Инфоурок Биология Конспекты7 сыныпқа арналған сабақ жоспары "Өрмекшітәріздестер класы"

7 сыныпқа арналған сабақ жоспары "Өрмекшітәріздестер класы"

Скачать материал

Сабақ № 28

Сынып 7 "А"

Күні: 12.12

Сабақтың тақырыбы: Өрмекшітәріздестер класы

Сабақтың мақсаты:  өрмекшітәріздестер класы, өрмекшітәріздестерге жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері туралы мағлұмат алады,  өрмекшілердің сыртқы құрылысы мен тіршілік ортасын, тіршілік ету дағдысы және мінез – құлықтарын ажырата біледі.
Сабақтың міндеттері:

Білімділік: оқушылар өз бетінше ойланады, проблемалардың шешімін табу құзіреттілігі дамиды, мәтінге талдау жасауды үйренеді, белсенді тыңдайды, сұрақ қоюға дағдыланады, ауызекі сөйлеу дағдылары қалыптасады
Дамытушылық: тапсырмалар арқылы танымдық іс - әрекеттерін дамыту.
Тәрбиелік: байқағыштыққа және еңбек ету мәдениетіне тәрбиелеу
.

Сабақтың типі: ашық сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: жеке жұмыс, жұппен жұмыс, топтық жұмыс
Құрал - жабдықтар: интерактивті тақта, слайд, плакаттар т.б.;
Пәнаралық байланыс: биология, тарих, математика, ағылшын, орыс тілі, қазақ тілі пәндерінің өзара байланысын ашу
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгендеу.     1 мин

2.Оқушыларды тақырыптық суреттер арқылы топқа бөлу.         2 мин
3. Үй тапсырмасын тексеру:
Тест жұмысы (жұптық бағалау)  5 мин

4 . Жаңа сабақ
II. Ой қозғау. (3 мин)

 Балалар, мына фотосуретке мұқият қараңыздар. Не көріп тұрсыздар? интерактивті тақта
(Жауаптар көп. Бірақ қажеттісі – өрмек)

Сабақтың эпиграфы:

«Табиғатта қызықтырған біздерді -
Ұшқан ара, шегірткенің шырылы,
Өрмекшінің шебер тіккен өрмегі,
Құрт, айналған көбелекке әдемі.»
(Фо - Гель - Дзё)

Өрмекшіні әдемі жәндік деп айтуға бола ма? Неліктен? Өрмекшіні көргенде сіздерде қандай ассоциациялар қалыптасады? (қорқынышты, сүйкімсіз, улы және т. б.) (тақтадағы жазба)
Неліктен адамдарда өрмекшілер жайында мұндай түсініктер қалыптасқан?
Әрқайсыңызға өрмекші қандай жамандық көрсетті? Қолдарыңызды көтеріңіздер.
Өрмекші жайында не білгілеріңіз келеді?
Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Өрмекшітәріздестер класы» (тақтаға жазылады)

Арахна жайындағы аңыз
Ежелгі грек аңыздарының бірі не дейтінін тыңдаңыздар.
Баяғы өткен заманда Лидияда Идмана бояушының Арахна атты қызы өмір сүріпті. Оның әдемі өрнек салып мата және кілем тоқу өнеріне ешкім де тең келмепті, сонысымен әлемге әйгілі болыпты. Шеберлігіне масаттанған Арахна өзін құдайға теңеп, күнге балапты.
Әй, Паллада, …
Мен болжаймын және болжамым таяу арада орындалады,
Мен әлемде болмаған кілем тоқимын,
О, Афина сенің шеберлігің менің шеберлігімнің жанында түкке тұрмас,
Менің өнеріме тең келетін жерде де, көкте де ешкім жоқ,
Бұл өмірде тек бірақ шебер бар ол – Арахна!
Айтқанындай Арахна Афинаның кілеміне парапар келетін кілем тоқып шығыпты. Бірақ оның құдайларды сайысқа шақырған такаппарлығы, өркөкіректігі үшін, Афина оның шеберлігін мойындамай, Арахнаны жазалайды.
Қарғыс атсын сені, ғұмыр бойы өрмек тоқып өт,
Адамдар өмір бойы соңыңа түсіп қуатын, ұсқынсыз Арахна бол.
Бәрі сенен қорқып, сені мыжып өлтіріп, өрмегіңді үзетін болады.
Ал өзіңнің мақтан тұтатын шеберлігің өзіңмен мәңгілік қалсын:
Өмірің бұрышта отырып өрмек тоқумен өтеді.
Міне, осындай аңыз негізінде Арахна есімінен өрмекшілердің латынша атауы арахнида шыққан. Өрмекшілер жайындағы ғылым арахнология деп аталады.

Арахнология - өрмекшілерді зерттейтін ғылым.   тақтаға жазылады
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – өрмекшітәріздестердің ішкі және сыртқы құрылысымен, олардың тіршілігіндегі ерекшеліктерімен, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызымен танысу.
Өрмекшітәріздестер буынаяқтылар типіне жатады. Осы типтің негізгі ерекшеліктерін еске түсірейік.
III. Топтық жұмыс.  

Өрмекшітәріздестердің ішкі және сыртқы құрылысына байланысты тапсырмалар таратылады.

Оқушылардың топтағы жұмыс істеу алгоритмі.  20 мин
1 топ
: шаршылы өрмекші мысалында өрмекшілердің сыртқы құрылысына байланысты жұмыс жасайды.
2 топ: өрмекшінің өрмек тоқуымен танысады.
3 топ: өрмекшілердің ішкі құрылысымен танысады.

1. Әр оқушы мәтінді оқып шығады.
2. Барлық оқушылар таблица түрінде тірек конспектілерін құрады, терминдерді жазады, тақырыптың маңызды түсініктерін дәптерге түсіреді, салыстырмалы таблицамен жұмыс жүргізеді. Тапсырманы орындауға 10 минут уақыт беріледі.
3. Әр топтан бір оқушы өздерінің   тақта алдында қорғайды.  10 мин

Бірінші топқа арналған тапсырма.

Өрмекшітәріздестер класы (Arachnida) — жануарлардың өте ежелгі топтарының бірі: олардың қазіргі кескіні өте ертеде, динозаврлар дәуірінде, жүздеген миллион жыл бұрын қалыптасқан. Қазіргі ғылымда 70 мыңан астам түрі белгілі және осыншасы, тіпті одан да көбі әлі белгісіз.
Негізінен өрмекшітәріздестер құрлықта тіршілік етеді, суда тіршілік ететін түрлері де кездеседі. Мысалы су өрмекшісі. Барлық буынаяқтылар тәрізді өрмекшітәріздестерде де сырты қаңқасы бар. Өрмекшітәріздестердің сегіз жүретін аяғы бар. Басқа жәндіктерден айырмашылығы өрмекшітәріздестерде мұртшалары да, қанаттары да болмайды. Денесінің алдыңғы бөлігі бас пен көкіректің тұтасуынан түзілгендіктен, баскөкірек бөлігі деп аталады. Бұл бөлікте: көз, аяқтары, жақаяқтары: хелицералар мен педипальпалар орналасқан. Үстіңгі жағынан берік қалқаншамен қапталып, ішінде ми орналасады. Денесінің артқы бөлігі құрсақ деп аталады. Оның ішінде тек асқорыту мүшелері ғана орналаспайды, сонымен қатар жүрек, тыныс алу және көбею мүшелері және т. б. орналасады. Денесі сыртқы қаңқамен қапталған және екі бөліктен тұрады: баскөкірек және құрсақ бөліктері. Баскөкірек бөлігінің алдыңғы жағында қарапайым көздер бар, олардың орналасуы жүйелік топтың маңызды ерекшелігі болып табылады. Көпшілік өрмекшілерде төтр жұп көздері бар. Баскөкірек бөлігінде алты жұп аяқ бар. Бастың алдыңғы жағында жаққа ұқсас төмен қарай бағытталған екі аяғы хелицералары орналасқан, әрқайсысы өткір тырнақпен аяқталады. Оған осы аяқтарда орналасқан улы бездердің өзектері ашылады. Екінші жұп – педипальптар, бұлар сипап - сезу және қармалау қызметтерін атқарады. Көбеюге қабілетті ересек аталықтарда олардың ұштарының түрі өзгерген және жұптасуға қолданылады. Педипальптардың түп жағында ауызқуысы орналасады. Басқа жәндіктерден айырмашылығы жүретін аяғы үш жұп емес, төрт жұп. Әр аяқтың соңғы буынында кем дегенде екі тырнақтары болады, кейбір түрлерінде одан да көп. Өрмек бездері құрсақ бөлігінің төменгі жағында орналасады. Оның алдында тыныс алу саңлаулары - трахеялар орналасады.
1. Өрмекшітәріздестер құрылысының сызбанұсқасын құр.
2. Құрылысындағы қандай ерекшеліктер өрмекшітәріздестердің бүкіл жер шарына таралуана мүмкіндік туғызды?
1) Күшті жақтарының болуы. 
2) Улы бездердің болуы. 
3) Өрмек сүйелдерінің болуы, 
4) Хитин жамылғысының болуы. Жауаптарыңды түсіндіріңдер.


Екінші топқа арналған тапсырма.

Өрмекшілер өрмекті қалай тоқиды.
Мүмкін өрмекшілер – қызығатын жәндіктер емес шығар, бірақ олардың туындылары – өрмек – таңқалдырмай қоймайды. Естеріңе түсіріңдерші ағаш бұтақтарының арасыда немесе биік өсімдіктердің арасында күн көзіне шағылысқан, геометриялық дәлдікпен тоқылған жіңішке жіпшелер көздің жауын алады.
Өрмекшілер – құрлыққы 200 миллион жыл бұрын қоныстанған, жершарының ежелден келе жатқан тіршілік иелері. Олардың ең басты ерекшелігі – олардың өрмек жібегін өндіруге қабілеттілігі.
Өрмек, өрмек бездерінен бөлінетін, жіңішке жіпше болып созылуға қабілетті, ауада тез қататын сұйық түзіліс. Өрмек құрылысы жағынан жібек құртының жібегіне жақын. Негізгі құрамы суда ерімейтін, өте берік фибрионнан тұрады.
Өрмекші өзінің өрмегін әртүрлі мақсатта қолданады. Олар өрмектен жұмыртқаларына пілде жасайды, қыстап шығу үшін баспана жасайды, секіру кезінде «сақтандыру жібі» ретінде қолданады, жемтігін ұстау үшін түрлі аулар тоқып, ұсталған жемтігін орап тастайды. Жұптасуға дайын аналық феромонмен белгіленген өрмек жібін шығарады, осының арқасында аталық осы жіппен қозғалып аналық жұбын дәл табады. Кейбір түрлердің жас өрмекшілері аналық ұядан жел арқылы ұзын жіппен ұшып кетеді.
Өрмек жібегі өрмекшінің құрсағының артқы жағында орналасқан ерекше бездерден шығарылады. Әдетте өрмекшіде бірден төрт жұпқа дейін бездер болады. Өрмек тоқу оңай жұмыс емес, жемтігін ұстайтын ауды құру үшін жарты сағаттай уақыт кетеді.
Өрмек өрмекші денесінің артқы бөлігінде жасалады. Артқы аяқтарымен арнайы мүшеден шығарылған жіпті тартады. Өрмек бетіндегі жабысқақ тамшылар шын мәнінде осындай жіпшелердің оралымы. Керек кезінде олар тарқатылып өрмек оңай созылады.
Өрмек жібегінің құрылымы жүздеген миллион жыл эволюция барысында мінсіз қалыптасқан. Бұл табиғи материал өзінде екі қасиетті үйлестіреді – беріктік және созылмалылық. Өрмектен тоқылған ау барлық жылдамдықта ұшып келе жатқан жәндікті тоқтатуға қабілетті. Өрмекшілердің жемтігін ұстайтын ауын тоқитын жіп адам шашынан жіңішке, ал беріктігі жағынан құрыштан бір саты жоғары. Егер өрмек жібін, сондай жіңішкеліктегі құрыштан жасалған сыммен салыстырсақ екеуі бірдей салмақ көтереді. Бірақ өрмек жібі алты есе жеңіл, яғни алты есе берік.
Адамзат табиғаттан көп нәрсені көшіріп алды, бірақ өрмек тоқу сияқты күрделі үрдісті қайталау әлі күнге дейін мүмкін болмай келеді..
Шаршылы өрмекші өзінің дөңгелек пішінді ұстайтын ауын тоқу үшін біршама ұзын берік жіпті шығарады. Жел немесе ауаның ағымы жіпті жоғары көтереді, егер өрмек тоқитын жер сәтті таңдалса онда жіптің бір ұшы жақын тұрған өсімдік сабағына ілінеді. Өрмекші осы жіп арқылы жүріп өтіп екінші ұшын бекітеді, кейде беріктік үшін қабаттап екінші жіп тартады. Содан кейін ол салбыраған жіпті шығарады, оның орта шеніне «Y» әрпінің формасына келетіндей етіп үшінші жіпті бекітеді. Радиалды жіптері және рамасы дайын болғанда, өрмекші орталыққа оралып, уақытша қосалқы оралманы (спираль) жүргізеді. Қосалқы оралма конструкцияны бекітеді және өрмекшіге аулау оралмасын құрастыру үшін жол болып табылады. Барлық негізгі каркас, радиустарын қосқанда жабысқақ емес жіптен жасалады, ал аулау оралмасын жасауға сырты жабысқақ затпен қапталған қос қабатты жіп пайдаланылады.
• Өрмекші көлденең жіптен тігінен төмен қарай түседі де ұшын бұтаққа бекітеді.
• Раманың центрінде радиус - жіпшелерді біріктіре отырып, каркас құрастырады.
• Центрдан шетке қарай жылжи отырып, радиустарға жалпақ оралма салады
• Шеттен центрге қайта оралып, ол тағы бір, енді жабысқақ жіптен, спираль салады.
Бұл өрмекке түскен жемтік өздігінен босап шыға алмайды. Өрмек жабысқақ, созылмалы және өте берік. Өрмекші үшін бұл жемтігін аулайтын ау ғана емес, оның денесінің жалғасы тәрізді. Ол кез келген тірі жәндіктің дірілін сезеді, және кідіріссіз оған шабуыл жасайды.

3 топқа тапсырма

Өрмекшінің ішкі құрылысы

Шаршылы өрмекші белгілі шебер, оның аңшылық өрмегі дөңгелек пішінді, өте берік жіптен тоқылған. Осындай кішкене шебердің өрнекті тоқуы таңқалдырады. Өзі өрмектің тең ортасында отырады, немесе өрмектің шетінде аңдуда отырады. Аяқтары хабарлаушы жіппен байлнысқан, қажет кезінде ауға түскен жәндіктер жайында хабар береді. Шаршылы өрмекшінің аяқтарында иіс сезу мүшесі орналасқан, ол ауға қандай жәндік түскенін анықтауға мүмкіндік береді. Өрмекші жай жіптермен жемтігіне жақындап олжаланған жәндігінің денесіне нәруызды ыдырататын бауыр мен сілекей сөліні енгізеді. Жемтігін өрмекпен орап, қалтарысқа апарып қорға жинап қояды. Егер аш болса сол жерде жейді, дәлірек айтқанда ол оның қоймалжың сұйықтыққа айналған ішкі құрылысын жұтқыншағымен сорып алады. Тамақтың денеден тысқары қоймалжың күйге ауысып қорытылуы астың ішектен тыс қорытылуы деп аталады. Тәбеті өте күшті, бір күнде өз салмағына тең қоректі жейді. Шаршылы өрмекші үнемі жемтік аулаумен болады, демалғанда да ауынан алыс кетпейді, бірақ хабар беретін жібі үнемі аяқғымен байланысқан.
Өрмекшілер өздерінің жемтіктерінен, көбінесе жәндіктерден, сорып алатын сұйық ұлпалармен қоректенеді. Өрмекшілердің асқорыту жүйесі арнайы сорғыш қарыннан, өсінділері бар қарыннан және ішектен, ас қорыту безінен («бауыр»), денесінің соңында ашылатын аналь тесігінен тұрады.
Қантарату жүйесі ашық. Ол жүректен, артериядан, венадан және түссіз қанмен (гемолимфамен) шайылатын мүшелер арасындағы кеңістіктен (синустардан) тұрады. Жүрек – ол тесіктері бар соғып тұратын түтікше, арқа бойымен созылып жатады. Басқа жәндіктермен салыстырғанда жүрегі камераларға бөлінбеген.
Өрмекшілер ауамен тыныс алады. Тынысалу мүшелері демтүтік мен өкпе қапшығы деп аталатын – өкпе. Әр осындай кітапша қапшықтан тұрады, қапшықтың бір қабырғасы жапрақша тәрізді кітап беттеріне ұқсас қатпарлардан тұрады. Мұнда қан мен ауа арасында газ алмасу жүреді. Сыртқа өкпе демтүтіктер арқылы ашылады. Анағұрлым қарапайым өрмекшілерді жұп өкпе кітапшасынан, ал дамуы сатысында жоғары тұрғандарда бүкіл денесіне таралған трахеялармен алмасқан.
Зәр шығару жүйесі құрсақ қуысындағы мальпигий түтікшелерінен тұрады, ұштары ішекке ашылады.
Жүйке жүйесі жәндіктерге ұқсас. Ол құрсақ тізбегінен тұрады, тізбектен әрбір мүшеге тармақталып кетеді, жүйке талшықтары жұтқыншақасты жүйке түйініне шоғырланады, жоғарғы жағынжа жұтқыншақ үсті жүйке түйіні «ми» орналасады. Педипальптарында және жүретін аяқтарында сезім талшықтары орналасқан.
Берілген сызбанұсқа бойынша өрмекшәтіріздестердің мүшелер жүйесін анықтаңдар.
Өрмекшілердің көбеюі мен дамуы.
Өрмекшілердің көбеюі өте күрделі, сонымен қатар ол қайғылы аяқталады, себебі көп жағдайда аталық өрмекші аналық өрмекшіні ұрықтандырғаннан кейін тіршілігін жояды. Аталық өрмекшілер әдетте аналық өрмекшілерден кіші болып келеді, сонымен қатар басқа да айырмашылықтары бар, мысалы: түсінің ашық болуы, алдыңғы аяқтарында аталық сперма сақталатын безшелерінің болуы. Ұрықтану процесі қарапайым, аталық безшелерінен бөлінетін спермамен аналық жұмыртқа жасушасын ұрықтандырады. Жиі болатын құбылыс, аналық ұрықтанғаннан кейін аталықты жеп қояды, кебір аталықтар қашып құтылады, кейбірі бағынады. Аналық өрмекшілер түріне қарай бірден бірнеше мыңдаған жұмырқаға дейін салады. Аналық жұмыртқаны өздері жасаған ожауға салады, сондан кейін оны өрмектен жасалған пілдеге орайды. Ішінде жұмыртқалар жұмсақ мамыққа орналастырылады, сыртынан жыртқыштардан сақтайтын қаттылау қабатпен қапталған. Ең соңында аналық пілдені өзінің денесіне бекітеді немесе бір қалтарыс жерге тығады. Жұмыртқадан шыққан жас өрмекшілерөте дәрменсіз, олар қорғана алмайды, өрмек тоқи алмайды, сондықтан алғашында аналық өрмекшінің қасынан шықпайды. Аналық өрмекшіден бөлек кетер кезде әр жас өрмекші бір өсімдікке бекініп өрмекпен төмен қарай салбырап түседі, алғашқы соққан желмен ауада ұшып, кейде бірнеше километрге дейін кетеді. Бір жерге қонғаннан кейін ол ыңғайлы орын тауып, өзінің өрмегін құрады. Тіршілік айналымы қайта басталады.
(Әр топтан бір оқушы шығып өз таныстырылымын тақтаға іліп, жаңа тақырып бойынша өз ойларын ортаға салады.

Басқа оқушылар әңгімелеу барысында кестелерін толтырады.
Барлық топ өз таныстырылымдарын қорғап болғанда оқушылардың дәптерлерінде өрмекшітәріздестерге байланысты кесте толтырылып болуы керек).
IV. Танымдық слайд: 5 мин
Сөздікпен жұмыс: Терминдерді үш тілде сөздікке жазып алу. 1 мин

Баскөкірек  - головогрудь  - cephalothorax

Құрсақ  - брюшко  - abdomen

Мальпигий тамырлары  - мальпигиевые сосуды  - malpighian tubule system

Өкпе қапшығы  -легочные мешочки  - lung succules

Демтүтік  - дыхальце  - respiration

Тұтқыаяқ  -  педипальпа - pedipalp

Күйісаяқ  - хелицера - chelicerae

V. Сабақты қорытындылау. 3 мин
1. Дұрыс жауаптарды таңдап өрмекшінің атауын тап.

1) өрмекшілердің денесі баскөкірек және бунақталмаған құрсақтан тұрады (Қ)
2) өрмекшілер суда еріген оттегімен тыныс алады (О)
3) өрмекшіде бірнеше жұп қарапайым көздер бар (А)
4) аулайтын өрмегін өрмекші жақаяқтарымен тоқиды (М)
5) өрмек өрмекшіге қорғаныш құралы, ұрпағын шағаратын және қорғайтын құрал қызметін атқара алады. (Р)
6) барлық өрмекшілер аудағы оттегімен тыныс алады (А)
7) ас қорыту өрмекшінің сорғыш қарынында жүзеге асады (Н)
8) өрмекшілерді 3 жұп аяқтары болады (В)
9) өрмекшітәріздестер – гермафродиттер (Е)
10) қантарату жүйесі – ашық (Қ)
11) өрмекшілерде 4 жұп жүретін аяқтары бар (Ұ)
12) зәр шығару жүйесі – мальпигий түтіктері (Р)
13) өрмекшілерде екі жұп мұртшалары бар (Н)
14) өрмекшілердің тыныс алу мүшелері – трахеялар мен өкпе (Т)

2. Есеп.
Өрмекшілер өте қомағай жәндіктер: бір өзінің салмағына тең қорек жейді. Олардың негізгі қорегі шыбын. Орманда әрбір гектарда 5000 - ға жуық өрмекші өмір сүреді. Егер әр өрмекші күніне екі шыбынан қорек етсе, онда күніне қанша шыбын жойылады? Қане, есептеп көрейік.

Шешуі: 5000 х 2 = 10 000 мух.
Ал егер өрмекшілер көп болса 25 000 - ға дейін шыбынды жоқ қылады. Сонда олар қанша пайда келтіретінін ойланып көрдіңдер ме? Себебі шыбын ол нағыз – апокалипсис! Өйткені ғалымдар оның денесінен 26 млн микробтар тапқан, ол микробтар адамдадарда туберкулез, сібір жарасы, іш сүзек, дизентерия ауруларын тудырады. Сонымен қатар шыбындар басқа да паразит құрттардың жұмыртқаларын тасымалдаушы болып табылады.
Жаз ыстық болса бір шыбын 9 ретке дейін ұрпақ береді. Күзге дейін бүкіл жер шарына шыбындар қоныстанар еді. Мұндай апаттан шыбынның бірінші жауы өрмекшілер құтқарады. Бұдан шығар қорытынды өрмекшілерді қорғау керек.

3. Синквейн құрастыру (бес жолды өлең)
Өрмекші                                                     зат есім
Қорқынышты, улы                                    сын есім
Тоқиды, аулайды, шағады                        етістік
Өрмекшілер – құрлық жыртқыштары.    сөйлем

Арахнида                                                    синоним

VI. Бекіту сұрағы: Балалар өрмекші туралы пікірлерің өзгерді ме? 1 мин

VII. Бағалау.  2 мин
4. Рефлексия. (екі жұлдыз бір тілек тәсілі) 1 мин
VIII. Үй тапсырмасы
: 1 мин

 § 46, сурет 119. Өрмекшітәріздестердің  сан алуандығы тақырыбына қосымша мәліметтер жинап келу.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "7 сыныпқа арналған сабақ жоспары "Өрмекшітәріздестер класы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Флорист

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 556 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.01.2016 3296
    • DOCX 30.2 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Курмангожинова Макпал Кумаргазыновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6281
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Анатомия и физиология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель анатомии и физиологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Курс повышения квалификации

Составление и использование педагогических тестов при обучении биологии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек

Курс повышения квалификации

Государственная итоговая аттестация как средство проверки и оценки компетенций учащихся по биологии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 273 человека

Мини-курс

Финансовый риск-менеджмент

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление стрессом и эмоциями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 73 человека

Мини-курс

Финансовое руководство: от планирования до успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек