Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Рабочие программы / 5 сыныпқа арналған «Жас Ұлан» (оқушы компоненті)

5 сыныпқа арналған «Жас Ұлан» (оқушы компоненті)



  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:

Түсінік хат



Музыкалық тәрбие – жас ұрпақты қазақ халқының рухани қазынасы,оның ұлттық мәдениеті,әдет – ғұрпы,салт – дәстүрі негізінде оқыту.Хылық музыкасы адамзат тарихымен тығыз байланысты және ол үнемі жаңғыру,даму үстінде.Қазақ халқының ұлттық әндерін балалар үшін тәрбиелік мәнді құрал ретінде пайдалануға болады.Ұлттық музыкада ежелден ұлттық бейнесі,тұрмысы,салт – дәстүрі,еңбегі,халықтың намыс,ерлік,батылдықтуралы көзқарастары,жылдамдық,шеберлік пен әдемі де әсем қимылдарды меңгеру тілектері,шығармашылық тұрғыда ойлау қабілеті,ұстамдылық,ептілік,тапқырлық,жеңіске жетуталпынысы айқын қамтылған. Қазіргі заманғы мектеп өз оқушысына жан – жақты терең білім беруге,оны келешекте өздігінен білім алуына қажет болатын білім мен іскерліктер жүйесімен қамтамасыз етуге,танымдық қызығушылығы мен қабілетін дамытуға өздігінше шығармашылық тұрғыдан ойлайтын тұлға ретінде тәрбиелеу. Оқушылардың әнді орындауын басқара отырып,әнді белгілі бір жүйеге келтіріп айтуға үйретуге олардың бойындағы қажетті байланыстарды қалыптастыруға болады. Төмендегі ұсынылып отырған бағдарлама 5 сыныптардағы хормен ән салуға қабілетті,музыкаға бейімі мол балаларға арналған.Жылдық сағат саны 34 сағат,апталық жүктеме 1 сағат.Осы бағдарлама 5 сыныптардағы хормен ән салуға қабілетті балалардың музыкалық сауаттылығының дамып,дауыс диапазондарыныңкеңеюіне мүмкіндік туғызып,аспапқа қосылып ән айтып үйренулеріне тиімді деп санаймын.

















Мақсаты:

-Музыкалық сауаты,эстетикалық және рухани ой өрісі дамыған,халық әндері мен композиторлық ән шығармаларын,музыка өнерінің адам өміріндегі мәнін жете түсіне алатын тұлға қалыптастыру.



Міндеттері:

- Балалардың музыкалық қабылдауын,музыкалық білімін жетілдіру.

- Музыкалық есту және әншілік дауыс қабілетін дамыту.

- Ән айту ережелерін үйрету.

- Әншілік орындаушылық ерекшеліктерін жетілдіру.

- Аспаптарға қосылып ән айта білуге үйрету































Меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар



Міндетті деңгей: - Әннің дауыс ырғағын,тақырыбын,әуенін қабылдай білу. - Ән айту жаттығу ерекшеліктері мен заңдылықтарын ажырата білу - Әнді мәнерлеп,нақышына келтіре айту,дикция мен орфоэпия ережелерін білу. - Мәнерінің орындаушылық ерекшеліктерін білу - Әнші өнердің биік мәдениетін,парасаттылығын меңгеру



Мүмкіндік деңгей: - Жеке ән орындау - Әнді аспапқа қосылып хормен орындау - Музыкалық есту,қабылдауына сынақ алу - Әннң мәтінін жатқа айтқызу



Күтілетін нәтиже: - Оқушылар хормен ән орындай алады - Сыныптан тыс пәндік сабақтарда өз өнерлерін көрсете алады - Мектепшілік тақырыптық кеш,мерекелік консерттерге қатысады





















Нормативтік тақырыптық жоспар

5




2

Әншілік дауыспен музыкалық есту қабілетін дамытуға арналған жаттығуларды үйрену

2

1

1


3

Ән және құрылымы туралы түсінік

3

1

2



Музыкалық дыбыстардың мәні

8




4

Дыбыс және дыбыс түрлері

2

1

1


5

Биіктік музыкалық дыбыстың бірден бір мәні

2

1

1


6

Дыбыс күші,динамикалық белгілер.Қатты және жай.

2

1

1


7

Музыкалық дыбыстың бірден – бір негізі – дыбыс ұзақтығы

2

1

1



Музыкалық сауаттылық

18




8

Әндегі көңіл – күй

3

1

2


9

Дауыстың және аспаптардың тембрі

3

1

2


10

Жылдамдық және әндегі темптің рөлі

3

1

2


11

Әндегі мажор және минор сазы

2

1

1


12

Дыбыс қатары,музыкалық баспалдақтар

3

1

2


13

Музыкалық дыбыстар және нота белгісі

2

1

1


14

Кілт,музыкалық кілттер

2

1

1



Қорытынды

2




15

Концерттік бағдарлама

2


2



Барлығы

34

14

20




































Тұжырымдық бөлім



1.Армысың музыка әлемі.Музыканың адам өміріндегі орны. Теория. Музыканың жеке адамның өміріндегі орны туралы әңгіме.Музыканы қайдан тыңдауға болады. Практика. Музыкалық шығарманы тыңдау.

2. Әншілік дауыс пен музыкалық есту қабілетін дамытуға арналған жаттығуларды үйрену. Теория.Дауыс апаратының құрылымы және дауысты сақтау туралы әңгіме. Практика. Жаттығулар үйрену және оны басқа сабақтарда орындау.

3.Ән және құрылымы туралы түсінік. Теория. Ән және құрылымымен танысу(шумақ,бастау,қайырма)Әннің адам өміріндегі орны туралы әңгіме жүргізу. Практика.Ән үйрену.Әндегі дыбысты таза,дикция,дұрыс дем алу,бірге бастап,бірге аяқтау,мәнерлі орындауға(сабақта,концертте,қалыпті өмірде) жұмыс жасау.

4.Дыбыстар.Дыбыс түрлері. Теория. Дыбыс туралы әңгіме.Дыбыс түрлері.Шулы және музыкалық дыбыстар.Табиғаттағы шулы дыбыстар туралы әңгімелеу.Музыкалық дыбыс құрылымын айту. Практика.Табиғат дыбыстарын тыңдау. Ойын «Қандай дыбыс» сабақты бекіту.

5.Биіктік музыкалық дыбыстардың бірден – бір мәні. Теория. Дыбыс биіктігі туралы түсінік(таныстыру) Практика.Регистр бойынша музыкалық дыбыс тыңдау,орындау.Ойын «Жоғары және төмен» сабақты бекіту.

6 Дыбыс күші.Динамикалық белгілер.Қатты және жай Теория.Динамикалық күш туралы түсінік.Қатты және жай мәнін түсіндіру. Практика.Музыкалық шығармаларды тыңдау арқылы динамикалық күшті ажырату.Ойын «Қатты және жай», «Дұрыс – бұрыс», «Қалай естіліді», «Жай және қатты ән саламыз» бекіту.

7.Музыкалық дыбыстардың бірден – бір негізі – дыбыс ұзақтығы Теория.Дыбыс ұзақтығы туралы түсінікДыбыс үнемі созылмайды,ол ұзақ және қысқа болады. Практика.Музыкалық дыбыстардың ұзақтығына байланысты жаттығу жасау.Ойын «Ритмикалық жаңғырық», «Қайталашы» сабақты бекіту

8.Әндегі көңіл – күй Теория.Әрбір дыбыста белгілі бір көңіл – күй бар.(әңгіме) Практика.әртүрлі дыбыстарды тыңдап,оның мазмұнын ажырату. «Бұл қандай дыбыс?», «Мен неде ойнаймын» бекіту сабағы

9.Дауыстың және аспаптардың тембрі. Теория.Әобір дыбыстың өзіне тән бояуы бар.Тембр туралы түсінік және оның мәні.Адам даусы және оның қайталанбас бояуы туралы айту. Практика.Эксперимент арқылы әртүрлі заттардың дыбысы.Музыкалық дыбыстарды тыңдау.Музыкалық аспаптардың дыбыстары – ұрмалы,үрлемелі,шекті аспаптар.

10.Жылдамдық және оның әндегі мәні. Теория.Жылдамдық туралы түсінік беру.Жылдамдық мазмұнымен көңіл – күйге де байланысты.Композитор шығармасын орындағанда қандай жылдамдықта екенін көрсетеді. Практика.Әртүрлі жылдамдықта музыкалық шығармалар тыңдау және әртүрлі жылдамдықта жаттығулар айту.

11. Әндегі мажор және минор сазы. Теория.Мажор мен минор саздары туралы түсінік беру.Минорлы саздағы әнді мұңлы және мажорлы саздағы әнді қуанышты орындауды айту. Практика.Әртүрлі саздағы музыкаларды тыңдау.Жаттығулар айту. «Көңілді және мұңлы», «Сәлемдесеміз» бекіту сабақтары.

12.Дыбыс қатары.Музыкалық баспалдақтар. Теория. Саусақтар арқылы музыкалық баспалдақтарды көрсету,аттарын айту.Дыбыс туралы түсінік беру. Практика. Жаттығу айту.Жаттығу түрлері «Баспалдақтағы дыбыстар», «Дыбыс қатарын ойла» бекіту сабақтары.

13.Музыкалық дыбыстар және нота белгілері. Теория.Нота және оның жазылу белгілері туралы түсінік беру. Практика.Жаттығу айту.Оның түрлері «Нотаға аттар ойла», « Себетке нота жина» бекіту материалдары.

14.Музыкалық кілттер. Теория. Музыкалық кілттермен таныстыру. Практика.Ойын «Керекті кілтті таңда» бекіту сабақтары

15. Қорытынды концерт. Практика. Әрбір тоқсан соңында мерекелік (жаңа жыл,8 науырыз,22 науырыз,Ұландар күні т.б.) концерт беру















































Мұғалімге ұсынылатын әдебиеттер:



1 Қыдырбаева,Маңғытаева «Хор ұжымындағы дауыс жаттығулары» Алматы 2 Қоңыратбаев Ф.М, Әбдірахманова Г.А, Сарыбаева Т.А «Музыка» 2013ж 3 Ветлугина Н.А «Музыкальные развитие ребенка» Москва 1967 г 4 Подшибякина С.Ю «Хоровод круглый год» Волгоград ИТД «Учитель» 2007 г 5 «Ән көңілдің ажары» әндер жинағы Алматы 1990 ж 6 Улашенко Н.Б «Музыка...Нестандартные занятий»Волгоград ИТД «Корифей» 2006 г 7 «Музыка әлемінде журналы» 8 «Әншілік журек» М.Әлиасқаров Алматы «Өнер» 1989 ж





Оқушыға ұсынылыатын әдебиеттер:



1 Л.Хамиди,Б.Ғизатов «Домбыра» Алматы 2 А.Жұбанов «Құрманғазы» Алматы 2002 ж 3 Ахметов,Момбеков «Халық әндер» Алматы 1978 ж 4 «Ән көңілдің ажары» әндер жинағы Алматы 2000 ж 5 Нүсіпбаев.И «Алғашқы вальс» әндер жинағы 2004 ж 6 Тілендиев.Н «Құстар әні» әндер жинағы 2000 ж 7 Қалдаяқов.Ш әндер жинағы 8 Ғизатов.Б «Мектеп вальсі» 1998 ж




















































































































































Автор
Дата добавления 26.10.2016
Раздел Музыка
Подраздел Рабочие программы
Просмотров38
Номер материала ДБ-291138
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх