңдар.

асықпай – не спеша

шектен тыс – выше нормы

шайнау – прожевать

жұту керек – проглатить


1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Тарта жесең, тай қалар,

Қоя жесең, қой қалар,

Қоймай жесең не қалар.

Сондықтан тамақты шектен тыс көп ішуге болмайды.

2. Асты асықпай, әбден шайнап жұту керек.

3. Тамақ ішіп отырып, кітап оқуға, теледидар көруге болмайды.

4. Әр түрлі тамақта адам денесіне қажетті дәрумендер болады. Сондықтан тамақты талғаммен ішу керек.

5. Әсіресе қазақтың ұлттық тағамдары адамға өте пайдалы,

6. Ұлттық тағамдарымызға: бауырсақ, қазы-қарта, жал-жая, қымыз-шұбат, құрт, тағы басқалар жатады.


1. Тамақты көп ішуге бола ма?

2. Тамақты қалай ішу керек?

3. Тамақ ішіп отырғанда не істеуге болмайды?

4. Тамақта не болады?

5. Қандай пайдалы сусындар бар?

6. Саған қандай сусын ұнайды?

7. Ұлттық тағамдары ата.



2-тапсырма. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.

- Қалай ойлайсың, қандай тамақ ішу керек?

- .....................................................

- Сен тамақты асықпай ішесің бе?

- .........................................................

- Теледидар алдында тамақ ішу ұнай ма?

- ..............................................................

- Сенің ойынша, қандай тағамда дәрумендер көп?

- .............................................

- Саған қандай тағам ұнайды?

- .................................................

- Асты тәртіппен ішесің бе?

- .............................................

- Нан туралы мақал-мәтел білесің бе?

- ............................................................

3-тапсырма. Етістіктерді екі бағанға бөліп жазыңдар.

Жейді, болмайды, отыр, болады, ішпейді, оқиды, көрмейді, асықпайды, алады.

Болымды


Болымсыз




4-тапсырма. Берілген сөздерді септік ретімен жазыңдар.



А.с.

І.с.

Б.с.

Т.с.

Ж.с.

Ш.с.

К.с.

Тағамдарымызға, тағамдары, тағамның, тағаммен, тағамда, тағамнан, тағамдар



Ұлттық тағамдар

Сөздік:

сүр ет – капченное мясо

қоректік қасиетіпитательные качества

қуырдақ – жаренное мясо

құймақ – оладьи

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

Қазақ халқы еттен түрлі тағамдар жасаған. Ет тағамдары: шұжық, сырбаз, сірне, қуырдақ, сүр ет т.б

Ұлт тағамдарының негізі –сүт тағамдары. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен «ақ» деп атайды. Сүт тағамдарының қоректік қасиеті мол, әрі денсаулыққа пайдалы. Сүттен қымыз, шұбат, қатық,май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ, айран,уыз сияқты тағамдар жасаған.

Ұннан жасалатын тағамдар : бауырсақ, шелпек,құймақ,таба нан,жайма, күлше т.б.

  1. Қандай ет тағамдарын білесің?

  2. Сүт тағамдарын қалай атайды?

  3. Сүт тағамдарының пайдасы бар ма?

  4. Сүттен қандай сусын дайындайды?

  5. Ұннан қандай тағам дайындайды?

  6. Саған қандай ет тағамы ұнайды?

  7. Бауырсақ қандай тағам?

2-тапсырма. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.

- Саған қандай ұлттық тағам ұнайды?

- ..............................................

- Қазақтың қандай ұлттық тағам жедің?

- ....................................................

- Қайда жедің?

- ..................................................

- Сүт тағамынан не ұнайды?

- ................................................

- Қымыз ішіп көрдің бе?

- ....................................................

- Отбасында ұннан қандай тағам дайындайды?

- ..........................................................

- Сен қандай тағам дайындай аласын?

- .................................................................



3-тапсырма. Берілген сөйлемдерден мәтін құраңдар.



Бүгін көрші үйде той болады. Ұлжан апа ұлттық тағам дайындап жатыр. Сәуле апай – досымның анасы. Мен де қонаққа барамын. Маған бесбармақ ұнайды. Сәуле апай биенің сүтінен қымыз пісіп жатыр.

4-тапсырма. Сөздерді сәйкестендіріңдер.



Сүт

Шелпек

Қуырдақ

Бие сүті

Ұн

Ет

Айран

Қымыз

шұбат




Асханада


hello_html_442eb39b.jpg


Жаңа сөздермен таныс, сөздік дәптеріңе жазып ал.


ас мәзірі – меню

тапсырыс – заказ

ыстық тамақ – второе блюдо

ас қасық – столовая ложка

тұшпара – пельмени


1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

Мен 29-мектепте оқимын. Біздің мектепте асхана екінші қабатта орналасқан. Асханамыз үлкен, таза және әдемі. Аспаздар әр түрлі дәмді тамақ дайындайды. Асханада шырын, шай, кофе сатылады. Біз ас мәзірі бойынша тапсырыс береміз. Оқушылар таңертең тәтті тоқаш жейді, шай ішеді. Түскі уақытта ыстық тамақ алады.

Кезекші оқушы үстелге шанышқы, ас қасық, шай қасықты әкеледі. Маған манты, тұшпара, палау ұнайды.



1. №29 мектепте асхана қайда орналасқан?

2. Асхана қандай?

3. Аспаздар не дайындайды?

4. Қандай сусын сатылады?

5. Асқа тапсырыс бересіңдер ме?

4. Оқушылар таңертең немен тамақтанады?

5. Түскі уақытта қандай тамақ ішу керек?

6. Кезекшінің міндеті қандай?


2-тапсырма. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.


  • Мектепте тамақтанасың ба?

  • Асханада оқушылар неше рет тамақтанады?

  • Сен қандай тамақ ішесің?

  • ...

3-тапсырма. Берілген сөздерге көптік жалғауларын қосып жазыңдар.


Алма...

Өрік...

Алхоры...

Жүзім...

Алмұрт...


Анар...

Сәбіз...

Қарбыз...





4-тапсырма. Сөздердің сәйкестігін табыңдар.

Нан

Май

Айран

Шұжық

Шай

Қант

Ірімшік

Сусын

Шырын

Колбаса

Кефир

Сыр

Напиток

Хлеб

Сок

Масло

Чай

сахар



Құймақ


hello_html_37184241.jpg


Жаңа сөздерді оқып, естеріңе сақтаңдар.


құймақ – олади

көлемі – (здесь) форма

дөңгелеккрулый

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

Менің атым – Досжан. Мен сендерге қазақтың ұлттық тағамы-құймақ туралы айтып беремін. Бұл тағамды әжем жұма күні дайындайды. Бұл отбасымыздың сүйікті тағамының бірі. Ал құймақ қалай дайындалады?

Ұнға 3жұмыртқа, 100гр. қант, 100гр. сары май және жарты литр сүт қосамыз.

Сосын ыстық майға пісіреміз. Құймақтың көлемі дөңгелек болу керек. Құймақ дәмді, тәтті болады.

Ас дәмді болсын!


1. Досжанның әжесі қандай тағам дайындайды?

2. Қай күні құймақ құяды?

3. Құймақ қалай дайындалады?

4. Құймақтың көлемі қандай болу керек?


2-тапсырма. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.


  • Сен құймақ жедің бе?

  • ...................................

  • Отбасыңа қандай тағам ұнайды?

  • ....................................................

  • Қандай ұлттық тағам дайындай аласың?

  • .................................................

  • Мектеп асханасында ұлттық тағам сатылады ма?

  • ..........................................................


3-тапсырма. Сөздерді сәйкестендіріп, сөз тіркестерін құраңдар.


Дәмді

Ыстық

Қызыл

Дөңгелек

Таңғы


Құймақ

Май

Балық

Ас

үстел





Ірімшік

hello_html_m2bb73a5b.jpg

Жаңа сөздермен таныс, сөздік дәптеріңе жазып ал.

Пайдалы – полезный

сүйекті қатайтады – укрепляет кости

Бұзылмайды – не портиться

бағалы – ценный



1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.

Сүт тағамының бірі – ірімшік. Ірімшік өте пайдалы, дәмді ас. Балаларға таңғы асқа ірімшікке бал, қаймақ қосып береді. Ал кепкен ірімшік бұзылмайды, көп сақталады. Ірімшікті күнде жеу керек. Оның құрамындағы дәрумендер сүйекті қатайтады. Ертеде ірімшік қазақ дастарқанының бағалы тағамы болған.

  1. Ірімшік қандай тағам?

  2. Кепкен ірімшік қалай сақталады?

  3. Ірімшік немен бай?

  4. Ірімшік неліктен дастарқанның басты асы болған?

  5. Ірімшік қай мал сүтінен жасалады?



2-тапсырма. Артық сөзді табыңдар.

  • Ас, тағам, қала

  • Дайындау, әзірлеу, оқу

  • Оқушы, шәкірт, дастарқан

  • Бірінші, алғашқы, дәмді

3-тапсырма. Таңғы ас мәзірін жасаңдар.



Қонаққа шақыру

Жаңа сөздерді оқып, естеріңе сақтаңдар.

туған-туысқан – родственники құрдас – сверстник

құрметтеу – уважать күтемін – буду ждать

тілек білдіру – выразить пожелание

1-тапсырма. Диолог бойынша өзара сөйлесіңдер.

- Айжан, сәлем! Мен сені туған күніңмен құттықтаймын! Саған денсаулық, бақыт тілеймін.

- Рахмет, Оля! Мен де саған сондай тілек білдіремін. Бүгін кешкі сағат 5-те маған қонаққа кел.

- Рахмет, мен келемін. Сен тағы кімдерді шақырдың?

- Үлкендерді, құрдастарымды, сыныптастарымды шақырдым. Мен сені күтемін, кел.



2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Қонаққа барғанда сен қандай тамақ жедің?

2. Сендерге қандай тамақ берді?

3. Қазақтың қандай ұлттық тағамдары болды?

4. Қонаққа бару саған ұнады ма?

3-тапсырма. Қонақ, құрдас деген сөздерді тәуелдеп,сөйлем құрастырыңдар.

Ас – адамның арқауы

Жаңа сөздерді оқып, естеріңе сақтаңдар.

кепіл – залог

құрамында – в составе

ақырғы тамақ – последний прием пищи

қабылдау – принимать пищу

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.

Дұрыс тамақтану – адам денсаулығының басты кепілі. Күнделікті тағам құрамында дәрумендер көп болу керек. Тамақты төрт мезгіл және күн сайын белгілі бір мезгілде қабылдау керек. Ақырғы тамақты ұйқыға дейін екі сағат бұрын ішкен жөн. Тамақтана отырып,ас ішу мәдениетін сақтау керек. Тамақтанудың алдында қолыңды сабынмен жууды ұмытпа.

1. Денсаулықтың басты кепілі не?

2. Тамақтану дегеніміз не?

3. Тамақты неше мезгіл қабылдау керек?

4. Тамақты қай мезгілде қабылдаған дұрыс?

5. Ақырға тамақты қашан қабылдау керек?

3-тапсырма. Берілген сын есімдерден сөйлем құраңдар.

Таңғы, түскі, кешкі, ақырғы, пайдалы.


Біздің асханада

Жаңа сөздерді оқып, естеріңе сақтаңдар.

тек – только қызметі – служба

қызметкер – служащий

төселген – накрыто

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.

Біздің асхана бірінші қабатта орналасқан. Асхана іші кең әрі таза. Асхана сағат оннан беске дейін жұмыс істейді. Асхананың ішінде «Астарың дәмді болсын!» деген жазу бар. Біздің асхана екі бөлмеден тұрады. Біріншісі – мұғалімдер бөлмесі. Мұнда тек мұғалімдер, қызметкерлер тамақтанады. Келесі бөлме – студенттер бөлмесі. Әрбір бөлмеде бірнеше үстел мен орындықтар тұр. Үстелдің үстінде дастарқан төселген. Үстелде қара бұрыш, қызыл бұрыш және тұз бар. Асханада қуырылған картоп, тұшпара, манты, сорпа т.б. тағамдар сатылады. Түрлі салаттар дайындайды.

Аспазшылар қызметі бізге өте ұнайды.



1. Асхана қайда орналасқан?

2. Асхананың іші қандай?

3. Асхана мәзірінде қандай тағамдар бар?

4. Асхана қанша уақыт жұмыс істейді?

5. Аспазшылар қалай қызмет етеді?



2-тапсырма. Көп нүкренің орнына тиісті септік жалғауларын қойыңдар.

1. Сәбіз...,қияр... көптеген пайдалы дәрумендер бар. 2. Оның тәрелкесін... қуырылған картоп және қызылша салаты болды. 3. Мейрамхана... еуропалық және азиялық тағам түрлері бар. 4. Түс... Ұлжан мен Сұлтан дәмхана... тамақтанады.

3-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраңдар.

Тамақтану, ас ішу, қуыру, пісіру, тәтті, ащы, сүйікті ас.



Қорытынды сабақ: «Ас дәмді болсын!»

Тест сұрақтарына жауап беріңдер.

1. Сын есімді табыңдар.

А) таңғы В) асхана С) дайындау

2. Барыс септікте тұрған сөзді анықтаңдар.

А) асханада В) аспазды С) асқа

3. «Ас» деген сөздің синонимін табыңдар.

А) тамақтану В) тамақ С) дәмді

4. Мақал-мәтелді аяқтаңдар.

Ас атасы - ...

А) бауырсақ В) тоқаш С) нан

5. Ауыспалы осы шақта тұрған етістікті табыңдар.

А) жеді В) жеймін С) жеп отыр

6. Сөйлемді аяқтаңдар. Сұйық тамақтардың бірі - ...

А) қол кеспе В) құймақ С) әрімшік

7. Дұрыс аудармасын табыңдар. Тамақ әзірлеу.

А) готовил еду В) приготовь еду С) готовить еду

2- тапсырма. Сүйікті тағам туралы шағын әңгіме құрастырыңдар.

3- тапсырма. Ас туралы бес мақал-мәтел жазыңдар.

Қазақстан Республикасы

hello_html_60ac3049.jpg

Жаңа сөздермен таныс, сөздік дәптеріңе жазып ал.


тәуелсіз – независимый сайлану – быть избранным

егеменді – осуверенный қабылдау – принимать жариялау обьявлен айналымға түсті – вошел в оборот


Қазақстан – көп ұлтты егеменді мемлекет. Халқының саны он бес миллионнан асады. Қазақстанда 14 облыс және 86 қала бар. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның түңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. 1993 жылы қараша айында ұлттық ақша теңге айналымға түсті. 1995 жылы 30-шы тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Қазақстан Республикасының 1992 жылы 4 маусымда Туы, Әнұраны, Елтанбасы туралы заң қабылданды. Қазақстанның бас қаласы және астанасы – Астана.

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді түсініп оқыңдар.

  2. Сөзжұмбақ құрастырыңдар.

  3. Сөз тіркестеріндегі көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауын қойып жазыңдар.


Менің Отан..., оның теңге..., сенің қала..., оның мемлекет..., менің астана..., оның ұлт..., сенің облыс...

4. Карта бойынша әңгіме құрастырыңдар.



Астана – Тәуелсіз елдің жаңа Елордасы

hello_html_233627dd.jpg

Жаңа сөздерді оқы, есіңе сақта.

жас қала – молодой город

зәулім үйлер – высокие дома

сауда орталықтары – торговые центры

елорда – новая столица



Астана қаласы – Тәуелсіз Қазақстанның Елордасы. Ол – еліміздің ең жас әрі көрікті қалаларының бірі. Астана қаласы Есіл өзенінің жағасында орналасқан. 1998 жылдың 6 мамырына дейін бұл қала Ақмола деп аталып келді. Қазір Астана қаласы күннен-күнге көркейіп келеді. Кең әрі таза көшелер, зәулім үйлер, әдемі ғимараттар қаланың сұлулығын арттыра түседі. Қалада сауда орталықтары, салтанат сарайлары, мұражайлар, демалыс орындары көп.

2-тапсырма. Диалогты рөлге бөліп оқыңдар, ойды жалғастырыңдар.

- Амансың ба, Әсел? - Жақсы, рахмет. Өзіңнің көңіл-күйің қалай?

- Өте жақсы. Себебі қысқы демалыста Астанаға қыдырып бардым.

- Шын айтасың ба?

- Иә, Есіл өзеніне де бардық. Астананың бұрынғы атын білесің бе?

- Иә, Астана бұрын Ақмола, Целиноград деп аталған.

- Ақмола қашан Астана болып өзгертілді?

- 1998 жылы 6 мамырда Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.

3-тапсырма. Өлеңді жаттап алыңдар. Мазмұнын қара сөзбен айтыңдар.

Астана

Ел ордасы, ғажайып қалам, Астанам,

Өзгеге айтып, сен туралы мақтанам.

Қазақстан саған қарап бой түзер,

Өрлей берші, гүлдей берші, жас қалам.



Қазақ тілі - мемлекеттік тіл



hello_html_m758ab4b3.jpg

Жаңа сөздермен таныс, сөздік дәптеріңе жазып ал.

асыл қазына – ценное богатство

тіл туралы заң Закон о «Языках»

ұлт өкілдер – представители нации



Менің Отаным Қазақстан. Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Қазақ тілі қыпшақ тілдер тобындағы тіл. Қазақ тілі ең бай және көркем тіл. Қазақ тілі - Қазақстан халқының асыл қазынасы. Қазақ тілінде өте көп газеттер, журналдар бар. Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазак тілі -Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» деп жазылған. Қазакстан Республикасының тіл туралы алғашқы заңы 1989 жылы 22 қыркүйекте кабылданды. 22 қыркүйек тілдер мерекесі деп саналады. Біздің елімізде тұратын барлык ұлт өкілдері қазақ тілін оқып үйренуде.



Тапсырмалар:

  1. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтар дайындаңдар.

  2. Өзара сөйлесіндер.

  3. Мына сөздерді септеңдер : мереке, ұлт, заң.

4. Суретке қарап, әңгіме құрастырыңдар.



Ата заңы, жеті жарғы

Жаңа сөздерді оқы, есіңе сақта.

құқықтар жинағы – сборник законов

мүлтіксіз орындау – безошибочно выполнять

жеті жарғы – Семь законов

құжат – документ



Біздің еліміздің басты құжаты – Ата Заң. Ол соңғы рет 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Бұл Заң бүгінгі таңда қолданыста жүр. Біздің Ата заңымызда 9 бөлім, 98 бап бар. Ата Заңды құрметтеу, жақсы білу керек. Оны әрбір азамат мүлтіксіз орындау керек.

Қазақ халқының тұнғыш құқықтар жинағы «Жеті жарғы» деп аталған. Ол жарғыда негізгі жеті бап түрі жазылған. Бұл жарғыны Тәуке хан мен оның билері жазған.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтар дайындаңдар

2. Тәуелдік жалғауы бар сөздерді теріп жазып, жағын анықтаңдар.

3. Жалқы есімдерді табыңдар.



Қазақ еліне саяхат

Сөздік:

қазба байлығы – полезные ископаемые тату-тәтті – дружно

көркею – становиться красивым үлес – вклад, часть

Қазақстан өзінің тәуелсіздігін, егемендігін 1991 жылы, 16 желтоқсанда алды. Қазақстан – менің Отаным. Оның астанасы – Астана қаласы. Астана қаласы күннен-күнге көркейіп, құлпырып, жайнап өсіп келеді. Елімізде бірнеше ұлттың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Біз өз Отанымызды сүйеміз, мақтан етеміз. Қазақстанның жері кең байтақ, табиғи қазба байлығы мол. Еліміздің өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.

Болашақ жас ұрпақ Қазақстанды көркейтуге үлесін қосады.




2-тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ІІІ-деңгей

  1. Мәтінді оқып, мазмұнын орысша айтып беріңдер.

  2. Отан туралы мақал-мәтел айтыңдар.

ІІ-деңгей

  1. «Отан» тақырыбына мақал-мәтел, өлең, ән айтып беріңдер.

  2. Мәтінге 5-6 сұрақ дайындаңдар.

І-деңгей

1. Қазақстан Республикасы туралы өз пікірлеріңді айтыңдар.



Қазақстанның өндіріс орындары

hello_html_m29aa81bd.jpghello_html_m76220f06.jpg

Сөздік

көмір – уголь

мұнай – нефть

темір – железо

мыс – медь

күміс – серебро

мырыш – цинк

Қазақстан – кен байлықтары мен олардың әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Еліміздегі кен байлықтары маңыздылығы жағынан үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа мұнай, газ, көмір, уран, хромит кен орындары жатады. Хром кендері жөнінен Қазақстан дүниежүзінде бірінші орынға ие. Екінші топты темір, марганец, мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және алтын кен орындары құрайды. Үшінші топқа қалайы күміс, фосфор, кен орындары кіреді.

Қазақстан энергетика және минералды шикізаттың барлық қорына ие.



Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, сөздік жұмысын жасаңдар.

2. Сұрақтар құрастырыңдар.

3. Мәтінге өз білетін мәліметтерді қосып, мазмұндаңдар (суретті қолданыңдар).

4. Мәтіннен етістіктерді тауып, оның қай шақта тұрғанын анықтаңдар.



Қазақстан табиғаты


hello_html_42bef28b.jpg


Жаңа сөздерді оқып, естеріңе сақтаңдар.


ата-баба – предки

туып-өскен – родились

айнадай жарқыраған – блестящий как зеркало

қыр – возвышенная местность

үлес – вклад, часть


Біздің ата-бабаларымыз, әкелеріміз Қазақстанда туып-өскен. Сондықтан оны біз Отанымыз дейміз. Біз де осында туып, ана тілімізде сөйлейміз. Дүние жүзінде Қазақстаннан басқа да елдер көп. Бірақ, Отан әр адамда біреу-ақ.

Қазақстанның көп бөлігін далалы жерлер алып жатыр. Жеріміз бай және алуан түрлі. Елімізде биік таулар, суы мол өзендер, айнадай жарқыраған көлдер, қырлар мен кең далалар бар.

Отанымыздың табиғаты қандай тамаша! Оны қорғауымыз керек. Табиғатты қорғап, сақтау үшін біз өз үлесімізді қосамыз.

1 -тапсырма. Әр абзацқа ат қойыңдар.


2 -тапсырма. Кесет бойынша жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңдар.


1.Сын есім + зат есім.

2. Зат есім + етістік.



3 -тапсырма. Туған өлкенің табиғаты туралы суретті қолданып, әңгіме құрастырыңдар.

Қазақстан қалалары

Сөздік

даңқ – слава

ғарыш аймағы – космодром

Ұлы Жібек жолы–Великий Шелковый путь

қорғасын – свинец

мырыш – цинк

құрлық – суша


Қазақстан Республикасында 14 облыс және 85 қала бар.

Маңғыстау облысынның бас қаласы – Ақтау. Бұл өлкеде мұнай мен газ өндіріледі.

Батыс Қазақстан облысының басты қаласы – Орал. Ол екі құрлықтың – Еуропа мен Азияның үстімен өтеді.

Ақтөбе облысы хром, никель, фосфорит қорларымен даңқы шыққан. Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында астық көп өсіріледі. Қарағанды – шахтерлер астанасы.

Екібастұз қаласында жылу электростанциялары салынған.

Шығыс Қазақстан облысында қорғасын, мыс, мырыш, күміс бар. Алматы облысы таулы, сулы аймақ.

Жамбыл облысында Тараз қаласы бар. Оңтүстік Қазақстан жерімен Ұлы Жібек жолы өткен. Қызылорда облысында Байқоңыр ғарыш аймағы бар.


Деңгейлік тапсырмалар:

III- деңгей

Мәтінді аударып, диалог құраңдар.

II- деңгей

Сызбаны толықтырып, мазмұнын айтып беріңдер.

Қазақстанның қалалары

hello_html_4203a39d.gifhello_html_1aafbe84.gifhello_html_m2a7a3d2a.gifhello_html_m14832045.gifhello_html_m25d2fd7e.gif





I-деңгей

«Павлодар облысы» туралы қосымша мәлімет жинаңдар.



Алматы – менің сүйікті қалам

Жаңа сөздермен танысып, сөздік дәптерлеріңе жазып алыңдар.

бұрынғы – здесь: старая зәулім - высокий

демалыс орындарыместа для отдыха жаңарғандай - обновленная

бойында – вдоль оранған – укрытый


Алматы – Қазақстанның бұрынғы астанасы. Алматыда көптеген зәулім үйлер, демалыс орындары, жоғары оқу орындары бар. Көшелері ұзын әрі кең. Көшелерінің екі бойында үлкен ағаштар бар. Алматы көктемде әдемі болып кетеді. Себебі жеміс ағаштары гүлдеп, бүкіл дала жаңарғандай болады. Алматы – жасыл кілемге оранған бақ қала.

1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар, орыс тіліне аударыңдар.

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңдар.

3-тапсырма. Мына өлеңді жаттап алыңдар.

Сағындым Алматымды

Қосамын әнге атыңды,

Тосамын әр хатыңды.

Сағындым алма бағын,

Арайлы Алматымды.

Қайырмасы:

Сағындым аққу үнді,

Сағындым ақ гүліңді.

Алматым сыйладың сен,

Шабытты шаттығымды.

Қайырмасы:

Еске алам Көктөбені,

Жаныма от береді.

Алғашқы махаббатқа,

Куәгер көк терегі.


4-тапсырма. Өз туған қалаларың туралы әңгімелеп беріңдер.



Қазақстан тәуелсіз мемлекетіміз

Қазақстан – біздің сүйікті атамекеніміз. 1991 жылғы желтоқсанның 16-сы – оның тарихындағы ұлы күн! Сол күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Қазақ халқы ғасырлар бойы аңсаған арманына жетті. Еліміз егемен мемлекет болды.

Қазіргі қазақ мемлекетін жер жүзі біледі. Оның көгілдір туы Нью-Йорктегі әлем елдері туының арасында желбіреп тұр. Мемлекеттік Әнұранымыз дүние жүзінің әр қиырында қазақ тілінде шырқалды. Бұл біздің жүрегімізді мақтаныш сезіміне бөлейді! Біз ана тілімізді ардақтаймыз. Ұлы Отанымыз – Қазақстанды шексіз сүйеміз! Еліміздің жас ұрпағы оның даңқын аспандатуды армандайды.

1-тапсырма. Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқыңдар.

2-тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ІІІ деңгей

1. Мәтінге сөздік құрастырыңдар.

2. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңдар.

3. Мына сөздерді тәуелдеңдер: Елтаңба, Әнұран, Ту


ІІ деңгей

Сөйлем ішіндегі бас әріппен жазылған сөздерге назар аударыңдар. Олардың не себепті солай жазылғанын түсіндіріңдер.

Көгілдір, қоршау, бейнелеу сөздерінен сөйлем құраңдар.


І деңгей

Мәтінді оқып, мазмұнын орысша айтып беріңдер.

Мәтін бойынша мазмұндама жазыңдар.



Қазақстан – көп ұлтты мемлекет

hello_html_3dfdc8f0.jpghello_html_528ac5a6.jpg

Сөздік

өзара – между собой үйрену – изучать

ұлт өкілдерімен – представители наций тырысу – стараться


Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда 130 астам ұлт өкілдері тұрады. Олар: қазақтар, орыстар, украиндар, немістер, татарлар және т.б.. Қазақстандағы ұлт өкілдері бір-біріне көмектесіп, өзара тату-тәтті тұрады. Олар Қазақстанды өз елі санайды. Сондықтан қазақ тілін үйренеді және өз ана тілдерін ұмытпауға тырысады.

Біздің қаламызда Достық үйі бар. Онда адамдар әртүрлі тілдер үйренеді және басқа ұлт өкілдерімен кездеседі.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтар құрастырыңдар. 2. 2. Етістіктердің шақтарын анықтаңдар. 3. «Үйрену» сөзін өткен шақта жіктеңдер.



Қазақ халқының ұлттық тағамдары

hello_html_m3a1a461f.jpghello_html_4bcd22ad.jpghello_html_2bfe6bb8.jpghello_html_78c0f76f.jpg

Сөздік

мал шаруашылығы – селское хозяйство өнімдері – продукты

ет тағамдары - мясные блюда сүт тағамдары – молочные блюда


1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып,сұрақтарға жауап беріңдер.

Қазақ халқының ұлттық тағамдары үш түрге бөлінеді. Олар: нан тағамдары, сүт тағамдары, ет тағамдары деп топтауға болады.

Қазақтың ұлттық тағамдары, негізінен, ет пен сүттен дайындалған. Бұл халқымыздың мал шаруашылығымен айналысқанын білдіреді.

Айран, қымыз, шұбат, сарымай, ірімшік, қаймақ - сүт өнімдері болса, бес бармақ, қуырдақ, қазы, қарта, жал-жая, құйрық-бауыр –ет өнімдері болып саналады.

1. Ұлттық тағамдар неше түрден тұрады?

2. Қазақтың ұлттық тағамдары негізінен неден дайындалған?

3. Сүт өнімдеріне не жатады?

4. Ет өнімдеріне не жатады?



2-тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ІІІ деңгей

  1. Мәтіннің мазмұнын орысша айтып беріңдер.

  2. Етістіктерді теріп жазып, жалғауларының астын сызыңдар.

ІІ деңгей

  1. білу , дайындалу сөздерін жіктеңдер.

2. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер.

І деңгей

1. Суреттегі ұлттық тағамдардың атауларын дәптерге жазып, ерекшеліктерін түсіндіріңдер.



Қазақ халқының салт-дәстүрлері


hello_html_m2ca1e47d.jpg



Жаңа сөздерді оқы, есіңе сақта.

салт-дәстүр – традиция

нәресте – новорожденный

бесік – колыбель

өнегелі – примерный, образцовый

елеулі – значительный, достойный


1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтып беріңдер.


Жаңа туған нәрестені бесікке салу да халқымыз дәстүрдің бірі. Бесікке салу жолы үлкен өнегелі әжелеріне, әйелдерге тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі, таза заттар қойылады. Бесікке салған адамға «бесікке салар» кәделі сый беріледі. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры» айтылады:

Айыр қалпақ киісіп,

Ақырын жауға тиісіп,

Батыр болар ма екенсің?

Бармақтарың майысып,

Түрлі ою ойысып,

Шебер болар ма екенсің?

Таңдайларың тақылдап,

Сөзіңді жұрт мақұлдап,

Шешен болар ма екенсің?


Бесік ағаштан, негізінде талдан иіп жасалады. Бесіктің мынадай құрал- жабдықтары болады: жастық, мамық, жөргек, түбек, шүмек, қолбау, тартпабау т.б.


1- тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Бесіктің қандай пайдасы бар?

  2. Бесікті неден жасайды?

  3. Бесіктің үстіне қандай заттар қойылады?

  4. «Бесік жыры» қай кезде айтылады?

  5. Баланы бесікке кімдер салады?


2- тапсырма. Мәтіннен көптік жалғаулы сөздерді теріп жазыңдар.

Үлгі: әжелеріне-әже-лер


3-тапсырма. Берілген сөздердің қосымшаларын ажыратыңдар.


Үлгі: нәрістені – нәрісте - түбір, зат есім

  • ні – табыс септігі

Нәрестені, бесікке, халқымыз, дәстүрдің, елдің, әжелеріне, бесікті, әйелдерге, халқының, ойындар, анасын, үлкендері.


4-тапсырма. Мәтінде берілген «Бесік жыры» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын түсініп жаттаңдар.


Ұлттық аспаптар

hello_html_m549cd490.jpghello_html_m42247d26.jpghello_html_21186c02.jpg


1-тапсырма. Синоним сөздердің мағынасын түсініп, сөйлем құрастырыңдар.

Аспап – құрал – сайман - жабдық сүйемелдеу - ойнау

оқиға – жағдай аузын ашу - таң қалу

өлең - ән перне - ішек


Домбыра

2-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңдер.


Қазақ халқының табиғи ұлттық музыка аспабы – домбыра. Халқымыздың тарихындағы оқиғалар жыр, эпос, аңыз, өлең түрлерінде домбырамен сүйемелдеу арқылы айтылды. Ол күй үлгісінде ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, бізге дейін жеткен. Қазір бұл аспапта шығыс пен батыстың классикалық шығармаларын да ойнауға болады.

Домбыраны білмейтін қазақ жоқ. Бірақ олар Қазақстанның әр аудандарында әр түрлі болып келеді. Мысалы, мойны ұзын, шанағы жұмыр, он екі, он төрт пернелі домбыра көбіне Батыс Қазақстанға тән. Ал көлемі шағын 7-9 пернелі домбыралар Солтүстік, Орталық, Оңтүстік Қазақстанда көп таралған. Домбыраның негізгі екі түріне байланысты, орындаудың да екі түрі-«төкпе» және «шертпе» қағыстар қалыптасқан. Ел арасында бұл екі дәстүр қатар дамып келеді.


3-тапасырма. Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырыңдар.


  1. Ұлттық аспаптың бірі- ... . 2. Домбырада ..., ... , ... сүйемелденген.

3. Күйшілер ... күй тартқан. 4. Қазір домбырада шығыс пен батыстың ... ... ойнайды. 5. Домбыра ... ..., ... ... пернелі. 6. Солтүстік Қазақстанда ... - ... пернелі домбырада ойнайды. 7. Домбырада ... 2түрі бар. 8. Олар «...» және «...» қағыстар деп аталады.



4-тапсырма. Мәтін бойынша түсініктеріңді тексеріңдер.


5 – тапсырма. Суреттегі ұлттық аспаптардың атын атап, жаттап алыңдар.

6 - тапсырма. Өлеңді жаттап айтып беріңдер.


Домбырадай шежіре жыр болмаған,

Даламыздың тағдырларын толғаған.

Армандарын,

армандарын,

армандарын халқымның,

Аманат қып ұрпағына жолдаған.


Ұлттық киімдер



hello_html_m336419b6.jpghello_html_e1424c6.jpghello_html_46d22a80.jpghello_html_m64c81b86.jpg



1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Әлемде қандай ұлттар бар?

  2. Неге олар әртүрлі киінеді?

3. Сен қандай ұлттық киімді ұнатасың? Неге?


2-тапсырма: Түбірлес сөздердің мағынасын түсініп, сөйлем құрастырыңдар.

  1. Киім 1.--------------------------------------------------

  2. Кию 2.--------------------------------------------------

  3. Киетін 3.--------------------------------------------------

  4. Киген 4.--------------------------------------------------

  5. Тігу 5.--------------------------------------------------

6. Тіккен 6.--------------------------------------------------


Тон

Жаңа сөздермен танысып, сөздік дәптерлеріңе жазып алыңдар.

етек – подол

қарсақ – корсак

бұлғын – соболь

құндыз – бобр


3-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңдер.

Малдың терісінен тон тігіп кию ежелгі қазақ салты болған. Тон әрі жылы, әрі жұмысқа ыңғайлы.

«Тоғыз қабат тоқадан, тоқтышақтың тоны артық» деген мәтел сонан қалса керек. Тон «қаптама», «камзолша» деп екіге бөлінеді. Қаптама-қысқы боранда малшылар киетін тонның түрі. Ал камзолша - етегі тізеден жоғары келетін қысқа тон.

Тон орнына қасқырдың, түлкінің, қарсақтың т.б. аңның терісінен, сыртын матамен тыстап тігетін киімді «ішік» дейді. Ішіктерді құндыздың, бұлғының, түлкінің терілерінен жасайды.


4-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.


  1. Ежелгі қазақтар теріні не үшін пайдаланған?

  2. Тон неден тігіледі?

  3. Оның қандай түрлері бар?

  4. Ішік дегеніміз не?

  5. Ішіктің қандай түрлері болады?


5- тапсырма. Мына сөздермен сөйлем құрастырыңдар.

Камзолша, қаптама, ішік, тон, тері, бағалы, құндыз, бұлғын, қымбат.


6-тапсырма. Тағы да қандай ұлттық киімдерді білесіңдер? Сол туралы сұхбаттасыңдар.

Қысқы киімдер:-------------------------------------------------------------

Жазғы киімдер:--------------------------------------------------------------

Бас киімдер:------------------------------------------------------------------

Аяқ киімдер:-----------------------------------------------------------------


7– тапсырма. Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар.


  • Киім кию оң қолдан басталады.

  • Қыздарға ер баланың киімін киюге болмайды.

  • Шалбарды және етікті отырып киеді.

  • Киімнің жағасын басуға болмайды.

  • Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды.

  • Бас киімді босағаға емес, төрге іліп қояды.


8 - тапсырма: Берілген суреттерді қолданып, «Ұлттық киімдер» тақырыбына шағын әңгіме дайындаңдар.



Қазақ күйшілері мен әншілері


hello_html_m4ff3d174.jpg hello_html_mfa24ecc.jpg hello_html_7d734ae1.jpg


Жаңа сөздерді оқы, есіңе сақта.


атақты – знаменитый (-ая) күй – кюй (мелодия)

заманымызға – до нашего времени сазгер – композитор

байқалды – заметили зеректігі - способность

бата – блогословение жеткізгендердің бірі – одна

из исполнителей


Дина Нұрпейісова – қазақстанның халық әртісі, атақты күйші, сазгер.

Динаның музыкаға деген зеректігі өте ерте байқалды. Ол жеті-сегіз жасында қолына домбыра ұстайды. Тоғыз жасында Құрманғазыдан бата алады.

Құрманғазы, Дәулеткерей және басқа сазгерлердің күйлерін біздің заманымызға жеткізгендердің бірі Дина болды. Динаның «Той бастар», «Әсем қоңыр», «Жеңіс», «8 Март», «Бұлбұл», т.б. күйлері бар.


Тапсырмалар:

1. Мәтінді аударып, ат қойыңдар.

2. Мәтіннің мазмұнын орысша айтып беріңдер.

3. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Дина Нұрпейісова кім?

2. Ол неше жасында қолына домбыра ұстайды?

3. Дина Құрманғазыны неше жасында көреді?

4. Динаның қандай күйлерін білесіңдер?

3. Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, олардың қай шақта, қай жақта тұрғанын анықтаңдар.


4. Бата алу, көзге түсу - етістіктерді нақ осы шақта жіктеңдер.



Қазақстан мерекелері

hello_html_4bc7c642.jpghello_html_1c210c01.jpg

hello_html_m29eee80.jpghello_html_m624b0e16.jpghello_html_55e85521.jpg

Сөздік

ұлттық – национальный бірлік – единство

ата заң – конституция тәуелсіздік – независимость халықаралық – международный жарлық – указ


1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, диалог құраңдар. Мәтін бойынша өзара сөйлесіңдер.

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1995 жылғы қазанның 18-і күнгі Жарлығымен республика мерекелерін белгіледі. 25 қазан – Республика күні – Қазақстанның Ұлттық мерекесі болып жарияланды.

1 – 2 қаңтар – жаңа жыл.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні.

22 наурыз – Наурыз мейрамы.

1мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі.

9 мамыр – Жеңіс күні.

30 тамыз – Ата заң күні.

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні

мереке күндері болып саналады.


2 – тапсырма. Мәтін бойынша мына тапсырмаларды орындаңдар.

1. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер.

2. Кесте бойынша әңгіме құрастырыңдар.


3 – тапсырма. Төмендегі жолдарды жаттап алыңдар.


Республика! Ерікті ел – Қазақстан!

Келді ақыры көп күткен жаз алыстан .

Келді алыстан аңсатып , армандатып ,

Торды бұзған мен де бір мәз арыстан .


4 – тапсырма. Өлең жолдарынан етістіктерді теріп жазып, жалғауларын белгілеңдер.


5 – тапсырма. Жоғарыда берілген суретті қолданып әңгіме құрастырыңдар.



Нәтиже сабақ

Ашық тест

  1. Қазақстан қандай мемлекет?

  2. Қашан Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайланды?

  3. Қай жылы Қазақстан Республикасының Ата заңы қабылданды?

  4. Қашан Қазақстан Республикасының рәміздері туралы заң қабылданды?

  5. Тәуелсіз Қазақстанның Елордасы қай қала?

  6. Астананың бұрынғы аты.

  7. Қазақстан Республикасының тіл туралы алғашқы заңы қашан қабылданды?

  8. Қазақ халқының тұңғыш құқықтар жинағы қалай аталады?

  9. 1995 жылы 30 тамыз айында не қабылданды?

  10. Қазақстан Республикасында неше облыс, неше қала бар?

  11. Қазақстанда нешеден астам ұлт өкілдері тұрады?

  12. Атақты әнші, ақын, халық композиторы Жаяу Мұса қашан, қай жылы, қандай отбасында туған?

  13. Қай жылдар шамасында Мұса өнер –білім қуып үлкен қалаға атанды?

  14. Жаяу Мұса Байжановтың қазақ музыка мәдениетінен алатын орыны қандай?

  15. Қазақ халқының тұрмысы, салт-дәстүрі, ойындары көбінесе немен байланысты болды?

  16. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1995 жылғы қазанның 18-і күнгі Жарлығымен нені белгіледі?

  17. Қандай қазақ халқының ұлттық ойын түрлерін білесіңдер?

  18. Омпы ойынына неше балаға дейін қатыса берулеріне болады?

  19. Қандай музыкалық аспаптарды білесің?

  20. Қазақ халқының ең жетілген әрі нағыз табиғи ұлттық музыка аспабы-не?

  21. Бесікті неден жасайды?

  22. «Бесік жыры» қай кезде айтылады?

  23. Баланы бесікке кімдер салады?

  24. Ежелгі қазақтар теріні не үшін пайдаланған?

  25. Ішік дегеніміз не,оның қандай түрлері болады?


Қыс

hello_html_m6ce18b07.jpg hello_html_m3c579b12.jpg hello_html_1bbee5a4.jpg

Сөздік

қалың - густой, плотный аяз - мороз

суытады - похолодает жиі-жиі - часто-часто

аңшылар - охотники



  1. тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, әрі қарай жалғастырыңдар. Бір-біріңе сұрақ қойып, сөйлесіңдер.



Бізде қыс желтоқсан айынан басталады. Бұл мезгілде күн суытады. Батыстан суық жел соғады. Күн қысқарып, түн ұзарады. Жиі-жиі қар жауады. Жердің бетін аппақ қар басады. Адамдар қыстыгүні жылы киінеді. Бұл мезгілді, әсіресе, аңшылар өте ұнатады. Олар аң аулайды. Үлкендер де, жастар да коньки теуіп, шаңғымен сырғанайды. Әр жыл мезгілінің өз мейрамы бар. Қыста біз Жаңа жылды қарсы аламыз...

2-тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ІІІ деңгей

  1. Сын есім ережесін жатқа айтып беріңдер.

  2. «Қыс» тақырыбына бір-біріңе сұрақ қойып, сөйлесіңдер.

ІІ деңгей

Сын есім жұрнақтарының жасалу жолдарын түсіндіріңдер. Мысалдар келтіріңдер.

  1. Сын есімдерді пайдалана отырып, балалардың қысқы демалысы туралы айтып беріңдер.

  2. Мына зат есімдерден сын есімдер жасаңдар: кеш, күз, жолдас, қала, жаз, ұлт, ақыл, қыс, ойын, дос.

І деңгей

Сын есімнің басқа сөз таптарынан айырмашылығын көрсетіңдер.

  1. Мына сөздерден сөйлем құраңдар:

киінеді, қыста, үлкендер де, жылы, балалар да.

  1. Қыстың жыл бойы болғанын қалайсың ба? Қыс мезгілі саған несімен ұнайды?

2-тапсырма. Сөздіктегі сөздерден сөз тіркестерін құрап жазыңдар.

Мысалы: қалың қар, ... .

Бұл қай кезде болады?

hello_html_ma73f665.jpg hello_html_5bf5cd1e.jpg hello_html_m4d4b9055.jpg

Сөздік

ұшан-теңіз - бесконечный

басып,жабу - покрывать

қос - парные

таудан түсу - спускаться сгоры

мұздай демі - ледяное дыхание

бет қарып - обжигать лицо

байлау - завязывать

тауға қарай - к горе

тартсам да жүрмейді - хотя тяну, не едут

айдау - погнать


1-тапсырма. Мәнерлеп оқып, жаттаңдар.

Ұшаң – теңіз қалың қар

Жерді басып, жабады.

Мұздай демі бет қарып,

Аяз аузын ашады.


2-тапсырма. Жұмбақтарды шешіңдер.

  1. Таудан түссем, тоқтауды білмейді,

Тауға қарай тартсам да, жүрмейді.


  1. Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым.


  1. Табанға қанжар байладым,

Бетінде айна ойнадым


3-тапсырма. Диалогты оқып өзара сөйлесіңдер.


  • Қай жыл мезгілі басталды?

  • Қыс жыл мезгілі басталды.

  • Қыс айлары қай айлар?

  • Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

  • Қыста ауа райы қандай болады?

  • Қыста ауа райы салқындайды, боран соғады, қар жауады.

  • Қыста адамдар қалай киінеді?

  • Қыста адамдар жылы киінеді.

  • Қыста қандай мереке болады?

  • Қыста жаңа жыл мерекесі болады.


4-тапсырма. Кесте бойынша әңгіме құрастырыңдар.








5-тапсырма. Сөздерге жұрнақтарды жалғап сын есім жасаңдар.


Қыс, кеш, жаз, күз (-қы,-кі, -ғы,-гі)

Орман, көл, тау (-ды,-ді, -лы)

Көңіл, қар, қызық (-ді, -лы, -ты)

ұлттық ойын түрлері

6-тапсырма. Берілген суреттер бойынша әңгіме құрастырыңдар.

hello_html_m6f40c8b3.jpg hello_html_127d3152.jpg


Аяз ата мен Ақшақар


hello_html_3c2f1cd.jpg


Сөздік

асыға күтеді – ждут с нетерпением

әсіресе – особенно

сыйлық – подарок

Барлық мейрамдардың ішінде Жаңа жыл-ең әдемі, ең көңілді мейрам. Барлық жерлерде неше түрлі шыршалар орнатылады. Жаңа жылды, әсіресе, балалар асыға күтеді. Өйткені қысқы демалыс басталады. Бұл күндерде оларды мәдениет орындары Жаңа жылдық концертке шақырады. Мұнда балаларға сыйлықтар береді. Балалар шыршаны айналып би билеп, ән салып көңілді демалады.

Жаңа жылда Аяз ата мен Ақшақар келеді. Олар жақсы тілек, ән айтқан,би билеген өнерлі балаларға сыйлықтар береді.

Тапсырмалар

  1. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтар құрастырыңдар.

  2. Мәтіндегі етістіктерді теріп жазыңдар, сұрақтар қойыңдар.

  3. Жақсы көретін мерекең туралы әңгімеле.



Қысқы демалыс


hello_html_3f899fd1.jpg



Сөздік

онша суық емес – не очень холодно

сырғанақ – каток

ұнады – понравилось


Демалыс күні ертемен оқушылар мектепте жиналды. Қар қалың жауғанмен, күн онша суық емес еді. Оқушылар бәрі де жылы киінген. Олар үш топқа бөлінді. Шаңғышылар тобы тауға қарай жөнелді. Конькишілер өзен маңындағы мұз айдынына кетті. Шанамен келген балалар мектеп қасындағы сырғанақта қалды. Сырғанақ тебу бәріне де ұнады.Демалыс күні көңілді өтті.



  1. «Қыс» тақырыбына 10 сын есім жазып, олардан сөз тіркестерін құраңдар.

  2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар.

  3. «Қысқы демалыс» деген сөз тіркесін септеңдер.



Нәтиже сабақ

Тест сұрақтарына жауап беріңдер

  1. Сызбаны толықтырыңдар.

Етістіктің шақтары

hello_html_74fd3b2.gifhello_html_m4fe7ffdf.gifhello_html_m3d36b63d.gif


  1. Өткен шақ жұрнақтарын көрсетіңдер.

а). –ды, -ді

ә). –ып; -іп

б). –а; -е; -й

3. Сөздердің аудармасын табыңдар.

сырғанау украшать

мұз айдыны кататься

безендіру ледовый стадион

  1. Етістіктің болымсыз түрін көрсетіңдер.

а). сөйлесті

ә). жүреді

б). термейді

5. Сөйлемді аяқтаңдар. Қыста...

а). қар жауады

ә). шөп орады

б). егін жинайды


Бақылау сұрақтарына жауап беріңдер.

  1. Қыс мезгілі көпшілікке неліктен ұнайды? Қыс туралы әңгімелеңдер.

  2. Етістік туралы түсінік беріңдер.

  3. «Медеу» мұз айдыны тақырыбы бойынша диалог құрыңдар.||


Қыс қызығы

hello_html_m6f961d7.jpg

Сөздік

ілінген – висят көңілді – радостный, интересный

Қыс мезгілі. Далада қар жауып тұр. Бүгін ауа райы жаман емес. Күн суық, аяз қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Балалар қармен ойнап жүр. Олар шаңғы және коньки теуіп жүр. Үлкен балалар мұз айдынында хоккей ойнап жүр. Қыста кісілер жылы киінеді. Қыста жаңа жыл мейрамы болады. Мектепте шырша болды. Шыршада ойыншықтар ілінген. Олар әдемі. Аяз ата мен Ақшақар келді, сыйлық әкелді. Балалар өте көңілді. Жаңа жыл құтты болсын!

1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар.

2-тапсырма. Сұраққа жауап беріңдер.

  1. Қай мезгіл келді?

  2. Не жауып тұр?

  3. Ауа райы қандай?

  4. Балалар не істеп жүр?

  5. Ойыншықтар қандай?



3-тапсырма. Асты сызылған сөзге сұрақ қойыңдар.

Күн суық.

Балалар қармен ойнап жүр.

Олар өте көңілді.

Қыста кісілер жылы киінеді.


4-тапсырма. Қарсы мәндес сөздерді жазыңдар.

  1. суық –

  2. қыс –

  3. күн –

  4. кішкене –

  5. көңілсіз –



5-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазыңдар.

  • Далада .......... жауып тұр.

  • Балалар ......, ......, ......... теуіп жүр.

  • Қыс айлары .....

  • Кісілер жылы .........

  • Шыршада .............. ілінген.



Аққалада

Жаңа сөздерді оқып, естеріңе сақтаңдар.


сырғанау – кататься

шаңғы – лыжи

мұз – лед

жиі-жиі – часто

Жиі-жиі қар жауды, боран соқты. Жер ақ тонға оранып, қар астында қалады. Шыршалар ақ мамыққа оранды. Өзен, көлдердің бетіне тұрған мұз қалыңдады. Балалар аққала жасап ойнайды. Көгілдір мұз айдындарында үлкендер де, балалар да коньки теуіп, шаңғымен сырғанайды.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын әңгімелеңдер.

2. Мәтіндегі етістіктерді теріп жазыңдар. Бір етістікті жедел өткен шақта талдаңдар.

3. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңдар.


«Медеу» мұз айдыны



hello_html_6aa26d11.jpg

Жаңа сөздермен танысып, сөздік дәптерлеріңе жазып алыңдар.

мұз айдыны – ледовый стадион

үлкен кесе – большая чаша

қолтығына қысып – под мышкой

кәдімгі – обыкновенный

шырша – ель

үйеңкі – клен

суды қатырған – воду замораживают

дүниежүзілік – мировой



«Медеу» мұз айдыны тау ортасында жатқан үлкен кесе сияқты. Қарасаң, айналаңда жаз. Арша, шырша, үйеңкі ағаштары өсіп тұр. Күн ыстық. Осындай ыстық күндері де балалар конькилерін қолтығына қысып «Медеу» мұз айдынына асығады.

Мұз айдынында кәдімгі қатты мұз. Суды мұздатқыш қондырғылардың көмегімен қатырған. Медеудегі мұз айдыны — дүние жүзіндегі теңдесі жоқ мұз. Медеуге талай-талай дүниежүзілік рекордтар туды.

1- тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

Мұз айдыны қайда орналасқан?

Қандай ағаштар өсіп тұр?

Балалар қайда келе жатыр?

Мұз айдыны қалай жасалған?

Медеудегі мұз қандай мұз?



2- тапсырма. Сөйлемнен етістіктерді теріп, оның қай шақта тұрғанын анықтаңдар.

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына «н» немесе «ң» дыбысын қойып жазыңдар.

Жа...а, се..., о...ай, ерте..., кү..., үйі...кі.

Қыс ойындары

hello_html_m607b09a8.jpg hello_html_691da662.jpg hello_html_m2dfa9033.png

Сөздік

қалың – здесь: густой мұз болып қату – покрыться льдом



1-тапсырма. Мәтінді түсініп, оқыңдар.

Қыс келді. Қар қалың жауды. Өзендер мен көлдердің суы мұз болып қатты.

Лена мен Әлия конький тепті. Жәнібек пен Бекен шаңғы теуіп, шанамен сырғанады. Қыста шаңғы тебу қандай тамаша!

Тапсырмалар:

  1. Мәтінге сұрақтар құрастырыңдар.

  2. Зат есімнің септік жалғауларын анықтаңдар.

  3. Етістіктерді теріп жазып, шақтарын белгілеңдер.

  4. «Қыс ойындары» мәтінін әрі қарай жалғастырыңдар.



Шыршаны безендіру

hello_html_69bab202.jpg

Сөздік

безендіру- украшать

орнату- устанавливать

әр түрлі- разные

ілу- повесить,развесить

бекіту- крепить


- Жаңа жыл қашан тойланады?

-...

- Оған арнайы нені дайындайды?

- ...

- Шыршаны қашан безендіреді?

- ...

- Қалай безендіреді?

- ...

- Балалар, сендер қандай ойыншықтар ілесіңдер?

- ...

- Оларды қайдан сатып аласыңдар?

- ...

- Шыршаның басына не ілінеді?


Тапсырмалар:

1. Диалогты толықтырыңдар.

2. Диалогтан бір етістікті алып, жедел өткен шақта жіктеңдер.

3. Жаңа жыл мерекесі туралы әңгіме құраңдар.

Елбасы шыршасы



hello_html_3a98c2c4.jpghello_html_6d6ec225.jpghello_html_7bf11145.jpg

Сөздік

елбасы – руководитель, президент

ойын-сауық орталығы – развлекательный центр

шыршаның айналасында – вокруг елки

кейіпкерлер – персонажи

байқаулар – смотры


1- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Бір-біріңе сұрақ қойып сөйлесіңдер.

Астанадағы «Думан» ойын-сауық орталығында Қазақ­стан Республикасы Прези­денті­нің атынан балаларға арналған Жаңа жыл­дық шырша өтеді. Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаев балаларды келе жат­қан Жаңа жылмен құттықтайды. Оларға мол бақыт, зор денсаулық, оқуда озат болуға тілек білдіреді. Балалар шыршаның айналасында әлемнің әртүрлі ха­лықтарының – қазақ және орыс, ағылшын және швед, неміс және француз, түрік және дат ертегі­лері­нің кейіпкерлеріне байланысты костюмдер киеді. Ал бүлдіршіндерге Аяз Ата мен Ақшақар бай­қаулар мен сөзжұмбақтар өткізді. Кеш соңында балаларға Елбасы атынан сыйлыққа жеке ноутбуктер, «Бал-бала» ұлттық ойыншықтар, «Дарын» респуб­ликалық орталығының кітап­та­ры, тәтті сыйлықтар мен жұмсақ ойыншықтар табыс етілді.

2-тапсырма. Мәтіннен етістіктерді теріп, қай шақта тұрғанын анықтаңдар.

3- тапсырма. Жұмбақтың шешуін табыңдар.

Жұмбақ

Ақ шапанын үстінен

Алты ай бойы шешпейді

Қара шапан үстінен

Алты ай бойы түспейді ( Ж... р)


4- тапсырма. Берілген етістіктерді жіктеңдер: шешу ,түсу.

5- тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңдар.

Күн... . Жерде... қалың . Түн ... , күн ... .



6- тапсырма. Сөздерді дұрыс аударыңдар.

1) Елбасы- 1) смотры

2) ойын-сауық орталығы – 2) персонажи

3) шыршаның айналасында – 3) президент

4) кейіпкерлер- 4) вокруг елки

5) байқаулар- 5) развлекательный центр


7- тапсырма. Сөйлемді дұрыс құраңдар.


Жауады, қар, жиі-жиі.

Қар, бетін, басады, жердің, аппақ.



Қыс мерекелері

hello_html_m44b68886.jpg

Сөздік

мейрам, мереке – праздник

тойлайды – празднуют


егемендік – суверенитет

бірлік – единство

1-тапсырма. Оқып, есте сақтаңдар.

Қазақ елі қыста мына мерекелерді тойлайды:

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні

1 қаңтар – Жаңа жыл.


2- тапсырма. Мәтіннен қыс мерекелерін тауып, сұрақтарға жауап беріңдер.

1) Қандай қыс мерекелерін білесің?

2) Мейрамда не істейсің? Қалай өткізесің?

3) Ең жақсы көретін қыс мейрамың туралы не айтасың?




Мерекелер

  1 қаңтар – Жаңа жыл;

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнi;

  22 наурыз – Наурыз мейрамы;
  1 мамыр – Қазақстан халқының бiрлiгi мерекесi;
  9 мамыр – Жеңiс күнi;
  6 шiлде – Астана күнi;
  30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнi;
  16 желтоқсан –Тәуелсіздік күні


3- тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтып беріңдер.


Егемендік – бұл елімнің елдігі,

Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.

Егемендік – елін, жерін қорғаған,

Ербол менен Қайраттардың ерлігі.

Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,

Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.

Есте сақтап ағалардың ерлігін,

Жүректерге сақтау керек үнемі.


4- тапсырма. Өлеңнен етістіктерді теріп жазып алыңдар, шақтарын анықтаңдар.



Жаңа жыл кешінде

hello_html_m640b4f1f.jpg hello_html_6de27afd.jpg



Сөздік

біздің елімізде – в нашей стране

қар жамылады – покрывается снегом

шыршалар орнатылады – устанавливаются елки

бір-біріне – друг-другу

қарсы алу – встречать


1-тапсырма. Сөздікте берілген сөз тіркестер мен сөйлемдерді пайдаланып шағын әңгіме құрастырыңдар.

2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, әрі қарай жалғастырыңдар.

Жаңа жылды біздің елімізде 31 желтоқсанда қарсы алады. Яғни қыста тойлайды. Бұл кезде үйлер, ағаштар, жер ақ қар жамылады.

Көшелерге, алаңдарға, үйлерге, дүкендерге, саябақтарға, спорт кешендеріне шыршалар орнатылады. Оларға түрлі-түсті ойыншықтар іледі. Жаңа жылда адамдар бір-біріне жұмыста табыс, өмірде бақыт және денсаулық тілейді.


3-тапсырма. Берілген етістіктерді жіктеңдер: ілу, жамылу, алу


4-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңдар.


Қонаққа барамын; жақсылық тілеймін; мейрамдарыңды тойлаңдар; құт, береке болсын, құттықтағым келеді.



5-тапсырма. Өлеңді мұқият оқып, жаттаңдар.


Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда – жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

6-тапсырма. Жұмбақты оқыңдар, естеріңде сақтаңдар.


Қыста үйге кірмейді,
Көктемде шықса жүрмейді

(Шана)
Қанаты жоқ, ұшады.
Аяғы жоқ, желеді.
Аузы жоқ, ұлиды

(Боран)



7-тапсырма. Өлең жолдарын оқып, жаттап алыңдар.


Ақ киімді, денелі, ақ сақалды

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды

Үсті басы ақ қырау, түсі суық

Басқан жері, сықырлап келіп қалды.


8-тапсырма. Мақал- мәтелдерді оқып, мағынасын ашыңдар.

1. Қыс-арбаңды, жаз шанаңды сайла.
2. Қар – қара жердің көрпесі.
3. Қыстың қамын жаз ойла.



Жаңа жылдық киім



hello_html_5764c565.jpg hello_html_m6196208f.jpg



Сөздік

әрқайсымыз – каждый

ерекше – особенно

таңғажайып – чудесный, великолепный

сенесің – веришь

орындалады – исполнится

мерекелік киімдер – праздничная одежда


1-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңдар.

Әрқайсымыз үшін бала кезде қарсы алған Жаңа Жыл мерекесі ерекше. Себебі, бала кезде тәтті қиялға беріліп, таңғажайып сиқыр күшіне сенесің, бұл күні армандар орындалады. Жаңа Жылда Аяз Ата көптен күткен сыйлықтарды табыстап іште жатқан тілектердің орындалуына ықпал етеді. Жаңа жыл мерекесіне қыз балалар әдемі бүрмелі көйлектерін кисе, ер балалар ертегі кейіпкерлерінің киімдерін киетін. Әсіресе, қоянның киімі көп кездесетін.

Өз басым, есте ерекше қаларлықтай киімдерді көп киетінмін, мерекелік киімдерім есімде көп. Жасыл шырша жанында өткізілген мерекелік ертеңгіліктер мерекелік киімдерде өтеді.

2-тапсырма. Мәтін бойынша 5-6 сұрақ құрастырыңдар.


3-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқуға жаттығыңдар.


Аяз ата келіп тұр,

Бізге сәлем беріп тұр.

Өлең айтқан балаға,

Сыйлық әкеп беріп тұр. 



4-тапсырма. Сөздерді тиісті орнына қойып, сөйлемдер құраңдар.

Сыйлады, әпкем, ойыншық, маған, жұмсақ.

Шырша, жанында, жасыл, мен, Ақшақар, тұр, Аяз Ата.



5-тапсырма. Мәтіннен есімдіктерді теріп жазып алып, түрлерін ажыратыңдар.

6-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Шыршаны қай айда құрады?

2. Шырша қалай безендіріледі?

3. Шыршаға балалар қалай киініп келеді?

4. Жаңа жыл қалай өтті?



Нәтиже сабақ

1. Өлеңді аяқтаңдар.


Аяз ата келіп тұр

Бізге сәлем беріп тұр

2. Мемлекеттiк мерекелерді атаңдар.

3. Көп нүктенің орнына керекті есімдікті жазыңдар.

... айтасың ... жүрмін

... келесіздер ... құттықтаймын

...қызықтаймын ... тойлайды


4. Сөздерді дұрыс аударыңдар.

1) Елбасы- 1) смотры

2) ойын-сауық орталығы – 2) персонажи

3) шыршаның айналасында – 3) президент

4) кейіпкерлер- 4)вокруг елки

5) байқаулар- 5)развлекательный центр


5. «Жаңа жыл» тақырыбы бойынша диалог құрастырыңдар.

6. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1) Етістік деген не?

2) Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?

3) Етістік сөйлемде қандай мүше болады?

4) Әр сұраққа мысал келтір.


7. Өткен шақта тұрған етістікті табыңдар.

а) сатамын в) сатқым келеді с) сатты



8. II жақтың жіктік жалғауын анықтаңдар.

а) -мын, -мін в) -сыз, -сіз с) -сың, -сің.



9. Етістіктің неше шағы бар?

а) 4 в) 3 с) 2



10. Келер шақтың жұрнағын табыңдар.

а) -ды, -ді в) -а, -е, -й с) -мын, -мін.



Спорт қашан пайда болды?

Сөздік

жеңіл атлетика – легкая атлетика найза – копье

әуесқой – любительский жарыс- соревнование

секіру – прыжки кәсіпқой - профессионал

қатыстырылған – здесь: дайындық – подготовка

допускались лақтыру – метание

қосу – здесь: включать


4 мың жыл бұрын египеттіктер спорттың бірнеше түрін білген. Бірақ спорт жеңіл атлетика түрінде алғаш рет Грецияда пайда болыпты. 776 жылы Грецияда алғашқы олимпиадалық ойындар өткізілген.

Грецияда әр түрлі спорттық мерекелер өте көп болған. Соның ішінде ең ежелгісі олимпиадалық ойындар. Жарыстарға он ай дайындалған. Оған грек ұлтының жас жігіттері ғана қатыстырылған. Алғашқы кезде жарыстар жүгіру мен секіруден ғана өткізілген. Қазір күрес, бокс, найза мен диск лақтыру сияқты спорт түрлері қосылған.

Бүгінде спорт әуесқой және кәсіпқой спорт болып екіге бөлінеді.


1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Спортпен шұғылданасың ба?

2. Спорттың қай түріне жанкүйер?

3. Спорт қалай пайда болыпты?

4. Грецияда спорттың қандай түрлеріне мән берілген?


2-тапсырма. Мына сөздерді сөз құрамына қарай талдаңдар.

Олимпиадалық, жарыстардың, египеттіктер.


3-тапсырма. Ойды жалғастырыңдар.

- Ұлттық спорт ойындарына ... .

- Мектебімізде мынадай спорт секциялары ... .

- Менің сүйікті спортшыларым ... .


4-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын өз сөздеріңмен айтыңдар.



Дене шынықтыру сабағында

hello_html_3417c467.jpg hello_html_7784c2ae.jpg



Сөздік

дене тәрбие сабағы – урок физкультуры шынығамын – закаляюсь

спорт шеберлері – мастер спорта жеңімпаз – победитель


1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, аударма сөздікті пайдаланып аударыңдар.

Мектептің спорт залы үлкен. Дене шынықтыру сабақтарын Әбдірахман, Асқар ағайлар өткізеді. Олар – күрестен, жеңіл атлетикадан спорт шеберлері.

Мектепте көптеген спорт секциялары жұмыс істейді. Біздің сынып оқушылары қазақша күрес, бокс, баскетбол секцияларына қатысады. Олар мектептегі спорт жарыстарының жеңімпаздары.

Жазғы спорт түрлері:                                               Қысқы спорт түрлері:

1.  Велоспорт                                                         1. Биатлон

2.  Ат спорты                                                         2. Тау шаңғысы спорты

3.  Жеңіл атлетика                                                3. Шаңғы жарыстары

4.  Гольф                                                                4. Мәнерлеп сырғанау

5.  Теннис                                                              5. Фристайл

6.  Футбол                                                              6. Хоккей

7.  Суда жүзу                                                        7. Шорт-трек

 2-тапсырма. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс.

ІІІ деңгей

1. Жаңа сөздермен сөз тіркестер құрастыр.

2. Етістіктерді көшіріп жазып, шақтарын анықта.



ІІ деңгей

1. «Жазғы спорт түрлері» тақырыбы бойынша әңгіме құрастырыңдар.

2. «Қысқы спорт түрлері» тақырыбы бойынша сөз тіркестерін құрастырыңдар.



І деңгей

1. «Дене шынықтыру сабағында» тақырыбына шағын әңгіме жазыңдар.



Баскетбол

Сөздік

ұтылыс – поражение есеп тең – равный счет

қосымша – дополнительно кезең – часть, определенный промежуток


1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

Баскетболдың отаны Америка Құрама Штаттары болып есептеленеді. Баскетбол командалық спорт ойыны. Бір матч 20 минуттық үш кезеңнен тұрады. Осы аралықта ойында есеп тең болып тұрса, төреші тарапынан қосымша уақыт қосылады.

Әлем бойынша АҚШ-ң спортшылары мықты баскетболшылар деп саналады. Олар 1936 жылдан бері өткізіліп келе жатқан барлық олимпиада ойындарында жеңімпаз атанған. Ал, соңғы жылдары ұтылыс тапқан тұстары саусақпен санаралықтай.


III деңгей

1. Мәтінді аударып, сұрақтар құрастырыңдар.

2. Мәтіннен сын есімдерді көшіріп жазып алыңдар.

3. Мәтіннен жалқы зат есімдерді табыңдар.



II деңгей

1. Мәтінді мазмұндап беріңдер.

I деңгей

1. «Спорт ойындары» туралы шағын шығарма жазыңдар.

2. Мақал-мәтелдерді түсініп, есте сақтаңдар.

1. Түсіңе сеңбе, күшіңе сен. (На сон не надейся, на силу свою надейся).

2. Жақша ішіндегі сөздерді аударып, сөйлемдерді жазып алыңдар.


1. Атланта (в городе) өткен XXVI олимпиада ойындарында Қазақстан тұңғыш рет жеке команда болып шықты.

2. Қазақстандық спортшылар 3 алтын, 4 күміс, 4 қола медальға ие болды.



3. Сөздердің аудармасын табыңдар.

1) дене тәрбиесі 1) борец

2) палуан 2) приз

3) сыйлық 3) бойкий

4) шымыр 4) физическое воспитание



Денсаулық зор байлық

hello_html_m13133d31.jpg







Сөздік

денсаулық кепілі - залог здоровья

салауатты өмір - здоровый образ жизни

қалыптасқан өмір тіршілігі - сформированный образ жизни

  1. тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, қысқаша мазмұнын айтыңдар.

Денсаулық зор байлық.

Денсаулық адам баласына табиғат сыйлаған ең басты байлық. Денсаулықты сақтаудың бірден-бір дұрыс жолы – зиянды жат қылықтарға үйренбей, салауатты өмір сүру, аурудың айықпас сырқатқа айналуына жол бермеу. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген әлде қайда тиімдірек.

Салауатты өмір денсаулық кепілі. Салауатты деген сездің негізгі мағынасы – парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді, зерделі және сабырлы деген ұғымды білдіреді.

Өмір салты дегеніміз әрбір жеке адамнан бастап бүкіл қоғамның калай еңбек етіп, қалай тұрмыс құрып, бос уақытында демалатыны, қысқасы, олардың қалыптасқан өмір тіршілігі.

2-тапсырма. Денсаулық туралы мақал-мәтелдермен танысыңдар.

1. Денсаулық – зор байлық.

2. Жарлының байлығы – дененің саулығы

3. Ауру атанды да шөктірер.

4. Ауру кірді – әлек кірді.

5.Тазалық – саулық негізі,

Саулық – байлық негізі.



3-тапсырма. Қазақ тілінде берілген мақал-мәтелдерге орыс баламасын табыңдар.

  1. Чистота – основа здоровья,

Здоровье – основа богатства.

2. Здоровье – клад бесценный.

3. Богаство бедняка его здоровье.

4. Болезнь пришла – беда в дом вошла

5. Болезнь и верблюда с ног валит.



Спорт үйірмелері

hello_html_2c64396.jpg

Сөздік

жетістіктер – достижения ие болу - обладать

Біздің мектеп оқушылары спорт өнерінен жақсы жетістіктерге жетті. Мектебімізде волейбол, еркін күрес, баскетбол, каратэ үйірмелері жұмыс атқарады. Мектеп оқушылары қалалық, республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр.


Тапсырмалар:

1. Спорт ойындарының атауларын теріп жазып, әрқайсысы бойынша білетін мәліметтеріңді дәптерге жазыңдар.



2. Бір-біріне қатысы бар сөздерді ілік септігі жалғауы арқылы байланыстырыңдар.

1.Қазақстан 1.спорт шеберлері

2.Алматы 2.әйелдер волейбол командасы

3.Қызылорда 3.тұрғындары

4.Волейболшылар 4.халықаралық одағы

3.Өздеріңе ұнайтын спорт ойыны туралы бір-біріңмен сөйлесіңдер.

4. Суретте қай ойын түрі көрсетілген? Бұл спорт ойыны сендерге ұнайды ма?



Жекпе – жекте сүрінбеген

Сөздік

белгілеу – здесь: распределить кенелу – наслаждаться

көзге түскен – был замечен сәт – здесь: момент, миг

желбіреу – развеваться үміттену – надеяться



1-тапсырма. Сөздікті пайдаланып, мәтінді аударыңдар.

Қазбек Павлодар қаласындағы №39 мектеп – гимназиясының 5 – сынып оқушысы. Сабағы, тәртібі өте жақсы, спорттан басқа компьютер класына да қатысады. Сабақтан кейінгі бос уақытының барлығын белгілеп қойған. Ол 2007 жылы Алматы қаласында өткен халықаралық жарыста да екінші орын алған болатын. 2006 жылы Шымкент қаласындағы республикалық жарыста көзге түскен ол, бүгінде каратэ спорт клубының белді мүшесі. «Жарыста ұтқан кезімізде Қазақстанның көк байрағы желбіреді, Қазақстанның әнұраны ойнайды, сол уақытта көңіл-күйім қуанышқа кенеледі, мен осы сәтті жақсы көремін. Жарысқа барған кезде соған жетсем деп үміттенемін», - дейді Қазбек. Бұл спорт түріне қатысқан, орын алған спортшыларға «Будо – паспорт» деп аталатын кітапша беріледі. Онда барған елдерден алған орындары жазылады.

2-тапсырма. Мәтін бойынша диалог құрастырыңдар.

3-тапсырма. Мәтіннен есімдіктерді тауып түрлерін ажыратыңдар.


4-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті есімдікті қойыңдар.


... спорт үйірмесіне барамын. ... спортты жақсы көреміз. ... бүгін барады.

Спортты ... оқушылар ұнатады. ... жақсы жүгіресің. ... қайдан келдіңіз?

Ұлттық ойындар

Қыз қуу


hello_html_a56bb7e.jpg



Сөздік

қатысу – участвовать қуып жету – догнать қашып кету – здесь: ускакать қамшы – плетка

Ойынға жас жігіттер мен қыздар қатысады. Қыз атымен жігіттен қашып кетуге тырысады, ал жігіт қуып жетіп, қызды сүюі керек. Жігіт қуып жеткенде, қыз қамшымен ұруы керек. Егер келісілген жерге дейін жігіт қуып жете алмаса, қыз жігітті қамшымен ұруы тиіс.



Тапсырмалар:

1. Мәтінді түсініп оқыңдар.Мазмұнын орысша айтып беріңдер.

2. Мәтінге сұрақтар қойыңдар.

3. Етістіктерді теріп жазып, шағын, жағын анықтаңдар.

4. Қатысу етістігін нақ осы шақта жіктеңдер.











Көкпар


hello_html_14061e34.jpg


Сөздік


тараған – распространенный құрбандық – жертвоприношение

пәле-жала – зло, беда жуық – около

серке – козел жазық – равнина, ровный

Көкпар – халықта ең кең тараған ойын. Оның негізінде ескі дәстүр жатыр.

Пәле-жаладан арылу үшін серкені құрбандыққа шалу керек. Ойынға кейде 1000-ға жуық атты адам қатысады. Ойынды ауылдың сыртында үлкен жазық жерде өткізеді. Ойыншылар екі топқа бөлініп, серкенің денесін белгілі орынға апарып

тастауы керек.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, орысшаға аударыңдар.

2. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына қарай талдаңдар.

3. Суретті, мәтінді пайдаланып, тірек сызба жасаңдар, сол арқылы мазмұнын айтып беріңдер.


Қазақша күрес

Сөздік


төзімділік – выносливость ептілік – ловкость

машықтандыру – тренироваться батылдық – смелость



Қазақша күрес қазақ халқының ежелгі спорт ойыны: бұл адамның денесін жаттықтырып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып әдіс таба білуге машықтандырады. Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт, сонымен қатар ол қорғанудың ұлттық өнері.

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер:

- Қазақша күрес қай халықтың спорт ойыны?

- Бұл ойын адамның денесін қалай машықтандырады?

- Қазақша күрес қандай спорт ойыны?

  1. Есімдіктерді қазақ тіліне аударып, мәтінді көшіріп жазыңдар.


Үлгі: Мені мұғалім шақырды.


1. (Меня) мұғалім шақырды. 2. (У меня) көп кітап бар. 3. Қызық кітапты (тебе) беремін. 4. Мен бүгін (с тобой) бірге мектепке барамын. 5. (Моя) дәптерім үстелде жатыр. 6. Мен кеше (от него) хат алдым. 7. Сіз қаламыңызды (мне) беріңіз. 8. (Его) кітабын Сара алды. 9. Асқар (со мной) партада қатар отырады. 10. Мен (с ним) мұражайға бардым.


3. Денсаулық туралы мақал –мәтел жазыңдар.



Футбол – әйгілі спорт

Сөздік

жетекші – ведущий қарсылық – возрожение, сопротивление

қауіпті – опасный ұйымдастыру – организовать


Футбол туралы өздерің де көп білесіңдер. Өйткені, футболды барлық елде ойнайды әрі қызықтайды. Өздерің де футболдан бас алмайтындарың рас. Әлем елдерінен тек АҚШ-та ғана кәсіби футбол жетекші командалық спорт түріне жатпайды екен. Бүгінгі күнге дейін футбол өте қауіпті ойын болып саналады.
Футболға қарсылық көрсеткендер болды.
Бірақ, ХІХ ғасырда ережелерімен, лигалар мен кәсіби командалармен қайта ұйымдастырылған.

Әлем кубогы жолындағы үлкен халықаралық жарыс төрт жылда бір рет өткізіліп тұрады.

ФИФА халықаралық жетекші ұйымы 1904 жылы құрылған.


Тапсырмалар:

1. Мәтінге сұрақтар құрастырыңдар.

2. Мағынасы ұқсас сөздерді жұптастырыңдар.

1) жекпе-жек удар

2) кәсіпқой первенство

3) біріншілік нокаут

4) естен тану профессионал

5) соққы победитель

6) жеңімпаз поединок



3. Төменде берілген сөз тіркестерінен сөйлемдер құраңдар.

Барлық ойыншы, танымал ойын, ұстауға болмайды, ойыншылардың саны, өткізіліп тұрады.

4. «Футбол» мәтінінің мазмұнын айтып беріңдер.

Футбол ойынының тарихы

Сөздік

даму – развиваться

өлім жазасы – смертный приговор

бірнеше мәрте – несколько раз

жанкүйерлер – болельщики

бас тартқан жоқ – не отказались

тізім – список



Футбол тарихы XII ғасырдан басталады. Алғаш рет Англияда дамыды. Мысалы, шіркеудегі діндарлар, феодалдар футболға тыйым салынуын талап еткен екен. Өйткені, 1313 жылы белгілі феодал Эдуард II қала ішінде футбол ойнауға шектеу қойған. Тіпті, 1314 жылдың 13 ақпанында король Лондон қаласында футболға қарсы шаралар қолданған. 1389 жылы Ричард II патша сарайы маңында доп тепкендерді өлім жазасына кескен. Патшаға бірнеше мәрте рұқсат сұрап барған футбол жанкүйерлері әрдайым жағымсыз жауап алып отырған.
Б
ірақ халық футбол ойнаудан бас тартқан жоқ.
Тек 1908 жылы футбол олимпиадалық ойындар тізімінен орын алды.


1-тапсырма. Сөздерді мағыналарымен жұптастырыңдар.

1) футбол мұзда сырғанау, қақпаға шайба салу.

2) баскетбол мимен ойлану, қарсыласына мат қою.

3) волейбол суда жүзу, мәреге жүзіп жету.

4) хоккей доп тебу, қақпаға гол соғу .

5) бокс допты қолмен ойнау, торға доп салу .

6) шахмат жүгіру, мәреге жүгіріп жету.

7) суда жүзу былғары қолғаппен ұру, нокаут ету.

8) марафон допты секіріп ұру, тордан асыру.

9) шаңғы спорты шаңғы тебу, мәреге сырғанап жету.



2-тапсырма. Сұрақ-жауаптарды оқып жаттығыңдар.

1-сұрақ: Әлемде жанкүйері ең көп спорт түрі қайсы?

Әлемде ең көп жанкүйерлері бар спорт түрі – футбол.

2-сұрақ: Барлық спорт түрлерін қамтитын халықаралық жарыс қалай аталады?

Барлық спорт түрлерін қамтитын халықаралық жарыс олимпиада деп аталады.

3-сұрақ: Мұз үстінде ойналатын спорт түрі – қайсы?

Мұз үстінде ойналатын спорт түрі – хоккей.

4-сұрақ: Спортта қол жеткізген ең үлкен нәтиже қалай аталады?

Спортта қол жеткізген ең үлкен нәтиже рекорд деп аталады.

3-тапсырма. бақылау, орын алу – етістіктерін осы шақта жіктеңдер.

4-тапсырма. Төменде берілген тұрақты тіркестерді жаттап алыңдар.

1. Бағы жану – жолы болу, табысқа жету;

(Мысалы: Бұл жарыста қазақстандықтардың бағы жанды).

2. Тізе бүгу – жеңілу;

(Мысалы: Осы жолы ол қарсыласынан тізе бүгуге мәжбүр болды).

3. Төбесі көкке жету – қуану;

(Мысалы: Біздің команда жеңгенде, төбеміз көкке жетті).

4. Санын соғу – өкіну.

(Мысалы: Олар соңғы минутта жеңіліп, санын соғып қалды).



«Ханталапай» ойыны

Жаңа сөздермен таныс, сөздік дәптеріңе жазып ал.

боялуы керек – нужно покрасить тимей қалса – если не попадет

қос уыс – пригоршня қозғап кетсе – если сдвинет үйіру – кружить орта – середина, центр

ұпай – очко саналу – считаться

соғылған – сбитый үйірген ойыншы – ведущий

шашылған – разбросанные кезек – очередь


Бұл ойынға 4-5 бала қатысады. Ойынға он асық алынады. Он бірінші асық «хан» болады. Ол боялуы керек. Ойыншылар кезектерін біледі. Бірінші ойыншы қос уыстай ұстаған барлық асықты ортаға үйіруі керек. Басқа ойыншылар «ханға»

қарап тұрады.

«Хан» алшы түскенде, балалар ортадағы асықтарға хан талапай жасайды. «Хан» кімнің қолында кетсе, асықтарды сол үйіреді.

«Ханмен» бірге қолына алған асықтардың санына байланысты ұпай саналады.

«Хан» алшы түспесе, үйірген ойыншы шашылған асықтардың бүгі мен бүгін, шігі мен шігін, алшысы мен алшысын, тәйкесі мен тәйкесін бір-біріне соғады, соғылған асықтардың біреуін алып, ұпай жинайды. Бір-біріне тимей, басқа асыққа соғылса немесе басқа асықты қозғап кетсе, онда кезек басқа ойыншыға беріледі.

Осылай ойыншылар алған асығының санына қарай ұпай жинайды.

Тапсырмалар:

ІІІ деңгей

  1. Мәтіннің мазмұнын орысша айтып беріңдер.

  2. Етістіктерді теріп жазып, жалғауларын белгілеңдер.


ІІ деңгей

  1. Ойынның мазмұнын айтып беріңдер.

  2. 2 -3 етістікті тауып, жіктеңдер.


І деңгей

1. Қазақтың ұлттық ойындарын атап, ерекшеліктерін түсіндіріңдер.



«Тоғызқұмалақ ойыны»

Сөздік

табандылық – упорство

жылдамдық – 1) быстрота; 2) ловкость

сүйек тастар – кости

шешім қабылдау – принять решение

ұя – ячейка

күрделі – сложная

сайыс өткізіп – проводить состязание

жаттықтырушы - тренер

Спорттың түрі көп. Бірі – күшті болуға, екіншісі – жылдамдыққа, үшіншісі табандылыққа баулиды. Ал тағы бір түрі ойлауға үйретеді. Оларға шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ жатады.

Тоғызқұмалақ – қазақ халқының ұлттық ойыны. Бұл ойында сүйек тастары ұяларға тоғыз-тоғыздан түсіп отыруы керек. Тоғызқұмалақ – жылдам есептеуді, тез шешім қабылдауды қажет ететін күрделі ойын. Тоғызқұмалақта бір ойынды жарты күн немесе бір күн ойнайды.

Ұлы ақын Абай тоғызқұмалақ ойынының шебері болған. Абай тоғызқұмалаққа үлкен мән берген. Ол атақты ойыншыларды шақырып, жиырма- отыз күн бойына сайыс өткізіп отырған. Бұл туралы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» кітабында жақсы жазылған.

Қазір Қазақстанда тоғызқұмалақ ойынынан халықаралық жарыстар өткізіліп тұрады. Әбілда Ақшораев тоғызқұмалақтан алты рет республика чемпионы болған. Ол – тоғызқұмалақ спорты бойынша еңбек сіңірген жаттықтырушы.


Тапсырмалар:

1. Сұрақтарға жауап беріңдер.

- Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер? Оған қатысып көрдіңдер ме?

- Тоғызқұмалақ ойынын Абай неге ұнатқан?

- Әбілда Ақшораев туралы не білдіңдер?

- Тоғызқұмалақ ойнап көрдіңдер ме?

2. Мәтіннен 3 етістікті тауып, жіктеп жазыңдар.

3. Мәтіннен есімдіктерді теріп жазып, түрлерін анықтаңдар.

4. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер.



Теннис ойыны

Сөздік

ұқсас – похожий

нағыз – настоящий

айналады – превращается

жаппай – массовый

сән – мода

ептілік – подвижность


Теннис ойыны – спорттың өте ертеден келе жатқан түрі.

Теннис сөзі француздың «тенназ» деген сөзінен шыққан. Бұл сөз «ойнаңдар» деген мағынаны білдіреді. ХІІІ–ХҮ ғасырларда Францияда жаппай теннис ойнау сәнге айналады. Бұл ойын ептілікке, жылдамдыққа үйретеді. 1529 жылы король Генрих ҮІІІ алғашқы теннис алаңын салдырған. Ол қазіргі кезде де қолданылады.

Қазіргі теннис – әлемдегі ең танымал ойын. Бұл ойын сәнге айналған. Тенниске қызығушылар дүние жүзінде көптеп саналады.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.

- Теннис ойыны туралы не білдіңдер?

- Тенниске қызығасыңдар ма?

- Өз бауырларыңа, достарыңа спорттың қандай түрімен айналысуға ақыл – кеңес берер едіңдер?


2. Берілген сөздердің екінші бағанадан орысша баламасын тауып, бағдар сызықпен көрсетіңдер.


ұқсас мода

нағыз ловкий

сән увлекающийся

епті похожий

танымал профессионал

кәсіпқой настоящий

қызығушы известный


3. Төмендегі етістіктердің болымсыз түрін жасап 5 сөйлем құраңдар.

Отыр, аш, кел, кір, оқы.



Азиада 2011

Сөздік:

астам – свыше жарыстар – соревнования

қатысады – участвуют оңтүстік – южный


VII Қысқы Азия Ойындар немесе Азиада 2011 жылы 30 қаңтар мен 7 ақпан арасында Қазақстанның екі қалаларында (Алматы мен Астана) өтеді. Жалпы алғанда, 7-қысқы Азия ойындарына Қазақстанда 17-ден астам ел қатысады, жарыстар спорттың 11-түрінен өткізіледі және 59-дан астам медаль жиынтығы ойнатылады. Тек оңтүстік мегаполистің өзіне 60 мыңнан астам турист келетінін атап өту керек.


Тапсырмалар: 1. Сөздікті пайдаланып, мәтінді түсініп оқыңдар.

2. Сұрақтар құрастырыңдар.

3. Етістіктерді мәтіннен теріп жазып, шағын ажыратыңдар.

4. Сол етістіктерді болымсыз етістікке айналдырып, сөйлем құраңдар.

Грамматикамен жұмыс: Шылау - сөздер мен сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы. Демеулік шылаулар 6 түрге бөлінеді. Олар сөздерді байланыстырмайды, қосымша мағына үстейді.

Оқулықпен жұмыс: 160 бет, 5- тапсырма.

Ашық тест:

  1. 2011 жылы нешінші Қысқы Азия ойындары өтті?

  2. Қысқы Азия ойындары қашан өтті?

  3. Етістіктің келер шақ жұрнақтарын атаңдар.

  4. Етістіктің болымсыз түрінің жұрнақтарын көрсетіңдер.

  5. Азиада 2011 қай қалаларда өтті?



Азия ойындары

Сөздік

мәнерлеп сырғанау – фигурное катание арман – мечта

заман – время, период жаңа дәреже – новый уровень


Елордада мәнерлеп сырғанаудан, хоккейден, конькиде жылдам жүгіру және шорт-тректен жарыстар өтеді. Қалған ойындардың барлығы Алматы қаласында өткізіледі. Ойындар елдің атын шығарып қана қоймай, қысқы спорт түрлерінің дамуын жаңа дәрежеге көтермек. Әлемге әйгілі“Медеу” мұз айдынында бір сырғанап өту бүкіл әлемнің коньки тебушілері үшін арманға айналған заман да болған.

Тапсырмалар:

1. Мәтіннен септік жалғаулы зат есімдерді табыңдар.

  1. Көптік жалғаулы сөздерді көрсетіңдер.

  2. Тәуелдік жалғаулы сөздерді табыңдар.

  3. Сын есімді тауып, сөз тіркес құрастырыңдар.

  4. өтеді, сырғанайды деген етістіктердің қай шақта, қай жақта тұрғанын анықтап және осы сөздерді өткен шаққа қойып жазыңдар.


Нәтиже сабақ


  1. Етістіктің неше шағы бар?

А) 2 В) 3 С) 4 Д) 5 Е) 6

  1. Осы шақтың түрлерін тап.

А) нақ, ауыспалы В) мақсатты, ауыспалы

С) жедел, ауыспалы Д) бұрынғы, ауыспалы

Е) болжалды, ауыспалы


  1. Күрделі нақ осы шақтағы етістікті тап.

А) тұрсыз В) отырмын

С) барып отырмын Д) жүрміз Е) келеді


  1. Жедел өткен шақтағы етістікті тап.

А) ойнаймын В) ойнамақпын

С) ойнағанмын Д) ойнадым Е) ойнармын


  1. Ауыспалы өткен шақтағы етістікті тап.

А) ашасың В) ашатынсың

С) аштым Д) ашып тұрмын Е) ашпақпын


  1. Мақсатты келер шақтағы етістікті тап.

А) барарсыз В) барасыз

С) бармақсыз Д) баратынсыз Е) бардыңыз


  1. Мына сөйлемдегі етістік қай шақта тұр: Мен ертең қазақ тілі үйірмесіне барамын.

А) ауыспалы келер шақ

В) ауыспалы осы шақ

С) жедел өткен шақ

Д) бұрынғы өткен шақ

Е) мақсатты келер шақ

  1. Болжалды келер шақтың жұрнақтарын көрсет.

А) –мақ, мек В) – а ,е,й С) – ды,ді Д) – ар,ер,р Е) – ған,ген

  1. Қалып етістігін тап.

А) тұр В) бар С) кел Д) сал Е) жап


10. Бұрынғы өткен шақтағы етістікті тап.

А) келер В) келдік С) келмекпіз Д) келеміз Е) келгенбіз


ІІ. Мына етістікті жіктеңдер.

1-нұсқа Мақсатты келер шақта: тойлау

2-нұса Болжалды келер шақта: безендіру

3-нұсқа Күрделі нақ осы шақта: шақыру

4-нұсқа Жедел өткен шақта: сырғанау


ІІІ. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңдар.

Аяз атаға өлең айту, шыршаны безендіру, боранды күн, шанамен сырғанау, шаңғы тебу, жаңа жылды тойлау.


Мектеп

Сөздік


ұғым – понятие

мәңгі – вечно

белсенді – активный

сауатты – граммотный

мәдениетті – культурный

міндет – обязанность


Мектеп

«Мектеп» деген сөз араб тілінен шыққан. «Оқу орны» деген ұғымды білдіреді. Әрине сендердің алғаш оқуға барған күндерін естеріңде қалатыны сөзсіз.

Алғашқы қоңырау соғылды. Мектеп директоры, ата-аналар құттықтап, жақсы тілектер айтты.

Мектепте «Оқушыларға арналған ереже» бар: жақсы оқу, үлгі болу, белсене қатысу. Осы барлық ережені оқушы орындаса, келешекте сауатты, білімді, мәдениетті болады.

Міне, бұл – мектептің ең басты міндеті.


1-тапсырма. Суретке қарап 3-4 сөйлем жазыңдар.


2-тапсырма. Мәтінді пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңдер.


«Мектеп» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Сені кім құттықтап, жақсы тілектер айтады?

Сенің мектебіңде «Оқушыларға арналған ережелер» бар ма?

Ол ережелерді оқушы не үшін орындау керек?


3-тапсырма. Берілген есептік сан есімдерді сөзбен жазыңдар.


12 28 33 54 77 82


4-тапсырма. Мақалдарды түсініп оқып, көшіріп жазыңдар.


  1. Сәлем – сөздің анасы

  2. Әдепті елдің баласы


5-тапсырма.Сөздермен есептік сан есімдерді сәйкестендіріп жазыңдар.


Он екі 54

Отыз үш 29

Жиырма тоғыз 12

Елу төрт 33

Қырық тоғыз 49




Мен кезекшімін


hello_html_1afa993b.jpg

Сөздік

кезекші – дежурный су құйды – полил

сүртті – вытер ашты – открыл

кең – просторный жарық – светлый

қамтамасыз ету – обеспечить талап – требование


Сынып бойынша кезекші


Қоңырау кезінде сыныпта болу, сыныпқа тәртіп қамтамасыз ету, мұғалімге сыныпты келесі сабаққа дайындауға көмектесу, сабақ біткеннен кейін сыныпты жинақтау; санитарлық талаптарға сай жағдайларды сақтау.


1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.


1. Кеше сыныпта кім кезекші болды? 2. Бүгін сыныпта кім кезекші болды? 3. Кезекші не істейді? 4. Ол кімге көмектесу керек?


2-тапсырма.

а) Мағынасы бір-біріне жақын сөздердің сыңарын тауып жазыңдар.

Жуан, жіңішке, үлкен, асыл, дәу, қымбат, үғу, қалың, түсіну, жұқа, ғалым, білгір.

ә) Мағынасы бір-біріне қарсы мәндес сөздердің сыңарын тауып жазыңдар.

Қалың, қымбат, жұқа, арзан, сырты, жоқ, іші, жеңіл, бар, ауыр.


3-тапсырма. Сөйлемдерге жақша ішіндегі сөздердің тиістісін қойып оқыңдар.


Біз екінші сыныпта (ойнаймыз, оқимыз). Сынып (оқушылары, оқулықтары) тату. Кезекші гүлге (сүт, су) құйды. Айдос тақтаны (сүртті, қойды). Марат дәптерді (алды, оқыды).



Мектеп кабинеттері

Сөздік


тарих – история кесте – вышивка

құттықтау – поздравить бұйым – вещь

сырланған – покрашено ақталған – побеленный

жылдамдық – скорость тамақтану – питаться

шеберхана – мастерская кесте тігу – вышивать



Мектеп кабинеттері


Мен... мектепте,... сыныпта оқимын. Мектебім ... қабатты. Біздің мектепте кабинеттер өте көп. Бірінші қабатта ..., ..., ... орналасқан. Екінші қабатта...,...,..., кабинеттері орналасқан. Олар кең және жарық. Мектеп алаңында ...,...,... бар.


1-тапсырма. Мәтінді толықтырып, көшіріп жазыңдар.

Мен ______ мектепте, ______ сыныпта оқимын.Мектебім _____ қабатты. Біздің мектепте кабинеттер өте көп. Бірінші қабатта___________,_________,__________,___________ орналасқан.Олар кең және жарық. Мектеп алаңында _____,______ бар.


2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.


  • Сен нешінші сыныпта оқисың?

  • ................................................

  • Ал сенің мектебің қайда орналасқан?

  • .............................................

  • Мектебің неше қабатты?

  • ...............................................

  • Екінші қабатта не бар?

  • ................................................

  • Екінші қабатта қандай кабинеттер бар?

  • ....................................................


3-тапсырма. Мақалдарды аяқтаңдар.


  1. Өнер алды – __________________________

  2. Туған елдей ______болмас,

Туған жердей ______болмас.

  1. Білім – _____________________

Мектеп – ___________________

  1. Кітап білім – _______________

Білім – өмір________________

  1. Білгенім___________________ тоғыз,

Білмегенім _________________ тоғыз.


4-тапсырма. Берілген сөздерді буынға бөліп, буынның қай түрі екенін белгілеңдер.


Тұңғыш, үйреткен, ұстаз, білім, кітап, еңбек, сүйеді, баулу, құрметтейді.



Жаңа оқу жылы

Сөздік

аяқталды - закончились шығарма - сөздік

басталды - начались мазмұнды - содержательное

демалыста - здесь:каникулы қызықты - интересное


Жаңа оқу жылы

Жазғы демалыс аяқталды. Жаңа оқу жылы басталды. Оқушылар жазғы демалыста не істегендері туралы шығарма жазады.

Енді бір топ оқушы қандай кітап оқығандары туралы шығарма жазды. Айбектің жазған шығармасы мазмұнды жіне қызықты болды. Ол «бес» деген баға алды.


1-тапсырма. Сурет бойынша жаңа сөздерді қатыстырып, әңгімелеңдер.


2-тапсырма. Сөйлемдер құрап жазыңдар.

  1. Аяқталды, жазғы демалыс.

  2. Оқу, жаңа, басталды, жылы.

  3. Демалыста, жазады, оқушылар, туралы, не істегендері, туралы, шығарма.

  4. Қызықты, өте, шығармасы, Айбектің болды.

  5. Жақсы, ол алды, баға.



3-тапсырма. Берілген сөздерді пайдалана отырып, сөйлемдер құрастырыңдар.

басталды



аяқталды

мазмұны



шығарма

демалыс

қызықты


4-тапсырма. Берілген сөздерді екі бағанға бөліп жазыңдар.


Жіңішке буынды сөздер. Жуан буынды сөздер.


Тарих, сырланған, шеберхана, пәндік, жарық, кең, үлкен, таза, әдемі, биік.




Біздің мұғалім


hello_html_m1a9ea02.png


Сөздік

сөнген –потушены ұйқы-сон

алдында – в переди таңертең-утром


Біздің мұғалім

Қысқы түн. Үйлердің оттары сөнген.Ауыл ұйқыда жатыр. Тек мектепте шам сөнген жоқ. Ол ұйықтамай отырған-біздің мұғалім. Мен терезе алдында жатырмын.Мектептің терезесіндегі шам сөнгенше күткім келді. Ұйқы да қысып барады. Ұйықтауға жаттым. Таңертең ерте ояндым. Ауыл әлі ұйықтап жатыр. Тек мектептің терезесінде ғана шам жанып тұр.


  1. тапсырма. Мәтінді оқыңдар, аударыңдар.


  1. тапсырма. Берілген етістіктермен сөйлемдер құрастырыңдар.


Бар, айт, сөйлеп отыр, жазып отыр, сурет салып отыр, ілуілі тұр.


  1. тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құрастырып, етістіктердің астын сызыңдар.

  1. Әсел, айтады, ән, бейбітшілік туралы.

  2. Таппақ, жаттадым, мен.

  3. Болат, тартады, домбыра.

  4. Сыныптың өнерлі оқушылары.

  5. Концерт, қоясындар ма, сендер.


  1. тапсырма. Өлеңді жаттаңдар.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы

Азбайтұғын адамның алтындығы

Ғ.Қайырбек.



Оқу құралдары

hello_html_18cb34d5.png

Сөздік

сатып алды - купил (а)

сызғыш - линейка

қорап - пенал

өшіргіш - стирательная резинка оқулық - учебник

Оқулықтар және журналдардан оқушылар түрлі ақпараттар алып, сабақта алған білімдерін бекітуге, кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік алады.

Оқу құралдары – оку-тәрбие үрдісінде білім беру ретінде қолданылатын арнайы дайындалған табиғи заттар мен материалдар.


1-тапсырма. Жақша ішіндегі сөздердің лайықтысын жазыңдар.


1. Балалар (дәптерге, кітапқа) жаттығу жазады. 2. Дәптерге (сызғышпен, бояумен) сызады. 3. Мен (кітап, қалам) оқимын. 4. Қорапқа (өшіргіш, қарындаш, дәптерге) саламын. 5. Мектепке (оқу құралдарын, ойыншықтар) алдым.


2-тапсырма. Жалқы есім мен жалпы есімдерді екі бағанаға жазыңдар.


Мұғалім, қазақ тілі, Айдос, Павлодар, балалар, Ертіс, гүл, қызғалдақ, мектеп, Абай.



Қазақ тілі кабинетінде


hello_html_70100c0d.jpg


Сөздік


қазақ тілі кабинеті – кабинет казахского языка кең – просторный (-ая,-ое)

таза – чистый (-ая, -ое) жабдық – оборудование

жарық – светлый (-ая,- ое) тақта – доска

Қазақ тілі кабинеті талапқа сай жабдықталған. Кабинетте 15 парта, 30 орындық бар, қабырғада тақта, портреттер ілулі тұр. Біз компьютермен жұмыс істейміз. Кабинет таза, жарық және кең.


1-тапсырма. Төмендегі сөздерге тәуелдік жалғауын жалғап, сөйлем құрастырыңдар.

Кабинет, кітап, тақта, компьютер, терезе, орындық.


2-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді көшіріп, бастауыш пен баяндауыштың астын сызыңдар.


1. Менде сабақ болды. 2.Партада ақ қағаз жатыр. 3. Сөреден үш кітап алдым . 4. Жеңімпаз бала үшінші бірінші орын алды. 5. Жарыста мен озып шықтым. 6. Қазақ тілі кабинетінде компьютермен жұмыс істедік.


3-тапсырма. Сөз тіркестерінен сөйлем құраңдар.


Балалар туралы,қиын тапсырма , жаңа дос, үш оқушы, озып шықтым, бірге оқыдым, бірге тұрү, тату болу, жарысқа қосу, өзіне қалдыру, дос болу.



Мектеп кітапханасы


hello_html_2386512e.jpg


Сөздік


орналасқан - расположен

мейрімді - добрый

жақсы көреді - нравиться

қазіргі кезде - в современное время

пайдаланса да - хоть и пользуются

бәрібір- все равно


Мектеп кітапханасы


Мен №13 орта мектепте оқимын. Мектеп Ломов көшесінде орналасқан. Мектеп екі қабатты. Бірінші қабатында кітапхана бар. Кітапхананың терезелері кең, жарық. Терезелері аулаға қарайды. Кітапханашы өте мейрімді адам. Мектеп оқушылары оны өте жақсы көреді. Қазіргі кезде көптеген жандар Ғаламтор қызметін пайдаланса да, бәрібір кітап оқиды. Кітапханада қазақ, орыс, басқа елдердің шығармалары, журналдар, энциклопедиялар көп. Мен кітапханаға жиі барамын. Мен көбінесе қазақ халқының ақын-жазушыларының шығармаларын оқуға болады.


1- тапсырма. Мәтіннен көптік жалғауы бар сөздерді теріп жазып, ажыратыңдар.


2- тапсырма. Сергіту сәтіне арналған өлең жолдарын оқыңдар. Ондағы сан есімдерді атаңдар.


Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Қосып едім екеуін,

Болып шықты он саусақ.


3- тапсырма. Интербелсенді тақтадағы көптік түрдегі сөздерді сәйкестендіріп жазыңдар.

hello_html_362effe1.gif

Мектеп -лар

Көше -дар

Кітапхана -лер

Терезе -лар

Оқушы -тер

Шығарма -лер

Журнал -лар

Ертегі -дар

Ақын -лер

Жазушы -тар

Кітап -лар


4- тапсырма. Екі топқа бөлініп мәтін бойынша бір-бірлеріңе сұрақтар қойыңдар.


5- тапсырма. Интербелсенді тақтадағы кітапхана суреті бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.


1. Бұл ненің суреті?

2. Бұл кім?

3. Сен кітапханаға барасың ба?

4. Онда не үшін барасың?

5. Кітаптар бізге не үшін керек?

6. Кітаптарды қалай қолдану керек?

7. Балалар, қалай ойлайсыңдар, тақырыптың мақсатына жеттік пе?

8. Зат есімнің көптік жалғауларын атаңдар.


Біздің сынып

hello_html_m6494242f.png


Сөздік


тәртіпті – дисциплинированный (-ая, -ое) қызығушылық - интерес

ұйым- организация ұстаз – учитель, наставник

білім – знание сыныптас - одноклассник

Біз ең тәртiптi, ең тату, ең ұйымшыл, ең сыпайы, ең алғыр, ең бiлiмдi сыныппыз. Сыныпта барлығы 25 оқушы. Олардың 13-i қыз, ал 12-сi ұл! Бәрi өнерлi. 15 бала дебат мүшесi, 5 домбырашы, 2 бишi, 3 дзюдошы, 1 қазақ күресі балуаны және соның iшiнде 4 әншi бар. Сынып жетекшiмiз, бiздiң екiншi анамыз – Боранкүл апай. Жақсы ұстаз – дана, ақыл ғой, әдiлеттi және қатал, жақсы сабақ түсiндiретiн педагог. Ол бiзге тәртiптi, ұйымшыл, бiр-бiрiмiзге жанашыр болуды үйретедi! Бiздiң сыныпта көптеген ғажайып балалар бар, әркайсысының өзiнiң қызығушылықтары бар: бiреулерi спортпен, кейбiреулерi бимен айналысады.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Сан есімдерді теріп жазыңдар.


2-тапсырма. Антоним сөздерді жазыңдар.


Жылы - ..., таза - ..., жарық - ..., кең - ..., жұмсақ - ..., көп- ..., әдепті ..., жақсы - ..., қою - ..., дос-..., күн-..., үлкен-....


3-тапсырма. Сынып сөзін септеңдер.


4-тапсырма. «Менің сыныптас досым» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.




Оқу, білім туралы мақал-мәтел


hello_html_43a1db02.png


Жаңа сөздермен таныс, сөздік дәптеріңе жазып ал.


мақал-мәтел пословицы-поговорки

тура - прямой

пікір - мнение

ауыспалы – переменный


Мақал – нақыл сөз. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде ұйқаса құрылып, кейде қара сөзбен де айтылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді Мысалы: “Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”, “Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”, “Ел – ырыстың орманы, ер – ырыстың қорғаны”, “Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”. Мәтел – өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” – мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” – мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы мақал-мәтелге айналған: “Ұлымды іздеп, дүниені көздеп” (Абай), “Жалғанды жалпағынан басып өтіп” (Жамбыл) т.б.



1-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп алыңдар. Онда не туралы айтылған?


Өмір – үлкен мектеп.

Өмірдің өзі – ұлы ұстаз


Жердің сәні – егін,

Ердің сәні – білім.


Өнер – ағып жатқан бұлақ,

Ілім – жанып тұрған шырақ.


Оқу – білім азығы,

Білім – ырыс қазығы.


Алтын алма, білім ал.

Ұстаздан шәкірт озар.


Оқымаған бір бала,

Оқыса екі бала.


Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.


Ғылым – теңіз, білім – қайық.

Кітап – алтын қазына.




2-тапсырма. Берілген мақалды аяқтаңдар:


Кітап – білім .... Кітап – адамның ....Тазалық-денсаулық – ....Тәні саудың – жаны ....

3-тапсырма. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңдер:


  1. Мақал қандай сөз?

  2. Мақал қандай мағынада айтылады?

  3. Мәтел қандай мағынада айтылады?


4-тапсырма. Мақал сөзін септеңдер.

Менің сүйікті ұстазым

hello_html_m700a760b.jpg


Жаңа сөздерді оқып, естеріңе сақтаңдар.

сүйікті – любимый

алғашқы – первый

қадірлі – уважаемый


Біз алғаш мектепке келгенде жарқын жүзбен қарсы алатын алғашқы мұғалім бәрімізге де ыстық. Мұғалім өте қадірлі адам. Мұғалім бізді оқуға, жазуға, есеп шығаруға үйретеді. Біз сүйікті мұғалімімізді тыңдаймыз, сыйлаймыз, сүйеміз.


  1. тапсырма. Өлеңді жаттап алыңдар.


Жарқын жүзді ұстазым


Келгенімде алдыңа

Қызыл-жасыл гүл алып,

Жақын тарттың жаныңа,

Шәкіртім деп қуанып.

Сипадың да басымнан,

Кітаптарды ұсындың.

Бақытымның осыдан

Басталғанын түсіндім

(Ш.Смаханұлы).

Түсініктеме: шаттыққа толы – полны радости;

жарқын жүзді – жизнерадотный;

гүл шоқтары – букеты цветов;

құшақ-құшақ – охапки.


  1. тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құрастырып көшіріңдер.


  1. Оқимыз, биыл, жаңа, мектепте.

  2. Мен, сүйемін, өте, ұстазымды.

  3. Таныстырды, мұғалім, бізді, жаңа, сабақпен.

  4. Жарық, үлкен, сыныптары, мектептің.



Менің сүйікті пәнім


hello_html_752ca367.jpg


Сөздік

ана тілі – родной язык

мемлекеттік тіл –государственный язык

парыз – долг



Менің сүйікті пәнім


Мен қазақ тілі пәнін ұнатамын. Қазақ тілі менің ана тілім, мемлекеттік тіл. Қазақ тілін білу – Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы. Қазақ тілі сабағы өте қызықты өтеді. Қазақ тілі сабағында біз оқимыз, аударамыз, жазамыз, ән де айтамыз.


  1. тапсырма. Жіңішке дауысты дыбысы бар сөздерді теріп жазыңдар.


Кітап жасау үшін адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарып, қағаз жасап шығарады. Сонан соң жазушылар шығарма жазады. Суретшілер суретін салады. Баспаханадан кітап болып басылып шығады. Даяр кітаптарды машиналар мен пойыздарға тиеп, ауылдарға жеткізеді.


  1. тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңдар.


Еңбек кабинеті

hello_html_4c30370e.jpg

Сөздік

ермексаз – пластилин қию – вырезать

желім – клей жасау - делать

қайшы – ножницы жапсыру - клеить


Еңбекке баулу пәні

Екінші сабақ еңбек сабағы. Балалар сабаққа желім, қайшы, ермексаз, әкелді. Әсел ермексаздан қояң жасап жатыр. Марат қағаздан қайшымен сурет қиып жатыр. Мерей қвйшымен гүл қиып отыр. Бұл еңбек сабағы.


  1. тапсырма. Әр сөздің аудармасын қасына жазыңдар.


қайшы клей

қағаз делать

желім клеить

қию бумага

жапсыру резать

жасау ножницы

  1. тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.


1. Сенің атың кім?

2. Сен нешінші сыныпта оқисың?

3. Сен қай сабақты жақсы көресің?

4. Еңбек сабағында не істейсің?


  1. тапсырма. Берілген сөздерді пайдаланып сөйлемдер құрастырыңдар.


Қағаз, ермексаз, түрлі түсті, гүл, үй, жануарлар.


Мектеп спортзалы


hello_html_m505e17c6.jpg


Спорт адамның денсаулығына қызмет етуі керек. Әр адам спортпен шұғылдануы қажет. Сондықтан біздің мектепте спортзал бар. Спортзалда дене шынықтыру сабақтары өтеді. Онда оқушылар денелерін шынықтырады, денсаулықтарын арттырады.


  1. тапсырма. Сөйлесімді жалғастырыңдар.


Серік: - Нұрлан, сен спорттың қай түрін ұнатасың?

Нұрлан: - Мен шахмат ойнауды ұнатамын.

Серік: - Шахматты ойнауды кім үйретті?

Нұрлан: - Шахмат ойнауды әкем үйретті.


  1. тапсырма. Сөз тіркестерін аударыңдар.


дене шынықтыру –

мектеп спортзалы –

қызмет ету –


  1. тапсырма. Берілген сөздерден сөйлем құрастырыңдар.


  1. Ойнайды, досым, менің, ойынын, футбол. 2. Ол, ойнайды, ықыласымен, бар, ойынды. 3. Досым, менің, шұғылданады, спортпен.


Менің сыныптастарым

Жаңа сөздерді оқы, есіңе сақта.


тамаша – прекрасный

табалдырық – порог

сыныптастарым – однокласники

құштарлық – влюбленность


Мектеп өмірі тамаша. Мектеп табалдырығын аттаған күн – мен және менің сыныптастарым үшін мереке. Осы күннен бастап білімге деген құштарлығың артады. Мектепте өзіңе жолдас табасың. Менің сыныптастарым – менің жолдастарым. Олар маған көмектеседі. Бірге оқимыз, ойнаймыз, ән айтамыз.

  1. тапсырма. Мәтінге 4-5 сұрақ қойып, диалог құрастырыңдар.


  1. тапсырма. Мәтіннен зат есімдерді теріп жазып, сөз құрамына талдаңдар.


3-тапсырма. Мәтінде қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.


Экологиялық мұражай

hello_html_53f985b.jpghello_html_371a5999.jpg

Сөздік


таңғажайып – чудесный

мүсіндер – скульптуры

дарынды – талантливый

туындылар – пройзведения

ахуал – положе


Мүсіндер мұражайы


Америкалық Гренада аралында су астындағы таңғажайып мүсіндер мұражайы бар. Бұл идеяның авторы – дарынды мүсінші Джейсон де Кэйрес Тейлор.

Ол өзі жасаған су астындағы ерекше мүсіндердің арқасында төрткүл әлемге әйгілі болды. Оның туындылары теңіз түбіндегі түрлі экологиялық ахуалдарды бейнелейді. Бір ерекшелігі, су астындағы мүсіндерді жасау процесі әдеттегі мүсіндерден өзгеше. Джейсон су астындағы қалаларды, қозғалыстағы адамдарды, табиғи көріністер және тағы да басқа ғажайып туындыларды жасайды. Жыл сайын Кэйрес Тейлордың су астындағы мұражайын көруге 75 000 адам келеді екен.


  1. тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Америкалық Гренада аралында не бар?

  2. Бұл идеяның авторы кім?

  3. Джейсон қандай туындыларды жасады?

  4. Жыл сайын мұражайды көруге қанша адам келеді?


  1. тапсырма. Мәтіннен зат есімдерді теріп жазып, көптік жалғауын ажыратыңдар.


  1. тапсырма. Төмендегі сөздерді қатыстырып сөз тіркестерін құраңдар.


Табиғат, су, мұражай, адам, әлем, автор, туындылар, қалалар.



Даңқ мұражайы


hello_html_133d898a.jpg


Жаңа сөздермен танысып, сөздік дәптерлеріңе жазып алыңдар.


көрме – выставка

фотосуреттер – фотографии


тұрмыстық заттар – бытовые вещи

құжаттар - документы


Даңқ мұражайы

Ұлы Отан соғысы жеңісінің 65 жылдығына арнап 2010 жылғы 29 сәуірде «Естен Кетпес сол жылдар» 1941-1945 атты көрме ашылды. Көрмеге 2000-нан астам экспонат қойылды. Мұражайдың екі залында бірегей құжаттар, фотосуреттер әскери тұрмыстық заттар орден мен медальдар, соғыс туралы шығарылған кітаптар мен плакаттар қойылатып болады. Жеңіс солдаты фотопортреттерінің галереялары көрмеде ерекше орын алады.



  1. тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңдар.


  1. тапсырма. Мәтіннен көптік жалғауы бар сөздерді теріп жазыңдар.


  1. тапсырма. Мәтін бойынша 3-4 сұрақ қойыңдар.



Мектеп


hello_html_m77729e28.jpg


Сөздік


қабат – этаж

орыс тілі – русский язык

кең – просторный (-ая, -ое, -ые)

емдеу кабинеті – лечебный кабинет

жарық – светлый (-ая, -ое, -ые)


Жаңа оқу жылы басталды. Оқушылар мектепке келді. Барлық қалалар мен ауылдарда мектептер бар. Мектеп – білім ордасы. Биыл мен төртінші сыныпта оқимын. Сабақ оқу маған ұйнайды. Мынау – біздің мектеп. Мектеп ғимараты әдемі. Ол үш қабатты. Біздің мектепке қош келдіңіздер!


  1. тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңдар. Мәтінде қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.


  1. тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.


  1. Қалалар мен ауылдарда не бар?

  2. Мектеп ғимараты қандай?

  3. Ол неше қабатты?


  1. тапсырма. Мақалдың мәнін түсіндіріңдер, жаттап алыңдар.


Мектеп – кеме,

Білім – теңіз.



Мектептегі театр үйірмесі

hello_html_m30c4dca3.jpg

Жаңа сөздерді оқып, естеріңе сақтаңдар.


кездестік – встретились

ертеңгілік – утренник


орталықта – в центре

бағдарлама – программа

«Нұр» балалар театры

«Нұр» қазақ балалар театры мектептегі ең жас ұжым. Театрға 7 мен 17 жас аралығындағы 45-тен аса балалар мен жасөспірімдер қатысады. Балалар сахнада сөйлеу мәдениетіне, актерлік шеберлікті үйренеді. Театрдың жас әртістері Жаңа-жылдық ертеңгіліктерде, Наурыз мейрамында, мектептегі күндізгі бөлім лагерлеріне сахнада ертегі қояды.

Театр – мектеп оқушыларына мектеп қабырғасында өтіп жатқан бағдарламаны театр сахнасынан көріп, актер ойынынан шабыттанып, көркем әдебиет өмірімен танысуға жетелейді. Ал мұғалімге сергек көрермен, оқырман, творчестволық оқушы құрастыруға көмектеседi.


  1. тапсырма. Сөздікпен танысыңдар, түсіндіріңдер.


  1. тапсырма. Сурет бойынша 2-3 сөз тіркесін құраңдар.


  1. тапсырма. Суретке қарап, әңгімелеп беріңдер.


  1. тапсырма. Мәтінді оқыңдар, сұрақтар құрастырыңдар.



Ән-күй үйірмесі


hello_html_48322d61.jpg


Сөздік


өйткені – потому что

ұнайды – нравится

шығарамыз – сочиняем

жеке – соло; отдельно

орындаймыз – исполняем

қоямыз – ставим


Ән күй үйірмесі


Ән-күй үйірмесін мен өте жақсы көремін. Өйткені үйірмеде біз музыка тыңдаймыз, ән айтамыз. Маған Құрманғазы Сағырбайұлы мен Дина Нұрпейісованың күйлері ұнайды.

Үйірмеде біз нотамен танысамыз. Өзіміз де өлең шығарамыз. Біз түрлі әндерді жеке, хормен орындаймыз. Концерт қоямыз.


  1. тапсырма. Мәтінді түсініп оқып аударыңдар.


  1. тапсырма. Мәтін бойынша 5-6 сұрақ құрастырыңдар.


  1. тапсырма. Мәтіннің ішіннен музыка тақырыбына қатысты сөздерді теріп жазыңдар.


Мектеп кештері

Жаңа сөздерді оқы, есіңе сақта.


молшылық – излобилие соңғы айы – последний месяц

теп-тегіс – ровный дихандар – хлеборобы

жырлағандай – воспевают өң – облик


Қасиетті күз


Күз мезгілінің кереметін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз – жазық даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз – байлық, молшылық. Бұл жеміс-жидек пісіп, егін орылатын кез.

Нағыз сары алтындай сары күз – қыркүйек айы. Бұл айда ағаш жапырақтары сарғайып, жерге түсе бастайды. Ол – еңбек айы. Күз маусымының екінші ай – қазан. Бұл ай – мереке басы. Өйткені дихандар сабантой жасайды. Күздің соңғы айы қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп-тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айрылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.


  1. тапсырма. Мәтінді оқып аударыңдар.


  1. тапсырма. Күз мезгілінің басқа жыл мезгілінен айырмашылығы қандай? Салыстырып көріңдер.


  1. тапсырма. Мына сөздерден түбірді тауып мағынасын айтыңдар :


ақша, көмекші, бұлтты, жаңбырлы, күздік.



Біз серуенге барамыз


hello_html_16c02831.jpg


Сөздік


серуен – прогулка (поход)

жаға – берег

табиғат – природа


Біз серуенге бардық

Күн жексенбі еді. Балалар мұғаліммен бірге серуенге шықты. Ауа райы салқынады. Олар көлдің қасына келді. Көлдің жағасындағы жапырақтардың басы сарғайған. Балалар табиғатпен танысты. Дала, көл, тау, өзен – бәрін көрді. Серуенге шыққан балалар үйлеріне көңілді қайтты.


1–тапсырма. Мәтінді оқып, қай жыл мезгіліндегі серуен екенін анықтаңдар.


  1. тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.


  1. Аптаның қай күні еді?

  2. Балалар қайда шықты?

  3. Ауа райы қандай болды?

  4. Ағаштардың жапырақтары қандай?

  5. Балалар немен танысты?

  6. Олар үйге қалай қайтты?


  1. тапсырма. Суреттер арқылы сөйлемдерді толықтырыңдар.

1.hello_html_3f0d4f62.pngбұлтты. 2. hello_html_m688aab58.jpg бақта өседі

3.hello_html_6f50e7db.png жылы жаққа ұшады.



Жаз келді


hello_html_505e7669.jpg


Сөздік


хош иіс – аромат күнге күю – загорать

қапырық – душный таяз – мелко, мелкий

шомылу – купаться қайық – лодка

жүзу – плавать шашу – здесь: брызгать



Жаз


Жаз келді. Жаз айлары – маусым, шілде, тамыз. Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады. Маусымның 22-сінде күн мен түн теңеледі. Жаз айында табиғат қысқы ұйқысынан оянып, бақтарда әр түрлі құстар ән салады. Жаз айының ауасы да ерекше. Хош иісті ауаны жұтып көшеде, бақтарда қыдыра бергің келеді. Балалар айлы, ашық бұлтсыз кеште далада ойнауды ұнатады. Жаз айында адамдар ерте тұрып, кеш жатады. Өйткені бұл кезде жұмыс көп болады.

Мен жазда ауылға барғанды жақсы көремін. Ауылда жақсы демаласың, туыстарыңды көресің.


  1. тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар қойып, әңгімелесіңдер.


  1. тапсырма. Берілген сөздерден сөз тіркестерін құраңдар.


Серуендеді, аулады, өзен, демалды, күнге күйді, ыстық, шашты.


  1. тапсырма. Берілген сөздерді және сөз тіркестерін аударып, сөйлемдер құрастырыңдар.


В воде, у воды, на берегу, в середине реки, глубоко, мелко, плавать, загорать, кататься на лодке.



Жазғы табиғат

hello_html_1d47b919.jpghello_html_18cb4146.jpghello_html_m469581ea.jpg



Сөздік

қайың – береза қайық – лодка

терек – тополь шомылады – купаются

үйеңкі – клен аулайды – ловят

қарағай – сосна демалды – отдохнули

шырша – ель


Менің Баянауылым


Қазақстанда табиғаты керемет өңір өте көп. Соның бірі жер жәннаты саналған Баянауыл екеніне ешкім таласпайды. Оның көзді тұндырар табиғатын әрбір бала өзінше суреттегісі келеді.

Табиғаты Баянымның ғажайып,

Сұлулықтың сырын сенен табайық,-

Топырағыңда аунап-қунап әрқашан

Құнарынан жұтып-жұтып алайық.


  1. тапсырма. Мәтінді оқыңдар, аударыңдар.


  1. тапсырма. Жазғы табиғаттың басқа жыл мезгілінен айрмашылығы қандай? Салыстырып көріңдер.



  1. тапсырма. Сурет бойынша 5-6 сөйлем құраңдар.



  1. тапсырма. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.


Топырағыңда, құнарынан


  1. тапсырма. Өлеңді жаттаңдар.




Жазғы саяхат

hello_html_6d8572e5.pnghello_html_137a07be.jpghello_html_55535bf0.png

Сөздік


саяхат – путешествие

бірінші рет – первый раз

өте ұнады – очень понравился

неше түрлі – разноцветный



Жазғы саяхат

Жазда мен ағаммен бірге Астанаға бардым. Астананы мен бірінші рет көрдім.

Астана – үлкен қала. Жазғы Астана өте әдемі екен. Көшелерде неше түрлі гүлдер өсіп тұр. Ағаштары көп, биік. Қаланың қасында өзен бар. Маған Астана өте ұнады.


  1. тапсырма. Сөздердің дұрыс аудармасын табыңдар, мағыналарын түсіндіріңдер.

пішен - купаться шабу - прыгать

шомылу - сено

секіру - косить


  1. тапсырма. Мәтінен 4-5 сөз тіркестерін теріп жазыңдар, байланысын түсіндіріңдер.


  1. тапсырма. Мәтін бойынша диалог құраңдар.



Жазда

hello_html_m7df7aa4e.jpg

Сөздік

жыңғыл - кустарник сытыр – шорох

шұңқыр - яма

Қалың жыңғыл. Мамыргүл мен Жәмила бұзау іздеп жүр. Кенет сытыр естілді.

«Ойбай, қасқыр!» - деді Мамыргүл көзі бақырайып. Екі қыз бір шұңқырға бұғып жата қалды. Сытырлаған дыбыс жақындай түсті. Міне, дәл қастарына келді. Жыңғылдың арасынан қызыл бұзау мөңіреп шыға келді.

Қыздар қуанып, күліп жіберді. Олар қызыл бұзаудың мойнынан құшақтап жатыр.


1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Қыздар неден қорықты?

2. Екі қыз қайда тығылды?

3. Бұзау қайдан шықты?

4. Қыздар неге қуанды?


2-тапсырма. Сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастырыңдар.

Қалың орман, жидек теру, сытыр естілді, көзі бақырайды, үш қыз, бір шұңқыр, бұғып жату, сытырлаған дыбыс, жақындай түсу, қарағайдың арасынан, күліп жіберу.


3-тапсырма. Мәтіннен қарсы мәндес сөздердің сыңарын тауып көшіріңдер.

табу -... алыстау - ...

ренжу-... жылау - ...

тұру - ... кету - ...


4-тапсырма. «Жазда» деген мәтіннен баяндауштарды теріп жазыңдар.


Үлгі: Дара баяндауыш: естілді,...

Күрделі баяндауыш: іздеп жүр,..


Ауылға барамын


hello_html_76ff4061.jpg

Сөздік

ору – косить қамыс – камыш

қырғауыл – фазан жота – спина


Қайрат жазғы демалыста ауылға барды. Атасына шөп орысып жүрді. Бірде қамыс арасындағы соқпақпен үйіне қайтып келе жатты. Күн ыстық. Алдыңғы жақтан пыр етіп қырғауыл ұшты да, қайта қонды. Қайрат тұра жүгірді. Қуалап жүріп ұстап алды.

- Ата, қандай әдемі!..- деді жотасынан сипап, -енді мұны асыраймын.

Атасы қырғауылды қолына алып қарады, аяғы сынған екен. Қалтасынан қол орамалын алып жыртты да, қырғауылдың аяғын таңып, ұшырып жіберді.


1-тапсырма. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің қай септікте тұрғанын айтыңдар. Түбірі мен жалғауын ажыратыңдар.


2-тапсырма. Сөйлемді өрбітіп жазыңдар.


Мен ауылға бардым. Ауылда киіз үй тұр. Мен тауға шығамын. Таза ауада демаламын. Атам мен әжем мені жақсы көреді. Маған ауылдың табиғаты ұнайды. Себебі ......


3 -тапсырма. Берілген сөздерді жекеше, көпше түрде жіктеп жазыңдар.


Орамал, үй, қалта, қырғауыл.

Жазғы демалыс

hello_html_m26047eca.jpg

Сөздік


жұпар – мускус кілем – ковер

жауқазын – шафран думан – веселье


1-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын ауызша айтыңдар.

Жазғы демалыс

Жұпар атқан жазда Тоғай толы шуға,

Ермек бізге аз ба? Шомыламыз суға,

Жасыл кілем ауламыз, Көл ауылдың көзіндей.

Өзенге де келеміз, Күнде үш ай бойы

Жауқазынын тереміз, Қызық, думан, ойын.

Өрлейміз тауға біз. Жаз өтеді сезілмей.

/ Қ. Ыдырысов /


2-тапсырма. Өлең мәтінінен төл дыбыстары бар сөздерді теріп жазыңдар.


Ү л г і: жұпар


3-тапсырма. «Менің жазғы демалысым» деген тақырыпқа төмендегі сұрақтар бойынша әңгіме құрастырыңдар.


  1. Жазғы демалысты кіммен, қайда өткізесің?

  2. Демалыс кезінде қандай жұмыстар істеп, кімге көмектесесің?

  3. Қандай кітаптар оқисың?

  4. Қалай шынығасың?


Аққу


hello_html_m363bc5b1.jpg


Сөздік


жағалау – берег аққу – лебедь

көк шалғын – зеленная трава сыбызғы – свирель, дудка

тысқа – наружу қармақ – удочка

Көктемде Жайық өзенінің жағалауына аққулар қос-қостан ұшып келеді. Біздің киіз үйіміз көк шалғында тұр. Мен далаға шығып, аққудың сыбызғы үні сияқты дауысын тыңдаймын.

Келесі күні таңертең ерте оянып, тысқа шықтым. Өзенге қарай бардым. Өзенің жағасында бір аққуды көрдім. Оның аяғына қармақ кіріп кетіпті. Мен жалма-жан көйлегімді шешіп тастап, аққудың қасына келдім. Аққу қанатымен су сабалап, сыңсыды. Оның аяғы қатты ауырған сияқты, мен оның аяғынан ұстап, қармақтан босаттым. Аққу маған рахмет атқандай, бір рет даусын қатты шығарып, өзеннің арғы бетіндегі өз тобына қосылды.


1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.


1. Көктемде аққулар қайда ұшып келеді?

2. Көк шалғында не бар?

3. Аққуға не болған?

4. Мен аққуға қалай көмектесемін?


Қосалқы тапсырма: «Аққу даусын қатты шығарып» деген сөз тіркесінің мағынасын түсіндіріңдер.


2-тапсырма. Сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастырыңдар.


Қос-қостан ұшып келу, көк шалғын, иіз үй, сыбызға сияқты, аққудың даусы, ерте ояну, тысқа шығу, өзен жағасы, аққудың аяғы, рахмет айту, өзінің тобы, аспанға көтерілу, қанатымен су сабалау, кіріп кетіпті.


3-тапсырма. Мәтіннен төмендегі сөздердің сыңарын тауып оқыңдар.


а) мағынасы жақын ә) қарсы мәндес

екі-екіден - ... қону - ...

көк шөп - ... кешке - ...

дауыс - ... кіру - ...

қораз - ... кию - ...

тез - ... кету - ...

ұшу - ... аспан - ...

жылау - ... ұйықтау - ...

4-тапсырма. Төмендегі сөздерді рет-ретімен орналастырып сөйлем құраңдар.

1. Ұшып, аққулар, жылы, кетті, жаққа, күзде. 2. Біз, қарсы, құстарды, көктемде, аламыз. 3. Қармақпен, жазда, мен, ұстадым, балық, өзеннен. 4. Ыстық, күн, шешіп, тастаймын, көйлегімді, болғанда, мен. 5. Айтты, рахмет, көмегім, аққу, маған, үшін. 6. Мен, қоштастым, олармен.



Жазғы ауа райы

hello_html_m3f6abdb6.jpg

Жылдың төрт мезгілі бір-біріне ұқсамайды. Жазда желсіз, аспан көбінесе бұлтсыз ашық болады. Жаңбыр онша көп жаумайды. Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады. Маусымның 22-сінде күн мен теңеледі.

Жылдың әр мезгілінде ауа райы өзгеріп тұрады. Сондықтан адамдар ауа райы болжамын радиодан, теледидардан біледі. Ауа райын бір-екі күн, апта, ай бұрын алдын-ала болжауға болады.

1-тапсырма. Берілген сөздердің аудармасын сөздік арқылы анықтап, әрқайсысымен сөз тіркестерін құрап жазыңдар.

бұлтсыз – болжау –

теңеледі – бұрын –


  1. тапсырма. Жақша ішіндегі сөздердің лайықтысын жазыңдар.


  1. Жазда күн /қысқа, ұзақ/ болады. 2. / Қыста, жазда/ аспан көбінесе бұлтсыз болады. 3. Жылдың әр мезгілінде /жағдайы, ауа райы/ өзгеріп тұрады. 4. Адамдар ауа райының / құбылысын, болжауын / радиодан, теледидардан біледі.


3-тапсырма. Төмендегі сөздерді оқыңдар, жазғы ауа райы жайлы сөйлесім құраңдар.

Жаз, маусым, шілде, тамыз, ұзақ, қысқа, ыстық, жаңбыр, жарқырайды.


Лагерьде


hello_html_4276a7e7.jpg


Сөздік

салтанат – церемония жоспар – план

күн тәртібі – режим дня ереже – правил


Мектеп жанындағы лагерьдің ашылу салтанаты өтті. Оқушылар мен ұстаздар ән салды, би биледі, ойындар ойнады. Лагерьдің жұмыс жоспары ата-аналарға және оқушыларға өте ұнады. Мен лагерьге қуана барамын. Лагерьдің күн тәртібі мен ережесін бұзбаймын. Жолдастарыммен көңілді уақыт өткіземіз.


1-тапсырма. «Лагерьде» тақырыбына сөйлесім құрастырыңдар.

2-тапсырма. Төменде берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңдар.


Демалу, шынығу, қуану, шомылу, серуендеу, тынығу, танысу.


Жайлауда

hello_html_18be6b30.jpg


Сөздік


жайлау – джайлау, летнее пастбище

түндік – войлочное покрывало

юрты

төңірек – вокруг

алаша - палас


1-тапсырма. Мына өлеңді мәнерлеп оқыңдар. Жайлау туралы не білесіңдер? Өлеңде жаздың қалай суреттелгенін әңгімелеңдер.


Жайлау таңы

Жайлау қандай тамаша, Ашылыпты түндігі.

Көзді тартар қараса, Ұстамақ боп көбелек,

Қызыл-жасыл төңірек, Балалар жүр жүгіріп,

Бейне жайнаған алаша. Жасыл жайлау жайнаған,

Ақ боз үйлер тігіліп, Гүлге толы айналаң.


2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.


1. Жайлаудың маңы қандай?

2. Онда не тігілген?

3. Киіз үйдің түндігін көрдіңдер ме?

4. Жазда үш ай бойы не істедіңдер?

5. Өзенге, көлге суға түстіңдер ме?

6. Балық аулауға бардыңдар ма, ата-аналарыңа көмектестіңдер ме? Әңгімелеп айтыңдар.


3-тапсырма. Сөйлесуді оқыңдар, үлгі бойынша екі-екіден жазғы демалыс туралы әңгімелесіңдер.

Алмат: - Мен жазда жайлауда мал бақтым.

Олжас: - Қалай бақтың? Не істедің?

Алмат: - Ерте тұрып, атыма жем беріп, оны суардым.

Олжас: - Ал содан кейін не істедің?

Алмат: - Содан кейін малды өріске айдадым. Күнге күйіп, өзенге барып, суға шомылдым. Күнде осылай.

Олжас: - Кешке дейін тамақ ішпейсің бе?

Алмат: - Неге ішпеймін? Түсте от жағып, шай қоямын. Содан кейін атам екеуміз ыстық шай ішеміз.

Олжас: - Далада өзен жағасында ішкен шай дәмді шығар?

Алмат: - Әрине, таза ауада демалып отырып ішкен тамақ өте дәмді болады екен.


4-тапсырма. Мәтіннен мағынасы жақын сөздерді тауып жазыңдар.


шай қайнату - ... . жігіт - ... .

тәтті -... . тағам - ... .



Табиғат туралы мақал-мәтелдер

hello_html_m710aa014.jpg

Сөздік

ата-баба – предки

сүйіспеншілік – любовь

дәстүр – обычай

қадір-қасиетін – достоинство

қорғау – защищать

тәрбиелеу – воспитывать


  1. тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сын есімнің астын сызыңдар, мәтінге ат қойыңдар.


Ата-бабамыз “Жер қазына, су алтын, мал байлық” деп тегін айытпаған. Қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілігі ерте кездерден-ақ басталады. Көп салалы ұлттық дәстүріміз соның дәлелі. Өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі қадір-қасиетін, пайда-маңызын жақсы білген. Жас ұрпақтың көкейіне құйып, оларды сақтап, қорғауға бауылып, тәбиелеген. Табиғатқа деген сүйіспеншілігімізді білдіретін мақал-мәтелдер өте көп.



  1. тапсырма. Мақалдарды түсіндіріңдер және жаттап алыңдар.


«Ер – елдің көркі, орман – тоғай жердің көркі»;

«Бір тал кессең, он тал ек»;

«Дәрі шөптен шығады, дана көптен шығады»;

«Жылап жүріп арық қазсаң,

Күліп жүріп су ішерсің».


  1. тапсырма. Төмендегі сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңдар.


Гүл, өсімдік, шырша, бақ, итмұрын, жеміс, жидек, қауын, қарбыз, пайдалы.


  1. тапсырма. Өзің тұратын өлкеде өзен, көлдер бар ма? Әңгімелеңдер.



«Табиғат – тал бесігің, аяла, қорғай біл, тазалығын сақта!»








Нәтиже сабақ

Демалыс

  1. тапсырма. Сұрақтарға жауап жазыңдар.

  1. Сан есім деген не?

  2. Реттік сан есім деген не?

  3. Жылдың ең жылы мезгілі қай мезгіл?

  4. Жаз айлары қай айлар?

  5. Жазда ауа райы, күндер, түндер, қандай болады?

  6. Жаз туралы қандай өлең білесің?

  7. Қандай мақал – мәтел білесің?

  8. Балалар жазғы демалысын қалай өткізеді?

  9. Жаз мезгілі көпшілікке неліктен ұнайды?

  10. Оқу жылындағы демалыс туралы әңгімелеңдер.



  1. тапсыпрма. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.



  1. Сызбаны толтырыңдар.

hello_html_1ec9046b.gif

hello_html_1810518e.gifhello_html_m610a66fc.gifhello_html_4a7029b4.gif



2. Жазда күндер қандай болады?

а) қысқа

ә) кең

б) ұзақ


3. Мына сөйлемнен сын есімді тап:

Өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі керемет қадір-қасиетін, пайда-маңызын жақсы білген.


а) өсімдіктер

ә) жақсы

б) керемет


4. Көп нүктенің орнына керекті сөзді жаз.

Қайрат жазғы демалыста ... барды.

а) ауылға

ә) мектепке

б) дүкенге


5. Сөздерді аудар.

1hello_html_6cf67ce4.gif. қызықты купаются

2. жылы лодка

3. қайық теплая

4. шомылады интересна




Қазақ тілі сабағында не үйрендік?

Жаңа сөздерді оқып, естеріңе сақтаңдар.


ұлттық – национальный

таныстық – познакомились


  1. тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтыңдар.


Қоңырау соғылды. Қазақ тілі сабағы басталды. Мұғалім бізге сұрақтар қойды. Біз жауап бердік.

Дәулет пен Шынар тақтаға шықты. Олар сөйлемдер жазды. Әсел мәтін оқыды, аударды. Біз жаттығу жаздық. Қазақтың ұлттық ойындарымен таныстық.

  1. тапсырма. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңдер.


  1. Қандай сабақ басталды?

  2. Кім сұрақтар қойды?

  3. Дәулет пен Шынар не жазды?

  4. Әсел не істеді?

  5. Қандай ойындармен таныстық?


  1. тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлемдер құрастырыңдар.


  1. тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алыңдар.


Тілім барда мақтанам,

Тілім менің аппақ ән.

Бірлігім бүгінгі

Ана тілін сақтаған

(С. Құрбанқожаев).

hello_html_24dc5c17.jpg

  1. тапсырма. Сөздерді буындарға бөліп жазыңдар. Буын түрлерін анықтаңдар.


Сабақ, терезе, еңбек, мұғалім, еден, тақта, оқушы, қоңырау, тіл, сөйлем, сөз, сызғыш, өшіргіш.

Оқулық пен доп

Сөздік


дауласты – поспорили

қажетпін – необходим

шынықтырамын – закаляю

дені сау – здоровый


  1. тапсырма. Оқып, мазмұнын айтып беріңдер.

hello_html_m7737c3ea.jpgОқулық пен доп hello_html_60577e9c.png


Бір күні Оқулық пен Доп дауласты. Оқулық айтты:

  • Оқушыға мен қажетпін. Мен білім беремін.

Доп айтты:

  • Оқушыға мен қажетпін. Мен оқушыны шынықтырамын.

Оқулық пен Доп оқушыға келді. Оқушы айтты:

  • Маған Оқулық та, Доп та қажет. Өйткені мен білімді, әрі дені сау адам боғым келеді.


  1. тапсырма. Мәтіндегі жалғаулық шылауларды тауып сызыңдар.


  1. тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.


  1. Оқулық пен Доп не істеді?

  2. Оқулық не айтты?

  3. Доп не айтты?

  4. Олар кімге келді?

  5. Оқушы оларға не жауап берді?


  1. тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс аяқтап жазыңдар.

hello_html_2b3a86e1.gif

Кітап, қалам мектепке жүр.

Үстел, орындық қабырғада ілулі тұр.

Оқушылар шкафта тұр.

Дәптер, қағаз еденде тұр.


5 – тапсырма. Төмендегі сөздерді үлгі бойынша құрамына қарай талдаңдар.

hello_html_307fb283.gifhello_html_m3bd41781.gif

Үhello_html_m16aae5b9.gifhello_html_m6c1aa580.gifhello_html_m6c1aa580.gifhello_html_m38f4d825.gifhello_html_10d1bc1f.gif л г і: оқу + шы + лар


Ережені, келешекте, сыныпта, мектебімізді, алаңында, тыңдаймыз.


Өлеңді жаттаймыз

Сөздік

туған тілім – мой родной язык

мақтанышың – твоя гордость

мақсат – цель

арың – твоя честь

  1. тапсырма. Сурет бойынша бірнеше сөйлем құраңдар.

hello_html_42746c82.jpg

Керекті сөздер: тақтаға шығу, өлең жаттау, қол көтеру, мәнерлеп жауап беру, тапсырма беру, баға алу.


  1. тапсырма. Өлеңді оқып шығып, жаттап алыңдар. «Ана тілі» тақырыбы бойынша өлеңдер сайысын өткізіңдер.


Туған тілім


Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!

Туған тілім – балам тілі – өз тілім!

Туған тілім – далам тілі – өз тілім!

Туған тілім – анам тілі – өз тілім!

(Д. Әбілов).


Ана тілің – арың бұл Ана тілі


Аhello_html_m25492015.gifна тілің біліп қой, Ақыл-ойын адамның

Еркіндігің, теңдігің. Ана тілден аламын.

Ана тілің біліп қой, Ана тілім ардақты,

Мақтанышың, елдігің. Ақ сүтіндей анамның.

Ана тілің – арың бұл, Өсірген ой білімді,

Ұятың боп тұр бетте. Сүйем туған тілімді.

Өзге тілдің бәрін біл, Мақсат етем әр сөздің

Өз тіліңді құрметте! Мәнін терең білуді

Қ.Мырзалиев (Ә.Табылды).


  1. тапсырма. 2-тапсырмадағы қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жасап, үндестік заңын түсіндіріңдер.

  1. тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп, көп нүктенің орнына тиісті жалғаулық шылауды қойыңдар.

  1. Сыныпта әдемі плакат ..., сурет ..., карта ... бар. 2. Қазақ тілі кабинетінде мұғалім ..., оқушылар ... отыр. 3. Партада қарындаштар ..., қаламдар ... бар. 4. Сенде қалам ..., қітап ..., дәптер ... жоқ. 5. Бұл сынып таза ..., кең ... .



Біз мәнерлеп оқимыз

Сөздік


беремін – даю

шелек – ведро


көтеру – поднимать

бұлақ – родник

hello_html_m5c0a0916.jpg











Көмек


Мен мамама еремін,

Қол ұшымды беремін.

Суға толы шелегін

Көтерісіп келемін!


Қалт етпей қас-қабағы,

Мамам мені бағады.

«Әуп-әуп!» - десем, күш алып,

Жымың-жымың қағады.


Бірге барып бұлаққа,

Су тасыстым бір апта.

Шелек менен жоғары

Келе жатыр бірақ та... (Несіпбек Айтов)


Тапсырмалар:


III-деңгей. 1. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.

2. Ана туралы айтыңдар.

II-деңгей. 1. Өлеңнің ішінен баяндауышты теріп жазыңдар.

2. Сурет бойынша 2-3 сөйлем құрастырыңдар.

І-деңгей. 1. Өлеңнің ішінен бітеу буынды сөздерді теріп жазыңдар.

2. Сурет бойынша әңгіме құрастырыңдар.



Қазақша сөйлейміз


1-тапсырма. Бір-біріңмен сөйлесіңдер.


- Әлия, сен жалғызсың ба?

- Жоқ, мен сабақта жалғыз емеспін.

- Сен қайдасың?

- Мен қазір сабақтамын.

- Сендер көпсіңдер ме?

- Иә,біз көппіз.

- Сабаққа дайынсыңдар ма?

- Иә, біз сабаққа дайынбыз.

- Әлия, сен еңбекқорсың ба?

- Әрине, мен еңбекқормын.

- Жарайсың, Әлия! Сен жақсы оқушысың.


2-тапсырма. Диалогтан жіктік жалғаулы сөздерді теріп жазыңдар.


3-тапсырма. Төмендегі сөздердің сөз құрамын анықтаңдар.


Оқушылар, кезекшілер, оқытушылар, тәрбиешілер, балалықты, жастықты, достықты.


4-тапсырма.

а) Мағынасы бір-біріне жақын сөздерді тауып жазыңдар.


Үлгі: мойнына алмау – тану


Көзі, әйнегі, оқушылар, өтірік, соңғы, қайтуға, шын, рас, жаман, қажет, әділ, шәкірттер, кетуге, нашар, керек, мойына алмау, тану, ақырғы, жалған.


ә) Қарсы мәндес сөздердің сыңарын тауып жазыңдар.


Үлгі: шын - өтірік


Шын, мойындау, аяқтау, жақсы, сену.


5-тапсырма. Жаңылтпашты жаттаңдар.


Айта-айта жақ талды,

Қайта-қайта жатталды.

Қайта-қайта жақ талды,

Айта-айта жатталды.

Тіл туралы мақал

Сөздік


қарым – қатынас – отношение

меңгер – овладевай

талап – требование

міндет – обязанность



Тіл – адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын құралы. Тілді меңгеру, шешендік өнерге жетілу адамға оңайлықпен келмейді. Халқымыз «Өнер алды – қызыл тіл», «Басқа пәле – тілден» дейді. Кез-келген адамнан шешендік өнерді талап ету артық; шешендік – табиғи дарындылық; ерінбей, жалықпай, үзбей ізденген – үлкен еңбектің жемісі. Сөйлеу мәдениетіне жетілу баршамызға ортақ міндет. Жақсы сөздің жанға жылы тиіп, адамды тамаша сезімдерге бөлейтіндігі, тек осындай сөздермен ғана белгілі. Мысалы, «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады», «Жақсы сөз – жанға азық».


1-тапсырма. Мақал-мәтелдерді түсініп алыңдар.


Ең тәтті де – тіл, Оқусыз білім жоқ,

Ең ащы да – тіл. Білімсіз күнің жоқ.

Күш жеңбегенді сөз жеңеді. Күш білімде.

Жақсы сөз – жанның тынысы. Талаптыға нұр жауар.


2-тапсырма. Мақал-мәтелдерді дұрыс аяқтаңдар.


Сөз қадірін білмеген таяқ еттен өтеді.

Айтылған сөз бас жарады.

Өнер алды өз қадірін білмейді.

Сөз сүйектен өтеді атылған оқпен тең.

Тіл тас жарады, тас жармаса қызыл тіл.



Мәтінді орыс тіліне аударамыз

Сөздік

бай – богатый

халық – народ

кішкентай кезінен – с малых лет



Ана тілі

Ана тілі – бұл әкенің, ананың тілі. Әр халықтың өз ана тілі болады. Қазақ халқының ана тілі – қазақ тілі. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді.

Қазақ тілі – бай тіл. Қазақ халқы – ертегілерге, мақал-мәтелдерге өте бай халық. Бұл тілді үйренсең, осыларды өзің де оқисың.


1-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңдар.

2-тапсырма. Мәтіннен септік жалғаулары бар сөздерді теріп жазыңдар. 2,4 сөйлемді көшіріп жазып, бастауыш пен баяндауыштың астын сызып, сұрағын жазыңдар.


3-тапсырма. Сөздікті пайдалана отырып, төмендегі сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңдар. Сөз тіркестерінен сөйлем құраңдар.


Жазылған кітап, кітап алғызды, сурет салғызды, бөлме тазаланды, келген кісі.

Жұмысқа көмектесті, ән айтып береді, білгісі келеді.



Мектеп – біздің анамыз

Сөздік


тұңғыш – первый (-ая, -ое) негізі – основа

ғалым – ученый құру – строить планы, ставить

жаңа – новый(-ая, -ое) (сети)


Жаңа типті қазақ мектебі

Қазақтың тұңғыш тамаша педагогы, демократ–ғалымы, ақын әрі жазушы Ыбырай Алтынсарин Торғай даласындағы ауылдарды аралап, мектеп ашуға қаражат жинады.

1863 (бір мың сегіз жүз алпыс үш) жылдың аяғында Ыбырай жобалаған мектептің құрылысы аяқталды.

Ы.Алтынсарин өзі қазақ арасында тұңғыш рет ашқан мектепті сол кездегі орыстың озық педагогикасы тұрғысынан құрды. Ыбырай жаңа типті қазақ мектебін ашты. Ол қажымастан еңбек етіп, үлкен табысқа жетті. Ы.Алтынсарин қазақ даласында қазақ балалары үшін ашылған мектептің негізін салушыларының бірі болды.


1. Ыбырай Алтынсарин кім?

2. Ол не үшін қаражат жинады?

3. Жаңа типті мектеп қай жылы ашылды?

4. Ол қандай мектеп ашты?


1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып шығып, өз сөздеріңмен әңгімелеп беріңдер.


2-тапсырма. Жұмбақтың шешуін табыңдар, сол сөзді септеңдер.

Жұмбақ


Білімнен мол сый – асы,

Балғындардың ұясы.

(М...п)


3-тапсырма. Өлеңді оқып, тәуелдік жалғауы жалғанған сөзді тауып, есте сақтаңдар.


Мектебіме


Мектебім – айтар әнім, Өзіңнен алғанымды,

Сан рет қайталадым. Өзіңе қайтарамын.



Ұқыпты оқушы боламын

Сөздік


ұқыпты – аққуратно

тырысу – стараться

ұмтыту – стемиться вперед

мақтау хвалить


Надя жақсы оқушы

Біздің Надя тәртіпті, әрі сабақты жақсы оқиды. Сабақтан кешікпейді. Кітаптарын таза ұстайды, жыртпайды. Жолдастарымен тату. Оны жолдастары жақсы көреді. Оның достары көп. Үлкен кісілерге әр уақытта сәлем береді. Үйде анасына көмектеседі. Үйді жинайды. Дүкенге барып, тамақ әкеледі. Кішкентай інілеріне, сіңлілеріне көмектеседі. Олардың сабағын тексереді. Біздің Надя 5-сыныпта оқиды. Ол – қайырымды, әрі оқу озаты.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініп, сұрақтар құрастырыңдар.


2-тапсырма. Өлеңді жаттап алыңдар, ө, ү, і, ы, қ дыбыстары бар сөздерді теріп жазыңдар.

Ұқыпты оқушы


Кітапты қаптап тастаймын- Таза болсын беттері,

Жыртылмасын. Кірлемесін.

Мұқабасы бүктеліп, Көрген кісі кітабы

Қырқылмасын. Кір демесін.


3-тапсырма. «Бала», «кітап» сөздерін септеңдер.


4-тапсырма. Берілген сөздердің түбір, қосымшасын табыңдар.


Балалар, бақшасына, балаларға, кітаптарын, дүкенге, інілеріне, жолдастары.



Күн тәртібі

Сөздік

күн тәртібі – распорядок дня

дос болғысы келмейді – не хотят дружить

күнделік – дневник

үздік оқушы – передовой ученик

үлгірімі


- Апа, -деді Досалы, -менімен балалар неге дос болғысы келмейді?..

- Үлгірімі нашар оқушымен кім дос болады?

- Жақсы оқу үшін не істеуім керек?

- Ә, ә, ойлана бастадың ба?! Үздік оқушы күнделікті жұмыс кестесін жасайды. Сонымен жұмыс істейді.

Досалы қолына қалам алып, жазу үстеліне отырды. Күн тәртібін жасауға кірісті.


1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріп, өз күн тәртібіңді құрастыр.


  1. Досалы апасына не деді?

  2. Апасы Досалыға не деді?

  3. Досалы үздік оқушы болу үшін не істеді?


2-тапсырма. Сөз тіркестерінен сөйлем құрастырыңдар.


Сабақ үстінде, дос болу, шошып кету, нашар оқушы, үздік оқушы, сабақ даярлау, жұмыс кестесі, күн тәртібі, ұйқы буып, түні бойы.


3-тапсырма. Қарсы мәндес сөздерді теріп жазыңдар.


Ү л г і: нашар – үздік


Нашар, жалғыз, беру, жақсы, жылау, күлу, жоқ, үздік, көбейту, алу, бар, азайту, дос, жаман, жау, көп.


4-тапсырма.Сөйлесуді жалғастырыңдар.


- Балам –ау, сен неге ашуланып отырсың? –деп сұрады анасы Ерланнан.

- Сабағымды дайындап үлгере алмай отырмын. Өзімді ұйқы буып барады, - деді Ерлан жыламсырап.

- Кешке дейін далада ойнадың, енді әрине, үлгермейсің.

Бұл – нашар әдет, - деді анасы.

- Басқа балалар да ойнайды ғой, менің не істеуім керек? – деп жылап жіберді Ерлан. ...

Әдепті балалар

Сөздік


даңғыл - проспект

әдепті - примерный

араласпау - не вмешиваться

бос уақыт - свободное время

2 - тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңдар. Бір сөзге фонетикалық талдау жасаңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.


Біздің елімізде ақылды, әдепті балалар өте көп. Үлкен кісілер әңгімелесіп отырғанда, олар шуламайды. Автобуста, трамвайда, троллейбуста үлкендерге орын береді.


3 - тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.


1. Біздің елімізде қандай балалар көп?

2. Үлкен кісілер әңгімелескенде, олар не істейді?

3. Балалар үлкендерге автобуста, трамвайда, троллейбуста орын бере ме?


4- тапсырма. Үлгі бойынша сөйлем құрастырыңдар. Қазақ тіліне тән дыбыстардың астын сызыңдар.


Үлгі: Мен кеше Сәрсенмен таныстым.

Керекті сөздер: мен таныстым, ол айтты, біз сөйлестік, оның ермегі.


5 - тапсырма. Диалогты оқып, өзара сөйлесіңдер.

- Сәлеметсің бе!

- Сәлеметсің бе!

- Сенің атың кім?

- Менің атым - ... .

- Ал сенің атың ше?

- Менің атым - ... .

- Сен қай мектепке оқисың?

- Мен ... мектепке оқимын.

- Қай сыныпта оқисың?

- 5 сыныпта оқимын.

- Сыныпта неше оқушы бар?

- Сыныпта ... оқушы бар.

- Бүгін сендерде қазақ тілі нешінші сабақ?

- Бізде қазақ тілі ... сабақ.

- Сен кіммен отырасың?

- Мен ... отырамын.

- Мен сенімен танысқаныма өте қуаныштымын!


Ана тілім – қанатым

Сөздік


әнім – моя пеня арым – моя честь

демім – мое дыхание мұра – наследие

жаным – моя душа шам – свет


1 – тапсырма. Мәтінді оқыңдар, аударыңдар. Мәтіннен 7 жуан, 7 жіңішке айтылған сөздерді теріп жазыңдар.


Біздің елімізде қазақтар, орыстар, немістер, ұйғырлар, татарлар тұрады. Немістің ана тілі – неміс тілі, ұйғырдың ана тілі – ұйғыр тілі. Кейбір адамдар бірнеше тіл біледі. Ол – дұрыс. Бірақ ана тілімізді қалған тілдің бәрінен жақсы білуге тиіспіз. «Өзгі тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» деген белгілі ақын Қадыр Мырза Әли.


2- тапсырма. Берілген сөздермен сөйлемдер құрастырып жазыңдар.


Ел, қазақ, ана тілі, адам, мұра, білемін, үйренемін.


3- тапсырма. Сұрақтың орнына тиісті сөзді жазыңдар.


1. (Кім?) ауылға бардым. уақыт

2. (Кімдер?) ауылда тұрады. балалар

3. (Не?) маған ұнайды. мен

4. (Кімдер?) сабақта қазақша сөйлейді . атам, әжем

5. (Не?) қызықты өтеді. ауыл


4 – тапсырма. Мақалдарды оқып, мағынасын түсіндіріңдер.


Мақалдар

Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді.

Өнер алды – қызыл тіл.



Ана тілі – дана тіл

Сөздік


ана тілі – родной язык

дана тіл – мудрый язык

ата – баба – предки

өзге – другие


Мен Қазақстанда тұрамын. Мен қазақпын. Ана тілім – қазақ тілі. Менің досым бар. Ол орыс. Оның ана тілі – орыс тілі.

Әр адам өз ана тілін білуі керек. Мен ана тілімді құрметтеймін. Ана тілім – ата-бабамның тілі. Ана тілі – дана тіл.

Өзге тілдерді үйрену үшін адам өз ана тілін жақсы білуі қажет. Мен ана тілімді жақсы білемін.


  1. тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға толық жауап беріңдер.


  1. Сен қайда тұрасың?

  2. Сенің ұлтың қандай?

  3. Сенің ана тілің қандай тіл?

  4. Ана тілі қандай тіл?


  1. тапсырма. Оқып өзара сөйлесіңдер.

  • Менің ұлтым – қазақ.

  • Сенің ұлтың қандай?

  • Менің ұлттым - ... .

  • Менің ана тілім – қазақ тілі.

  • Сенің ана тілің қандай?

  • Менің ана тілім – ... .

  • Мен ана тіліммен басқа орыс, ағылшын тілдерін білемін. Ал сен ше?

  • Мен ... тілдерін білемін.


  1. тапсырма. Көшіріп жазыңдар. Мәтінді жалғастырыңдар.


Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. Бұл – көпұлтты мемлекет. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.


  1. тапсырма. Жуан дауысты дыбыстары бар сөздерді бір бағанға, жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздерді екінші бағанға жазыңдар.


Білім, ұстаз, мектеп, оқушы, балалар, оқулық, күнделік, дәптер, үстел, қағаз, парақ, сурет, сызғыш, өшіргіш, қалам, баға, сегіз, қоңырау, тақта, кең, бос.



Тіл туралы мақал–мәтелдер


hello_html_m6d8b32b0.jpghello_html_501833b2.jpghello_html_2f0ff23f.jpg

Сөздік

халық даналығы - народная мудрость

көрген-білгені - все, что увидел

сынайды - критикует

өнер мен білім - искусство и знание


Мақал-мәтелдер – халық даналығының бір көрінісі. Онда аз сөзбен көп мағына беріледі. Мақал-мәтелдер жақсы адам болып шығудың ережесі секілді.

Мақал-мәтелдердің көлемі қысқа болады. Олар шағын өлеңдер секілді. Мақал-мәтелдер ойда тез және жеңіл сақталады.


  1. тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер:

1. Мақал-мәтелдер дегеніміз не?

2. Мақал-мәтелдер нені сынайды?

3. Мақал-мәтелдердің тақырыптары қандай?


  1. тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлемдер құрастырыңдар.


Халық даналығы, көп мағына, жақсылық, тәрбиелейді, жамандық, жалқаулық, өнер-білім, адамгершілік.


  1. тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесіңдер.


- Мақал-мәтелдер адамды неге тәрбиелейді?

- Мақал-мәтелдер адамды жақсылыққа тәрбиелейді.

- Мақал-мәтелдердің көлемі қандай?

- Мақал-мәтелдердің көлемі қысқа.

- Мақал-мәтелдер қалай айтылады?

- Мақал-мәтелдер тез және жеңіл айтылады.

- Мақал-мәтелдердің тақырыптары қандай?

- Мақал-мәтелдердің тақырыптары: өнер-білім, адамгершілік, жақсы мен жаман, достық, Отан туралы т.б.



Ана тілім – әнім

Сөздік


ар – совесть

тағдыр – судьба

қасиет – достоинство мақтаныш – гордость

заман – эпоха

құдіретті – всемогущий

әлдилеу – баюкать

қалыптасу – сформироваться

тырысу – стараться

баға жетпес – неоценимое


1 – тапсырма. Өлеңді түсініп, жаттап алыңдар.


Ана тілім – әнім

Ана тілім – менің Жанымнан да қымбат

Әлдилеген әнім. Ана тілім маған.

Ана тілім – демім, Ана сөзін тыңдап,

Ана тілім – жаным Үлгі-өнеге алам.

Ана тілім – анам,

Аппақ қардай арым.

Мұра еткен бабам

Жарқыраған шамым

(Қ. Қайымов)


2 – тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңдар. Мәтіннен тақырыпты ашатын тірек сөздерді теріп жазыңдар.

Ана тілі

Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамда ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Тіл байлығы – сөздік қор – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға қалып отыратын баға жетпес мұра.


3 – тапсырма. Өлеңдерді оқып шығып, жаттап алыңдар. «Ана тілі» тақырыбы бойынша өлеңдер сайысын өткізіңдер.


  1. Ана тілің – арың бұл, 2. Ана тілін білмеген –

Ұятың боп тұр бетте. Ақылы жоқ желікбас.

Өзге тілдің бәрін біл, - Ана тілін сүймеген –

Өз тіліңді құрметте! Халқын сүйіп жарытпас

(Қ. Мырзалиев) (Б. Сарноғаев)



6 – тапсырма. Үлгі бойынша 5 – тапсырмадағы қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына қарай талдаңдар.


Үлгі : тілің – тіл – түбір, -ің – тәуелдік жалғау, II жақ, жекеше түр.



Анамның тілі – аяулы үні

Сөздік


өмірге келдім – появился на свет

арайлы таңым – нежная заря

самалдай желпіп – веять легким ветерком

жырымен ертіп – согревая песней

үйретті тынбай – учила без устали

айбыным – мое величие


  1. тапсырма. Өлеңді әнімен айтыңдар.

Әнін жазған Ә. Тінәлиев

Сөзін жазған Ш. Смаханұлы

hello_html_57ed6d15.jpgАнамның тілі – аяулы үні


Өмірге келдім,

Анамды көрдім,

Деді ол: «Жаным,

Арайлы таңым».

Самал боп желпіп,

Жырымен ертіп,

Үйретті тынбай

Бал тілін маған.


Қайырмасы:

Анамның тілі – айбыным менің,

Анамның тілі – ай-күнім менің.

Сүйемін байтақ елімді туған,

Сүйемін мәңгі өмірді думан.


2- тапсырма. «Анамның тілі, аяулы үні» өлеңінен кімді? кімнің? кіммен? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді тауып жазыңдар.


3- тапсырма. Оқыңдар, өзара сөйлесіңдер.


- Сен қандай мектепте оқисың?

- Мен орыс мектебінде оқимын.

- Сенің ана тілің қай тіл?

- Менің ана тілім – қазақ тілі.

- Сен ана тіліңді білесің бе?

- Иә, мен ана тілімді білемін.

- Сен ана тіліңді кімнен үйрендің?

- Мен ана тілімді атамнан, әжемнен, әкемнен, шешемнен үйрендім.

- Сен қазақ тіліңде кітап оқисың ба?

- Иә, менің жақсы көретін кітабым – «Қазақ ертегілері». Оны маған атам сыйлаған.


Менің тілім

Cөздік


біреу-ақ – только один неге олай – почему так

көп көру үшін – чтобы много видеть істеу үшін – делать

аз сөйлеу үшін – чтобы мало(меньше)

говорить

hello_html_m3847f66b.jpghello_html_m63d9c8e2.jpg


Кішкентай Әсия әжесінен:

- Әже, менің көзім екеу, құлағым да екеу, екі қол, екі аяғым бар, ал тілім біреу-ақ, неге олай?- деп сұрады. Әжесі оған:

- Көздің екеу болғаны, көп көру үшін; құлақтың екеу болғаны, жақсы есту үшін; қолдың екеу болғаны, жұмысты жақсы істеу үшін; аяқтың екеу болғаны, көп жүру үшін. Ал тілдің біреу болғаны, аз сөйлеу үшін,- деді.


1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.


1. Көз не үшін керек?

2. Құлақ не үшін керек?

3. Қол не үшін керек?

4. Аяқ не үшін керек?

5. Тіл не үшін керек?


2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауын жалғаңдар.


Ү л г і: қарындаш+ым

1. Менің қарындаш ... үстелде жатыр. 2. Сенің қалам ... менде. 3.Оның дәптер ... партада жатыр. 4. Сендердің кітаптар ... сумкада. 5. Олардың бөлме ... әдемі және үлкен. 6.Сіздің немере... неше жаста?

5. Қазақ тіліне жазбаша аударыңдар.


3-тапсырма. Қазақ тіліне жазбаша аударыңдар.


1. Это твоя ручка. 2. Это его ручка. 3. Это моя книга. 4. Это твоя книга. 5. Это ваш дом. 6. Это ваша ручка.



Қорытынды сабақ


  1. тапсырма. Тест тапсырмаларын орындаңдар.


  1. Дұрыс жазылған сөйлемді анықта.

а) бүгін болады қазақ тілі сабағы.

ә) болады бүгін тілі сабағы қазақ.

б) бүгін қазақ тілі сабағы болады.

в) қазақ тілі болады бүгін сабағы.

2. Қырғыздың ана тілі қандай тіл?

а) қазақ тілі

ә) қырғыз тілі

б) қытай тілі

в) ұйғыр тілі

3. Сабақта сендер не істейсіңдер?

а) тамақ ішеміз

ә) би билейміз

б) кітап жазамыз

в) кітап оқимыз

4. Сөйлемді жалғастырыңдар.

Мен қазақ тілін ..... .

а) барамын

ә) үйренемін

б) оянамын

в) келімін

5. Сөйлемді дұрыс аударыңдар.

Оқушы тақтаға сөйлем жазды.

а) ученик вытер доску

ә) ученик у доски читает стихотворение

б) ученик на доске пишет мелом

в) ученик на доске написал предложение.


  1. тапсырма. Тиісті әріптерді қойып жазыңдар.


1. Оқушылар с...баққа барды. 2. Мұғалім кү...делікке баға қойды. 3.Айнұр кітап оқыды. 4. Бір оқушы ...ақтаға шықты. 5. Бүг...н бес сабақ болады. 6. Айбота сөй...ем құрастырды. Сөйлем тіл туралы болды.


  1. тапсырма. Мәтінді жалғастырыңдар.


Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. Бұл – көпұлтты мемлекет. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.













Пайдаланған әдебиет:



  1. Бектуров Ш., Бектурова А. Қазақ тілі. Алматы: «Атамұра», 2004 ж.

2. Қосымова Г. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі. Алматы: «Атамұра», 2005 ж.

3. Доспанова Ж. Практикалық қазақ тілі. Алматы, 2005 ж.

4. Тлеулесова А. Адамгершілік баспалдағы. Оқу-әдістемелік нұсқау. Павлодар, 2006 ж.

5. Қазақша-орысша сөздік. 1-том. Алматы: «Арыс», 2007 ж.

6. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы. № 5, 2011ж.

7. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы. № 9, 2011ж.







170


Автор
Дата добавления 29.04.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров798
Номер материала ДБ-060217
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх