Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Биология / Рабочие программы / 6 сыныпқа арналған зертханалық дәптер үлгісі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Биология

6 сыныпқа арналған зертханалық дәптер үлгісі

библиотека
материалов
hello_html_589cba24.gif



































Рахимова А.С.



Биология

( ботаника)



- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -

___________________мектептің

______ « » сынып оқушысы

______________________________

______________________________

зертханалық жұмыс дәптері












Негізгі орта білім деңгейінде «Биология» пәнін оқыту табиғат заңдылықтары туралы және адамның табиғатпен үйлесімді қарым-қатынасы туралы білім қалыптастыруға, экологиялық мәселелерді танып білуге бағытталған.

6-сыныпта биологияны оқытудың ерекшелігі «Өсімдіктер» бөлімін оқыту болып табылады. 6-сыныптың оқу материалы өсімдіктер дүниесінің маңызы және Жер бетіндегі өсімдіктер әлемінің көптүрлілігі, өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы, өсімдіктердің жасушалық құрылысы туралы пікір қалыптастыруға бағытталған.

6 сыныпқа арналған «Биология » курсында І жарты жылдықта 17, ІІ жарты жылдықта 18, барлығы 35 зертханалық жұмыстар енгізілген. Зертханалық дәптерде арнайы орындалған күн жазылатын жері, сурет салатын 6х6см шаршы, орындалатын тапсырмалары , қорытынды жазатын жері көрсетілген. Мұғалім бұл дәптердің көмегімен оқушылардың түрлі мәлімет көздерімен жұмыс істеу дағдыларының даму қарқынын бақылай алады және алған білімдерін шынайы бағалау мүмкіндігіне ие болады. Зертханалық жұмысты бағалау мұғалімнің шешімі бойынша бағаланады және сынып журналына қойылады. Бұл дәптер оқушының уақытты үнемдеп, тақырыпты жақсы түсінуіне көмектеседі.

Биология пәнін оқыту арнайы кабинетте, оқу-көрнекілік құралдар мен жабдықтар, көрсетілімдік және зертханалық аспаптар, электронды оқулық, ғаламтор, интерактивті тақта, техникалық оқыту құралдармен жабдықталған жағдайда жүзеге асырылады.
































































Күні ------------------------------

1 зертханалық жұмыс

Споралы жəне тұқымды өсімдіктер

Мақсаты: гүлді ашықтұқымды және споралы өсімдіктердің сыртқы құрылысымен танысу (көкек мүгі, қырықжапырақ, кəдімгі қарағай, қызанақ).

Құрал-жабдық пен көрнекіліктер: жинақтамалар мен кеппешөп: көкек мүгі, қырықжапырақ, кəдімгі қарағай, қызанақ, электронды оқулық.

Орындалатын тапсырмалар

І. Тұқымды өсімдіктермен танысу

1. Гүлді және ашықтұқымды өсімдіктерді қараңдар.

2. Олардың тамырын және өркенін тауып, көлемін анықтап, суретін салу.

3. Гүлдің және жемістің қайда орналасатынын анықтау.

4. Гүлі мен жемісін қарап, олардың түсін, мөлшерін белгілеу.

5. Тұқымдары мен жемістерін қарап, олардың сандарын анықтау.

6. Қорытынды жасаңдар.

ІІ. Споралы өсімдіктермен танысу

1. Берілген өсімдіктің және қырықжапырақтың жапырағын қарау.

2. Жапырақтың астындағы бетінен қоңыр дақтарды тап.

3. Ақ қағазға қырықжапырақтың жапырағын аздап сілкіп, спораларды түсіру керек.

4. Спораларды лупа мен микроскоп арқылы қарап, суретін салу.

5. Спора мен тұқымның көлемін салыстыру.

6. Қорытынды жасау.

Нәтиже





















Қорытынды:





























































































































Қорытынды:






Күні ------------------------------


2 зертханалық жұмыс

Ұлғайтқыш құралдармен және зертханалық құрал-саймандар

Мақсаты: ұлғайтқыш әйнектің және микроскоптың құрылысымен танысып, жұмыс істей білу.


Құрал-жабдық пен көрнекіліктер: микроскоп, қол және тұтқалы әйнектер (лупа), аршылған пияз, тамызғы (пипетка), сапты ине, қысқыш (пинцет) зат, заттық және жабын шыны, өткір ұстара, су, электронды оқулық. 


Орындалатын тапсырмалар

1. Штативті (тұтқалы) ұлғайтқыш қол әйнегі мен микроскоптың құрылысын салыстырып қарау.

2. Микроскоптың бөліктерінің орналасуымен танысып, қалай аталатынын білу және суреті талдау.

3. Микроскопқа керекті құрал-жабдықтармен танысып, қалай пайдалану керектігіне зер салу.

4. Препарат дайындауды және оны микроскоппен қарауды үйрену (жаттығу).

5. Қорытынды жасаңдар.

Нәтиже





























































106-1-n_tif0




















Қорытынды:





Күні ------------------------------


3 зертханалық жұмыс


Пияз өңінің, жапырақ эпидермисі


Мақсаты: Пияз қабықшасының өңі мен бөлме өсімдіктерінің жапырағының көлденең кесіндісін микроскоппен қарап, салыстыру.


Құрал-жабдық пен көрнекіліктер: микроскоп, тамызғы, сапты ине, қысқыш зат, заттық және жабын шыны, өткір ұстара, су, пияз, сүзгіш қағаз, электронды оқулық.


Ескерту: қажетті құралға қосымша кез келген бөлме өсімдіктері алынады (хлорофилді көру).


Орындалатын тапсырмалар

1. Пияз қабығының өңінен жасалған препараттың микроскоптағы көрінісінің суретін дәптерге салу, жасуша пішініне көңіл аудару.

2. Жеке жасушаның бөліктерінің атын жазып, оқулықтағы суретпен салыстырып талдау.

3. Бөлме өсімдігі жапырағының жұқа көлденең кесіндісінен препарат жасап, жасыл пластидтердің пішіні мен түсіне көңіл аудару (жапырақтары түксіз өсімдіктер алынады). Тіпті жапырақ өңін азғана жұмсағымен сылып алып қараса пластидтер көрінеді.

4. Қорытынды жасаңдар. 


Нәтиже




































































Қорытынды:






Күні ------------------------------


4 зертханалық жұмыс


Өсімдік жасушасының құрылысы


Мақсаты: микропрепараттарды ұлғайтқыш құралдар арқылы, қарап өсімiдік жасушасының құрылысын зерттеп білу.


Құрал-жабдық пен көрнекіліктер: микроскоп, пияз өңі, бөлме өсімдіктері (элодея), ұлғайтқыш әйнек, электронды оқулық.


Орындалатын тапсырмалар

  1. Микроскоп арқылы көрген пияз өңінің, бөлме өсімдігінің суреті дәптерлеріңе салыңған. Жасуша пішініне көңіл аударыңдар. Оларды оқулықтағы суретпен салыстырып, талқылаңдар.

  2. Жасуша бөліктерінің аттарын жазыңдар.

  3. Элодея жапырағының астыңғы өңін жұмсақ етімен сылып алыңдар. Одан препарат дайындап, пластидтердің пішіні мен бояуына көңіл бөліңдер. Өсімдік жасушасының суретін салып, оның бөлімдерін жазыңдар.

  4. Қорытынды жасаңдар.


Нәтиже







Күні ------------------------------


16 зертханалық жұмыс


Бөлме өсімдіктерін қалемшелеу


Мақсаты: бөлме өсімдіктерін қалемшелеуді үйрену.

Құрал-жабдық пен көрнекіліктер: биология кабинетінде өскен өсімдіктер, топырақ, құм немесе ұсақ тастар, құмыралар (горшок), өткір ұстара. 


Орындалатын тапсырмалар:

  1. Алдымен қынагүл (колеус), пеларгония (герань), шытырлақ (бальзамин), т. б. өсімдігінен қалемше (бойында 3-4 жапырақтары бар жас өркен) дайындау.

  2. Гүл құмырасын дайындау, ол үшін түбіне 3-5 см құм, бетіне қаратопырақ салу.

  3. Гүл құмырасындағы топырақты ылғалдап жас өркенді (қалемшені) отырғызу. Топырақтың ылғалы құрғап кетпес үшін өркеннің үстіне шыны банка төңкеріп қоюға да болады, бірақ оны 2-3 күнде алып ауа жіберіп отыру керек. Шыны ыдыс төңкермей-ақ мұқият күтімге алса тез өседі.

  4. Қорытынды жаз.

Нәтиже






















Қорытынды:











130_TIF0






















Қорытынды:




Күні ------------------------------


5 зертханалық жұмыс

Даражарнақты жəне қосжарнақты өсімдік тұқымдарының құрылысы. Көкөніс дақылдарының алуан түрлі тұқымдары


Мақсаты: қосжарнақты және дара жарнақты тұқымдардың құрылысы мен көкөніс дақылдарының тұқымдарымен танысу.

Құрал-жабдық пен көрнекіліктер: қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың жинақтамалары, алдын ала суға жібітілген тұқымдар (үрмебұршақ пен бидай), өткір ұстара, ұлғайтқыш қол әйнегі және электронды оқулық .

Орындалатын тапсырмалар

1. Құрғақ және суға жібітілген үрмебұршақ тұқымының пішінін, қабығының түсін, кіндігінің қай жерде орналасқандығын анықтап, суретін салу.

2. Жібітілген тұқымның қабығын (қауызын) ептеп сылып, ішіндегі екі жарнағы мен ұрығының орналасуының суретін салу (оқулықтың суретімен салыстыру).

3. Ұрық бөлімшелерін ұлғайтқыш қол әйнекпен қарап, атын жазу.

4. Бидай тұқымының сыртқы құрылысын, пішінін, ұрық орналасқан бөлімі (үшкірлеу жағында) және жарнағының

білеуленіп білінетінін қол әйнекпен қарау, суретін салу, атын жазу.

5.Үрмебұршақ тұқымының ойыстау жағынан ұзынынан екіге (ұстарамен) бөліп ішкі бөлімдерін талдап, аттарын жазу. Қабығының (қауызының) ерекшелігіне көңіл аудару.

6. Көкөніс дақылдарының тұқымдарын қарап, олардың түсіне, пішініне, көлеміне көңіл аударыңдар.

7. Қорытынды жасаңдар. 

Нәтиже

Күні ------------------------------

15 зертханалық жұмыс

Бунақденелілермен жəне желмен тозаңданатын гүлдер


Мақсаты: бунақденелілермен жəне жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің гүлдерін салыстыру.

Құрал-жабдық пен көрнекіліктер: қараағаш, үйеңкі немесе басқа желмен тозаңданатын және бунақденелілермен тозаңданатын өсімдіктердің кеппешөп материалдары, электронды оқулық.

Орындалатын тапсырмалар:

  1. Әртүрлі тәсілдермен тозаңданатын гүлдердің кеппешөптерін қараңдар.

  2. Гүл бөліктерінің орналасуы мен құрылысындағы ерекшеліктерді анықтаңдар: тостақанша, күлте жапырақтарын, аналық және аталығын.

  3. Суретін салыңдар және анықталған ерекшеліктерін суреттеңдер.

  4. Қорытынды жаса. Сыртқы құрылысы бойынша тозаңданудың түрін анықтауға бола ма? Кандай белгілері бойынша?

Нәтиже



































Қорытынды:















































Қорытынды:











Күні ------------------------------


14 зертханалық жұмыс

Гүл құрылысы


Мақсаты: гүл құрылысын талдау.

Құрал-жабдық пен көрнекіліктер: нағыз гүлдер (қызғалдақ , гүлдеп тұрған бөлме өсімдіктері және т.б.), қатты қағаздан ойылған жеке бөліктері, ұлғайтқыш қол әйнек, сапты ине, электронды оқулық. 


Орындалатын тапсырмалар:

1. Табиғи гүлден (ол болмаса) немесе гүл бөліктерінің қатты қағаздан жеке-жеке қиылған жапсырма (аппликация) көрнекі құралдардан гүл бөлімдерін табу, пішініне, санына, реңдеріне көңіл аудару.

2. Табиғи (нағыз) гүлден гүл бөліктерінің орналасу тәртібімен танысу.

3. Гүл бөліктеріне қарап жай немесе қос гүлсерікті екендігін анықтап ажырату.

4. Аталық пен аналықты жеке бөліп алып құрылыстарымен танысу, суретін салып атын жазу. Оқулықтың суретімен салыстыру.

4. Қорытынды жазу.

Нәтиже

































Қорытынды:




Күні ------------------------------

6 зертханалық жұмыс

Түрлі өскіндер тамырының сыртқы құрылысы

Мақсаты: тамыр типтерін кіндік және шашақ тамыр жүйелерін зерттеу (ас бұршақтың, асқабақтың, үрмебұршақтың жəне бидайдың).

Құрал-жабдық пен көрнекіліктер: кіндік тамыр жүйесі бар қауын, қарбыз, сәбіз, бақбақ, жоңышқа және т.б. өсімдіктерінің кеппешөптері (егер кеппешөптер болмаса алдын ала тұқымнан өсіруге болады (күнбағыс, үрмебұршақ, асбұршақ). Сабақтан 10-15 күн бұрын тамыр жүйесі шыққанға дейін ыдыстағы суға пиязды орналастырады. 10 күн бұрын сәбіздің де жемтамырын топыраққа көмсе, жіңішкерген жерінен дамыған жанама тамырлары шығады, электронды оқулық.

Орындалатын тапсырмалар

1. Алдарыңа берілген асбұршақ немесе қауын, қарбыз, т. б. өсімдіктің кеппешөбінен тамырын мұқият қарап тамыр типтерін ажыратып (негізгі тамыр, жанама тамыр, қосалқы тамыр), суретін салып, аттарын жазыңдар.

2. Қосалқы тамырды әрі шашақ тамыр жүйесін қарау үшін суға салынған пиязшықтың жаңа өсіп шыққан тамырларын талдаңдар.

3. Шашақ тамыр жүйесін бидай, жүгері кеппешөптерінен қарап анықтаңдар.

4. Алдын ала (10 күн) бұрын топыраққа көмілген сәбізден кіндік тамыр жүйесін қарап, жанама тамырларын ажыратыңдар.

5. Кіндік тамырлар мен шашақ тамырлар жүйесінің ерекшеліктеріне көңіл аударып, оқулықтың суретімен салыстырыңдар.

6. Қорытынды жасаңдар.

Нәтиже:



























Қорытынды:




Күні ------------------------------


13 зертханалық жұмыс


Тамырсабақтың, түйнектің жəне пиязшықтың құрылысы


Мақсаты: түрі өзгерген жер асты өркендермен танысу

Құрал-жабдық пен көрнекіліктер: бидайық, інжугүл, құртқашаш (ирис) кеппешөптері (тамырсабағымен алынған), картоп түйнегі, қырыққабаттың қауданы, пиязшық (басты пияз), ұстара, ұлғайтқыш қол әйнек, электронды оқулық .

 

Орындалатын тапсырмалар

1. Бидайық, інжугүл, құртқашаш өсімдіктерінің кеппешөптерінен тамырсабақтың жапырақ қабыршағын, бүршіктерін қосалқы тамырларын табу, тамырмен салыстырып суретін салу.

2. Картоп түйнегінің түбі мен жоғарғы жағының айырмашылықтарын қарап ажырату. Түйнектің көзшелері қай жағында көбірек орналасқандығына көңіл аудару.

3. Түйнекті көлденеңінен 2-ге бөліп, өркенге тән негізгі бөліктерін алдыңғы өткен сабақтың құрылысымен салыстыру.

4. Пияздың сыртқы түріне көңіл аударып, сыртқы, ішкі қабыршақтарының ерекшеліктерін, тамыр жүйесін қарау.

5. Пиязшықты ортасынан (тігінен) қақ жарып, түбіртегін (қысқарған сабағы) бүршіктерін қол әйнегімен қарап ажыратып оқулықтың суретімен салыстыру, суретін салу, аттарын жазу.

6. Қорытынды жазу.


Нәтиже

















Қорытынды:












Күні ------------------------------


7 зертханалық жұмыс

Тамырдың өсу (созылу) аймағы

Мақсаты: тамыр бөлімдерін жай көзбен және ұлғайтқыш әйнекпен қарап, талдау.


Құрал-жабдық пен көрнекіліктер: сабақтан 10-15 күн бұрын өсірілген асбұршақ пен бидай өскіндері, микроскоп, оған керекті жабдықтары, ұлғайтқыш қол әйнегі электронды оқулық, және т.б

Ескерту: Препарат жасау үшін жас тамырдың ең ұшынан 5 мм-дей кесіп, сол күйінде су тамызып, жабын шынымен жауып қарауға болады.

Орындалатын тапсырмалар

1. Сабақ өтерден 10-15 күн бұрын тұқымынан өндірілген асбұршақ пен бидайдың өскіндерінің жас тамырларын салыстырып, қандай тамыр жүйесіне жататынын ажырату.

2. Бидайдың жас өскінінің тамырын ұлғайтқыш әйнекпен қарап, тамыр бөлімдерін (аймақтарын) анықтау.

3. Тамыр түкшелері бар аймақты тауып, алып жатқан аумағын қарау.

4. Тамыр ұшынан препарат жасап, микроскоппен қарау, тамыр оймақшасы жасушаларының ерекшеліктеріне көңіл аудару, суретін салу, оқулықтың суретімен салыстыру

 5. Қорытынды жасау.


Нәтиже























Қорытынды:






Күні ------------------------------

12 зертханалық жұмыс

Ағаштың көлденең кесіндісіндегі жылдық сақиналары

Мақсаты: Ағаш діңінің кесіндісіндегі жылдық шеңберді зерттеу.

Құрал-жабдық пен көрнекіліктер: әр түрлі ағаштардың (жуандығы да әр түрлі болуы керек) қалыңдығы 10 см көлденең кесінділері, ұлғайтқыш әйнек, электронды оқулық.

 

Орындалатын тапсырмалар:

1. Алдарыңда берілген әр түрлі жуандықтағы ағаш діңінің кесінділерін ұлғайтқыш әйнекпен қарап, жылдық шеңберлерін табыңдар. Сабақтың қай қабатында түзілетінін анықтаңдар. Әрқайсысындағы шеңберлерін санап, жасын айырыңдар.

2. Әр шеңбердің еніне (қалың, жұқалығына) қарап, климат жағдайының қандай болғандығын түсіндіріңдер.

3. Ағаш кесінділерін қарап оқулықтағы суретімен салыстырып талдаңдар.

4. Қорытынды жазыңдар.


Нәтиже






























Қорытынды:





Күні ------------------------------

8 зертханалық жұмыс

Тамырдың түрөзгерістері

Мақсаты: тамырдың түрөзгерістері зерттеу.

Құрал-жабдық пен көрнекіліктер: қызылша, сәбіздің жемтамырлары, нарғызгүлдің түйнекті тамырлары, сұңғыланың кеппешөптері, ұлғайтқыш әйнек, электронды оқулық.

Орындалатын тапсырмалар

  1. Тамырдың түрөзгерістеріне мұхият қарап, оларың суретін сал.

  2. Кеппешөптегі сұңғыланың сорғыш-тамырын көру үшін ұлғайтқыш әйнек пайдаланыңдар.

  3. Қандай өсімдіктерге түрөзгерістердің қай түрі тән екендігін анықтаңдар. Түрөзгерген тамырлар қандай қызметті кәдімгі тамырға қарағанда жақсы атқарады?

  4. Қызылша, сәбіз, шалқан қандай өсімдіктерге жатады ( біржылдық, екіжылдық немесе көпжылдық)? Жемтамырдың түзілуімен байланысы қандай?

  5. Қорытынды жаса.

Нәтиже

























Қорытынды:











Күні ------------------------------


11 зертханалық жұмыс


Жапырақтың ішкі құрылысы. Жапырақтың түрөзгерістері


Мақсаты: жапырақтың ішкі құрылысы мен жапырақтың түрөзгерістерін зерттеу.


Құрал-жабдық пен көрнекіліктер: кез келген бөлме өсімдігі, өткір ұстара, микроскоп, жабын әйнек пен зат әйнегі, сапты ине, қысқыш , су, электронды оқулық.

 

Орындалатын тапсырмалар:

1. Кез келген бөлме өсімдігінің (традесканция, қазтамақ (герань), т. б.) жапырағының астыңғы өңінен сылып препарат жасап микроскоппен қарау, жабын ұлпа – өң жасушаларымен (мөлдір) ондағы жанаспалы жасушалардың құрылысы, ерекшелігімен танысу, оқулықтың суретімен салыстыру.

2. Жапырақ тақтасынан өте жұқа көлденең кесіндіден (дайын микропрепараты болса тіпті жақсы) препарат жасап микроскоппен қарау. Өңнің астындағы жұмсақ бөліміндегі бағаналы, борпылдақ жасушаларды көру, хлорофилл дәндерін қарау.

3. Осы препараттан жасушааралық кеңістік пен жүйкелерін (шоқтар) көру.

4. Жантақ, пияз, асбұршақ жапырақтарының түрөзгерістерін қараңдар. Осы өсімдіктерде жапырақ қызметі қалай өзгереді?


5. Қорытынды жаса.


Нәтиже



























Қорытынды:




Күні ------------------------------


9 зертханалық жұмыс

Вегетативтік жəне гүл бүршіктерінің құрылысы


Мақсаты: Вегетативтік жəне гүл бүршіктерінің құрылысын қарап талдау.

Құрал-жабдық пен көрнекіліктер: өсімдіктердің вегетативті және генеративті бүршігі, ине,ұлғайтқыш әйнек, электронды оқулық.

Орындалатын тапсырмалар

  1. Бүршіктің сыртқы құрылысын қарап, бүршік қабыршақтарын табыңдар.

  2. Бүршікті өлшендер, олардың мөлшерін дәптерлеріңе жазыңдар.

  3. Сапты иненің көмегімен бүршік қабыршақтарын сылып алыңдар немесе бүршікті ұзынынан теңдей екіге бөліңдер.

  4. Ұлғайтқыш әйнектің көмегімен бүршіктің ішкі құрылысын қараңдар. Өсу нүктесін және басқа да бөліктерін табыңдар.

  5. Көргендеріңді оқулықтағы суретпен салыстырыңдар.

  6. Вегетативті және генеративті бүршіктердің ішкі құрылысының суретін салып, оның бөліктерін атаңдар.

  7. Қорытынды жасаңдар.

Нәтиже































Қорытынды:




Күні ------------------------------


10 зертханалық жұмыс

Жапырақтың сыртқы құрылысы. Жапырақ лептесіктері

Мақсаты: Жапырақтың сыртқы құрылысы, жапырақ саңылауларын анықтау.

Құрал-жабдық пен көрнекіліктер: жапырақ жинақтамаларының кеппешөптері, табиғи нарғызгүлдің жапырағы, ұлғайтқыш әйнек, микроскоп және микропрепарат дайындауға қажетті құралдар немесе жапырақ өңінің дайын препараты, электронды оқулық.


Орындалатын тапсырмалар

  1. Табиғи өсімдік жапырақтарын немесе кеппешөп материалдарын пайдалана отырып , жапырақтың бөлімдерін: сағағын, жапырақ тақталарын, жүйкелерін қараңдар. Жапырақ тақталарының пішінін анықтаңдар.

  2. Жапырақ пен жүйкелену түрлерін анықтап, олардың бірнешеуіне сипаттама бере отырып, суретін салыңдар.

  3. Сапты иненің көмегңмен еппен жапырақтың өңін жұқа етіп сылып алу керек.

  4. Жай көзбен жарықта жапырақ өңін қарау керек. Сендерге мөлдір өңде жасыл дақтар көрінеді ме?

  5. Жапырақ өңін ұлғайтқыш әйнекпен қараңдар. Сендерге саңылаулар көріне ме?

  6. Микропрепарат дайындап немесе дайын препараттан жапырақ өңін микроскоп арқылы қараңдар. Саңылау құрылысын көріңдер, оның суретінт салып, бөлімдерін жазыңдар.

  7. 7. Қорытынды жасаңдар.

Нәтиже




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 07.11.2015
Раздел Биология
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1665
Номер материала ДВ-131702
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

1 год назад

Өз пікіріңізді білдіріңіз!

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх