Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / 6 сыныпқа арналған сабақ жоспары тақырыбы: "Бос уақытым"

6 сыныпқа арналған сабақ жоспары тақырыбы: "Бос уақытым"



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Бос уақытым.Жалаң және жайылма сөйлемдер.

Сынып: 6 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Бос уақытым.Жалаң және жайылма сөйлемдер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға лексикалық тақырып бойынша білімдерін кеңейту, грамматикалық тақырып жалаң және жайылма сөйлемдер туралы жалпы түсінік беру, жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыра алу, «Бос уақытым» тақырыбы бойынша әңгімелей білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін,тіл байлығын кеңейту, сауатты жазу қабілеттерін әрі қарай дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды ұйымдастырушылыққ, сабақта бір – бірінің пікірлерін тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты өздігінен меңгерту.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, сатылай кешенді талдау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелі парақтар.


Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі;

ІІ Үй тапсырмасын сұрау кезеңі;

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі;

ІҮ Жаңа сабақты бекіту кезеңі;

Ү Сабақты қорытындылау кезеңі;

ҮІ Үйге тапсырма беру кезеңі;

ҮІІ Бағалау кезеңі:

І Ұйымдастыру кезеңі. -Оқушылармен амандасу

- Сынып оқушыларын түгелдеу

- Оқушылардың сабаққа назарын аудару

- Сабақ бастауға жағдай жасау.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау кезеңі: Үй тапсырмасын сұрақ – жауап әдісі арқылы сұраймын.

Грамматикалық тақырып бойынша.Үйге берілген жалаң, жайылма сөйлемдер туралы оқу.

  1. Жалаң сөйлем дегеніміз не?

  2. Жайылма сөйлем дегеніміз не?

  3. Жалаң және жайылма сөйлемдердің айырмашылықтары қандай?

  4. Жалаң қандай сөйлем қандай мүшелерден тұрады?

  5. Жайылма сөйлем қандай мүшелерден тұрады?




ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі; «Бос уақытым» тақырыбы бойынша ой – қозғау:

Сұрақ –жауап әдәсі:

  1. Сенің бос уақытың бар ма?

  2. Сен бос уақытында не істейсің?

  3. Бос уақытынды қалай жоспарлайсың?

(Интерактивтік тақтамен жұмыс).Оқушылар шығып, сөйлемдерді тақтада талдайды.

Тақтаға сөйлемдер жазып,сөйлем мүшелеріне талдату арқылы түсіндіремін.

  • Сурет салдым. Кітап оқып отырмын.

  • Қандай ерекшелік байқадыңдар?

  • Екі сөйлемде тұрлаусыз мүше жоқ.

Тек қана тұрлаулы мүшелерден тұратын бірнеше мысалдарды оқушылардың өздеріне келтірту. Қорытындыны оқушылар айтып, жалаң сөйлемнің ережесін шығарады.

Оқушылар мынадай ережелер шығарады:

  1. Тек қана тұрлаулы мүшелерден тұратын жай сөйлем жалаң сөйлем деп аталады.

  2. Бастауыш пен баяндауыштан ғана тұратын жай сөйлем жалаң сөйлем деп аталады.

Оқушылар шығарған ережені оқулықтағы ережемен салыстыруы керек.

Берілген сөйлемдерге тұрлаусыз мүшелер қосуға болады.

Сурет салдым. Кітап оқып отырмын.

Мен әдемі сурет салдым.Мен кітап оқуды ұнатамын.

Екі сөйлемнің айырмашылығын ажыратады.

Оқушылар сөйлемді талдап, жайылма сөйлемнің ережесін айтады.

  1. Тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер қатысқан сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.

  2. Тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.

Мысалдардан көріп отырғандарыңдай, жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыруға болады екен. Жалаң сөйлемдерсіз жайылма сөйлем болмайтындығын көрдік.

Шығарылған ережені оқулықтағы ережемен салыстырып, оқушылардың ойларының дұрыстығына көздерін жеткіземін.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту кезеңі:

Бекіту тапсырмалары:

«Менің бос уақытым» тақырыпқа бірнеше сөйлем құрастыру.Әңгімеде жалаң, жайылма сөйлемдер болуы тиіс.

1. Оқулықпен жұмыс. 3-жаттығуды ауызша орындау.

4-жаттығуды жазбаша тақтаға орындау.






2. «Ойлан,тап?» үлестірмелі парақтар бойынша тапсырманы орындау.

  1. Берілген жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге , жайылма сөйлемді жалаң сөйлемге айналдыр.

Марат оқыды.Алма кітапханаға аптасында үш рет барады.

  1. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, сөйлемнің түрін ажырат.

Оқыған-..... ( білер)

Білімді-... жығар ( мыңды)

3. Семантикалық кестені толтыру: Үлестірмелі парақ:


Семантикалық кесте


р\с

Жай сөйлем түрлері

Жалаң сөйлем

Жайылма сөйлем

1

Маған сабақтан қалуға болмайды.


+

2

Сабақ аяқталды.

+


3

Мен келіп тұрмын.

+


4

Ойын ойнадым.

+


5

Бізге көбірек оқу керек.


+

6

Күн суытты.

+


7

Оқыған озады

+


8

Менің бұл сөзге қосылғым келмеді


+

9

Бейбарыс өмір бойы қыпшақ тілінде сөйлеген


+

10

Мен кітап көп оқимын.


+

  1. Шығармашылық жұмыс: Оқушылар өзінің бос уақытынды жоспарлайды.

  2. Рефлексия: Сұрақ –жауап:

  1. Сабақта не білдің?

  2. Сабақта не қиын болды?

  3. Тапсырмаларды орындаған кезде қандай қиыншылықтармен кездестің?

  4. Сабақ ұнады ма?

Ү.Үйге тапсырма беру кезеңі. Өзіндік ізденіс тапсырма орындау. Көркем әдебиеттен жалаң және жайылма сөйлемге сөйлемдер тауып жазып келу.

ҮI. Бағалау кезеңі: Оқушыларды тиісті бағалармен бағалау.
























57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 25.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров187
Номер материала ДВ-286384
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх