Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / 6 сыныпқа арналған сабақ. Тақырыбы: "Есімдік"

6 сыныпқа арналған сабақ. Тақырыбы: "Есімдік"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Аты - жөні : Есекенова Ләззат Ермекқалиқызы

БҚО, Казталов ауданы.Қараоба ауылы.Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп- гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.



Сабақтың тақырыбы : Есімдік. Жіктеу есімдігі.

Сабақтың мақсаты :

Білімділігі : Есімдік туралы жалпы түсінік қалыптастыра ,жіктеу есімдігінің анықтамасы, тұлғалық ерекшелігі жағынан білім беру.

Дамытушылығы : оқушылардың оқу әрекетімен шұғылдану арқылы теориялық ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушылардың сөздерді қолдану ерекшеліктерін байқау арқылы сөз құдіретін түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, көрнекілік, талдау, ізденушілік, топпен жұмыс.

Көрнекілігі : тірек -сызба, слайдтар,дидактикалық материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.

Сабақ барысы : Ұйымдастыру кезеңі

А)Оқушылармен сәлемдесу

Ә) Сабаққа керекті құрал жабдықтарын түгендеу.

Б)Сабаққа қатысуын қадағалау.

Жаңа сабаққа кіріспе:

« Кім жылдам ?» ойыны. Тақтада берілген суреттердің өздеріне ұнайтындарын таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру. Суреттерді жылжытқанда ЕСІМДІК деген сөз шығады.

Жаңа сабақ: Сабақтың тақырыбын, мақсатын таныстыру.

Тақтадағы мысалдарға оқушы назарын аудару.

Алтыншы сынып оқушылары мектеп мақтаныштары. Олар қоғамдық жұмыстарда ылғи алда жүреді. Мен осы сыныпта оқығанымды мақтан етемін.

Айнагүл қызыл түсті ұнатады. Анасы оған осы түстен көйлек тігіп берді.

Тақтада қарамен берілген сөздер есімдіктер.

Енді ойланып көрейікші есімдік қандай сөз табы екен? Оқушылар жауабы тыңдалады. Оқулықтарын аштырып, ережелерді оқыту арқылы, өздері берген жауап нұсқаларымен салыстыру. Тақтадағы сызба- кесте арқылы есімдіктің мағыналық түрлері туралы, жіктеу есімдігінің тұлғалық ерекшелігі жөнінде түсінік беру.

Сергіту сәті. Кім зерек? І.Жасүгіровтің «Ана тілім» өлеңін жатқа бір оқушы оқиды,қалғандары кездескен есімдіктерді теріп алып отырады.

Топпен жұмыс.

1-топ «Білімпаздар» 165-жаттығуды орындату.Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойып,көшіріп жазыңдар.

2-топ «Жазушылар» Есімдіктерді қатыстыра отырып, «Біздің сынып қызықтары»тақырыбында шағын әңгіме жазу.

3-топ «Тілшілер» Есімдіктерді тауып, сатылай кешенді талдау жасаңыздар.

Біз өз тарихымызды өзгелер тұрмақ өзімізге де толық таныта алмай келе жатқан халықпыз.

Зерттемесек,жазбасақ, жарияламасақ, кім не деп таниды?

Н.Ә.Назарбаев.

Бекіту .

Мәтінмен жұмыс жүргізу. Берілген мәтіннен есімдіктерді тауып, мағыналық түрлерін, түрлену жолын түсіндіріп беріңдер.

Талғат Айтбайұлының Қайратқа жазған хаты слайдтан көрсетіледі. «Еменнің иір бұтағы»кітабынан 31-бет.

Қорытынды:Міне оқушылар, сабағымызды қорытындылай келе бүгінгі жаңа сабағымыз арқылы өмірлеріңізге азық болар мәліметтерді ала білдіңіздер. Сабағымызды желтоқсан боздақтарының хатымен аяқтауымыз да тегін емес.Көп кешікпей Тәуелсіздік мейрамын тойлаймыз. Аға апаларымыз сыйлап кеткен құндылығымыз - Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болып , сіздер секілді білімді ұрпақтарымыз көбейе берсін. Сіздердің бүгінгі алған бағаларыңыз Тәуелсіздік мейрамына тартуларыңыз деп білемін.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма : 167, 173-жаттығулар.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 15.10.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров270
Номер материала ДВ-064610
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх