Инфоурок Другое Другие методич. материалы5 сыныпқа арналған сабақ жоспар "«Қызға нәзіктік, ұлға батылдық»"

5 сыныпқа арналған сабақ жоспар "«Қызға нәзіктік, ұлға батылдық»"

Скачать материал

 

 
 Мектеп: Ильинка орта мектебі
Пән: Өзін өзі тану
Сынып:
5
Пән мұғалімі: Қаппас Н.И.
Күні ...........                                 

Тақырыбы:  «Қызға нәзіктік, ұлға батылдық»

Білімділік мақсаты:  Оқушыларға  адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір  заңдылықтарын білуге үйрету.

Дамытушылық мақсаты: Адамгершілік қасиеттерге  бағыттай отырып, оқушының  рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу.

Тәрбиелік мақсаты: Алған білімдерін пайдаға асырып өздігінен әрекет ете алатын, алған білімдерін өмірлік жағдайға қолдана білетін жалпы азаматтық, ұлттық құндылықтарды қатар меңгерген өзіндік көзқарасы бар, отанын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Слайд «Қызға нәзіктік, ұлға батылдық», бейнематериалдар, плакаттар және т.б.

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Тыныс алуға зейін қою.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…,арқамызды тіктейміз…, қолдарыңды тізеге қоюға болады… Д е м   а л….. ш ы ғ а р… (жаймен 9-10 рет) немесе 1………………2

ІІІ. Тренинг.  Берілген қағазға топтастыру стратегиясын пайдалана отырып, адамның жақсы және жаман қасиеттерін жазыңыз

Топтастыру стратегиясы

               

 

 

 

 

 

 

 

 


І топ.                                                                ІІ топ  

 

   

  Балалар, қазақта мынадай тілек  бар екен.  Қыздарың ибалы, инабатты болсын, ұлың иманды, жүректі болсын, адамгаршілігі мол болсын, қайырымды болсын!  Адам бойында жақсылық пен жамандық, имандылық пен имансыздық қатар жүреді. Енді осы жаман қасиеттерден мүлде аулақ болу үшін  жаман қасиеттер жазылған парақтарды жыртып тастайық.

 

Бүгінгі тәрбие сағатымызда тек жақсы қасиеттерді сөз етіп, ұл мен қыздың тәрбиесіндегі адамгершілік, имандылық , нәзіктік, батылдық қағидаларына тоқталамыз.Ал, енді өз пікірлерімізді ортаға салайық.  (Балалар пікірі тыңдалады)

 

ІҮ. Жаңа ақпарат

 

Қыз балаларға табиғатынан нәзіктік пен ұяндық , ер балаларға – батылдық пен ұстамдылық тән.Осыны түсіне білсе, олар күнделікті өмірде бір-біріне көмектесуге дайын тұрады.

Ер балалар мен қыз балалар арасындағы достық өзара түсіністік, келісім және сыйластықтан басталады.

 

Ү. Ойланайық пікірлесейік.

 

                           Ұлдарға сұрақ:

1. Қыздың көркі деп нені түсінесің?  ( ең бірінші мінезі, әдептілігі, әрине 

                                                                  сыртқы келбеті)

2. Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді?   ( Гүл табиғаттың сәні, оны баптап, 

  бағып күтсең, әдемі, хош иісті болып өседі. Қыз бала да, солай кішкентай  

  кезінен бастап бағып, жақсы тәрбие беру керек. Отбасында берген тәрбие 

  қалай болса,өскенде солай қалыптасады.)

3. Қызға қандай қылық жараспайды?   (ерсі күлгені, дөрекі сөйлегені, 

                                                                         өтірік айтқаны)

4. Қыздарға арнап мақал айт

 

  ( Қыз өссе елдің көркі; Таудың көркі тас, Қыздың көркі шаш;  Қызға қырық жерден тыю; Анаға қарап қыз өсер)

 

5. Сендерге қыздардың қандай мінезі ұнайды? (қылықты , әдепті болса, 

                                                                                 сыпайы, биязы  болса  )

                          Қыздарға сұрақ:

 

1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды? ( бұзақылық, сотқарлық, қорқақтық)

2. Ұлдарға арнап мақал айт

 (Атадан жақсы ұл туса,

 Қар үстінде от жанар,

 Атадан жаман ұл туса,

 Ат үстінде ит қабар

 

Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді,

Жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді )

 

3. Саған ұлдардың қандай мінезі ұнайды? (салмақты, кішіпейіл, 

     адамгершілігі мол),

4. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің?

    ( Отан үшін отқа түс, күймейсің дегендей, ұл бала еліне отанына қызмет 

    етуі тиіс.Ол  үшін тәртіпті, саналы, адамгершілі мол болуы керек деп  

    ойлаймын)

5. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің?

     (Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау)

 

Хор ( бәріміз бірге ән шырқайық)

 

Қазақ қызы.   Сөзі- И. Сапрбаевтікі

                            Әні- Р. Таймановтікі.

 

ҮІ.  Ситуациялық жағдаяттар.

 

1- топ

                

1 сұрақ.   Сіз автобуста отырсыз. Келесі аялдамадан  қарт  адам кірді. Бос 

                 орын жоқ. Не істер   едің?

2 сұрақ.    Көшеде  қарт  әже  құлап қалды. Сен не істер едің?

 

3 сұрақ.  Сіз мектепте біреудің сөмкесін тауып алдыңыз? Қандай әрекет 

                жасар едіңіз.

 

ІІ топ  

 

 1 сұрақ.   Сіз дүкенде кезекте тұрсыз. Сізден кейін егде тартқан қарт 

                  адам  келіп  тұрды. Қайтер едіңіз?

 

2 сұрақ.    Сыныптас екі құрбың театрда отырып, қатты күліп, дөрекі сөйлеп,  

                  басқалардың көңілін өздеріне аударып отыр. Құрбыларыңа не 

                  айтар едің?

 

3 сұрақ.    Көшеде, мектепте, үйде таныс адамдармен кездескенде не істеу 

                  керек?

ҮІІ. «Жалғастыр» ойыны

Енді, балалар, біраз сергіп алайық.

 

Не істеуге болмайды?

 Не істеу керек?

 Не істер едім?

Үлкендердің алдын кесіп өтуге болмайды

Үлкендерді сыйлап, амандасып жүру керек.

Адамдарға қамқор болар едім.

Сабақтан кешігуге болмайды

Кішілерге қамқор болу керек

Туған жерімді көркейтер едім.

Сыныпта жүгіруге, кішілерге тиісуге болмайды

Сабақты жақсы оқу керек

Өз Отанымның мақтанышы, қорғаны болар едім.

Үлкен кісілердің сөзін бөлуге болмайды

Тәртіпті болу керек

Иманды ұл.

Тәртіпсіз болуға болмайды

Әдептілік қағидаларын сақтау керек

Инабатты қыз болар едім.

 

ҮІІІ. Қорытынды

Сонымен балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздан не түйдік?

 Бүгін біз нәзіктік, батылдық , адамгершілік, имандылық туралы мағлұмат алдық. Сіздер қай жерде болсаңдар да әдепті, тәртіпті, батыл, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа  баурап жүрулеріңіз керек. Өмір сіздерден осыны талап етеді.

Сонымен,  иманды ұл мен инабатты  қыздың бойында  қандай  қасиеттер  болу керек?

 

                                          

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "5 сыныпқа арналған сабақ жоспар "«Қызға нәзіктік, ұлға батылдық»""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Интернет-маркетолог

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 196 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.02.2016 1235
    • DOCX 57.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каппас Нурдаулет Ибрагимулы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Каппас Нурдаулет Ибрагимулы
    Каппас Нурдаулет Ибрагимулы
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 6863
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой