Инфоурок Другое Другие методич. материалы11 - сыныпқа арналған "Стилистика" курсының бағдарламасы

11 - сыныпқа арналған "Стилистика" курсының бағдарламасы

Скачать материал

Түсінік хат

 

          Ұсынылып отырған бағдарлама «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті авторлық бағдарлама» негізінде жасалған. Ұлттық мәдениетке, ұлт тіліне деген қоғамдық сұранысына орай ана тілі пәнін оқытуда жаңа бағытта жүргізіле басталды.

Пәннің алдына қоятын мақсаты – оқушылардың ұлттық дүниетанымын кеңейтетін, шығармашылық ойлауға төселдіретін, айналадағы адамдармен дұрыс қарым – қатынас жасауды үйрететін, оны тұлға ретінде әлеуметтендіруге мүмкіндік беретін қазақ тілінің танымдық, қатысымдық және кумулятивтік қызметтерін меңгерту. . Жеке тұлғаны дамыту болып табылады.

Міндеттері:

-         Тілдің қоғамдық – әлеуметтік мәнін түсіндіру;

-         Тілдің мәтін ішіндегі қолданысын игерту;

-         Мәтіннің тілдік және танымдық қызметтерін меңгерту;

-         Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттені қалыптастыру;

-         Оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру;

-         Әдеби тіл нормаларын меңгерту;

-         Тілдік жағдаяттарда қарым – қатынас жасаудың амал – тәсілдерін үйрету;

-         Шығармашылық ізденіс бағытындағы жұмыс түрлеріне төселдіру;

-         Мәтін табиғатына талдай жасай білу.

-         Стилистиканың негіздерін таныту, тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге үйрету.

-         Стиль түрлеріне сай тілдік бірліктерді таңдап қолдануға төселдіру;

-         Ұлттық этикет нормаларына сай тіл мәдениетін детілдіру;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

1.     тілдің лексика - фразеологиялық қорын, дыбыстық - грамматикалық және стильдік жүйесін;

2.     адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуынан, этикалық нормаларды сақтай білуінен;

3.     әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрлері болатынын, оларға тән ерекшеліктерді;

4.     әдеби тілдің нормаларының сөз мәдениетіне қатысын негіздей алуы;

5.     әдеби тілдің нормаларын стиль түрлеріне сай қолдана білуі тиіс.

 

11 - сынып

Оқу материалдарын тақырыптық жоспарлау

(Аптасына 2  сағат, барлығы 68 сағат)

«Қазақ тілінің қоғамдық мəні» (1 сағат).

Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық əдеби тілі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қызметі, қолданылатын орындары.

 «Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі» (2 сағат).

Қазақ тілі түркі тілдер семьясының батыс ғұн бұтағына, оның ішінде қыпшақ тобына енетіні. Түркі халықтарына ортақ ескерткіштері мен əдеби мұралары жайында түсінік.

 «Мəтін жəне стиль» (4 сағат).

Мəтіннің ойлау жүйесін дамытудағы рөлі. Тақырып жəне мəтін. Мəтінді жоспарлаудың жолдары. Сөйлем мүшелерінің мəтіндегі қызметі. Құрмалас сөйлемдердің мəтіндегі қызметі. Мəтіндегі сөз таңдау, сөз қолдану (қисыны), сөз əрлеу.

«Стилистика жəне тіл мəдениеті» (20 сағат):

 «Сөздердің стильдік түрлері» (3 сағат). Сөйлеу тілінің лексикасы, оның түрлері. Стильаралық бейтарап лексика. Экспрессивтік-эмоционалды лексика;

 «Қазақ əдеби тілінің стильдері» (17 сағат). Қазіргі кітаби тіл туралы

түсінік;

«Стиль» 2 сағат. Стиль ұғымының сөйлеу жəне оның формаларымен байланысты қаралатындығы, стильдердің негізгі арқауы сөйлеудің ауызша

жəне жазбаша формалары екендігі;

«Сөйлеу стилі» 2 сағат. Ауызекі сөйлеу стилінің тікелей қатынас жасауда көрінетіндігі. Оның ауызша жəне жазбаша түрлері. Сөйлеу стилінің қолданылатын орны, диалог лексикасы. Ауызекі сөйлеу стилінің қолданылатын формалары: жарыссөз, лекция, консультация, баяндама, əңгімелесу. Сөйлеу стилінің ерекшеліктері;

«Көркем əдебиет стилі» 2 сағат . Көркем əдебиет стилі сөз арқылы өрнектелетіні. Мұнда сөздердің, сөз тіркестерінің, сөйлемнің бейнелі қолданылатындығы. Тілдің эстетикалық қызметі көркем əдебиет стилінде ерекше көрінетіндігі. Көркем əдебиет стиліне көп мағыналық, бейнелік сипаттардың тəн болатындығы. Мақал-мəтелдер мен фразеологизмдердің кеңінен қолданылатындығы. Көркем əдебиет стилінің басқа да ерекшеліктері;

«Ресми ісқағаздар стилі (кеңсе стилі)» 5 сағат. Өтініш, сенімхат, арыз, қатынас қағаз, мінездеме, хабарландыру, мəжілісхат, өмірбаян, мəлімдеме жəне ресми құжаттар: заң ережелері, өкімет қаулылары, халықаралық шарт, т.б. Ресми іс-қағаздарының айырықша қарым-қатынас жасау құралы болып саналатындығы. Ісқағаздар стилінің ерекшеліктері, лексикасы;

«Публицистикалық стиль» 3 сағат. Публицистикалық стильде қоғамдық саяси мəселелердің көрінетіндігі. Қоғамдық-саяси мəселелердің бұл стильде ауызша жəне жазбаша түрде қалыптастырылатындығы. Публицистикалық стильдің жұмсалу формалары (əдістері): газет-журнал, радио-теледидар. Публицистикалық стильде шешендік өнердің қажеттігі. Публицистикалық 23 стильдің ерекшелігі ресми стильге жəне көркем əдебиет стильдеріне жақындығы;

«Ғылыми стиль» 3 сағат. Бұған əр салада жазылған ғылыми мəтіндер жататындығы. Ғылыми мəтіндерде мазмұн анықтама, сипаттама, баяндама немесе талқылама түрінде берілетіндігі. Ғылыми стильдің ерекшелігі. Сөздердің негізгі мағынасында жұмсалатындығы, термин сөздердің молдығы, көп мағыналы, образды сөздердің, ойдың күрделілігі, т.б.

 «Тіл мəдениеті жəне пунктуация» (21 сағат):

Пунктуацияның тіл мəдениетіне қатысы 2 сағат. Тыныс белгілердің стиль түрлерінде атқаратын рөлі.Тыныс белгілердің сөйлем ішінде келетін жəне сөйлем соңында келетін деп бөлетіндігі;

Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілеріне нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі, көп нүкте жататындығы 3 сағат. Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерге сұрау жəне леп белгілері, сұрау белгісі жəне көп нүкте, леп белгісі жəне көп нүктелердің қойылатындығы;

Сөйлем ішінде келетін тыныс белгілерге үтір, сызықша, қос нүкте,

нүктелі үтірлер жататындығы 3 сағат;

Тыныс белгілерінің қолданылатын орындары 4 сағат. Қос нүктенің қолданылатын орындары. Нүктелі үтірдің қолданылатын орындары. Нүктенің қолданылатын орындары. Сұрау белгісінің қолданылатын орындары. Леп белгілерінің қолданылатын орындары. Көп нүктенің қолданылатын орындары;

Бірыңғай мүшелерге байланысты қойылатын үтір, қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтір, оңашаланған айқындауышқа байланысты қойылатын үтір, қыстырма сөздерге байланысты қойылатын үтір, одағайға байланысты қойылатын үтір, құрмалас сөйлемге қойылатын үтір 3 сағат;

Бастауыштан кейін қойылатын сызықша, бірыңғай мүшелерден кейін

қойылатын сызықша, оңашаланған айқындауыштың сызықшамен ажыратылатын жағдайлары, құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын

сызықша, төл сөз бен автор сөзіне қойылатын сызықша, сөйлемді ықшамдап

қолдануға байланысты қойылатын сызықша 3 сағат;

Жақша, тырнақшаның қолданылатын орындары. Сөйлемдегі негізгі ойды, немесе бір сөйлем мүшесін айқындап, дəлелдеп, қосымша түсінік беру үшін қолданылатын қыстырма мəнді сөз, сөз тіркесі не сөйлемнің жақшаға алынуы. Тырнақшаның мағынаға байланысты қойылуы 3 сағат.

Стиль мен пунктуацияның тіл мəдениетіне қатысын қайталау ( 6  сағат).

Шығармашылық жұмыс ( 7 - сағат)

Тест жұмысы (4 - сағат)

 Жаттығу жұмысы (3 - сағат)

 

 

Курстық нəтижелер бойынша 11 -сыныптың соңында оқушылар:

1) əдеби тілдің нормаларын меңгеруі;

2) стиль түрлері мен түрлі мəтіндерді өз бетімен оқи, түсіне, баяндай жəне интерпретациялай білуі;

3) сөйлеу мəдениетінің нормалары мен шешендікке қойылатын талаптарды меңгеруі;

4) ұжымдық қатынаста жəне мəтін түзуде сөз таңдай алуы;

5) мəтін талдауда оқу алгоритмін қолдана білуі;

6) тілдік құралдарды дəлдікпен қолдана отырып, түрлі стильде, жанрда мəтін құрауды білуі;

7) төл сөз бен төлеу сөздің ерекшеліктерін, төл сөздің орналасу тəртібін,

тыныс белгілерінің қойылу себебін;

8) бірыңғай мүше, оңашаланған айқындауыш, қыстырма, одағайға байланысты тыныс белгілерінің қойылуын;

9) бастауыштан кейін қойылатын сызықшаны;

10) бірыңғай мүшелерден кейін қойылатын сызықшаны;

11) оңашаланған айқындауыштың сызықшамен ажыратылатын жағдайларын;

12) төл сөз бен автор сөзіне қойылатын сызықшаны;

13) сөйлемді ықшамдап қолдануға байланысты қойылатын сызықшаны;

14) қос нүкте, жақша, тырнақша қойылатын орынды;

15) ауызша жəне жазбаша қарым-қатынастарда дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білудің шарттарын білуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

Қоғамдық - гуманитарлық бағытындағы 11 - сыныбына арналған

"Стилистика" атты  күнтізбелік жоспар аптасына

2 cағат, жылына 68 сағат

 

Р/с

Тақырыбы

Сағат саны

Күні

І тоқсан 18 сағат

1

«Қазақ тілінің қоғамдық  мəні»

1

 

2

«Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі»

1

 

3

«Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі»

1

 

4

«Мəтін жəне стиль»

1

 

5

Тақырып жəне мəтін.

1

 

6

Сөйлем мүшелерінің мəтіндегі қызметі.

1

 

7

Мəтіндегі сөз таңдау, сөз қолдану (қисыны), сөз əрлеу.

1

 

8

Шығармашылық жұмыс

"Естігенін, ойын, қиялын, арманын жазу"

1

 

9

«Стилистика жəне тіл мəдениеті»

1

 

10

«Сөздердің стильдік түрлері»

1

 

11

Сөйлеу тілінің лексикасы, оның түрлері.

1

 

12

Экспрессивтік-эмоционалды лексика.

1

 

13

«Қазақ əдеби тілінің стильдері» Қазіргі кітаби тіл туралы

түсінік;

1

 

14

Стиль ұғымының сөйлеу жəне оның формаларымен байланысты қаралатындығы, стильдердің негізгі арқауы сөйлеудің ауызша жəне жазбаша формалары екендігі.

1

 

15

«Сөйлеу стилі»

1

 

16

Ауызекі сөйлеу стилінің тікелей қатынас жасауда көрінетіндігі. Оның ауызша жəне жазбаша түрлері.

1

 

17

Тест жұмысы

1

 

18

Көркем əдебиет стилі сөз арқылы өрнектелетіні.

1

 

ІІ тоқсан 14 сағат

1

Көркем əдебиет стилінің басқа да ерекшеліктері

1

 

2

«Ресми ісқағаздар стилі (кеңсе стилі

1

 

3

Өтініш, сенімхат, арыз, қатынас қағаз.

1

 

4

Мінездеме, хабарландыру, мəжілісхат, өмірбаян, мəлімдеме.

1

 

5

Ресми құжаттар: заң ережелері, өкімет қаулылары, халықаралық шарт, т.б.

1

 

6

Ісқағаздар стилінің ерекшеліктері, лексикасы;

1

 

7

Жаттығу жұмысы

1

 

8

Публицистикалық стильде қоғамдық саяси мəселелердің көрінетіндігі.

 

9

Публицистикалық стильдің жұмсалу формалары (əдістері): газет-журнал, радио-теледидар.

1

 

10

Публицистикалық 23 стильдің ерекшелігі ресми стильге жəне көркем əдебиет стильдеріне жақындығы

1

 

11

«Ғылыми стиль»

1

 

12

Ғылыми стильдің ерекшелігі.

1

 

13

Ғылыми стильдің қолданылатын орны.

1

 

14

Шығармашылық жұмыс

"Жолдасымның қылығы" мақала

1

 

ІІІ тоқсан 20 сағат

1

Пунктуацияның тіл мəдениетіне қатысы

1

 

2

Тыныс белгілердің стиль түрлерінде атқаратын рөлі.

1

 

3

Тест жұмысы

1

 

4

Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілеріне нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі, көп нүкте

1

 

5

Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерге сұрау жəне леп белгілері, сұрау белгісі жəне көп нүкте, леп белгісі жəне көп нүктелердің қойылатындығы

2

 

6

 

7

Жаттығу жұмысы.

1

 

8

Сөйлем ішінде келетін тыныс белгілерге үтір, сызықша.

1

 

9

Сөйлем ішінде келетін тыныс белгілерге қос нүкте, нүктелі үтірлер

2

 

10

 

11

Шығармашылық жұмыс

Эссе жазу

1

 

12

Қайталау сабағы.

1

 

13

Қос нүктенің, нүктелі үтірдің, нүктенің қолданылатын орындары.

2

 

14

 

15

Сұрау белгісінің, леп белгілерінің, көп нүктенің қолданылатын орындары

2

 

16

 

17

Жаттығу жұмысы

1

 

18

Шығармашылық жұмыс

Эссе жазу

1

 

19

Тест жұмысы.

1

 

20

Қайталау сабағы

1

 

ІҮ тоқсан 16 сағат

1

Бірыңғай мүшелерге, қаратпа сөздерге , оңашаланған айқындауышқа байланысты қойылатын үтір.

1

 

2

Қыстырма сөздерге, одағайға, құрмалас сөйлемге байланысты қойылатын үтір.

2

 

3

 

4

Тест жұмысы

1

 

5

Қайталау сабағы

1

 

Бастауыштан кейін, бірыңғай мүшелерден кейін қойылатын сызықша, оңашаланған айқындауыштың сызықшамен ажыратылатын жағдайлары.

 

6

Құрмалас сөйлемдерге байланысты, төл сөз бен автор сөзіне қойылатын сызықша, сөйлемді ықшамдап

қолдануға байланысты қойылатын сызықша

2

 

7

 

8

Шығармашылық жұмыс

Мақала жазу.

1

 

9

Қайталау сабағы.

1

 

10

Жақша, тырнақшаның қолданылатын орындары. Тырнақшаның мағынаға байланысты қойылуы

1

 

11

Шығармашылық жұмыс.

1

 

12

Қайталау сабағы

1

 

13

Сөйлемдегі негізгі ойды, немесе бір сөйлем мүшесін айқындап, дəлелдеп, қосымша түсінік беру үшін қолданылатын қыстырма мəнді сөз, сөз тіркесі не сөйлемнің жақшаға алынуы.

2

 

 

14

 

15

Шығармашылық жұмыс.

1

 

16

Жылдық қайталау

1

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "11 - сыныпқа арналған "Стилистика" курсының бағдарламасы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Маркетолог

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 470 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.12.2015 2726
    • DOCX 133.5 кбайт
    • 15 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абеуова Гульден Кусмановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абеуова Гульден Кусмановна
    Абеуова Гульден Кусмановна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 91304
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Мини-курс

Event-менеджмент и видеопродакшн: от концепции до успешной реализации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Проектный анализ: стратегии и инструменты управления успешными проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Патологии нервной системы у детей: от перинатального периода до нарушений поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека