Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы1 сыныпқа арналған "Тілашар тойы"

1 сыныпқа арналған "Тілашар тойы"

Скачать материал

              Тілашар тойы

           Сабақтың мақсаты :

           Білімділік : оқушылардың мектеп туралы ұғымдарын тереңдету. Мектепке      деген сүйіспеншілігін ояту.             

           Дамытушылық : мақал-мәтелдер, олеңдер арқылы тілін, ойын, сөздік қорын байланыстыра  сөйлеу мәдениетін дамыту.

           Тәрбиелік  : ойындар арқылы  ұйымшылдыққа, кішіпейілділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

           Көрнекілігі  : сыныпты шарлармен безендіру, тақырыпты жазу.

                                                                        Сабақтың барысы:

            Мұғалім

                Қымбатты ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Міне, бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдағына  алғаш рет қадам басқан бүгінгі мерекелеріңіздің куәгерлері 1 «А» сынып оқушыларының тілашар мерекесіне жиналып отырсыздар. Ендеше, бүгінгі шәкірттеріміз ертеңгі күннің үмітін ақтар  еліміздің болашақ азаматтарын ортаға шақырайық.

 

Айналайын балалар,

Алдыңда Мектеп – Ана бар!

Өздеріңнен өседі,

Өнерлілер, даналар.

Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеттіңдер.

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл, ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың!

             Ән «Сәлем саған, мектебім»

           Перизат:    Тану үшін бабаңды,

Тану үшін анаңды,

Тану үшін ғаламды

Мектеп керек адамға!

Нұрдәулет:

Сақтау үшін арыңды,

Сатпау үшін жаныңды,

Өсіруге танымды –

Мектеп керек адамға!

Еркебұлан:  Қатарыңа қарасаң,

Өзіңді-өзің танисың.

Өзіңді-өзің танысаң

Жақсылыққа жарисың.

Әли:              Бар байлықты басқарып,

Оқу-білім тұрады.

Кітапты көп оқыған ,

Білімді боп шығады.

Мадияр:       Ақыл-ойды, арманды,

Кітап биіктетеді.

Жұртқа сені талғамды,

Кітап сүйікті етеді.

Алдияр:        Елімізде атақты,

Ғалым ата не тапты,

Бәрін, бірін білесің,

Оқи берсең кітапты.

Амандық:     Оқушының мойнына

Ақ жағасы жарасар.

Кел, келіңіз тойыма,

Тойымның аты –

«Тілашар».

Нұршат:      Алтыға толдым биыл мен

Оқушы болып киінем.

Арқама сөмке асына,

Мектепке барам,

Мектепке барам,

Асыға.

Сымбат:      Қолыма алып Әліппе,

Үңілдім тұңғыш әріпке.

Қоңырау үні сыңғырлап,

Тұрғандай маған,

Тұрғандай маған қол бұлғап

Мектеп, мектеп!

Әділет:        Әрбір әріп нұрланып,

Бізге сырын ашады.

Әр әріптен бір жарық,

Шұғыласын шашады.

Айнамкөз:    Қарасаң сен күлімдеп,

Сыр шертеді әріп.

Әрбір сөзің білім боп,

Жатыр ойға таралып.

Альбина:      Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста, кірлетпе.

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке.

Жансима:     Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Юлия:          Айтпа, жаным, өтірік,

Болам десең үлгілі.

Мәпелеген өсіріп,

Сен де елімнің бір гүлі.

Шалқар:           Тапсырманы берілген

     Дер кезінде атқарам.

     Сенімді боп өзіме,

                                     Өзімді-өзім басқарам.



Мұғалім:

Жақсы кітап Әліппе,

Үйретеді әріпке,

Ойыншықтармен қоштасып,

Әліппемен достастық.

 

«Кім зейінді?» ойыны

-         Балаларға әр түрлі суреттер, ойыншықтар көрсетіледі.

-         Егер сол суреттің басындағы дыбыс дауысты болса, сендер қызыл текшені, дауыссыз болса , көк текшені көтересіңдер.

 

Мұғалім :    «Әліппе»  сенің сырласың,

«Әліппе»  досың болады.

  Әріптердің шұғыласы,

  Дәптеріңе қонады.

 

«Адасқан әріптер»  ойыны.

-         Мен сендерге кеспе әріптерді шашып тастаймын.

-         Сендер сол әріптерден сөз құрайсыңдар.

 

Мұғалім :

             Саған білім жемісін,

             Оқулығың береді.

             Талай адам сол үшін

             Маңдай терін төгеді.

Әли :

Мектеп деген жақсы екен,

Қызығы мол, думаны.

Жақсы көрем бәрінен

Математика сабағын.

 

0  ........ 10 дейін ретімен санау және кері санау.

 

«Қандай сандар жетіспейді?»               

«Санамақ»   оқу.

 

Ән орындалады «Әнші балапан»

Жұмбақтар шешу:

Оспан да өлең жаттады,

Олжас та өлең жаттады,

Қай әріптен басталған

Екеуінің аттары?  (О)

 

Сауысқанда, сағызды,

Сарымсақты, сәбізді,

Бастап тұрған қай әріп

Тау мен тастың алдында?  (Т)

 

Қатар тұрған қос қазық,

Қол ұстасып достасып.  (Н)

 

Асқар, Асхат, Асанға,

Атасы айтты Ақанға

Албарды аш, арпа шаш,

Арпа шаш аш құстарға

Қайсы әріп көп айтылды,

Тез айтып бер ұсталма?  (А)

 

Би: Шығыс биі  (Сымбаттың орындауында)

 

Ертегі : « Шалқан» (қойылым)

 

Айнамкөз:

Осылайша жыл сайын

Ақыл қосып ақылға.

Жігерімді жұмсайын

Шәкірт атты «батырға».

 

Хор: « Отан»

Қорытынды.

                        

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "1 сыныпқа арналған "Тілашар тойы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 882 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.04.2016 5175
    • DOCX 27.3 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем SATYBALDIEVA SAMALEK Tulegenovna. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    SATYBALDIEVA SAMALEK Tulegenovna
    SATYBALDIEVA SAMALEK Tulegenovna
    • На сайте: 5 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13420
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 482 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Успешный педагог: навыки самозанятости, предпринимательства и финансовой грамотности

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 43 человека

Мини-курс

Психология детства и подросткового возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 65 человек

Мини-курс

Современные тренды в физкультуре и спорте: организация обучения и методика тренировок

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе