Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / 2-3 сыныпқа арналған сабақ жоспарлары

2-3 сыныпқа арналған сабақ жоспарлары


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_6c693cd.gifhello_html_m6269e4b9.gifhello_html_m61882354.gifhello_html_m1f21f056.gifhello_html_6102b9f6.gifhello_html_m61882354.gifhello_html_6c693cd.gifhello_html_m2c1d2c00.gifhello_html_m47dd3f5d.gifhello_html_4478e359.gifhello_html_m8944ef0.gif2 сынып

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: К, г әріптерінің жазылуы

Сабақтың мақсаты:

Түбірдің соңындағы к дыбысына дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанған жағдайда к дыбысы г дыбысына өзгеретіндігін түсіндіру.

Г дыбысы сөздің соңында жазылмауын мысалдар арқылы дәлелдеу.Сатылай кешенді талдау және сөздерге фонетикалық талдау жасау арқылы оқушылардың білімдерін дамыту мәнерлі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Сауаттылыққа дағдыландыру..

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ жауап, талдау, әңгімелеу

Сабақта қолданылатын технология: Дамыта оқыту технологиясы

Сабақтың барысы:

І Мотивациялық кезең

А)Сабаққа әзірленулері

ІІ Үй жұмысын тексеру

«Қорап» деген сөзге сатылай кешенді талдау (оқушылардан ауызша сұрақ-жауап арқылы тексеру)

«Көбелек» сөзіне фонетикалық талдау жасау (оқушылардан ауызша сұрақ-жауап арқылы тексеру)

ІІІ Сабақта жүргізілетін жұмыс

1.Қайталау жұмысы

Дауыссыз дыбыстарды қайталау (ауызша және жатқа сұрау)

Қатаң:к, қ, п, ф, с, т, х, ц, ч, ш, щ, һ.

Ұяң:б, в, г, ғ, д, , ж, з.

Үнді: р, л, м, н, ң, й, у

2.Тақтадағы сөздерді талдау:

1.Кебек, серік, терек, берік, көлік, жібек, көкөніс

2.Гүлдесте, бүрге, тегіс, жігер, үзеңгі, гүл, газет

Оқушылар өздері ереже шығару.

1.К –дыбысы сөздің барлық буынында кездеседі (басында, ортасында, соңында)

2.Түбір сөздің соңында «к» дыбысынан аяқталған сөздерге , «к» дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе «к» дыбысы «г»дыбысына айналады.

3. «Г» дыбысы сөздің басында және ортасында кездеседі тек қана сөздің соңында кездеспейді жазылмайды.

3.Дәптермен жұмыс

1.Бірінші қатардағы сөздерге дауысты ы-і дыбыстарын жалғап жазу.

Кебегі, серігі, терегі, берігі, көлігі, жібегі

2. «көлігі» сөзіне дыбыстық талдау істеу

6 әріп, 6 дыбыс, 3буын, 3 дауысты, 3 дауыссыз, кө-лі-гі (үш буында ашық)

К- [к ] д/з қатаң

ө- [ ө] д/ы, жіңішке, ашық, еріндік

л- [ л] д/з үнді

і- [ і] д/ы, жіңішке, қысаң, езулік

г- [ г] д/з ұяң

і- [ і] д/ы, жіңішке, қысаң, езулік

4.Кітаппен жұмыс 3-ші жаттығу Суреттегі заттардың атын атау және бұл сөздерге «і» дыбысын қойып жазу.

5.Сөздік диктант.

Жазған диктанттарын өздері жұптарымен өзара тексеру.

Көжек, бүршігі, өрік, шелегі, көйлек, өрнек, өсімдік, жүрегі, өтірік, көк

6.Сатылай кешенді талдау «Бүршік»

1.Бүршік

2.Бүр-шік

3.Бүр-

шік .

4.Бүршік

5.Бүршік+тер тар

6.Бүршік+ке, те

Қорытындылау

Тест І нұсқа

1.Үнді дауыссыз дыбыстарды тап

А) р, л, м, н, ң, й, у

Б)о, ы, і, ұ

В)т, қ, с, п

2. «Б» қандай дыбыс ?

А) қатаң Б)ұяң В)үнді

3.Дұрыс жазылған сөзді тап

А)еміздікі Б)еміздігі В)еміздіқы

4.Қосарлы дыбыстарды жаз

_________________________


5.Нүктенің орнына тиісті әріпті қой «қалпа...ы»

А)ғ Б)қ В)г

ІІ нұсқа

1.Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап

А)қоң-ыр-ау В)қо-ңы-рау С)қоңы-рау

2. «К» дыбысы қандай дыбыс

А)қатаң В)ұяң С)үнді

3. «Мектеп» деген сөзге дауысты дыбысты жалғағандағы дұрыс сөзді тап

А)мектекі В)мектебі С)мектепп

4. «Я» дыбысы қандай екі дыбыс болып естіледі

А)йо В) йу С)йа

5. «Г» дыбысы қандай дыбыс

А) қатаң В) ұяң С)үнді

Үйге тапсырма: 4-5жаттығу 73-74 бет
Бағалау



Ана тілі

1 сынып

Сабақтың тақырыбы: Жуан және жіңішке жұп дауыстылар

Әке мен бала


Сабақтың мақсаты:


Білімділік: жуан және жіңішке жұп дауыстылар туралы негізгі ойды түсіндіру.Әке мен бала әңгімесін мәнерлеп оқу және мазмұнын айтуға дағдыландыру.


Дамытушылық:түрлі тапсырмалар орындау барысында іскерлік, танымдық, іздемпаздық қабілеттерін арттыру.Өз ойларын ашық айтуға үйрету.Сөздік қорларын байыту.


Тәрбиелік:ұйымшылдыққа, жақсы мен жаман әдет, қылықтарды ажырата білуге және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Көрнекіліктер: сызбалар


Сабақтың түрі:Жаңа сабақ


Сабақтың әдісі.Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу


Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

(оқушылардың зейінін сабаққа аудару)


ІІӨтілген ұғымды қайталау

1.Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар

2.Сөзжұмбақ шешу

1.Қу, айлакер аң

2.Тікенекті аң

3.Жаңғақ жейтін аң

4.Аңдардың патшасы

5.Ұзын тұмсық жануар




к

і

т

а

п

ІІІ.Жаңа сабақ

1.«Хат тасушы» хаттарды қай үйге апарады?



Жуан



Жіңішке



әке


от


ата



өрмекші


іні


ыдыс









2.Салыстыру (жуан және жіңішке жұп дауыстылар, олар өзара ұқсас дыбысталады)

ата-әке

ыдыс-іні

от- өрмекші

ұщақ-үкі


3.Оқулықпен жұмыс

46-жаттығу (ауызша орындалады)

Сан-сән ыс-іс

Нан-нән тыс-тіс

От-өт ұн-үн

Боз-бөз тұс-түс


4.Мәтінмен жұмыс «Әке мен бала»

Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың ойларын тиянақтау

1.Әкесі тағаны баласына неліктен алдырғысы келді?

2.Баласы тағаны неге алмады деп ойлайсыңдар?

3.Әкесі тағаны қалай пайдаға асырды?

4.Әкесі баласына қандай ақыл айтты?


5.Дәптермен жұмыс (есту арқылы жазу)

48-жаттығу (сөйлемдерді көшіріп жазу, таза, сауатты)


Біз ауамен дем аламыз.Адамға таза ауа өте қажет.Әуе ашық , таза.


Қорытындылау:

1.Жаңылтпаш жаттау (есте сақтау қабілеттерін арттыру)

Дән-дәулет,

Дәулет-дән.

Сән-сәулет,

Сәулет-сән.

2.Жұбын тап




Жон өт

От ор

Тор жөн

өр төр


Сабақ аяқталды

Оқушылардың білімдерін бағалау

Үй жұмысы «Ақсақалдың ақ батасы» жаттау, Мақал-мәтелдерді мәнерлеп оқу және мағынасын түсіндіру.

Әдебиеттік оқу пәні

2 сынып

Сабақтың тақырыбы:Қайсар құмырсқа

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мәтіннің мазмұнын меңгеру, ойларын жүйелі жинақтап айтуға үйрету.

Дамытушылық: Сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлауға, ұжыммен жұмыс істеуге дайындау, зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Мейірімділікке, достыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, зерттеу, ой қозғау,

Пәнаралық байланыс:дүниетану, бейнелеу өнері

Сабақтың көрнекілігі:интербелсенді тақта, сызбалар

Сабақтың барысы.

І Мотивациялық кезең

А)Сабаққа әзірленулері

2.Тақтада тұрған ережені ұстаныңдар

Сабақта тәртіпті сақтау

Мұғалімді мұқият тыңдау

Досының пікірін құрметтеу

Ойыңды батыл айту

ІІ Үй жұмысын қайталау.

1. «Ақ кептер» сұрақ-жауап әдісі

2. «Құстар» сөзіне 5 жолды өлең құрастыру.(тақтада ауызша жалпы сынып оқушыларымен).

Мысалы:

Нелер? Құстар

Қандай? Жүйрік, әсем

Не істейді? Ұшады, сайрайды, әндетеді

Құстар біздің досымыз


ІІІСабақта жүргізілетін жұмыс .

1.Сөзжұмбақ шешу

Қ





Ұ

М






Ы






Р






С





Қ






А









1.Биенің сүті

2.Бидайдан алынатын тағам

3.Белі бүкір, алысқа түкір (мылтық)

4.Қыз баланың есімі

5.Риза болғанда айтатын сөз

6.Қаланың аты

7.Бас киім

8.Балалардың ойнына керекті құрал

2.Сабағымыздың тақырыбы «Қайсар құмырсқа»

1.Қайсар сөзінің мағынасын түсіндіру (оқушылар өз ойларын айтады)

Қайсар-мықты, төзімді, бір айтқан сөзінен қайтпайды.

3.Мәтінді (1-2 оқушы мәнерлеп оқиды)





2. Ой қозғау топырақтта өмір сүреді

Құмырсқа



бунақденелілерге еңбекқор

жатады


илеуін бұзуға болмайды



ұшады

Инелік



бунақденелілерге масаларды жейді

жатады


3..Венн диаграммасы Ұшады, қонады масаларды жиді

Топырақта өмір сүреді, еңбекқор,






Бунақденелілер

Үш жұп аяғы, үш бөлік


5.. Мәтінді зерттеу жұмысы жүргізіледі (оқушылар берілген кестені толтырады)

Мәтінді зерттеу жұмысы

Тақырыбы


Авторы


Кейіпкерлер


Оқиғаның қай жерде болғанын жаз


Тақырыптың мазмұнына сай келетін мақал-мәтел жаз



7.Сергіту сәті




8. Шығармашылық композицияның құрылысы


1.Басталуы: Құмырсқа үйіне асығуда.Зыр жүгіріп келеді.

2.Байланыс: Инелікпен кездеседі

3.Дамуы:Асқабақтың дәнін қайта көтеруі.

4.Шарықтау шегі:Мұратына жетуі

5.Шешімі:Үйіне аман-есен оралуы.

Ауызша орындалады.





Білетінім

Білгенім

Бунақденелілер, еңбекқор, топырақта өмір сүреді, масаларды жейді, ұшады, қонады


Құмырсқалардың тіршілігі адамға ұқсайды, азық қоятын бөлмелері және балалары жататын бөлмелері жеке болады.Құмырсқаның түрлері:

1.Әскер құмырсқа

2.Қанатсыз жұмысшы құмырсқа

3.Аналық құмырсқа

4.Аталық құмырсқа

Инелік 1секундта-30-50-ге жуық қанат қағады.


Рефлекссия

Ауызша

Құмырсқа мен инелікке 5 жолды өлең құрастыру

Құмырсқа

Еңбекқор, тынымсыз

Көбейеді, қопсытады, тасиды

Еңбекқор бунақденелілер


Инелік

Жылдам, қанатты

Ызылдайды, ұшады, қонады

Масаларды аулайды

Жазбаша «Құмырсқа мен инелік» деген сөздердің ішінен бар әріптерден басқа сөздер шығару.

Ауызша жүргізілетін жұмыс


Пайдалы жәндіктер

Зиянды жәндіктер




Үйге тапсырма .

Әңгіме жазу тақырыбы: «Табиғаттағы бунақденелілер»

Бағалау










2- сынып

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Етістік

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: заттың қимылын білдіретін сөздерді ажырата білуге, оларды мәтіннен таба білуге үйрету;

Дамытушылық мақсаты: сөйлемді жүйелі құруға, өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру сауатты, көркем жазуға төсілдіріп, сөздік қорларын молайтып, ойын тілін дамыту;

Тәрбиелік мақсаты: оқушылардың логикалық сезімін оятып, әдептілікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, татулыққа баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану пәндері

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа әзірленулері

ІІ Үй жұмысын еске түсіру

Қандай сөз таптарымен таныстық?

Зат есім – кім? Не? Кімдер? Нелер? Заттың атын білдіреді. (гүл, доп, терезе)

Сан есім – неше? қанша? нешінші? Заттың санын білдіреді. (жеті, сегізінші)

Сын есм – қандай? Қай? Заттың сынын білдіреді.(биік, қызыл, домалақ)

ІІІ Сабақта жүргізілетін жұмыс

1.Етістік дегеніміз не? Етістіктің сұрақтары қандай?

Етістік дегеніміз заттың іс-қимылын білдіретін сөздер.

Не істеді? Қайтті? Не қылды?

2. 1.Қосымша мәлімет


дара күрделі







сұрақтары

2.2. Салыстыру әдісі:


Бір сөзден тұрады.

Заттың қимылын білдіреді, сұрақтары бірдей.

Екі немесе одан да көп сөзден тұрады.

3. Берілген тірек сөздерді пайдаланып, сызба бойынша өлең құрастыру.


.................................. ашылды,

.................................. жайнайды.

..................................құлпырып,

.................................. сайрады.


4.Дыбыстық талдау «жайнайды» сөзіне

Жайнайды-8әріп, 8 дыбыс, 3 дауысты, 5 дауыссыз, 3 буын, жай- най- ды, бітеу, бітеу, ашық (ережесін түсіндіреді) дауыссыздан басталып дауыссыздан аяқталса бітеу буын, дауыссыздан басталып дауыстыға аяқталса ашық буын.


Ж- дауысты ұяң

А- дауысты, жуан, ашық, езулік

Й- дауыссыз үнді

Н- дауыссыз үнді

А- дауысты, жуан, ашық, езулік

Й- дауыссыз үнді

Д- дауыссыз ұяң

Ы- дауысты, жуан, қысаң, езулік


5.Интербелсенді тақтамен жұмыс

Берілген сөздерді кестеге толтыру

Ұшады, келді, оқыды, жазады, сауады, көрді, байқайды, тарқатады, жинады, сүртті.


Не істейді?

Не істеді?




6.Өздігінен орындалатын жұмыс .Сұрақтардың орнына керекті сөздерді қойып сөйлемдерді толықтыру.

Гүлнұр үйді не істеді?

Әжем жүнді ұршықпен не істеді?

Жанат гүлге су неістеді?

7.Оқулықпен жұмыс

360-жаттығуды мәнерлеп оқу , мазмұнын талдау мәтіннің ішінен етістіктерді табу. «Мақта» мәтіні




Бағалы өсімдік Талшық алынады




Құнарлы Ылғалды




Қауашағы ашылады Үлпілдек ақ мақта көрінеді


Сабақты қорытындылау

Семантикалық карта толтыру

Сөз таптары

Зат есім

Сан есім

Сын есім

Етістік

Алма

+




Барды




+

Жеті


+



Қызыл



+


Тарақ

+




Оқыды




+

Қоңыр



+


Он


+




Үй жұмысы:366-жаттығу 1 сөзге дыбыстық талдау жасау

Бағалау











Краткое описание документа:

2 сынып

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: К, г әріптерінің жазылуы

Сабақтың мақсаты:

Түбірдің соңындағы к дыбысына дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанған жағдайда к дыбысы г дыбысына өзгеретіндігін түсіндіру.

Г дыбысы сөздің соңында жазылмауын мысалдар арқылы дәлелдеу.Сатылай кешенді талдау және сөздерге фонетикалық талдау жасау арқылы оқушылардың білімдерін дамыту мәнерлі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Сауаттылыққа дағдыландыру..

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ жауап, талдау, әңгімелеу

Сабақта қолданылатын технология: Дамыта оқыту технологиясы

Сабақтың барысы:

І Мотивациялық кезең

А)Сабаққа әзірленулері

ІІ Үй жұмысын тексеру

«Қорап» деген сөзге сатылай кешенді талдау (оқушылардан ауызша сұрақ-жауап арқылы тексеру)

«Көбелек» сөзіне фонетикалық талдау жасау (оқушылардан ауызша сұрақ-жауап арқылы тексеру)

ІІІ Сабақта жүргізілетін жұмыс

1.Қайталау жұмысы

Автор
Дата добавления 29.04.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров1026
Номер материала 258795
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх